4. Білім желісін дамытудың басымдық мақсаттары мен міндеттері және есепті жылы білім берудің үш деңгейі бойынша оларды шешу жолдары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағытындағы жұмыстарды үйлестірудің тиімді жүйесін құру.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту практикасына ғылым жаңалықтарын енгізу;
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану;
Білім беру ұйымдарының қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес мониторинг жүргізу;
Білім беру ұйымдарында инклюзивтік білім беру жүйесін жүзеге асыруда материалдық-техникалық базаны талапқа сай жаңарту;
Білім берудің инфрақұрылымын, бірінші кезекте ақпараттандыруды дамыту;
12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу;
Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында «Робототехника» элективті курсын енгізу бағытында жұмыстар жүргізу;
Үш тілде білім беруді енгізу және дамыту бағытында облыс бойынша жоғары сыныптарда жаратылыстану пәндерінің терминдерін ағылшын тілінде үйрету;
Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу;
Дуальды оқыту жүйесін жалғастыру және экспериментке қатысатын педагогтардың еңбекақысына қосымша қажетті қаражат бөлу жұмыстарын қарастыру;
Кәсіби стандартқа көшіру жұмысын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді қатыстыра отырып, кәсіби мамандар дайындау сапасын арттыру, түлектерді жұмысқа орналастыру;
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарын оңтайландыруда кәсіби бағдарлану жұмыстарын жүргізу;
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында ресурстық орталықтар ашу және жұмысшы мамандықтарының санын арттыру;
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында институционалдық аккредиттеуден өту жұмыстарын жалғастыру.
5. Облыстағы білім жүйесінің дамуы және қызмет нәтижесі (білімнің қолжетімділігі, оқыту қорытындылары, әлеуметтік қызметті жүзеге асыру нәтижелері, ресурстарды қолдану тиімділігі)
5.1)Мектепке дейінгі ұйымдар жұмысы және БСДМБ орындалысы туралы
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын, Мемлекеттік білім беруді дамытудың 2011-2020 мелекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 192 іс-шара ұйымдастырылды.
Облыста соңғы үш жылда жеті мектепке дейінгі ұйымның іс-тәжірибелері таратылды.
3-6 жас арасындағы балаларды қамту – 79,6%, мектепалды даярлық және бастапқы білім беруді балаларды есепке алғанда - 81,03 %.
БСДМБ бойынша нысаналы индикатор орындалды.
Облыс бойынша 5-6 жас мектепалды даярлық 19290 баланы құрады, оның ішінде МДҰ дайындық топтарында – 10343 бала, бастауыш сыныптарда – 8947 бала 93% құрайды. Шағын орталықтардың үлесі -21,2% (2015ж-21,0%), жекеменшік бала бақшалардың үлесі -31,0%(2015ж-27,9%).
Облыста Ақтау қаласының № 42 мектепке дейінгі ұйымы жанында «Росток» атты Балалар Шағын Ассамблеясы қызмет етеді. Аталған көпмәдениетті тәсіл ұйымдарға ұлттық психологиямен көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу үшін дамудың жаңа сатысына өтуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ақтау қаласы «Крылья Ангела» жекеменшік шағын орталығы және Бейнеу ауданы «Балдәурен» балабақшасында М. Монтессори әдісі, Ақтау қаласы № 11 «Кәусар» бөбекжайында флипчарт, № 4 «Аққу» балабпқшасында құм терапиясы енгізілуде.
Қарақия ауданы «Болашақ», «Құлыншақ» балабақшаларында «Step by Step» технологиясы бойынша жұмыс тәжірибесі енгізілген және таратылған. Ақтау қаласының № 53, № 58 бөбекжай бақшалар және Жаңаөзен қаласының № 8 «Ақбота» балабақшасы - денсаулық сақтау технологиясы бойынша базалық балабақшалар болып бекіді.
Елбасы қойған міндеттерді орындай және педагогтар тілегін ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелерді қажетті әдебиеттермен, электронды оқулықтармен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді меңгерту, әсіресе ағылшын тілін оқытуға әдістемелік бағыт-бағдар беру мақсатында Батыс Қазақстан бойынша Оксфорд Юниверсити Press баспасы CAMBRIDGE PRESS Университеті өкілдерімен Кездесу (британдық баспамен) ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда үштілді енгізу бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында балабақшалар бекітілді. Ағылшын тілін үйрету бойынша жақсы нәтиже көрсеткен балабақша жұмыстары әлеуметтік желілерде, жергілікті БАҚ арқылы материалдар, буклеттер, ашық сабақтарынан жиналға брошюраларын жариялады.
Авторлық бағдарламалар әзірлеуде әдістемелік көек көрсету де оң нәтижесін берді. Үш тілділікті дамыту, озық инновациялық технологиялар мен әдістемелік құралдар бойынша бағдарламаларды анықтау мақсатында Ақтау қаласының № 24, 29, 42, 53, 57, 58, 59. 60 балабақшалары және «Дарын», «Жанэль», «Крылья Ангела» жекеменшік балабақшалары, Бейнеу ауданы «Бейнеу» балабақшасының тәжірибелері таратылды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін көтеру мақсатында тәрбиеші-педагогтардың имиджін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жүргізетін қызметкерлерді таныстыру мақсатында «Үздік мектепке дейінгі ұйым», «Үздік педагог», «Үздік әдіскер», «Педагогикалық оқылым» облыстық байқаулары дәстүрлі түрде өткізіледі.
Облыс тәрбиеші педагогтарына көмекші құрал ретінде тоқсанына бір рет «Балабақша өмірі» облыстық әдістемелік журналы шығарылады
5.2 Білім беру жүйесінде жалпы білім беру ұйымдарының жұмыстарының нәтижесі облыс бойынша
2016 жылы 112617 оқушылардан 4440 түлек мектепті бітірді.
2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс оқушыларының білім үлгерімі - 99,87% (2014ж. – 98,92%, 2015ж.-99,82%;), білім сапасы – 48% болды (2014 ж.- 47,1%, 2015ж. - 47,3%).
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер «4» пен «5»-ке үздікке баураған, оқушылардың үлесі – 64,15 % (2014 ж. – 64,13, 2015ж. – 64,14).
Облыста оқу жылдың нәтижесі бойынша 14657 оқушы «өте жақсы» және 40419 оқушы «жақсы» бітірді.
Жолға қойылған жұмыстарының нәтижесі бойынша ҰБТ-де 111 үміткерден өз білімдерін дәлелдеп 77 «Алтын белгі» ие болды. 122 түлек үздік аттестатпен бітірді.
ҰБТ қорытындысы бойынша облыс көрсеткіші 3 баллға артты (2016 ж. – 78,5; 2015 ж. – 75,75; 2014 ж. – 74,5).
7 кешкі мектепте 1237 оқушы оқыды, оның ішінде 537 түлек мектепті бітірді (2015ж.- 673; 2014 ж.- 510).
4 жекеменшік мектепте 346 оқушы оқыды (2015 ж.-420; 2014 ж.–420).
Маңғыстау облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында және іс-шаралар жоспарына сәйкес 2014-2015 оқу жылдың төмен көрсеткіштің қорытындысы бойынша, ауданның мектептерге әдістемелік көмек көрсетіліді. Биылғы оқу жылдың қорытынды бойынша 10 мектептен 9-і ҰБТ-те орта ұпай 9 дан 18 ұпайға дейін көтерді.
Білім сапасын арттыру және саналы тәрбие беру мақсатында бүгінгі таңда Астана қаласындағы ЖШС «Отбасылық Тәрбиелеу Институтымен», ЖШС «Келешек» психологиялық орталығымен, ЖШС «Алғыс Ақтау», «Жастар альянсы», «Ұрпақ NEXT» жастар қоғамдық қорларымен, «Шаңырақ», «Эко Маңғыстау» ұйымдарымен, «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығы, ЖШС «Bilim Media Group» компаниясымен, «Достық», «Жарық» білім беру орталығы үкіметтік емес ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар атқаруда.
Облыс мектептері «BilimMediaGroup» компаниясының «Жоғары сынып оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға арналған электрондытренажер» және «Мектеп мұғалімдері мен оқушыларын PISA, TIMSS халықраралық зерттеулеріне дайындау кешендері» сандық ресурстарына қосылған. 2015 жылы «BilimMediaGroup» компаниясының сандық электронды он-лайн оқыту ресурстарын 41 мектеп пайдаланған болса, 2016 жылы олардың саны 59-ға жетті. Жоба білім сапасын арттыруға, мектеп бағдарламасы бойынша қосымша ақпараттар алуға, сынақтарға дайындалуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде облыстың 34 мектебі ҰБТ кезінде жақсы білім сапасын көрсетті. Bilim media group ұйымдастырған республикалық мұғалімдер арасындағы сабақтар байқауында (200 мұғалім) облыстан 3 мұғалім жеңімпаз атанды.
2015 жылы облыстағы жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қорымен бірлескен жұмыстар жүргізді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры «Жалпы білім беру ұйымдарындағы математика және жаратылыстану пәндерінен білім сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы жобаны жүзеге асырды және математика және жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің, ата-аналар мен оқушылардың қоғамдық пікірлері негізінде және аналитикалық талдаулар, семинар-тренингтер жүргізу нәтижесінде білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау, педагогтардың статусын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіді.
Облыс бойынша 19 жаңа типті мектеп қызмет етеді. Олардың ішінде: 9 лицей и 3 лицей сыныптары бар мектептер; 7 гимназия и 44 гимназия сыныптары бар мектептер; 3 мамандандырылған білім беру ұйымдары. Білім сапасы – 78,8% (2013/2014 - 61,8%, 2014-2015 – 67,8%).
Жалпы орта білім беретін 40 мектептің 175 сыныбында әртүрлі аәндер тереңдетіліп оқытылады (3535 оқушы). Үлгерім – 100%, сапа – 75,7% (2013ж. үлгерім – 100%, сапа – 69%, 2014ж. үлгерім – 100%, сапа – 70,8%, 2015ж. үлгерім – 100%, сапа – 72,7%).
Білім саласында жаңа типті білім ұйымдарының нәтижесі жоғары. Олимпиада, ғылыми жобалар мен байқаулардың жеңімпаздарының пайызы осы мектептерден болса, ҰБТ бойынша жыл сайын қазақ-түрік лицейі, Ақтау қаласындағы №4 мектеп-гимназиясы мен №11 ФМММ, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе лицейі мен №5 орта мектебі, Жаңаөзен қаласының мектеп-гимназиясы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейі, Бейнеу гимназиясы жоғары сапа беріп отыр. Биылғы жылы Ақтау қаласының №8 орта мектебі мен Мұнайлы ауданының №1 орта мектебі облыстың 10 үздік мектептерінің қатарына енді.
Мектептердің іс-тәжірибесін тарату, ұжымның стимулын арттыру, ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауы өткізіліп келеді. 2013 жылы 14 млн.теңге білім грантын Түпқараған ауданының М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі, 2014 жылы 15 млн.теңге білім грантын Мұнайлы ауданының №6 орта мектебі, 2015 жылы 17 млн. теңге білім грантын Маңғыстау ауданының Онды орта мектебі жеңіп алды.
Соңғы үш жыл ішінде облыстың 5 педагогы «Үздік педагог» республикалық конкурсының грантын жеңіп алып, төсбелгі иегері атанды. 2014 жылы – 2, 2015 жылы – 3 педагог.
Ағымдағы жылы «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің 7 жүлдегері республикалық кезеңге жолдама алды.
2016 жылы «Bilim Media Group» компаниясы ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім-2016» он-лайн байқауында Жаңаөзен қаласының физика-информатика пәні мұғалімі І орын иеленіп, 500 мың теңге грант ұтып алды, екі мұғалім конкурс дипломанттары атанды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша сертификатталған мектеп басшыларының арасында өткізілген интернет-байқауында Қарақия ауданы, Құрық орта мектеп-гимназиясының директоры «Үздік Тәлімгер» номинациясының иегері болды.
5.3 Эксперименттік жұмыстар туралы
2015-2016 оқу жылында облыстың 2 мектебінде 12 жылдық білім беруге негізделген бастауыш білім берудің жаңа стандартына сәйкес оулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері, 2 мектебінде «Cambridge University Press» баспасының ағылшын тілінен 1,4,6 сыныптардың оқушыларына арналған бейімделген оқулықтары, 3 мектепте «Pearson Education Limited» баспасымен әзірленген 1 сыныпқа арналған ағылшын тілінің бейімделген оқулықтары, 2 мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердің 1-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары, сынақтан өткізілді.
Дуальды оқыту жүйесі 17 колледжде 22 мамандық бойынша жүргізіледі және 673 студентті қамтып отыр (құрылыс, мұнай және газ өндіру, энергетикалық және химиялық өндіріс, медицина, білім беру, қызмет көрсету, транспорт және басқа) (2012ж. - 7 колледжде 11 мамандық). Әріптес кәсіпорындармен жасақталған үшжақты келісім шарттардыі саны - 51 (2012ж - 10).
Дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алған түлектер саны - 83. Олардың 77%-ы жұмысқа орналасты, 23% өзін-өзі қамтамасыз еткендер. 69 студентке қосымша жұмысшы мамандықтар берілді. Тәжірибе көрсеткендей, дәстүрлі оқытуға қарағанда, дуальды жүйе бойынша оқыту барысында білім сапасы 10-10,5%-ға жоғары болады.
Маңғыстау облысы бойынша 3 мектепте (Ақтау қаласындағы экономикалық лицей; қазақ-түрік лицейі; дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат) 2006 жылдан бастап жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді үш тілде оқыту енгізілген.
Үш тілде білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жол картасына сәйкес облыстың 20 мектебі (негізінен гимназиялар мен лицейлер) жаратылстану-математикалық бағытындағы пәндерді үш тілде оқытуды енгізу бойынша пилоттық мектеп болып бекітілген және физика, информатика, химия, биология пәндері сабақтарында терминологияларды ағылшын тілінде үйрету, мұғалімдерге ағылшын тілін меңгерту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
13 білім беру ұйымында үш тілде білім беру бойынша үйірме сағаттары жүргізіледі (Ақтау қаласында – 4; Бейнеу ауданында – 2; Қарақия ауданында – 1; Жаңаөзен қаласында – 2; Түпқараған ауданында – 3; Мұнайлы ауданында – 1). 2016 жылдың мамыр айында «Үш тілде білім беру – білім саласындағы өзекті мәселе» тақырыбында мектеп оқушылары арасында облыстық турнир-дебат өткізілді.
Облыс бойынша 75 мектепке дейінгі ұйымдарды үш тілде білім беру жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ішінде Маңғыстау гуманитарлық колледжінде үш тілде білім беру енгізілген және факультативтік сағаттар жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында 100 жаратылыстану пәні мұғалімдері жергілікті бюджет есебінен ағылшын тіліне оқытылады.
2016 жылдың сәуір-мамыр айларында үш тілде оқытуды енгізіп жатқан мектептердің 61 мұғалімі CLIL (Сontent and Language Integrated Learning) – Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту бағдарламасы бойынша курстан өтті.
Жол картасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды ақпараттық қолдау мақсатында медиа-жоспар жасақталған.
Медиа-жоспар аясында жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрету үшін «Тілашар» бағдарламасы жасақталып, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап облыстық телеарнадан көрсетілуде. «Маңғыстау», «Огни Мапнгистау» облыстық газеттерінде білім саласындағы жаңалықтарға арналған арнайы рубрикалар ашылған. Облыстың бұқаралықақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде облыс мектептерінде жүріп жатқан эксперимент жұмыстарын ақпараттық қолдау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Facebook әлеуметтік желісіндегі Мангистау-education-білім парақшасында әлеуметтік желінің қолданушыларымен кері байланыс орнатылған. Білім басқармасының ресми сайтындағы барлық материалдар үш тілде жарияланады.
Жалпы, бүгінгі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 120-дан аса материал жарияланды.
Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы қазақ-түрік лицейлерінде 610 оқушыны қамтыған ағылшын тілін үйрету бойынша жазғы тілдік курстар ұйымдастырылды.
Жазғы демалыс кезінде 45 мектеп жанындағы лагерьлерде, 25 аула клубтарының жанында тілдік лагерьлер ұйымдастырылып, оған 148 мұғалім, 11 720 бала қамтылатын болады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесі екі базалық мектептер: «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» және №11 мамандандырылған физика – математикалық мектебі арқылы таратылуда.
5.4 Дарынды балалармен жұмыс, мамандандырылған мектеп-интернаттары мен мектептердің қызметі
Дарынды балалармен жұмыс Білім басқармасының және «Дарын» қосымша білім беру орталығының жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылады.
2016 жылғы республикалық пәндік олимпиадада 64 қатысушының 24-і жүлделі орындарға ие болды (2015 ж. 68-ң 28-і; 2014 ж. – 64-ң 24-і).
Облыс командасы гуманитарлық бағытта «Үздік команда-2016» атағына ие болды.
Республикалық ғылыми жобалар сайысында 2016 жылы 38 қатысушының 20-сы жүлделі орындарды иеленді (2015 ж. 65-тен 40-ы; 2014 ж. – 68 -ден 38-і).
Сондай-ақ, 2016 жылы 55 оқушы халықаралық ғылыми жобалар конкурстарына қатысып, 35-і жүлдегер атанды немесе 63,7% (2015 ж.- 61-ң 26-сы немесе 42,7%;2014 ж.-72-ң 33 немесе 45,8%).
2016 жылы 37 халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарының жүлдегерлері ҰБТ тапсырудан босатылды.
Облыстық деңгейде мамандандырылған 3 мекеме, Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты бір, (№11 мамандандырылған физика-математика мектебі)барлығы 3 ұйым жұмыс жасайды.
№
|
Білім беру ұйымының атауы
|
Оқушылар саны
|
2013/2014
|
2014/2015
|
2015/2016
|
1
|
Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты (ОМИ)
|
436
|
438
|
381
|
2
|
Қазақ түрік лицейі (ҚТЛ)
|
285
|
338
|
354
|
3
|
Жаңаөзен қазақ-түрік лицейі (ЖҚТЛ)
|
-
|
-
|
71
|
3
|
№11 мамандандырылған физика-математика мектебі (№11МФММ)
|
933
|
951
|
963
|
|
Барлығы
|
1654
|
1727
|
1769
|
Есепті жылда аталған білім беру ұйымдарынан 158 түлек мектеп бітірсе, (ОМИ-79; ҚТЛ -42; №11МФММ-37), олардың 8-і мектепті «Алтын белгіге» бітіріп шықты(ОМИ- 5; ҚТЛ -3), 19-ы үздік аттестатқа ие болды.
Республикалық, халықаралық сайыстардан үш жыл ішінде барлығы 286 оқушы жүлдегер атанды (2015 ж. -284; 2014 ж.-189).
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында 180 мұғалім жұмыс жасайды (ОМИ-47; ҚТЛ -41; ЖҚТЛ – 12; №11МФММ-80) Олардың 58,2 пайызы жоғары және 1 санатты мұғалімдер.
Мұғалімдер республикалық халықаралық деңгейде түрлі шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
ОМИ математика пәні мұғалімі Роза Жолдыбаева мен №11 МФММ математика пәні мұғалімі Маржан Асылбаева республикалық «Үздік педагог -2014» Грантын жеңіп алса, «Үздік педагог -2016» облыстық байқауында №11МФММ қазақ тілі пәні мұғалімі Мейрамгүл Тұрбекова 1 орынға ие болып, республикалық байқауға жолдама алды.
Халықаралық экология және инженерия ғылым академиясы өткізген «Ең үздіқ сабақ – 2015» конкурсынан 5 мұғалім І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді.
Мамандандырылған мектептерде үш тілде білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді:
ОМИ-да география пәнінен ағылшын тілінде факультативтік курс енгізілсе, қазақ-түрік лицейлерінде жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүреді.
В 2015 жылы Ақтау қаласындағы №11МФММ 12 жылдық білім беруге негізделген жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша республикадағы 30 пилоттық мектептер қатарында апробациядан өтті.
ҰБТ қорытындысы бойынша Ақтау қаласындағы қазақ-түрік лицейі үздік нәтиже көрсеткен он мектеп қатарына енді.
5.5. ҰБТ және ОЖСБ нәтижесі
2015 жылы 4825 мектеп бітірушінің 4813-і мемлекеттік мектеп, 12-сі жекеменшік мектептерден болды.
ҰБТ-ге қатысқан түлектер саны - 3161 (65%) ( 2015 ж.- 2736, 61,6%; 2014 ж.-2507, 58,6%). Облыс бойынша орта балл -78,5 (2015ж -75,75; 2014ж.-74,5 %).
2015 жылы 111 үміткердің 77-сі «Алтын белгі» иеленді (69,4%), (2015ж 79 үміткерден 46-сы немесе 59%. 2014 ж. 74 үміткерден 40 – 54%).
Облыс бойынша ең жоғары балл – 124 (2 оқушы). Өткен оқу жылында ең жоғары балл 123 болды.
2016 жылы ОЖСБ облыстың 14 мектебінде өткізіліп, оған 9 сыныптардың 1365 оқушысы қатысты (2015 ж.-2144 оқушы 33 мектептен ; 2014 ж. – 917 оқушы 13 мектептен).
2016 жылғы ОЖСБ қорытындысы бойынша орта балл – 28,9 (2015 ж.-30,6; 2014 ж. – 39,6).
«PISA – 2012» зерттеуіне облыстан 7 мектеп (5 қала мектебі, 2 ауыл мектебі), 1 колледж барлығы 8 білім беру ұйымынан 15 жастағы 233 оқушы қамтылды(оның ішінде 168 – қазақ тілінде, 65 – орыс тілінде оқитын оқушылар). Оқушылардың математикалық сауаттылығы – 44 % (республикалық деңгейден – 3%-ға жоғары), жаратылыстану сауаттылығы – 37% (республ.-3%-ға төмен), оқу сауаттылығы – 40% (республ.-1%-ға жоғары) болып бағаланды.
PISA-2015 зерттеуіне 9 білім беру ұйымынан (Ақтау қаласының №1, №14 мектептері, Жаңаөзен қаласының №3, №19 мектептері, Түпқараған ауданының З.Баймырзаев мектебі, Мұнайлы ауданының №3, №4 мектептері және Маңғыстау облыстық медициналық колледж бен Каспий өңірі «Болашақ» колледжі) 276 оқушы қатысты.
Зерттеу нәтижесі 2016 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.
«TIMSS – 2015» халықаралық апробациялық зерттеуіне облыстың Бейнеу ауданынан 4 - сыныптан 37 оқушы, 8 - сыныптан 18 оқушы, барлығы 55 оқушы қатысты(«TIMSS – 2011»: 4 – сыныптан - 217, 8 - сыныптан 22, барлығы 438 оқушы).
2014 жылғы зерттеу нәтижесі 4 сыныпта - 19,7%, ал 8 сыныпта 6,7% көрсетті («TIMSS – 2011»: 4 сынып - 37,5% , 8 сынып - 33,8%).
2015 жылдың сәуір айында өткізілген «TIMSS – 2015» халықаралық негізгі зерттеуіне облыстың 6 мектебінен (Мұнайлы ауданы №5 о/м, Ақтау қаласының №1 о/м, Жаңаөзен қаласының №18, №10 о/м, Бейнеу ауданының Атамекен мектебі, Түпқараған ауданының М.Әбдіхалықов атындағы о/м) 505 оқушы қатысты.
Зерттеудің қорытындысы 2016 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.
«PIRLS» халықаралық зерттеуіне Маңғыстау облысынан 2015 жылы апробациялық зерттеуге Жаңаөзен қаласының №16 орта мектебінен 57 оқушы қатысты және зерттеу қорытындысы бойынша тест тапсырмаларын 81% дұрыс орындап, республикалық деңгейден (61%) 20%-ға жоғары нәтиже көрсетті.
2016 жылы өткізілген негізгі зерттеуге облысымыздан Ақтау қаласының №9, №23 мектепке дейінгі шағын орталықтары бар мектептері мен Мұнайлы ауданының №2, №7 орта мектептері қатысты. Зерттеу сәуір айының 9-12 күндері аралығында жүргізілді. Халықаралық зерттеуге облыстың 4 мектебінен 138 оқушының 136-сы қатысты. Екі оқушы денсаулығына және басқа мемлекетке көшіп кетуіне байланысты қатыса алмады.
Зерттеу қорытындысы 2017 жылдың желтоқсан айында жарияланатын болады.
2014-2016 жылдар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша ПҚБАИ-нан 640 мұғалім (математикалық сауаттылық бағыты бойынша – 75, жаратылыстану сауаттылық бағыты бойынша 146 және оқу сауаттылығы бойынша 190 және функционалдық сауаттылық бойынша 125, TIMSS-2015 зерттеуі бойынша-53, PIRLS-2016 зерттеуі бойынша – 50) біліктілік арттыру курстарынан өтті.
5.6 Өңірдегі инклюзивті білім беруді дамытудың нәтижелері; әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалармен жұмыс нәтижелері
2015-2016 оқу жылында 7 мен 18 жас аралығында 2181 мүмкіндігі шектеулі оқушы анықталды. Оның ішінде, 802-і инклюзивті білім берумен қамтылған.(205 – жалпы білім беретін мектептерде, 122-арнайы сыныптарда, 475 – арнайы түзету мектептерде). Барлығы да арнайы оқыту және түзету көмектерімен қамтылған (2014-15 о.ж. -828).
Мүгедек балаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында 74 мектепте (56%) «Тосқауылсыз аймақ» құрылған (пандустар, арнайы ұстағыштар), Жаңаөзен қаласының №11 мектебінде көтерме құрал (лифт) қондырылған.
Колледждерде 60 студент инклюзивті білім берумен қамтылған (бала жастан мүгедек I топ - 4 студент, II топ - 19 студент, III топ - 36 студент).
Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өтетін республикалық «Жұлдыз-ай» фестиваліне 100-ден аса оқушы қатысады. 2016 жылы Астана қаласында өткен фестивальдің республикалық кезеңінде №2 арнайы (түзету) мектебінің тәрбиеленушісі «Би» номинациясы бойынша 2 орын, облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша 2 орын иеленді.
Облыс бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 649 (оның ішінде: ата-анасының келісімімен қорғаншылыққа берілгенідер – 53, өзінің тұрғын үйі бары – 197, тұрғын үй алу үшін кезекке қойылғаны – 452). 2009-2016 жылдар аралығында 278 балаға үй берілген.
2016 жылы 2 бала қорғаншылыққа, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілген, 10 бала өзінің туған отбасына қайтарылды, 2 бала асырап алуға берілді, барлығы – 15 бала (2014ж. қорғаншылыққа -16, отбасына қайтарылған -18, барлығы-34; 2015 ж. қорғаншылыққа-15, патронаттық тәрбиеге -1, отбасына қайтарылған -23, асырап алуға -12, барлығы-51).
5.7 Әдістемелік жұмыс және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру)
1125 мектепке дейінгі ұйымның базалық білімі жоқ, алайда жұмыс тәжірибесі мол педагогтар (30,4%) (бала бақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер) кадрларды қайта даярлау курсына жіберілді.
2016 жылдың соңғы 6 айында - 434 педагог «Өрлеу БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Астана, Алматы қалаларында білім арттыру курстарынан өтті. ( 2014 ж – 434 педагог, 2015 ж – 584 педагог) және 691 педагог қамтылған 9 семинар ұйымдастырылды.
Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және психологтерге 2015-2016 оқу жылында 25 семинар, облыстық деңгейде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. ( 2013-14 о/ж – 29, 2014-2015 о/ж – 31).
Жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілік арттыру курстарынан өтуі:
- қысқа мерзімді курстарда 11981 (2013 – 3619, 2014 – 3963, 2015 – 3356, 2016 - 1043),
- деңгейлік бағдарлама бойынша – 1661 (2013 – 627, 2014 – 513, 2015 - 420, 2016 – 101),
- білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша -1260 (Өрлеуде – 932, ПШО-да – 328) адам қамтылып отыр.
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер қосымша төлемақыларын уақытылы алуда.
Ағымдағы жылы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының 396 инженер-педагогтары біліктіліктерін арттырды, оның ішінде 109 педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті.
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында оқу жылы ішінде облыстық деңгейде 21 семинар 8 конференция өткізілді.
2015-2016 оқу жылында облыс бойынша 4 форум, 10 ғылыми-практикалық конференция, 45 семинар өткізілді.
«Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында «Менің алғашқы ұстазым», «Ұстаз болу – мақтаныш», «Ұстазыңды құттықта» акциялары өткізілді.
Жыл қорытындысы бойынша мұғалімдер мен білім беру ұйымдары республикалық конкурстарда төмендегідей жетістіктерге жетті:
- «Үздік педагог-2015» республикалық конкурсында 3 грант иегері;
- «Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің ІІІ Республикалық шығармашылық конкурсында» екінші орын;
- информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» республикалық конкурсында «Креативті мұғалім» номинациясы;
- «Үздік психолог» Республикалық конкурсында екінші орын;
Қазақстан Республикасының бейнелеу өнері және ән-саз мұғалімдерінің педагогикалық жетістіктері» республикалық конкурсында бірінші орын және А.Байтұрсынов атындағы төсбелгі иегері;
- «Креатив-ревю – 2015» республикалық фестивалінде «Үздік тәлімгер» номинациясы;
- «Үздік білім беру бағдарламалары және әдістемелік құралдар» республикалық конкурсында әртүрлі 3 номинация;
- mektep.edu.kz интернет ресурсы «AWARD.kz ұлттық интернет жүлдесі» республикалық байқауында «Балалар тәрбиесі, білім және ғылым номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын.
Есепті жылда облыстың 56 педагогы 15 халықаралық, республикалық, аймақтық семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, 39 мақала жинаққа енген. Сонымен қатар, әртүрлі тақырыптағы 111 мақала Республикалық БАҚ-да жарияланған.
Жыл сайын педагогтарды әлеуметтік қолдау және марапаттау үшін, сонымен қатар, мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында «Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы», «Жыл адамы», «Үздік орта білім беру ұйымы» облыс әкімінің гранты үшін конкурстар өткізіледі. Конкурстар қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
- «Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы» облыс әкімі грантының иегері – Ақтау қаласының №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Урынбаева Гулжамал;
- «Жыл адамы-2015» конкурсында «Жыл мұғалімі» номинациясының иегері – Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Кадирова Алия.
Педагогтарға кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін жыл сайын білім беру саласында мемлекеттік наградалар беріледі: «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі. 2016 жылы 5 педагог(2014ж-5, 2015ж. - 6) «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегері атанды, 0 педагог (2014ж-5, 2015 ж. -4) «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі иегері атанды. Сонымен қатар 14 педагог (2014ж-15, 2015 ж.-21) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапатталды.
Мектеп мұғалімінің имиджін көтеру, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында Пән мұғалімдерінің олимпиадалары, «Үздік педагог», «Үздік әдіскер», «Жас маман»,«Үздік сынып жетекшісі»,«Үздік психолог», «Үздік әлеуметтік педагог» сайыс, байқаулары өткізіледі.
6. Білім басқармасының білім беру ұйымдарымен, педагогикалық ЖОО және колледждермен бірлескен қызметі
2015 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Педагог кадрларды дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысқандар: университет кафедрасы меңгерушілері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім басқармасы және оқу-әдістемелік және қосымша білім беру облыстық орталығы қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Білім басқармасы республикамыздың жоғары оқу орындарын бітіретін жас мамандарды жұмысқа орналастыру бағытында Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Әрбір оқу жылының наурыз-сәуір айларында қаржы орталығына облысқа қажетті педагогтарға сұраныс жіберіледі. Сұранысқа сәйкес бітіруші түлектер облыстың білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасады. Соңғы үш жылда 170 жас маман жұмысқа қабылданды (2014ж-14; 2015ж-59; 2016ж-97) 2016-2017 оқу жылына 30 жас маманға сұраныс берілді..
Сондай-ақ жыл сайын жоғары оқу орындарымен бірге «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіліп, оған білім беру ұйымдарының басшылары барып қажетті мамандардарға сұраныс жасайды. Соңғы екі жылда Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтынан-12, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен-7, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен-10, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан-3, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университетінен -26, Маңғыстау гуманитарлық колледжінен-39 бітіріп шыққан 77 жас маман жұмыс жасап жүр.
7. Облыстың білім қызметкерлерінің әлеуметтік жайы
7.1 Педагог қызметкерлердің еңбек ақысы
2016 жылы білім саласында еңбек ақы қоры 29% артты. 2016 жылы жоғары білімді, жоғары санатты 25 жылдан аса еңбек өтілі бар мұғалім орта есеппен 83176 теңге (2015 жылы 68664 теңге) немесе 21% өсті. Жоғары білімді санатсыз 5-7 жыл арасында еңбек өтілі бар мұғалім 58754 теңге (2015 жылы 46587 теңге) немесе 29% өсті
Мектепке дейінгі ұйымдарда – 63,5 мың теңге (2015ж - 49,3 мың теңге), қосымша білім ұйымдарында – 63,5 мың теңге ( 2015 ж - 49 мың теңге), арнайы білім ұйымдарында – 129,0 мың теңге (2015 ж -100 мың теңге); техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында - 80,2 мың теңге ( 2015ж - 62,2 мың теңге).
7.2 Әлеуметтік жеңілдіктер
Облыстың білім саласы қызметкерлері білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ ұйымдары арқылы жазғы еңбек демалыстары кезінде республикамыздың сауықтыру шипажайларында демалады. Облыстың 20 ардагер-ұстазы және 95 педагогына (оның ішінде жеңілдік: 50% - 18, 30% - 61) «Шағала», «Боровое», «Манкент» шипажайларында 2015 жылы демалуға жолдама берілді.
Соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында біржолғы көтерме ақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жеңілдетілген несие алып, 2012-2013 оқу жылында-187, 2013-2014 оқу жылында-316, 2014-2015 оқу жылында-200, 2015-2016 – 369 барлығы 703 мұғалім соңғы үш жылда ауылға барып жұмыс жасап жатыр.
7.3 Тұрғын үймен қамтамасыз ету
Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілген педагогикалық қызметкерлер саны - 22, тұрғын үй алуға несие алғандары - 296, 2016 жылы тұрғын үй алғандары – 229.
8. Жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін МДҰ, мектеп және қосымша білім беру құрылысы нысандары
2016 жылы 1540 орындық 4 білім беру нысанында жүргізілуде: ұлттық қор есебінен 1500 орындық 3 білім беру нысанында, 40 орындық жергілікті бюджет есебінен 1 нысан.
Қазіргі таңда Қаракия ауданы Жетібай аулындағы 280 орындық бала бақша және Бейнеу ауданы Бейнеу аулындағы 900 орындық мектеп құрылысы аяқталуда. Жаңа оқу жылынан бастап іске қосылады. Жаңаөзен қаласындағы Арай шағын ауданындағы 320 орындық бала бақша құрылысы басталды. Облыс орталығы Ақтау қаласында 1200 орындық «Оқушылар сарайы» құрылысын бастауда жер телімін қаралып, жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, жер қойнауын пайдаланушылар есебінен 2017 жылы құрылысын бастау қолға алынады.
2016 жылдың соңына дейін 1995 орындық 15 МДҰ оның ішінде 280 орындық 1 бала бақша РБ есебіне, 1715 орындық 14 бала бақша ЖБ (14 бала бақша, 1 шағын орталық); оның ішінде 415 орындық жекеменшік инвесторларды тарту арқылы 7 МДҰ ).
Ағымдағы жылы Түпқараған ауданы «Дарын» қосымша білім беру ұйымы жанынан 60 орындық жатақхана пайдалануға беріледі.
9. Проблемалар мен оны шешу жолдары
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қату.
Шешу жолдары:
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы мектепке дейінгі ұйымдар санын арттыру;
- жарты күн режимінде қызмет ететін топтарды, мектепалды даярлық топтарын, қажеттілікке қарай орыс тілді топтарын ашу;
- жеке меншік балабақшаларды көптеп ашу жұмыстарын ұйымдастыру.
үш ауысымда оқитын мектептердің қайта пайда болуы.
Соңғы үш жылда облыс бойынша оқушылар саны демографиялық және миграциялық көрсеткішке байланысты орта есепппен 4-6 мың балаға өсуде. Осыған орай, Жаңаөзен қаласындағы №18 орта мектепте, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе-2 аулындағы №6 орта мектепте, Атамекен селосындағы №7 орта мектепте, Басқұдық аулындағы №9 орта мектепте үш ауысым туу қаупі бар.
Шешу жолдары:
- Жаңаөзен қаласы Рахат селосында 600 орындық мектеп салу (25.01.2015 ж. №15-0054/15 ЖСҚ),
- Мұнайлы ауданы Басқұдық және Қызылтөбе селолық округінде 600 орындық мектептер салу (20.04.2015 ж. № 15-0223/15 және 11.08.2015 ж. № 15-0327/15 ЖСҚ),
- Мұнайлы ауданы Басқұдық және Атамекен селоларындағы №7 және №9 орта мектептердің жанынан 320 орындық қосымша мектеп салу
Оқушы орнының тапшылығы
Ақтау қаласының территориясы жыл санап өсіп келеді, жаңа шағынаудандар бой көтеруде. Ондағы үйлерге негізінен жас отбасылар қоныстануда. Маңғыстау облысында бала туу көрсеткіші жоғары екенін ескеретін болсақ, жаңа шағынаудандарға мектеп құрылысы қажет.
Шешу жолдары:
- Ақтау қаласының 32А шағынауданында 900 орындық 2 орта мектеп құрылысын салу (ЖСҚ жасақталуда, біреуі 30.08.2016 ж, екіншісі 30.03.2017 ж. дайын болады).
ТжКБ студенттеріне жатақхана тапшылығы
Ақтау қаласында 2090 орын, Жаңаөзен қаласында - 95 орын, Бейнеу ауданы бойынша – 200 орын жатақхана тапшылығы бар.
Шешу жолдары:
Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Бейнеу ауданында жатақхана салу.
ІІІ. Жастармен жұмыс
Облыстағы тәрбие және қосымша білім беру үрдісі туралы
Облыс бойынша 15 қосымша білім беру ұйымы, о.і. 8 өнер мектебі, 1 саз мектебі, 1 Оқушылар үйі, 2 Оқушылар орталығы, 3 «Дарын» қосымша білім беру орталығы жұмыс жасайды (2014- 2015жж 14).
38 аула клубы ( 2015 -37; 2014 -33) 2016 ж.Түпқараған ауданынан 1 аула клубы іске қосылды.
Бүгінгі таңда облыстағы 15 қосымша білім беру ұйымындағы түрлі бағыттағы 486 үйірмеге 24676 оқушы қатысады(2015ж: 470 үйірмеге 21485 оқушы), яғни жалпы оқушының 21,8 пайызы қосымша біліммен қамтылып отыр (2014 жылы 21,1%, 2015 жылы -21,5%), оның ішінде 38 аула клубына 12016 оқушы тартылған.
Жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының шығармашылығын шыңдау, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 6 республикалық біліктілік арттыру курсы өткізілді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы ұсынған «Сынып жетекшісі жұмысының әдістемесі» және «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» әдістемелік нұсқаулықтары бойынша 200-ге жуық педагогтардықамтыған әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Мұғалімдер мен тәрбие ісі жөніндегі мамандар арасында үздік тәрбие сағаттары, Маңғыстау өлкесінде тұратын өзге ұлт өкілдері ұстаздары туралы эссе, асхана қызметкерлері, психологтар, кітапханашылар, әлеуметтік педагогтар, мектеп медбикелері конкурстары.
Облыста алғаш рет «Өнер және Саз мектептерінің облыстық шығармашылық жүрмелі фестивалі»,«Жалпы білім беретін мектептердің сынып жетекшілерінің облыстық форумы» және«Отбасы, оқушы және мектеп» атты ата-аналардың облыстық жүрмелі конференциясы ұйымдастырылып, конференция материалдарынан жинақ щығарылды.
«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарында 11790 оқушы алынып, барлығы 59057 оқушы қамтылып отыр (2015 жылы 47 267 оқушы).
Білім алушылардың көркем-эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында оқушылар арасында ізденіс жобалар байқауы, суреттер байқауы, мектеп оқушыларының сынып сағаты, «Қазақстан Республикасының Рәміздері» тақырыбында оқушылар олимпиадасы, Қазақстан Республикасы Конституциясынан пікірсайыс, «Жас Ұлан» кубогіне көңілді тапқыштар клубы, т.с.с. байқауларғабарлығы 7800-дей бала қамтылды.
«ЭКСПО-2017 - балалардың көзімен» тақырыбы аясында «Кешегі, бүгінгі, болашақтағы мамандық» КТК байқауы өткізіліп, мамандықтар туралы оқушыларға бағыт-бағдар берілді.
«Нұрлы Болашақ» республикалық акциясы аясында «1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде» ««Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы танымдық шараға 200-дей бала қамтылды.
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында оқушыларға 2015 жылы 4 рет, 2016 жылы 2 рет саяхат ұйымдастырылды.
«Білім беру ұйымдарында терроризм актісі кезіндегі қарсы жүріс-тұрысты қалыптастыру және зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету жолдары» облыстық семинарға 45 адам қатысты.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәндерін оқытудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
«Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына» сәйкес мұғалімдер мен ата-аналарға «Әйелдердің шығармашылық бастамасы Лигасы» әзірлеген атты әдістемелік құралдары таратылды. «Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы» тақырыбында семинар, дөңгелек үстелдер мен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары, мектеп психологтары мен дәрігерлері жоғары сынып оқушыларымен түсінік жұмыстарын жүргізді.
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруда мұғалімдер арасында үздік тәрбие сағаттары байқауы; оқушылар арасында облыстық форум, сырттай байқау өткізіліп, 50-дей оқушының жұмысы қаралды.
«Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған іс-қимыл жоспарына» сәйкес, құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттер болмаған білім беру ұйымдары арасында байқау өткізілді. Осы шара аясында оқушылар арасында бейнероликтер мен слайдтар, үндеу парақшалар байқауы ұйымдастырылды..
Жасөспірімдерді қоғамдағы келеңсіз жағдайлардан сақтандыру мақсатында Жаңаөзен қаласында «Көше мәдениеті», «Қарақия ауданы мектептерінде «Ар ілімі», Түпқараған ауданында «Аналар мектебі» жобалары жасақталып, білім басқармасының 23.02.2016ж. №25-нқ бұйрығымен бекітілді. Бүгінгі таңда бұл үш жоба аталған аудан, қалаларда жүргізіліп жатырса, 2016-2017 оқу жылынан бастап облыс мектептеріне тәжірибе ретінде таратылатын болады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2015 жылы «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қоғамдағы кездесетін келеңсіз жағдайлардан сақтандыру жолдары» тақырыбында «Әскери патриоттық клубтарының «Қайсар» Маңғыстау аймақтық одағы» жастар қоғамдық бірлестігі оқушылар мен ұстаз, ата-аналар арасында тақырыптық 10 шара ұйымдастырды.
«Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамыту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында облыстық семинарлар ұйымдастырылды.
2016-2017 оқу жылынан бастап вариативті сағаттар есебінен 13 жалпы орта және 2 қосымша білім беру ұйымдарына «Робототехниканы» енгізу бағытында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақтау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында республикалық курстан өтіп келген осы мектептің мұғалімдері 5-7 сыныптарға сабақ беретін 114 информатика пәні мұғалімдеріне «Робототехниканы» үйретудің әдісі бойынша 2 апталық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан дәріс беруде.
Жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын сапалы ұйымдастыру шаралары аясында облыстық семинарлар, насихат-түсінік жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды.
Жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Ашығын айтайық», «Орта толсын», «Арнайы хабар» бағдарламаларында сұхбаттар, ашық әңгіме алаңы ұйымдастырылды.
29 тәрбиеші мен тәлімгерлер «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында курстан өтті.
IV. Білім беру жүйесіндегі сақталған проблемалар (оның ішінде есептік жылы шешілмегені):
Халық санының өсіміне байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің тапшылығы;
Қосымша білім беру ұйымдарының, оның ішінде аула клубтарының аздығы;
Колледж студенттеріне жатақханалардың жетіспеушілігі.
Ақтау, Жаңаөзен қаласынан салынатын «Оқушылар сарайларының» құрылыстарының баяулығы. Оқушылардың туризм, экскурсия орталығының жоқтығы.
V. Облыстың білім беру жүйесіндегі жаңа бастамалар
58 мектепте on-line ресурстарын енгізу: itest.kz, imektep.kz, ibilimland.kz және т.б.
15 мектепте «Робототехника» енгізу
Облыс бойынша жүйелі рейтинг енгізу
2016-2018 жылдары бастауыш сыныптың білім сапасын арттыру концепциясын қабылдау және жүзеге асыру
ALMAU менеджменті бойынша мектеп директорларын оқыту Обучение директоров школ по менеджменту в
«Казақстан-Ақтау» телеканалымен бірлікте «Дарабоз» спорттық сайысын және «Зерде» интелектуалдық ойынын көрсету
«Баршаға кәсіби-техникалық тегін білім беру» жобасын енгізу
Колледждер жанынан ресурстық орталықтар ашу
VI. Облыстың білім беру саласының 2016-2017 оқу жылдарына арналған басым бағыттары мен негізгі міндеттері.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарланған шараларды жалғастыру;
Барлық білім деңгейінде білім берудің сапасын арттыру.
Мектепке дейінгі білім және тәрбие
БСДМБ бойынша 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша нысаналы индикаторға жету 2016 ж -81,1%;
2016 жылдың соңына дейін 1995 орындық 15 МДҰ ашу;
Мектепке дейінгі білім ұйымдары тәрбиешілерінің педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру;
Жарты күн режимінде қызмет ететін топтарды, мектепалды даярлық топтарын, қажеттілікке қарай орыс тілді топтарын ашу.
Жалпы орта білім
12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру:
- АҚ Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін есепке ала отырып жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту;
- Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесін енгізу;
-Оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығын дамыту;
- Мектептік білім берудің кадрлық потенциалын күшейту, бастауыш сыныптарының қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдердің және мектеп басшыларының орта білім беруде жақсару бойынша біліктілігін көтеру – 1260 мұғалімдерді;
2016-2020 жылдарға арналған үш тілділікті білім беруде дамытудын Жол картаны жүзеге асыру:
- Пилоттік мектептерді үш тілділік білім беру енгізу бойынша санын көбейту 41-ге дейін (қазіргі таңда – 23);
- пән мұғалімдерге жаратылыстану-математикалық бағытт бойынша әдістемелік көмек көрсету үш тілде оқуды енгізу;
- 100-физика, химия, информатика, биология пән мұғалімдерді ағылшын тілге оқыту;
- Курстарда CLIL (Сontent and Language Integrated Learning) бағдарлама бойынша 40 мұғалімді оқыту;
- Ақтөбе қаласында НЗМ филиалдың курстарда үш тілділік оқыту бағдарлама бойынша пилоттік 14 мектептің мұғалімдерінің біліктілігін көтеру;
- сынып сағаттарында іс-шараларды физика, химия, информатика, биология пәндерді ағылшын тілінде ұйымдастыру және өткізу;
- Білім беру нысандарының материалды-техникалық базаны нығайту;
- 15 білім беру ұйымдарға Роботехниканы енгізу;
- мұғалімдерді жаңа формат бойынша біліктілікті көтерудің жұмысын жалғастыру және білім беру менеджмент бойынша басшы құрамын кезең-кезеңмен біліктілігін көтеру.
- Үкіметтік емес ұйымдармен суицидтің және ерте бастан жүктіліктің алдын-алу, менеджмент білім беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Жетім балаларды отбасыларға қосу бойынша «Ана үйі» қоғамдық қорымен жұмыс жүргізу;
- «Мәңгілік ел» құндылықтарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу;
- Мектеп жанындағы лагерлерді 107-ге дейін көбейту (2016-2017 оқу жылында 46 мектеп жанындағы лагерлерді ашу);
- 5 ТжКБ ұйымдарда ресурстық орталықтар ашу;
- мемлекеттік тапсырыспен жұмысшы мамандықтарды даярлау – 1445 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |