Бағдарламасы комсомол селосы, 2011 Қолданылған қысқартулардың тiзiмі


Жұмыссыздық жөнінде арыз бергендер



жүктеу 1,69 Mb.
бет4/14
Дата15.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#26841
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жұмыссыздық жөнінде арыз бергендер


734

787

+53

107,2

Жұмысқа орналастырылғандар

608

658

+50

108,2

Қоғамдық ақылы жұмысқа тартылғандар

295

202

-93

68,5

Жаңадан ашылған жұмыс орны

601

658

+57

109,5

Кәсіптік оқу орындарына жіберілгендер

48

11

-37

22,9

Тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны

100

63

-37

63,0

Жастар тәжірбиесі

10

20

+10

200,0

Аталған жұмысқа мақсатты топ, яғни жалғызбастылар, көп балалы және аз қамтылған от басыларынан алынуда.

Әйтеке би ауданы бойынша 2010жылдың 1-ші қаңтарына 15 жастан жоғары экономикплық тұрғыдан белсенді тұрғындар саны 18063 адам. Соңғы кезде еңбек нарығында еңбекпен қамтылған адамдардың бірқалыпты өсіп келе жатқандығы байқалады. Аймақ бойынша белсенділік деңгейі 93,8%. Статистикалық көрсеткіштер бойынша Әйтеке би ауданында негізгі экономикалық белсенді халық саны Комсомол селосының үлесіне тиеді.

Аудан бойынша жұмыссыздар саны төмен түскендігі байқалады.

Ауылда негізгі мәселенің бірі еңбек ақының төмендігі.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Аудан экономикасының салаларын қалыптастыруда шағын және орта бизнестің үлесі атап айтарлықтай. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес салаларының едәуір өскенін байқауға болады. Жалпы аудан бойынша 2010 жылдың 1- ші қаңтарына 778 кәсіпкерлік субъектілердің ішінде заңды тұлғалары 77 бірлік болса, жеке кәсіпкерлер саны 701. Жаңадан 99 жұмыс орны ашылды.

Ауданда шағын және орта бизнес салаларында 6524 адам жұмыс жасайды, бұл жұмысқа қабілетті тұрғындардың 37 пайызы. Өндірілген өнімнің жалпы көлемі жыл аяғында 4977,7 млн. теңгені құрап отыр. Бюджетке салық түсу жылдан жылға өсіп келеді.

Ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 44,5 млн. теңге ауыл тұрғындарына несие берілді. Шағын және орта бизнесті дамыту еліміздің басты стратегиялық даму жоспары болып саналады. Ауданда шағын және орта бизнестің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ,салық көлемдерінің ұлғаюына оң әсерін тигізеді.



Мал шаруашылығының өнiмiнiң өңдеуi

Мал шаруашылық өнiмнiң өндiрiс және өңдеуi ауданның тұрғындары үшiн қызметтiң дәстүрлi түрi болып табылады.

Мал шаруашылық өнiмнiң өңдеуi үшiн шикiзат ауданның меншiктi өндiрiсiмен қамтамасыз етiледi.

Ауыл шаруашылығының дамыту негiзгi мәселелері:

- түсiнiктi бағалар бойынша қазiргi технологиялардың әлсiз енгiзу өсiмдiк шаруашылығында және биiк репродукциялармен тұқымдармен жеткiлiксiз қамтамасыздық;

- ауылшаруашылық кешендерiнiң технологиялық паркінің моралдық және физикалық тозушылық;

- мал шаруашылығында орташа және iрi өндiрiстердi жеткiлiксiз дамыту, үлкен масштабпен селекциялық - асыл тұқымды жұмыстың өткiзуi, бар мал жайылымдарының тиiмдi емес қолданулары, мал шаруашылығын механикаландыруы процесстерінiң төменгі деңгейдi баяу дамуы;

.


Бәсекелестіктің дамуы

Аймақта бәсекелестікті дамыту мәселелері кіші және орта бизнесінің белсенді субъектілері саны көрсеткіштерінің жақсаруы, сауда алаңдарымен қамсыздандыру, бөлшекті тауарайналым, МСБ өнімдерінің өндірілуінің көлемі және МСБ жалпы аймақтық өнімдегі үлесі сияқты индикаторларда өлшенетін Басқарманың Стратегиялық жоспарының бөлімдерінде және Әйтекеби ауданы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған дамуы Бағдарламасында бейнеленген және аталған аймақта бәсекелестіктің дамуына қолдау жасау туралы куәландыратын болады.

Бәсекелестіктің дамуы үшін ауданда кәсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша қажетті инфрақұрылымды құру және жалпы алғанда бәсекелестік саласын жақсарту бойынша шаралар іске асырылып жатыр.

Кіші және орта бизнес жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. 2009 жылы кіші кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 778 бірлікті құрды. Союлық пунктер мен алаңдардың құрылысы кесте бойынша жүргізіліп жатыр.

Ауданда өндірістік тауарлардың негізгі түрлерінің бағаларын жоғырылатуды болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, өндірістік тауарларға қатысты бағаның өсуін қысқарту мақсатында, Әйтекеби ауданы әкімдігінің қаулысымен 2005 жылдан бері азық-түлік саудасында және жанар жағар май саудасында жағдайды реттеу бойынша аудандық штаб өз жұмысын жүргізуде.

Қазіргі уақытта ауданда кәсіпкерлермен бірлесіп Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының шекті сауда үлесін айқындау бөлігінде нормалардың орындалуы бойынша мәселе зерделеніп жатыр.

Облыстың ішкі саудасын жеміс өнімдерімен қамту мақсатында, сонымен қатар сауда орындарын көтерме делдалдармен сатып алынуына жол бермеу үшін жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен сауда аумақтарында тегін және жеңілдікпен сауда орындары ұсынылады, дөңгелекшеден сауда жасау және жол бойы сауда жасау ұйымдастырылады, ауылшаруашылық тауарларына жиі ярмарка ұйымдастырылып жүргізіледі. Өз өнімдерін арнайы бөліп берілген орындарда сатуға рұқсат беріледі, осылайша көтерме делдалдарға шектеу қойылған.

Бәсекелестік ортаның жақсару үшін кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін, сауда өнімдерінің жағдайы мен дамуына талдау жүргізуді ұйымдастыру, аудандағы бәсекелестіктің дамуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін қажетті инфрақұрылымды құру бойынша шаралар көзделген.


Әйтекеби ауданында бәсекелестіктің дамуының тиімді жүйесін қалыптастыру



Жұмыстың, жобаның, іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері, жылдар

Қаржыландыру, млн тенге

Жауатылар

1

Заңды тұлғалардың одан әрі келісім алу үшін 100%-ды беруді қамтамасыз ету, мемлекет иесінің және олармен аффилированды тұлғаларға

2011 ж.

Талап етпейді

Қаржы басқармасы,

Әділет департаменті (келісім бойынша)

АЗК


2

Жалпы санынан алғанда акциясының 50 пайызы/үлесі/ мемлекет иесіндегі мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беруді қамтамасыз ету 2011 ж. – 3%, 2012 ж. – 4 %, 2013 ж. – 5%, 2014 ж. – 6%, 2015 ж. – 7%)

2011-2015 ж.ж.

Талап етілмейді

Қаржы басқармасы,

АЗК



3

Бәсекелестікті дамыту, БАҚ-да жарықтандыру тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдердің жүргізілуі

2011-2015 ж.ж.




АЗК,

Кәсіпкерлік және өндіріс басқармасы






      1. Аймақтың әлеуметтік саласы

Демографиялық потенциал

Әйтекеби ауданындағы демографиялық жағдайды соңғы жылдары аймақта елеулі түрде бала туушылықтың жоғарылауы, қаза болу деңгейінің төмендігі және халықтың көші-қон қалпының елеулі баяулауы нәтижесінен жағымды деп бағалауға болады. Сонымен қатар, соңғы 15 жылда Әйтекеби ауданының демографиялық дамуында өсудің және жойылудың түрлі факторлары атап өтілді.



Халық санының тығыздығы. Ауданның ең ірі ауылдарына Комсомол және Қарабұтақ жатады және а уданның ең тығыз халқы орналасқан да осы елді мекендер.

Қаза болу және туу. Халықтың қаза болуы 2007 жылдан беру төмендеп келеді. 2009 жылы бұл коэфицент 5,74-ті 1000 адамды құраса, ол 2003 жылдың коэфицентінен 1,2 есе кем. 2005 жылдан бастап туу деңгейі 1995 жылмен теңдес болып қалды, осылайша туу коэфиценті 21,2, яғни 1000 адамға жетті. Келесі жылдары туу коэфицентінің оң тенденциясы қалыптасты. Жалпы, осы мәселені Әйтекеби ауданында қазіргі уақытта бала туу жасындағы халық санының тұрғандығымен негіздеп айтуға болады.

Жас ерекшелік құрылымы. 2010 жылдың 1-қаңтарына. Әйтекеби ауданының халқының 68 пайызы жұмысқа жарамды тұлғалар. Солардың ішінде, 66 пайызы ер адамдар, 62,3 пайызы әйел адамдар. ВОЗ бойынша жасты жіктеуге сәйкес, Әйтекеби ауданында халықтың 21,8 пайызы орта жастан сәл жоғары адамдар (45-59 жас), 5,4 пайызы қарт шамалас адамдар (60-74 жас).

Қазіргі уақытта 15-19 жас арасындағы, және 20-24 жас, сонымен қатар 25-29 және 0-4 жастағы адамдар саны көпшілік деп айтуға болады. Мұны ауданның халық саны жеткілікті түрде «жас» деп айтуға болады.



Көші-қон. Халықтың табиғи өсудегі оң және дағымды динамикасына қарамастан, Әйтекеби ауданында ауданның демографиялық дамуы, былайша алғанда, халықтың механикалық қозғалысы динамикасына қарағанда, сәл баяулауда. Көші-қонның жоғарғы интенсивтігі аймақ халқының санақ динамикасында ерекше бейнеленеді.

Аудан халқының ауқымды механикалық құлауы түрлі этникалық топтар өкілдірінің өздерінің тарихи отандарына кетулерімен байланысты. 2004 жылға дейін ауданда миграцияның жағымсыз әсері сақталып келді, бұл өз кезегінде халықтың Ресей эмиграциясының жоғарғы үлесін көрсетеді. Жалпы алғанда, этнос санақтарының төмендеуі титулды этностың ұлғаюында жалғасын табады.

Аймақтық миграциялық кетуі табиғи өсумен салыстырғанда ауқымды. 2000 жылы миграциялы көшіп қонудың ең таратылған кезі болған. Халық санының табиғи өсуінің жағымды тенденциясына қарамастан, соңғы бірнеше жылдары Әйтекеби ауданы аумағынан кеткендердің саны орта есеппен алғанда жылына 0,5 мың адам ауданында болуы мүмкін. Жалпы, соңғы бірнеше жылда облыс хылқының механикалық қозғалысында жекелеген өзгерістер пайда болды. Әйтекеби ауданының ішкі миграциясында Комсомол селосы және Қарабұтақ лидерлікті ұстап келеді. Қалған аудандар аймақтың экономикалық өсуінің негізгі нүктелері болып табылады. Осылайша, миграция мүмкін жұмыс орындарының бар болуымен, өмірдің аса жағымды жағдайларына, қызметтің кеңейтілген шеңберіндегі сапасы мен қол жетімділігіне байланысты болуы мүмкін.

Аймақаралық миграцияда халықтың негізгі массасының кетуі анықталды. Аймақаралық ауысымның миграциялық сальдосы 2009 жылы 476 . Негізінен алғанда, Ақтөбе қаласына кетуде. Бұл жерде негізгі үлесті 16-62 (57) жастағы жұмысқа жарамды адамдар құрастырады.

Қорытындысында, Әйтекеби ауданының демографиялық дамуының басты артықшылығы қазіргі уақытта облыстың халықтарының негізгі бөлігін бала туу кезіндегі тұлғалар құрастыратындығын атап өткен қажет. Жас ерекшілігінің құрылымын талдау халықтың табиғи өсуі потенциалының үлкеюі сақталатындығы туралы болжауға болады. Бірақ миграциялық жойылулар аймақтың демографиялық дамуының баяулауының негізгі проблемасы болып табылады. Халық санының төмендеуін қоғамдағы экономикалық құлаудың аса елеулі индикаторларының біріне қатыстыруға болады. Миграциялық жойылулар Әйтекеби ауданының қоғамы тұрақтылығының құбылуын күшейтеді. Халық санағының механикалық қысқартылуы халықтың белсенді бөлігінің кетіп бара жатқандығын білдіреді. Бұл еңбектің жергілікті саудасында кадрлардың бәсекелестікке қабілеттігінің төмен деңгейі екендігін білдіреді.

Халықтардың өмір сүру деңгейі

Әйтекеби ауданындағы өмір сүру минимумының үлкендігі 13540 теңгені құрастырады.

Халықтың өмір сүру минимумы азық-түліктің негізгісін тұтынудағы ең аз нормадан алып есептегенеде, 2010 жылдың қаңтарында 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда орта есеппен 2,0 пайызға төмендеді.

Орта айлық еңбек ақы аудан экономикасының түрлі салаларында есептелінеді. Ең төмен еңбекақы ауылшаруашылық саласының қызметкерлеріне сақталады – 24518. Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек ақы төлеу құрылымындағы диспорпорция еңбек саудасында белгілі бір мамандықтардың тиімділігінің төмендеуі немесе жоғарылауының басты факторы болып табылады. Егер еңбек нарығында облыстың негізгі массасы ауылшаруашылығымен айналысқандығын ескерсек, онда осы секторда ауқымды дисбаланс байқалады.




Денсаулық сақтау

«Қоғам байлығы –адам, адам байлығы -денсаулық» дейміз. Сол себепті денсаулық сақтау саласына бөлінетін мемлекеттік қаржы мөлшері де жылма- жыл артып келеді. Мысалы, ауданымыздың медецина саласына 2008 жылы 252 млн. теңге бөлінсе, 2009 жылы 294 млн. теңге, ал 2010 жылы 352 млн. 519 мың теңге болды. Аудан бойынша емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасы бірқалыпты жағдайда. Жылма-жыл денсаулық сақтау мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жылдың ішінде 1миллиардқа жақын қаржыға қазіргі заман талабына сай жоғары деңгейдегі медециналық құрал-жабдықтар алынды. өткен жылдары Жабасақ, Әйке, Белқопа, Тереңсай елді мекендерінде қазіргі заман талабына сай дәрігерлік пункттер пайдалануға берілсе, 2010 жылы 17 млн. теңгеге Еңбекту медециналақ пункті салынды.Аудандық ауруханада әр науқасты аурулығына байланысты диогностикалық аппартаттар арқылы тексеруден өткізуге толық мүмкіндіктер бар. Ауыр науқастарды республика, облыс көлемінде жоғары мамандандырылған медицина орталықтарымен және мамандармен тікелей кеңес алып, емдеу шараларын жүргізу мақсатында 2008 жылдан телемедецина орталығы жұмыс істейді. Өкінішке орай кейбір аппараттар мамандарының жетіспеуінен толық дәрежеде жұмыс істемеуде.

Күтілетін өмір ұзақтығы 2005 жылы 66,1 жас болды, ал 2009 жылы ол 68,0 жасқа үлкейтілді. Бұған аудандағы жағымды демографиялық өзгерістер әсерін тигізді.

Дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштер

2005-2009 жылдары Әйтекеби ауданында дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштердің жағымдың динамикасы белгіленеді. Осылайша, халық санының тууы 20,2 /2005/ 24,1 /2009/ дейін 1000 адамға жетті, өлім көрсеткішінің төмендеуі – 6,49/2005/ 6,49 /2009/ дейін 1000 адамға жетті. Осыған байланысты халықтың табиғи өсу саны коэфицентінің үлкеюі байқалды,ол 15,7 2009 жылы (10,8-2005ж) 1000 адамға өсті.


Әлеуметтік-мағыналы аурулар
Соңғы жылдары жүрек аурулары аудан халықтарының арасында бірінші орынға ие болып отыр.

Қанайналым жүйесінің аурулары, гипертоникалық ауру жүрек ауруларының барлығынан 25,3 пайызды құрады, жүректің ишемиялық ауруы 16,2 пайызын және цереброваскулярлы аурулар 9,7 пайызын құрады.

Аудан бойынша қан айналым жүйесі ауруы салдарынан пайда болған өлім көрсеткіші облыстан кем. Дегенмен, өлім себептерінің құрылымында қан айналымы жүйесі ауруынан пайда болған өлім аудан бойынша бірінші орынға ие.

Аудан халықтарына туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің жетілдірілуі бойынша қабылданған шаралар туберкулез ауруының төмендеуіне септігін тигізді.

Туберкулезді тарату бойынша эпидемиологиялық қадағалау мәселелері туберкулездің көптеген дәрі-дәрмектік тұрақтылықпен қиын жазатын формаларының бар болуы салдарынан өзекті болып қала беруде. Осы мерзімде емделуден жасырынған аурудың жұқпалы формасында ауратындарды мәжбүрлеп емдеу үшін 30 орынға арналған мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі ашылды.

2015 жылға дейін туберкулездің жазылмайтын түріне хоспис құру қажет. 2015 жылға дейін аудудың дәрі-дәрмекке тұрақтылық нысандары арқылы төмендетілуіне және аудандағы туберкулезды инфекциясы резервуарының кемуіне қажетті шаралар қабылдау алда тұрған мәселе. Күш-жігер халықтың туберкулез ауруын алдын-алу бойынша санитарлы сауаттылығын жоғарылатуға бағытталады.

Көлік санының көбеюіне байланысты күнделікті өмірде травматизм және травматизм салдарындағы өлім өзекті мәселерінің бірі болып табылады.

Травматизмді төмендету және жедел жәрдем көмегін көрсету сапасын жақсарту мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыс және сектораралық өзара байланыс травмадан алынған өлім көрсеткішінің 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 36 пайызға төмендеуіне мүмкіндік туғызды.

Травматизмнің және травматизмнен пайда болған өлім көрсеткішін төмендету үшін ауқымды жұмыс жасалды.


Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылауы
Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылуы білікті кадрлардың үнемі дайындығын, мед көмектің стантазизациясын, денсаулық сақтау ұйымдарының аккредитациясын талап етеді. 2009 жылы әр мед ұйымда штат санағына байланысты ішкі аудит қызметі енгізілді, мамандарды жоспарлы дайындау жүргізілуде.

Көрсетілетін мед көмектің жақсаруы мақсатында денсаулық сақтаудың ауданның басқармасында пациенттің құқықтарын қорғау бойынша Қоғамдық Кеңес жұымыстары жаңартылуы көзделуде. Қоғамдың кеңестер мед көмекті көрсетуде және көрсетілген медициналық көмекті сапасы бойынша даулы мәселелерді шешетін болады.



Қол жетімділікті және дәрі-дәрмектік көмек көрсету сапасын жоғарылату
2010 жылдың басына ауданда 5 дәріханалық ұйымдар әрекетті жүзеге асыруда. Сонымен қатар ауыл аймақтар дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі қамтамасыз етілген.

Ауылды жерлерді фармацевтикалық қызметті объектілер желісі әлі нашар дамығанына қарамастан, дәрі-дәрмектерге бағалар жоғары. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты дәрі-дәрмек заттарының бағасының өсу тенденциясы орын алуда. Проблемалар қатарында дәрі дәрмектерді қоюда үзілімге келетін дистрибуция механизмінің жетілдірілмегендігін атап өткен жөн. Дәрігерлік ұйымдардың қалыптасқан тікелей бағдарының болмауына байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерімен дәрігерлік қызметкерлер айналысуға мәжбүрлі болып отыр.

2015 жылдың соңында денсаулық сақтау ұйымдары Бірыңғай төлеуші жүйесі бойынша жұмыс жасайтын болады, бұл өз кезегінде пациенттерге дәрігерді және мед. мекемені өз еркімен таңдауға мүмкіндік туғызады.

Осы кезде халыққа мед. көмек көрсету сапасы жоғарылайды, аудан халқына мед. көмекті көрсету және оны қаржыландырудың тиімді жүйесі құрылады.

Сапалы мед. көмекті көрсету үшін мед персонал реабилитацияланған ауруларды емдеу және диагностика жасау бойынша жаңа технологияларға оқып үйренеді.

Халықты мақсатты профилактикалық қарау сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балаларды қарау кезекті сауықтыру жолымен аурудың бастапқы кезеңінде анықтап емдеуге мүмкінідік туғызады.



Білім

Мектепке дейінгі білім беру

Әйтекеби ауданы мектепке дейінгі мекемелерді қамтуда алты ауданнан кейінгі аса сәтті аймақтардың бірі болып табылады. 2005-2009 жж аралығында Әйтекеби ауданында 12 мектепке дейінгі мекемелер және 11 шағын орталықтар ашылды. Барлық метепке дейінгі мекемелер мемлекеттікі.Аймақта бала бақшамен қамтылу 70,1 пайызды құрайды, бұл облысымыздағы аудандар аралығындағы орташа көрсеткіш.

Мектепке дейінгі мекемелердің жағымды динамикасына қарамастан, 2005-2009 жж аралығында ауданда балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер дефицит болып табылады. 2009 жылға қатысты бала бақшаларындағы балалар саны 705 баланы құрайды, оларға 68 жуық педагогикалық қызметкерлер талап етіледі.

2009 жылы Теренсай ауылында 1 балаларға арналған мектепке дейінгі 25 орындық мекеме ашылды, сонымен қатар Ақтасты, Аралтоғай, Басқұдық ауылдарында 3 кіші орталықтар ашылды. Барлығы 4 мектепке дейінгі мекеме.

Бір жылда бір балаға бөлінетін қаржы жыл сайын өсуде. Егер 2008 жылы бір балаға қатысты шығын 53,7 мың тенгені құрастырса, 2009 жылы бір балаға деген шығын 2,4 мың тенгеге үлкейді және 56,1 мың тенгені құрастырды. Жалпы алғанда, мектепке дейінгі білім беруге көрсетіліп жатқан қолдау соңғы 3 жылда 149 млн 651мың теңгені құрады.

Жалпы, Әйтекеби ауданында мектепке дейінгі білім беру саласында жағымды динамика қалыптасқан, ол өз кезегінде балаларды мектепке дейінгі білім беру қамтылуының жоғарылау деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, осы аудан аймағының өзекті мәселесінің бірі ол мектепке дейінгі мекемелердің дефициттері деп білген жөн, яғни тәрбиелеушілер мен мұғалімдерге салынатын артық жүктелім болып табылады. 2010 жылы «Балапан »

бағдарламасы бойынша ауданда 34 мектепке дейінгі мекемелерде (15балабақша-880бала, 18 шағын орталық-728бала) 1608 мектепке дейінгі жастағы балалар қамтылды, яғни 96 пайызды құрап отыр. Комсомол селосында жоспарланған 280 орындық бала бақша құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Орта білім

Әйтекеби ауданында 2009 жылда 32 күндізгі жалпы білім беру мектептері есептеледі, 2005 жылмен салыстырғанда, 1 бірлікке төмендеді. Аймақта орта мектептердің саны мектеп жасындағы балалардың азаюы салдарынан екендігін атап өтеді. Оқудың 12 жылдық оқыту моделіне көшуге басты назар аударылуда. 2015 жылға таман ауданның 6 жалпы орта білім беретін мектептерінде М.Жұмабаев атындағы, Т.Жүргенов атындағы, Шевченко атындағы, Комсомол орта мектебі, Караштау орта мектебі, Талдысай орта мектебінің 2153 оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқылатын болады.

Ауданда мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған педогогтар, мед. психологтар жетіспейді. Бастауыш сынып оқушыларын облыс бюджеті есебінен тамақтандыру мәселесін шешу үшін 14 млн.127 мың теңге астам қаражат бөлінді. Жалпы, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету 100,0 пайызды құрайды.

Ауданда 2010-2011 оқу жылында жалпы білім беру мектептерінде 784 педагогикалық кадрлар жұмыс істейді, соның ішінде 64-сі жоғарғы санатты педагогтар, 156-ы бірінші санатты және 214-і екінші санатты мұғалімдер.



Кәсіби білім беру

Ауданда 1 кәсіптік лицей жұмыс жасайды. Әйтеке би кәсіптік лицейінде 216 оқушы оқиды. Мемлекеттік сұранысқа сәйкес



  • ауылшаруашылық өндірісінің шебері (фермер)

  • электронды есептеу машинасының операторы;

  • кең көлемді құрылыс шебері;

  • тас қалаушы мамандықтары бойынша кәсіптік білім берілуде.

Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа оқу жиһаздары, көрнекі құралдар алынды.

Ауылшаруашылық машиналарынан: 2 комбайн, 3 жеңіл автокөлік, 1 ЗИЛ, 1 МТЗ-80, 2 шынжыр табанды тракторларымен қамтамасыз етілген.



Тіл саясаты

Әйтекеби ауданында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында тілдің құрылыстың одан әрі тереңдеуі мен таратылуы болжануда.

2007 жылдан бері тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істеп келе жатыр.

Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында мемлекеттік тілді оқыту процесінде басқарудың интернет порталы ірекет етеді.

2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап аудандық мемлекеттік басқару органдарындағы іс жүргізу мемлекеттік тілге көшкен.

Сонымен қатар тілдердің дамуын одан әрі алға жібермей ұстап тұрған бірқатар пролемалар да бар.

-мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ;

-тіл саласының жеткіліксіз нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуі;

-тіл саясатын іске асыру ісіндеі ведомствоаралыًқ үйлесудің жеткіліксіз тиімділігі;

-мемлекеттік тілдің саясаттық ақпараттық қолданылуының жеткіліксіз деңгейі;

-мемлекеттік тілдің іскерлік қарым қатынаста, бизнесте, ғылымда сияқты, халыққа қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету салаларынада да қолданылуының төмендігі;

-оқытудың инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының жеткіліксіздігі, сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренуде ынталандыру және мониторинг процестерінің төмен деңгейлігі.



Мәдениет

Саланың инфрақұрылымы. Әйтекеби ауданының мәдениет мекемелерінің желісі 42 объектіні құрайды. Соның ішінде 17 мәдениет клубтары мен үйлері, 23 кітапхана, 2 мұражай бар.



Саланың сәттіліктері мен жетістіктері

2007-2009 жж аралығында 3 кітапхана модернизацияланды. Кітапхананың жалпы кітап қоры 5,1 мың бірлікке ұлғайтылды, және 2010 жылдың 1-қаңтарына 395,1 мың дананы құрастырды.

2007-2009 жж аралығында 695 концерттер мен спектакльдер көрсетілді, 30-дан астап фестивальдар мен конкурстар өткізілді. Халыққа кәсіби ұжымдық мекемелермен көрсетілетін қызмет көлемі кеңейтілуде, әсіресе байланыс Ресей Федерациясының Шекаралы жанындағы елдермен күшейтілді.

2007-2009жж жұмысқа жас мамандар қабылданды.

Бүгінгі таңда Әйтекеби ауданында мәдениет саласында дамуды шектейтін бірқатар проблемалар бар:

Мәдениет саласының нашар инфрақұрылымы

Режиссер, хореограф, аккопониатор, дыбыс операторы, сияқты мамандандырылған кадрлар дефициті.


  1. Материалды техникалық жабдықтаудың нашарлығы (музыка құралдарының жетіспеушілігі, қазіргі заманғы құраолдардың, сцена костюмдерінің жетіспеушілігі орын алуда).

Спорт

Дене шынықтыру және спортпен әйтекебиліктердің 15 пайызы айналысады. Комсомол селосында Балаларға, жасөспірімдерге арналған спорт мектебі салынады.

Сонымен қатар, дамудың оң тенденциясымен бірге ауданда спорттың дамуын тежейтін жағымсыз тенденциялар да орын алуда:

1.Материалды техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейлігі;

-ауылдық жерлерде спорттың дамуы төмен дәрежеде, әсіресе ол материалды техникалық базаның болмауы салдарынан төмендетілген. Тек қана спорт құрылыстарының емес, сонымен қатар спорт инвентарының, ұйымдарды жабдықтаудың болмауы салдарынан төмендетілген;

2. Білікті мамандардың жетіспеушілігі:



      1. Аймақтың инфрақұрылымдық кешені

Құрылыс.

Жалпы, 2009 жылы пайдалануға 5317,8 кв метр алаң енгізілді, ол 2003 жылмен салыстырғанда 15 есе артық.

Салынған тұрғын үйдің ең үлкен көлемі аудан орталығы Комсомол селосында және 2004 жылы ашылған Алтынсарин-Хромтау темір жол станциялар мен разъездерінің бойында. . Жыл басынан үй құрлысына қатысты салынған объектілер сәйкес жалпы ауданы 5322,3 м2 жұмыс көлемі қабылданса, оның ішінде 4508,5 м2 құрайтын 42 үй, оның ішінде 36 үй тұрғындар есебінен, 6 пәтерлі 3 үй республикалық бюджет есебінен және тұрғын үйлерге жалғама салынған 25 бөлме, жалпы алаңы 813,8 м2 қабылданып, іске қосылып отыр.
.
Аймақтың тұрғын-үй кешені

Тұрғын үй қоры
Тұрғын үй қорының төмен қамсыздандырылуы тұрғыًн үй коммуналды қызмет 萺көрсетуді деңгейінің жоғарылауын талап етпейді.

Жағымсыз әрекет ғимараттардың конструктивті эٍлементтеріне және тұрғын үй қорының инженерлі қамсыздандырылуы жүйесін жағымсыз әсерін тигізеді. Коммуналды кәсіпорындар тұрғын үй шаруашылығының негізгі иегерлері ретінде қайта құру бағдарламаларын жүргізуде қаржылық қаражатты қажет етеді. Жергілікті атқарушы органдарда қажетті қаражат бөлу мүмкіндігінің болмауы ескірген өндірістің қорлардың ұлғайтылуына әсерін тигізеді.

Бөлінетін қаражаттың толық емес көлемі коммуналды сектордың объектілерін толық қайта жөндеуге мүмкіндік бермейді.

Электрэнергетиканың дамуы

Ауданның электржелілік шаруашылығы 0,4-6-10-35-110 қуаттылықтағы электроберілістен тұрады, оның ұзақтығы 729,03 км құрайды, 35-110- кВ13- қысымдағы ішкі станциядан тұрады, 0 4-6-10-35 кВ-94шт 35-04 кВ 8 шт құрайды. Энгергетикалық саланың материалды техникалық базасы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Ауданның электрэнергиялық кәсіпорындарының негізгі қорларының тозғандығы жоғары дәрежеді.

Бұл линиялардың негізгі бөлігі 1960-70 жасалынған, олардың техникалық жағдайы пайдаланатын талаптарға толық сәйкес келмейді. Тозуы 42,3пайыздан 100 құрайтын электр желілерінің 45 пайызы талаптарға сәйкес келмейді.

Ауданның сенімді электржабдығын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысының электр желілерін дамыту жоспары әзірленді және ол 2010 дейн 2015 жыл болашағына арналған. Жоспарда электржелілік потенциалды жаңғырту және дамыту бойынша шаралар қаралған, 2010-2015 жж тұтыну көлеміне болжам берілген.

Ауданда электр желілерін дамыту жоспарына сәйкес ауыл аймақтарының электрификация жұмысы 2007 жылы толығымен аяқталды.

Энергияны сақтау

Әйтекеби ауданы бойынша электрді сақтау шегінде белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әйтекеби ауданының электр сақтау кешенді жоспарының мақсаты:

Әйтекеби ауданының сенімді дефицитсіз электр сақтандыруын қамтамасыз ету;

Тұтынушылардың барлық топтарын энергоресурс сақтандыруға белсенді түрде енгізу;



Сумен қамту және су беру.

2010 жылы орталықтандырылған сумен 13621 тұрғындары бар 8 елді мекен қамтамасыз етілген,немесе аудан тұрғындарының 53%-ын құрайды. Комсомол селосында және Үшқатты селоларында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қарабұтақ селосында су құбырын қалпына келтіру жұмысы аяқталуда. Тасқожа елді мекенінен Комсомол селосына су құбыры желісін тартуды бастамақшы. «Әйке-Тереңсай» топтық су құбырын жаңарту құрылысын жалғастыру жоспарлануда. Құмқұдық, Аралтөбе селоларында су құбыры желісін жүргізуге жобалық сметалық құжаттар дайындалуда.


Жылумен қамту

Ауыл аймақтарды газбен қамту бүгінгі күнде халықтың тұрмыс тіршілігіне қажетті өзекті мәселе болып табылады. Ақтөбе облысының 2006-2010ж арналған ауыл аймақтарды газдандырудың аймақаралық бағдарламасына сәйкес, облыста ауыл аймақтарды газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Көптеген аса ірі өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік объектілер газбен қамтылды.


2011 жылы республикалық бюджет есебінен газ жеткізуші және кварталшілік желілері құрылысының жобасы бойынша Қарабұтақ ауылында газ жеткізетін құбырлар құрылысын бастамақшы.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге асыру

Жыл сайын облыста 50 мыңнан астам қалдықтар пайда болады, сонымен қатар оның 35 мың тоннасы коммуналды және 5 мың тоннасы өндірістік қалдықтар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қоймалау мен сақтаудың негізгі орындары елді мекендердегі ұйымдасқан ауылдардың қалдық жинау полигоны.



Көліктік инфрақұрылым

Автомобильді жолдар. Әйтекеби ауданында жергілікті маңызы бар автомобилдьді жолдардың жалпы ұзындығы 414,0 км құрайды, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар 9,8 пайызды құрайды.

Автожол саласының басты проблемасы жол жапқыштарының нашарлығы. Жол инфрақұрылымлдарына бөлінетін инвестицияларға қарамастан, жолдардың техникалық жағдайын жақсарту әсірее жергілікті мағынадағы жолдарды жақсарту, өз өзектілігінен айырылған жоқ. Жергілікті мағынадағы жолдар қатарынан тек 10 пайызы ғана жақсы қалпында, ал қалған 32 пайызы қанағаттандырарлық қалыпта.

Қалған жолдың 58 пайызы, немесе 242 км қанағаттандырарлақ қалыпта емес, оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.


      1. Аймақтың аумақтық (кеңістіктік) дамуы

Физико-географиялық жағдайлардан шығатын болсақ, экономикалық потенциал мен халықты қайта көшіру жүйесінің қалыптасуын ескере келе, Әйтекеби ауданының қазіргі уақытта жекелеген ауылдарын тиімді орналсқан аумаққа жатқызуға болады. Мысалы, Комсомол, Қарабұтақ, Талдысай, Құмқұдық ,Аралтөбе ауылдары. Аудан аймағы тегіс жазықтық. Негізгі өзен- Ырғыз. Оның ұзындығы аудан шекарасы көлемінде 280 шақырымды құрайды. Сонымен қатар 3 су қоймасы бар. Олар: Комсомол (Талдысай ауылы), Тікбұтақ (Жамбыл ауылы), Атсыз (Тереңсай ауылы).

Негізгі автокөлік жолы Қарабұтақ-Комсомол-Северный-Жайылма елді мекендер үстінен өтеді.

Жер қыртысы: ауданның солтүстік, батыс бөлігі қызыл қою қоңыр, орталық бөлігі қызыл қоңыр топырақты, оңтүстік аймақтары ашық- қызыл қоңыр топырақты, немесе жартылай шөл дала.

Аудан аумағында өмірдің тұрақты және қауіпсіз дамуы мақсатында инженерлік-көліктік инфрақұрылымның дамуы мен жетілдірілуі көзделуде, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мен төтенше жағдайларды тоқтату бойынша шаралар қабылданып жүзеге асырылуы тиіс.

Ауданның орналасуы мен меңгерілуіндегі, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуында қалыптасқан аумақтық ерекшелік ауданның кеңістіктік дамуындағы перспективаларын анықтайды.

1-кесте. Әйтекеби ауданының аумақтық-кеңістіктік дамуының стратегиялық бағыттары


Тип

Мағыналы аудандар

Даму үшін потенциал



Орталық: . Комсомол селосы

Комсомол селосы, Қарабұтақ селосы

  • Демографиялық потенциалдың өсуінің аса жоғарғы қарқыны

  • Халықтың тығыздығы және экономикалық кеңістіктің аса жоғары сапасы

  • Ауданның жаңартылған ортасы

  • Сапалы білім беру және медициналық қызметтер

  • Пайдалы заттарды тереңдетіп табу және пайдалану

  • Сыртқы миграцияны тарту орталығы




Басқұдық ауылы

Жабасақ ауылы

Сарат ауылы

Құмқұдық ауылы



  • Осы ауылдардың ауылшаруашылығын өндіру орталығы




Орталығы Тұмабұлақ, Жабасақ , Сарат, Қараштау




Орталығы Комсомол, Қарабұтақ, Ақтасты, Талдысай.

Комсомол; Қарабұтақ, Ақтасты, Талдысай

  • Ауылшаруашылық өнімін өндіру орталығы




Ауыл аумақтарының дамуы

2004-2010 жж арналған ауыл аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру шегінде жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

«Ауыл халықтарын модельдеу», «ауылшаруашылық өндірісінің өсуі және экономикалық қызмет саласының кеңейтілуі», «Инженерлік инфрақұрылымның дамуы», «Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы», «ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»бағыттары бойынша жүргізілді.

2004-2010 жж арналған ауыл аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру барысында ауданды орталықтандырылған сумен 8 ауыл аймақ қамтылды, олардың санағы 13621 адамды құрайды, газбен ауыл аймақ әзірге қамтамасыз етілген жоқ, 2011 жылы республикалық бюджет есебінен газ жеткізуші және кварталшілік желілері құрылысының жобасы бойынша Қарабұтақ ауылында газ жеткізетін құбырлар құрылысын бастамақшы.


Барлық ауылдар электрленді .2009 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 4 мектеп салынды. 4 мектеп және 2 бала бақша , 1 орталық аурухана, 1дәрігерлік амбулатория, 1 федьшерлік пункт күрделі жөндеуден өтті .

Даму проблемасы: ауыл аумақтарын дамыту бойынша жүріп жатқан шараларға қарамастан, келесі мәселелер толық түрде шешілмеген қалпында қалып отыр:

-ауылдық елді мекендерді газдандыру-аудан мүлдем газдандырылмаған; -Сапалы ауыз сумен қамту-орталық сумен қамту тек ауданның 53 пайызында ғана жабдықталған;

Жергілікті мағынасы бар автоджолдарды жақсарту-58 пайызы қанағаттандырылмаған қалпында қалған

Авариялық және бейімделген мектептер, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі.



      1. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

Жергілікті мемлекеттік басқару.

Аудандық акимат Қазақстан Респупликасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, аудандық акиматты ауданның Әкімі басқарады. Әкім аппараты өз құзірет шегінде, сондай-ақ тиісті аумақта жергілікті басқару және өзін-өзі басқару қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

Аудан әкімдігі 11 құрылымды бөлімнен тұрады: «Әйтекеби аудандық әкім аппараты» ММ, «Әйтекеби аудандық білім, денешынықтыру және спорт» ММ, «Әйтекеби аудандық қаржы» ММ, «Әйтекеби аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары»ММ, «Әйтекеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту»ММ, «Әйтекеби аудандық ішкі саясат» ММ, «Әйтекеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ, «Әйтекеби аудандық архитектура, қала құрылысы және құрылыс» ММ, «Әйтекеби аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік» ММ, «Әйтекеби аудандық жер қатынастары» ММ, «Әйтекеби аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария» ММ.

Аудандық әкім аппараты 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру және кадр бөлімі, жалпы бөлім және мемлекеттік қызметтің сапалығын сақтау жөнінде мемлекеттік құқық бөлімі.

2010 жылдың 15-ші желтоқсанындағы Әйтекеби ауданының мемлекеттік қызметкерлерінің штат саны 128 бірлікті құрайды, солардың ішінен: саяси мемлекеттік қызметшілер-16 бірлік. Мемлекеттік қызметтегі әйел адамдар саны-55 немесе 45,8 пайыз.

Жалпы Әйтекеби ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 44 жас. 2010 жылдың басында 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны 17 немесе 13,3 пайызды құрайды, 30 дан40 дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны 33 немесе 25,8 пайыз, 41-50 жасқа дейінгі мем қызметшілер саны 31 немесе 24,2 пайыз, 50 жастан жоғарғы мемлекеттік қызметшілер саны 47 немесе 36,7 пайызды құрастырады.

Әкімдік аудан, ауыл әкімімен басқарылатын алқалы атқарушы орган болып табылады. Әкімдіктер өз құзыреттігі шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады.

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметтерінің тиімділігін анықтау 2011 жылдан бастап қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызында №954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесіне (бұдан әрі – Жүйе) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Осы Жарлыққа сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органы 2011 жылдан бастап аудандардың бюджетінен, жергілікті атқарушы бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың қызмет тиімділігін бағалау жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңмен сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру өкілеттігі берілуі мүмкін екендігі көзделген. Қазақстанда,ы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұймдастырылуы мен оның қызметі заңмен белгіленген. Заңмен белгіленген олардың құзыреттілігі шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзінділігін кепілденеді.

Мәслихаттар жергілікті мәселелерді шешу үшін жергілікті халықпен сайланатын өкілдік органдарға іспеттес жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болып табылатындығы заңмен бекітілген. Сонымен қатар, әкімдер жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне интеграцияланған және жергілікті өзін-өзі басқару функцияларымен қатар жергілікті мағынадағы мәселелерді шешеді.



Жергілікті бюджет Экономиканың және әлеуметтік саланың дамуының маңызды құралы болып табылады. Оның көмегімен мемлекеттік органдар қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерте алады, шаруашылық жасудың нәтижесіне әсерін тигізеді, әлеуметтік қайта құруларда жүзеге асырады. Бюджеттік жоспарлау мемлекеттік жоспарлаудың нақты вертикалдығына сәйкес жүргізіледі: мемлекеттік мақсаттар-мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары-тактикалық міндеттер-іс-шаралар-ресурстар-бюджет.

Бюджет

Әйтекеби ауданының бюджетінің соңғы 3 жылда орындалуы: 2007 жылы жоспардағы 1290695,1 мың теңге, 1328190,1 мың теңгеге орындалып, жалпы аудандық бюджеттің кіріс жағы 102,9 пайызды құрады. 2008 жылы 100,1 пайызға орындалып, 2392961,5 мың теңгенің орнына 2395371,8 мың теңгені құрады. 2009 жылы да 100,7 пайызға орындалып, 3000465,3,0мың теңгенің орнына 3020854,0 мың теңгені құрады.

.

Аудандық бюджетінің шығын бөлігі 2009 жылға қатысты 97,9 пайызға орындалды. Бюджет шығынның негізгі үлесі әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталды /58,2 пайыз/, көліктің құрылымның дамуына /16,5 пайыз/ және тұрғын үй шаруашылығына /3,6/ бағытталған.



Бюджет кірісінің 2010 жыл бойынша болжамы 324,0 млн. теңге орнына 399,0 млн. теңге болып 123 пайыз артығымен орындалды. Селолық округтердің қатысуымен жеке тұлғалардан мүлік салығы 106 пайыз, жер салығы 102 пайыз, көлік салығы 114 пайыз, бір жолғы талон алымы 106 пайызға жиналды.

2-кесте. Негізгі бағыттар бойынша бюджет шығындары

тенге


Атауы

2008 жыл


2009 жыл


ШЫҒЫНДАР


2119494,1


2808 263, 6


білім

1558325,5

1844932,9

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

82491,8

114518,6

Тұрғын үй шаруашылығы

70774,1

98389,4

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

112743,3

91887,1

ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қорғалатын табиғат жағдайлары, қоршаған ортаны қорғау және жануарлар мен аңдарды қорғау, жер қатынасы

222287,0



188422,7



Көлік және коммуникации

64202,37

462379,3


басқалары

8670,1

77 33,6

Бүгінгі күні бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлігінде келесі проблемалар орын алуда:

1 бюджетті орындау кезінде бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз пайдалануға апаратын (бюджеттік бағдарламаларды нақты есеп айырысуға дейін шешім қабылдап орындау кезінде) бюджет рәсімдерінің көп сатылығы және қиындығы;

2. Бюджеттік бағдарламаларды уақытында орындау сол қалыпында өзекті мәселе болып қалуда. Осы сұрақта бюджет тәртібінің жекелеген жоғарылауына қарамастан, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мерзімдер мен ресурстарды жоспарлау кезінде кемшіліктер орын алуда.

Ауданда бюджеттеудің, үш жыл мерзімге бюджеттік параметрлерді әзірленген нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізу бойынша анықталған жұмыс жүргізілді және жергілікті мемлекеттік органдармен стратегиялық жоспарларды құру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.



Ішкі саясат

Ішкі саясат саласында маңызды бағыт төмендегілер:

Аймақта ішкісаяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, елде және облыста іске асырылатын әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың идеологиялық қамтамасыз етілуі, мемлекеттік саясаттың тиімді ақпараттық ілестірілуі.

ҚР Президентінің Жолдауын Қазақстан 2030» Стратегиясының ұзақ мерзімді приоритеттерін нақытлайтын және дамытатын құжат ретінде популяризациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Реформалар және мемлекеттік саясат курсын насихаттау және түсіндіру жалпы арнайы насихаттау топтары арқылы жүзеге асырылады. Жалпы облыста 30 ИПГ қолданыста, оның құрамында 90 коммуникаторлар бар. Олардың жұмысын жетілдіру мақсатында сонымен қатар өткізілетін саяси реформа тралы халықтың куәландырылу деңгейін жоғарылату мақсатында әдістемелік үгіт насихат материалы қалысптасуда, әлеуметтік мағынасы бар әдебиеттердің шығарылуы ұлғайды.

Сонымен қатар аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси дамудың жағдайы мен тенденциясын терең зерделеу мақсатында жағдайды жүйелік мониторингтеу механизмі орнатылды.

Осы мақсаттармен тақырыптық социологиялық зерттеулер жүргізілуде, халықтың түрлі саннатары бойынша идеологиялық, мәдени, әлеуметтік сұраулары зерделенуде, аудан өміріндегі проблемалық мәселелрді шешу бойынша мүмкіндікті ашу жолдары іздестірілуде.

Сондай-ақ ауданда саяси парртялардың 3 филиалы өз қызметін атқаруда. «Нұр Отан» аудандық ХДП аса әсерлі болып табылады.

Қызметтің негізгі бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдар және НПО өкілдері арасында сенім қатынасым белгілеу бойынша жиі кездесулер өткізу практикасын енгізілді: денсаулық сақтау, экология, жастар саясаты, ғылым, адам құқықтарын қорғау, мүгедектерді қолдау, мәдениет және өнер, кіші және орта бизнесті дамыту.

Мүмкін болатын тәуекел арасынан келесілерді атап өтуге болады:

- ішкі ведомстволық ұйымдардың тиімсіз жұмысы

- аудан халқы арасында әлеуметтік оптимизм деңгейінің төмендігі аймақта псевдосенімнің енуі мен таратылу мүмкіндігі.

Жастар саясаты:

Әйтекеби ауданында 9946 жас адамдар өмір сүруде, және ол ауданда 31,7 пайызды құрайды. Олардың -5337 ер, 5009 әйел адамдар.



Жастар саясаты саласындағы проблемалар

Жастар арасында сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала беруде. Кадрлық, ғылыми, ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі жастар саясатын іске асыруда олардың тиімді әрекет етуіне, жастар саясатын аймақтық деңгейде іске асыруға кедергі туғызып отыр.

Жастарды әлеуметтік интеграциялау және өзін зі реттеу саласында ішкі саясат басқармасымен жергілікті бюджетпен қаражаттаныдырылатын жастар ұйымдарын әлеуметтік мағынасы бар жобаларға тартумен оны іске асыруға мүмкіндік туғызатын әрекеттік механизм әзірленіп енгізілді.
Құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау және қылмыстылыққа қарсы күрес

Қылмыстылыққа қарсы күрес саласындағы жедел ахуал соңғы жылдары қысымдылықтың жеке бір өсуімен сипатталады, ол өз кезегінде ауданның және жалпы елдің дамуы мен ішкі қауіпсіздігіне жағымсыз әсерін тигізеді.

Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың елеусіз төмендеу тенденциясы сақталады, сонымен қатар қоғамдық индикатор мен қоғамдық қауіпсіздік индикаторы болып табылатын көшелердегі қылмыстылықтың төмендеуі сақталуда.

Отбасы тұрмыстық қатынастағы қылмыстар таратылған сипат алуда, сонымен қатар, мас күйінде және есірткі пайдаланған мас күйінде жасалған қылмыстар.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс өсуде. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің жартысынан артығы мектептердің, лицейдің оқушылары.

Авариялықтың негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі белігленеді. Елеулі емес, бірақ жолда болып жатқан жол көлік оқиғаларының саны азаюда, сонымен қатар қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны да азаюда.

Әзірше тұрмыстық қылмыстарды алдын-алу бойынша шаралардың тиімділігі аз..

Жасөспірім қылмыстылығы да өзекті болып қала беруде.

Бірыңғай көшірілудің кешенді жоспарымен әрекеттенген полиция бөлімшелерін материалды қамтамасыз ету жүйесі қаржының жетіспеушілігінен оларды толық түрде жедел-қызметтік көлікке жатқызуға мүмкіндік бермейді.

Қоғамдық тәртіпті қорғау функцияларын атқаратын, сонымен қатар жаппай іс шараларды, төтенше жағдайларды және басқа да қызметтік әскери міндеттерді жүргізу кезінде қоғамның тәртіпті қорғау функциясын атқаратын арнайы полиция бөлімшелерін материалды техникалық қамтамасыз ету мәселесі алда тұр.

Ішкі істер органдары жекелеп алғанда кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша және полицияның учаскелік инспекторлары мемлекеттік және қоғамдық институттардың төмен кәсіби потенциал жағдайларында қызмет атқаруда.

Ауданның жол көлік кешені қиын жағдайларда жұмыс атқарады. Автокөлік саябақтарының саны көше-жол желісінің даму қарқынынан асады. Республикалық және жергілікті жолдардың елеулі бөлігі қайта құрылуды, жөндеуді, оларды баръерлік қоршауларды, жол белгілермен қамтамасыз етуді талап етеді. Жергілікті мағынадағы жолдардың техникалық жағдайы да қанағаттандырарлықтай емес.

Жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп сақтауы төмен дәрежеде. Жүргізушілер куәлігін берумен және оқытумен айналысатын арнайы курстар жүйесінің жақсартылуы талап етіледі.

Осы және басқа да себептер жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарларын алдан ала болжайды.



2.3 Орташа мерзімдік перспективадағы аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдірдің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары мен бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудың кешендік сипаттамасы.

Әйтекеби ауданының 2004-2009 ж.ж. аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын талқылау нәтижелері аймақтың даму диамикасының өсуін көрсетеді.

Жалпылай келгенде аймақтық кеңістікті-құрылымдық даму бірыңғайсыздығы азаймайды. Денсаулық сақтау, білім беру мен халықтың әлеуметін қорғау салаларының дамуы байқалады, аймақтың ірі корпорацияларымен әлеуметтік сабақтастық өсіп келеді, мемлекет пен коммерциялық емес сектор арасындағы қарым-қатынас дамып келеді.

Аймақтың кешендік сипаттауында SWOT-анализ әдістемесі қолданылды.



Артықшылықтары:

Ауданның географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, көршілес Ресей Федерациясымен шекаралас болуы, жоғары демографиялық өсім, аудан халқының санын жеткілікті түрде «жас» деп айтуға болады.



  • Жағымды инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі;

  • Жоғары демографиялық потенциал: бала таба алатын халықтың басым болуы;

  • Еңбек нарығының дамуы: еңбек ете алатын халықтың басым болуы, жұмыссыздықтың деңгейін азайтады, экономикалық белсенді халықтың санын өсіреді;

  • Заман талабына сай кәсіптік білім беру үшін кешендік қорларының бар болуы;

  • Денсаулық сақтау саласының дмуы: туберкулез, ісік ауруымен ауратын науқастардың азаюы.

Кемшіліктері:

  • Қоршаған ортаның қазіргі кездегі және көп жылдар бойы ластануы;

  • Ауылдардың инфрақұрылымдық потенциалының бірқалыпсыз болуы;

  • Жер құнарлығының деңгейінің төмен болуының себебі: агроөндірістік кешенінің дамымай қалғандығы, көп аймақтардағы су тапшылығы, ауыл-шаруашылық тауарларын өндірудің табиғи-климаттық жағдайларға тікелей байланысты болуы және ауыл-шаруашылық тауарларын өндірушілердің сату нүктелерінен қашық болуы;

  • Жоғарыдағы себепке байланысты ауыл-шаруашылын қолдаудағы жеке қызығушылығының бар болуы;

  • Азаматтардың тұрғын үйге тапшы болуы;

  • Аймақ аралық жолдарының сапасы төмен болуы;

  • Кірістің бір жанға деген бөлінуінің бірқалыпсыздығы;

  • Ауылдық жерлердегі білім беру деңгейінің төмен болуы;

  • Аталмыш саладағы әлеуметтік инфрақұрылым қызмет көрсету саласының төмен болуы;

Мүмкіндіктері:

  • Экономика дамуының кластерлік моделі және шағын бизнес субъектілерінің кластерлік құрылымындағы белсенді ролі дәстүрлік экспорттық секторларында тауар айналымын жақсартады;

  • Қарқынды индустриялизациялау бағдарламасы шебіндегі мемлекеттік қолдаудың өңдеу саласын дамытуда және аймақ экономикасын көтеруде әсерін тигізеді;

  • Республикалық бюджет және Даму фондтарының қаражатының арқасында көздеген инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда аудан экономикасының потенциалының өсуі;

  • Әсіресе өндіріс күштері жоқ алыс аймақтарда өнімді бірігіп дамыту мақсатында тұрғын шаруашылығы мен фермерлік шаруашылығының бірігуі;

  • Жалға берілетін тұрғын үйлерді тұрғызу және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

  • Кластерлер негізіндегі ауыл өндірушілердің кооперация процесін белсендіру арқасында өндіріс көлемін және ауыл-шаруашылық шикізат өңдеу дәрежесін арттыру;

  • Бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін арттыру;


Қауіпті тұстары:

  • Энергия жетіспеушілігінің сақталуы нәтижесінде аудан экономикасының даму жылдамдығының баяулануы;

  • Технологиялық тұрғыдан артта қалу, аймақтық экономикасының салалық диспропорциясы мен шикізаттық экспорттың үлесі жоғары болуына байланысты ішкі нарығының импорттық тәуелділігінің артуы;

  • Тазарту құрылғыларының төмен жетілдіру жағдайында экологиялық жағдайдың нашарлануы;

  • Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызмет көрсетулеріне тапшы болуы ауылдық жерлердегі адам потенциалының төмендеуіне әкеліп соқтырады;

  • Даму институттарындағы жобаларды қарастыру мерзімдерінің созылуы, соның ішіде қарқынды индустриялизациялау бағдарламасына байланысты;

  • Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шараларын енгізудегі алатын теріс нәтижелері;

3. АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Әйтекеби ауданы әлеуметтік экономикалық қарқынды даму арқасында өмір сүру деңгейі жоғары аймаққа айналады.

Жалпы көріністі жүзеге асыру келесіде бағытталған:



  • аймақ бойынша ауылшаруашылығында астық өндірісін дамыту;

  • азық-түлік қауіпсіздігі және саланы қарқынды даму кепілі бола алатын агроөндірістік кешенді дамыту:

  • Мал шаруашылығын серпінді дамыту, оның ішінде:

  • Ірі –қараны дамыту;

  • Қой-ешкі санын көбейту;

  • инфрақұрылымның барлық түрлерін, соның ішінде инновациялық, жетілдіру;

  • аймақтық экологиялық жағдайды жақсарту. Экономикалық істің экологизациялау есебінен аймақтың қоршаған ортасын түбегейлі түрде жақсарту.

Бағдарламаны жүзеге асырудағы орындалудың әр түрлі кезеңдердегі құралдары болып есептеледі: 2011-2015 ж.ж. аралығындағы Әйтекеби ауданының аймақтарын дамыту Бағдарламасының шаралар Жоспары, сәйкес мемлекеттік құрылымдарының стратегиялық және операциондық басқармалардың жоспарлары, басқармалардың шебер-жобалары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары.

Ақтөбе аймағының негізгі болашағы зор салалары:

1) ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу;

2) құрылыс материалдарын жасау;


Басты индикаторлар:


  • Ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыру (ауыл шаруашылығындағы бір адам санының жалпы өнімінің өнуі) 2009 ж. қарсы 2015ж. екі есеге өсіру;

  • Жұмыссыздық деңгейін азайту 2015ж. 5,0%-ке дейін (2009ж. - 6%);

  • Тұрғындардың еңбек ақыларының өмір сүру деңгейінің төмендігін 2015ж. 4,3% мөлшерін азайту (2009ж. – 5,7%);

  • Тұрғындардың өмір сүру жасының өсуі 2015ж. 70,0 жас (2009ж. – 68,21 жас);

  • Жалпы өлім саны 2015ж. – 7,2% 1000 адамға (2009ж. – 8,64%);

  • Мемлекеттік тілді меңгеретін тұрғындар үлесі – 2015ж. 98%;

  • 2015 жылда бiлiм ұйымдарындағы мектептiк дейін тәлiм-тәрбиенiң балаларды қамтуы - (2009ж-70,1%) 100% болады.

  • Ауылды аймақтардың жалпы санынан 53% орталықтағы сумен қамтамасыз етілген;

  • Атмосфераға ластанған заттардың бөлну деңгейін 2015ж. 6,5% төмендету 2009ж.-мен салыстырғанда;

  • Жоғарғы деңгейде дамыған ауыл аймақтар санын 2015ж. - 98% арттыру;

Әйтекеби ауданының орташа мерзімдік келешектегі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары

Сценарийлердің жалпы сипаттамасы. Әйтекеби ауданының орташа жедел әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нұсқалары бірнеше басты факторлармен анықталады:

өңдеу өндірістерінің инновациялық жаңартуының және еңбек өнімділік динамикасының үрдісі;

көлік және энергетикалық инфрақұрылымның даму динамикасы;

адам капиталының сапасының жоғарлауы мен орта топтың құрылуының үрдісі;



жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау