Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »



жүктеу 4,21 Mb.
Дата18.12.2017
өлшемі4,21 Mb.
#4874
түріБағдарламасы

«Ертеңің үшін аянба, ерім ... »

(Елбасының сөзіне жазылған «Нұр Отан» ХДП

«Елім менің» әнұранынан үзінді)



«Нұр Отан»ХДП бағдарламасы
«ЕРТЕҢІҢ ҮШІН АЯНБА!...»

«Өмірлік 100 жағдай»

III том

Астана, 2011
«Нұр Отан» ХДП Хатшысы Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы редакциялық басшылығымен.

Редакциялық алқаның құрамы:
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.


Асанов Жақып Қажманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі.

Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі.

Құрметті оқырман! Ақпараттық-анықтамалық материалдардың мазмұны бойынша ұсыныстар мен ескертпелер болып жатса, оларды мына мекен-жайға жолдаларыңызды сұраймыз: 010000, Астана қ., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Үйі, 2-ғимарат, каб. 306 немесе мына электронды пошта бойынша – torekozha@yandex.ru

Мазмұны




Кіріспе...................................................................................................





9

I ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚ

1. Денім сау болсын десең немесе өмір жасын қалай ұзартуға болады?.................................................................................................







10


2. Медициналық тексеруден өту не үшін қажет және одан қалай өтуге болады?.......................................................................................




12


3. Тегін медициналық көмекті қалай алуға болады?........................





15

4. Республикалық медициналық орталықтарда ем алу жолдары қандай?..................................................................................................




18


5. Жүрек-қан тамырлары ауруларының қалай алдын алуға болады?.................................................................................................




20


6. Балаларды маскүнемдіктен қалай қорғауға болады?...................





22

7. Баланы есірткіден қалай қорғауға болады?..................................





24

8. Балаларды шылым шегуден қалай қорғауға болады?.................





27

9. Бедеулік – үкім емес........................................................................





29

10. Аборт жасаудың денсаулыққа әсері қандай?..............................





31

11. Маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген адамға қалай көмектесуге болады?...........................................................................




33


12. ВИЧ/СПИД. Қалай алдын алу керек?..........................................





35

13. Онкологиялық ауруларды алдын-алу үшін не істеу керек?......





38

14. Мүгедек баланы сауықтыру орталығына қалай орналастыруға болады?......................................................................




41


II ТАРАУ. БІЛІМ.

15. Бала асырап алғыңыз келсе..........................................................






43


16. Баланы патронаттық тәрбиеге қалай алуға болады?..................





46

17. Баланы қалай тәрбиелеу керек? Ата-аналарға кеңестер............





49


18. Балаға жақсы күтушіні қалай табуға болады?............................





52

19. Балабақшаны қалай таңдау керек?...............................................





55

20. Алғашқы қоңырау. Баланы мектепке қалай даярлау керек?.....





57

21. Мектепті қалай таңдау керек?......................................................





59

22. Шет тілін білу не үшін қажет? Оларды үйрену жолдары..........





61

23. Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?............





64

24. Мамандықты қалай таңдау керек?...............................................





67

25. Жоғары білімді қалай алуға болады?..........................................





69

26. «Болашақ» стипендиясына ие болу үшін не істеу керек?.........





71

III ТАРАУ. ТҰРҒЫН ҮЙ

27. Тұрғын үй алу жолдары................................................................






74


28. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан қалай үй алуға болады?.......................................................................................




76


29. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қалай тұрғын үй алуға болады?.................................................................................................




78


30. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы қалай тұрғын үйді алуға болады?.................................................................




81


31. Тұрғын үй саламын десеңіз..........................................................





84

32. Тұрғын үйдің техникалық жағдайын қалай тексеруге болады?.................................................................................................




86


33. Пәтерді қайта жобалау үшін не істеу керек?..............................





88

34. Үйдегі жылуды қалай сақтап тұруға болады?............................





90

35. Коммуналдық қызметтерге кеткен шығындарды қалай үнемдеуге болады?..............................................................................




94


36. Пәтер иелері кооперативі (ПИК) және оның жұмысындағы тұрғындар рөлі.....................................................................................




96


IV ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

37. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жәрдемақының қандай түрлері бар?.............................................................................







98


38. Мүгедек адамға протезді-ортопедтік көмекті, сурдотехникалық құралдарды, тифлотехникалық құралдарды, орындық-арбаны, шипажайлық-қурорттық емдеуді, жеке көмекші қызметін және қимыл тілінің маманын қалай алуға болады?.................................................................................................





101

39. Асыраушысынан айрылған жағдайда жәрдемақыны қалай алуға болады?.......................................................................................




105


40. Жұмыссыздық мәртебесін қалай алуға болады?........................





108

41. Еңбек шартын қалай жасасу керек?............................................





110

42. Мүгедектікті қалай анықтауға болады?......................................





114

43. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмшесінде куәландырудан (қайта куәландырудан) қалай өтуге болады және қандай кұжаттарды беру қажет?........................................................





116


44. Үйінде мүгедек бала тәрбиелеп, оқытып отырған отбасыларға қандай көмек қарастырылған?.....................................




118


45. Мүгедектерге қандай әлеуметтік төлемдер тиесілі?..................





120

46. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға кімнің құқығы бар?........................................................................................................




123


47. Тұрғын үй көмегіне кімнің құқығы бар?.....................................





125

48. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар?..............................................................................




127


49. Көпбалалы аналардың қандай әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар?..........................................................................................




129


50. Жұмыс іздеушілерге кеңес...........................................................





131

51. Арнайы әлеуметтік қызметтер дегеніміз не және оны кімдер ала алады?.............................................................................................




134


52. Дүниеге бала келді. Мемлекет Сізге қандай көмек береді?......





136

53. Егер Сізге тағайындалған зейнетақы көлемімен келіспесеңіз, не істеу керек?......................................................................................




139


54. Жерлеуге жәрдемақы алу жолдары қандай?...............................





141

V ТАРАУ. АДАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ

55. Мекен жай бойынша тіркелу не үшін қажет және оны қалай алуға болады?.......................................................................................







142


56. Салық төлеудің қажеттілігі және оны төлемеудің салдары қандай болмақ?....................................................................................




145


57. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар негізінде меншік құқығын қалай тіркеу керек?................................................




149


58. Электрондық цифрлық қолтаңба. Мемлекеттік қызмет түрлерін үйде отырып қалай алуға болады?.....................................




153


59. «Электрондық үкімет» деген не?.................................................





156

60. Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?....................





158

61. Әскери келісім-шарт қызметіне қалай орналасуға болады?.....





160

62. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы.......................................





162

63. Қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады?..............................





164

64. Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде қалай тіркелуге болады?..............





166

65. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) қалай тіркеуге болады?..................................................................................




169


66. Сізге тексеру келді. Не істеу керек?............................................





172

67. Шаруа қожалығын қалай тіркеу керек?......................................





175

68. Объектіге авторлық құқықты қалай тіркеу керек?.....................





176

69. Тауар белгісін қалай тіркеуге болады?........................................





177

70. Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады? Мемлекеттік несиелендірудің мүмкіндіктері....................




180


71. Аңшы куәлігін және аңшы қаруын қалай алуға болады?..........





183

72. Мемлекеттік сатып алуларға қалай қатысуға болады?..............





186

73. Ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай?............................




188


VI ТАРАУ. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

74. Сотқа жүгіну. Талап-арызды қалай дұрыс рәсімдеу керек?......






196


75. Адам саудасының құрбаны болудан қалай сақтануға болады?.





199

76. Мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін мұраға алу құқығын қалай рәсімдеуге болады?...................................................................




201


77. Конституциялық құқығынды талап ете отырып, соттың қорғауын қалай пайдалануға болады?...............................................




203


78. Қылмыс жасауда күдікті және айыпты деп танылған азаматтардың қандай құқықтары бар?..............................................




205


79. Менің үйім - менің қорғаным. Тұрғын үйді қалай ұрылардан қорғауға болады?.................................................................................




208


80. Егер сіз сот шешімімен, үкімімен, анықтамасымен, қаулысымен келіспесеңіз, не істеу керек?........................................




211


81. Егер сізді біреулер телефон арқылы қорқытып, бопсалағысы келсе не істеу керек?...........................................................................




213


82. Cізді жұмыстан заңсыз шығарып жіберсе не істеу керек?.......





215

83. Сізді тонап кетпеу үшін не істеу керек?......................................





218

84. Сапасы төмен тауар сатып алғанда не істеу керек?...................





220

85. Егер Сіз ұлтқа, жынысқа, дінге бөлушіліктің құрбаны болсаңыз не істеу керек?.....................................................................





222

86. Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?....................................................................




224


87. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жапа шеккендер не істеуі тиіс?....................................................................




227


88. Мемлекеттік органдардағы жемқорлық әрекеттерінің куәсі болғанда не істеу керек?.....................................................................




229


89. Егер полиция сіздің құқық бұзушылық туралы өтінішіңізді қабылдаудан бас тартса не істеу керек?............................................




231


90. Жол-көлік оқиғасына ұшырап қалған жағдайда не істеу керек?....................................................................................................




232


91. Кәмелеттік жасқа толмаған бала жоғалып кетсе не істеу керек?....................................................................................................




234


92. Көршілеріңіз шулап, түнде тыныштық бермесе не істеу керек?.....................................................................................................




236


93. Ұялы телефоныңыз ұрланса не істеу керек?...............................





238

VII ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

94. Сел мен су тасқыны кезінде не істеу керек?...............................






240


95. Аптап ыстықта өзіңізді қалай ұстау керек?.................................





243

96. Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?......................





245

97. Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары...........................





247

98. Улы газбен уланғанда не істеу керек?.........................................





249

99. Пәтеріңізде өрт басталса не істеу керек?.....................................





251

VIII ТАРАУ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

100. Отбасы бюджетін қалай сақтауға және арттыруға болады?....







254-255



Кіріспе
Күнделікті өмірімізде кездесетін 100 түрлі жағдайды баяндай отырып, соның шешімін де ұсынып отырмыз. Іздегеніңізді жеңіл табу үшін жағдайларды денсаулық, әлеуметтік қорғау, білім және т.б. салаларға бөліп топтастырдық.

Біздің әрбіріміз де күнделікті тіршілікте түрлі өмірлік жағдайлармен бет пе бет келіп жатамыз. Мұндай мәселелерді біз тез шешетін болып алдық. Өйткені оның шешімін табуды бізге өмірдің өзі үйретеді.

Алайда, бұдан басқа да басымызға жиі түспесе де эмоционалдық қиындықтарын арқалай келетін, оның шешіміне көп жағдайда арнайы құқықтық білім керек болатын тіршіліктің түйткілдері де кездеседі. Мұндай қайталанып тұратын жағдайлар қалайда мемлекеттік органдар жұмысының ережесімен, мемлекеттік қызметті ұсыну рәсімдері, былайша айтқанда азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне байланысты болады. Осы және басқа да қарапайым деп айтуға да, қиындық деуге де келмейтін жағдайлар жөнінде қолыңыздағы кітапшадан оқи аласыз.

Мемлекеттік органдар соңғы кездері өздерінің ақпараттық ресурстарында түрлі Жаднамалар әзірлеп, орнатып қоятын болды. Әрине, мұндай жақсы бастамалары үшін оларға үлкен алғыс айтқан орынды. Алайда бұл жаднамалар тек сол мемлекеттік органның «биігінен» ғана қарайды, дәлірек айтсақ, жалпыға бірдей түсінікті бола бермейді, кеңсе тілімен, қиын терминдермен және заңнамаларға жасалған сілтемелермен әспеттеледі.

Заманауи заңнамалардың күрделілігі кез келген адамға мәселені түп тамырына дейін дұрыс шешіп, тиянақтау үшін оңай соқпасы анық. Қазақстанның барлық тұрғындары ғаламторға кіру мүмкіндігіне ие емес, олардың әрбірінде жеке компьютер бола бермейді, өкінішке орай, барлық азаматтарымыз тиісті білім мен дағдыларға ие деп айта алмаймыз. Нормативтік құқықтық актілерді және сол жаднаманың өзін ғаламтор ресурстары мен мемлекеттік органдар сайтынан тауып ала қою өзін «көштен қалмаған» деп санайтын талайымызға оңай соқпасы анық.

Осындай қолайсыздықтарды ескере отырып, бұл жинаққа ең керекті деп санаған жүз түрлі жағдайдың сауатты шешімі болар ұсыныстарды жинақтадық. Бұл жағдайлар әлеуметтік қызметтер мен төлемдер, медициналық қызметтер, білім беру мәселелері, дәлірек айтқанда балабақша таңдау, мектепке баланы даярлау және жоғарғы білім алу мәселелерін қамтыды. Тұрғын үй алу және оның бағдарламалары. Өз құқыңды қалай сауатты қорғай білу керек, төтенше жағдайларда не істеу керек сынды бірқатар маңызды сұрақтарға жауап іздедік. Сонымен қатар, өз бизнесіңді заңнама шеңберінде қалай дұрыс тіркету және жүргізу керектігі де айтылды.



Осылайша, азаматтарды ақпараттандыру деңгейін жоғарылату арқылы ең басты міндет – еліміздің әр азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға деген игі қадам жасалды деп ойлаймыз.
Редакциялық алқа

I ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚ
1. Денім сау болсын десең немесе өмір жасын қалай ұзартуға болады?
Ұзақ өмір сүрудің көптеген жолдары, әркім өз бетінше түсіндіретін әдіс-тәсілдері бар, көп жағдайда ол – дұрыс тамақтану, қозғалыс, әрбір күнді дұрыс режимде өткізу және ерекше назар аударуды қажет ететін басқа да жағдайлармен толығып жатады. Әрине, қандай жағдайда да бұлардың бәрін тұрақты түрде қолдану ғана тамаша нәтиже беретінін ұмытпаңыз.

  1. Зиянды әдеттерден – темекі шегуден, спиртті ішімдіктер ішуден, тым қатты тойып тамақ ішуден бас тартыңыз.

  2. Күн сайын отыз минут таза ауада серуендеу адамның денсаулығын жақсартуға сеп болады.

  3. Денені шынықтыру ағзаны сергітеді, бұлшық еттерді, сүйектерді, жүрек тамырларын, жүйке, иммунитетті және ағзаның барлық жүйелерін нығайтады. Дене шынықтыру жаттығулары кезінде ойлау, есте сақтау қабілеттері артады. Сонымен қатар, көңіл-күй көтеріледі. Сондай-ақ, суға түсу, моншаға бару артық салмақты бір сәтте-ақ жояды.

  4. Әр күн сайын шоколадтың кішкентай ғана бөлігін жеу жақсы эмоцияларды арттырады.

Шоколадтың бірнеше үлесі бір күнде жақсы эмоцияларды арттырып, адам өмірін 1,3 жылға ұзартады.

  1. Жаңа піскен қызанақ (соус түрінде де) ер адамдарға да, әйел адамдарға да жас көріну мүмкіндігін береді. Жаңа піскен қызанақ (соус түрінде де) ер адамдарға 1,9 жыл, әйел адамдарға 0,8 жылға жас көріну мүмкіндігін береді.

  2. Өсімдік, зәйтүн, зығыр майлары тамырлардың икемді жұмыс істеуін қолдап қана қоймай, бауырдың өтті дұрыс өңдеуіне және ағзадан зат алмасу өнімдерін бөлуге көмек береді.

  3. Күн сайын мүмкіндігінше көбірек түрлі жеміс жеңіздер. Жемістер ағзаға дәрумендер беріп, қуатыңызды арттырады. Күн сайын 5 түрлі жеміс жеңіздер. Жемістер ағзаға дәрумендер беріп, энергетиканы арттырады.

  4. Пісірілген, бұқтырылған немесе буға пісірілген балық, мүмкіндігінше экологиялық таза теңіз балығын аптасына 2-3 рет жеуге тырысыңыз. Пісірілген, бұқтырылған немесе буға пісірілген балық, мүмкіндігінше экологиялық таза теңіз балығын аптасына 2-3 рет жеу адам өмірін 3 жылға ұзартады.

  5. Бірдей көлемде араластырылған дәрумендердің құрамындағы немесе жеке түрдегі фолий қышқылы сіздің саулығыңызға өте пайдалы. Бірдей көлемде араластырылған дәрумендер өмір жасын ұзартады. Дәрумендердің құрамындағы немесе жеке түрдегі фолий қышқылы сіздің жасыңызға тағы да 1,2 жыл қосады екен.

  6. Дұрыс, мағыналы күлкі, көңілге тимейтін әзілді де ұмытпаңыз. Күлкі, жағымды, сәнді әзілдің адам өсіміне тағы да 8 жыл қосатынын ұмытпаңыз.

  7. Құрамында кальцийі басым болатын тамақтар (ірімшік, йогурт, сыр, сүт) – сүйегіңізді бекітеді. Кальций және құрамында ол басым болатын тамақтар (ірімшік, йогурт, сыр, сүт) – шамамен бір жыл қосады.

  8. Ауыз қуысын тәртіпте ұстап, әр жарты жыл сайын тіс дәрігеріне бару – денсаулық кепілі.

Ауыз қуысын тәртіпте ұстап, әр жарты жыл сайын тіс дәрігеріне бару сіздің өміріңізге тағы да 6,4 жыл қосады.

  1. Дұрыс ұйқы – салауаттты өмірдің бір салты. Салауатты түс – әйелдердің өміріне 7 сағат, ал ерлердің өміріне 8 сағат қосып, сіздердің өмірлеріңіз тағы да 3-12 жылға ұзарады.

  2. Орташа салмақты ұстаңыз. Қозғалыс жасаңыз. Күніне бірнеше минут дене шынықтырумен айналысыңыз. Жаттығу барысында 30 жастан кейін өндірілуі күрт азайып кететін бойдың өсу гармоны еркін қозғалысқа түседі. Орташа салмақты ұстау Сізге тағы да 6 жылға дейін өмір қосады. Қозғалыс жасаңыз. Күніне бірнеше минут қана дене шынықтырумен айналыссаңыз да өміріңіз ұзарады. Жаттығу барысында 30 жастан кейін өндірілуі күрт азайып кететін бойдың өсу гармоны еркін қозғалысқа түседі.

  3. Жақсы адамдармен жақын болыңыз. Табиғат аясына көбірек шығыңыз. Бұл сіздің жан сарайыңызды ашады.

Жақсы адамдармен, табиғатпен, жануарлармен араласып, олармен сырласа біліңіз. Бұл сіздің жан сарайыңызды ашады.

  1. Қандай жағдай болса да түңілмеңіз. Оптимистер пессимистерге қарағанда айтарлықтай ұзақ өмір сүреді, бұл ғылыми тұрғыда расталған. Қиын сәттерде өз өміріңіздің қуанышты сәттерін, бақытты кездерін, есіңізге түсіріңіз, шүкірлік етіңіз. Бұл өмір сүруге деген құштарлығыңызды арттырып, ренжіткен адамдарды кешіруге көмектеседі.

  2. Миды жұмыс істетіңіз. Кроссвордтар шешіңіз, көп оқыңыз, шет тілдерін оқыңыз. Миды белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлесеңіз, тек қана ақыл емес, сонымен бірге жүрек қызметін, қан айналымы жүйесін, зат алмасу барысын жақсартасыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zdravclub.ru/

2) www.doctor.kz/

3) www.medportal.kz/



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «денсаулық», «мықты денсаулық» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


2. Медициналық тексеруден өту не үшін қажет және одан қалай өтуге болады?
Адам барлық қиындықтардан сақтана алмайды, сондықтан да медициналық бақылау мен қызмет көрсету басымдықтардың ішінде алдыңғы орындарға ие. Көбінесе дер кезінде қойылған диагноз бен уақытында емделу өміріңді қорғап қалуы мүмкін, сондықтан да профилактикалық медициналық тексеруден өтуді жыл сайын ережеге айналдыру қажет. Медициналық тексеруден өту үшін Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша немесе өз таңдауыңыз бойынша тіркелген емханаға баруыңыз қажет.

Сіз емханадан скринингті медициналық тексеру туралы естуіңіз мүмкін. Бұл әрбір ауру түрі бойынша қиын (тәуекел) топтарға кіретін тұрғындардың жеке жыныстық-жастық топтарының жаппай тексеруден өтуі дегенді білдіреді.

Мысалы, 18, 25, 30 жас шамасындағы ерлер мен әйелдерге - терапевтің, электрокардиограмма, биохимиялық зерттеу, холестерин мен триглицеридтің деңгейін анықтау сияқты тексеруден өту міндетті. 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жас шамасында да терапевтің, электрокардиограмма, биохимиялық зерттеу, холестерин мен триглицеридтің деңгейін, қандағы қанттың құрамын анықтау сияқты тексерулер міндетті түрде жүргізіледі. Барлық көрсетілген зерттеулер қан айналым процесіндегі ауруларды табу (жүректің ишемикалық ауруы, артериялық гипертония) мақсатында жүргізіледі. Себебі, дәрігерлердің айтуынша біздің еліміздегі өлім көрсеткіші артериялық гипертензия (қан қысымының көтерілуі) бойынша ең жоғарғы болып отыр.

Ересектердің мақсатты топтарын профилактикалық тексеріп-қарау: тексеріп-қарау, анамнез деректерін жинау, антропометриялық өлшеу (бойы, дене салмағы, белдің шеңбері), жылына 1 рет артериялық қан қысымын өлшеу; қырық жастан бастап жылына 1 рет көру жітілігін анықтау, қырық жастан бастап жылына 1 рет есту жітілігін анықтау, екі жылда бір рет қалқанша безді тексеріп-қарау және пальпациялау (эндокринолог), қырық жастан бастап жылына бір рет көзіші қан қысымын тексеру, отыз жастан бастап жылына бір рет тік ішекті саусақпен зерттеу (хирург), қырық жастан бастап жылына бір рет қуық асты безін саусақпен зерттеу (хирург), он сегіз жастан бастап тазалық дәрежесін анықтау үшін жағынды алумен әйелдерді гинекологиялық тексеріп-қарау (акушер-гинеколог), акушер-гинеколог болмаған жағдайда 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің цитологиялық зерттеуге жатыр мойынынан жағынды ала отырып (Рар-тест – Папаниколау бойынша бояу) гинекологиялық тексеруді қамтиды.

Профилактикалық тексеріп-қарау кезінде зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі: қанның жалпы талдауы: жылына 1 рет эритроциттердің, гемоглобиннің, лейкоциттердің тұну жылдамдығын анықтау, жылына бір рет зәрді нәруызға тексеру, жылына бір рет нәжісті глист жұмыртқасына тексеру, жылына бір рет кеуде жасушасы органдарын флюорографиялық тексеру, қырық жастан бастап жылына бір рет қандағы глюкозаны тексеру, қырық жастан бастап жылына бір рет электрокардиографияға түсіру, қырық жастан бастап жылына бір рет фиброгастродуоденоскопияға түсіру кіреді.

35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жас шамасындағы әйелдерге келесі зерттеу түрлерін өту қажет: онкоцитологияға жағынды (бұл зерттеуді өткенде жатыр мойны ісігінің даму тәуекелі жоғары әйелдер білінеді). 50, 52, 54, 56, 58, 60 жаста сүт безінің ісік алды процесін білу мақсатында маммография, яғни сүт безінің рентгені, кеңейтілген кольпоскопия (жатыр мойнын зерттеу) және гинеколог дәрігерге көріну жүргізіледі. Қазіргі таңда әйелдер арасында бұл аурулар жас шамасына қарамастан, өлім қаупі бойынша бірінші орынды алып отыр.

Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар үшін келесі мамандардың профилактикалық тексеруі қарастырылған. Сәбилерді өмірінің бірінші жылында: хирург-ортопед, ЛОР, невролог, офтальмолог;

2 жасында: стоматолог, офтальмолог;

3 жасында: хирург-ортопед, офтальмолог, стоматолог;

4-5 жасында: стоматолог;

6 жасында: хирург-ортопед, ЛОР, стоматолог, офтальмолог, невролог;

7 жасында: стоматолог;

8 жасында: эндокринолог, стоматолог;

9 жасында: хирург-ортопед, ЛОР, стоматолог, офтальмолог;

10 жасында: эндокринолог, стоматолог;

11 жасында: хирург-ортопед, ЛОР, офтальмолог, невролог, стоматолог;

12 жасында: стоматолог;

13 жасында: стоматолог;

14 жасында: хирург-ортопед, ЛОР, офтальмолог, невролог, стоматолог

15-17 жасында: қыздар -  стоматолог, гинеколог, жігіттер - хирург-ортопед, ЛОР, невролог, стоматолог, офтальмолог маманның алдынан өткені жөн.

Тұрғындарға бекітілген барлық қаралулар, зерттеулер тегін! 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын скрининг бойынша медициналық тексерулер тегін жүргізіледі.

Скринингтік медициналық тексерулерді өту міндетті, өйткені бұл іс-шаралардың мемлекеттік маңызы бар әрі мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Онымен қоса, медициналық тексерулер еңбекті қорғау талаптарының бірі болып табылады. Бәрінен бұрын, медициналық тексерулер жұмысшының өз кәсіби функцияларын денсаулығына залал келтірмей орындауын бағалауға мүмкіндік береді. Медициналық тексерулер кәсіби аурулардың бастапқы белгілерін дер кезінде тауып, емдеуге және оның дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Жұмыс беруші медициналық тексерулердің көмегімен зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі жағдайында жұмысшысының денсаулығын бақылауға мүмкіндік алады. Бұл жұмыс берушінің кінәсінен алдағы уақытта кәсіби аурулардың пайда болуының алдын алады.

Медициналық тексерулер алдын ала (жұмысқа тұрғанда), мерзімдік (мысалы, жыл сайынғы) және кезектен тыс деп үшке бөлінеді. Алдын ала медициналық тексерулер жұмысқа тұрғанда жүргізіледі. Мерзімдік медициналық тексерулерден жұмыс ағымында, кем дегенде екі жылда бір рет өту керек, ал 21 жасқа дейінгі қызметкерлер жыл сайын өтуі тиіс. Кезектен тыс тексерулер, көбінесе медициналық ұсыныстар болған жағдайда жұмысшының өтініші бойынша болады.

Тексеру тізімі жұмысшының атқаратын жұмысына және қандай зиянды фактордың әсеріне душар болуына байланысты болады.

Медициналық тексерудің өтуге міндетті түрлері де бар. Мысалы,



  • Баланы медициналық тексеру. Медициналық тексеру бала мектепке немесе балабақшаға барғанда міндетті түрде жүргізілетін іс-шара болып табылады. Сондай-ақ бұл бала денсаулығын қалыптасыру мен нығайтудың нақты мүмкіндігі. Дәрігерлер 17 жасқа толғанға дейін балаларды жылына бір рет медициналық тексеруден өткізуді ұсынады;

  • Әскер қатарына шақырылғандардың медициналық тексерулері. Әскерге шақыру жасындағылар, шақырту қағазын алғаннан кейін әскери қызметті өтеуге жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуі қажет;

  • Шетелге шығар алдында және т.б. сақтандыруларды алу үшін қажетті медициналық тексерулер.

Сіз қай медициналық тексеруден өтуіңізге байланысты, оны өту сіздің медициналық кітапшаңызға әр дәрігердің белгілеуі арқылы немесе арнайы форманың толтырылуы арқылы жүзеге асады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.



Пайдалы сілтемелер:

www.mz.gov.kz – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «дәрігерлік байқау», «дәрігерлік байқаудан өту» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


3. Тегін медициналық көмекті қалай алуға болады?
Емханаға және ауруханаға келген көптеген адамдар ҚР Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі туралы қаулыны біле бермейді. Мұндай көмек түрлерінің және тегін берілетін немесе жеңілдікпен сатылатын дәрі-дәрмек түрлерінің тізімі емдеу мекемелерінде ілініп тұрады.

Егер сіз мемлекеттік медициналық ұйымға немесе мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке ұйымға барған болсаңыз, төмендегідей қызметтер сізге тегін көрсетілуі тиіс:



  • Жедел медициналық жәрдем. Егер сіз немесе сіздің жақыныңыз шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болса (әртүрлі жарақаттар, уланулар, тырысулар, жоғарғы температура, құсу, қатты қан кету, тұншығу, іштің өтуі, естен тану, қимылсыз қалу, жүрек дүрсілінің қатты соғуы, өмірге қауіпті жағдайлар туған кезде және жүктілік кезінде, сонымен қатар босану қаупі), жедел медициналық жәрдем көрсететін бригаданы телефон арқылы (103) шақырыңыз. Үйіңізге келген медициналық қызметкер науқасты қарайды, қажетті медициналық көмекті көрсетеді, емдік препараттарды салады. Мұның барлығы тегін жүргізіледі. Егер жағдай шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды талап етіп тұрса, сізді аумақтық емханаға немесе дәрігерлік амбулаторияға жеткізеді.

Жедел шұғыл жәрдем қажет болмаған жағдайда, науқастарды ауруханаға тасымалдамайды.

  • Амбулаториялық көмек. Сіз өзіңіз қарайтын емханаға қаралуға немесе дәрігерді үйге шақыруыңызға болады. Егер қандай емханаға қарайтыныңызды білмесеңіз, өзіңіздің облысыңыздағы (қалаңыздағы) денсаулық сақтау басқармасына қоңырау шалып біле аласыз. Олардың телефон нөмірлерін анықтамалық қызметтен, сонымен қатар интернет жүйесінің ақпараттық порталынан білуге болады. Егер Сіз ауылдық жерде тұрсаңыз, сіздің елді-мекеніңіздегі медициналық, фельдшерлік-акушерлік пунктке, дәрігерлік амбулаторияға қаралуыңызға болады. Жоғарыда көрсетілген мекеменің медицина қызметкерлері сізді не мазалайтынын анықтап, медициналық қызмет көрсетуі тиіс. Егер бұл жеткіліксіз болса, онда Сізді аудандық емханаға немесе облыстық диагностикалық-кеңес беру орталығына жібереді.

Егер сіз медицина мекемесіне бірінші рет барып, сырқатыңыз бойынша дәрігердің есебінде тұрмаған болсаңыз, емханада сізге келесі көмектер көрсетіледі:

- Сізді учаскелік дәрігер қарайды;

- тексеруге жібереді (лабораториялық және аспаптық диагностика, жеке профиль бойынша маман-дәрігерлердің кеңесі). Тексеруден өту үшін міндетті түрде дәрігердің жолдамасын алыңыз.

Есіңізде болсын! Сіздің дәрігеріңіз диагнозды қоюға керекті деп жазған барлық зерттеулер тегін көрсетіледі! Тек полимеразды тізбекті реакция, иммунофенотипирлеу, компьютерлік және магниттік резонанстық томография, ангиография, медициналық-генетикалық зерттеулер ғана тегін тексеруге жатпайды (бұл зерттеулер әлеуметтік-қорғалмаған азаматтарға, атап айтсақ, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жас мөлшері бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлерге, жұқпалы ауруларға, әлеуметтік қауіпті науқастарға, қоғамға қауіпті ауруларға ғана тегін көрсетіледі).

Егер сізге ауруханада қажетті медициналық көмек керек болса, онда дәрігерлер ем егуді, дәкелік таңғышты орауды, немесе гипсті тегін жүргізуі қажет. Сонымен қатар, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және т.б. амбулаториялық процедуралар медициналық ұйымның материалдық шығындары есебінен тегін жүргізілуі қажет. 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көрсеткіштері болған жағдайда физиоемдеу тегін.

Егер дәрілік терапия керек болса, сізге қажетті рецепті жазып береді. Дәрігерден жеңілдікпен немесе тегін дәріні алу мүмкіндігін сұрап біліңіз (аурулар мен препараттар тізімін сіз кез-келген емханадан сұрап біле аласыз). Егер дәрі-дәрмек тегін болса, дәрігер сізге рецепт жазып, тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерді алуға дәріханаға жібереді. Егер Сіз ауылдық жерде тұрсаңыз, дәрі-дәрмекті фельдшерлік-акушерлік пункттен, дәрігерлік амбулаториядан немесе медициналық пункт арқылы аласыз.

Тегін стоматологиялық көмекті әлеуметтік қорғалмаған контингентке (шұғыл медициналық көрсеткіштері болған кезде) көрсетеді. Ал жоспарланған тегін тіс жұлу, препарирлеу, және пломба салу сияқты стоматологиялық көмекті (протездеуден басқа) 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге көрсетеді.

Егер Сіз есепте тұрған сырқатыңыз бойынша емханаға барған болсаңыз, онда сізді маман қарап, керек болған жағдайда лабораториялық және аспаптық зерттеуге жібереді. Әлеуметтік мәні бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауруларда (мұндай ауру түрлерін Үкімет бекітеді, ол әрбір емдеу орындарында бар) полимеразды тізбекті реакция (ПТР), иммунофенотипирлеу, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ангиография, медициналық-генетикалық зерттеулер тегін жүргізіледі.

Егер Сізге стационарлық көмек керек болса, емханадағы дәрігер Сізді ауруханаға жатқызуға жолдама жазып береді.



Маңызды! Шұғыл жағдайда стационарлық көмек жолдамасыз көрсетіле береді. Ауруханаларда тұрғындарды жоспарлы түрде емдеу портал арқылы госпитализациялау бюросы арқылы жүргізіледі.

Диагностика мен емдеу қиындық туғызған кезде дәрігер Сізді медициналық көмек көрсетуге республикалық ұйымдарға жіберуі тиіс. Бұл амбулаторияларға да, стационарларға да қатысты. Республикалық ұйымдардағы диагностика мен емделуге жолдаманы (тиісті үлес) облыстық (қалалық) денсаулық сақтау басқармасында арнайы құрылған жоғары маманданған медициналық көмек Комиссиясы береді. Мұндай жағдайда, Сізді бақылап отырған емхана дәрігері стационарлық немесе амбулаториялық карта көшірмесінен, бекітілген тексеру тізімдерінен және жолдамадан тұратын құжаттарды рәсімдеуі қажет.



Назар аударыңыз! Барлық квоталар (форма 020/у, 021/у) тегін беріледі.

Егер жоғарыда тегін деп көрсетілген медициналық қызметтер бойынша сізден төлем сұраса, онда бұл туралы ұйымның әкімшілігіне немесе Сіздің аймақтағы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне хабарласыңыз (телефон нөмірін телефондағы анықтамалық қызметтен білуге болады).



Мұны білген жөн (Оқып шығыңыз!):

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы («Ақпараттық каталог», «Денсаулық» бөлімі).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тегін медициналық көмек», «тегін медициналық көмек түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

4. Республикалық медициналық орталықтарда ем алу жолдары қандай?
Тиімді емделу біршама қаражат пен үлкен шыдамдылықты талап етеді. Бұл – бәрімізге таныс дүние. Өкінішке қарай, адамдардың бәрінің қаржылық мүмкіндігі бірдей емес. Осындайда, біздің көпшілігіміз үшін ірі мемлекеттік мекемелерден тегін ем алу жолы қандай немесе емделу үшін қомақты қаржыны қайдан алуға болады деген сұрақ төңірегінде толғанамыз. Бұл мәселе бойынша сізге Республикалық медициналық орталықтарда жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсету бойынша мемлекет дер кезінде көмекке келеді.

ЖММК – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.

Республикалық клиникаларға жолдама алу үшін тұрғылықты жердегі медициналық мекемеге (емханаға) бару керек. Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда емдеуші дәрігер ЖММК комиссияның қарауына мынадай құжаттар ұсынады:



1) науқастың жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі;

2) науқастың клиникалық диагнозын көрсете отырып медициналық ұйым маманының жолдамасы;

3) науқасты зерттеп-қараудың қажетті ең аз көлемінің нәтижелері (қанның, несептің жалпы талдауы, нәжістің ішекқұрт жұмыртқаларына талдауы, кеуде ағзаларының флюорографиясы, электрокардиограмма және HbsAg болуы);

4) өңірлік деңгейде мүмкін болатын клиникалық диагнозды, зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, амбулаториялық картадан/сырқатнамадан көшірме;

5) науқастың клиникалық диагнозын растайтын зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері.

ЖММК комиссиясы науқастардың құжаттарын сырттай немесе қажет болған жағдайда науқасты бейінді мамандардың комиссиялық қарауына шақыра отырып, қарауға құқылы. ЖММК комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және тасымалдау түрі мен көлеміне қарай науқасты медициналық көмек көрсетуге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған республикалық медициналық ұйымдарға жіберудің негізділігін анықтайды. Науқастың құжаттары келіп түскен сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ЖММК комиссиясы хаттамалық шешім қабылдайды. Республикалық медициналық ұйымдарда науқасқа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталына тіркейді және жіберген медициналық ұйымда басып шығарылған жолдамамен құжаттардың пакетін береді. Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін науқасты емдеуге жатқызу туралы хабарлайды.

Егер республикалық медициналық клиникаларда емделу туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, жергілікті денсаулық сақтау басқармасы немесе тұрғылықты жердегі медициналық мекеменің мамандарына хабарласуыңыз қажет.



Мұны білген пайдалы (оқып шығыңыз):

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығы.

Пайдалы сілтемелер:

www.mz.gov.kz – Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «республикалық клиникаларда ем алу», «жоғары білікті дәрігерлік көмек алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

5. Жүрек-қан тамырлары ауруларының қалай алдын алуға болады?
Жүрек-қан тамырлары аурулары – тіпті экономикалық даму жоғары елдердің өзінде азаматтардың мүгедектікке ұшырау және өмірден ерте озуына басты себеп болатын аурулардың бірі.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу осы аурулардың көпшілігіне ортақ шаралар кешенінен тұрады, бірақ кейбір аурулар, әрине жекелеген іс-шараларды қажет етеді. Бірнеше қауіптің негізгі факторларына және жалпы нұсқаулықтарға тоқталсақ.



Өзіңе және қоршаған ортаға ізгі ниет. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары ең алдымен жүйкелік-психикалық ширығудың негізінде пайда болады. Осыған орай, олардың саны мен белсенділігін төмендету барлық жүрек-қантамыр ауруларына қарсы ең тиімді алдын алу болып табылады.

Бір таңқаларлығы, көптеген адамдардың пікірі бойынша, жүйкелік-психикалық тұрғыдан қарағанда ең «қауіпті» мекен – үй. Егер жұмыста бөтен адамдардың алдында біз өзімізді байсалды ұстап, жағымсыз әсерлерімізді жасырып қалуға тырыссақ, ал туыстарымызбен қарым-қатынаста «өз адамдарыңмен салтанат құрудың қажеті не?» деген қағида бойынша әрекет етеміз және күні бойы жинаған барлық ашу-ызамызды солардан аламыз. Көбіне олар да бізге дәл солай жауап қатады. Осының салдарынан екі жақты өкпе-реніш туындап, жүйкеміз ширығады... жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығамыз. Егер біз өз туыстарымыздың, отбасымыздың үйлесімділікті бұзбауға барлық жағдайды жасамайтын болсақ, бізге оны ешкім жасап бере алмайды. Сондықтан да кардиологтар кеңесіне жүгініп, өзіне және өзіңді қоршаған барлық адамдарға ізгі ниетпен қарап, өкпе-ренішті ұмытып, бүкіл жан-дүниеңмен кешіре білуге шақырады.

Көбінесе адам өзіне өзі разылық білдірмей жатады. Бұрыннан белгілі бір ақиқатты қайталап айтқан жөн болар: бүкіл әлемді сүюді өзіңнен бастау алады. Әрбір адамға жақсы әсер ауадай қажет. Сондықтан да жақсы кітап, достармен қарым-қатынас, жақсы көретін және сені жақсы көретін адамдармен белсенді және қуанышты өмір сүру барлық аурудың алдын алатын қуатты құрал болып табылады.

Белсенді өмір салты. Бұл - спортпен айналысу, таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, суға жүзу, туристік сапарлар, яғни адамға рахат сезімін сыйлайтын кез-келген дене еңбегі. Дене шынықтырумен айналысуды әдетке айналдырғанымыз жөн: бұл - ыстық су мен салқын суды алма-кезек қабылдау, суық су құйыну, қарда жалаңаяқ жүру, моншаға немесе саунаға бару. Таңдау көп және әркім өзінің жанына жайлысын таңдап алуына болады. Сонымен бірге осы шаралардың барлығы да қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, осылайша көптеген аурулардың алдын алады. Демалыс та толыққанды болуы қажет. Ұйқының қалыпты ұзақтығы тәулігіне 8-9 сағатты құрайды, сонымен қатар мүмкіндік болса күндізгі уақытта, әсіресе түс ауа, бір мезгіл дем алып алған жөн.

Тамақтану. Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шектен тыс семіруге соқтырып қоймай, тамырларымыздың серпінді қызметіне де кері әсерін тигізеді, сондықтан қан айналымы бұзылады. Әсіресе, гипертензия кезінде ас тұзының мәселесі өте күрделі, мұндай жағдайда ас тұзын дастарханымыздан алып тастау ең бірінші қажеттілік болып табылады. Бірақ басқа сау адамдар да жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін осы қағиданы ұмытпағандары абзал, ал тұзды тағамдарды тек мерекелік дастарханға қойсақ жеткілікті. Адам ағзасындағы тұздың көп болуы бүйрек жұмысына кері әсерін тигізіп, ағзадағы сұйықтықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді, осылайша тамырларымыз бен жүрегімізге артық салмақ салады. Сонымен бірге, жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер ететін тағамдар да кездеседі. Оларға қою шай, кофе, алкогольдік ішімдіктерді жатқызуға болады.

Темекінің әсері. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсерін тигізетін әдеттердің бірі темекі тарту екендігі баршамызға аян. Шылым шеккіштердің арасында жүрек-қан тамырлары аурулары кең тараған. Темекі тартудың зиянынан бөлек ештеңе алып келмейтіні белгілі. Сондықтан да бұл әдеттен толық бас тартуды ұсынамыз. Ал «жүйкені тыныштандыру үшін» темекіден басқа да пайдалы әрі жағымды әдістер көптеп табылады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе дене белсенділігі, өзіңе және өзіңді қоршаған ортаға ізгі ниет, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу және кардиологтың тексеруінен өту – жүрек-қан тамырлары ауруы сізге жақын жүрмейтініне сенімді болуыңыздың кепілі болады.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.vidal.kz – «Видаль дәрілік препараттар анықтамалығы» сайты;

2) www.cardioportal.ru – «Жүрек-қан тамырлары аурулары» сайты;

3) www.hls.kz/ - Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жүрек-қан ауруларын алдын алу», «жоғары қан қысымы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

6. Балаларды маскүнемдіктен қалай қорғауға болады?
Өкінішке қарай, соңғы уақытта маскүнемдікке салынатын жасөспірімдер саны артып келеді. Ал біз өз басымыздың мәселелерін күйттеп жүргенде, балаларымыздың барын есімізден шығарып аламыз. Ал қараусыз қалған бала зиянды нәрселерге әуес болып кетеді.

Жасөспірім ішімдік зиянсыз екен деп ойлағанда, оны ерте бастан тата бастайды. Сондықтан осы кеселді алдын-алу үшін алдымен балаларға түсіндіру шараларын өткізу керек. Әңгімелесу барысында мынадай сөздерді қолданбау керек: «сен оған әлі кішкентайсың», «үлкен болғанда, ішесің». Осындай сөздерден кейін балада мәселенің күрделі еместігі туралы түсінік пайда болады. Ал кейін ата-аналарға осы кеселмен күресуге тура келеді. Алайда жалғыз адам ол мәселені шеше алайды.

Жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке қарсы ескерту отбасында көрініс табады. Балалар мен жасөспірімдерге ішімдіктің зияны туралы айтқанда, өзіңіз де оның зиянын білуіңіз шарт. Ішімдік қанға араласқанда, адамның мінез-құлқы жүріс-тұрысы өзгеріп, оның салдарынан агрессияға бой алдырып, қылмыс жасауы мүмкін. Сол уақытта эмоционалдық аума – жылау, ызалану, мұңаю мен өз мүмкіндігін асыра көтермелейтін көтеріңкі көңіл-күй пайда болады. Мас адамның бұлшық етінің қимылы мен реакция жылдамдығы төмендейді.

Уақыт өте келе ішімдік ағзадағы күрделі дене және психологиялық ауытқушылықтарға себепкер болады. Ішімдікті қолданған баланың көңілі ауып, нәтижесінде оқуы нашарлайды. Ішімдік бауырға зиянын тигізіп, оның қызметі әлсірейді. Ең жаманы – жасөспірім өзінің психологиялық мәселелерін - қорқынышты, өз-өзіне деген сенімсіздікті ішімдік арқылы шешуге тырысады, соның салдарынан ішімдікке тәуелді болады. Ішімдік адамның тұлға ретіндегі қалыптасуын тоқтатады. Кейбір жасөспірімдер ішімдік ішіп, біраз уақыттан кейін осы әдеттен арылады. Алайда көпшілігі оны тоқтата алмайды.

Ішімдікке салынудың себептері әрқилы. Мысалы: қызба және ашуланшақ балалардың ата-аналарымен сенімді қарым-қатынас орната алмауы. Ата-аналар мен мұғалімдерге ескертетін жайт: отбасында ішімдік қолданатын, депрессияға түскен, қорқақ, ұялшақ, өз-өзіне деген сенімсіз, өз құрбыларымен тіл табыса алмайтын немесе керісінше қызба мінезді балаларға аса ықыласпен қарау керек. Осындай балалар ішімдік, темекі, нашаға әуес болады.

Ата-аналар жасөспірімнің мінез-құлқына аса мән беруі керек. Егер мінезі мен көңіл-күйі өзгерсе, үлгерімі нашарласа, онымен сөйлесуіңіз керек. Ішімдікті қолдана ма – осыны анықтап алу шарт. Сұрақтарыңызға мардымды жауап ала алмағаныңызбен, тоқтамаңыз.

Балаға деген сенімсіздік оның ашуын келтіреді: «Сен маған сенбейсің», «Сен мені аңдисың» деп айтуы да мүмкін. Осындай жағдайда отбасылық дәрігеріңізге барып көрінуіңіз керек. Дәрігер баланы қарап шығады (көп жағдайда бала қаны құрамында ферменттер болады). Егер баланың ішімдік ішетіні анықталса, онда нарколог және психолог көмегіне жүгіну керек.

Емдеу арнайы стационарларда жүргізіледі. Алдымен бала ағзасынан зиянды заттар шығарылып, одан соң медициналық ем көрсетіледі. Наркологтар психологтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керек. Балаларға қоса, ата-аналарға да психологтың көмегі қажет болатын жағдайлар кездеседі.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.zhas.kz – «Репродуктивтік денсаулық және
салауатты өмір сүру» сайты;

2) www.doctor.kz - «Doctor.kz» медициналық порталы;



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «маскүнемдік зардаптары», «алкоголизм және балалар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

7. Баланы есірткіден қалай қорғауға болады?
Үйінде жайқалып өсіп келе жатқан жасөспірім баласы бар әрбір ата-ананың көкейінде осы сұрақ туындайтыны даусыз. Кейбіреулер бұл мәселе төңірегінде шынайы бас қатырса, енді біреулері «менің отбасымда мұндай бәле ешуақытта орын алмайды» деп өздерін қорқа жұбатып, тыныш жүреді.

Баланың алкоголь мен есірткі құралдарын пайдалануға бір табан жақын болуы тікелей оның өзіндік бағалауы мен өзіне деген сый-құрметіне байланысты болады екен. Психологтардың зерттеуінше, маскүнемдікке салынған немесе есірткі пайдаланатын жандардың өзіне деген құрметі өте төменгі деңгейді көрсеткен. Өздерін сыйлау бағамы өте жоғары болатын балаларға алкоголь мен есірткі ұсынған кезде, олар бірден «жоқ» деп айта алатын көрінеді. Балада өзін сыйлау білу ұстанымын қалыптастырудың принциптерімен таныс болыңыз:

1 ұстаным: Кішкентай болса да, жетістіктері мен табыстары үшін баланы әр кез көтермелеп отырыңыз. Тіпті болмашы жетістігінің өзін мақтап, атаңыз әрі мұны жиі қайталаңыз. Оның табандылығы мен бірнәрсе істеуге деген құлшынысы алынған нәтижеден де маңызды екенін естен шығармаңыз.

2 ұстаным: Балаңыздың өз алдына шынайы мақсаттар қоюына және оны таңдай білуіне көмектесіңіз.

3 ұстаным: Баланың өзін емес, оның әрекетін не дұрыс жасамаған қадамын түзетуге тырысыңыз. Мысалы, «Сен қоршауға шықпауға тиіссің, бұл ақымақтық және жындылар ғана осылай істейді» деп айтқаннан гөрі «Қоршауға шығу қауіпті, сен аяғыңды сындырып аласың ғой» деп ескерткен абзал.

4 ұстаным: Балаңызға үй жұмыстарының бірі үшін шынайы жауапкершілік артып қойыңыз. Үй жұмыстары бойынша тұрақты түрде тапсырма алып отырған бала өзін отбасылық топтың бір бөлігі ретінде сезінеді және өз міндеттерін орындаудың нәтижесіне қол жеткізе отырып, қанағаттану сезіміне бөленеді.

5 ұстаным: Балаңызға оны қалай жақсы көретініңізді көрсетіңіз, оған деген махаббатыңызды жария етіңіз. Ыстық ықылас, жылы құшақ және еркелету Сіздің оған деген жақсы қарым-қатынасыңызды сезінуге мүмкіндік береді. Онымен көбірек уақыт өткізуге, барлық нәрсені сонымен бірге жасауға тырысыңыз: сурет салыңыз, театрға барыңыз, үй тапсырмасын бірге орындаңыз, спортпен шұғылданыңыз, оқыған кітаптарды бірге талқылаңыз. Оның мектептегі өмірінен хабардар болыңыз, достарын үйге шақырыңыз. Оны бақылауда ұстамай, онымен бір өмір сүріңіз. Бұл баламен рухани және эмоционалдық жақындыққа жетуге мүмкіндік береді, оның сенімі мен сый құрметіне ие болуға көмектеседі. Үйінде өзін өте жайлы сезінетін және оң істермен айналысатын бала, араққұмарлық пен есірткі сынды жаман әдеттерге бой алдырмасы анық.

Есірткінің дәмін татуға жасалған ұсыныстарға баланы шешімді түрде бас тартуды үйрету аса маңызды. Жасөспірім үшін өз ортасында қабылданған талаптар мен ережелерге сай болу аса маңызды. Егер топтағылар есірткімен елітуге үйренген болса, бозбала үшін таңдау тұрады: барлықтары секілді әрeкет істеу немесе ортасынан қуылуып бар абырой биігінен айрылу. Соңғысы жасөспірім үшін ең қорқынышты нәрсе болып көрінуі де мүмкін.



Есіңізде болсын, Сізде кейбір қатып қалған қағида сынды қамалдарды бұзып, балаңыздың теріс пайымдарын өзгертуге мүмкіндігіңіз бар:

  • есірткі сананы топастандырады, қимыл үйлестігін бұзады, олар шын мәнінде мәселені шешуге көмектеспейді;

  • есірткі баланы немесе жасөспірімді ересек адамға айналдыра алмайды;

  • есірткіні пайдалану заң бұзушылық болып есептеледі. Балаңыз осыны білу керек;

  • есірткіге тәуелді болмаған адамның болашақта достары көп, қоғамда алар орны да сыйлы болады.

Есірткіге тәуелді бола бастау 12–19 жастан басталады.

Сіздің балаңыз есірткі қолданып жүргенін қандай белгілерге қарап біле аласыз?

Сыртқы белгілері:

  • бетінің боздығы;

  • кеңейген не тарылып кеткен көздің қарашығы;

  • қызарып кеткен немесе бұлдыр көз, баяу сөз;

  • жиі суық тию;

  • қимыл үйлестігінің жоқтығы.

Негізгі белгілер:

  • укол іздері, кесік, көгерген жер;

  • оралған қағаздар, фольга;

  • кішкентай қасықтар, капсулалар, бөтелкелер, көпіршіктер, белгісіз дәрілер, ұнтақ;

  • ақ ұнтақ пен немесе қоңыр түсті ізі бар батпақ ұстараның жүздері;

  • шприцтар мен инелер.

Мінез-құлқындағы өзгерістер:

  • ол үйден жиі кетіп қалатын болды. Балаңыздан бос уақытында қайда, кіммен жүргенін сұрай қалсаңыз, оның ашу-ызасына тап боласыз;

  • ол үйде не мектепте болмағаны, мектептегі істері, достарыммен қарым-қатынасы, ақша жұмсау жайлы жиі өтірік айтатын болды;

  • қысқа мерзімде сіздің ұл-қызыңыздың басқа достары пайда болды. Жаңа достар қонаққа келмейді, олар бір-ақ минутқа ғана келіп, дауыстарын қатты шығармай бір нәрсе туралы сөйлесіп кетеді;

  • құпия телефон хабарландырулары немесе телефон арқылы оғаш әңгімелер орын алды, балаңыз кімнің хабарласқанын жасырады, ал әңгімелерінде түсініксіз жаргон сөздер көптеп кездеседі;

  • ұлыңызды (қызыңызды) үй мәселелері қызықтырмайтын болды. Оның сізге деген қарым-қатынасы өзгеріп, немқұрайлы, парықсыз, сенімсіздікпен қарайтын, тұйық, бөгде болып кетті;

  • ауа-райы мен жағдаймен санаспай, ұзын жеңі бар киім киетін болды;

  • оның мінезі өзгерді – ашу, ыза, айғай, ұстамсыз, көңіл-күйінде өзгерістер пайда болды;

  • ол бұрынғы қызығушылықтарын ұмытты – кітап оқымайды, теледидар қарамайды, уайымшылдыққа салынып, қысқа ғана жауап береді («иә», «жоқ», «бірқалыпты») және ашулы;

  • оның ұйқы тәртібі өзгеріп кетті – күні бойы ұйықтап, ал түні бойы бөлмесіне әр нәрсеге ұрынып ұйықтамай жүре алады;

  • ол жеңіл мас күйінде, қимыл үйлесімділігі жоқ, cізге көрінгісі келмейді, жата қалғысы келеді – осындай қалыпта үйге жиі келетін болды;

  • үйіңізде ақша мен киімдер жоғала бастады. Бастапқыда ол жиі қайталанбағанмен, сосын жиі-жиі қайталанып кетеді.

Осы аталған мәселелер баланың психологиялық ауруға душар екендігінің белгісі болса керек. Ол жасөспірімдік жасқа байланысты болып келеді.

Жоғарыда аталған мінез-құлық белгілерінің оннан сегізі байқалса, онда бұл сіздің балаңыздың есірткі қолданатындығы туралы дабыл болуы мүмкін. Бірінші әңгімеге дайындалыңыз. Ол жинақы алайда қатал болу керек. Осы әңгімеге Сіз дайын болуыңыз керек. Сізді ойландыруға себеп болған күндерді жазып түртіп алуыңыз мүмкін. Ең негізгі талаптарыңызды қойыңыз. Осындай нақтылық баланың жауапсыздығына шек қояды. Оны қорқытып, жазаламаңыз. Ол сізден қорқып, ішіндегі сырын жасырып қалуы мүмкін.

Бірінші әңгіме барысында ол еш нәрсені мойындамаса, онда Сіз оған: «Мен саған сенемін, бірақ менің сенімімді ақтау үшін сен тестен өтуің керек. Егер мен қателессем, онда сенен қуана кешірім сұраймын», - деп айтуыңыз керек.

Сараптаманы наркологиялық диспансерлерде жасауға болады.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.zhas.kz «Репродуктивтік денсаулық және


салауатты өмір сүру» сайты;

2) www.narcom.ru - «Русский Народный Сервер Против Наркотиков» сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «есірткінің зияны», «есірткі және балалар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

8. Балаларды шылым шегуден қалай қорғауға болады?
Көп жағдайда балалар шылым шегуді 18 жасқа толмай тұрып бастайды. Олар неге бұлай істейді? Мүмкін, зерігуден, алаңдаушылықтан, қатарластары тарапынан қысым көргеннен, мазасыздықтан немесе біреуге еліктегендіктен шығар. Сіз, бәлкім, жасөспірімдер арасында қазіргі ұялы телефон әлемінде, әлеуметтік желілерде және микроблогтарда шылым шегу туралы әртүрлі деректер, ойдан шығарылған мәліметтер қалай таралатынын білсеңіз, таң қалатын шығарсыз. Кейбір жас қыздар шылым шегу арықтауға немесе артық салмақ қоспауға көмектеседі деп шеге бастайды. Олар шылым шегудің ағзаға кері әсерін біле тұрса да, темекі шегуге дайын. Ал ер балалар ересектерге еліктеп шеге бастайды, мысалы, әкесіне, ағасына, жоғарғы сынып оқушыларына деген сияқты.

Балаңызды осындай жаман қылықтан құтқару үшін Сіз не істей аласыз?



1. Балаңыз үшін үлгі болыңыз. Егер сіз өзіңіз темекгі тартатын болсаңыз, балаңызды жаман қылықтан құтқару үшін тез арада өзіңіз шылым шегуді тастаңыз. Балаларыңыз сізге қарайды. Олар сіздің қылықтарыңызды қайталайтын болады.

2. Балаларыңызға шылым шегудің қауіптері туралы айтыңыз. Шылым шегетін адамның төңірегінде қалыптасқан аңызды әдепті түрде жоюға тырысыңыз. Шылым оны шегушіні соншалықты жолы болғыш, еңселі, интеллегентті немесе тартымды қылып көрсетпейді. Мұның барлығын қалай ғана адамды жасық құлға айналдыратын әдетпен салыстыруға болады? Балалар шылым шегуге үйір болу арқылы өз денсаулығына қаншалықты зиян келтіретінін білуі керек.

3. Таза, дұрыс ойлауға шақырыңыз. Айналаңдағыларды темекі түтінімен улау дұрыс па? Және де өз денсаулығымызды құртып, басқалардың да денсаулығының түбіне жететін темекі өнеркәсібін көтермелей отырып, қоғамның проблемасын өзіміз тудырып отырсақ, оны шешу мүмкін бе? Әрбір адам өзі мен өзін қоршаған адамдардың аман саулығына жауапты.

4. Балаларды не мазалайтыны туралы айтыңыздар. Жасөспірімге 40 жасқа келгенде өкпе ісігінен өлесің деу – бұл ештеңе айтпағанмен бірдей. Жас адамдарды ең бірінші бүгінгі күні ғана ойландырады. Төменде бүгінгі күні жастар шылым шекпеуге қызығушылық тудыратын артықшылықтар берілген:

Сыртқы келбет. Саусақтары мен тістерінде шылымнан қалатын сары дақ жоқ. Ондай адамнан шылымның иісі де шықпайды, ол тартымды.

Қаражат. Егер темекі шекпесе, қанша ақша үнемдеуге болар еді?!

Сезімтал. Шылым шекпейтін адам ғана тағамның дәмдік сапасын лайықты бағалай алады.

Өз өмірін бақылау. Шылым шекпейтін адамның бос уақыты да, күші де көп, өзін-өзі сенімдірек ұстайды. Оған өзін-өзі кінәлі сезініп, жаман қылықтан арылу үшін күресудің қажеті жоқ. Тағдыры өз қолында.

5. Ең басты проблеманы табуға және оны шешуге ұмтылыңыз. Көп жағдайда шылым шегу – терең бір проблеманың бір белгісі ғана. Баланың көз алдында өзі тұрғызған кумирі құлап бара жатқандай болады. Ең алдымен, бала ата-анасының бауыр еті, сүйікті ұл-қыз екеніне, оны барлығы жақсы көретініне сенім орнауы қажет. Бала осыны сезінген кезде дұрыс дамуға және өсуге деген сенімді іргетасқа ие болады.

Біздің балаларымыз шынайы еркіндіктің бар екеніне, соның ішінде жаман әдеттерден арылу еркіндігінің бар екеніне үміттеніп өмір сүруі қажет. Және осы үмітті балаларымызға біз ата-аналар беруіміз керек.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.narcom.ru - «Русский Народный Сервер Против Наркотиков» сайты.

2) www.poleznovam.ru – «Өмірдің түрлі салалары бойынша қызықты және танымдық ақпарат» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шылымның зияны», «темекі және балалар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

9. Бедеулік – үкім емес
Қазіргі таңда бедеулік проблемасы әлемдегі ең өзекті мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әрбір бесінші отбасында бала туу бойынша қиындықтар туындайды. Әрине, бұл тек жүктілікті армандап, яғни проблеманың бар екенін түсініп, көмек сұрағандар ғана...

«Бедеулік» термині бірден жүкті болуға мүмкіндігі жоқ жұптарға қолданылады. Оның себебі, әйел ағзасының бұзылуынан да, еркек ағзасының бұзылуынан да болуы мүмкін. Бедеуліктің себептерін анықтау үшін диагностикалық тестер жиі қолданылуда. Алайда, бұл саладағы таң қаларлық жетістіктерге қарамастан, кейбір жұптардың бедеу болу себептері әлі де анықталмай отыр. Жұбайлар бір жылдағы тұрақты жыныстық өмірден кейін жүктілік болмаса – мұның көмек сұрауға себеп екенін жақсы білу керек. Алайда, олардың көбі неден бастау керек екенін, қайда бару керек екенін білмейді.

Ондаған жылдар бойы жүктілікті күтіп, медицина мекемелеріне қаралмай және де оның қажеттілігін сезінбей отырғандар да көп. Мұндай жағдайда мәселенің бәрі -оларды шешу жолдарына емес, ақпараттың жоқтығына келіп тіреледі. Осыған байланысты шешуші фактор болып табылатын баға жетпес уақыт бекер өтіп кетеді. Шындығында, бала сүйгісі келетіндер бұл мезгілде артық ештеңе жасамайды және маңызды ештеңе жоғалтпайды.

Тіпті «бедеу» деген қорытынды естісеңіз де, қайғырудың еш қажеті жоқ екенін есте сақтаңыз. Қазіргі таңда бедеулік емделеді! Қазіргі заманғы медицина таңғажайыптар жасауға қабілетті.

Медициналық ғылымның төңкерістік жетістігінің бірі экстракорпоралдық ұрықтандыру әдісі (бұдан әрі-ЭКҰ) болып табылады.

Ескеріңіз: суррогат ананың қызметіне жүгінбей, басқа бір еркек пен әйелдің ұрығын пайдаланбай, ұрықтандыруды тек ерлі-зайыптылардан алынған ұрық пен жұмыртқаны қосып, сырттай не бірден жатырға орнату арқылы жасау тәсілі ғана ислам қағидаларына қайшы емес. ЭКҰ-ның бірнеше әдістерінің ішінде тек осы тәсілде ғана баланың шын әке-шешесін анықтау, бала денсаулығы тәрізді көптеген психологиялық, моральдық проблемалар орын алмайды.

ЭКҰ-дың нәтижелілігі көптеген әйелдер мен ерлерді қуантқан, дені сау балалардың дүниеге келумен дәлелденді. Зерттеу «шыны түтіктегі балалар» мен табиғи жолмен өмірге келген балалардың еш айырмашылығы жоқ екенін көрсетті.

2010 жылдан бастап біздің елімізде ЭКҰ рәсімі квота бойынша тегін көрсетіле бастады.

Бағдарлама республикадағы екі орталықта жүзеге асады. Олар Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы және Алматы қаласындағы ғылыми акушерлік, гинекологиялық және перинатологиялық орталық.

Тиесілі квота алу үшін жоғарыда көрсетілген Астана немесе Алматы қаласындағы орталықтарға барып, дәрігерлік тексеруден өтіп, оң қорытынды алу керек. Бұдан кейін емделуші тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау басқармасына жіберіледі және ол сол жерден тиесілі квотаны алып орталыққа қайтадан келеді.

Тиесілі квотаны заңды некеде тұрған 19 бен 35 жас арасындағы әйел ғана ала алады. Олар белгілі бір медициналық критерийге сай болуы керек, ал олардың күйеулерінің де денсаулығы жақсы репродуктивті болуы қажет.

Тиесілі квота бір реттік ЭКҰ-ға беріледі және бір жыл ішінде қолданысқа ие болады. Дәрігерлердің айтуы бойынша емдеу нәтижелілігі 30-40 пайызды құрайды. Одан әрі қарай, жүкті болуға әрекет емделушінің есебінен жүзеге асады.

Жыл сайын ондай квотаны бедеуліктен зардап шегіп жүрген жүзге жуық отбасылық жұптар алады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс (17-бөлім «Азаматтың репродуктивтік құқығын қорғау»)



Пайдалы сілтемелер:

1) www.ivf.kz – Репродуктивті медицина орталығының сайты;

2) www.ecomed.kz – «Экомед» клиникасының сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бедеулік», «ЭКО» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


10. Аборт жасаудың денсаулыққа әсері қандай?
Медицина саласындағы қандай да бір жетістіктер, заманауи дәрі-дәрмектер мен аппараттар, өкінішке қарай, аборт жасатқаннан кейінгі әйел денсаулығына төнетін қауіпті, оның салдарынан болатын зиянды ең болмаса төмендете де алмайтынын көптеген әйелдер біле бермейді. Енді аборттың нақты қандай зиян алып келетіндігіне тоқталсақ.

Күшті инфекциялық асқыну. Инфекциялардың асқынбауына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұндай жағдайда аборт жасаудың зияны зор. Аборттан кейін әйелдің иммунитеті төмендеп, оны көтеруге барлық дәрі-дәрмектің күші жетпей қалуы мүмкін. Егер инфекция асқынып кетсе, аборт жасау орны толмас өкінішке алып келеді. Ауруды жұқтыру оның асқынуына – эндометрияға, сонымен қатар, қанға сепсис ауруының жұғуына алып келеді, оны стационарда емдеу қиынға соғады. Кімде кім «астыртын» аборт жасауға бел буса, онда аса үлкен қауіпке тап болады.

Бедеулік және жатырдан тыс біткен жүктілік. Аборт жасаудың тағы да бір зияны – бедеулікке апарады. Аборт тіпті температураны және басқа да жұқпалы ауруларды ешқандай белгілерін байқатпай-ақ, кез келген уақытта асқындырып жібереді. Асқыну тек жатырды ғана емес, сонымен қатар, жатыр түгін де қамтиды, ондағы түкті эпителий – ұрықтанған ұрықтың түтік бойымен жатырға қарай жылжуына мүмкіндік беретін арнайы құрылымды жоюы мүмкін. Мұндай жағдайда жатыр түгінің өту жолдары оның соңына дейін бітеліп, бедеулікке алып келеді.

Толық жазылып бітпеген жағдайда қолдан аборт жасатудың тағы бір зияны әрі өте ауыр асқыну - жатырдан тыс жүктілік орын алады. Бұл кезде ұрық одан әрі жылжу мүмкін болмағандықтан түтікке жабысып қалады. Эмбриондардың өсуімен қатар жатыр түгі ісініп, жарылады, оның салдарынан қан ағады. Бұл жағдай жатыр түгін алып тастау қажет болатын жедел операцияны талап етеді, бұл өз бетінше екінші рет болатын жүктілікті қиындата түседі. Сонымен қатар, қан ағуды тоқтату мүмкіндігінің болмауы көбіне жатырды ампутациялауға алып келеді, жүктілік туралы енді мүлдем ойламауға алып келіп соғады.



Күрделі гормональды бұзылу. Әйел ағзасы жүктілікке бірнеше апта дайындалады. Сондықтан аборт жасау кезінде ол күрделі гормональды және жалпы күйзеліске тап болады. Аборттың зиянынан гормональды өзгерістер орын алады. Бұл тек жыныстық салада ғана болмайды, сонымен қатар, оған байланысты ішкі секрецияда – бүйрекасты, қалқанша безі (қылтанақ) органдарында да болуы мүмкін. Ұрықтар барлығынан көп зардап шегеді – олардың функциялары бұзылады, ол ұзақ және мұқият емделген соң да, жүктіліктің болмауына алып келеді.

Гормондық теңсіздік кезінде сүт бездері мен жатыр денесінің қатерсіз және қатерлі ісіктері секілді жаңа өспелер тәрізді ісіктердің пайда болу қаупі де ұлғаяды.

Тіпті тәжірибелі дәрігерлердің өзі жатырда ұрық тінінің бір бөлігін қалдырып кетуі мүмкін. Ірі және ақылы клиникаларда аборт қазіргі уақытта УДЗ-дің бақылауымен жасалуда, бірақ мұның өзі сәттілікке кепілдік бере алмайды. Жатырда қалып қалған тіндер көптеген бақытсыздыққа алып келеді және мұндай жағдайда аборттың зияны еселене түседі. Барлығы қанның ағуынан басталады, өйткені жатыр бос болған кезде ғана жиналады. Содан кейін мұның барлығы эндометрия деп аталатын жараның пайда болуына алып келіп соғады, ол қайта қыруды және күшті антибиотиктермен емдеуді талап ететін жайт. Шын мәнінде аборт салдарының ең ауыр түрі – хорионэпителиомның – эмбрионды тіннен өсетін қатерлі ісіктің туындауы. Мұндай жағдайда аборттың зардабы өлімге апарып соғады. Мұндай ісік сирек, бірақ агрессивті! Ол айналасындағы тіндерді жояды, ол ешнәрсеге қарамастан жан-жағына өсе береді – оны айқындау өте қиын және нашар емделеді.

Аборттың ең қауіпті асқынуы — жатыр қабырғасы бүтіндігінің бұзылуы және оның жыртылуы (тесілуі). Аборттың жатырды тесуі сынды таза техникалық асқынулар туралы да ұмытпауымыз қажет. Басқаша айтқанда, ол операция барысында жатырдың тесілу қаупі. Мұндай ауыртпашылық сирек кездеседі, бірақ міндетті түрде ескерілуі тиіс, өйткені мұндай жағдай тіпті тәжірибелі дәрігерде де болуы мүмкін. Жүктілік кезінде жатырдың шырышты қабаты бос, жұмсақ болады, егер «бұл жұмыс» көзбен көрмей тұрып жасалатынын ескерсек, жатырды жарақаттап алу өте оңай. Егер түсік астыртын жағдайда жасалса, барлық уақытта қатты қан кетуге, перитонитке алып келеді, бұдан әрі науқастың қайтыс болуына апаратын да жағдай тууы мүмкін, ал кейіннен қалаулы жүктілікке жету де қиындайды.



Дәрі-дәрмек тәсілімен жасалған аборт. Соңғы жылдары қолданылып жүрген «тіпті зияны жоқ» дәрі-дәрмек арқылы күшті әсер ететін бірнеше дәрі түйіршегінің көмегімен жасалатын аборт - техникалық операциялармен, қан кетумен немесе инфекциямен байланысты қауіптерден ғана «қорғайды», бірақ әйел ағзасында өте ауыр гормоналды бұзылу орын алады, оның салдарынан эндокринологиялық жүйе бұзылады. Дәрі-дәрмектік аборттың салдары ұрпақты болу жүйесінде гормональдық қалдық түрінде болуы мүмкін. 2-4% жағдайда ұрық безінің қалдығы болуы мүмкін, соған байланысты жатыр қуысын қыру қажеттігі туындайды.

Психологиялық аспект. Аборттың психологиялық зиянын да ескеру қажет. Әйелдің бұдан кейінгі өмірінде балалы болмайтындығын білгеннен кейінгі жай-күйін елестетудің өзі қаншалықты ауыр екенін әркім-ақ бағамдай жатар.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.aborti.ru/ - аборт және оның әсері тақырыбына арналған сайт;

2) www.noabort.net/ - аборт және оның әсері тақырыбына арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «аборттың зияны», «аборт салдары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
11. Маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген адамға қалай көмектесуге болады?
Жақын адамымыз қайғыға душар болса, бізге одан екі есе ауыр тиетіні анық. Біріншіден, енді біз өтпес қамалдың екі жағында сияқтымыз, «мен ішпеймін, ал сен болсаң...». Ал екіншіден, біз оған қалай көмектесуді де білмейміз.  

Егер бұл проблема сіздің үйіңізде болса, онда ешқашан жақын адамыңыздың өз өмірін құртқанын күтіп, қол қусырып отыруға болмайды. Егер сіз өз туысыңыз маскүнемге жата ма, жоқ па дегенге күдіктенетін болсаңыз, ол үшін маскүнемді қалай тану керек екенін білу қажет. Медициналық орталыққа барғанға дейін, алдымен оны бақылап көріңіз. Және де мынадай сұрақтарға дұрыс жауап беріп көріңіз: «Ол ішуге бір себеп іздеп жүр ме?», «Қалыпты өмір сүру үшін оған міндетті түрде ішу керек пе?», «Ол отбасының басқа мүшелерінен тығылып іше ме?», «Оның сыртқы келбетінде және жақындарына деген көзқарасында өзгерістер бар ма?». Егер Сіз туысыңыздың спирттік сусындарға құмарлығын түсінсеңіз, оны ішуді өз бетінше тоқтата алмаса, ақырындап алкогольді көп мөлшерде ішуге үйренсе, оның кейін қалай өмірімен қоштасып бара жатқаны сынды қорқынышты көрмес үшін оған қалай көмектесу керектігі туралы ойланыңыз. Ол үшін Сізге мұндай жағдайлармен бірнеше мәрте түйісіп жүрген нарколог-дәрігердің кәсіби көмегі қажет.

Сіздің міндетіңіз – ауру адамды маскүнемдіктен міндетті түрде емделу керек екендігіне сендіру. Көптеген адамдар өзімнің қолымнан келеді, ішуді өзім-ақ қоямын деп емделуден бас тартады. Алайда, бұл тәжірибе жүзінде іске аспайды. Алкогольге тәуелділік – бұл ішкен адамға ғана емес, сонымен қатар күнделікті күйзелісте жүретін оның туыстарына да, ауыр әсер ететін сөзсіз қиын ауру. Бірақ алкогольге тәуелділікті жазылмайтын ауруға жатқызуға болмайды. Алкогольге тәуелділікті емдеуге мұқият ойланып кірісу қажет. Оны емдеудегі әрбір ойланбай жасалған қадам қайта айналып келмейтін зардаптарға, ауру ағзасының қайта орнына келместей өзгеруіне, тіпті өмірімен қош айтысуына да әкеліп соғуы мүмкін. Кәсіби көмек алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханаға, арнайы емдеу-сауықтыру орталықтарына, жеке медициналық мекемелерге, ғылыми-диагностикалық орталықтарға баруыңызға болады.

Әдетте емдеу курсы үш сатыдан тұрады:

1) спирттік сусындардан абсолютті бас тарту, алынған токсиндерден ағзаны тазарту және белсенді алкогольге қарсы емделуге психологиялық дайындық;

2) жиілікті емдеу үдерісі;

3) ұзақ көмекші терапия.

Ең бастысы ауру адамды өз қайғысымен жападан-жалғыз тастауға болмайды. Бұл үлкен шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұндай құрбандықсыз сіз үшін қымбат адамды алкогольге тәуелділіктен айыру қиын болады, ал көп жағдайда тіпті мүмкін емес. Ішетін адамға қалай көңіл бөлу керек? Әрбір отбасының өзіндік бағыт-бағдары, құндылықтары, әдет-ғұрыптары бар. Сондықтан да туындаған әрбір проблеманы дербес шешуге тура келеді. Дұрыс шешімінің нәтижесі табыстың 90%-ы екенін естен шығармаңыз. Сенің керек екеніңді, сені бәрі жақсы көретінін түсіну – бұл күресуге деген үлкен ынта.

Жанжал – бұл жұбанышты басқа жақтан іздеуге түрткі болады, күмән туғызатын «достардың» өмір сүру мәні - тек «ішуді» іздеу ғана. Мұндай орталарда тұлғаны азғыру көз алдыңда өтеді.

Алкогольге тәуелді адам салынып ішкен кезінде немесе ішкісі келген кезінде оны ұзаққа жібермеуге тырысыңыз. Мұны жәй сөзбен қинамай айту керек.

Маскүнемдікпен ауыратын адамға отбасы қалай көмек бере алады:


  • Үйде алкогольді қабылдамайтындай жағдай туғызыңыз, үйдегі ешбір зат ауру адамға ішуді еске салмауы қажет немесе қайта бастап ішіп кетуге итермелемеу керек. Бірінші рөмкені алып қойған екен, барлығы да құрдымға кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше, көз алдынан спирттік ішімдіктерді ғана емес, сонымен қатар, үйдегі сәйкес атрибуттарды да (рюмка, бос шөлмек, штопор және т.б.) алып тастаңыз.

  • Сіздің үйіңіздегі отбасылық отырыстар ішімдіксіз өтуі керек. Егер сіздің қонақтарыңыз немесе сіздерді қонаққа шақырған үйдің қожайыны мұны түсінгісі де келмесе – онымен бірге отырыста болудан қашу керек.

  • Сіздің туысыңыз көп уақытын сізбен өткізгісі келетіндей жағдай жасаңыз – сол кезде ол адамда «достармен жиналайық» деген қашып құтыла алмайтын, азғыруға еріп кетуден құтылу мүмкіндігі болады.

  • Ішуді қойған адамға науқас адам сияқты емес, үлкен күрес жүргізген және де сыйлауға лайық адам ретінде қараңыз.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

www.zdrav.kz – Алдын алу және тамақтану медицинасы академиясының ғалымдары әзірлеген веб-портал.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «алкоголизмді емдеу», «алкоголизмді емдеу орталықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

12. ВИЧ/СПИД. Қалай алдын алу керек?
СПИД пен ВИЧ жайында біз жиі естиміз, оқимыз, айтамыз. Бірақ дәл осындай қасіретке шалдыққан жандар қалай өмір сүріп жатқанын тіпті ойлағымыз да келмейді.

СПИД – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды ВИЧ - адамның иммундық тапшылық қоздырғышы (АИТҚ) тудырады. АИТҚ аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін. АИТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АИТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады.

АИТҚ иммунитеттің ең маңызды жасушаларын өлтіреді. Бұл өте ақырын жүреді, бара-бара кез келген аурумен иммундық жүйе күресе алмайтын дәрежеге жетеді. СПИД о бастан-ақ денсаулығы әлсіз адамдарда тез ұлғая бастайды. Бұған шылым шегу, алкоголь, есірткі, дұрыс тамақтанбау және беймазалық күй де кері әсер етеді.

Бұл өте маңызды! АИТҚ жұқтырған адамдар жылдар бойы өздерін дені сау адамдардай сезінеді және сыртқа да солай көрінеді, олар жылдар бойы осы ауруды жұқтырғанынан бейхабар жүруі де мүмкін. Бірақ жыл өткен сайын алғашқы белгілері біліне бастайды. Салмағы күрт төмендеп, үлкен дәрет созылмалы сұйық түрде кететін болып, әлсіздік белең алады, қоздырғыштар мен бактериялар тудыратын аурулар жиілей бастайды. Бірнеше жылдан, бәлкім айдан соң, СПИД өзінің бар екендігінен толықтай хабар береді: ауыр жұқпалы аурулар, ісіктер, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы біліне бастайды.

АИТҚ мынадай жолдармен:

1. Қан арқылы:



  • АИТҚ жұқтырған донордың мүшесін я болмаса тіндерін салдыру кезінде немесе қан құю кезінде;

  • есірткіні тамырға салу үшін ине мен шприцтерді бірлесе пайдалану кезінде;

  • медициналық амалдарды стерильденбеген құрал-жабдықтармен атқарған кезде;

  • татуаж және пирсинг аспаптарын стерильденбеген күйде бірлесе пайдаланған кезде жұғады.

Біреудің қырыну заттары мен тіс шеткаларын да пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.

2. Жыныс жолдары арқылы.

3. Екіқабат, туу және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде жұғады. АИТҚ жұқтырған анадан екіқабат, туу кезінде және емшек сүті арқылы емізген кезде балаға жұғады.

АИТҚ-ны жұқтырып алмас үшін не істеу керек?


  • қандай да бір қаннан бойыңызды аулақ ұстаңыз;

  • есірткіге, оның ішінде, СПИД жұқтыру қаупі жоғары тамыр арқылы егетін түрлеріне жоламаңыз;

  • некесіз, бейәдеп, кездейсоқ кез-келген жыныстық қатынастан аулақ болыңыз.

Сізге АИТҚ-ны жұқтыру қаупі ғана емес, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды (ЖЖЖИ) да жұқтыру қаупі бар, егер:

  • некесіз, бейәдеп, кездейсоқ кез келген жыныстық қатынастан бас тартыңыз. Серіліктен сақтаныңыз.

  • Сіз немесе Сіздің серігіңіз ЖЖЖИ (сифилис, соз, хламидиоз, АИТҚ) жұқтырған болса.

  • тамырға салатын екпе дәрілер үшін болса да, бөтен біреудің шприц немесе инелерін пайдаландыңыз ба? Бөтен адамның өңделмеген, тазартылмаған шприцінде АИТҚ және басқалары болуы мүмкін.

Сізде АИТҚ-ның бар-жоғын білудің бір ғана жолы бар, ол сараптама жасату. Арнайы жасалған сараптама нәтижесінде ғана тек дәрігер адамның АИТҚ жұқтырғанын анықтай алады. Елімізде 22 аймақтық және бір Республикалық СПИД-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығы жұмыс істейді (мекен жайы мен телефондарын анықтамадан сұрап білуге болады). Бұл орталықтардың бәріне АИТҚ инфекциясы бар-жоғын анықтау үшін сараптама жасатуға болады. Дәрігерлер сіздің күретамырыңыздан қан алып, онда АИТҚ-ның антителасы бар жоғын тексереді. Қанды алмас бұрын және нәтижелерін хабарламас бұрын олар сізге сараптама нәтижелерінің оң және кері нәтижесі жайлы мағлұмат беріп, сұрақтарыңызға жауап беруі тиіс. АИТҚ-ға сараптаманы өз тегіңізді айтып, немесе жасырын түрде тегін жасатуыңызға болады. Сараптама нәтижесі медициналық құпия болып есептеледі және оны жария еткені үшін медицина қызметкері заң алдында жауапкершілікте болады. Сіздің сараптамаңыздың қорытындысын тұрғылықты жеріңізге, жұмысыңызға немесе оқу орныңызға жария етуге олардың құқы жоқ.

АИТҚ да, СПИД те әзірге толықтай жазылып кетпейді, алайда күн сайын әлемде әлдеқайда тиімді, өмірді ұзартып, денсаулықты сақтауға көмек беретін дәрі-дәрмектер пайда болуда.



Ең бастысы, Сіздің қандай әлеуметтік топқа жататыныңыз я болмаса кімдермен араласатыныңыз емес, өзіңіз үшін қандай жолды таңдап алатыныңыз маңызды екенін естен шығармаңыз!

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуiрдегі № 2184 Заңы



Пайдалы сілтемелер:

www.rcaids.kz/ - «СПИД алдын алу және күрес жөніндегі республикалық орталық» мемлекеттік мекемесінің сайты;

www.plwha.kz/ - «АИТҚ бар адамдардың қазақстандық одағы» қоғамдық қорының сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ВИЧ/СПИД», «ВИЧ/СПИД ауруларына көмек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

13. Онкологиялық ауруларды алдын-алу үшін не істеу керек?
Рак (обыр) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің - 17%-нан, алкогольдің - 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының - 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының - 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.

Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.

Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда, алдын-алу оңай!

Қатерлі жаңа өскіндердің даму тәуекелін едәуір төмендету үшін «салауатты өмір салты» деп аталатын ұғымға енетін қарапайым бірнеше ережені ұстана біліңіз.



Темекі тартпаңыз, егер тартып жүрген болсаңыз – тоқтатыңыз. Егер Сіз темекіні тастай алмай жүрсеңіз, онда тартпайтындар арасында темекі тартпаңыз. Пассивті темекі тарту активті темекі тарту сияқты зиянды.

Рак ауруының салдарынан болатын өлім жағдайларының 25-30%-ы темекімен байланысты деп саналады. Тек қана темекі тарту және оған алкогольдің қосылуы салдарынан болатын ұлтабар, жұтқыншақ және ауыз қуысы обырының үлесі 43%-60% аралығында өзгеріп отырады. Қуықтың, асқазан асты безі және бүйрек, асқазан, жатыр мойны, мұрын қуысы мен миелоидты лейкоз обыры жағдайларының көпшілігі темекі тартумен байланысты болып келеді. Өлім жағдайларының жартысы орташа жаста кездеседі, оған қоса темекі тартатындар тартпайтындарға қарағанда өздеріне берілген ғұмырдың 20-25 жылын текке жоғалтады.

Қазіргі таңда обыр немесе басқа аурулардың басталуына дейін темекі тартуды тоқтату темекі салдарынан болатын өлім жағдайларынан, орта жастан бастап, тіпті егделеу жаста да қашуға мүмкіндік беретіндігі жайлы нақты дәлелдемелер бар.

Зиянды тамақтарды алып тастаңыз. Канцерогендер (қатерлі жаңа өскіндердің дамуына себеп болатын химиялық заттар) көптеген азық-түліктерде кездеседі, әсіресе, майға қуырылған тағамдарда, консервіленген және маринадталған тағамдарда, ұзақ сақталынған азық-түліктерде, ысталған тағамдарда.

Майлы тағамдарды, әсіресе, малдың майын тұтынуды азайтыңыз, қатты тоя тамақтанбаңыз – күнделікті тамақтану рационы 2500 калориядан аспауы тиіс. Үнемі жүктемесіз және ақуызсыз тамақтану күндерінің жүйесі мен диета сақтауды ұстаныңыз. Алкоголь тұтынуды қойыңыз. Суға қатысты айтарымыз: фильтрленген немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.



Қажетті азық-түліктер. Сізге күн сайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқа да өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңіз азық-түліктерін, пияз бен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде ең тамаша таңдау - қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға ірі ұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қара бидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте пайдалы.

Иммунитетті нығайтыңыз. Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз.

Дене белсенділігінің қорғану тиімділігі рак ауруының даму тәуекеліне қатысты белсенділік деңгейінің артуына байланысты күшейе түседі. Дегенмен жүрек ауруы бар адамдар сақтана білуі тиіс. Дененің қалыпты салмағын ұстау, әсіресе, үнемі отырып жұмыс істейтін адамдар үшін дене белсенділігі қажет. Дене жаттығуларын аптасына 3 реттен кем емес 30-40 минут бойы жасау керек. Егер сіз суық тиіп жиі ауыратын болсаңыз, иммунолог дәрігер маманына қаралыңыз.



Вирустарға тексеріліңіз. Барлық онкологиялық аурулардың 10%-ын вирустар шақыруы мүмкін. Жұқтырып алу мен рактың дамуы арасында көптеген жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз қоздырғыш вирустың тасымалдаушысы болсаңыз, өз денсаулық күйіңізді үнемі бақылауда ұстап, ауруға бірде-бір мүмкіндік бермеу үшін ол жайында білуіңіз қажет.

Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.

Тері аурулары рагының басты себебі күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.

Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер Сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса, жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өз уақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жол бермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алып тұрған факторларға назар аударыңыз.

Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын денсаулық сақтау бағдарламалары бар. Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз! Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамдар арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтау мен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді.



Әйелдер! Етеккір аяқталысымен өзіңіздің сүт бездеріңізді жан жағынан ортасына қарай сипалау арқылы тексеріп көріңіз. Егер Сізді оның сыртқы түрі мен тері түсіндегі және бездің формасындағы өзгерістер мазаласа, немесе Сіз сипалаған кезде тығыздық байқалса, онда міндетті түрде онкологқа қаралыңыз!

40 жастан асқан әйелдер! Сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз. Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз – ол үшін сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.

25 жастан асқан әйелдер! Жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсырыңыз. Егер Сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз, жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз - жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру - осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.

50 жастан асқан ерлер мен әйелдер, сіздер – колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін Сізге тоқ ішек (бүйен) мен тік ішек обырын анықтау мақсатында нәжіс және қан тапсыру қажет.



Ерлер! Егер Сіздің жасыңыз 55 жастан асса және қуық асты безіндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ерте сатысында анықтау үшін ПАА-ға үнемі қан анализін жасатқаныңыз жөн.

Үнемі флюорографиядан өтіп тұрыңыз.



Пайдалы сілтемелер:

1) http://medinfa.ru/article/19/2131/ - «Медициналық энциклопедия» сайты;

2) www.pror.ru – «Ресейдің обырға қарсы қоғамы» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «онкологиялық аурулар», «қатерлі ісікті емдеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

14. Мүгедек баланы сауықтыру орталығына қалай орналастыруға болады?
Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру, жарақат, жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады.

Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуін арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен ауыратын мүгедек балалар орналасуы мүмкін:



  • әртүрлі этиологиядағы мидың сал ауруы;

  • полиомиелит салдарынан кейінгі қалыпқа келтіру және резидуальді кезең;

  • сүйену-жылжу аппаратының әртүрлі туа және кейін пайда болған деформациялары;

  • артрогриппозом;

  • хондродистрофией;

  • тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет аурулары.

Мүгедек баланы сауықтыру орталығына орналастыру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, келесі құжаттарды тапсырыңыз:

1. Баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) белгіленген үлгідегі өтініші.

2. Өкілетті органның (медициналық мекеменің) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау жолдамасы:


  1. туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;

  2. СТН;

  3. ӘЖК;

  4. мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;

  5. медициналық карта;

  6. психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы;

  7. амбулаториялық картадан үзінді;

  8. жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі.

Балаларды МӘМ-нен шығару:

  • баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші;

  • кәмелеттік жасқа толғанда;

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне қарайтын, оңалту орталықтары бар, онда әр түрлі аурулармен; тірек-қимыл және эндокринологиялық жүйелер ауруларымен ауыратын балаларды 20-27 күн аралығында оңалту курстарын өтеді.

Орталыққа орналасуға қажетті құжаттардың тізімі, оңалту шараларын өткізуге қарсы көрсеткіштер барлық аймақтардың емдеу органдарында бар.

Оңалту орталықтары жұмыстарын жеңілдету үшін балалардың келу кестесі құрастырылған, орын бөлу кезінде аймақтардан алдын-ала келетін өтініштер есептелген.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» («Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi»)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

www.mz.gov.kz – Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек балаларды сауықтыру», «мүгедек балаларды сауықтыру орталықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

II ТАРАУ. БІЛІМ.
15. Бала асырап алғыңыз келсе...
Әрбір ересек адам үшін оның өміріндегі ең жақын әрі қадірлі нәрсе - бала. Оның жарық дүние есігін ашқанда іңгәлаған дауысы мен алғашқы жымиып, шалықтап күлген кездері, «апа», «әке» деген алғашқы сөздері өмірін мән-мағынаға толтырады. Бала үшін ата-ананың ыстық ықыласы мен мейірімінен артық не болмақ?  

Көптеген отбасылар бала сүйгісі келеді, алайда бала асырап алу жайында шешімге келу оңай емес. Сонда й-ақ, бүгінгі қоғамда отбасылық бақыттан айрылған қаншама сәби бар. Қымбатты болашақ ата-ана, қиындықтан ешуақытта қорықпаңыздар! Жер бетіндегі ең үлкен бақыт – әке атану мен ана болу бақыты! Сәл ойланып көрсеңіз, дүниеге ұрпақ әкелуден де маңыздысы, оны азамат етіп, тәрбиелеп өсіру екендігіне көз жеткізер едіңіз.

Егер Сіз бала асырап алғыңыз келсе, республикамыздың кез келген аймағынан не болмаса тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына барып, өтініш беруіңізге болады.

Өтінішке төменде көрсетілген құжаттарды қоса тіркеу қажет:

1) жұмыс орныңыздан лауазымыңыз бен еңбекақыңыз көрсетілген анықтама қағаз;

2) тұрғылықты мекен-жайыңыздағы үй кітапшасының көшірмесі;

3) тұрғын-жайға иелік, меншіктік құқығыңызды растайтын құжат;

4) сотталмағандығыңызды растайтын құқық қорғау органдарының анықтамасы;

5) денсаулық жағдайыңыз туралы емдеу-профилактика мекемелерінің медициналық қорытындысы;

6) (егер некеде болсаңыз) неке куәлігінің көшірмесі;

7) тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары жасаған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайыңыздың зерттеу актісі .

Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін сізге баланы таңдап алу және онымен қарым-қатынас орнату үшін ата-анасының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға арналған мекемелерге жолдама береді.

Барлық мағлұматты толық алу үшін, баланың жеке іс-парағымен мұқият танысыңыз. Ең алдымен асырауға берілетін әрбір баланың денсаулық жағдайына байланысты тұжырымдама беретін медициналық комиссияның тексеруінен (асырап алушылар баланың медициналық диагнозының қырларына мән бермей, нәтижесінде асырап алудан бас тартып, бұл жағдай асырап алушыға да, асырауға берілетін бала үшін де трагедияға айналған жағдайлар жиі кездесіп қалады) өтетінін білген дұрыс. Өз қаражатыңыз есебінен өз бетіңізше медициналық сараптама жүргізуге де құқыңыз бар екенін ұмытпаңыз.

Баланың ата-анасы туралы ақпаратты (оның жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айрылғандығын, яғни мәртебесін растайтын құжаттарды) сұратуды ұмытпаңыз. Мысалы, егер баланың анасы ата-аналық құқығынан айрылған болса, ал әкесі бас бостандығынан айрылған болса, онда мұндай баланы әкесі қамаудан босатылғанша асырап алуға болмайды (егер әкесі асырап алуға жазбаша түрде келісім берсе, әрине онда мүмкіндік бар).

Егер Сіз кәмелетке толмаған ата-аналардың (18-жасқа толмағандардың) баласын асырап алғыңыз келсе, онда олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының (қорғаншыларының), егер ондайлар болмаған жағдайда – қорғаншылық пен қамқоршылық органының келісімін алуыңыз керек. Баланы асырап алуға байланысты ата-аналардың келісімі өтінішпен бірге тіркелуі тиіс, ол нотариуспен расталуы немесе ата-анасының қарауынсыз қалған бала қарауына берілген мекеме жетекшісімен, әйтпесе баланы асырап алу ісі бойынша немесе ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық пен қорғаншылық органымен, сондай-ақ, баланы асырап алу өндірісі бойынша сот отырысында тікелей расталуы керек.

Назар аударыңыз! Ата-аналар баланы асырап алу туралы сот шешімі шыққанға дейін асырап алу туралы өз келісімдерін қайтарып алуға құқылы.

Баланың ата-анасының оны асырап алуға байланысты келісімі талап етілмейтін жағдайлар:



  • белгісіз немесе сотпен хабарсыз жоғалып кеткен деп танылса;

  • сотпен дәрменсіз деп танылса;

  • сотпен ата-аналық құқығынан айрылған болса;

  • сот негізсіз деп таныған себептер бойынша, алты айдан артық уақыт баламен бірге тұрмаса және оның тәрбиесі мен оны асыраудан жалтарып жүрген жағдайлар бойынша.

Есіңізде болсын! Егер сіз он жасқа толған баланы асырап алғыңыз келсе, оның өз келісімі қажет болады. Бала асырап алу туралы өтініш білдіргенге дейін сіздің отбасыңызда тұрған болса және сізді ата-анасы ретінде санаса, онда асырап алу баланың келісімінсіз қарала береді.

Мұны білген дұрыс (оқып шығыңыз):

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық-іс жүргізу кодексі (36-1 тарау. Баланы (қыз баланы) асырап алу туралы өтініштің өндірісі);

2) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (12 тарау. Бала (қыз) асырап алу).

Пайдалы сілтемелер:

1) www.minjust.kz – Әділет министрлігінің сайты (Сұрақ/Жауап бөлімі);

2) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы;

3) www.edu.gov.kz – Білім және ғылым министрлігінің сайты;

4) http://www.bala-kkk.kz/ - Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бала асырап алу», «Қазақстанда бала асырап алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
16. Баланы патронаттық тәрбиеге қалай алуға болады?
Көптеген адамдарда «патронат деген не?» деген сұрақ туындайды.

Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру.



Ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың басқа формаларынан патронаттың айрықша белгілері:

  • патронат келісім-шартқа негізделген;

  • патронаттық тәрбиешілердің еңбегі төленеді;

  • паторнаттарды қабылдаған отбасының тәрбиеленушілеріне тамақ, киім, аяқ киім және басқа да тұрмыстық заттар алуға ай сайын қаражат бөлініп тұрады.

Патронаттық тәрбиеге:

  • ата-анасы жоқ жетім;

  • ата-ана құқығынан айрылған;

  • ата-анасының құқығы шектелген;

  • ата-анасы бас бостандығынан айрылған;

  • ата-анасы сот шешімімен қабілетсіз деп танылған;

  • ата-анасы жоғалып кеткен;

  • ата-анасы денсаулығына байланысты оның тәрбиесімен, оны бағып-қағумен айналыса алмайтын;

  • ата-анасы ешқандай себепсіз оның тәрбиесінен, оны бағып-қағудан, және олардың мүддесі мен құқығын қорғаудан жалтаратын;

  • ата-анасының кім екені беймәлім немесе олардың тұратын жері белгісіз балалар беріледі.

Егер Сіз патронатты тәрбиеші болғыңыз келсе, онда Сіз қамқоршы және қорғаншы органдарға келесі құжаттарыңызды тапсыруыңыз керек:

1) патронатты тәрбиеші болғыңыз келетіні туралы өтініш;

2) жеке куәлік;

3) некеде тұрсаңыз, жұбайыңыздың келісімі;

4) сіздің және жұбайыңыздың денсаулығы туралы анықтама (психиатр, нарколог, дерматолог, венеролог, терапевт);

5) құқықтық статистика орталығынан сотталғандығы жоқ деген анықтама;

6) тұрғын үйіңіздің бар екендігін растайтын құжат;

7) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайыңызды тексеру актісі.



Есте сақтаңыз! Құжаттардың өзін және көшірмесін беру қажет, салыстырып болған соң, құжаттарыңыз қайтарылып тек көшірмелерін ғана алады.

Патронатты тәрбиеші мен қамқоршы және қорғаншы органдары арасында күтім жағдайы, баланың тәрбиесі мен білімі, құқығын қорғау бойынша шаралар, патронатты тәрбиешіге берілетін құжаттар тізімі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері, келісім-шартты бұзу жағдайы және тәртібі, келісім-шарт мерзімі, баланы бағып-қағуға төленетін қаражат көлемі, бақылаудың жүргізілу тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі және басқа да жағдайлар қарастырылған келісім-шарт жасалады.

Ақшалай төлемдерді алу үшін мына құжаттарды дайындау қажет:

1) ақша қаражаттарын бекіту туралы өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) баланың басқа қамқоршысы жоқ екенін растайтын құжат;

4) баланың білім беру ұйымдарында білім алғандығы туралы анықтамасы;

5) патронатты тәрбиеші мен қамқоршы және қорғаншы органдар арасындағы келісім-шарт;

6) 10 жастан асқан баладан алынған мектеп директорымен расталған жазбаша келісім.

Маңызды! Қызмет тегін көрсетіледі.

Патронатты тәрбиешінің міндеттері:


  • баланың өмірі мен денсаулығына жауап беру;

  • бала құқығын қорғау бойынша жоспарды орындау;

  • тәрбиеленушілерді бағып-қаққанда санитарлы-гигиеналық норманы сақтау;

  • баланың денесіне жаза қолданбау;

  • қамқоршы және қорғаншы органдардың рұқсатынсыз тәрбиеленушіні қала және облыстан тыс алып шықпау;

  • бала денсаулығы мен психикасының өзгеруі туралы, тәрбиеші үйінен ескертусіз кеткені немесе басқа да маңызды оқиғалар туралы, сондай-ақ балаларға мейірімсіз қарағандар немесе баланы жарақаттағандар туралы деректерді қамқоршы және қорғаншы органдарға хабарлап отыру;

  • қамқоршы және қорғаншы органдарға өзінің мекен-жайын ауыстырғаны жөнінде, жанұя құрамының өзгергені жөнінде, ауырғаны туралы және басқа да тәрбиеленушінің тәрбиеленуі мен дамуына әсер ететін басқа да жағдайлар туралы дер кезінде хабарлап отыру;

  • бала туралы ақпаратты жасырын ұстау.

Назар аударыңыз! Патронатты тәрбиелеуші міндетті түрде арнайы бағдарламамен оқытылып, тестілеуден өту керек. Психолог-мамандар арқылы балаларды отбасына орналастыруға дайындау қажет.

Білген (оқыған) жөн:

1) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Қамқоршы және қорғаншы органдары туралы Ережені бекіту туралы, патронат және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке ұйымдастыру Ережелері туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы;

3) «Патронатты тәрбилеушілерге берілген балаларды бағып-қағуға ақшалай қаражаттарды төлеу Ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 қаулысы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz – «Электроны үкімет» порталы («Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу» тақырыбы);

2) www.portal.edu.kz – Қазақстанның білім порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «патронат», «патронаттық тәрбие» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

17. Баланы қалай тәрбиелеу керек? Ата-аналарға кеңестер
Бала – ол өте нәзік те сезімтал адам. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Бала кезінде шешілмей қалған мәселелердің салдары ер жеткен кезде кейбір психикалық ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз

Көптеген ата-аналарды: бір мезгілде қатал да мейірімді бола білу, өз баласының алдындағы ата-аналық биігінен түспей тұрып, оған қалайда ең жақын дос бола білу жайы көп ойлантады. Төмендегі өте маңызды ақыл-кеңестер, бала тәрбиесі барысында сізге көп көмек берері сөзсіз:



  1. Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана  әсер етеді.

  2. Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.

  3. Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есте жүрсін.

  4. Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.

  5. Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.

  6. Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.

  7. Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.

  8. Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.

  9. Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.

  10. Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.

  11. Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.

  12. Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.

  13. Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.

  14. Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешуақытта сынамаңыз.

  15. Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз. Оның өзін емес, әруақытта жақсы қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.

  16. Ешуақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.

  17. Оған тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айту ешуақытта дұрыс болмайды.

  18. Егер сізді оның мінез-құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. Бұндай кезде оның тәртібін талқылымаңыз, тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.

  19. Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді.

  20. Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзіңіз одан не талап ететініңізді анықтап алған жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның не қалайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс аса маңызды жағдайлар бойынша міндетті түрде келісімге келуге ұмтылған дұрыс.

  21. Әңгіме барысында оның маңызын жоғалтпау үшін көпсөзділіктен арылу керек.

  22. Сіздің баланы мәжбүрлеуіңіз тым нәзік, жан-жақты әрі жалғаспалы сипатта әсер ететіндей болуы керек.

  23. Әр уақытта баламен үлкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді барынша аз қолдана отырып сөйлескен абзал.

  24. Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.

  25. Оны ақылы, таланты, сұлулығы немесе тума дарыны үшін емес, қарапайым ғана оның осылай бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіз.

  26. Есіңізде болса, балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-жағындағыларға құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.

Егер сізге шын мәніндегі жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеп шығару керек болса, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.balazan.kz – Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы сайт;



2) www.detki.kz – ата-аналарға арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бала тәрбиесі», «баланы қалай тәрбиелеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

18. Балаға жақсы күтушіні қалай табуға болады?
Кей кездері бір-екі сағатқа болса да үйден шығуға тура келеді, сондай кезде баланы кіммен қалдыру керек деген сұрақ туындайды. Әрине, балаңызды қалдыруда жақсы білетін туыстармен, достармен немесе таныстармен келісу оңайырақ, әрі сіз де баланың олармен қуана қалатынын жақсы білесіз. Егер жақын туыстар түрлі себептермен осы жағдайда сізге қол үшін бере алмайтын болса, ал таныстар мен сенімді адамдар да сол мезетте жаныңыздан табылмаса, сізге балаңыз үшін кәсіби бала бағатын күтуші таңдауға мүмкіндігіңіз бар екенін ұмытпаңыз.

Бала бағушыны таңдау – бұл кейбіреулер үшін қиын, тіпті кейбір жағдайда, жеке қатынастарға мән беретін уайым әкелетін, ұзаққа созылатын процесс. Бала бағушы – бұл жай ғана қызметкер емес. Шындығында, ол жарық дүниедегі ең қымбат сәбиіңізді сеніп тапсыратын мүлде бөтен адам. Барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, сіздің де, балаңыздың да көңілінен шыға алатын адамды іздестіріңіз.

Бала бағушыны:


  • газеттер мен қабырғаларға ілінген жарнамалар арқылы;

  • таныстарыңыз бен туыстарыңыздың ұсыныстары арқылы;

  • мамандандырылған агенттіктер көмегіне жүгіну арқылы табуға болады.

Сіздің болашақ бала бағушыңызбен әңгімелесу барысында мынадай нәрселерді сұрауға болады, мысалы:

  • егер бала үйде немесе көшеде қатты құлап немесе жарақат алып қалған жағдайда, не істейсіз?

  • баланың қалыпты, бірақ қиын жағдайларынан қандай жол тауып шығады (мысалы, бала тісін жуғысы, киімін кигісі келмесе және т.б. жағдайларда)?

  • бала күтушісі баламен қандай жұмыстар жүргізеді?

  • егер баланың ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда, қандай қадамдар жасайды?

  • баланы не үшін және қалай жазалау керектігін қалай түсінеді?

  • егер пәтерде бейне камера орнатылған болса, ол жұмыс істеуге келісе ме?

Қандай да бір адамға тоқталғаннан кейін, балаңыз бен оның болашақ күтушісін кездестіріп көріңіз (осыған бола баланың күн кестесіне ешқандай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ).

Егер болашақ күтуші есіктен енбестен-ақ балаңызға өбектеп, құшақ жая ұмтылса, бұл анасы үшін қойылым көрсеткісі келген әртістің әрекеті деп бағалаңыз. Өз ісіне лайық бала күтушісі баланың өзіне үйренуін, оның жан-жағын бағамдауына мүмкіндік беріп, жағдайды асықтырмайды.

Болашақ бала бағушының сыртқы келбеті мен тазалығына да мән беріңіз. Егер оның өз-өзіне күтімі көрініп тұрса, онда сіздің балаңыз да, мұндай адаммен таза, ұқыпты жүреді. Адамның киім кию мәнері ол жайында көп мағлұмат береді. Алғашқы таныстықта алған әсеріңізге сеніммен қараңыз, алайда сізді бір нәрсе аяқ тартқызып немесе мазаласа, онда бұған жете мән беру қажет.

Көп сұрақ қоюдан қысылмаңыз. Тәжірибелі бала бағушы (отбасында жұмыс істеп көргендер) сізді түрлі сұрақтың астына алады. Әрине, оларды ең алдымен жұмыстың төлемі, жұмыс кестесі және үстеме жұмыстар жайы қызықтырады. Бала бағушының ақша жайындағы әңгімесіне назар аударуды да ұмытпаңыз. Әрине, адамның өз пайдасын ойлағаны дұрыс, алайда, бала бағушы – бұл жәй ғана қызметкер емес. Ол ең бірінші ақшаға емес, балаға көбірек маңыз беруі керек. Сіздің балаңыз жақсы күтуші үшін тамаша «индикатор» болуы мүмкін. Тәрбиешісімен алғашқы кездесуден-ақ, мазасызданып не болмаса жыламағаны жақсылықтың нышаны. Тіпті, ол бөтен адамнан қорқып қалса да, оған өз-өзіне келетін уақыт беріңіз де оның келесі әрекеттерін бақылаңыз. Егер бәрі дұрыс жағдайда өрбісе, балаңыз күтушімен ойнағысы келгенін білдіретін болады. Себебі, бала өмірді ойын арқылы таниды. Ол үшін шынайы нәрсе осы ғана. Енді бала бағушының баламен қалай ойнайтынын қарап көріңіз. Ата-ана ретінде балаға «жаңа досының» жанында болған ұнайтын, ұнамайтынын анықтаңыз. Бала көңілді ме, көңілсіз бе, ол бірнәрсеге мазасыздана ма, бәлкім, өзін өте еркін сезінетін болар. Күтушінің қандай сөздерді қолданатынына да назар аударған дұрыс. Оның сөйлегені көңіліңізден шыға ма, жоқ па, соны да салмақтап көріңіз.

Үлкен тәжірибе жақсы білімнен кем түспейтін жағдайлар жиі кездеседі. Тіпті кей жағдайларда оның басымдығы да білініп жатады. Баланы бағу шыдамдылық пен нақтылықты талап етеді. Сондықтан да, егер бала бағушының мұны білгеннен гөрі, іске асыра алғандығы әлдеқайда маңызды болар еді. Егер сізге емшектегі балаңыз үшін күтуші керек болса, онда медициналық білімі бар кандидаттарды таңдағаныңыз абзал.

Күтуші таңдаудағы ең маңызды нәрсенің бірі денсаулық. Ең дұрысы сіз таңдаған күтуші 26-45 жас аралығында болғаны дұрыс. Өйткені дәл осы жастағылар тәжірибелі әрі ауру сырқаудан ада болатыны белгілі. Егер сіз осы жастағыларды назарға алсаңыз, онда ең алдымен бала бағушының денсаулығы жайлы анықтамасына басты назар аударыңыз. Тубдиспансер, психдиспансер, дерматолог, венеролог сынды дәрігерлердің анықтамасы міндетті түрде қажет болатынын естен шығармаңыз. Бұл туралы сұрауды қолайсыз көруден гөрі, егер осы анықтамалары болмаған жағдайда балаңызға қаншалықты зияны тиетіні жайлы ойланып көріңіз. Сондықтан да кез келген бала күтушісі мұндай талаптарға түсіністікпен қарайды.

Сіз өзіңізге лайық бала бағушыны тапқан болсаңыз, егер ол балаңызбен тамаша тіл табысып кетсе, тағы да біршама уақытты болашақ күтушімен әңгімелесуге бөлгеніңіз артық болмас. Оның төлқұжаттық мәліметтерін, үй және ұялы телефон нөмірлерін, мекен-жайын түгел жазып алыңыз. Өз сұхбаттасушыңызды қаншалықты түсінетініңізді білу үшін оны алаңдатататын мәселелер бойынша әңгіме айтыңыз. Әңгіме барысына отбасының басқа да мүшелері қатысқаны дұрыс болар еді.

Бұрынғы жұмыс орны туралы, не себепті жұмыстан кеткендігі, ұсыныстар бар-жоқтығын, отбасылық жағдайының қандай екенін, балалары-немерелері бар-жоғын да толығырақ біліңіз. Қазіргі кезде кіммен тұратынын да білген дұрыс. Бұл сізге сөйлесу барысында бір-біріңізді дұрыс түсінуге көмектеседі. Өзіңізге ұнаған бала бағушыны шақырып, бір-біріңізді жұмыс барысында танып-білу үшін бір апта жұмыс істеуді ұсынып көріңіз.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.mama.kz/491 - бүкіл отбасына арналған «Мама Плюс» порталы;

2) www.prodetei.kz - жүктілік, балалар мен ата-аналар тақырыбына арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бала күтуші», «бала күтушіні таңдау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

19. Балабақшаны қалай таңдау керек?
Кішкентай балаға өмірдегі ең маңызды уақыт – бұл балабақшаға барудың басталуы. Ата-аналар бұл жаңа кезеңге байыпты түрде және жауапкершілікпен дайындалуы қажет. Егер сіз балаңыздың балабақшаға мерекеге барғандай ризашылықпен баруын қаласаңыз, онда балаңыз үшін ең дұрыс балабақшаны таңдауыңыз керек.

Ең дұрысы, балабақша туралы сәбиіңіз дүние есігін аша салысымен ойлану қажет.

Ол үшін Сізге білім беру орындарына немесе өзіңіз тіркеуде тұрған жердегі ХҚО-ға өтініш беруіңіз керек. Сіздің өтінішіңіз мектепке дейінгі білім беру бөліміне тіркеледі. Балаңыз балабақшаға кезекке тұрады. Кезек тәртібі бойынша, бос орын болған кезде, сіздің балаңыз топқа қабылданады.

Ең қарапайым жолы – таңдау жасамас бұрын балабақша туралы барлық мәліметтерді біліп алу керек. Оны сіз балабақшаға балалары барып жүрген ата-аналармен сөйлесіп біле аласыз. Олардан балаларға деген күтім, балабақшаның жабдықталуы, тәрбиешілері туралы және одан да басқа мағлұматтарды білуге болады. Балабақшаның аумағы, балалар ойнайтын жер, қоршалған алаңы қаншалықты таза екеніне назар аударыңыз.

Балабақшаның қызметкерлерімен, болашақ тәрбиешімен танысыңыз, дәрігерімен сөйлесіңіз. Балабақша меңгерушісінен сізге қызметкерлер жайлы, балалармен жүргізілетін жұмыс туралы айтып беруін сұраңыз.

Балабақшалар мемлекеттік, жеке (коммерциялық) және отбасылық деп үлкен үш топқа бөлінеді. Балаларды оқыту бағдарламасы, топтағы бала саны, тамақтандыру мен ойыншықтардың сапасы балабақшаның санатына байланысты.



  • Мемлекеттік балабақшаның басты артықшылығы – бағасының арзандығы. Бағасы айына 6000-12000 теңге аралығында болады. Сонымен қатар бірнеше жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, жалғыз басты аналарға, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер бар. Мемлекеттік балабақшаның кемшілігі топтарда бала саны көп болады және әр балаға жеке көңіл бөлінбейді.

  • Егер жанұяда жеке балабақшаның қызметтерін төлеуге қаражат жеткілікті болса, онда бұл кез келген сәби үшін ең дұрыс таңдау. Бұл балабақшада қызықты даму бағдарламасы бар, топтардағы бала саны 15 шамасында, балалар жақсы ойыншықтармен қамтамасыз етілген, тамақтары да дәмді әрі әртүрлі. Және одан да басқа артықшылықтары бар. Жеке балабақшаның бір ғана кемшілігі - бұл оның бағасы.

  • Үй (отбасылық) балабақшасы – бұл жеке балабақшаның бір түрі. Әдетте бұл жеке пәтердегі немесе жалға алынған ғимараттағы жақсы жабдықталған жатын орын және ойнайтын бөлме. Онда тәрбиеші, бала бағушы және аспаз жұмыс істейді; ал ересек топтағы балалар үшін шет тілдерінің, ән-күйдің және сурет өнерінің оқытушылары шақыртылады. Үй балабақшасының жақсы жақтары: бала саны аз (3-5 бала), дербес тамақтану мәзірі, балаларға барынша назар аудару. Ал бірақ балабақшаның бұл түрінің бағасы өте қымбат, ал кей жағдайда ғимараты да тар болып келеді.

Ата-аналардың балабақшаның жақсы-жамандығын анықтау критерийі әртүрлі. Бірақ қандайда бір критерий бойынша балабақша таңдағанда, «мектепке дейінгі білім беру стандарты» барлық мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бірдей жүзеге асырылатынына кәміл сеніңіз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.predschool.kz – «Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі» сайты;

2) www.mamochka.kz – «Жүктіліктен мектепке дейін» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «балабақша таңдау», «балабақша түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

20. Алғашқы қоңырау. Баланы мектепке қалай даярлау керек?
Сәбилік шақ артта қалды, мектепке дейінгі кезең де зуылдап өте шықты. Енді аз ғана уақыттан соң сіздің балаңыз мектепке барады. Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?

Көптеген ата-аналар дайындық дегенді баласы оқу, санау және жазуды білсе болды деп біледі. Шындығында, бұл тек басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан да, әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе екен. Негізі мектепке барғанға дейін теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза білуі, санай алуы міндетті емес. Алайда, тәжірибе жүзінде мұның бәрін білгені өзіне пайдалы, өйткені оқудың қарқынына ілесу қиындап, бала «алдыңғы қатарлы» құрдастары арасында өзін қолайсыз сезінуі мүмкін. Бала өзін «ақсаусақ», қолынан ешнәрсе келмейтін оқушы ретінде сезінбес үшін, ата-аналарына мектепалды даярлыққа айтарлықтай мән беруге тура келеді. Сондықтан да, ерінбестен баламен даярлық сабақтарын өткізіп, үлкен жауапкершілік таныту не болмаса қолайлы уақыт пен ақша тауып, оны кәсіби мамандарға – дайындық курстарына (өзіңіз баланы апаратын мектеп ішіндегі курстар ең қолайлысы), баланы ерте бастан дамыту мекемелері немесе жеке педогогтар мен психологтарға тапсырған дұрыс болады. Әйтсе де есіңізде болсын, мектепке дайындық бірден жасала салатын нәрсе емес, оны кезең кезеңімен іске асыру керек!

Баланы мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі сәттер:


  • Жалпы ой-өрісін дамыту (баланың таным көкжиегін кеңейтудің ең озық тәсілі - онымен «өмір жайлы» әңгіме жүргізу, кітап оқу және оны талдау);

  • әріптер мен сандарды, геометриялық кескіндерді және түстерді, оңға/солға, үлкен/кіші, кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.;

  • мүмкіндігінше – оқи білуді (ең болмағанда буынға бөліп оқу) және санауды үйрету (ең болмағанда10-ға дейін);

  • міндетті түрде кіші қозғауыштарды дамыту, яғни, сүйектер мен саусақтардың икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға да, сондай-ақ тілді дамытуға да қажет болатын дүниелер (бала миынының құрылымында бұл екі орталықтың орны бар). Дәлірек айтқанда, баланың көбірек сурет салуы, конструктормен ойнауы, бірнәрсені жасауы, жапсыруы, ұсақ заттармен, мысалы, моншақ, тиын, сіріңке, тісшұқығыш сынды заттармен жұмыс істеуді меңгеруі керек, олардан картина немесе аппликация, тіпті олардан әр түрлі тізбектер жасап үйренуі керек, мұның бәрі оларды бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ отырып айналысуға үйретеді;

  • есте сақтау қабілетін жаттықтыру – яғни, әндер мен тақпақтарды жаттауды үйрету (мектепте болатын ертеңгіліктер мен жиындарда баланың жарқырап көрінуіне септігін тигізеді, бұл оның мектептегі өмірінің дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі);

  • сараптауды, жіктеуді дұрыс меңгеруге жаттықтыру – бұл баладан бір оқиғаны айтуды, яғни ең алдымен не болғанын, одан кейін қандай жағдай орын алғанын (себептік-жалғаспалы байланыстар) сұрау, түрлі картина бөліктерінен бүтін нәрсе құрастыру, заттарды қандай да бір белгілеріне қарай орналастыруды, жинақтауды тапсыру.

Алайда, баланың үйренуі оның мүмкіндіктері мен психикалық жетілуіне сәйкес келмейтінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, оның үйрену қабілеті баланың танымдық белсенділігінің жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп жағдайда ата-аналар өз баласына біліммен толтыру қажет бір ыдыс қана деп қарайды. Расында, «оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» дегендей, баланың жарқырай жануға дайын тұрған шырақ екенін, оны тек тұтату қажеттігін ескере бермейміз.

Оның үстіне тұтас беттегі тақпақты жатқа айтқан бала жақсы оқушы деп бағаланғанымен, шын мәнінде ол мектепке дайындығы бойынша, психологиялық, тұлғалық, қарым-қатынас тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан әлсіз, тіпті дайын емес те болуы мүмкін. Дәлірек айтсақ, білім қорынан басқа балаға:



  • коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды меңгеру,ияғни, өзі тұратын қоғамда қабылданған, күнделікті өмірдегі моральдық-адамгершілік қағидаларды пайдалана отырып, өз ортасымен түсінісе, араласа білуі керек;

  • өз құрдастарымен және өзінен үлкендермен байланыс орнатып, араласудан қорықпауы керек;

  • өз ұстанымын өркениетті әдістер арқылы қорғай білуі, орынсыз агрессияға, ашуға берілмеуі немесе керісінше, шектен тыс қорқақ, жасқаншақ болмағаны абзал;

  • мектептегі білім алу процесінің маңызын сезінуі, білім алудың не беретінін, мектепте оқудың тәртібі қандай екендігін білгені дұрыс;

  • бекітілген ережелерге бағынуы, тәртіп дегеннің не екенінен хабардар болуы және оның қажеттілігін түсінуі тиіс;

  • оқуға деген құлшынысы, оң көзқарасы қалыптасуы тиіс;

  • мұғалім берген тапсырма бойынша өз бастамасымен және өз әрекеттерін жоспарлы түрде орындап, олардың нәтижесі үшін жауап беруі тиіс (мысалы, портфелін өз бетінше жинап, үй тапсырмасын өз бетінше орындауы керек: егер сіз осы жұмыстарды бірінші сыныптан бастап, өз мойныңызға алсаңыз, бұл міндеттер балаңыз мектеп бітіргенше сіздің өзіңізге жүк болу мүмкіндігі 70% болады екен);

  • өз-өзіне деген оң қарым-қатынас қалыптасуы тиіс.

Әрине, мектепке деген дайындық бас пен оның жұмысына ғана емес, бүкіл ағзаның да дайындығын талап ететінін естен шығармаңыз: мектептің алғашқы жылында иммунитет жүктемесі ауырлайды, сондықтан да 1 сыныпқа барар алдындағы жаз айларында сабақтан өзге, физикалық дайындықпен де айналысқан абзал болар еді. Бала ағзасы көп қозғалысты (ең дұрысы, денсаулықтан өзге тәртіпке де үйрететін спорт секциясына жазылу), таза ауаны, толыққанды тамақтануды талап етеді.

Егер бала денсаулығына байланысты сұрақтар туындаса, дәрігермен міндетті түрде кеңесіп, оның оқу процесі мен жағдайын ретке келтіру бойынша ұсыныстарын тыңдау керек (мүмкін тіпті арнайы мектеп таңдауға тура келер).

Бірінші сыныптағылар үшін ең бастысы - бір нәрсені жасай алу мен дағдылану емес, мектепте қандай жағдай болса да, өз күшіне және ата-анасының қолдауына деген сенімділік екенін естен шығармаңыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.formula.kz – «Школа Онлайн» сайты;



2) www.detki.kz – ата-аналарға арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «баланы мектепке дайындау», «баланың мектепке дайындығы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

21. Мектепті қалай таңдау керек?
Мектеп – бұл әрбір бала үшін екінші үй. Ол мұнда тек бастапқы білім алып қана қоймай, адамдармен қарым-қатынасты, әріптестермен бірге өмір сүруді үйренеді. Оның қандай болып өсетіні де дәл осы мектепке байланысты болады. Мектепті таңдағанда неге назар аудару қажет:

1. Мектептің беделі. Сіздің ауданыңыздағы әр түрлі мектеп оқушыларының ата-аналары қандай пікір айтатынын тыңдаңыз. Сонымен қатар мектеп директоры мен ұстаздардың мектеп беделін көтеруге үлесі туралы білу де аса маңызды.

2. Сізге таңдауға ұсынған мектепке кіріңіз. Сіз не сезінесіз? Өзіңіздің көңіл-күйіңізді байқап көріңіз. Сіздің балаңыз әр таңда осы ғимаратқа келіп, көп уақытын осында өткізетін болады.

3. Бұл мектепте асхана бар ма? Әлі күнге дейін көптеген мектептерде тек буфет ғана бар.

4. Сіздің мектепте аптасына қанша оқу күні болады? Егер бес күндік болса, өте жақсы. Екі күн демалыста бала толыққанды тынығып, қайта қалпына келе алады.

5. Сіз таңдаған мектепте бастауыш сынып оқушыларының күні ұзартылған топтар бар ма? Егер ұзарту уақыты сағат 16:00-ге дейін болса, тіпті тамаша. Бұл балаларды түстендіреді, егер бала мектептегі үйірмелерге қатысса, үйірмелерге апарады, үй тапсырмасын орындауға және тексеруге көмектеседі. Жұмыс істеп жүрген ата-аналар сағат 16:00-ге дейін балаларына алаңсыз болады.

6. Мектепте қандай да бір үйірмелер және студиялар жұмыс істейді ме? Бұл баланы оқу күнінен кейінгі ары-бері тасулармен шаршатпауға көмектеседі. Баланың өзін әртүрлі өнерде, спортта қабілетін байқап көріп, таңдай алатын тегін үйірмелер бар ма? Көп балалар бір үйірмеден екіншісіне жазылып, оны тастап жүре береді.

7. Оқушылар ұстаздарының атын айта ма, әлде құрметпен айта ма, соған назар аударыңыз. Бұл көп нәрсе туралы хабардар етеді.

8. Тағы бір өте маңыздысы - күзет бар ма? Негізі бірінші сынып оқушыларын ата-аналарының қолына немесе күтушісінің қолына тапсыруы тиіс. Кей жағдайда мектепте күзет те, бақылау бейнекамерасы да бар, бірақ оқушыларды сабақ аяқталысымен мектептен шығарып жібереді. Баланы кім алып кетті, алып кетсе егер...

9. Сіздің балаңыз қандай бағдарламамен шұғылданатын болады? Кейбір мектептерде бірнеше оқыту бағдарламалары болады. Баланың жасы ұлғайған сайын ол нақты тәртіпке үйрене бастайды. Сол үшін сізге қажетті ұстаз жұмыс істейтін сыныпты таңдаңыз. Ал пән бойынша ұстаздар туралы ақпаратты директордың орынбасарлары беруі керек.



Мектептер қандай болуы мүмкін?

1. Шет тілін тереңдетіп оқытатын. Тілдер (нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі) сән-салтанаттан қажеттілікке айналғалы қашан. Осыған орай көптеген мектептер біраздан бері бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқытуға көшкен.

2. Физика-математикалық. Математикалық, физика-математикалық немесе химия-биологиялық мектептерге нақты және шынайы ғылымдарға қабілеті бар оқушыларды, ережеге сай жоғарғы сыныпта ауыстырады.

3. Гуманитарлық. Гуманитарлық бағыт бірнеше жыл бұрын сәнге айналған. Ондай мектептерде өсіп келе жатқан жас буынды логикаға, риторикаға, шығармашылық мәдениетке, құқықтануға және т.б. үйретеді. Алайда, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерді таңдағанда абай болу керек: олар гуманитарлық емес пәндерге бейімдеп, ең басты пәндер (әдебиет, тарих, тіл) назардан тыс қалып қояды.

4. Мамандануы сирек мектептер. Бұл жерде оқушыны ЖОО-ның белгілі бір мамандығына түсуге бағытталған, сондай-ақ бітірушіні мектепті бітіре сала жұмысқа тұрғызуға бағытталған оқу орны туралы айтылып отыр. Мұндай мектептер мен лицейлердің бағдарламаларына таңдап алған бағытқа байланысты бухгалтерлік есепті, экономиканы, құқықтануды, программалау тілдерін және т.б. оқыту кіреді. Бұл мектептерге көп жағдайда қабілеті нақты түрде болашақ мамандығын меңзеп тұрған балалар барады. Мұнда енді сіздің тұрғылықты жеріңізге көп нәрсе байланысты. Өйткені, мұндай мектептер барлық қалаларда бола бермейді. Ал егер бар болған жағдайда да, сіздің балаңыз үшін дәл осы мамандық керек деп ешкім кесіп айта алмайды.

5. Көркемдік-эстетикалық. Бұл мектептердің ішінде ең танымалы - балалар күнделікті сабағынан кейін баратын музыкалық білім беру мекемесін айтуға болады. Алайда арнайы маманданған пәндермен қатар жалпыға білім беру пәндерін жүргізетіндер де бар.

Көркем және би мектептерінде де бірінші сыныптан бастап кешенді түрде қосымша оқитындар бар, алайда мұнда жоғарғы сынып оқушыларына да есік ашық. Мұндай арнайы маманданған мектептерде күні бойы оқи отырып, балалар жоғары оқу орнына түсіп, өзінің болашақ өмірін де осы мамандықпен жалғастырады.

Естеріңізде болсын, мектепті таңдау – бұл өте жауапкершілікті және маңызды шара. Мектеп – баланың тұлға болып қалыптасуына өте қатты әсер ететін өміріндегі ең алғашқы әлеуметтік институт. Баланың ақыл-санасының дамуы қарқыны мен сапасы, оның болашақта кәсіби алға жылжуы, сондай-ақ, оның психологиялық, физиологиялық денсаулығы дұрыс жасалған таңдауға тікелей байланысты.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.mama.kz – бүкіл отбасына арналған портал;

2) www.shkolazhizni.ru – «Өмір мектебі» танымдық журналы» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мектеп түрлері», «мектеп таңдау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

22. Шет тілін білу не үшін қажет? Оларды үйрену жолдары.

Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл-күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.


Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады.

Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.



Тілді үйренудің жалпы ережелері:

1. Тіл үйренумен күн сайын айналысыңыз! Аптасына 10-12 сағат оқығанда ғана сәттілікке жетуге болады.

2.Сабақтарды түрлі нысандарда өткізіңіз (грамматикасын үйренуден шаршасаңыз – оқыңыз; оқудан шаршасаңыз – үйреніп жатқан тілдік аудиокурсты, радио немесе магнитофон және т.б. тыңдаңыз; үйреніп жатқан тілде фильмдер көріңіз).

3. Тізім бойынша емес, сөйлем құрамындағы сөздерді жаттаңыз (белгілі бір жағдайларда). Сізге «айтқым келіп еді», «назарыңызды аударғым келеді», «менің ойымша», «мән-мағынасы бар», «ойлануға бір минут уақыт беріңіз» және т.б. ауызекі сөздері біліп алыңыз, ал одан кейін әңгіме барысында кезекті сөздеріңізді ойыңызға түсіріп алу үшін уақыт ұтатындай, белгілі бір қыстырма сөздерді сөздік қорыңызға қоса бересіз.

4. Сол тілде сөйлей алатын адамдармен сөйлесудің кез келген мүмкіндігін пайдаланыңыз (бірақ тіл ортасына тек негізгі тілді жеткілікті білгеннен кейін ғана бару керек).

5. Өзіңізге ана тіліңізде қызықты болатын, тілдік қатынастардағы мәтіндерді мүмкіндігінше жаттап алыңыз.

6. Үйреніп жатқан тілдеріңізде көп оқыңыздар, онда да өзіңізге қызықты тақырыптарды оқыңыздар. Сонда ғана сіз өзіңізді оқуға міндеттемей, «одан кейін не болар екен» деген сұрақ оқуға итермелейтін болады. Мақалдар, мәтелдер, жаргондар және т.б. олардың мәндерін барынша кеңінен жаттау керек, (егер етістігі болса) оларды бірінші жақта айтып үйренген жақсы.

Қазіргі заманда шет тілдерін үйрену үшін Интернет көп мүмкіндік беріп отыр. Көптеген пайдалы сайттар тегін, дегенмен олардың ішінде де ақылы түрде қосымша (кеңейтілген) қызметтер ұсынады. Келесі сайттар сізге пайдалы:



Online сабақтар – бұл топқа белгілі бір уақыт ішінде түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін сайттар кіреді. Мысалы: www.livemocha.com.

Аудармашылар. Оn-line аудармашылардың кемшілігі көп болғанына қарамастан олар даусыз басымдықтарға ие, мысалы, олар қағаз басылымдарға қарағанда жедел жаңарады, www.lingvo.ru, www.translate.google.com және т.б.

Сонымен қатар, оқулықтар, кітаптар, журналдар, өлеңдердің сөздері, сөздіктер, оқу бағдарламалары және т.б. жинақталған бар электронды кітапханалар бар. Мысалы: www.greylib.uz., www.french-book.net, www.uz-translations.net.

Араласудан тәжірибе алудың ең логикалық тәсілі – үйреніп жатқан тіліңізде сөйлейтін елге барып, сол елде жергілікті тұрғындармен көп араласу. Бұл әдіс ең қымбат болатын әдіс, бірақ нәтижесі де соғұрлым жоғары - ол тілді жетік білуге дағды алуға мүмкіндік береді.

Егер Сіз тілдерді тіл курстарында үйренбек болсаңыз, онда бәрінен бұрын қай тілді таңдайтыныңызды білуіңіз қажет. Сіздің тіл үйренудегі мақсатыңыз жұмыс үшін бе, әлде, туристік мақсатқа керек пе, соны анықтау керек. Осыған байланысты нақты мақсаттарға қажетті қызмет, бағдарлама және оқу нысанының түрі таңдалады. Курстардың тақырыптарына да назар аударған жөн, өйткені өмірдің түрлі салаларына түрлі сөздік қор қажет.

Курсты анықтау кезінде не туралы ойлану керек? Бірінші кезекте оқытушылардың біліктілігіне. Бейіндік білім мен халықаралық сертификаттар – бұл жақсы баға. Бірақ, сонымен қатар, олардың курстарда жұмыс істеп, білім беру әдісі жақсы қалыптасқан болса, өте жақсы. Топтағы адамдардың санына да назар аударған жөн. Егер білім алушылар көп болса, басқа топқа барған жөн. Тіл курстарының міндетті түрде мемлекеттік үлгідегі лицензиясы болады, ол курсты аяқтаған соң берілетін құжатта көрсетіледі.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.learn-english.ru/ - ағылшын тілін үйренудің онлайн-курсы (тіркелу тегін, бірақ бірқатар оқу мәтіндері ақылы);

2) http://lingualeo.ru/ - LinguaLeo ағылшын сөздерін дауыстап айту, оқу және дұрыс сөйлеу дағдысын арттырушыларға, сондай-ақ күніне сөйлемдегі бірнеше сөзді есте сақтап өзінің сөздік қорын кеңейткісі келгендерге арналған (ресурс тегін, бірақ сайт әзірлеушілері қызметтердің ақылы түрлерін де пайдалануды ұсынады, олардың пікірі бойынша ол шет тілін үйренуді жеделдетеді);

3) http://ru.forvo.com/ - Сөздерді қалай айту керек екендігін білмейсіз бе? Өзіңізге қажетті сөзді тауып, «сөйлеу белгісін» басыңыз, сонда Сіз оның дұрыс айтылуын естисіз (тіркелу – тегін).

4) http://lexiconer.narod.ru/index.html - сөздік қорыңызды толықтыру үшін тегін бағдарлама;

5) www.lingva-city.com/software.html - мұнда шетел сөздері мен сөйлемдерін үйрену үшін бірнеше тегін оқу бағдарламалары жүргізіледі.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шет тілін игеру», «шет тілін игеру әдістері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

23. Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?
Жасөспірімдік жас – сындарлы жастық кезең. Осы кезеңде адам өзінің ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып жатқан өзгерістерді түсіне бастайды, алайда өзгерістердің себептері түсінікті бола бермейді. Сондықтан да сізге жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялық және психологиялық мәнін сезіне отырып, балаңызға қолдау мен көмек көрсетуге тура келеді

11-13 жасқа дейін балаға сыртқы орта маңызды рөл ойнайды. Ол сыртқы ортамен үлкен қызығушылықпен танысады, өзінің қиялы мен эмоциясын қосады. Ал жасөспірімдік дағдарыс кезеңінде бала өзінің жан-дүниесіне назар аудара бастайды, іштегі толқуларына қызығушылықпен қарап, айналасындағы адамдар арасында өз дәрежесі мен өзінің бірегей болмысын білгісі келеді.

Жасөспірімдік жастағы бала қанында үлкен көлемде өсу мен жыныстық гормондар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде баланың бойы мен салмағы артып, жыныстық жетілу, көңіл-күйінде өзгерістер байқалады.

Жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық және психологиялық өзгерістер мынадай нәтижелерге әкеледі:



  • өз бет-әлпетіне деген қызығушылық;

  • тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу;

  • құрбыларымен топтасу;

  • жыныстық қатынас пен жыныстар арасындағы қарым-қатынасқа деген жоғары қызығушылық;

  • жалғызсырау;

  • өзінің жеке кеңістігіне деген қажеттілік және оны қызғану;

  • кесіп айту, үзілді-кесілді пікір;

  • қаталдық көрсету арқылы ренжу.

Жасөспірім болып жатқан оқиғаларды, қоғам және ата-ана талаптарын қалыптасқан санасы арқылы өткізеді. Бала бір нәрсемен айналысып жатқан кезде оны басқа нәрсемен айналысуға мәжбүрлеу еш нәтиже бермейді. Баланы ынталандыру керек. Түсіндіру кезінде қажетті сөздерді тауып қолдану керек. Ашу кезінде айтылып қалған қатал сөздер - реніш, түсініспеушілік ешқандай нәтиже бермейді. Ата-аналарды тыныштандыратын әңгімелесу ғана емес, іс-әрекет те маңызға ие екенін ұмытпау қажет. Ол арқылы бала тұлға ретінде қалыптасады.

Әр ата-ана баласының өз теңін тауып, отбасы бақытына бөленуін армандайды. Алайда оны тек қалау аз. Бала үйде болып жатқан оқиғаларды санасына құйып отырады. Үйдегі қарым-қатынас оның болашағындағы өмірінің үлгісі ретінде қабылдануы керек. Отбасындағы қарым-қатынастар – ол баланың болашақтағы, ересек өміріндегі тәртібі. Бірқалыпты қарым-қатынас, махаббат арқа қағу мен бет сүюмен ғана емес, бір-біріне деген сыйластық, қолдау арқылы болатынын түсіндіру қажет. Бала жыныс арасындағы қарым-қатынастар туралы ойланған кезде, тек сексуальдық қызығушылықтардан бөлек, оған түсіністік және сүйіспеншілік негіздерін түсіндіруіңіз керек. Төсек қатынасы туралы әңгіме уақытында, егжей-тегжейсіз әрі құпиясыз айтылу керек. Сенімді диалог құрып, физиологиялық сұрақтарды түсіндіру керек.

Жасөспірімдік жас – барлық салаға өзгерістер әкелумен қатар, денсаулықта да өзгерістер байқалады. Балада физиологиялық, психологиялық өзгерістер орын алады. Осы мәселелер бәрі түйінді пробелмаға айналады. Бала үшін ол - ауыр жүк. Алайда жасөспірім осы кезеңнің сынақ уақыты екенін әлі сезбейді. Әлеуметтанушылардың зерттеулері бойынша, әр оныншы бала осы кезеңде өзі-өзіне қол жұмсау туралы ойланады екен. Әр бесіншісі мынадай сөз айтады: «Ештеңе де жақсы емес, үмітім үзілген, жылай бергім келе береді». Жалғызсырау сезімі оларға қорқыныш ұялатады. Ересек өмірге өтуді бақылап, оған жауапкершілікпен қарау керек. Беттегі бөртпелер және майланған шаш (май және жыныстық бездердің көптеп бөлінуінен) жағдайды қиындата түседі. Қыздар мен ұлдарда жыныстық жетілу мен түрлі эмоциялардың орын алуы өмірді жаңашылдықпен толтырады.

Сезім қабілеті де ерекше дами бастайды. Осы кезеңде бала бір нәрсемен айналысуды бастайды. Баланың осы қызығушылығын қолдау керек. Сезімдер даму керек. Ол қиын да күрделі қаншама түндерді жылаумен өткізуі мүмкін, алайда бұл эмоцияларсыз адам тұлға ретінде қалыптаса алмайды. Эмоциялық адам, өзгелерге де қызықсыз әрі тартымсыз болады.

Жасөспірім өмірінде оның мектептегі ұжымы, оның достары, жасөспірімдік жастың соңғы кезеңінде ортасы үлкен рөл атқарады. Ата-анамен қарым-қатынасы жақсы орныққан болса да, олар достарды алмастыра алмайды. Бұл баланың ересек өмірдегі шынайы, реніштер мен қуаныштардың алғашқы тәжірибесі. Балалар оның басымдықтарын достары арқасында қалыптастырады.

Балаға ұжыммен араласуға көмектесу керек, ол үшін маңызды сұрақтарын тыңдап, оның мәселесін шешуде көмектесу керек.



Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек?

1. Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.

2. Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз.

3. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі - өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз.

4. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.vitasite.ru/articles/baby-article/podrostok-article/ - денсаулық тақырыбына арналған сайт;

2) www.nnmama.ru/content/vospitanie/Upperschool/PsyArt1 - ата-аналарға арналған сайт;

3) http://www.megabook.ru/Rubricator.asp?RNode=3465 – энциклопедия.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жасөспірімдер», «жасөспірім жас» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

24. Мамандықты қалай таңдау керек?
«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.

Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдардың қасында болады. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, мамандарды ЖОО-да, колледждерде, техникумдарда және басқа да мамандарды дайындайтын кәсіби оқу орындарынан табуға болады. Олармен қалай кездесу керек? Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, өзіңді қызықтырған факультет деканатының, кафедраның қызметкерлерінен тиісті ақпарат алу. Сонымен қатар, ЖОО-ның кәсіби қызмет туралы, сол мамандық бойынша оқудың ерекшеліктері туралы нақты ақпарат бере алатын қызметкерлерімен жеке кездесу жөнінде келісуіңізге болады.

Енді таңдалған мамандықтың бағыты туралы түсінік. Бірнеше мамандық бойынша осындай түсінік алып, өзіңе не ұнайтынын, ненің ұнамайтынын, немен сәттілікке жететініңді, немен жете алмайтындығыңды шешесің. Мамандықтар туралы ақпаратты қаншалықты көп жинасаң, өлшесең, соғұрлым таңдауың нақты және түсінікті болады.

Мамандық таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі – мектептегі демалыс уақытында кәсіпорындарда тәжірибеден өту. Бұл тәсіл мамандық туралы шынайы түсінік алуға мүмкіндік береді.

Айтпақшы, сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің: «Бұл жұмыс маған не береді?». Көпшілігі жоғарғы еңбекақы алғылары келеді. Шындығында, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылысың қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді көп табасың.

Ал мамандық алып, кәсіпті игеру үшін оқу орнын таңдау керек екені түсінікті. Бұл жерде неге назар аудару керек? Кез келген оқу орнының басты құндылығы оның оқытушылық құрамы болып табылады. Мамандарды қалай дайындап шығаратындықтары оның кәсіби шеберлігіне байланысты екендігі саған белгілі. Сабақ кестелерімен де танысқан жөн. Оларда көрсетілген пәндер, сондай-ақ олардың әрқайсысына бөлінген сағат сандары аталған факультет ұсынатын білімнің көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Оқу процесінің техникалық және материалдық жабдықталуына да (кітапхана, компьютерлік сыныптар, арнайы жабдықталған бөлмелер және т.б.) назар аударған жөн. Студенттердің, әсіресе осы оқу орнының түлектерінің пікірін тыңдау керек.

Мамандық таңдау – қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады. Мамандық әлемімен танысуды 5-6 сыныптан бастаған тиімді.



Есте сақтаңыз! Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада табысқа жетеді. Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты, немен айналысқанда жан рахатына бөленесіз, соған назар аударған жөн.

Мамандық – бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!

Пайдалы сілтемелер:

  1. www.vyborprofessia.narod.ru – «Танымал мамандықты таңдау» сайты;

  2. http://mirsovetov.ru/a/miscellaneous/employment/correctly-choose-profession.html - «Пайдалы кеңестер» сайты;

  3. http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-11529/ - «Өмір мектебі» сайты;

  4. http://www.urc.ac.ru/abiturient/PsyTest/prof.html - «Абитуриент» жалпыресейлік ақпараттық-анықтамалық жүйе;

  5. http://www.find-job.ru/profession/ - мамандық таңдау бойынша ақпараттық портал;

  6. http://mirsovetov2.ru/page.php?id_n=371 – «Пайдалы кеңестер мен мақалалар» сайты;

  7. http://www.goldentime.ru/safe_prof_2.htm - «Алтын уақыт» сайты;

  8. http://nsk.erabota.ru/info/articles/5450/ - жұмыс пен қызметкерлерді іздеуге арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мамандық таңдау», «мамандықты қалай таңдау керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

25. Жоғары білімді қалай алуға болады?
Бүгінгі күні Қазақстанда 142 жоғарғы оқу орны бар. Жоғары білім алғысы келген әр адам ізденудің сан сатысында жүріп, ол үшін қандай оқу орны тиімді екендігі жайлы ойланады.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу түрінің 4 нысаны бар: күндізгі, кешкі, сырттай және дистанциялық. ЖОО түсу үшін оқушылар ұлттық бірыңғай тесттен (ҰБТ), ал орта арнайы оқу орындарын бітіргендер – кешенді тесттен (КТ) өтуі керек. Сонымен қатар, оқуды қаржыландырудың бірнеше: мемлекет есебінен, мемлекеттік емес көздерден, өз есебінен іске асырылатын тәсілдері бар.



  • мемлекет есебінен – мемлекеттік білім гранты және жоғары оқу орнының өз гранты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың гранттары мен стипендиялары және т.б.;

  • мемлекеттік емес қаржы көздері – атаулы стипендиялар, халықаралық ұйымдардың гранттары, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жеке гранттары, түрлі қорлардың демеушілік көмегі және т.б.;

  • жеке қаржы есебінен – өз қаржысы, банк несиесі.

Тестілеу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жоғары оқу орнына түсуші үздік талапкерлерге мемлекеттік білім гранты беріледі. Ол дегеніміз мемлекет есебінен тегін оқу және стипендия алу. Мемлекеттік грантты алуға «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық пән олимпиадалары мен конкурстардың жүлдегерлері басым құқыққа ие. Барлық мамандық бойынша мемлекеттік гранттардың саны мемлекеттік тапсырыспен белгіленеді. Гранттарды Білім және ғылым министрлігінің Конкурстық комиссиясы тағайындайды. Жоғары оқу орнына түсу үшін талапкер кем дегенде 50 балл жинауы керек (2010 жылғы жағдай бойынша). Ал мемлекеттік білім грантына ие боламын дегендерден жоғары білім көрсеткіштері талап етіледі. Сұранысқа ие мамандықтарға өту балдарын қабылдау комиссиясы белгілейді және олар, әдетте, жоғары болады.

Мемлекеттік білім несиесі кәсіби білім ақысын төлеу үшін конкурстық негізде беріледі. Несие алушы, жоғары оқу орны және банк арасында үшжақты келісім жасалады. Онда мына мәселелер қарастырылады:

  • несиені беру уақытына сәйкес толық оқу мерзіміне теңгемен берілетін несиенің жоспарланған көлемі;

  • несиенің берілу мақсаты;

  • несиені беру шарттары мен оны өтеу мерзімдері;

  • тараптардың міндеттері, оның ішінде несиені алушының несиені қайтару жөніндегі міндеттемелері (тұрақты табыс көзі бар бір немесе бірнеше жұмысқа қабілетті адамның немесе заңды тұлғаның сенім білдіруі).

Оқу бітіргеннен кейін банк Сіздің оқуыңызға жұмсалған бюджеттік қаржылардың жалпы сомасын көрсетіп, хабарлама береді.

Жеке грант тек талапкерге емес, сонымен бірге кез-келген курс студентіне бір семестрден бірнеше жылға дейінгі уақытқа берілуі мүмкін. Мұндай жоғары сенімді жоғары оқу үлгерімімен және үлгілі тәртіппен ақтау қажет. Егер семестр ойдағыдай аяқталмаса, онда грант беруші Сізге жұмсаған ақшасын қайтарып алуға немесе оның басқа студентке беруге құқығы бар.

Президенттік «Болашақ» стипендиясы. Бұл халықаралық стипендия Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған. Атап өтетін жайт, посткеңестік елдер ішінде Қазақстан алғашқы болып кадрларды шетелде дайындау бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарлама қазақстандық кадрларды шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында дайындауды көздейді. Стипендиаттар шетелге барып тек білім алып, тәжірибе жинақтап, іскерлік қарым-қатынастардың мәдениетін сіңіріп қана қоймай, сонымен бірге дамыған елдердің академиялық орталарында Қазақстанды жақсы жағынан танытады. Оқу бітіргеннен кейін олар мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдар мен акционерлік қоғамдарда қызмет етеді. Сөйтіп, еліміздің жаңа билік пен бизнес-элитасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жаңа білім беру кешені («Назарбаев университеті») – кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесіне: бакалавриат (жоғары білім) – магистратура – PhD (жоғары білімнен кейінгі білім) көшуді мақсат тұтады.

Жоғары оқу орнын таңдау кезінде оның орналасқан жері, оқу ақысы, мемлекет есебінен оқу мүмкіндігі туралы ақпарат алу қажет. Оқу орнында қосымша сынақтар, әңгімелесулер, емтихандардың болатын-болмайтынын білу де артық болмайды. Сапалы білім алу үшін оқу орнының техникалық жабдықталуы, оқытушылар құрамының сапасы, ғылыми-зерттеу немесе жобалау жұмыстарымен айналысу мүмкіндігі жайлы сұрастырған абзал. Сонымен бірге, тіл үйрену, шетелде іс-тәжірибеден өту, тренингтерге қатысу, білімді шетелде жалғастыру мүмкіндіктеріне назар аударыңыз.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 4 оқу түрі қарастырылған:


  • күндізгі;

  • кешкі;

  • сырттай;

  • қашықтықтан оқыту (дистанциялық).

Күндізгі оқу бөлімі (дипломда күндізгі оқу бөлімі көрсетіледі) – сабақ аптасына алты күн (бес күн оқитын ЖОО бар) өткізіледі. Сессия жазғы және қысқы уақытта жылына екі рет өтеді. Демалыс – шілде және тамыз айлары. Студенттер оқу мерзімінде әскер қатарынан босатылады.

Кешкі оқу бөлімі (дипломда күндізгі-кешкі оқу бөлімі көрсетіледі) – сабақ кешкі уақытта не демалыс күндері өткізіледі. Аралық аттестация сынақ және емтихан түрінде өтеді. Білім алудың бұл формасында оқуды жұмыстан босамай-ақ жалғастыруға болады және оқу бағдарламалары мен Сіз таңдап алған оқудан тыс шаралардың барынша үйлесімді болуы ескеріледі.

Сырттай оқу бөлімі (дипломда сырттай оқу бөлімі көрсетіледі). Сырттай оқу бөлімінде оқу дегеніміз өз бетінше ізденуді және оқу орнына жылына тек 2 рет, 20-30 күнтізбелік күнге жаңа білім алу мен сынақ пен емтихандарды тапсыру үшін баруды білдіреді.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып сырттай оқу бөлімі (дипломда сырттай оқу бөлімі көрсетіледі) – бұл Интернет арқылы қашықтықтан білім алу. Дистанциялық кәсіптік білім жеке график бойынша жүргізіліп, жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат қол жетімді болады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5115 болып енгізілді.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.edu.gov.kz/ - «Электрондық үкімет» порталы;

2) www.univer.kz/ - «Студенттік ақпараттық кеңістік. Қазақстандағы жоғары білім» сайты;

3) www.uchi.kz/ - «Қазақстанның білім қоғамдастығы» сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «Қазақстандағы жоғары білім», «жоғары білім алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


26. «Болашақ» стипендиясына ие болу үшін не істеу керек?
«Болашақ» халықаралық стипендиясы табысты карьералық өсудің және оның бітірушілерінің кәсіби қалыптасуының өзіндік кепілі. Мұның дәлелі ретінде ретінде бағдарламаның көптеген бітірушілері мемлекеттік қызметтерде, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтер атқарады. Мемлекеттік және халықаралық жобалардың бірнеше түрімен жұмыс жасайды, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша сіз АҚШ, Англия, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Қытай, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Жапония және т.б. елдерде білім ала аласыз.

Егер Сіз Қазақстанның азаматы болсаңыз, жасыңыз 18-35 жас аралығында болса, білім алу құжатыңыздағы орташа балыңыз 4,5 балдан төмен болмаса, сондай-ақ шетел тілін жақсы меңгерген болсаңыз, онда сіз Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуге мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін не істеу керек?

1. Үміткерлерді таңдау ережелерімен мұқият танысыңыз!



2. Барлық талаптарға сай болған жағдайда конкурсқа қатысу үшін құжаттарыңызды дайындауды бастаңыз. Ол үшін келесі материалдарды басшылыққа алыңыз:

- басымдық берілген мамандықтардың тізімі;

- жақын мамандықтардың тізімі;

- оқу тілін меңгерудің минималды деңгейіне қойылатын талап;

- үміткерлер толтыратын қағаз және электронды формалар.

3. Конкурсқа қатысу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сіз ұсынған құжаттардың барлығы файлды папкаларға нөмірленген реті бойынша салынуы керек, беттер нөмірі құжаттар тізімдемесіне ендірілуі қажет (Қосымша А-1, А-2).

4. Жеке құжаттарыңызды Орталыққа өзіңіз әкелуге, сенімді адамдардан арқылы, сондай-ақ поштамен жібере аласыз.

5. Орталықтың қызметкерлері барлық құжаттардың толықтығын, сауалнаманың дұрыс толтырылғанын, құжаттар мен ақпараттардың талаптарға сай келуін, берілген ақпараттардың сенімділігін, электронды және құжаттардағы ақпараттың бірегейлігін тексереді.

6. Ереже талаптарына сай болған жағдайда, Сіздің құжаттарыңыз өндіріске қабылданатын болады.

7. ЖОО-да алған сіздің мамандығыңыз ҚР жоғарғы кәсіби білім алу мамандықтарының жіктемесінде жоқ болса, құжаттарыңызды сіздің мамандығыңызға жақын мамандықтар бойынша конкурсқа жіберуді ҚР Білім және ғылым министрлігі дербес түрде шешеді.

8. Егер сіздің құжаттарыңыз бекітілген ережедегі талаптарға сай келмесе, онда Сіздің конкурсқа қатысу құжаттарыңыз қабылданбайды. Құжаттарыңызды пошта арқылы жіберсеңіз, Сізге құжаттарыңыздың қабылданбағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Сіздің жеке іс-қағаздарыңыз Орталықтың мұрағатына беріледі, оны ол жерден қолхат көрсетіп алып кетуіңізге болады.

9. Халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысушы үміткерлерге қойылатын барлық талаптарға сай болған жағдайда, Сіз конкурстың іріктеу бөліміне жіберілесіз.

Конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады:

1 кезең – тілдік және пәндік емтихан; психологиялық тестілеу; тәуелсіз сарапшылар комиссиясы мүшелерімен дербес әңгімелесу (1 тур үміткерлердің қатысуымен өтеді). Конкурстық іріктеу турынан өту жиналған құжаттардың мөлшері бойынша жүзеге асырылады.

2 кезең – шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық комиссияның отырысы.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы;

2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы;

3) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.edu-cip.kz – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайты;



2) www.uchi.kz - «Қазақстанның білім қоғамдастығы» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «Болашая стипендиясы», «Болашақ бағдарламасы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

III ТАРАУ. ТҰРҒЫН ҮЙ
27. Тұрғын үй алу жолдары
Жеке тұрғын үйге қол жеткізу – әр отбасы үшін бірінші кезектегі қажеттілік: оны қамтамасыз етпей, қоғамның қандай да бір әлеуметтік басымдылықтары туралы сөз қозғай алмаймыз. Тұрғын үйге қол жеткізудің бірнеше жолы бар:

Бірінші жол – тұрғын үйді мемлекеттік бағдарлама бойынша алу. Бұл бағдарлама балалары бар жас отбасыларға (29 жасқа толмаған), мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мемлекеттік мекеме жұмысшыларына, мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларына арналған. Халықтың көп бөлігінің алдын ала төлемді өтеуге қаражатының жеткіліксіздігін ескере отырып, несиелеу тұрғын үй құрылыс жинақ қоры арқылы алдын ала несие алу арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй алу мақсатында пайыздық төлемі жылына 4 %-дан аспайтын алдын ала және аралық несиелер береді. Осы несиелердің қолдану мерзімі – 8,5 жылға дейін, ал осыдан кейінгі тұрғын үй несиесінің мерзімін есептегенде (15 жылға дейін) несиені қолданудың жалпы мерзімі 23,5 жылға дейін болады.

Екінші жол – «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы «жалдамалы тұрғын үй». Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер кейіннен сатып алу мақсатында жалға беріледі немесе бірден сатылады. Жалға алу мерзімі 13 жылды құрайды, одан соң келісімнің шарттары дұрыс орындалған болса, тұрғын үй сіздің меншігіңізге өтеді. Сіздің төлемге қабілеттілігіңіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен расталады. Сіздің тұрғын үйдің бағасының 50 %-на дейінгі мөлшерде алдын ала төлем жасауыңызға, тек 5 жыл мерзімнен кейін ғана оны мерзімінен бұрын сатып алуға құқығыңыз бар. «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы жайында толық мәліметті www.kazproperty.kz сайтынан оқи аласыз.

Үшінші жол – несиеге тұрғын үй алу. Ипотекалық несие дегеніміз кепіл (несие алушының меншігіндегі мүлік немесе сатып алынатын мүлік) бойынша берілген несие. Сіз алдымен пәтерді алып, ал содан кейін ипотекалық несиені төлейсіз. Бұл іске банктер, сақтандырушылар, бағалаушылар араласады. Біріншілері ай сайынғы төлемнің тым көп болмауын қадағалап, ең тиімді ипотекалық бағдарламаны таңдауға көмектеседі. Екіншілері сізді және банкті келеңсіздіктерден қорғайды, үшіншілері пәтердің құнын орташа нарықтық деңгейде бекітеді.

Төртінші жол – тұрғын ғимараттар құрылысына үлестік қатысу арқылы пәтер сатып алу. Үлестік құрылысқа қатысушылардың саны төртеу: құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент. Мұнда банк-агент инвестор ретінде қатыса алады.

Мұнда құрылыс салушы үлестік құрылысқа өзі қатыспайды, ол әрбір тұрғын үйге жобалау компаниясын құрады, құрылыс салушы жобалау компаниясының жарғылық капиталына ақша, жер учаскесі, жобалау-сметалық құжаттама және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мүлік түрінде салым енгізеді.

Жобалау компаниясы банк-агентпен үлескердің ақшасын (депозитін) қабылдау туралы және инвестормен аталған объектіні қаржыландыру туралы шарттар жасасады.

Жалпы тұрғын ғимараттардың құрылысына үлестік қатысу тетігі мынадай:

1. Құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент арасында төрт жақты шарт жасалады.

2. Үлескер банк-агенттің депозитіне шарт бағасының кемінде 15 % мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді және оны шартқа сәйкес толтырып отырады.

3. Жобалау компаниясы өз қаражаты немесе инвестордың, оның ішінде банк-агенттің кредиті есебінен тұрғын үйді салады және пайдалануға береді.

4. Үлескер тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін алғаннан кейін банк-агент ақшаны үлескердің депозитінен жобалау компаниясына аударады, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді.

Алдағы міндеттемелерді толық орындағаннан кейін жобалау компаниясы жаңа жобаға қатысуы мүмкін.

Жобалау компаниясына ғана емес, сондай ақ құрылыс салушыға да біліктілік талаптары бар – кемінде үш жыл тұрғын жайлар тұрғызуға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кемінде жүз пәтерді пайдалануға беруге, кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өз капиталы болуына міндетті.



Бесінші жол – өз меншігіндегі тұрғын үй құрылысы. Жер үлестеріне қол жеткізу арқылы, мемлекет 2008-2010 жылдарға жеке меншік тұрғын үй құрылысын ынталандыру қарастырылған.

Есте сақтаңыз: несие арқылы үй алу Сіздің мойныңызға ұзақ мерзімді қарыз жүктейді. Тәуекелдің жоғары болуы, табыстың тұрақсыздығы, инфляция, қайғылы оқиғалар себебінен межелі уақытта несие төленбей қалуы мүмкін. Бұл баспаналы болу бақытына емес, керісінше, кепілде тұрған баспанадан айрылу және көп көлемдегі қарызға апарып соғуы әбден мүмкін. Сарапшылар несие арқылы баспаналы болу жолдарын таңдамауға кеңес береді.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz – «Қазақстан Республикасының электронды Үкіметінің» сайты («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі);

2) www.kazproperty.kz – «Самрұқ-Қазына» қоры» АҚ сайты;

28. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан қалай үй алуға болады?
Біздің республикамызда белгілі бір себептермен тұрғын үй сатып ала алмайтын азаматтар санаты бар. Мемлекет халықтың бірнеше санаттарына тегін тұрғын үй құқығын берді.

Бәрінен бұрын бұл – Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда), мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, көп балалы отбасылар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар.

Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бірқатар талаптар белгіленген, оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға үміткер азаматтар сәйкес келуге тиіс:

1) аталған елді мекенде тұруы;

2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай беруге өтініш жасау алдындағы соңғы 12 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейін артық болмау керек. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 952 теңге деп белгіленген.

3) тұрғын үйге мұқтаж деп тану.

Азаматтар егер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;

2) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;

3) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе;

4) оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;

5) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Заңда тұрғын үй азаматтарға жергілікті атқарушы органдағы тұрғылықты жері бойынша барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi деп белгіленген. Аталған тізімдерге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең. Тұрғын үй алуға осы тізімдерге енгiзiлген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.

Сізді тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекке қою үшін өзіңіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Тұрғын үй басқармасының азаматтарды тіркеу бөліміне барып, тиісті құжаттарды тапсыруыңыз қажет.

Азаматтардың өздеріне және олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кезекке қою туралы өтініштері бір ай ішінде қаралады. Қабылданған шешім туралы өтініш иелеріне аталған мерзім өткеннен кейін жазбаша түрде ақпарат беріледі.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.zakon.kz/ – ақпараттық портал;



2) www.astana.kz/ – Астана қаласының ресми сайты («Тұрғын үй» бөлімі);

3) www.ads.gov.kz/ – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үй қорынан үй алу», «коммуналдық тұрғын үй қоры» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

29. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қалай тұрғын үй алуға болады?
Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алуға құқығы бар басымдыққа ие адамдар санатына: балалары бар (29 жасқа толмаған) жас отбасылар; мемлекеттік қызметшілер; мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері; мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері жатады.

Егер Сіз азаматтардың аталған санаттарының біріне кіретін болсаңыз, құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы хабарланған сәттен бастап тұрғылықты жеріңіз бойынша Тұрғын үй басқармасына белгіленген үлгідегі жазбаша өтінішті және мынадай құжаттарды тапсырыңыз:

1) өзіңіздің және барлық отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

2) осы елді-мекендегі жұмыс орныңыздан (еріңіздің/жұбайыңыздың) мемлекеттік қызмет өтіліңіз, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемедегі немесе мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтіліңіз көрсетілген анықтама;

3) неке туралы (некені бұзу, ерінің/жұбайының өлгені туралы куәлік) және балаңыздың (бар болса) туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) кадр қызметімен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе қызметтік тізімінен үзінді;

5) азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітапшасы) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тиісті елді-мекенде тұратындығын растайтын анықтама;

6) жұмыс орныңыздан құжатты тапсыру айымен есептегенде соңғы 12 айдағы еңбекақыңыз туралы анықтама;

7) жеке шотыңыз бойынша құжатты тапсыру айының алдындағы соңғы 12 айдағы ақшаңыздың қозғалысы туралы анықтама (мүшелері мемлекеттік органдардың, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері болып табылмайтын жас отбасылар үшін);

8) жүктілігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);

9) мүгедектігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);

10) сот атқарушы органдарының алдында және банктік займдар бойынша міндеттемелер болған жағдайда займ шарты және (немесе) сот шешімінің көшірмелері ұсынылады.



Назар аударыңыз! Сізден тізімде көрсетілген құжаттардан басқа құжаттарды талап етпеуі тиіс!

Уәкілетті орган сізде және сіздің отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болуы (немесе болмауы) туралы мәлімет алу үшін тіркеуші органға сұраным жібереді. Сұранымға алынған жауап тұрғын үй комиссиясына жіберіледі. Тұрғын үй комиссиясы қарыз берушіге («Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ұсыну үшін жолдама берілетін алдын ала іріктеуден өткен өтініш иелерінің тізімін жасайды.

Содан кейін, сіз қарыз берушіге уәкілетті орган берген жолдаманы және қарыз берушінің талабына сәйкес, Сіздің төлем қабілеттілігіңізді бағалауды жүзеге асыру үшін несиелік тапсырысты бересіз. Қарыз беруші тұрғын үйді пайдалануға бергенге дейін кемінде екі айдың ішінде (бірақ алты айдан ерте емес) сіздің төлем қабілеттілігіңізді жүзеге асырады.

Сіз Қарыз берушіден хабарлама алып, оны уәкілетті органға бересіз. Тұрғын үй комиссиясы іріктеуден өткен өтініш иесінің тізімін құрастырып, ол тұрғын үйді сату туралы шешіммен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Соңғы кезеңде сіз сатып алу-сату шартын, займ шартын жасасасыз, тұрғын үйге меншік құқығын тіркейсіз. Мемлекет азаматтардың басымды санаттарын оларға тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесімен орташа алғандағы құны бір шаршы метрге 56515 теңгеден аспайтын, арзан бағалы тұрғын үйді сату арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасады.

Басым санаттарға жататын азаматтардың көпшілігінің бірінші кезектегі салымдарын төлеуге қаражатының жоқтығын ескеріп, оларды несиелеу алдын ала займды пайдаланып, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ халықтың басым санаттарына (төлем қабілеттілігін растаған жағдайда) жылына 4%-дан аспайтын пайыздық мөлшер бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйді сатып алу үшін алдын ала және аралық тұрғын үй займын ұсынады. Аталған займдарды пайдалану 8,5 жылға дейін мерзімді құрайды, ал тұрғын үй займын пайдаланудың кейінгі мерзімін (15 жылға дейін) ескеріп, займ берудің жалпы мерзімі 23,5 жылды құрайды.

Алдын ала тұрғын үй займы тұрғын үй сатып алуды қаржыландырудың басты құралының бірі, сондай-ақ ол қажетті бастапқы төлемнің ең аз мөлшерде болуымен және жинақтаудың міндетті мерзімі қажет болмайтындығы арқасында мәселені жеңіл шешуге көмектеседі.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының тиісті жылға (жылдарға) арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылға арналған қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

1) http://www.astana.kz/index.php?option=com_content&task=blogcategory&id=836&Itemid=684Астана қаласы әкімдігінің сайты («Тұрғын үй» бөлімі);

2) www.ads.gov.kz/ru/ - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала істері агенттігінің сайты;

3) www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/serviceslibrary/gu2010/citizenrygu/kategorii citizenry/ipoteka&lang=ru - «электронды үкімет» порталы;

4) www.kn.kz/articles.php - «Жылжымайтын мүлік» ақпараттық порталы («Баптар, кеңестер» бөлімі).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы», «тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

30. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы қалай тұрғын үйді алуға болады?
Қазіргі уақытта жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік қоры) іске асыруда.

Жылжымайтын мүлік қоры жалдау және кейін сатып алатын жалдау талаптарында тұрғын жай береді. Бұл нені білдіреді?

Бірінші жағдайда - жалға алушы тұрғын жайды ақысын төлеп уақытша иелікке және пайдалануға алады, ал екінші жағдайда - жалға алушы жалдау мерзімі өткеннен кейін, не болмаса мерзімінен бұрын сатып алу арқылы пәтердің меншік иесі бола алады. Кейіннен сатып алатын жалдау шарты 13 жылға дейін жасалады. Жалға алушы жалға алынған орын-жайды тек 5 жылға жалдағаннан кейін ғана мерзімінен бұрын сатып ала алады. Жалға алушы жалдау шартына қол қойған кезде, сондай-ақ алғашқы 5 жыл ішінде, алғашқы салымды енгізе алады және/немесе орын-жайдың құнының жартысын мерзімінен бұрын өтей алады. Сонымен қатар, мерзімінен бұрын өтеу көлемі орын-жайда сату құнының 50%-нан аспауы тиіс.

Тұрғын үй алуға кім үміткер бола алады?



Біріншіден, тұрғын үй тек меншігінде үйлері жоқ (кемінде 1 күнтізбелік жыл) немесе тұрғын алуға ниет білдірген өтініш иесінің сол елді-мекенде тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттілігі бар (тұрғын үйдің жалпы алаңы 1 адам үшін 18 ш.м. аспайтын) тұлғаларға беріледі.

Екіншіден, тұрғын үй алуға үміткер болған барлық адамдар өздерінің төлем қабілеттіліктерін растаулары қажет. Төлем қабілеттілігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ҚТҚЖБ) есептеген ең жоғарғы жалдамалы төлем сомасының (ЕЖТС) көрсеткішінен анықталады.

Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын барлық объектілер үш топқа бөлінеді: әлеуметтік-класс, эконом-класс және бизнес-класс. Осы топтардың арасында негізгі айырмашылығы тұрғын үйдің техникалық өлшемдеріне, жалпы және тұрғын алаңы, төбесінің биіктігі, қауіпсіздіктің заманауи жүйелерімен қамтамасыз етілуі, үнемділігі мен ыңғайлылығы және т.б. байланысты болады.



Қор іске асыратын бағдарламалардың қатысушысы атануға мүмкіндігі.

1. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда» газеттерінде және Жылжымайтын мүлік қорының www.kazproperty.kz веб-сайтында кезекті объектіде тұрғын үй бөлуге өтінім қабылдау туралы хабарландыру жарияланады. Сонымен қатар, аталған веб-сайтта сіз бағдарламаға қосылған тұрғын үй кешендері (нақты объектілер, олардың орналасқан жері пәтерлердің үлгілік жобалануы және т.б.) туралы нақты ақпарат ала аласыз.

2. Өтінім қабылдау басталғаннан кейін сіз ҚТҚЖБ-ға ЕЖТС есептеу үшін қажетті құжаттар тізімін (қажетті құжаттардың тізімін www.kazproperty.kz сайтынан көре аласыз) беруіңіз қажет.

3. ҚТҚЖБ құжаттарды қабылдап алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде ЕЖТС есебін жүргізеді және ЕЖТС көрсеткішін Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясына Банктің ресми бланкісінде, көшірмесін Сізге береді.

4. Қабылдау басталғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей, яғни өтінімді қабылдау аяқталған күннен кешіктірмей сіз Басқарушы компанияға (БК) құжаттардың толық тізімін (қажетті құжаттардың тізімін www.kazproperty.kz сайтынан ала аласыз) беруіңіз қажет. Басқарушы компанияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және өтініш иесімен бірлесіп осы Қордың базасында өтініш-сауалнаманы толтырып, тіркейді, сонымен қатар, оған орын-жай бөлуге құжаттарды қабылдаудың орны, күні және нақты уақыты көрсетілген жеке нөмір береді.

5. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін БК төлем қабілеттілігі бар өтініш иелерін іріктейді және тұрғын үйді бөлудің басымдылығына сәйкес әрбір объект үшін рейтинг қалыптастырады.

6. БК рейтингке сәйкес тұрғын жайды алдын ала бөлуді жүзеге асырады.

7. Қордың тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен шешім қабылдайды және Өтініш берушілерге бекітілген тұрғын үйді бөлудің тізбесін бекітеді.

8. Өтініш иелерінің және оларға бекітілген пәтерлердің тізімі «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда» газеттерінде және www.kazproperty.kz веб-сайтында жарияланады.

9. Тұрғын үйді бөлудің бекітілген тізімін алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде БК Өтініш иесімен шарт жасасады.

10. Жалдау және кейіннен сатып алатын жалдау шартын жасасқаннан кейін 3 күннің ішінде Өтініш иелері кепілдік төлем, алғашқы салым (ол болған жағдайды) төлеуі тиіс. Сонымен қатар, олар шарттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізулері қажет.

11. Шарттар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде БК үй-жайды қабылдау-беру актісінің негізінде Өтініш берушілерге тұрғын үйді тапсыруды жүргізеді.



Маңызды! Жалға алынған немесе кейіннен сатып алатын жалға алынған пәтерлерді жалға алушылар үшінші тұлғаға жалға бермей, мақсаты бойынша пайдалануы тиіс.

Ескерту. Жылжымайтын мүлік қорының жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының талаптары уақыт өте өзгеруі мүмкін, сондықтан соңғы ақпарат үшін мына сайтқа кіріңіз - www.kazproperty.kz

Пайдалы сілтемелер:

1) www.kazproperty.kz – «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ сайты;

2) www.astana.kz – Астана қаласының ресми сайты («Тұрғын үй» бөлімі).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «Самрұқ-Қазына қорынан үй алу», «Самрұқ-Қазына қорының жылжымайтын мүлік қоры» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

31. Тұрғын үй саламын десеңіз...
Біздің әрбіріміз өзіміздің жеке үйіміз болса деп армандаймыз. Әрине, көп қабатты үйдің кіре берісіндегі ұсақ-түйек мәселелер, есік алдындағы жастардың түні бойғы даңғаза шуы, өмірі бітпейтін жөндеу жұмыстары мен болмашыға бола есігіңді қағып тұратын қытымыр көршілердің әрекетінен талайымызды бұл ой сан рет шаршатқан да болар.

Үй салу үшін жер телімі болуы керек екенін білетін боларсыз. Мемлекет жер телімін беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруды ынталандыруды қарастырған:



  • 10 соттықтан артық емес жер телімдері тегін беріледі;

  • Мұндай алаптар құрылыс басталғанға дейін инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымдармен жарақтандырылады;

  • Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) берілген алаңдар бекітілген бас жоспарға, детальдық жоспарлау жобасы құрылыс салу ережесі және елді-мекеннің жер-шаруашылық құрылымдарының жобасына сәйкес, алаппен қоршалуы тиіс.

Заңды құрылыс жұмыстарын бастау үшін, сіз жергілікті билік орындарынан келісімдер алуыңыз керек болады.

1. Сіз атқарушы биліктің жергілікті органынан үй құрылысын салуға рұқсат беретін қаулыны аласыз. Ол үшін сізге жерге иелік құқығыңызды білдіретін құжат, паспорт және оның көшірмесі, атқарушы биліктің жергілікті орган басшысы атына жазылған үй құрылысын салуға рұқсат беру туралы өтініш, үй жобасының көшірмесі мен жобалау ұйымының лицензиясының көшірмесі керек болады. Егер сіз кондоминиум қатысушысы болсаңыз, онда жобаны кондоминиум көршілермен де келісуіңіз керек.

2. Аудандық сәулет комитетінің геобақылау бөлімінің мамандарына жер телімін зерттеу бойынша актіге (жер телімінің шекаралары мен құрылыс осьтерін бөлу актісі) немесе өз бетіңізше құрылыс жүргізгіңіз келсе (іргетастан бастап ары қарай)  —  жер телімі мен үйдің атқарушылық топотүсірілімінің жоспарын құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Бұдан басқа, жер телімінің және құрылыс жүргізілетін ғимарат остерін шығаруға тапсырыс беру керек, егер құрылыс бұдан бұрынғы иелермен басталып қойған болса, жер телімінің жоспары мен жер куәлігінің көшірмесін ұсына отырып, үй мен жер телімінің топотүсіріліміне тапсырысты толтыру қажет болады.

3. Осы комитетке объектінің құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Оған келесі құжаттар қажет болады: паспорт және оның көшірмесі, жер куәлігі және жер телімінің жоспары, аудан басшысының атына жазылған құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтініш, құрылыс салуға рұқсат бергендігі туралы атқарушы биліктің қаулысы (өтініш), үй жобасы, жобалауға рұқсат берген лицензияның расталған көшірмесі, құрылыс басталмас бұрынғы жер телімін қарау актісі немесе құрылыс паспорты үшін жасалған топотүсірілім жоспары.

4. Құрылыстың жер телімінде орналасу жоспарына санитарлық және өрт инспекцияларының келісімін алыңыз. Жер теліміне жер асты және жер үсті коммуникацияларын жүргізу қажет болған жағдайда тиісті бақылаушы ұйымдармен (газбен жабдықтаушылардан бастап энергетиктерге дейін) жоспарға келісімін алыңыз.

5. Барлық келісімдері алынған жоспарды аудандық сәулеткерлік комитетіне апарып, объектінің дайын құрылыс паспортын алыңыз.

Бұдан басқа екі маңызды мәселе:

1. Егер үйдің жалпы көлемі 500 ш. м асып кетсе, құрылысты тағы да сол аудандық сәулеткерлік комитеті беретін сәулеткерлік жоспарлау тапсырмасына (ҮЖТ) сәйкес салуға тура келеді. ҮЖТ қалақұрылысы құжатында бекітілген сәулеткерлік объектінің экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы міндетті ережелерін, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау талаптарын, ерекше жағдайдағы құрылыстарды салуға көрсетпені және осы құрылыс барысында мүдделері қозғалатын заңды және жеке тұлғалардың құқын бұзбау талаптарын қамтуы тиіс. ҮЖТ-ны алу үшін жер теліміне сіздің иелік құқығыңызды растайтын құжаттарды (ұйғарым құқығы) немесе жер телімі меншік иесінің осы жерде жобалауға берген рұқсатын және өтінімді дайындау керек. Үй салмас бұрын, рұқсат беретін құжаттарды алғаннан кейін, бұдан басқа тағы да жер жұмыстары өндірісіне, құрылыс-монтаж жұмыстарына, және ең соңынан құрылыс біткен кезде сіздің салынған үйіңізді қабылдайтын ведомоствоаралық комиссияның (ВАК) құрылыс салуға беретін рұқсатын алу керек болады. Сіз алған құжаттардың барлығы екі жыл мерзімге жарамды болатынын ұмытпаңыз.

2. Есіңізде болсын, құрылыс барысындағы жобадағы барлық өзгерістер, (10%-дан жоғары болатын) ауданның бас сәулеткерінің рұқсатымен ғана іске асырылады. Жер теліміндегі келісілген үй жобасында және жер теліміне құрылыс тұрғызу жоспарында көрініс таппаған қосымша құрылыстар аудан әкімшілігінің және бас сәулеткердің рұқсатымен ғана іске асырылатынын ұмытпаңыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zakon.kz – ақпараттық портал;

2) www.ads.gov.kz/kz/ - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің сайты;

3) www.builder.kz – «Қазақстанның құрылыс порталы» сайты;

4) http://stroisowet.ru/ - «Строим сами. Строим вместе» сайты;

5) http://samstroidom.ru/ - «Построй свой дом сам» сайты.

6) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үй салу», «тұрғын үй құрылысы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
32. Тұрғын үйдің техникалық жағдайын қалай тексеруге болады?
Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсетуді тексеру ғимараттың ақауларын дер кезінде анықтау, олардың туындау себебін белгілеу және жою шараларын дайындау мақсатында жүргізіледі. Ғимараттарды тексеру кезінде жалпыға ортақ қосалқы орын-жайлардың (тұрғын үйдің жалпы мүлігі) пайдаланылуына және жалпы жағдайына бақылау жүргізіледі, тексеруге берілген уақыт ішінде жоюға болатын аздаған кемшіліктерін түзетеді.

Тұрғын үйдің техникалық жағдайына тексеру жүргізу кезінде мынадай жұмыс түрлері жасалады:

1) ғимараттың техникалық жағдайын, оның инженерлік желілерін (тіректер мен инженерлік жабдықтарға алып баратын құбыр желілерін оларда орналасқан тіректік-реттеуші арматураларымен қоса) толық тексеру;

2) анықталған ақауларды жою жоспарын әзірлей отырып жақын аумақтардың инженерлік жабдықтарын тексеру және абаттандыру;

3) тұрғын орын-жайларды пайдалану, тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы орын-жайларын қалпында ұстап тұру, инженерлік жабдықтарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша тұрғын үй жалдаушылар мен меншік иелеріне нұсқаулықтар беру;

4) анықталған ақауларды жоюға тапсырма беру (қажет болған жағдайда) және оларды жою мерзімін белгілеу, сондай-ақ алдын-ала берілген тапсырмаға сәйкес ақаулардың жөнделуін бақылау.

Тұрғын үйдің жалпыға ортақ мүлігінің техникалық жағдайына тексеру жүргізу үшін пәтер иелері тұрғылықты жері бойынша әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй инспекциясына үйді тексеру және оның техникалық жағдайы туралы акт беруге жазбаша өтініш беруі тиіс.

Тұрғын үй инспекциясы уәкілетті орган ретінде:

1) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкінің техникалық тексерісін ұйымдастырады;

2) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесі мен кезегін анықтайды;

3) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тұрғындардың көмегімен қаржыландырылған шығындары сметасын кондоминимум нысанын басқарудың ұсынылған органына келісуге алып барады;

4) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияларға қатысады.



Ескерту. Кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны.

Кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен.

Кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.

Тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқару, пайдалану мәселелері бойынша шешім пәтер меншік иелерінің келісімімен қабылданады, ал ПИК басқару органы пәтер меншік иелері қабылдаған шешімді орындайды.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.nash-dom.info/ - «Наш Дом» сайты;

2) www.building.bk.kz/ - Қазақстанның құрылыс порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үйдің техникалық жағдайын тексеру», «үйдің техникалық жағдайы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

33. Пәтерді қайта жобалау үшін не істеу керек?
Осы күнде ешбір толыққанды жөндеу жұмыстары қайта жобалаусыз жүзеге аспайды. Адамдар әдетте өз тұрақтарын өз талғамдарына, әдеттеріне және жайлылық туралы түсініктеріне байланысты «бейімдейді». Сол себепті артық қабырғаны алып тастау, бөлмелердің кескінін өзгерту, дыбыстық оқшаулануды арттыру, еден төсемдерін өзгертіп, оған жылы еден орнату, лоджияға терезе салу және сол сияқты көптеген қажеттіліктер туындайды. Алайда бұл ойлардың барлығын жүзеге асыру үшін әр түрлі қажетті орындардан сәйкес рұқсаттар алу қажет.

Қайта жоспарлауға рұқсат алу үшін сіз мемлекеттік өкілеттілігі бар сәулет, құрылыс және қала құрылысы органдарына өтініш тастауыңыз қажет.

Арызға қосымша ретінде:Подпункт 1 изложен в редакции постановления Правительства РК от 29.09.09 г. № 1467 (см. стар. ред.)

1) Сіздің өзгертілетін орынға (ғимарат бөлігіне) иелігіңізді куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтінішті қарастырып отырған орган құжаттардың растығын тексеруі үшін құжаттардың түпнұсқалары салынуы қажет немесе өзгертуге келісімі жөніндегі орын иесінің (немесе иелерінің) нотариалды куәландырылған хаты;

2) жергілікті сәулет және қала құрылысы органының тапсырмасына сәйкестендірілген жоба (эскиз) қажет.

Егер орынды (тұрғын үй бөлігін) жоспарланған қайта жөндеу жұмыстары (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе қабырғаларды жылжыту өзге тұрғын орындарының мүддесіне әсер ететін жағдай туындаса, онда өтінішке оларың осы өзгерістерді енгізуге жазбаша түрдегі нотариалды куәландырылған келісімдері қосылуы қажет.

Орындарды (ғимарат бөліктерін) өзгертуге бағытталған құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат беру немесе бермеу жөнінде өтініш тасталғаннан кейін 5 күн ішінде хабарлануы керек.

Егер қайта жоспарлау кезінде өзгерістер тұғырлық конструкцияларға (құрылымдарға) немесе ортақ мүлікке әсер ететін болса, сіздің тұрғын үйіңіздегі пәтер иелерінің кем дегенде үштен екі бөлігінің жазбаша түрдегі келісімі қажет. Ал егер өзгерістер тек өзге орындардың (үй бөліктерінің) иелеріне әсер етсе немесе пәтердің өзгертілетін бөліктерімен шектесетін пәтер иесіне әсер етсе, ол жағдайда тек аталған тұлғалардың жазбаша келісімдері жеткілікті.

Рұқсатсыз қайта жоспарлау құрылыс нормалары мен ережелерінің, өрттен сақтандыру және санитарлық талаптардың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде тұрғын үйдің жекеленген құрылымдары мен жүйелерінің және жалпы техникалық жағдайға әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Нәтижесінде, бұл түрлі айыппұлдарға, тіпті пәтердің тәркіленуіне әкеліп соғады.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.krisha.kz – «Крыша» сайты;

2) www.kn.kz/ - «Недвижимость Казахстана» сайты;

3) www.tumba.kz – «Тумба» газетінің сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пәтерді жобалау», «пәтерді қайта жобалау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

34. Үйдегі жылуды қалай сақтап тұруға болады?
Қысқы суық күндерде үйде жылу мен жайлылық жетіспейді. Жылу сақтаудың ең қарапайым жолы - терезе, қабырға, еден мен есікті жылыту.

Терезелерді жылыту үшін жақтауға поролон не мақта тығып, қалыңдығы 4-5 см. мақталық қағаз жабыстыру керек. Ол үшін ескі ақ жайма жарайды. Кесілген жолақтарды сулатып, кір сабын жағу керек. Ондай жолақтар оңай жабысып, қыс бойы ұстап тұрады. Олар қағазға қарағанда икемді, терезелердің сұқпа тиектері мен ілмектерін жабады. Мата қағаз сияқты сарғаймайды, қыс бойы бүлінбей, көктемде жеңіл алынады. Мата жолақтарын бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Көктемде оларды жуып, кептіріп, орамаға орап, келесі қысқа дейін сақтауға болады.

Немесе суы бар банкада парафи­нді (оны дәріханадан алуға болады) немесе май шамның шырақ тұқылын 70°С температурада ерітуге болады. Сол суда бір реттік инесіз шприцті қыздыру керек (көлемі үлкен болса, тіпті жақсы). Одан кейін парафинді жинақтап, суымай тұрғанда терезе саңылауларына салу керек. Бұл әдіс қарапайым және жедел. Ал көктемде терезені ашқан кезде, ол өз-өзінен түсіп қалады.

Терезе пен әйнектерді жабыстыру – бір ғана шара. Жылу тек конвекционды ағындар мен саңылаулар есебінен жоғалып кетпейді, түссіз әйнекке шағылысудан да жоғалуы мүмкін. Сондықтан да суықта терезеге тығыз перделер іліп қойған дұрыс, ашық түсті болған жөн. Олар қара түстілерге қарағанда жылуды көп сіңіреді. Аязда оларды тартып көтеріп қояды. Ал үйлердің көбінде олар жылыту радиаторларының үстінде орналасып, ұзын болғандықтан, түсіріп қойған кезде, жылытуды шектейді. Сондықтан олар қысқа болған жөн.

Тағы бір әдіс – қазіргі заманғы пластик терезелерді орналастыру, яғни шыныпакеттер. Ол арзан болмағанымен, сапасы жағынан ең тиімдісі. Пластик терезе құрылымының бір ерекшелігі – жылыны ұстап тұрады, тіпті қатты жел болғанда, терезе оны өткізбейді, сондықтан қысқы мезгілде қосымша жылыту бойынша шаралар жасаудың қажеті болмайды. Жылыту бойынша шараларсыз пластик терезелер бөлме температурасын 5 градусқа көтере алады. Шыныпакеттердің жылу сақтағыш бетінің болуы электр энергияны үнемдейді, қысқы уақытта әйнек беті қайтадан бөлмеге инфрақызыл толқынды шағылыстырады. Соның нәтижесінде жылу сақталып тұрады. Ал жазда әйнек беті күннің жылуын шағылыстырады, соның нәтижесінде күн жағында орналасқан орын-жай ысып кетпейді.

Сонымен қатар, терезелерді жиі реттеп тұрыңыз, өйткені резеңке нығыздауышы босап, соның нәтижесінде жел немесе жылу сақтау қабілеті нашарлайды.

Есіктің ойықтарына синтетикалық негізде жасалған арнайы жабысқақ тығыздауыштар орнатылады. Осылайша есіктер біраз жылытылады. Егер жаңа есіктер қойылса, онда есік қорабы тығыз орналасу керек. Ол үшін жаңа есіктің сапалы орнатылуынан кейін, қосымша оның бойына құрылыс көбігін жағуға болады. Көбік кепкеннен кейін, ішкі орын-жай біршама жылынады.

Еден – пәтер жайлылығының негізгі бөлігі. Суық плиталардан гөрі, жылы еденмен жүрген жақсы. Жылуы дұрыс жолға қойылған орын-жайдың едені де жылы болу керек. Алайда барлық жерде олай емес. Физика заңдарына сәйкес, суық ауа төменде шоғырланған. Сондықтан, жалпы жайлы бөлменің едені суықтау болады. Бұл көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарындағы сонымен қатар, жертөлесі жоқ, топырақ үстінде тұрғызылған жер үй тұрғындарына таныс. Еденді жылыту үйге ерекше жайлылықты қамтамасыз етеді.

Нарықта дайын технологиялық шешімдер бар. Оларға электрлік және сулы жылы еден жүйелері жатады. Ондай едендерді орналастыру және пайдалану бойынша қызмет көрсетуді білікті мамандар жүзеге асырады. Өйткені есеп және құрастыру барысындағы қателер еденнің жоспардан тыс жөнделуіне, сонымен қатар көршілермен түсініспеушілік мәселесіне әкеп соғады.

Еденді жылытудың дәстүрлі әдісінің бірі - лагтар үстіндегі ағаш еден жабдығы. Ондай еден түрі жер үйлер мен көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарына орналастырылады. Лагтар арасындағы кеңістікті нығыздауышпен – шыны мақта мен минералды мақтамен толықтырып, ал лагтарды жылуөткізгіш фольгалық пенополиэтилен мен полистиролмен жабады. Еден және қабырға жапсарларын жылыту үшін монтажға арналған көбік пен көбіктенген пенополистирол қолданылады.

Ал егер пәтер жоғары қабатта орналасып, жертөлесі бар болса, онда жылу мен дыбысоқшаулағыш қатпары бар линолеум немесе кілем жабындысы төселеді. Декоративті жабынды астына қосымша жұқа орамалық экрандық көбіктенген полиэтилен орналастыруға болады. Егер орын-жай жертөле үстінде орналасса, жылытуды жертөледен қамтамасыз етуге болады.



Қабырғаларды жылыту үшін, төмен жылу өткізгіш пен жылу ұстайтын материалдар қолданылады: минералды және шынымақта, түрлі пенопластар және пенополиэтилендер, тығындық оқшаулау материалдары.

Қалай дегенмен де, жылыту приборлары – батареялар үйдің жайлылығын қамтамасыз ете алмайды. Осы жағдайда электржылыту жабдықтары қолданылады: конвектор, инфрақызыл жылытқыш, жылужелдеткіш және май ра­диаторлары. Бұл жабдықтарды тұрмыстық техника дүкенінде сатып ала аласыз.

Энергетикалық тиімділікті арттыруға үйдің автоматты жылу жүйесімен жабдықталуы үлкен әсер етеді, ол көшедегі ауа температурасына және жылу көздерінің параметрлеріне байланысты жылудың берілуін реттейді, бұл үйде қолайлы температура ұстауға мүмкіндік береді.

Үйлерді терможаңғырту – едендерді, қабырғаларды, шатырларды жылылау арқылы үйдің қоршау құрастырмаларының жылутехникалық сипатын жақсарту. Терможаңғырту іс-шараларының бірі – панель аралық герметикалық жіктерді қалпына келтіру және қабырғаларды гидроизоляция болып табылады. Батыс елдерінің практикасы қоршау құрастырмалары жылу ысырабын қысқарту жылытуға жұмсалатын шығындарды 40-60 процентке төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Сыртқы есік арқылы шығып кететін жылуды сақтаудың ең тиімді тәсілі екінші есік орнату, осылай жылу оқшаулағыш тамбур жасалады. Қалай болса да қабырға мен есіктің арасындағы саңылауды монтаждаушы көбікпен толтыру қажет. Есік қаңқасына есіктің толық жанасуы үшін профильдік тығыздағыштарды пайдалану қажет. Егер кіреберістегі есік жақсы жабылатын болса, есіктерді жылылау тиімді. Бұған есікті сапаландырушы немесе жеке коды бар құлып орнату көмектеседі.

Жылыту маусымында үй-жайды аз ғана, бірақ қарқынды желдету қажет. Үнемі ашық тұрған терезе көшені жылытады және тұрғындардың ақшасын шығындайды. Аз уақытқа терезені толық ашып желдету ұсынылады. Ауа алмасады, бірақ үй-жайдың ішін салқындатпайды.

Пәтерде/үйде шытынаған немесе сынған әйнекті ауыстыру ұсынылады. Суық түскеннен кейін терезелердегі саңылаулар жылудың ысырып болуына себеп болады. Сондықтан терезенің рамасы мен әйнектің жанасқан жеріндегі саңылауларды терезенің бойымен жылуоқшаулағыш материалдармен тығыздау қажет, жылуоқшаулаушы ретінде арнайы тығыздағыштар немесе кәдімгі медициналық мақта да қолданылады. Терезені жылылау үй-жайдың температурасын 2-5 0С-қа көтереді.

Пәтерде қолайлы жағдай жасаудың қарапайым да, қолжетімді тәсілі бар. Үй-жайда температураны кем дегенде 1 0С-қа көтеру үшін радиатордың қуысына жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Радиатордың сыртындағы қабырға 500 0С-қа қызуы мүмкін. Тек қабырғаны жылытуды болдырмау үшін батареяға жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Экран арнайы материал – пенофол (бір жағында фольгасы бар көбікті негіз), сондай-ақ жай фольга болуы мүмкін. Радиатордың артындағы экран екі рейкаға немесе рамаға орнатылады, оларға желіммен немесе екі жақты скотчпен немесе степлермен бекітіледі. Тиімді жұмыс істеудің міндетті шарты қабырға мен радиатордың арасында 2-3 см саңылаудың болуы.

Батареяны қара түске бояу қажет, тегіс, қара түсті бет 5-10% жылуды артық шығарады.

Үйдің маңына ағаштар отырғызған жағдайда ғимараттың маңындағы ағаштар үй-жайдың ішінде жылудың сақталуына әсер етеді.

Жылыту радиаторларында температураны реттегіш, ең тиімдісі – жылу есептегіш орнату қажет. Түнде мүмкіндігінше төменгі температураны ұстау денсаулыққа пайдалы.

Жылу энергиясын тұтынуда тұрғындардың әдеті негізгі рөл атқарады. Осыған мысал, кіреберіс есіктердің үнемі ашық қалуы, осының салдарынан жылу энергиясы ысырып болады. Дер кезінде аздаған кемшіліктерді, кіреберістегі сынған әйнекті, жабылмайтын терезені және т.б. қалпына келтірмеу салақтыққа алып келеді.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.dominform.ru – үй-жай, құрылыс, дизайн және жиһаз жайлы сайт;

2) www.pro-okna.com – пластик терезелері туралы ақпараттан тұратын сайт.

3) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Халыққа арналған пайдалы кеңестер» бөлімінде жылу үнемдеудің тиімді шараларына арналған мәліметтер орналастырылған;



4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «үйдегі жылуды сақтау», «жылу сақтау шаралары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

35. Коммуналдық қызметтерге кеткен шығындарды қалай үнемдеуге болады?
Әлемдік дағдарыстың салдарынан көптеген адамдар табысының азайып қалғанын сезінді. Ондай жағдайда не істеу қажет? Ешқашан да еңсеңізді түсірмеңіз. Жан-жағыңызға қараңыз да, неге үнемдеуге болатынын елестетіңіз. Батыс елдері тіпті ең қажетті деген заттардың өзіне үнемдеуді үйренді.

Электр қуаты. Біз өзімізді электроника бізге ыңғайлы өмір сүруді қамтамасыз етеді, біздің өмірімізді жайлы етеді деп, өзімізді электр құралдармен, тұрмыстық техникамен, электроникамен қоршап тастадық. Электр қуаты бізге көптеген бос уақыт беріп біз үшін жұмыс істеуі керек еді, алайда біз осыған қоса шу, кернеу және үлкен сомадағы электр қуатына деген шот алдық. Не істеуге болады? Әжетханадағы, жуынатын бөлмедегі және қоймадағы шамдарды айтарлықтай төмен қуатты, 60 ваттығына ауыстырамыз. Жағдайға үйрену үшін бұл жеткілікті болады. Сіз көп уақытыңызды өткізетін жерлерде және жақсы жарықсыз болмайтын жерлерге электр үнемдейтін лампаларды салыңыз. Ондай лампалар қызбайды және барлық күшін жарық беруге жұмсайды. Олардың бағасы кәдімгі лампаларға қарағанда қымбатырақ, алайда, тұтыну қуаты төмен, сонымен қатар олар тез күйіп кетпейді. Егер сіз оқығанды жақсы көретін болсаңыз, онда алты көзді люстраны қосудың еш қажеті жоқ, кітап оқу үшін торшер немесе стол шамын жағуға да болады. Бір шәйнек шай қайнатқаннан гөрі, өзіңіз ішетінін ғана қайнатқан дұрыс. Бұдан да кәдімгідей үнемделеді. Оның үстіне қайта-қайта қайнаған шәйді ішу денсаулыққа зиян. Жан жағыңызға қараңыз, сөзсіз Сізде тек демалыс күндері, онда да анда-санда қолданатын DVD-плеер, музыкалық орталықтар тоқ сұққышқа (розеткаға) қосылып тұрған шығар. Бұл заттар аз тұтыну режиміне жатады, бірақ сонда да электр тұтынады. Егер сіз әлі пластик терезелер құрғызбаған болсаңыз, балконның ескі ағаш есіктерін жылылаңыз. Осылай сіз желдеулерден құтылып, жылуды үнемдейсіз. Сонда жылыту құрылғысын да қосу керек емес.

Су. Біз қанша ақшаны құбырға жіберетінініміз туралы бір сәт болса да ойландыңыз ба? Пәтерде су өлшеуіш құралдарын орнату суды бей-берекет жұмсауды тоқтатып, отбасы бюджетін үнемдеуге көмектеседі. Егер пәтерде бірнеше адам тіркеліп, шын мәнінде бір адам ғана тұратын болса, онда су өлшеуіш құрал өте тиімді болады. Сондай-ақ, бұл құрылғы сіз жаз айларын отбасыңызбен саяжайда өткізетін болсаңыз да тиімді. Егер сіз сүйікті киноңызды көруге асығып, кранды жабуды ұмытып кетсеңіз, унитазыңыздан су ағып тұрса – онда сізге өлшеуіш құрал көмектеспейді. Сонымен, сіз су өлшеуіш құралын орнатуға бел бусаңыз, онда бірнеше ережелерді білгеніңіз жөн.

Өлшеуіш құрылғысын орнатпас бұрын, крандарды жөндеп, ауыстыру, сондай-ақ барлық ағып тұрған жерлерді жөндеу қажет. Ең бастысы – әдетке айналған дағдыңызды өзгерту керек, яғни суды бекерге төкпеу керек. Өз бетіңізбен өсептеуіш құралдарды орната көрмеңіз. Бекітілген ереже бойынша пәтерлердегі есептеуіш құралдарды тек сәйкес лицензиялары бар ұйымдар ғана құра алады.



Газ. Газды тұтыну нормасы көп жағдайда жоғары. Газында есептеуіш құралы бар пәтер иесі, есептеуіші жоқтарға қарағанда аз ақша төлейді. Газға есептеуіш құрал орнату да қиын емес. Ол үшін қалалық газ қызметіне есептеуіш құрал орнатып, үйді газдандыру жобасына сәйкес өзгертулер енгізу туралы өтініш жазу қажет.

Жылу. Халықтың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметіне төлейтін жалпы шығындарының 40% жылу шығыны құрайтындықтан, жылуды үнемдеу басқа энергоресурстарды үнемдеуге қарағанда басымдыққа ие. Пәтерлерді жылумен қамтамасыз ету меншік иелері үшін басымдыққа ие, себебі пәтерлерді жылытуда ғимараттарды құрылғылар арқылы тығындау арқылы («ақшасы төленген жылуды шығындатпау және өзіңді тоңдырмау үшін») шығынды өтеуге әрі қосымша газ бен электрді жұмсамай-ақ пәтердегі температураны қажетті деңгейде ұстауға болады.

Егер тұрғын үйдің жылу балансын қарайтын болсақ, жылу жүйесінің басым бөлігі жылу шығындарын жабуға жұмсалады екен. Бұл орталықтанған жылу және су жүйесіне қосылған тұрғын үйде төмендегіше көрінеді:



  • Жылытып бекітілмеген терезелер мен есіктер арқылы жоғалатын жылу шығыны – 14%;

  • Ғимарат қабырғалары арқылы шығын – 22%

  • Төбелер, еден, шатыр жабындылары арқылы шығын – 8%

  • Қымтап жабылмайтын есіктер мен терезелер, желдеткіштер арқылы жылу шығыны – 56%.

Егер Сізде жылуға есептеуіш құрал болмаса, онда Сіз қанша үнемдесеңіз де, жылу үшін төленетін төлемге мұның еш қатысы болмайды.

Жылу беруді реттеуге мүмкіндік болуы үшін және коммуналдық қызметкерлер жылу берумен асыра сілтемеуі үшін жылу беру кезеңінде барлық желдеткіштерді ашық қалдырмай, реттегіш радиаторларды құру ұсынылады. Осылайша, жылу қажеттілік бойынша түсетін болады, енді жылуды қалай үнемдеу емес, оны қалай бостан босқа жоғалтпау мәселесі туындайды.

Жылдың суық мезгілінде жылы ауаның сыртқа шығатын жері – есік пен терезе. Егер Сіздің қаражатыңыз жетсе – онда заманауи терезелер үйіңізді айтарлықтай қолайлы әрі жылы етіп, шығындарыңызды үнемдейді. Егер қаражатыңыз жетпесе, суық түсердің алдында терезелер мен кіретін есікті жылылауға ерінбеңіз.

Өзіңіз үшін кем дегенде екі-үш түрлі ақша үнемдеу әдісін таңдау артық болмайды, әрі нәтижесі де көп күттірмейді.

Пайдалы кеңестер:


  • Жылуды жоғалтпас үшін терезелер мен есіктерді оқшаулаңыздар!

  • Күндізгі жарыққа жол беріңіздер - пердені ашыңыздар!

  • Бөлмеден шығарда шамды өшіріңіздер!

  • Энергия үнемдейтін лампаны пайдаланыңыздар –олар энергияны 5 есе аз тұтынады!

  • Үйде жалпы үйішілік есептеу аспаптарын, ал пәтерде суық және ыстық суға есептеу аспаптарын орнатыңыздар!

  • Батареяны жиһазбен немесе пердемен жаппаңыздар!

  • Кір жуатын машинаны толтырып, бір-ақ пайдаланыңыздар!

  • Электр аспаптарын пайдаланбаған кезде оларды сөндіріңіздер!

  • Тамақ пісірген кезде қазанның бетін қақпақпен жабыңыздар!

  • Тоңазытқышты жылу көздерінен мүмкіндігінше алысырақ қойыңыздар!

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zakon.kz/ - ақпараттық портал;

2) www.alseco.kz/ - «АЛСЕКО» АҚ сайты.

3) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Халыққа арналған пайдалы кеңестер» бөлімінде жылу үнемдеудің тиімді шараларына арналған мәліметтер орналастырылған;

4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «коммуналдық шығындарды үнемдеу», «коммуналдық шығындар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

36. Пәтер иелері кооперативі (ПИК) және оның жұмысындағы тұрғындар рөлі
ПИК-тің атқарып жатқан шаралары өте көп. Ең басты міндеті – үйді ұстау бойынша барлық мәселелерді шешеді: жайластыру, жабдықтау, бір реттік және қайталанатын жөндеу, баспана, өжіре, шатырдың асты, инженерлік коммуникациялар күтімі, техқамтамасыз ету, аймақ тазалығы. Егер баспана немесе құбыр жарылып су ақса, онда ПИК–ке шағымданыңыз.

Егер үй қымбат жөндеуді талап етсе, ал қаржы жетіспесе, онда ақшаның (20-40%) тұрғындардан жиналу бойынша мәселенің шешімі жалпы жиналыста талқыланатын болады. Сіздің мақсатты шығындарыңыз неге жұмсалатынын білгіңіз келсе, онда ПИК-тің тексеру комиссиясының көмегіне жүгіне аласыз. Бастысы – ПИК-тің тексеру комиссиясы құрамына ПИК әкімшілігі мүшелері кірмеу керек. Егер аталған комисия ПИК жұмысында бұзушылықтарды анықтаса, онда сотқа жүгініңіз. Ал егер комиссия тұрғындардың сенімінен айырылса, онда аудиторлық тексеру жұмыстарын ұйымдастыра аласыз.

ПИК егер арзан болса, басқа заңды тұлғалардан мынадай қызмет түрлерін ала алады: дала сыпырушы, электрик, кіреберіс тазалаушысы. Кооперативтердің барлығы жөндеу бригадаларын ұстамайды. Бастысы қалада осындай қызмет түрлерінің бәсекелестік нарығы қалыптасса жақсы болар еді. Ал ПИК келісім-шарт жасасқанда, экономикалық пайда жағын ескеруі керек.

Меншік иелерінің талап етуімен ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.

Ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есепте көрсетілуге тиіс, кондоминиумды басқару органы, яғни ПИК үй-жай (пәтер) меншік иелеріне әрбір тоқсан үшін жазбаша нысанда есепті кезеңнен кейінгі айдың алғашқы он күнінде есеп береді.

ПИК басқармасы шаруашылық қызмет және қаржылық есеп бойынша тұрғындар алдында есеп беруі керек.

Егер тұрғындар есепті қабылдаса, онда келер жылға жұмыс жоспары жасалады. Ал егер есеп қабылданбаса, онда тұрғындар жаңа ПИК төрағасын – үйдің кез-келген сенімді тұрғынын тағайындауға құқылы. Егер есеп қанағаттанарлық жағдайда болса, онда төраға қайта сайлана алады.

ПИК жұмысында ең бастысы – төраға таңдау. Ол шаруашылық мәселелері мен заң саласын меңгеру керек. Ол тұрғындар жиналысы барысында дауыс беру арқылы сайланады. Егер жиналыста пәтер иелерінің жартысынан көбі болмаса, онда ондай шешімнің күші жоқ.

Тұрғындар өздері мәселені шешуге араласқысы келе ме? Жауап түсінікті: жоқ немесе мүмкіндіктері жоқ. Кейде, тіпті жиналыстың өзіне пәтер иелерінің көпшілігі келмей жатады. Алайда тұрмыстық қатынастар туралы заңға сәйкес, жиналыс ПИК-тің жоғары органы болып табылады. Жиналыстарда түрлі мәселелер талқыланып, тіпті төрағаны алып тастау туралы шешімдер де қабылданып жатады.

«Мен ақша төлеймін, менде шаруалары болмасын» деген пікір – қате, егер тұрғындар немқұрайлы болса, онда ПИК те жаман жұмыс істейді. Әр үйде басшы болатын, бос уақыты бар сенімді үлкен адам таңдалу керек. Мақсатты шығындар тек сол үйге ғана жұмсалу тиіс (егер ол апаттық жағдай болып және ақша пайызсыз несие түрінде берілсе ғана).



Тұрғындар ПИК есеп шотына қандай міндетті төлемдер аударуы керек? Тұрғындар жалпы қолданыстағы орын-жайларды – дәліз, кіреберіс, шатырдың асты, жертөлені күту мен аймақты жинау шығындарын ғана төлейді. Жалпы шаруашылық үшін ПИК-ке қанша қаржы қажет ететінін ескерген тұрғындар ақша көлемін өздері белгілейді.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.krisha.kz/ - «Крыша» сайты («Все о КСК» бөлімі);

2) www.minjust.kz/ - Әділет министрлігінің сайты.

3) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Үйлерді басқару» бөлімінде ПИК пен басқарушы компаниялар жөнінде мәліметтер орналастырылған;

4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «КСК деген не», «КСК жүйесі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

IV ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
37. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жәрдемақының қандай түрлері бар?
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – өзге жәрдемақы түрлеріне қарамастан, әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге берілетін ақшалай төлем; АӘЖ мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын берілетін ақша төлемі болып табылады.

Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға мыналар жатады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және олардың екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;

3) қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда: Ауғанстандағы немесе өзге де мемлекеттердегі ұрыс қимылдарына қатысу кезінде алынған жарақат, контузия, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт кезеңде әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшілердің отбасы, балалары, қайтыс болғандардың (қаза тапқанның, хабарсыз кеткеннің) асырауында болған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері); Чернобыль АЭС-індегі апаттың және өзге де радиациялық апаттардың немесе азаматтық не әскери нысан апаттарының салдарларын жою кезінде қаза болғандардың отбасылары; сәулелену салдарынан қаза болғандардың немесе қаза болған мүгедектердің, сонымен қатар өлімі Чернобыль АЭС-імен немесе өзге азаматтық не әскери нысандағы радиациялық апаттармен байланысты азаматтардың отбасылары;

4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сондай-ақ соғысқа қатысып қайтыс болған әскер, партизан, жасырын әскер, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Ленинград блокадасының тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру, еңбек жарақаты және өзге де себептермен мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері);

5) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үшінші дәрежелі даңқ орденінің, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;

6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

7) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды оқшаулау және қоныс аудару аймағынан өз бетімен кеткен Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар;

8) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

9) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

11) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

12) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

13) Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.

Мемлекеттік жәрдемақы түрлері:


  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

  • мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

  • асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

  • жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

  • мемлекеттiк арнайы жәрдемақы (№ 1 және № 2 Тізім);

  • бала тууында және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;

  • 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;

  • жерлеуге берілетін жәрдемақы.

АӘЖ рәсімдеу үшін тиісті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барады.

Назар аударыңыз! Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

Ескерту! 2011 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 1 512 теңге.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I  Заңы;

2) «Қазақстан Республикасында Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақылары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-І Заңы;

3) «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде № 414-I Заңы;

4) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңы;

5) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы;

6) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысы;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;



8) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.

9) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz/ - «электронды үкімет» порталы («Заңнама» бөлімі);

2) www.pavlodar.com/zakon/ - заңнама базасы бар интернет-ресурс.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жәрдемақы түрлері», «жәрдемақы алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

38. Мүгедек адамға протезді-ортопедтік көмекті, сурдотехникалық құралдарды, тифлотехникалық құралдарды, орындық-арбаны, шипажайлық-қурорттық емдеуді, жеке көмекші қызметін және қимыл тілінің маманын қалай алуға болады?
Протезді-ортопедтік көмекке зәру мүгедектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек:


  1. өтініш;

  2. Мүгедекті сауықтыру жеке бағдарламасының картасы.

Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасынан көшірме Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттерінен беріледі.

  Протезді-ортопедтік құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен жөндеу келесідей тұлғаларға қарастырылған:



  • ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметкерлерге;

  • Ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік органдарында, басшылық және қатардағы құрамда қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедек болған тұлғаларға;

  • Жалпы ауруы бойынша мүгедектерге;

  • Бала кезінен мүгедектерге;

  • Мүгедек балаларға.

Сурдотехникалық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1)     Ұлы Отан Соғысының ардагерлері – төлқұжат немесе жеке куәлік, Ұлы Отан Соғысы ардагерінің куәлігі және мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

2)     Ұлы Отан Соғысының мүгедектері - төлқұжат немесе жеке куәлік, Ұлы Отан Соғысы ардагерінің куәлігі және мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

3)  жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар – төлқұжат немесе жеке куәлік, жеңілдік алу құқығы белгісі бар зейнеткердің куәлігін және мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

4)     Мүгедек балалар – паспорт немесе жеке куәлік, кәмелет жасқа толмағандар – туу туралы куәлік, ата-аналарының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке куәлігін, мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

5)     бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері – төлқұжат немесе жеке куәлігін, зейнеткердің куәлігін, мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;



Тифлотехникалық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын:

1) бірінші, екінші, топ мүгедектері, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен өтініш негізінде қамтамасыз етіледі;

2) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аймақтық органдары жасаған мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын тапсыруы керек.

Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1) мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасынан көшірме;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

3) мүгедек балалар – жеке басын куәландыратын құжатты, кәмелет жасқа толмағандар – туу туралы куәлік, ата-аналарының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке куәлігін, мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

4) мүгедектігі туралы анықтаманы.

Жеке көмекшінің қызметін және қимыл тілінің маманына мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазып, келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1) мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасынан көшірме (түпнұсқа және көшірме);

2) жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);

3) мүгедектігі туралы анықтама (түпнұсқа және көшірме).

Егер Сіз өз бетіңізше арыз беруге мүмкіндігіңіз болмаса, басқа адамға нотариалды растауды талап етпейтін сенімхат жазу арқылы уәкілеттік беруіңізге болады.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі өз бетінше қозғалуы қиындаған бірінші топ мүгедектеріне көрсетіледі. Қимыл тілінің маманы әлеуметтік қызметі кереңдік бойынша мүгедектерге беріледі. Бұл қызмет әр мүгедекке бір жылда 30 сағат көлемінде беріледі.



Есте сақтаңыз! Егер Сіз қимыл тілі маманының қызметін бір жылда 30 сағаттан аса пайдалансаңыз, онда сізге оның қызмет ақысын төлеуге тура келеді.

Орындық-арбаға мұқтаж мүгедектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазуы керек. Орындық-арбаны беру мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын, зейнеткерлік куәлігінің нөмірін, туған жылын, тұратын жерін, алынған орындық-арбасының атауын, алу күнін, алғандығы туралы белгісін көрсету тізімі бойынша беріледі.

Жұмыста зақымданған немесе жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби ауруынан мүгедек болған жандар мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы бойынша орындық-арбалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен беріледі.

Жұмыста зақымданған немесе жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби ауруынан мүгедек болған жандар орындық-арбаны жұмыс беруші қызметін тоқтатқан жағдайда немесе заңды тұлға жойылған жағдайда мемлекеттік тапсырыс есебінен алады.



Есте сақтаңыз! Бөлмелік орындық-арбалардың қолданылу мерзімі – жеті жыл, ал серуенге арналған орындық-арбалардың қолданылу мерзімі – төрт жыл.

Шипажай-курорттық емделуге мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне белгіленген үлгі бойынша өтініш жазуы керек.

Арызға келесі құжаттарды тіркеуі қажет:



  1. арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  2. денсаулық сақтау мекемесі берген шипажай-курорттық картаның көшірмесі;

  3. тұрғындарды есепке алу кітабы;

  4. мүгедектігі туралы анықтама мен мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасының көшірмесі;

Құжаттардың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы да беріледі, салыстырып болған соң сізге түпнұсқаны қайтарып береді.

Мұны білген (оқыған) жөн:

1) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы. Онда мыналар қарастырылған:


  • Мүгедектерді протезді-ортопедтік көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету ережелері ;

  • мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес өз бетінше қимылдауы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші әлеуметтік қызметін және кереңдігі бойынша мүгедектерге қимыл тілінің маманын – жылына 30 сағат көлемінде беру ережелері;

  • Мүгедектерді арнайы жылжу құралдарымен қамтамасыз ету ережелері;

  • Мүгедектер мен мүгедек-балаларға шипажайлық-курорттық емдеудің ережелері;

  • Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші құралдардың және арнайы жылжу құралдарының тізімі.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты («Заңдар» бөлімі);

2) www.invalid.kz – Қазақстан мүгедектерінің порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек адамдарға берілетін көмек», «мүгедек адамдарға көрсетілетін көмек түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

39. Асыраушысынан айрылған жағдайда жәрдемақыны қалай алуға болады?
Асыраушысынан айрылған жағдайда қайтыс болған адамның отбасындағы, оның асырауында болған еңбекке қабілетсіз адамдарға жәрдемақы беріледі. Еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелері болып:


  • егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей балалары), аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары және немерелерi жатады, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары және немерелерi - егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, өгей балалары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса;

  • Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;

  • егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;

  • егер қайтыс болған асыраушының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын, сіңілілерін немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке қабілеттігіне қарамастан, ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, қарындасы;

  • егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.

18 жастан асқан студенттердің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенгі дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар;

Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi. Бұл орайда қайтыс болған асыраушының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, сіңілілерімен, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса, жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.

Жәрдемақы зейнеткер жасындағы адамдарға – өмір бойы, ал басқа отбасы мүшелеріне олар еңбекке қабілетсіз болған уақытының барлығында төленеді.

Асыраушысынан айрылған жағдайда жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің барлығына бір ортақ жәрдемақы тағайындалады. Дегенмен отбасы мүшесінің талабы бойынша оның үлесі бөлініп алынып, оған жеке төленеді. Отбасы мүшелерінің жәрдемақымен қамтамасыз етілетін жандарының саны өзгерген жағдайда оның мөлшері жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғаяды немесе азаяды.



  • отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке қабілетсіз бiр мүшесi болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,14 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,41 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,50 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,55 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады;

  • отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелерi болған кезде әрбiр мүшесiне арналған жәрдемақының мөлшерi 1,61 ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң бiрдей үлесi ретiнде есептеледi.

  • Тұлдыр жетiмдерге айлық жәрдемақы әрбiр балаға 0,90 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде, отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелерiне - 0,41 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде, бiрақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелерiне 1,96 ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде тағайындалады.

  • Қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде немесе әскери қызметін өткеру кезiнде қаза тапқан немесе жаралану, контузия, мертiгу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке қабілетсіз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төмен күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 1,96 ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне барып тиісті құжаттарды ұсыну қажет.

Ескерту: 2011 жылға арналған ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 15 999 теңге)

ЗТМО Call-Centre телефоны: 8-800-080-37-07 – республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелері бойынша хабарласу үшін қажет.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылары туралы» ҚР 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-І Заңы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңы;

3) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 қаулысы;

4) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысы;

5) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылары туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 289-қ бұйрығы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz/ «Қазақстан Республикасының Электронды Үкіметі» сайты («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі, бұдан әрі - «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларын тағайындау»).

2) www.enbek.gov.kz/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы», «асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік көмек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

40. Жұмыссыздық мәртебесін қалай алуға болады?
Біздің елімізде мемлекеттік жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркелген адамдар ғана жұмыссыз деп танылады. Мұнда тіркелгеннен басқа, жұмыссыздар жұмыспен қамту қызметі ұсынатын лайықты жұмысқа кірісуге дайын болуы керек.

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып тіркеліңіз. Ол жерге:

1) жеке куәлік;

2) ӘЖК;


3) СТН;

4) еңбек қызметіңізді растайтын құжаттарды, (еңбек кітапшасы, бұрынғы жұмыс орныңыздан жеке еңбек шарты (шарттар) немесе жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың көшірмесі болуы мүмкін) ұсыныңыз.



Бұл маңызды! Сізден тапқан табыстарыңыз жөнінде мәліметтер талап етуі мүмкін.

Сіз жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде белгіленіп кетуіңіз керек. Егер сіз ауылдық жерде тұратын болсаңыз, онда айына бір рет ауыл әкіміне барып, белгіленіп отыруыңыз керек.

Егер Сіз қолданыстағы Заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз және жұмыс беруші сізге әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айрылған жағдайға берілетін әлеуметтік төлемді тағайындауға және алуға құқығыңыз бар.

Бұл ретте, жұмысынан айрылған жағдайға Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.

Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi;

4) ӘЖК;

5) СТН;


6) банктік шот нөмірі (тұлғалық немесе карт. шот).

Жұмыспен қамту қызметі жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетеді, кәсіптік оқуларға жолдама береді, қоғамдық жұмыстарға жібереді, халықтың нысаналы топтарының өкілдері үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады.



Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің жергілікті атқарушы органдармен шарт жасауы негізінде құрылады, олар халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған.

Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндік береді, жұмыссыздар үшін арналған және кәсіби даярлауды талап етпейді.

Қаперіңізде жүрсін! Қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақы мөлшерін тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Егер қажетті кәсіби біліктілігі жоқ болғандықтан, ыңғайлы жұмысты таңдап алу мүмкін болмаса, жұмыссыз азамат кәсіптік оқуға жолдануы мүмкін.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың қосымша шарасы ретінде кәсіптік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде (басқармаларында) тіркелген білім беретін ұйымдардың түлектеріне жастар практикасынан өту ұсынылуы мүмкін.

Жастар практикасы алынған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай жасау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

Ескерту: 2011 жылғы ең төменгі жалақы мөлшері 15 999 теңгені құрады.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңы;

3) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 қаулысы;



Пайдалы сілтемелер:

1) www.pavlodar.com – заңнама базасы бар интернет-ресурс;

2) www.ozsp.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жұмыссыздық мәртебесі», «жұмыссыздық мәртебесін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
41. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы формальды жағдайларды сақтауды естен шығармаңыз.

Бүгінгі күні жұмыс беруші мен жұмыс алушы құқықтарының тең еместігін білу керек. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдауда басымдыққа ие, еңбек шартын құрастыруда да алдымен оның талаптары ескерілген. Алайда өзіңіздің негізгі құқықтарыңызды біліп, оларды қолдануға мүмкіндігіңіз бар.

Жұмысқа қабылданғанда жұмыскерден заңда белгіленген құжаттардан басқа (бұрынғы жұмысынан анықтамалар, бұрын алған төлемақы туралы мәлімет, отбасылық жағдайы, бұрынғы жұмыстағы мінездемелері, т.б) құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Еңбек шартын жасасу. Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шартын жасасу шарт (ары қарай – келісімшарт). Ол жазбаша түрде сіздің және жұмыс берушінің қолдары қойылып, әрқайсысына бір-бір данадан екі дана болып жасалады. Жұмыскер келісімшартының бір данасын алғаныңызды жазбаша түрде растайсыз. (Сіз жұмыс берушідегі келісімшартқа өз келісімшартыңызды алғандығыңыз жөнінде белгі қоясыз).

Келісімшартта көрсетілген жұмыстың басталу уақыты жұмыскердің жұмысқа кірісу күні деп есептеледі.

Келісімшарт жасалғаннан кейін, жұмыс беруші жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық шығарып, Сізге қолхат ретінде жеткізуі тиіс.

Өмірде келісімшарт жасалмаған, не тиісті дәрежеде жасалмаған оқиғалар көптеп кездеседі. Келісімшартсыз жұмысқа қабылдануға келіссеңіз, онда Сіз өз құқықтарыңызды шектейсіз. Алайда бұл сіздің барлық құқықтарыңыздан айрылдыңыз деген сөз емес. Жұмысқа қабылдау бұйрығы мен жұмысқа кірісу фактісі келісімшарттың жасалғанын растайды. Алайда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, сіз жалақы көлемін, еңбек міндеттемелерін, тағы да басқа жағдайларды дәлелдей алмайсыз. Өйткені олар ешқайда көрсетілмеген. Сондықтан, келісімшарттың жазбаша формасы сіз үшін өте қажет.


Келісімшарттың мазмұны. Келісімшарттың келесі міндетті шарттар болуы керек:


1) тараптардың реквизиттері;

2) еңбек міндеттемесі (нақты лауазым, мамандық, қызмет бойынша жұмыс);

3) келісімшарт мерзімі. Жұмыскерге белгіленбеген мерзім ішінде жұмысқа қабылдану тиімдірек. Егер келісімшартта оның мерзімі көрсетілмесе, ол белгіленбеген мерзімге жасалады деп есептеледі;

4) еңбек міндеттемелеріне кірісу күні. Оның келісімшартты жасасқан күн болуы міндетті емес;

5) еңбек шартының сипаттамасы, ауыр не зиянды және қауіпті жағдайдағы жұмыс үшін кепілдіктер мен өтемақы. Осы пунктті жұмыс берушілер елеусіз қалдырғысы келеді;

6) жұмыс күні мен демалыс күнінің тәртібі. Мұнда бір күндік жұмыс сағаты, апталық жұмыс күнінің көлемі, демалыс күндерінің саны, ұзақ демалыстың мерзімі көрсетіледі.

7) Еңбек төлемақысының шарттары. Жалақының бір бөлігін жұмыс берушілер көп жағдайда «конвертке салып» береді, ал келісімшартта оның минималды көлемі жазылады, осылайша жалақы қоры мен айналымы қысқартылады. Табыс салығы мен міндетті зейнетақы мөлшері төмендейтіндіктен бұл жұмыскерге де тиімді блып көрінуі мүмкін. Алайда, жұмыс беруші жалақы төлемеген жағдайда, жұмыскер сотқа жүгінгенде, тек келісімшарттағы соманы ғана өндіріп берген мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан да келісімшартта шын мәніндегі жалақы көлемін көрсетуді сұрауыңызды ұсынамыз;

8) еңбекті қорғау шарттары. Мекеме әкімшілігі еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуға, нұсқау беруге, білімді тексеруге, барлық қызметкерлерді қайта аттестациядан өткізуге міндетті. Еңбекті қорғау бойынша оқудан өтпеген, нұсқау берілмеген, білімін тексертпеген адам жұмысқа жіберілмейді.  

9) жұмыс беруші: 


  • еңбек келісімшартын бұзуға;

  • жұмыскерге міндетті актілерді шығаруға;

  • жұмыскерге сыйақы беруге немесе оны тәртіптік, материалдық жауапкершіліке тартуға;

  • жұмыскер тигізген зардаптың орнын толтыруды талап етуне;

  • жұмыскерді оқытуға кеткен шығынды қайтарып алуға;

  • жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы.

10) жұмыс берушінің міндеті:

  • заңда бекітілген еңбек жағдайымен қамтамасыз ету;

  • айына бір реттен кем емес келісілген мөлшерде және келісілген мерзімде жалақы төлеу,;

  • белгіленген мөлшерде мерзімінен тыс, мереке, демалыс күндері, түнгі уақыттағы жұмыс үшін төлемақы төлеу;

  • белгіленген жұмыс күні уақытын қамтамасыз ету;

  • жыл сайын төленетін демалыспен қамту;

  • қолайлы еңбек жағдайын туғызу, жұмыскерді қажетті жеке сақтану құралдарымен қамтамасыз ету;

  • ауыр не денсаулыққа зиян келтіретін не қауіпті жұмыс үшін жұмыскерге өтемақы төлеу;

  • зиянды, қауіпті еңбек жағдайы туралы алдын-ала ескерту, жұмыскер денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жұмысты тоқтату;

  • еңбек міндеттемелерін орындау барысындағы жұмыскерге тиген зиян мен материалдық жауапкершілікті қайтару;

  • жұмыскердің еңбек өтілін растайтын іс-қағаздар мен зейнеткерлікті қамтамасыз ететін ақша аударымдары туралы ақпаратты мемлекеттік мұрағатқа тапсыру.

11) жұмыскердің құқығы;

  • еңбегі үшін лайықты жалақы;

  • қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайы;

  • кәсіби кеңестер мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге ерікту түрде мүше болу;

  • еңбек міндеттемелерін орындау барысында денсаулығы мен мүлкіне тиген зиянның орнын толтыруды талап ету;

  • ұсынылған кепілдік пен өтемақыларды алу;

  • тараптардың келісімі немесе соттың тәртібі бойынша еңбек дауларын шешу;

  • ұжымдық келісім-шартпен танысу мен оны жасасуға атсалысу;

  • кәсіби біліктілікті арттыруға.

12) жұмыскердің міндеті:

  • еңбек міндеттемелерін орындау;

  • еңбек тәртібін сақтау;

  • жұмыс процесінде жұмыс берушінің мүлкіне зақым келтірмеу;

  • еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік тазалық сақтау бойынша шарт талаптарын орындау;

  • келісім-шартта бекітілген қызметтік, сауда-саттық және басқа да заңмен қорғалатын құпия ақпаратты жария етпеу;

  • адамдар өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, жұмыс беруші мен жұмыскер мүлкінің бұзылуына әкеп соғатын жағдайлар туралы хабарлау.

13) келісім-шартты өзгерту, бұзу, ұзарту тәртібі;

14) төлемақы төлеу тәртібі мен кепілдік қамтамасыз ету (түрлі жағдайларда жұмыс орны мен жалақы көлемінің сақталуы жөніндегі кепілдіктер, іс-сапар шығындарының өтемақысын, ауру салдарынан жұмысқа қабілетсіздігі не жүктілік пен босану бойынша жәрдемақы). Жұмыс берушілер көп жағдайда осы бөлімді назардан тыс қалдырады;

15) келісім-шартты екі жақты бұзу бойынша жауапкершілік.

Келісім-шартта тараптардың келісімі бойынша заңға қайшы келмейтін басқа да шарттарды кіргізуге болады.



Тиісті рәсімделмеген еңбек қарым-қатынасының салдары. Бүгінде жұмыс табу оңайға соқпайды. Жұмыскерлер формальдылықты ескере бермейді, бастысы бос жұмыс орнын алуға асығады. Жұмыс беруші де жұмысқа тұрған кезде сіздің талапшылдығыңызды онша ұната бермейді.

Рәсімделмеген немесе тиісті рәсімделмеген келісімшарттардың салдарына бірнеше мысал:

1) келісім шартты жазбаша түрде жасамаудың салдарынан:


  • жалақыны сот тәртібімен өндіріп алу мүмкіндігі жоқ;

  • жұмыс істелген уақыт еңбек өтілі ретінде саналмайды (ал біздің уақытымызда жұмыс өтіліне аса мән беріледі);

  • сіздің зейнетақы қорыңызға аударымдар жасалмайды.

2) шын жалақыны келісім-шартта төмендетіп көрсету салдарынан:

  • сот тәртібі бойынша жалақыны толық көлемде өндіріп алу мүмкіндігі жоқ (құжатта көрсетілген ақша көлемі ғана қайтарылады);

  • сіздің табысыңыз бен төлем жасау мүмкіндігіңізді дәлелдеу бойынша мәселелер туындауы мүмкін.

3) Келісім-шартта міндетті шарттардың болмауы салдарынан:

  • жұмыс беруші сіздің құқығыңызды басқа мақсатта пайдалануы мүмкін;

  • жұмыскерге қосымша міндеттемелер жүктелуі, заң бойынша бекітілген кепілдіктер мен өтемақылар төленбеуі мүмкін.

Бәрі өзіңізге байланысты.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі («4 бөлім. Еңбек шарты»).



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz/ - Қазақстан Республикасы Электронды Үкімет («Ақпарат каталогы» бөлімі, «Еңбек» тақырыбы, «Еңбек қатынастары. Жеке еңбек шарты» тақырыпшасы);

2) http://www.enbek.gov.kz/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі («Еңбекті қорғау» бөлімі).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «еңбек шарты», «еңбек шартын жасасу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


42. Мүгедектікті қалай анықтауға болады?
Мүгедек деп тiршiлiк-тынысың шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары, денсаулығы тұрақты бұзылған адамдарды атайды.

Мүгедектiктi, еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеудi және көмек пен күтiмнің қосымша түрлерiне мұқтаждықты айқындау үшін медициналық-әлеуметтiк сараптамадан (бұдан әрi - МӘС) өту қажет.

Медициналық ұйымдар ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту iс-шараларын жүргiзгеннен кейiн адамдарды, уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе диагнозы белгiленген сәттен бастап кемiнде төрт айдан кейiн МӘС-ке жiбередi.

Медициналық-әлеуметтiк сараптама:

1) тұрғылықты тұратын (тiркелген) жерi бойынша;

2) мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан жерi бойынша;

3) түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында жүргiзiледi.

Куәландыру үшін мынадай құжаттар беру қажет:

1) 088/у нысаны ресімделген күннен бастап бір айдан кешіктірмей;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) тұратын жері туралы деректер;

4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық карта, ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады.

Куәландырылатын адам жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа:

6) кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша акті (бұдан әрі - Н-1 нысанындағы акті), Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының мерзімі екі жылдан аспаған қорытындысын (бұдан әрі - ҰЕГ мен КАО қорытындысы);

7) жалпы еңбек қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжатты;

8) мүгедектік себебі жаралануына, контузияға, жарақатына, мертігуіне ауруына байланысты айқындалған жағдайда - оның себептік-салдарлық байланысын белгілейтін уәкілетті органның қорытындысын;

9) 18 жасқа дейінгі адамдарға тәрбие, білім беру түрлері мен нысанын айқындау үшін айғақтар белгіленген жағдайда - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

10) еңбекке қабілетті жастағы адамдардың арасында алғашқы мүгедектік белгіленген жағдайда - еңбек қызметі туралы мәліметтерді (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі) ұсынылады.

Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның iшiнде еңбек қабілетiнiң шектелуi дәрежесiне қарай мүгедек деп танылған адамға бiрiншi, екiншi немесе үшiншi топтағы мүгедектік, он алты жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал он алты жастан он сегiз жасқа дейінгi адамға бiрiншi, екiншi, үшіншi топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленедi.



Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

  1. «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  2. «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы

1) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы («Заңнама» бөлімі);

2) www.enbek.gov.kz/ - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты;

3) www.invalid.kz/ - Қазақстан мүгедектерінің порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедектікті анықтау», «мүгедекті анықтау үшін не істеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

43. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмшесінде куәландырудан (қайта куәландырудан) қалай өтуге болады және қандай кұжаттарды беру қажет?
Медициналық-әлеуметтік сараптаманы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмдерi жүргiзедi.

Медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның жолдамасы бойынша:

1) тұрғылықты тұратын (тіркелген) жері бойынша;

2) мамандандырылған мекемелерде емдеуде жүрген жері бойынша;

3) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.

Куәландыруға мынадай құжаттар:

1) 088/у нысаны ресімделген күннен бастап бір айдан кешіктірмей;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) тұратын жері туралы деректер;

4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық карта, ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады.

Куәландырылатын адам жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа:

1) кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша акті (бұдан әрі - Н-1 нысанындағы акті), Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының мерзімі екі жылдан аспаған қорытындысын (бұдан әрі - ҰЕГ мен КАО қорытындысы);

2) жалпы еңбек қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжатты;

3) мүгедектік себебі жаралануына, контузияға, жарақатына, мертігуіне ауруына байланысты айқындалған жағдайда - оның себептік-салдарлық байланысын белгілейтін уәкілетті органның қорытындысын;

4) 18 жасқа дейінгі адамдарға тәрбие, білім беру түрлері мен нысанын айқындау үшін айғақтар белгіленген жағдайда - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

5) еңбекке қабілетті жастағы адамдардың арасында алғашқы мүгедектік белгіленген жағдайда - еңбек қызметі туралы мәліметтерді (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі) ұсынылады.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zakon.kz – ақпараттық портал;



2) www.invalid.kz – Қазақстан мүгедектерінің порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «медициналық-әлеуметтік сараптама», «медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

44. Үйінде мүгедек бала тәрбиелеп, оқытып отырған отбасыларға қандай көмек қарастырылған?
Мүгедек баланы тәрбиелеп және оқытып отырған отбасылар әлеуметтік көмек алуға құқылы. Бұл көмек айына 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК) әр тоқсан сайын, дәлірек айтқанда 9 185 теңге көлемінде, отбасының табысын есепке алмастан беріледі.

Әлеуметтік төлемді алу үшін сізге еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегі құжаттарды тапсыруыңыз керек болады:

1) өтініш;

2) өтінім берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4) мекен-жай бюросынан анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі;

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мүгедек-баланы үйде оқытудың қажеттігі туралы және оқыту мен тәрбиелеу мерзімі көрсетілген анықтама;

6) медициналық-әлеуметтік сараптаманың куәландыру жазбасы (түпнұсқа);

7) мектептен анықтама (тоқсан сайын);

8) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы қорғаншының (қамқоршының) өтінішіне қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы тиісті орган шешімінің жазбасы қоса тіркеледі;

9) банкте есептік шоты бар екенін айғақтайтын құжат.

Сондай-ақ, сіз психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің (ПМПК) тұжырымдамасы бойынша үйіңізде әлеуметтік күтіп бағу қызметін алуға мүмкіндігіңіз бар.

Күтімге алу үшін келесі құжаттар негіз болады:

1) аа-аналардың немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің баланы қызмет көрсетуге алу туралы өтініші;

2) облыстық, қалалық, ПМПК-нің сырттан бөлек күтімнің қажеттігі туралы тұжырымдамасы;

3) емдеу-алдын алу мекемесі толтыратын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық карта;

4) халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша орталық атқарушы органның аймақтық бөлімшесінің анықтамасы.

Күтімге алуды қабылдауға қарсы келетін жайттар:

- инфекциялық, венерологиялық, бактерия тасымалдаушылық, туберкулездің белсенді формасы, денсаулық сақтау саласының арнаулы ұйымдарында емдеуді қажет ететін басқа да ауыр науқастар түрі.

Ескерту! 2011 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1 512 теңгені құрайды.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.pavlodar.kz – заңнама базасы бар интернет-ресурс;

2) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.ru, www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек балалары бар отбасыларға көмек», «мүгедек балалары бар отбасыларға жәрдемақы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

45. Мүгедектерге қандай әлеуметтік төлемдер тиесілі?
Мүгедектік белгіленген жағдайда азаматтардың мүгедектік себебі мен тобына байланысты мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.

Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесіне беріледі. Оған қажетті құжаттардың барлығын қоса тапсыру керек.

Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін, зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса берiледi:

1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң, шетелдiктiң тұруға рұқсатының, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралман куәлiгiнiң) көшiрмелерi;

2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, мекен-жай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);

3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы шотының не түзеу мекемесінің арнаулы шотының нөмiрi туралы мәлiметтер.

Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

1) радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектiгiнiң себептiк байланысын белгiлеу жөнiндегi Ведомствоаралық сараптамалық кеңес шешімінің көшірмесі;

2) Орталық әскери-дәрiгерлiк комиссия шешімінің көшірмесі;

3) ауруы туралы госпиталь берген куәлігінің көшірмесі не әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;      

4) 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін сіз мынадай құжаттарды қоса тапсыруыңыз керек:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, мекен-жай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);

3) ӘЖК көшірмесі;

4) СТН көшірмесі;

5) Еңбек кітапшасының көшірмесі;

6) ұйымның жұмыс сипаты немесе белгіленген нысан бойынша еңбек шарттарын растайтын анықтамасы;

7) мекеме таратылған жағдайда мұрағат директоры және мұрағатшының мөрі мен қолы қойылған жұмыс орны, лауазымы, кәсібі, жұмыс істеген уақыты, мұрағат ісінің нөмірі, оның беттері көрсетілген мұрағат анықтамасы;

9) Мұрағат құжаттары жоқ болған жағдайда жұмыстың немесе еңбек өндірісі талаптарының ерекше сипаты, жұмысы, кәсібі, мамандығы, лауазымы және жер асты және ашық тау-кен жұмыстарындағы көрсеткіштері, еңбек жағдайы аса зиянды және өте ауыр жұмыстар сот органдары арқылы белгіленеді;

10) белгіленген нысандардың өтінішті ЗТМО құрылымдық бөлімшесінен тұтынушы тікелей барып сұрап алуына болады.



Еңбек қабілеттілігінен айырылу жағдайында әлеуметтік төлем алу үшін сіз мынадай құжаттар тапсыруыңыз керек:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, мекен-жай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);

3) еңбек қабілетінен айрылу деңгейін куәландыру және белгілеу жүргізілгендігі туралы мәліметтер;

4) СТН;

5) ӘЖК;


6) банк шотының нөмірі (есеп-шот немесе карт-шот).

Сонымен бірге, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес Қорға әлеуметтік аударым жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайға әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан еңбек қабілетін жоғалту жағдайына әлеуметтік төлем алуға құқығы бар.



Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету түрлері:

1. Үйінде тәрбиеленіп және білім алып отырған мүгедек балаларға тоқсан сайын 6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

2. Мүгедек студенттерге жоғары немесе орта арнайы оқу орындарындағы білімін жартылай төлеу үшін қосымша әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі.

3. Жалғыз басты І топ мүгедектерінің күтімі үшін 1 АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі.

4. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет шығындарын жабуға (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр энергиясы, кәріз, отын алу үшін) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылына қатысқан әскери қызметшілерге, Чернобыль АЭС-дегі апат салдарын жою әрекеттеріне қатысқан тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің екінші рет күйеуге шықпаған жесірлеріне, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Блокададағы Ленинград тұрғыны» төс белгісімен марапатталған азаматтарға, фашистер және олардың одақтастары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрған концлагерлер, гетто және өзге де орындарда қамауда болған кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындарға төлем беріледі.

5. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуіне байланысты шығындардың орнын толтыру жалғызілікті және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт адамдарға, зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге тоқсан сайын 2 АЕК төлем беріледі.

6. Әлеуметтік төлемдер: Әскерлерді Ауғанстан жерінен шығару күніне біржолғы 5 АЕК мөлшерінде және тоқсан сайын 2 АЕК Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысушы әскери қызметшілерге, Чернобыль АЭС апатының салдарларын жоюға қатысқан адамдарға беріледі.

Ескерту. 2011 жылғы арналған айлық есептік көрсеткіш мөлшері 1 512 теңгені құрайды.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы;

2) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылары туралы» ҚР 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-І Заңы;

3) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысы;

4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.invalid.kz – Қазақстан мүгедектерінің порталы;

2) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы;

3) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек азаматтарға көмек», «мүгедектерге көрсетілетін мемлекеттік көмек түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


46. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға кімнің құқығы бар?
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларына) берілетін ақшалай төлем (өтініш беруші тұратын аймақта белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 %-ы). 2010 жылы республика бойынша орташа ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 13 487 теңгені, кедейлік шегі – 5 395 теңгені құрады.

Атаулы әлеуметтiк көмектің мөлшерi жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлiк шегiнің белгіленген айырмасы түрiнде есептеледi және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасының әрбiр мүшесiне тағайындалады.

Атаулы әлеуметтiк көмекті алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жүрген азаматтығы жоқ тұлғалардың құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін сәйкес құжаттар пакетімен тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) бару қажет. Егер сіз тұратын ауылдық жерде аталған басқарма (бөлім) болмаса, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін құжаттарды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне ұсыну қажет.

Сізге тегін берілетін өтініш бланкісінде жеке басын куәландыратын құжат деректемелері, әлеуметтік жеке код нөмірі (ӘЖК) мен жеке идентификациялық код нөмірін (ЖИК) толтыру міндетті екенін ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген кезде өзіңізбен бірге аталған құжаттардың түпнұсқасы болу керек.

Өтініштен бөлек сізге белгіленген үлгіде үш тегін мәліметтер бланкісі беріледі, олар толтырылғаннан кейін өтінішке қоса тіркеледі:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) сіздің отбасының тапқан табысы туралы мәліметтер;

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.



Назар аударыңыз! Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапкершілік алады.

Есіңізде болсын! Мыналарға:

1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға;


      2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Бұл ретте, жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, оған атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.



Назар аударыңыз! Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.

Атаулы әлеуметтік көмек ай сайын төленеді.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы;

2) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысы;

3) «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығы;

4) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығы;

5) «Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегі № 537 қаулысы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.enbek.gov.kz – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты;

2) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «атаулы әлеуметтік көмек», «атаулы көмекті кім ала алады» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

47. Тұрғын үй көмегіне кімнің құқығы бар?
Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша:


  • жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;

  • тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;

  • байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;

  • жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) өтініш береді және тиісті құжаттарды ұсынады.



Назар аударыңыз! Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды. Сондықтан тұрғын үй көмегін алу үшін қажетті толық құжаттар тізбесі жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалады.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы (97-бап);



2) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысы.

Пайдалы сілтеме:

www.e.gov.kz – «Электронды Үкімет» порталы («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» тақырыбы).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үй көмегі», «тұрғын үй көмегін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

48. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар?
Осы жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленеді.

Жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.



2011 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1 512 теңге

Балаларға арналған жәрдемақыны алуға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандардың құқығы бар.

Балаларға арналған жәрдемақыны ресімдеу үшін сәйкес құжаттар пакетімен тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) бару қажет. Егер Сіз тұратын ауылдық жерде аталған басқарма (бөлім) болмаса, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін құжаттарды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне ұсыну қажет.

Сізге тегін берілетін өтініш бланкісінде жеке идентификациялық код нөмірі (ЖИК), дербес шот нөмірі және банк атауын толтыру міндетті екенін ескере отырып, балаларға арналған жәрдемақыны алу үшін өтініш берген кезде өзіңізбен бірге аталған құжаттардың түпнұсқасы болу керек.

Өтініштен бөлек Сізге белгіленген үлгіде үш тегін мәліметтер бланкісі беріледі, оны толтырғаннан кейін тиісті құжаттарды қоса тіркеп өткізесіз.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.



Назар аударыңыз! Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Қажеттi барлық құжаттарымен, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.

Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.

Әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.

Жәрдемақыны төлеуді тоқтату үшін:

1) баланың қайтыс болуы;

2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;

3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;

4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.

Ескерту. 2011 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 1 512 теңге.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы;

2) «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты;

2) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі, «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» тақырыбы).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға көмек», «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

49. Көпбалалы аналардың қандай әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар?
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп балалы аналардың:


  • бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

  • «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар ретінде арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алтын алқамен» - жеті, «Күміс алқамен» алты бала туған және тәрбиелеген аналар марапатталады. «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапаттау осы ананың алтыншы және жетінші баласы бір жасқа жеткен және қалған балалары тірі болған жағдайда жүргізіледі.

Мрапаттау кезінде мына балалар да есепке алынады:



  • заңды түрде асырап алған;

  • Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар.

Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарымен қоса тұратын жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына береді:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;

4) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік;

5) азаматтарды тіркеу кітабы.

Құжаттар түпнұсқада және салыстырып тексеру үшін көшірмеде ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.

Жәрдемақыны тағайындаудың және мөлшерін анықтаудың тәртібі

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап тағайындалады және ай сайын төленеді. Жәрдемақы мөлшері:



  • бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 3,9 айлық есептік көрсеткіш;

  • "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған көп балалы аналарға - 6 айлық есептiк көрсеткiш.

Назар аударыңыз! Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

Есте сақтаңыз! Көп балалы аналар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы жеке куәлік және төлқұжат беру үшін баж төлеуден босатылады.

Ескерту. 2011 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 1 512 теңге.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы;

2) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы

Пайдалы сілтемелер:

1) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты;

2) www.e.gov.kz – «электронды үкімет» порталы («Заңнама» бөлімі).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «көпбалалары аналарға көмек», «көпбалалы аналарға жәрдемақы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

50. Жұмыс іздеушілерге кеңес
Жұмысты қайдан тауып, қайдан іздейтінін білетінін кез келген адамның жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Сондықтан жаңа жұмыс іздеу барысында тыңғылықты дайындалып, алдағы әр қадамды жақсылап ойлану керек. Мақсатты алдын ала талдау жасау – өз күшіне сенім тудыру үшін ғана емес, сонымен бірге дұрыс бағыт таңдау үшін де керек. «Дұрыс бағыт» алу үшін біз сізге мынадай кеңес береміз.

1. Өз мақсатыңызды жақсылап ойланыңыз. Болашақ жұмыс орныңызды қалай елестетесіз? Сіздің алдыңызда бірқатар сұрақтар туындайды: сізді нақты қандай жұмыс түрі қызықтырады, қандай салада жұмыс жасағыңыз келеді, өзіңізге қандай деңгейдегі жауапкершілікті алуға дайынсыз, өзіңізге қандай рөл алғыңыз келеді, сіз үшін жалақының қандай деңгейде болғанын қалайсыз және т.с.с.

2. Жауаптарыңызды талқылаңыз. Тікелей іздеуге кіріспес бұрын, өз ойыңызды сізге мінездеме бере алатын, ой бөлісетін келешекте іздену мақсатында бастапқы басшылыққа алған айналаңыздағылармен бөліскеніңіз дұрыс. Сіздің ұсынған тілектеріңіз туралы өзге адамдардың пікірін тыңдау үшін, сізді жақсы білетін, жақындарыңызбен, достарыңызбен сөйлесіңіз. Дұрыс жолда екендігіңізге көз жеткізу үшін, дәл қазіргі уақытта сіз қарастырған бағытта немесе сол салада шұғылданып жүрген адамдармен сөйлесіңіз.

3. Мақсаттарыңызды қайта қарап шығыңыз. Бастапқы мақсатыңызды талдап, талқылағаннан кейін, бірінші сатыдағы сұрақтарыңызға қайта жауап беріңіз. Осыдан кейін төртінші сатыға – түйіндеме (резюме) дайындауға ауысыңыз.

4. Түйіндеме (резюме) дайындау. Енді жаңа жұмыстың талаптарына және ықтимал жолдары туралы нақты ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, түйіндемеңізді дұрыстап немесе қайта жазып шығыңыз. Жұмыс іздеуші туралы басшыға нақ осы арқылы алғашқы әсер қалдыратын болғандықтан, кез келген жұмыс іздеу барысында түйіндемеге (резюмеге) өте жоғары мән беріледі. Түйіндемеге жазғаныңыздан алған әсердің негізінде жұмыс беруші сізді әңгімелесуге шақыру, әлде бірден кандидатураңызды алып тастау туралы шешім қабылдайды.

Жақсы жазылған түйіндеме бес бөлімнен тұрады: мақсат, қысқаша сипаттама, кәсіптік тәжірибеңіз, біліміңіз және өз қалауыңыз бойынша ерекше дағдыларыңызға көңіл аударуға, кейбір жеке ақпараттармен таныстыруға арналған қосымша бөлім.

Түйіндеме ойластырылған, сауатты, анық құрастырылған және барынша ақпараттандырылған болуы керек. Қарапайым ақиқатты есте сақтаңыз: жақсы түйіндеме сіздің жұмыс іздеуіңіздің нәтижелі болуының алғашқы қадамы. Сонымен қатар түйіндемені жазғанда түбінде шындықтың ашылатынын есіңізде сақтай отырып, барынша адал болуға тырысыңыз.

5. Енді жұмыс іздеуге кірісіңіз!

Ал енді дайындалған кезеңдерден өткеннен кейін өзіңізге сенімді болған шығарсыз. Жұмыс іздеуге кірісуіңізге болады.

Жұмыс іздеуді неден бастауға болады? Міне, бірнеше кеңестер:

1) газеттердегі жарнамаларды қараңыз;

2) интернет-сайттардағы жарнамаларды қараңыз;

3) газеттер мен сайттарда өзіңіздің түйіндемеңізді және жарнамаңызды жариялаңыз;

4) кадрлер агенттігіне хабарласыңыз;

5) өз қалаңыздағы болмаса ауданыңыздағы әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту бөліміне хабарласыңыз;

6) өзіңіздің жұмыс іздеп жүргеніңіз туралы достарыңызға, таныстарыңызға хабарлаңыз, оларға сіздің кандидатураңызды ұсынуы үшін ақпарат таратуға түйіндемеңізді беріңіз.

Көріп отырғаныңыздай, жұмыс іздеудің жолдары көп. Осындай жұмыс туралы көптеген жарнамалардың арасынан қалай дұрыс таңдау жасауға болады?

Міндетті түрде, алғашқыда сіз өзіңізге тартымды ұсыныстарды бөліп аласыз. Бірақ алаяқтардың арбауына түспес үшін ертегілердегідей жалақы мен тез ақша табу мүмкіндіктерін ұсынатын жарнамаларды алып тастаңыз. Алғашқы жарна төлеуді талап ететін жұмыстан да сақтанған жөн. Болмаса, сізден біліміңізді де, жұмыс тәжірибеңізді де талап етпейтін ұсыныстар, өте сирек жағдайда ғана пайдалы қызметкерлерді іздегенде жарияланады.

Сонымен қатар, нақты ұйымдар емес, ақылы қызмет көрсету мақсатында делдалдық қызмет атқаратын кадрлық агенттіктердің жұмыс беру жайлы хабарландыруларын кездестіруге болады. Кадрлық агенттіктер арқылы жұмыс іздестіру де кейде өзін өзі ақтап жатады, сондықтан оларды толығымен ысырып тастамай, жай ғана белгілеп қойған жөн.

Қолыңызға газетті алып, алғашқы кездескен жарнамаға жармаспаңыз. Алдымен барлық жұмыстарды қарап шығыңыз.

Өзіңізге қажетті жұмыстарды таңдап алып, телефон арқылы хабарласып, толығырақ анықтап, хабарландыруда көрсетілмеген сұрақтарды қарастыра бастаңыз, егер барлығы ойдағыдай болса, сұхбаттасу жайлы келісіңіз. Тек бір ғана немесе бірнешеуіне емес, барлығына хабарласыңыз! Осы хабарландыруды көптеген адамдар оқитындығын естен шығармаңыз, сіз жай ғана үлгермей қалуыңыз мүмкін. Сіз қоңырау соққанша жұмысшы табылып қоюы мүмкін. Жұмыс іздеу белсенді әрекетті қажет ететіндіктен, оны кейінге қалдырмаған жөн.

Егер сіз жұмыс іздеу жайлы өз хабарландыруыңызды орналастырсаңыз, оның әсері де дәл сондай тиімді болады. Себебі, басылымдарды тек жұмыс іздеп жатқандар ғана оқымайды. Кадрлық менеджерлер мен кадр бөлімінің қызметкерлері де жұмыс туралы газеттер мен интернет-сайттардың тұрақты оқырмандары.

Сонымен, телефон арқылы хабарласқан кезде (сіз хабарластыңыз ба немесе сізге хабарласты ма, маңызы жоқ), ұсынылатын жұмыс жайлы толығырақ біліп алған жөн. Егер сіз жұмыс іздеуге тыңғылықты кіріссеңіз, онда сізде, сөзсіз, әрбір жұмыс жайлы ақпарат жазып жүрген кітапшаңыз бар болуы керек. Ондай болмаған жағдайда сізге маңызды болып табылатын тұстары жайлы ақпарат алуға тырысыңыз.

Сонымен, толық келісімге келгеннен кейін сізді сұхбаттасуға шақыруы мүмкін. Барлық керекті құжаттарды дайындауды ұмытпай, жұмыс ұсынып жатқан ұйымның кеңсесіне аттаныңыз. Сұхбаттасу кезінде өзіңізді дұрыс ұстай алуыңызға байланысты сіздің қызметке орналасуыңыздың мәселесі шешіледі.

Егер сізді жұмысқа қабылдамаса немесе ұсынылған қызмет сізге сай келмесе, онда жұмыс іздеуді жалғастыра беріңіз. Апта сайын жаңа газет алып, интернет сайттарды қарастырып, жаңа қызметтер жайлы хабарландыруларды іздеп отырыңыз. Және сондай жиілікпен өз түйіндемеңізді сол басылымдарға беріп отырыңыз. Сізге барынша табандылық көрсету қажет, сонда ең қысқа уақытта жұмыс табатыныңыз сөзсіз.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.enbek.gov.kz/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты («Вакансияларды кеңінен қарастыру», «Ізденушінің тіркелуі» және т.б. бөлімдер);

2) www.astana.kz - Астана қаласы әкімдігінің сайты («Еңбекпен қамту» бөлімі);

3) www.karierist.kz/ - Астана, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында жұмыс іздеумен айналысатындарға арналған ресурс;

4) www.zhumys.kz – вакансияларды іздеу.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жұмыс іздеушілерге кеңес», «бос жұмыс орындары», «вакансия» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

51. Арнайы әлеуметтік қызметтер дегеніміз не және оны кімдер ала алады?
Бұл өмірдің қиын жағдайлары туындаған отбасыларға әлеуметтік проблемаларды жеңіп шығу үшін көмектесетін қызметтер. Бұл қызметтер төмендегідей болуы мүмкін:

1) тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;

2) денсаулықты жақсартуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;

3) психологиялық жағдайдың өзгеруін қарастыратын әлеуметтік-психологиялық қызметтер;

4) балаларды, дене мүмкіндігі мен ой қабілетін ескере отырып, тірек қимыл аппаратының кемістігі бар балаларды педагогикалық түзетуге және оқытуға;

Балаларды, тірек қимыл аппаратының кемістігі бар балаларды тұрмыстық дағды және қол дағдысына үйретуге бағытталған әлеуметтік педагогикалық қызметтер;

5) 18 жастан асқан тұлғаларды тұрмыстық дағдыға және қол өнер дағдысына оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; балалар мен 18 жастан асқан жастарға еңбек дағдысын қалыптасыруға, еңбек қызметін ұйымдастыру мен 18 жастан асқан тұлғаларға жұмыс орнын құруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;

6) бос уақыт ұйымдастыруға әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оған балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер;

7) өмір деңгейін сақтап тұруға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;

8) құқықтық мәртебесін сақтауға немесе өзгертуге, құқықтық көмек көрсетуге, заңға сәйкес құқық пен мүддені қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Арнайы әлеуметтік қызметтер төмендегідей себептер бойынша өмірдің қиын жағдайларында тұрған адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі:

1) жетімдік;


2) ата-анасының қамқорлығынан айрылғандар;

3) кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыз қалуы, соның ішінде девианттық мінез-құлық;

4) жаңа туылған жас нәрестелер мен үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық дамуының шектелуі;

5) физикалық және (немесе) ақыл-естік мүмкіндіктерге негізделген организм қызметінің бұзылуы;

6) әлеуметтік маңызы бар аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардың тіршілік әрекетін шектеу;

7) қартаю, бастан өткерген сырқаты және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі қызмет ете алмауы;

8) әлеуметтік бейімсіздену мен әлеуметтік депривацияға әкелетін қатыгездік;

9) үйсіздік;

10) түзету мекемелерінен босау.

Арнайы әлеуметтік қызметтер тегін және ақылы түрде көрсетілуі мүмкін.

Егер Сіз немесе сіздің отбасыңыз өмірдің қиын жағдайын бастан кешіріп жатқан болса, тегін әлеуметтік қызметтер үшін тұрып жатқан жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша түрде өтініш білдіруіңіз керек. Ал ақылы қызмет үшін арнайы әлеуметтік көмектер ұсынатын мекемелерге баруыңызға болады.

Егер сіз немесе сіздің отбасыңыз арнайы әлеуметтік көмек бойынша өздеріңіз өтініш бере алмасаңыздар, онда мына адамдар жазбаша арызбен келуіне болады:

1) отбасының ересек бір мүшесі;

2) қамқоршы (қорғаншы);

3)  ауыл, ауылдық округ әкімі;

4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сай сенім хат бойынша.



Естеріңізде болсын! Әлеуметтік арнайы көмектер әлеуметтік қызметкерлер сіздің осы қызметке қажеттілігіңізді анықтағаннан кейін ғанакөрсетіледі. Арнайы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, сізді жазбаша түрде хабардар етіп, бас тарту себебін көрсетіп, құжаттарыңызды қайтарып береді.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Арнайы әлеуметтік көмектер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Арнайы әлеуметтік көмектің қажеттілігін анықтау мен бағалау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №28-б бірлескен бұйрығы.

Пайдалы сілтемелер:


  1. www.e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталы;

www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «арнайы әлеуметтік көмек», «арнайы әлеуметтік көмек алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


52. Дүниеге бала келді. Мемлекет Сізге қандай көмек береді?
Егер сіздің отбасыңызда нәресте өмір есігін ашса, сіз мемлекеттік кепілді төлем аласыз. Жәрдемақы мен төлемдердің бірнеше түрі болады.

Біріншіден, Сізге сәби үшін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Ол үшін баланың туу туралы куәлігі мен өзіңіздің жеке куәлігіңізді алып Зейнетақы тағайындау мемлекеттік орталығына барасыз (ЗТМО). Оны туылған баланың анасы сондай-ақ әкесі, болмаса баланың қамқоршысы алуына болады. Бұған Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың құқығы бар (Қазақстан азаматтары, оралмандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқтар).



Назар аударыңыздар! Жәрдемақының көлемі: бірінші, екінші, үшінші балаға – 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК); төртінші балаға және одан жоғары – 50 АЕК.

Екіншіден, 1 жасқа дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы аласыз. Бұл жәрдемақының мөлшері бірінші балаға – 5,5 АЕК; екінші балаға-6,5 АЕК; үшінші балаға – 7,5 АЕК; төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,5 АЕК. Екі және одан көп бала туылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы әр балаға жеке белгіленеді және төленеді. Одан басқа, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге ең төменгі еңбекақы көлемінде (14 952 тг.) жәрдемақы тағайындалады.



Егер Сіз босанғанға дейін жұмыс істеген болсаңыз, онда сізге мынандай жәрдемақы тиесілі:

а) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем;

б) баланың тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы;

в) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем



  • Жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем босанғанға дейінгі бір жылдық орташа еңбекақының негізінде есептеледі. Жүктілігі бойынша жәрдемақы бір рет беріледі, бұл ретте одан 10 % міндетті зейнетақы аударымдары сіздің зейнетақы шотыңызға аударылатын болады.

  • Жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді ай сайын бала бір жасқа толғанға дейін аласыз, ол сіздің соңғы екі жылдық орташа еңбекақыңыздың 40 %-ын құрайды. Бала күтімі бойынша жәрдемақыдан да — 10 % міндетті зейнетақы жарнасы ұсталып, жинақтаушы зейнетақы қорындағы сіздің жеке зейнетақы шотыңызға аударылады.

Әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу үшін мынадай құжаттар жинау қажет болады:

  • Жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді алу үшін: еңбекке жарамсыздық парағы; жеке куәлік; СТН; ӘЖК; үй кітапшасы;  ХҚО-да тіркелген мекен-жайыңыз туралы анықтама (егер тұрақты тіркелмеген болсаңыз, уақытша тіркелгеніңіз туралы анықтама); жеке немесе карточкалық банк есеп шотын; жұмыс орнынан әлеуметтік қатер төнгенге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы кіріс туралы белгіленген үлгідегі анықтама тапсырасыз.

  • Бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу үшін: жеке куәлік; СТН; ӘЖК; үй кітапшасы немесе мекенжайыңыз туралы анықтама; балалардың туу туралы куәлігі; жанұя мүшелері туралы анықтама (ЗТМО толтырылады); банктің жеке немесе карточкалық есеп шот нөмірі.

Барлық құжаттарды – түпнұсқада және көшірмеде қалалық ЗТМО-ға әкелу қажет.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін мынадай құжаттар жинау қажет болады:



Егер сіз босанғанға дейін жұмыс істемеген болсаңыз, сізге төмендегідей мемлекеттік жәрдемақылар көзделген:

а) баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы;

в) бала күтіміне байланысты бала 1 жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы (ай сайын төленеді).

Жәрдемақыны ресімдеу үшін мынандай құжаттар жинау қажет болады:

1) жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);

2) СТН (түпнұсқа және көшірме); 

3) ӘЖК (түпнұсқа және көшірме);

4) үй кітапшасы немесе тұрғылықты жерден анықтама (түпнұсқа және көшірме);

5) жеке немесе карточкалық есеп шоттың нөмірі (түпнұсқа және көшірме).



Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ресімдеу үшін мына құжаттар қосылады:

  • отбасы мүшелері туралы анықтама (ЗТМО толтырылады);

  • баланың туу туралы куәлігі.

Барлық құжаттарды түпнұсқа және көшірмеде қалалық немесе аудандық ЗТМО-ға әкелу қажет.

Сондай-ақ, ақша аудару үшін банктен есеп шот ашу керек. Есте сақтаңыз, жаңа туған нәрестеге бір рет төленетін және бір жасқа дейін төленетін жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беру уақыты бала туылғаннан бастап 12 айдан аспау керек.



Ескерту. 2011 жылғы 1 қаңтарға арналған айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 1 512 теңгені құрайды.

Білген пайдалы (оқып шығыңыз):

1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 2005жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

3) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы;

4) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысы;

5) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысы;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-ө бұйрығымен бекітілген баланың туылғанда және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz – «Қазақстан Республикасының Электронды Үкіметінің» сайты («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі);

2) www.enbek.gov.kz/ - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сайты;

3) www.detki.kz – ата-аналарға арналған сайт.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бала туылғанда көрсетілетін көмек», «бала тууына байланысты жәрдемақылар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

53. Егер Сізге тағайындалған зейнетақы көлемімен келіспесеңіз, не істеу керек?
Зейнеткерлік жас шамасы бойынша: әйелдер үшін 20 жыл еңбек өтілімен жасы 58-ге толғанда, ал ерлер үшін – 25 жыл еңбек өтілімен 63 жасқа толғанда толық көлемде беріледі.

Зейнетақы көлемі зейнеткерлік төлемді есептеуге берілген орташа айлық көлеміне және 01.01.1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне байланысты болады.

Зейнеткерлік төлемдер 1995 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай жұмыстағы үзілістеріне қарамай, кез келген 3 жылының орташа айлық табысына қарай есептеледі. Осыған орай 1998 жылдың 1 қаңтарынан бергі орташа айлық табысының көлемі жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған міндетті зейнетақы аударымдардың жүзеге асырылып отырған табыс көлеміне сәйкес бекітіледі. 3 жылғы жұмысы бойынша зейнеткерлік төлемді есептеу үшін 36 айлық табыстың жалпы сомасын қатарынан 36-ға бөлу арқылы анықталады. Зейнетақы мөлшерін есептегенде орташа айлық табыстың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (ары қарай АЕК) 32 еселік (2011 жылы 39 еселік) сомасынан асып кетпеуі керек. 2010 жылы бұл сома 45216 теңгені құрады (АЕК 1413*32). Зейнеткерлік төлемнің мөлшерін есептеу орташа айлық табыстың 60 пайызы есебінен жүзеге асады. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі әрбір толық еңбек етілген жылдың зейнетақы көлемі, талап етілген еңбек өтілінен бөлек 1 пайызға көбейеді.

Басқаша айтқанда, егер Сіз 1998 жылға дейін 25/20 жыл (тиісінше ерлер/әйелдер) жұмыс істесеңіз, онда Сіз өз орташа айлығыңыздың 60 пайызын алып отыратын боласыз. Егер 26/21 жыл (тиісінше ерлер/әйелдер) жұмыс істесеңіз, 61 пайызын аласыз. Осылайша әр жылға 1 пайыз қосылып отырады. Алайда оған шектеу де бар – заң бойынша төлемдер 75 пайыздан аспауы керек.

Егер Сіздің еңбек өтіліңіз 25/20 жылға (тиісінше ерлер/әйелдер) жетпесе, онда зейнетақы мөлшері жинақтаған еңбек өтіліне үйлесімді есептеледі.

Ең төменгі зейнетақы көлемі 2010 жылғы базалық зейнетақыны қосқанда 18 325 теңгені құрады (2011 жылы – 24 047 теңге).

Егер Сіз зейнетақы мөлшерімен келіспесеңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекттік орталығының бөлімшесіне барыңыз немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаментіне барып кеңес алуыңызға болады. Мекен-жайлары мен телефондарын анықтама қызметінен білуге болады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы;

2) «Мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жас шамасы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы төлеуді, мемлекеттік базалық зейнеткерлік төлемдерді, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды төлеуді белгілеу және жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819қаулысы;

3) «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнеткерлік төлемдер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету стандарты туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz/wps/portal - «Электрондық үкімет» порталы;

2) www.gcvp.kz – Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы;

3) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.



МЗТО Call – Centre телефондары:

8-800-080-37-07 – республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу сұрақтары бойынша;

8-800-080-37-08 – «Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры» АҚ қаражатынан әлеуметтік төлемдерге байланысты сұрақтар бойынша;

8-800-080-37-09 – жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «зейнетақы көлемі», «тағайындалған зейнетақымен келіспеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

54. Жерлеуге жәрдемақы алу жолдары қандай?
Зейнетақы немесе жәрдемақы алып жүрген адам қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамды жерлеуді өз міндетіне алған тұлғаға жерлеуге арналған бір реттік жәрдемақы төленеді.

Жерлеуге арналған жәрдемақы алу үшін Сіз ЗТМО (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық) немесе тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, мынадай құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

1) жерлеуді жүзеге асыратын тұлғаның жеке куәлігінің, СТН, ӘЖК көшірмесі немесе жерлеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкер патентінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары берген сақтандыру анықтамасы;

3) қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-ші бабына сәйкес, жерлеуге берілетін жәрдемақының мөлшері 15 АЕК, мүгедектер немесе ҰОС қатысқандар үшін – 35 АЕК.

Алушы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар және «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетпеген адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн елу еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолғы төлем төлейді.

Ескерту. 2011 жылғы 1 қаңтарға айлық есептік көрсеткіш мөлшері 1 512 теңгені құрайды.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

www.e.gov.kz«Электрондық үкімет» порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жерлеу жәрдемақысы», «жерлеуге арналған жәрдемақы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
V ТАРАУ. АДАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
55. Мекен жай бойынша тіркелу не үшін қажет және оны қалай алуға болады?
Егер Сіз тіркеуге тұрмасаңыз: жұмысқа орналасуға, мемлекеттік жәрдемақы алуға, тұрғын үй алуға кезекке тұруға және т.б қол жеткізе алмайсыз. Тіпті ауырған жағдайда да тіркеуге тұру қажет болады: оны қазір ақылы мекемелрден басқа барлық медициналық мекемелерде талап етеді. Сондай-ақ құқық қорғау органдары да сіздің тұрғылықты жеріңізді тексеріп, сәйкес тіркеуіңіз болмаса, айыппұл сала алады.

Тіркеуге тұру үшін тұрғын үй, пәтер болуы міндетті емес екенін көп адам біле бермейді. Сіздің тіркеу мекен-жайыңыз саяжай, cаяжай серіктестігі, жатақхана, қонақ үй, санаторий, профилакторий, интернат үйі, пансионат, қарттар үйі, тіпті сіздің қызметтік ғимаратыңыз (жұмыс орныңыз) бола алады. Егер сіз жұмыс орнына тіркеуге тұруды шешсеңіз, жұмыс берушіден үй кітапшасын сұраңыз.

Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз. Онсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды. Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі – 2 күн. Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы) және тіркеуден шығу қағазына штамп қоюы керек.

Жаңа мекен-жайға тіркеуге тұру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барар алдында керекті құжаттарды және көшірмесін дайындап алыңыз. Тұрғылықты жерге тіркеуге тұру үшін сізден мына құжаттарды талап етеді:

1) үй иесінің келісімімен тіркеуге тұру туралы өтініш (есте сақтаңыз, үй иесі сізбен бірге ХҚО-ға барып өзінің келісімін растауы керек, егер үйді немесе пәтерді өзіңіз сатып алған болсаңыз, ешкімнің келісімі керек емес);

2) Сіздің тіркеуге тұратын үйіңіз немесе пәтердің құжаттарының түпнұсқасы және көшірмесі (сатып алу-сату келісімі) (түпнұсқа тексерістен кейін иесіне қайтарылып беріледі);

3) азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітапшасы) (Тіркеу кітабы жоқ болған жағдайда, ол тіркеуге тұру өтінішімен бір мезгілде жасалады);

4) жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлік) (түпнұсқа тексерістен кейін иесіне қайтарылып беріледі);

5) бұрынғы тұрған жеріңізден тіркеуден шығу қағазы;

6) екі тіркеуге тұру қағазы және сіздің қай мекен-жайға тіркеуге тұратыныңызды көрсететін статистистикалық талон,

7) егер Сіз әскери міндетті болсаңыз, әскери билеттің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер Сіз әскерге шақырылушы болсаңыз, жергілікті әскери мекеменің мөрімен куәландырылған тіркеу куәлігі (түпнұсқа тексерістен кейін иесіне қайтарылып беріледі);

8) тіркеуге тұру үшін мемлекттік баж салығы төленгені туралы түбіртек (Салық кодексінің 540 бабына сәйкес тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін мемлекеттік баж ставкасы баж төленетін күні қолданылатын республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі АЕК) мөлшері есепке алына отырып, есептеледі және АЕК-нің 10%-ын немесе 2011 жылы 151,4 теңгені құрайды).



Ескерту. ҚР азаматтарын тіркеу туралы нақты ақпаратты электронды үкіметтің www.e.gov.kz сайтынан немесе мына телефон бойынша білуге болады 8 800 080 77 77.

Барлық ХҚО-да банк бөлімшелері бар, сондықтан мемлекеттік баж салығын сол жерде төлеуге болады (мемлекеттік баж салығын төлеу барысында банк сізден СТН талап етеді).

Құжаттарды өткізген соң, ХҚО-ның қызметкері сізге төмендегілер көрсетілген қолхат береді:


  • Құжаттарды өткізген күн;

  • Құжаттардың тізімі;

  • Құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі;

  • Дайын болған құжаттың берілетін күні.

Тұрғылықты жерге тіркеуге тұру мерзімі – 2 күн.

Назар аударыңыз! Құжаттарды алғанда үй кітапшасына тіркеуге тұрғандығыңыз туралы жазылып (мөр қойылғандығын) тексеріңіз.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу есебінен шығару туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты;

4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын Әділет органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 наурыздағы № 3513 тіркелген).

Пайдалы сілтемелер:

1)www.e.gov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/library2/2_grazthdane/citizenry/registracya%20grazhdan%20i%20sobitii/registraciya%20po%20mestu%20zhitelstva&lang=ru – «Электронды үкімет» порталы («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі);

2) http://www.minjust.kz/ru/node/15329 – ҚР Әділет Министрлігінің сайты;

3) http://www.kn.kz/articles.php?id=937 – «Что такое прописка?» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мекен-жай бойынша тіркелу», «мекен-жай бойынша тіркелу не үшін қажет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

56. Салық төлеудің қажеттілігі және оны төлемеудің салдары қандай болмақ?
Әдетте, салық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі ретінде қабылданады. Бұл әр мемлекетің дәулеттілігі және өсіп-өркендеуі. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баждар, алымдар, төлемақылар) мемлекеттік кірістін тұрақты көзі ретінде:

  • елдің бюджетін, мемлекеттің қаржылық негізін қамтамасыз етеді, қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық орны бар;

  • мемлекеттік бюджетті толтыруды ғана емес, қоғамдық қатынастарды реттеуде де аса маңызды рөл атқарады;

  • өндірістің үлғаюына жағдай туғызып, жұмыс орындарының санын көбейтеді, сол арқылы инвестициялық қызметке ықпал етеді, көлеңкелі экономиканы ығыстырады және т.б.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабында заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады деп айтылған.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндетті рәсім. Салықты есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген.

Салық заңнамасында белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасы берешек болып есептеледі.

Салықты төлеу бойынша міндетті орындамау немесе толық орындамау салық органымен берешекті анықтаған күннен бастап белгіленген мерзімде салық төлеушіге салықтық берешекті (берешек сомасы, сонымен қатар төленбеген өсімпұл және айыппұл сомасы) төлеу туралы хабарламаны жолдауға негіз болып табылады.

Салық төлеуші өз еркімен салық төлеу бойынша міндетін орындамаған жағдайда салық органдары салықты мәжбүрлеп өндіріп алады.

Салық төлеуші жеке тұлғаның мүлкі есебінен салықты өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

Салықты төлемеген уақыт ағымында мемлекеттің салық төлеушіге деген мүліктік талабы белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасына өсімпұл есептеу арқылы күн сайын өседі.

Салықты төлеу міндетін орындау бойынша өсімпұл заңнамамен бекітілген салықты төлеу уақытынан кейінгі әрбір кешіктірілген күнтізбелік күнге есептеледі.

Азамат салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған жағдайда, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Қылмыстық заңнама бойынша, егер азамат салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарса, екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Маңызды! Сіз салықты үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, банкте кезекте тұрмай-ақ төлей аласыз.

Салық төлеушілер салықты, оның ішінде жеке тұлғалардың салығы (көлік құралы салығы, мүлік салығы, жер салығы):



  • екінші деңгейдегі банктердің банкоматтары;

  • екінші деңгейдегі банктердің интернет-банкингі;

  • екінші деңгейдегі банктердің банктік дүңгіршектері;

  • «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу сервисі);

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің электронды порталы арқылы жүзеге асыруына мүмкіндіктер жасалған.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша салық төлеу қызметі:

- «Қазкоммерцбанк» АҚ (оның ішінде homebank.kz интернет-порталы арқылы);

- «БанкТуранАлем» АҚ (интернет-банкинг);

- «Қазақстанның Халық банкі» АҚ (банкоматтар);

- «Альянс Банк» АҚ (банкоматтар) банктерінде бар. Басқа да екінші деңгейдегі банктермен банкомат және басқа электрондық құралдар аркылы салық төлеушілерге қызмет көрсетуді кеңейту жоспарланған.

Қызметтің артықшылығы:



  • төлемді қолайлы уақытта және кез келген жерден жүргізу (оның ішінде демалыс күндері);

  • төлеушінің дербес шотына төлеу фактісі бойынша ақша аудару (төлемді демалыс күндері жасаған кезде, сол күн төлем жасалған күн болып есептеледі);

  • салықты тек өзінің салықтық міндеттері бойынша ғана емес, қаласа, туыстары, жолдастары немесе басқа бір үшінші тұлға үшін төлеу мүмкіндігі;

  • интерфейста келесі әрекеттер бойынша қадамдық нұсқаулар бар (оңай, ыңғайлы);

  • чек алу (төлем құжаты).

«Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымша – дербес және жүйеге рұқсатсыз қосылудан қорғалған Қаржы Министрлігі Салық комитетінің интернет-порталындағы бөлім, ол салық төлеушіге ыңғайлы кез келген жерден электрондық салықтық қызметтерді алуға, оның ішінде салықтық есептілікті электронды түрде тапсыруға мүмкіндік береді.

«Салық төлеушінің кабинетінде» салықты төлеу және салықтық есептілікті электронды түрде тапсыру қызметтерінен басқа, электрондық сандық қолы бар салық төлеушілерге келесі мүмкіндіктер жүзеге асырылған:



  • есептелген және төленген салықтар/өсімпұлдар/айыппұлдар сомаларымен бірге дербес шоттарын көру, әр кезеңге дербес шоттан жазба алу;

  • камералдық бақылау бойынша электрондық хабарлама алу, БСАЖ-дан СТжСО АЖ-дан хабарламалардын барлық түрлерін алу;

  • «Мониторинг модулі» арқылы салық төлеушілердің белгілі санаттары үшін салықтық ақпараттарды (жағдайды) жариялау. Ақпаратты жариялағаннан кейін «Салық төлеушінің кабинетінде» қолданушының күнтізбесінде салықтық есептілікті тапсыру мерзімдері тәрізді ақпарат пайда болады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (16 тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық );

3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (7 тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар).



Пайдалы сілтемелер:

1) www.salyk.kz – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-порталы, интернет-порталда салық төлеушілерге салықтық заңнама нормалары туралы және салықтық қызмет органдарының жұмысы туралы тұрақты ақпарат, салықтық есептілік және салықтық өтініштер бланктері, салық органдарының программалық қамтылуы, салықтық есептілік пен салықтық өтініштерді тапсыру бойынша нұсқаулықтар, серверлер мен байланыс каналдарының жұмыс қабілеттігі туралы шұғыл ақпарат, нормативтік құқықтық, анықтамалық және сараптамалық ақпарат және т.б. жарияланады.

2) www.salyk.kz – «Ақпараттық ресурстар» бөлімінің «Салықтық қызметтер» бөлімшесі. Мұнда салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында көрсетілетін салықтық қызметтері сипатталады (байланыс деректері, өтініштер және өтінімдер формасы т.б.);

3) www.salyk.kz – «Ақпараттық ресурстар» бөлімінің «Салықты үйден шықпай қалай төлеуге болады?» бөлімшесі. Word форматында құжатты алу үшін сілтеме;

4) www.salyk.kz – «Ақпараттық ресурстар» бөлімінің «Интерактивті сервис» бөлімшесі. Мұнда бюджетке төленетін салықты, өсімпұлды автоматты есептеу режимі бар.

Мысалы, қажетті жылға жеке тұлғаның көлік құралы салығының берешек сомасын білу үшін салық төлеушіге міндетті торкөздерді толтырып «Көлік құралы салығын есептеу» режимі арқылы есептеу қажет, салық сомасы автоматты есептеледі. Осы жолмен «Өсімпұл есептеу» режимі арқылы өсімпұл сомасы есептеледі. Мұнда банк кассасы арқылы төлеу үшін қажетті реквизиттермен төлем құжатын құруға және басып шығаруға болады.

5) www.salyk.kz – «Ұсынылатын сілтемелер» бөлімінің «Салықтық есептілік нысандары», «Салықтық өтініштер» бөлімшесі. Мұнда салықтық есептілік нысандары мен салықтық өтініштерді алу және басып шығару қол жетімді;

6) www.salyk.kz – «Жолсерік» бөлімінің «Салық төлеуші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығы» бөлімшесі. Мұнда Call-орталығы көрсететін қызметтер сипаттамасы және жұмыс тәртібі келтірілген.

7) www.cabinet.salyk.kz – бұл мекенжай бойынша «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы қол жетімді, «Салық төлеушінің кабинетінде» жұмыс істеу және баптау әрекеті бойынша толық ақпарат және қолданушыға ұсыныстар орналасқан (бейне-нұсқаулары бар бейнероликтер);

8) www.e.gov.kz – «Бюджетке төлем» меню бөлімі.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «салық төлеу қажеттілігі», «салық төлеу не үшін қажет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

57. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар негізінде меншік құқығын қалай тіркеу керек?

Пәтер, жеке үй немесе басқа да жылжымайтын мүлік заң негізінде сізге тиесілі болу үшін оларға меншік құқығын тіркеу қажет.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу үшін азамат (немесе оның уәкілетті өкілі) Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп мынадай құжаттарды тапсырады:

Егер мәміле нотариалды куәландырылса:


  1. белгіленген нысандағы өтініш;

Мәлімет ретінде: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» 22-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ бiрлескен меншiк құқығының туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеген кезде тiркеу туралы өтiнiштi барлық қатысушылар не олардың бiреуi қалған қатысушылардың нотариат тәртiбiмен куәландырған келiсiмiн ұсына отырып беруi мүмкiн.

2) жеке басты куәландыратын құжат (егерде өтінішті оның өкілі тапсырса, өкілдің жеке басын куәландыратын құжат) тексерген соң өтініш берушіге қайтарылады;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) егер өтінішті оның өкілі тапсырса, өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) егер өтінішті оның өкілі тапсырса өкілдің өкілеттігін білдіретін сенімхат немесе басқа құжат;

6) құқық белгілеуші құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (Мысалы, құқық белгілеуші құжаттарға мыналар жатады: сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту шарты, жекешелендiру шарты, жария саудадан алғандығы туралы акт, ортақ мүлiктегi (оның iшiнде жұбайлардың мүлкiне) үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк, меншiк құқығын растайтын (оның iшiнде мүлiктi бөлу кезiндегi және т.б.) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесі, мүлiктi бөлу туралы шарт, жергiлiктi атқарушы органдар беретiн меншiк құқығы туралы куәлiк, мұраға құқық туралы куәлiк т.б.)



7) құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;

8) егер құқық белгілеуші құжатта мәміле қатысушысы (сатып алушы) жұбайы туралы мәлімет болмаса, неке қатынасын растайтын құжаттың көшірмесі;

9) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжатының түпнұсқасы;

10) техникалық төлқұжаттың көшірмесі;

11) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжат (егер бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне (жеке үй, гараж немесе жер учаскесінде орналасқан басқа да құрылыс немесе кондоминиум объектісі құрамындағы тұрғын жай емес құрылыс ғимараттың шегінен тыс орналасса, құқық белгілеуші құжатта жер учаскесіне құқық көрсетілмесе).

12) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;

13) жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты;

14) жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі;



Мәлімет ретінде. Жер кодексінің 43-бабының 9-тармағына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдары беретiн мынадай құжаттар:жер учаскесiне жеке меншiк кезiнде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici; тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi; уақытша өтеулi жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi; уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.

«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңның 40-бабының 2-тармағына сәйкес кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн кейiнгi объектiлерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттары талап етiлмейдi.

Кейiнгi объектiге құқықтарды тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiне құқықтардағы үлес сатып алуға жататын жағдайларда немесе оны иелiктен айырған жағдайда кондоминиум қатысушысы жер учаскесiне құқығындағы үлесiн сатып алғанын растайтын құжатты ұсынуға тиiс.

15) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге алым төлегенiн растайтын құжатты не «электрондық үкiмет» төлем шлюзi арқылы берiлетiн ақы төлегенi туралы чектi ұсынады немесе алым төлеуден босату туралы құжат.



Егер мәміле нотариалды куәландырылмаса, онда мәміле жасаған тұлғалар жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мәмiленi жасаған адамдардың (олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң) қойылған қолдарының растығын, олардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн (құқықтық қабiлеттiлiгiн), сондай-ақ олардың ерiктi түрде жасалғандығын тексеру үшін тіркеуші органдарға (Әділет департаменттері, басқармалары) бару қажет.

1) егер мәміле барлық меншік иелерімен жасалмаса – басқа меншік иелерінің (жұбайының) мәміле жасауға (иеліктен айыруға, сатып алуға) келісімін растайтын құжат;

2) неке қатынасында болмаса немесе мүлік некеге дейін алынса - нотариалды куәландырылғн өтініш (иеліктен айырушының немесе сатып алушының);

3) егер мәміле меншік иесі (иеліктен айырушы) болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүддесін қозғаса (әрекетке қабілетсіз) – қорғаншы және қамқоршы орган келісімі;

4) егер мәміленің бір тарабы заңды тұлға болып табылса:

- заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;

- заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері;

- өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

- өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесiнiң, акционерлер кеңесiнiң) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзiндiлер) ұсынады.

5) егер келесі тарап шетелдік заңды тұлға болып табылса - шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.

6) егер келесі тарап жеке тұлға (лар) болып табылса:



- жеке басты куәландыратын құжат (тексерген соң өтініш берушіге қайтарылады);

- жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Атап өту керек, аталған рәсім Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) тегін жүргізіледі.

Оператор Сізге құжаттарды қабылдап алғандығы туралы қолхат береді, онда мыналар көрсетіледі:


    • сұранымды қабылдаудың нөмірі мен күні;

    • сұралған мемлекеттік қызметтердің түрлері;

    • қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

    • құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

    • Орталық операторының толық аты-жөні.

Бұл маңызды! Жеке меншік құқығын тіркеу талон алған сәттен бастап жалпы тәртіпте 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Салық кодексінің 456-бабына сәйкес құқықтарды тіркеу үшін мынадай алым алынады: пәтерге, жеке тұрғын үйге – 0,5 АЕК (756 теңге); гараждарға 0,5 АЕК (756 теңге), жер учаскесіне – 0,5 АЕК (756 теңге); көппәтерлі тұрғын үй, тұрғын үйдегі тұрғын емес орын-жай, тұрғын емес құрылым – 8 АЕК (12 096 теңге) құрайды.

Сіз жылжымайтын мүлікті жеделдетілген тәртіпте – бір жұмыс күні ішінде тіркеу жүргізе аласыз. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1338 қаулысына сәйкес құқықтарды жеделдетілген тәртіпте тіркеу үшін: пәтерге, жеке тұрғын үйге – 5 АЕК (7 560); гараждарға 4 АЕК (6 048 теңге), жер учаскесіне – 5 АЕК (7 560); көппәтерлі тұрғын үй, тұрғын үйдегі тұрғын емес орын-жай, тұрғын емес құрылым – 15 АЕК (22 680 теңге) алым алынады.



Ескерту: Айлық есептік көрсеткіштің көлемі (АЕК) 2011 жылы 1 512 теңгені құрайды.

Нақты ақпаратты ХҚО кеңесшілерінен немесе ХҚО ақпараттық-анықтама қызметінен мына телефон арқылы 58-00-58 алуға болады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқығын және олармен мәмілені құқықтық тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.egov.kz - «Электронды үкімет» порталы;

2) www.minjust.kz/ - Әділет министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пәтерге меншік құқығын тіркеу», «үйге меншік құқығын тіркеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

58. Электрондық цифрлық қолтаңба. Мемлекеттік қызмет түрлерін үйде отырып қалай алуға болады?
Ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге жаңа серпін әкелуде. Бүгінде үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады, бірақ ол үшін Сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы қажет (ЭЦҚ).

ЭЦҚ деген не? ЭЦҚ – электрондық құжаттың заңды күші болу үшін қағаз түріндегідей қойылатын жеке адамның қолы. Ол біздің жазбаша қолтаңбамыз сияқты емес, сандар жиынтығы болып табылады.

Қазір үкімет өз қызметтерін ұсынып отыр, оны біз ЭЦҚ арқасында ала аламыз. Бізде электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы жұмыс жасайды. Ол арқылы барлық мемлекеттік органдарының ақпараты қолжетімді. Ал интерактивті қызметті жүзеге асыратын ЭЦҚ. Мысалы, мемлекеттік органдардан анықтамалар алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу (егер сіз заңды тұлға болсаңыз), енді (заң бойынша) олар тек электронды түрде жүргізілетін болды, немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдану («Виртуалды қабылдау»).

ЭЦҚ алу үшін Сізге Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының – www.pki.gov.kz сайтына кіру керек. Аталған орталық Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына ЭЦҚ берумен айналысады. ЭЦҚ алу үшін мынадай қадамдар жасау керек:



1 қадам. Цифрлық қолтаңба жүйесі жұмыс жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату.

2 қадам. ЭЦҚ алуға өтінім беру. Өз деректеріңізді, ЖСН (жеке куәлік штрих-коды астындағы нөмір) және т.б. Барлығын толтырған соң, сіздің тапсырысыңызды жіберетін тетікті басамыз. Одан кейін сіздің тапсырысыңызға нөмір белгіленеді, оны ХҚО-да тіркету керек. Немесе сол сайттағы сіздің деректемелеріңіз бен нөміріңіз бар дайын сауалнаманы көшіріп алсаңыз да болады.

3 қадам. Сіз қарайтын ХҚО-ға қажетті құжаттарыңызбен бару. Жеке тұлға құжаттарының тізімі:

1) тапсырыс нөмірі мен тапсырыс берушінің қолы бар өтініш (үлгі бойынша);

2) тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжат – тіркеу куәлігінің иесі (жеке басын куәландыратын құжат, паспорт, мекен-жайы, уақытша куәлік) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмесі;

3) жеке тұлға өкілі тапсырыс беруші атына сертификат алса, алайда Тіркеу орталығына келмесе, нотариуспен куәландырылған сенімхат (үлгі бойынша) немесе негізгі сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.

4 қадам. Сайттағы деректер өңделгеннен кейін, екі күн ішінде on-line тапсырыста жазылған электронды поштаға сертификаттар келеді.

ЭЦҚ пайдаланушының электронды поштасына екі сертификат пен ашық және құпия екі кілт келеді. Жабық немесе құпия кілт – электронды сандық символдар жүйесі. Ол ЭЦҚ иесіне ғана белгілі, сонымен қатар, электрондық қолтаңба алудың негізгі элементі болып табылады. Ашық кілтті сандар жүйесін сізбен құжат айналымы бар орган да біледі. Ол қолтаңбаны тексеру үшін қолданылады. Куәландыратын орталықта сіздің ашық кілтіңіздің көшірмесі бар.



ЭЦҚ-ны қалай орнатуға болады? Кілттерге байланысты сертификаттарды орналастыру туралы ақпарат алдында көшіріп алынған бағдарлама бумасында бар. Шатасып қалмас үшін, программалық қамсыздандыру мұрағатында кілт орналастырудың қадамдық нұсқаулығы түрінде жазбалар бар. «Форум» бөлімінен көптеген сұрақтарға жауап таба аласыз. ЭЦҚ орналастырудың бейненұсқаулығы да бар. Оны жасаушылар www.kaztube.kz. бейнепорталына орналастырды.

Ол қалай жұмыс істейді? Электрондық қолтаңбамен жұмыс жасау қиындық туғызбайды және ол үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Мысалға, сіз жылжымайтын мүлікті иелену анықтамасын аламын дедіңіз. Электронды үкімет порталы - www.e.gov.kz кіріп, тіркеліңіз (сайтта сіздің «Жеке кабинетіңіз» пайда болады), «Азаматтарға қызмет» бөлімін таңдаңыз, тізімде керекті анықтаманы іздеңіз, тапсырысты толтырып, өзіңіздің электрондық қолтаңбаңызбен қол қойып жіберіп, Әділет министрлігінен жауап күтесіз. Ең көбі 5 күннен кейін сізге заңды анықтама келеді, оны сіз принтерден басып шығарып алып, тиісті мекемелерге ұсына аласыз.

Осылай адам мен мемлекет арасында интерактивті байланыс орнайды. ЭЦҚ-ның артықшылығы сол – электрондық қолтаңбасы бар құжаттар керекті жерге жылдам жіберіледі.



Тіркеу куәліктерін пайдалану салалары:

1) «Мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйесі;

2) «Электронды статистикалық есептілік» ақпараттық жүйесі;

3) «Қаржы есептілігі депозитариі» ақпараттық жүйесі;

4) «Е-лицензиялау» жүйесі;

5) «Қазына-клиент» ақпараттық жүйесі;

6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына азаматтардың үндеуі;

7) жеке электронды поштаға қол қою;

8) үкімет порталындағы сервистер мен қызметтер.

Әрине, тізім осымен аяқталмайды, уақыт өте келе ЭЦҚ қолдану аясы кеңейе түседі.



Назар аударыңыз! Сілтеме бойынша сертификаттарды орналастыру тапсырыс жіберілген компьютерде жасалуы керек.

Ескертпе. ЭЦҚ алу үшін www.pki.gov.kz сайтындағы нұсқаулық көмегіне жүгіну керек.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының қолданушыларды техникалық қолдау қызметіне 8-800-080-7777 телефоны арқылы (ҚР аумағындағы тегін телефон жүйесі), сонымен қатар, электронды мекен-жайға: support@pki.gov.kz немесе info@pki.gov.kz ала аласыз.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» туралы Қазақстан Республикасының Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.pki.gov.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының сайты;

2) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы;

3) http://koltanba.ucoz.ru/ - «Электрондық цифрлық қолтаңба» сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «электрондық цифрлық қолтаңба», «электрондық цифрлық қолтаңба алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

59. «Электрондық үкімет» деген не?
Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Қоғаммен бірге мемлекеттік билік органдары да өзгереді, себебі олардың міндеті халықтың талаптарын қанағаттандыру, басқаша болуы мүмкін емес. Мемлекеттің қарым-қатынасы барлық деңгейде орындалуы қажет: мемлекет – азаматтар, мемлекет – бизнес және мемлекет – мемлекет, ал қызмет көрсету мүмкіндігінше бір жерде, бірыңғай электрондық порталда – электронды үкімет порталына беріледі.

Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, Электрондық Үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі.



Электрондық Үкіметтің көмегімен Сіз:

  • мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу және т.б.;

  • коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.;

  • өтініш беру және лицензия алу;

  • бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.;

  • мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу;

  • мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;

  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу;

  • кез келген мемлекеттік органнан ҚР заңнамасын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының түсіндірмесі, қайсыбір жағдайда лауазымды тұлғаның әрекеттерінің заңдылығы және т.б сұрақтар бойынша On-line кеңес алу:.

Электрондық Үкіметтің call–орталығының телефондары арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: 8-800-080-7777, 1414.

Электрондық Үкіметтің құрылуы – бұл субъективті фактордың ықпалын төмендете отырып, шенеунікті азаматтарға жақындастырудың амалы. Электронды Үкімет шенеунік пен азаматтың бетпе-бет қарым-қатынасын виртуалды қатынасқа ұластырып, азаматтарға өз сұраныстарының шешілу жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан Үкіметтің де, азаматтардың да, бизнес-құрылымдардың да арманы.



Пайдалы сілтемелер:

www.e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «электрондық үкімет», «электрондық үкімет порталы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

60. Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?
Егер Сіз Қазақстан Республикасы азаматы болсаңыз, жасыңыз 18-ден асса, жоғары біліміңіз бар және кәсіби дайындығыңыз жақсы дәрежеде болса, онда мемлекеттік қызметке тұруға мүмкіндігіңіз бар.

Есте сақтаңыз! Мемлекеттік қызметке тұрсаңыз, сіз салық қызметі органдарына алатын табысыңыз бен сіздің иелігіңіздегі мүлік туралы ақпарат беруге міндеттісіз.

Мемлекеттік қызметке қабылдау конкурс негізінде іске асырылады. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволарда конкурстың өтетіндігі жайлы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда өтетін конкурстар жайлы ақпарат жергілікті газеттерде жарияланады.

Егер сіз конкурсқа қатысамын десеңіз, онда мемлекеттік органға келесі құжаттарды тапсырыңыз:

1) өкілетті орган бекіткен форма бойынша өтініш;

2) өкілетті орган бекіткен форма бойынша сауалнама;

3) кадрларды есепке алу қағазы бойынша толтырылған жеке қағаз (мекен-жай және телефонды көрсетуге міндеттісіз);

4) біліміңіз туралы құжаттың куәландырылған көшірмесі;

5) жеке куәлік көшірмесі;

6) куәландырылған немесе жұмыс орныңыздағы кадр бөлімі тіркеген еңбек кітапшасының көшірмесі;

7) денсаулық жағдайы туралы анықтама;

8) 3х4 көлеміндегі 1 фотосурет

Назар аударыңыз! Құжаттар конкурс өтетіні туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органдардың мекен-жайларына 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Әр конкурс шарттарына сәйкес, үміткерлер заңнама бойынша білімін тексеру үшін компьютерде тест сынағын міндетті түрде тапсырады.

Тест мақсаты – үміткердің жалпы мүмкіндігін бағалау.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің санатына байланысты түрлі тест бағдарламалары ұсынылады.

Қазіргі таңда тест бағдарламаларына заңнама бойынша білімді тексеру тестері, сонымен қатар, үміткердің мүмкіндігін тексеру мақсатында (санатына байланысты) логикалық вербалды емес тест жатады.

Тестілеуге қатысатын үміткерлер Агенттікте немесе еліміздің 16 аймағындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің жергілікті тестілеу орталықтарында, құжат қабылдау аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тестілеуден өте алады (тестілеудің қай тілде өтуін үміткер өзі таңдайды).

2. Тесттен өткен үміткерлер келесі конкурстық кезеңге - әңгімелесуге өтеді. Әңгімелесу барысында үміткердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері бағаланады.

3. Конкурстың шешуші кезеңінде конкурстық комиссияның отырысы өтеді. Комиссия ұсынылған құжаттар, тест пен әңгімелесу нәтижесі бойынша үміткерлерді бағалайды және мемлекеттік бос әкімшілік қызметке лайық үміткерлерді іріктейді. Үміткерлердің тек біреуі ғана бос лауазымды орынды иелене алады, ал екінші үздік үміткер кадрлық резервке ұсыныла алады.

Маңызды! ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында (www.kyzmet.kz) ҚР заңнамаларын білу бойынша өзіңіз үшін сынақ тесттен өте аласыз.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы;

3) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңы;

4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы;

5) «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң ережесін бекіту туралы» Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығы;

6) «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 қаңтарында № 5113 тіркелді.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.kyzmet.kz/ - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты («Оnline тестілеу» бөлімі). Осы сайттан конкурс пен тестті өткізу тәртібіне қатысты заңдарды және заңдық актілерді табуға болады;

2) www.minjust.kz/ - Әділет министрлігінің сайты (заңнама базасы).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мемлекеттік қызметке орналасу», «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


61. Әскери келісім-шарт қызметіне қалай орналасуға болады?
Біздің елімізде келісім-шарт қызметіне запастағы офицерлерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын, жоғары білімі бар прапорщиктерді, кіші офицер курсын бітіргендерді алады. Шұғыл әскери қызметті аяқтаған орта кәсіби білімі бар сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар прапорщик немесе мичман қызметіне келісім-шартқа отыра алады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдану үшін сізге өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі аудандық немесе қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (басқармаға) бару керек. Сондай-ақ, өзіңіз қызмет атқарғыңыз келетін әскери бөлімге де баруға болады.

Келісім-шарт қызметіне тұру үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:

1) өз еркімен әскери келісім-шарт қызметіне тұрғысы келетіні туралы жеке өтініш (рапорт);

2) жеке куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі;

3) әскери билеттің нотариуспен расталған көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі;

5) неке қию туралы және балаларының тууы туралы куәліктердің нотариуспен расталған көшірмесі;

6) еңбек кітапшасының нотариуспен расталған көшірмесі;

7) зейнетақы келісім-шартының нотариуспен расталған көшірмесі;

8) автобиография (басып шығарылған және өз қолымен жазылған);

9) соңғы қызмет орнынан (жұмысынан, оқуынан) мінездеме;

10) отбасы құрамы және тұрғылықты жері туралы анықтама;

11) фото сурет: 9х12 өлшеміндегі 2 дана, 3х4 өлшеміндегі 4 дана;

12) әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы бар медициналық карта. Осыған туберкулездік, тері-венерологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлерден алынған анықтамаларды, флюорограмманы немесе рентгенограмманы, ЭКГ нәтижелерін, зәр, қан және ВИЧ анализінің нәтижелерін қоса тапсырасыз.

13) сотталмағандығы туралы анықтама.

Келісім-шарт қызметіне үміткерлерді іріктеу жүйесі үш кезең бойынша өтеді:

1 кезең. Алдын-ала іріктеу. Аудандық немесе қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім және әскери бөлімнің командирлері өткізеді.

2 кезең. Үміткерлерді іріктеу. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің конкурстық комиссиясы жүргізеді.

3 кезең. Әскери бөлімде сынақ мерзіміндегі жалпы әскери дайындық бағдарламасы бойынша айлық курсты өту.

Барлық талаптарға сай келетін үміткерлермен әскери қызметті өту жөнінде келісім-шарт жасалады. Әскери қызметін өтеушіні әскери қызметке қою әскери қызметкердің білім деңгейі мен кәсіби дайындығын, оның психологиялық қасиеттері мен денсаулығының жарамдылығын және басқа да жағдайларды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығы;

2) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңы;

3) «Әскери қызметкердің мәртебесі мен оны және оның отбасын әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы;

4) «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында сарбаз (матрос) және сержант (старшина) құрамындағы келісім-шарт бойынша қабылданған әскери қызметін өтеушілердің әскери қызметке қабылдануы мен өтуі бөлімінде әскери қызмет өткеру ережелерін қолдану жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 221 бұйрығы.

Пайдалы сілтемелер:

www.mod.gov.kz/ - Қорғаныс министрлігінің сайты («Әскери қызмет туралы» бөлім).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «келісім-шарт бойынша әскери жұмыс», «әскери келісім-шарт бойынша жұмысқа орналасу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

62. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы
Бүгінгі күні ауылдық аймақтарда кадр жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Өйткені жастар ауылға барғысы келмейді, ал жасы жеткен кадрлар зейнеткерлікке шығуда. Білікті жас мамандар тұрмыстық жағдай мен жайлылықтың жоқтығынан ауылға тартпайды.

Егер сіз өз қызметіңізді ауылдық жерде 5 жылдық жұмыс өтеушілікпен әлеуметтік сала мекемелерінде (денсаулық, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт) бастаймын немесе жалғастырамын десеңіз, онда келесі мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие боласыз:

1) көтерме жәрдемақы, айлық есептік көрсеткіштің жетпіс еселік көрсеткіші немесе 105 840 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап);

2) бюджет несиесі, айлық есептік көрсеткіштің алты жүз отыз еселік көрсеткіші немесе 952 560 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап) (мамандарға тұрғын үй алатын 15 жылға арналған бюджеттік несие, сыйақы мөлшерлемесі жылына несие сомасының 0,01% көлемінде белгіленеді). Ауылдық жерде тұрғын үй алу үшін маманға аталған сома көлемінде баспана алу ұсынылады немесе маман өз есебінен қосымша шығын шығарады.

3) ауылдық елді-мекендерге арналған республикалық бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік сала мекемесі маманының қызметтік айлығын кемі 25%-ға өсіру.

Маман ретінде аталған әлеуметтік қолдауларға ие болу үшін, сіз ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына (бұдан әрі – жұмыс органы) келесі құжаттарыңызды тапсырасыз:

1) үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жаңа жұмыс орнының кадр бөлімінде расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітапшасының) көшірмесі немесе сәйкес елді-мекенде тұрып жатқанын растайтын анықтама;

5) білім туралы дипломның көшірмесі;

6) салық төлеуші нөмірінің көшірмесі (СТН);

7) әлеуметтік жеке код иелену туралы куәліктің көшірмесі (ӘЖК);

8) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату туралы алдын ала келісім-шарт.

Құжаттар түпнұсқалармен бірге беріледі, салыстырғаннан кейін олар иесіне қайтарылады. Жұмысшы орган мамандардың құжаттарды қабылдайды, тіркейді, олардың растығын тексереді, қаржы құралдарына қажеттілікті есептейді және бес күн ішінде комиссия қарауына жібереді. Ал комиссия құжат түскеннен бастап, он күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдауды қарастыруды ұсынады.

Егер Сіз жалған құжаттар берген болсаңыз, өтінішіңіз қабылданбайды!

Аудан әкімдігі комиссия ұсынысы келіп түскеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде сізге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды. Қаулы қабылданғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде аудан әкімі, сіз және сенімді өкіл (агент) арасында мамандарға бекітілген формада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну келісімі жасалады.

Келісім жасалғаннан кейін:

1) жұмысшы орган жеті күнтізбелік күн ішінде сіздің жеке есеп шотыңызға көтерме жәрдемақыны аударады;

2) сенімді өкіл (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен отыз жұмыс күні ішінде маманға тұрғын үй алуға несие ұсынады (несие бойынша маманның міндеттемелерін орындауда осы алған тұрғын үйі кепіл болады).

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 111-IV Заңы;

2) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.ndp-nurotan.kz – «Нұр Отан» партиясының сайты;

2) www.zhasotan.kz – «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының сайты;

3) www.minagri.gov.kz – Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «дипломмен ауылға бағдарламасы», «жас мамандарды қолдау бағдарламасы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

63. Қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады?
Қоғамдық бірлестік – ортақ мақсатқа жету үшін, мысалы саяси партиялар, кәсіби одақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері үшін еркін негізде құрылған азаматтар бірлестігі.

Қоғамдық бірлестіктер саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, азаматтардың белсенділігі мен қызметін дамыту; кәсіби және қызығушылық мүдделерін қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және әдеби шығармашылығын дамыту; адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау; қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық іс-шараларына қатысу; мәдени-ағартушылық, спорт-сауықтыру іс-шаралар жүргізу; тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау; патриоттық және гуманистік тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мақсатында құрылады.

Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының он адамнан аз емес азаматтары тобының бастамасымен, құрылтайшылар съезін (конференция, жиналыс) шақыра отырып құрылуы мүмкін. Сол жиында Жарғысы қабылданып, басқарушы органдары қалыптасады.

Заңды тұлға ретінде қоғамдық бірлестік құру үшін:

1) он азамат-бастамашылардың құрылтай жиналысын өткізу;

2) жарғы бекіту керек.

Қоғамдық бірлестік жарғысы мыналарды қарастыруы қажет:

1) қоғамдық бірлестіктің атауы, мәні және мақсаты;

2) мүшелік, мүшелікке кіру және шығу талаптары мен тәртібі, қоғамдық бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

3) қоғамдық бірлестіктің ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктер) құқықтық жағдайы мен өз қызметін жүзеге асыратын аумақтары;

4) құзіретін қалыптастыру тәртібі және басқарушы органдардың өкілеттік мерзімдері, қоғамдық бірлестіктің тұрақты әрекет етуші басшылық органының орналасқан жері;

5) қоғамдық бірлестіктің ақшалай қаражаты және өзге де мүліктерін қалыптастыру көздері, қоғамдық бірлестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктері) мүлікті басқарудағы құқықтары;

6) қоғамдық бірлестік жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

7) қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және жою, жойылған жағдайда қоғамдық бірлестік мүлкінің тағдырын шешу тәртібі.

Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы – съездің (конференция, жиналыстың) тікелей құзіретіне жатады.

Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін тіркеу жүргізетін органға ол қалыптасқаннан кейін екі ай мерзімінде өтініш беріледі. Өтінішке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференция, жиналыс) хаттамасы, қоғамдық бірлестікті құрушылар туралы мәліметтер және қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттар, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алынатын жинақты төлеуі тиіс.

Мемлекеттік тіркеу үшін 20 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады (2011 жылдың 1 қаңтарына арналған АЕК – 1 512 теңге). Балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін төлемнің жеңілдетілген мөлшері екі еселік АЕК белгіленген.

Қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік тіркеу мерзімі – 10 жұмыс күні.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Пайдалы сілтемелер:

1) Функции общественной (коллективной) защиты прав и интересов военнослужащих возлагаются на их общественные объединения (собрания и советы различных категорий военнослужащих) - (ст. 5 Закона Республики Казахстан от 20 января 1993 года № 1901-XII "О статусе и социальной защите военнослужащих и членов их семей").
www.kontekst.kz/ - заң мәтіндерін іздеуге арналған сайт;

2) www.e.gov.kz/ - «электрондық үкімет» порталы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қоғамдық бірлестік құру», «қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


64. Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде қалай тіркелуге болады?
Сіздің жеке кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келді, бірақ неден бастауды білмейсіз бе? Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден бастау керек. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаныңыз үшін сізге әкімшілік айыппұл салынады.

Міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер:

1) тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын;

2) жеке кәсіпкерліктен түсетін жылдық жиынтық кірістен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық кіріс жиынтығы көлемінен жоғары салық төлемейтін кәсіпкерлер жатады.

Жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік объектісі ретінде тіркелуге болады.

Жеке кәсіпкерлікпен сіз өз меншігіңіздегі мүлік және заңды негізде басқа құқықтар негізінде пайдаланып, немесе иелік ете алатын мүлік арқылы айналыса аласыз.

Бірлескен кәсіпкерлікті сіз оларға жалпы меншік құқығындағы мүлік, сондай-ақ басқа құқықтар негізінде заңды негізде пайдаланып, иелік ете алатын мүлік базасында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобымен бірге жүзеге асыра аласыз.

ЖК тіркеу үшін жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын бойынша салық басқармасына барып, мынадай құжаттарды бересіз:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін алым төлегендігі туралы түбіртек (2 АЕК).



Бұл маңызды! Егер Сіз шаруа және фермерлік қожалық болсаңыз; І, ІІ және ІІІ топ мүгедегі болсаңыз; Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын оралман болсаңыз, ЖК мемлекеттік тіркеу кезінде салық төлеуден босатыласыз.

  1. жеке куәлік көшірмесі, түпнұсқасы көрсетіледі;

  2. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі фотосурет;

  3. жеке кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат);

  4. өтініш иесі кәмелеттік жасқа толмаған болса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршыларының келісімі, ал ондай келісім болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған тұлғаның әрекетке қабілеттілігі туралы сот шешімі қоса беріледі.

Есте сақтаңыз! Тіркеу кезінде сонымен қатар, жеке кәсіпкердің фирмалық атауын көрсетуге болады.

Салық басқармасы барлық құжаттарды тапсырған соң, 3 жұмыс күнінің ішінде жеке кәсіпкер куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілік бойынша сіз мыналарды жасай аласыз:


  • мөр дайындау,

  • банктен шот ашу,

  • кассалық аппаратты тіркеу

Маңызды! Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін қызметіңіз басталғанға дейін салық органына бақылау кассалық машинаны (БКМ) тіркеу есебіне қоюға міндеттісіз. БКМ қолданудан мына жеке кәсіпкерлер босатылады (акцизді тауарлар сататындардан басқа):

  • қызметін бір жолғы талон немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнайы салық режимі шеңберіндегі патент негізінде жүзеге асыратын;

  • қызметін шаруа немесе фермерлік қожалық үшін арнайы салық режимі шегінде жүзеге асыратын;

  • халыққа уәкілетті органның келісімен көлік саласында уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген нысанда билеттер беріп, қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша қызмет көрсететін.

Есте сақтаңыз! ЖК тіркеген күннен бастап, 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыс істегіңіз келген салық режимін анықтап алыңыз.

Сіз аударымдардың және салық төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің бірін таңдай аласыз:



  • жалпы белгіленген тәртіп (Сіз ЖК ретінде салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдері төлейтін боласыз, олар бойынша жалпы белгіленген тәртіпте салық есептілігін жалдамалы жұмысшылардың санына және салық кірісіне қарамастан бере аласыз);

  • бір жолғы талон негізінде арнайы салық режимі (Егер сіз ЖК ретінде тауарлар сату, жұмыстарды орындау, нарықтарда (базар аумағындағы дүңгіршектер мен стационарлық орын-жайларда (оқшауланған блоктарда) қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын болсаңыз).

Бір жолғы талон алу үшін сіз бір жолғы талон беру жөніндегі басқармаға тіркеу нөмірін алғандығыңызды растайтын (СТН) құжатты беруіңіз қажет.

Бір жолғы талон бір күнге және одан ұзақ уақытқа беріледі.



  • Патент негізінде арнайы салық режимі (егер Сіз ЖК ретінде жұмысшылардың еңбегін пайдаланатын болсаңыз; жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын болсаңыз; Сіздің кірісіңіз күнтізбелік жылда ҚР тиісті қаржылық жылда белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінің 200 еселік төлемінен асатын болса).

Патент алу үшін оны қолданғанға дейін салық органына Салық өтінішін, Патент алу үшін есеп, сондай-ақ бюджетке патент құнын төлегендігін, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнеткерлік салымдар аударғандығын растайтын құжат керек.

Патент кемінде бір айға және 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Патент ЖК-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетпеген жағдайда жарамсыз болып танылады!



  • Жеңілдетілеген декларация негізінде арнайы салық режимі (Егер Сіз ЖК ретінде салық төлеу кезеңінде өзіңізді қосқанда кемінде 25 қызметкерді пайдаланатын болсаңыз және Сіздің бір тоқсандағы шекті кірісіңіз 10 000 000 теңгеден аспайтын болса).

Арнайы салық режимдері патенттің және қысқартылған декларацияның негізінде мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды::

    • акцизді өнімді өндіру;

    • акцизді өнімді сақтау және көтерме сатып алу;

    • мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензин, дизель отыны және мазут сату;

    • лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;

    • жер қойнауын пайдалану;

    • шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;

    • түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату

    • кеңес беру қызметтері;

    • бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

    • қаржылық, сақтандыру және сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің делдалдық қызметі.

Аталған режимдерді салық төлеушілер әртүрлі елді-мекендердегі басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелер және (немесе) салық төлеу объектілеріне қолдана алмайды. Бұл норманың мүлікті жалға беру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысы жоқ.

Назар аударыңыз! Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өтелмейтін мүліктен басқа барлық мүлікке жауапкершілік алады.

Мұны білген жөн (Оқып шығыңыз):

1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы;

2) «Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік алуға өтініш нысанын бекіту туралы» Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 379 бұйрығы;

3) «Жеке кәсіпкерлікті тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 494 бұйрығы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.salyk.kz/ru/nk/Reglamenty/Pages/IP.aspx - «Жеке кәсіпкерлікті тіркеу» мемлекеттік қызметтер көрсету регламентіне сілтеме;

2) http://business.zakon.kz/registracia/ - «Қазақстандағы шағын бизнес» сайты («Жеке кәсіпкерлікті тіркеу» мақаласы).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жеке кәсіпкер», «жеке кәсіпкер болып тіркелу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
65. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) қалай тіркеуге болады?
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін сіздің заңды тұлғаңыз орналасқан орын бойынша әділет органы – Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барсаңыз болғаны. Әділет органы статистика басқармасына ЖШС тіркеу туралы хабарлама жібереді. Статистика басқармасы заңды тұлғаға сәйкестендіру және басқа да жүйелік-есептік кодтарды береді және олар туралы Мемлекеттік статистикалық тізілімге енгізеді, статистикалық карточка дайындайды. Статистика басқармасы салық төлеушіні салық органдарына мемлекеттік тіркеу үшін хабарлама береді. Содан кейін салық төлеу куәлігі әділет органына жіберіледі. Сол жерде сіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті құжаттардың барлығын аласыз.

Тіркеу тәртібі мынадай әрекеттердің ретінен тұрады:


  1. ХҚО-ға белгіленген үлгідегі өтінішті беріңіз.

  2. Жарғыны, құрылтайшылық шартты қазақ және орыс тілдерінде үш данада қоса беріңіз. Егер Сіздің ЖШС-ның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болса, онда салық органынан қарыздың жоқ екендігі туралы анықтама беру керек.

Бұл маңызды! Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен үлгілік жарғылар әзірленіп, бекітілген. Егер сіз өз қызметіңізді үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырғыңыз келсе, мемлекеттік тіркеу процесіне бару қажет етілмейді.

Назар аударыңыз! Егер сіз шетел валютасын айырбастаумен айналысатын болсаңыз, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты талап етіледі. Егер сіз қаржылық операциялармен айналысатын болсаңыз, онда Қаржы нарығын және қаржылық ұйымды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатын алуыңыз керек.



  1. Егер сіздің ұйымыңыз шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын болса, заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжатты ұсынасыз (жалдау шарты; сатып алу-сату шарты; жылжымайтын мүлік құқығына тіркеу жүргізілгендігі туралы мөр басылған жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат; егер орын-жайдың меншік иесі жеке тұлға болып табылса, жеке тұлғаның орын-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде берілгендігі туралы нотариалды куәландырылған келісімі беріледі);

  2. Мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін алымның төленгендігін растайтын түбіртек немесе құжатты қоса беріңіз (2 АЕК, егер сіз шағын кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз; басқа жағдайларда алым сомасы 6,5 АЕК-ті құрайды);

  3. Құрылтайшылық және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексерген, соң тіркеуші орган сізге заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлік береді және тіркелген деген мөрі бар Жарғыны қайтарады.

Сонымен қатар, сіз заңды тұлғаның статистикалық картасын және салық төлеуші куәлігін аласыз.

Сонда кейін сіз салық режимін таңдау үшін салық органына баруыңыз қажет. Режимді таңдау қызметті жоспарлау үшін маңызды, жеңілдетілген декларация негізінде қызметі жүзеге асыру кезінде заңды тұлға ретінде филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқығыңыз жоқ.

Егер Сіздің жұмысшыларыңыздың шекті орташа тізімді саны тоқсанына елу адамнан, ал шекті кірісіңіз 25 000 000 теңгеден аспайтын болса, сіз жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін таңдай аласыз. Бұл үшін сіз заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық басқармасына салықтық өтініш беруіңіз қажет.

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды: акцизді өнімдер өндіру; акцизді өнімдерді сақтау және көтерме сату; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензин, дизель отыны және мазут сату; лотореялар (мемлекеттік (ұлттықтан) басқа ұйымдастыру және өткізу; жер қойнауын пайдалану; шыны ыдыстарды жинау және қабылдау; түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату; кеңес беру қызметтері; бухгалтерлік есеп және аудит салымындағы қызмет; қаржылық және сақтандыру қызметі және сақтандыру брокері және сақтандыру агентінің делдалдық қызметі.

Арнайы салық режимін мыналар қолдана алмайды:


  1. филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;

  2. заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;

  3. басқа оқшауланған құрылымдық бөлімшелер және (немесе) түрлі елді-мекендердегі салық төлеу объектілері бар салық төлеушілер. Бұл нысан мүлікті жалға беру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

  4. заңды тұлғаның қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлға;

  5. құрылтайшысы арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлға.

Есте сақтаңыз! Егер Сіз өзіңізге бөлінген 10 күндік мерзімді өткізіп алған болсаңыз, онда ЖШС автоматты түрде жалпы белгіленген тәртіпке көшеді.

Қажет болған жағдайда, егер заңды тұлға ҚҚС төлеуші болуға ниет білдірсе, салық органынан ҚҚС төлеуші куәлігін аласыз.

Сонымен қатар, ЖШС-ның қызметін жүзеге асыру үшін міндетті түрде ұйымның мөрін дайындап, банктік шот ашыңыз, бақылау-кассалық машинаны (БКМ) салық органында тіркеу есебіне қойыңыз.

Құжаттар пакеті және тіркеу тәртіптемелері жөніндегі нақты ақпаратты Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің анықтама орталығының телефоны бойынша ала аласыз (7172) 58 00 58. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АЕК 1 512 теңгені құрайды.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

3) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығы (Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4625 болып енгізілді).



Пайдалы сілтемелер:

1) www.minjust.kz – Әділет министрілігінің сайты;

2) http://e.gov.kz – «Электронды үкіметі» порталы;

3) http://business.zakon.kz/registracia/posobia.htm - «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің құқықтық негізі» мақаласы.

4) http://forum.klerk.ru/archive/index.php/t-140529.html - Қазақстанда ЖШС тіркеу мәселелеріне арналған форум.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ЖШС тіркеу», «ЖШС қалай тіркеуге болады» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

66. Сізге тексеру келді. Не істеу керек?
Күндердің күнінде кез келген мекеменің өмірінде тексерушілер есік қағатын күн туады. Тексеру деген, әрине, жақсы емес, алайда одан қашып құтыла алмайсың. Ең маңыздысы, тексерушіні дұрыс күтіп алу мен тексеру шараларын ұйымдастыру.

Біріншіден, әрбір кәсіпкер мынаны білуі тиіс: кіші кәсіпкерлікті тек бақылау-тексерушілік қызметтерге ие мемлекеттік органдар ғана тексере алады. Тіркеуден өткен 41 тексеруші құрылымның ішінде ең жиі тексеру жүргізушілер – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, өртке қарсы қызмет және Ішкі істер министрлігі.

Сіз асықпай-саспай, анық әрі жоспарлы жұмыс істеуіңіз үшін сіздің және тексеруші органның қандай құқықтыры мен міндеттері бар екеніне баса назар аудару керектігін біліп алыңыз.

Сонымен:


1) Тексерушімен кездескен кезде абыржымаңыз, өзіңізді салмақты әрі жайдары ұстаңыз. Бұл өте маңызды. Өзіңіздің абыржулы немесе суық жүзіңізбен оны күдіктендіріп алмаңыз.

2) Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:

1) құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куәлігін;

3) қажет болғанда режимді объектілерге баруға құзіретті органның рұқсатын;

4) объектілерге бару үшін болуы қажет медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

Тексерушінің қызметтік куәлігімен танысыңыз және тексерудің негізі мен мақсатын, тексерушінің жұмыс телефонын анықтаңыз.

3) Тексерушінің қолында мемлекеттік орган жетекшісі бекіткен тексеру жоспары болуы тиіс. Тексеруді актіде көрсетілген тұлға ғана жүргізе алады. Егер тексерушілердің құрамы өзгерген жағдайда, қосымша акт болуы тиіс.

4) Тексерушіден қажетті мәліметтерді жазып, келушілерді тіркеу және жеке кәсіпкерлік нысандарын тексеру кітабына қол қоюын өтініңіз.

5) Есіңізде болсын, қолданыстағы заңға сәйкес, тексеру ауқымы тексерушінің құзырлылық шеңберінен шықпауы тиіс.

6) Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды акт болуы міндетті. Ол акт, тіпті, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған жағдайда да жасалады.

Акт екі данада дайындалады. Оған аталған тұлғалар қол қояды. Актіге қол қоюдан бас тартылған жағдайда, арнайы белгі қойылады. Егер қосымша зерттеулер, тәжірибелер жүргізілгенм болса, азықтардың үлгісі алынған жағдайда, актіге өткізілген зерттеулер мен зерделеулердің қорытындылары, хаттамалар және басқа да құжаттар қосымша тіркеледі. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің өкілі, сондай-ақ тексеруге қатысушылар міндетті түрде актімен танысуы қажет.

7) Егер сізде тексеру нәтижелері бойынша ескертулер туындаса, оны жазбаша түрде беруге құқылысыз. Аталған ескертулер мен қарсылықтар тексеру нәтижелерінің актісіне қосымша тіркеледі және ол жөнінде міндетті түрде актінің өзінде атап көрсетіледі.

8) Егер тексерілуші жақтан ескертулер мен қарсылықтар болмаса, тексерушіге 3 күн мерзім ішінде, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімін көрсете отырып, тексеру жүргізуші мемлекеттік органның басшысымен келісілген, шаралар туралы хабарлама беруі қажет.

9) Тексерудің қорытынды құжатына қол қоюдан бас тарпаңыз. Алайда сіз өз қолыңызды «Актімен келіспеймін» деген сөзбен бірге де қоя аласыз.

Тексеруші жағынан әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда хаттама жасалады, хаттаманы тек құзырлы тұлға ғана жасай алады. Егер хаттаманы басқа тұлға жасаса, оның заңды күші болмайды.



Назар аударыңыз! Жұмыс орнында айыппұл салу немесе оны алу – заңсыз. Егер сіз тексерудің заңды екендігіне күмәндансаңыз, тіркеуші органға (құқықтық статистика Комитетіне) және тексеруші органның басшылығына шыға аласыз.

Басқа да маңызды сәттер:

Салықтық, жедел-іздестіру және сот шешімдері әрекеттеріне байланысты тексерулер жүргізуші органдардан басқа тексерушілердің зерттеу мақсатында азықты бақылаулық сатып алуға, үлгілерін алуға құқы жоқ; тексерушінің сізден жеке бөлме немесе орын-жай, кеңсе техникасын және автокөлік беруді талап етуге құқы жоқ; егер осыған дейін дәл сол мәселе бойынша төменгі немесе жоғары орындардан тексеру жүргізілген болса, сізді тексеруге құқы жоқ.

Маңызды! Заңсыз тексерудің нәтижесінде сіздің бизнесіңізге зиян келсе немесе пайдадан айырылып қалсаңыз, оны мемлекеттік орган есебінен қалпына келтіруі тиіс. Мемлекеттік органдардың сіздің бизнесіңізді шектейтін негізсіз тыйым салулары заңсыз болып табылады және олар орындалмауы керек.

Пара беруге талпынбаңыз! Мемлекеттік міндеттемелерді атқарушы немесе соған теңестірілген тұлғаға жеке өзі немесе дәнекер арқылы пара беру қылмыстық жазаға лайық әрекет болып табылады.

Тіркеуші органда тіркелмеген тексерулер де болуы мүмкін:



  • кейінге қалдыруға болмайтын, бірінші жұмыс күнінде тіркеуге алынатын жағдайларда;

  • Сіздің бизнесіңізге қатысы бар қылмыстық іс бойынша;

  • тексеру шаруашылық жүргізушінің бастамасымен жүргізілсе немесе қажетті құжаттар (лицензия, патент немесе басқа да кәсіпкерлік іспен айналысуға рұқсат беретін құқықтандырушы құжат) болмаған жағдайда;

  • мал және оның етін сату, мал және өсімдік тектес шикізаттарды, олардың өңделген өнімдерін сату кезінде ветеринарлық және санитарлы-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу кезінде.

Тексеру тағайындау туралы актінің мазмұны төмендегідей болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның атауы, тексеру тағайындау бойынша өкілетті тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қолы және мөр, жоғарыда аталған тұлға болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғалар туралы мәліметтер;

2) Актінің мерзімі мен мемлекеттік органның тексеруді тағайындау журналы бойынша тіркеу нөмірі;

3) Тексеру жүргізуші тұлғалардың тегі мен аты, әкесінің аты;

4) Тексерілуші нысанның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, толық атауы, нысан басшысының толық аты-жөні, тұрғылықты жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (ары қарай - СТН), жеке сәйкестендіруші нөмірі (ары қарай - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіруші нөмірі (ары қарай - БСН) («СТН», «ЖСН», «БСН»-реквизиттерін орталық мемлекеттік органдар толтырмайды);

5) тексеру түрі;

6) тексеру мәселелері;

7) тексеру жүргізу мерзімі;

8) нақты құжаттарға байланысты тексеру тағайындау негізі (жұмыс жоспары, хаттар, тапсырыстар және т.б.), мемлекеттік органдар кұзырына сәйкес құқықтық негіздер;

9) қажет болған жағдайда, тексеру жиілігі.



Назар аударыңыз! Бақылаушы органдарға келіп түскен анонимді өтініштер, арыздар, хабарлар бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу заңда қарастырылмаған.

Тексеру мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, жекелеген жағдайларда арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар, сонымен қатар, тексеру көлемі ауқымды болған жағдайда тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін, алайда ол 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.cpp.kz/law/zakon-rk-o-chastnom-predprinimatelstve-2.html - жеке кәсіпкерлік туралы заңның мәтіні

2) www.asp-astana.kz/modules/myarticles/article.php?storyid=161 - – «Памятка для предпринимателей: Если к Вам пришли с проверкой» мақаласы;

3)www.cpp.kz/index.php?option=com_content§ionid=0&task=view&id=105 – «Если к вам пришли с проверкой (Памятка прокуратуры для ИП)» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бизнесті тексеру», «сізге тексеру келсе» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
67. Шаруа қожалығын қалай тіркеу керек?
Шаруа қожалығын ашу өте тиімді, біздің республикамыз ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жағынан үлкен әлеуетке ие. Қожалық ашуды неден бастау керек?

1. Шаруа қожалығының құрамын анықтап алыңыз. Оның мүшелері шаруаға икемі бар жақын туыстар болуы мүмкін. Егер шаруашылықты достар құрғысы келсе, олар бірнеше шаруашылық құрып, жерді көрші жерлерден бөлуді өтінулеріне болады. Шаруа қожалығын 2-3 отбасы құратын болса, тиімді болады.

2. Бірінші ауданы әкіміне шаруа (фермерлік) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу туралы өтініш жазу қажет.

Өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) қызметтің қысқаша бағдарламасы;

2) еңбек кітапшасынан үзінді;

3) білімі туралы құжат;

4) жиналыс хаттамасы.

Аудан әкімі үш айдың ішінде сізге жер учаскесін беру туралы шешім шығарады.



Есте сақтаңыз! Бас тарту туралы шешімді сот тәртібінде даулай аласыз.

3. Шешім шығарылғаннан кейін сол жерге сізге бөлінген жер учаскесіне белгілеу шектеулері қойылады. Жер пайдалану құқығына құжаттар дайындалады.

4. Шаруашылық басшысы жеке кәсіпкер куәлігін, салық комитетінен СТН алады. Мөр дайындап, банкте шот ашып, жұмысқа кіріседі.

Назар аударыңыз! Сіз жер учаскесін жеке меншікке ала аласыз немесе уақытша өтеусіз пайдалана (49 жылға дейінгі мерзімге) аласыз. Жер учаскесі жеке меншікке ақылы түрде беріледі. Егер учаскені уақытша пайдалану үшін алғыңыз келсе, онда оны жеке меншікке сатып алуға құқығыңыз бар.

Есте сақтаңыз! Шаруа қожалығын тіркеу – ақылы қызмет!

Мұны білген жөн (Оқып шығыңыз):

«Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы № 214 Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=00061&all=all – «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтеме;

2) http://business.zakon.kz/krest/ - «Шаруа қожалығы» мақаласы;

3) http://www.caravan.kz/article/?pid=200&aid=10466 – «Караван» газетіндегі «Создаем крестьянское хозяйство» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шаруа қожалығын тіркеу», «шаруа қожалығы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

68. Объектіге авторлық құқықты қалай тіркеу керек?
Автор құқығы куәлігінің құқық қабылдаушысы немесе авторы болу арқылы, сіз даулардың туындауын тоқтата аласыз, шағым немесе сот даулары туындаған жағдайда тіркелген туындының авторлық құқығына нақ сіздің ие екендігіңізді дәлелдей аласыз.

Авторлық құқықты тіркеу үшін Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй (Министрліктер үйі, 13 кіреберіс) мекен-жайында орналасқан ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің кеңсесіне (1019 – бөлме) баруыңыз керек. Анықтама телефоны: +7 (7172) 74-07-54.

Егер Сіз ғылыми жұмысты авторлық құқыққа тіркегіңіз келсе, мынадай құжаттарды бересіз:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) әр бетінде авторлық қолы бар авторлық жұмыс (нөмірленген және тігілген);

3) мемлекеттік алым төлегендігі туралы түбіртек (түпнұсқа);

4) автордың жеке куәлігінің көшірмесі.

Егер сіз мәліметтер базасына және программалық қамтамасыз етуге авторлық құқықты тіркегіңіз келсе мынадай құжаттарды бересіз:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеткізуші (СD – диск);

3) реферат;

4) мемлекеттік алымды төлегендігі туралы түбіртек (түпнұсқа);

5) автордың жеке куәлігінің көшірмесі.

Мемлекеттік баж 3 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АЕК 1 512 теңгені құрайды.

Мұны білген жөн (Оқып шығыңыз):

1) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 Заңы (ІІ тарау);

2) Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 бұйрығы

Пайдалы сілтемлер:

1) http://www.intellkaz.kz – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты;



  1. http://www.kazpatent.kz – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «авторлық құқық», «авторлық құқықты тіркеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
69. Тауар белгісін қалай тіркеуге болады?
Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласындағы көкейтесті мәселелердің бірі тауарлық белгіні мемлекеттік тіркеу болып отыр.

Негізінен кәсіпкерлер тауартаңба ретінде өздерінің логотиптерін тіркейді. Логотип - бұл фирмалық стильдегі элемент. Тауар белгісінің жиі тіркелетін нысаны фирмальқ түрде салынған, яғни фирманың немесе фирмамен шығарылатын тауардың толық немесе қысқартылған атауын ерекше етіп жазу. Көбіне логотипті фирманың эмблемасымен жаңылыстырады.



Ең бастысы есте сақтау керек - логотип фирмалық стилде жазылған (салынған) сөз. Ал тауар белгісі – «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тіркелген белгі, ол белгілі бip заңды немесе жеке тұлғаның тауарын немесе қызметін eкіншi бip заңды немесе жеке тұлғаның тауары мен қызметінен айыру үшін қажет.

Тауар таңбаны Сіз сурет, жазу, әріп, сан, көлем түрінде немесе басқа да белгілер немесе кез келген түстегі үйлесімділік түрінде тіркей аласыз.

Тауар таңбаны тіркеу туралы куәлікті алу Сiзгe оны пайдалану құқығына ие болу мүмкіндігін береді Ол тауар таңбаны сіздің келісіміңіз болмаса, ешкім пайдалана алмайды.

Сонымен қатар, ұжымдық тауар таңба деген болады. Бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.

Тауар таңбаны тіркеу «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМКК-да немесе оның өңірлердегі өкілдіктерінде жүргізіледі. Tipкey 2 кезеңде жүргізіледі: 1) алдын-ала сараптама - өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде және толық сараптама - өтiнiм берiлген күннен бастап он екi ай iшiнде. Eгep өтініш иeci Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне немесе Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің Хаттамасына сәйкес халықаралық тipкeyгe өтінім берген болса, жеделдетілген тipкeyгe жол беріледі. Ондай жағдайда, сараптама мен тіркеу 6 айда жүргізледі.

Erep Сiз өз тауар таңбаңызды тіркегіңіз келсе, онда сараптамалық ұйымға тауар таңбаға өтінім беруіңіз қажет.

Егер ұжымдық тауар таңба тіркелетін болса, өтінім қатысушылардың ұжымдық тауар таңбаны пайдалану туралы келісімімен, бірлестіктің атына беріледі

Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.

2. Өтiнiм бiр үлгі бланкiде берiлуге және:

1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;

2) мәлiмделген белгiнi;

3) тауарлар мен қызметтердiң халықаралық жіктемесіне сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуы тиiс.

3. Өтінiмге:

1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;

2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;

3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.

Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екi ай мерзiмде, олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады.

4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі, статистикалық карта, СТН (заңды тұлғалар үшін), ЖК үшін ЖК куәлігінің көшірмесі мен СТН.

5) тіркелетін тауар белгісінің 12 түсті немесе ақ-қара суреті;

Өтiнiм берiлген күн өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда - табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi.



6. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Назар аударыңыз! Тауар таңбасына куәлік бергені үшін Ciз 1 АЕК – 1 512 теңге төлеуіңіз қажет.

Сараптамалық өтінім сараптамалық ұйыммен кезең-кезеңмен жүргізіледі:

  1. алдын ала сараптау - өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде, оның барысында тапсырыстың мәні, қажетті құжаттардың болуы тексеріледі.

  1. толық сараптама - тапсырыс келіп түскен күннен бастап он екі ай ішінде, оның барысында тапсырыстың «Тауар таңбалар, кызмет көрсету және тауарлардың өту орындары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-7-баптарымен белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Сараптамалық ұйымның тауар таңбасына куәлік берумен қатар, Мемлекеттік тізілімге мыналар енгізіледі.

  1. тауар таңбасының суреті;

  2. оның иегерлері туралы мәліметтер;

  3. тіркеу нөмірі мен күні;

  1. тауар таңбасының тіркелуіне қатысты тауарлар мен кызметтердің тізімі;

  1. сараптамалық ұйымға берілген өтімнің нөмірі мен күні;

6) конвенциялық басымдылық белгіленген болса, бірінші өтінім берілген ел, нөмірi және күні;

7) қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы мәліметтерді қоса алғанда, тауар таңбаны тіркеуге қатысты басқа да мәліметтер.

Назар аударыңыздар! Тіркеудің әрекет ету мерзімі тапсырыс берген күннен бастап 10 жылды құрайды. Аталған мерзім иегердің оның әрекет етуінің соңғы жылының ішінде берілген өтінім бойынша әр 10 жылға созылып отырады.

Мұны білген жөн (оқып шығыныз):

  1. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылган жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 Заңы;

2) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылєы 23 сәуірдегі № 136 Бұйрығы.

Пайдалы сілтемелер:

  1. http://www.intellkaz.kz/ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты;

2) http://www.kazpatent.kz/ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Зияткерлік меншік Ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тауар белгісі», «тауар белгісін тіркеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

70. Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады? Мемлекеттік несиелендірудің мүмкіндіктері
Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Экономиканың дәл осы секторы мемлекеттің экономикалық дамуына тежеу болатын көптеген мәселелердің шешімі болатын өте үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жоғарғы мемлекеттік деңгейде қарастырылуы тиіс ең маңызды санатқа жатады.

«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады.

Қызмет көрсету түрлерін ұсынатын, сондай-ақ тауар өндіру және қайта өңдеумен айналысатын, тұрақты бизнесі бар шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады.

Несие ұсыну жаңа және жетілдірілген жаңа құралдар алуға; айналым қаражатын толықтыруға; әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға негізделген.

Сіз 7 жылға дейінгі мерзімге 750 млн. теңге көлемінде несие ала аласыз.

«ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.

Негізгілер:


  • СМСП аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;

  • «ДАМУ аймақтары II»;

  • «ДАМУ өндіріс»;

  • «Бизнестің жол картасы – 2020»;

  • Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;

  • Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.

Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы - ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы, балық аулау, акваөнімдер, азық-түлік өндірісі, мақта-мата бұйымдары, киім, мектепке дейінгі білім саласымен айналысатын кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек.

Бизнесті қолдауды тағы бір бағдарламасы – «ДАМУ аймақтары ІІ». Бағдарламаның басым салалары тізбесінде: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен саласы, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, туризм, ақпарат және байланыс, білім саласы қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени қызмет көрсету, спорт және т.б. бар.



«ДАМУ өндіріс» қаржылық бағдарламасы ЖК субъектілері үшін және дағдарыс жағдайынан шығуға арналған несие ресурстары тапшылығын тартып отырған кен байыту өндірістеріне көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, 8% -ға төмендету жағына өзгертуге мүмкіндік береді.

«ДАМУ» қоры сыйақы мөлшері төмен – 8%-дық талаптары өте жақсы лизингтік бағдарлама әзірледі және әрекетке енгізді. Кәсіпкер жаңа құралдар алады және несие алушының қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда қосымша кепілдеме ұсыну қажеттілігі жойылады.

Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелендіру бағдарламасы жұмыс істейді. Онда қаржыландыру саласына шектеу қойылмай, жылына 14%-дан аспайтын несие беріледі. Оны төрт банк жүзеге асырады, олар: «ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Дельта банк» және «Евразиялық банк».

Қаржылық емес бағдарламалар – мүгедек-кәсіпкерлерге олардың мәселелері мен қажетті ресурстары (қаржылық, мүліктік, ақыл-кеңестік қолдау көрсету, өзге де қызметтер арқылы көмек беру) туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жолымен көмек көрсету мақсатында әзірленген арнайы бағдарлама. Қор «ДАМУ-көмек» сайтын жасап, оған өзінің шағын ісін ашқан және көмекке мүдделі мүгедек-кәсіпкерлер туралы ақпараттар орналастырады.

Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша несие алу үшін кәсіпкерлер банктің несие саясатына сай келуі керек. Сіз өзіңіздің кепілдік мүлігіңізді және бизнес-жобаңызды ұсынуыңыз қажет. Банк оң шешім шығарған жағдайда құжаттар қарастырылуға жіберіледі. Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) несие беру мүмкіндігі немесе бас тарту туралы соңғы шешімін шығарады.

Банкке және үйлестіру кеңесіне өз жобасының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлер жылдығы 14% аспайтын несие алуға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 13 шілдедегі қаулысымен Бағдарламаның бірінші және үшінші бағытына қатысты өзгерістер енгізілді. Осылайша, бірінші бағытында – 12 пайыздық мөлшерлеме сыйақысы кезінде 5% орнына, мемлекет 14% кезінде 7% жабады, ал кәсіпкер бағдарламаның 7%-ынан астамын ғана жабады. Үшінші бағытында экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсету бойынша субсидиялау тағы да 14% аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады, олардың 6% экспортер төлейді де, қалған 8% мемлекет өз есебінен жабады.

Неліктен «Даму» қорын таңдау керек деп ойлайсыз? Орташа алғанда бүгінгі күнде коммерциялық несиенің пайыздық мөлшерлемесі 16-21%-ды құрайды. Қаржыландырудың бағдарламасында бұл - 10%, оның үстіне жеңілдік мөлшері бойынша несие алған кәсіпкер басқа мемлекеттік бағдарлама «Бизнестің жол картасына» қатысуға мүмкіндік алады. Бұл жағдайда мемлекет оған сыйақы сомасының 5% жауып береді. Ал егер несие алушы жаңа құралдар алған болса және экспортқа өнім шығаруға жұмыс істесе, онда мемлекет өзіне 8% пайыздық төлемді алады.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жан-жақты ақпаратты Сіз «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалдарынан ала аласыз.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.damu.kz – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның cайты;

2) www.damu-komek.kz/ - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызмет істеп жатқан және жаңа бастаған мүгедек-кәсіпкерлерге арналған cайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын бизнеске несие», «бизнес несиелерін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

71. Аңшы куәлігін және аңшы қаруын қалай алуға болады?
Нағыз аңшылық – бұл спорт. Сондықтан кез келген спорттағыдай мұнда барлығы әділетті болуы шарт. Аңшылық браконьерлікке ұласпас үшін Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік және әуесқойлық аңшылықпен айналысуға құқық беретін аңшы куәлігін алу қажет.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жергілікті орман және аң шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциясына (әрі қарай – аумақтық инспекция) барып, куәлік алу үшін сауалнама-арызды толтырыңыз; сізге аңшының тіркеу картасын ашады, жеке іс толтырып мемлекеттік салықтың төленгенін белгілейді (мемлекеттік салықты ҚР-ның кез келген банкінде төлеуге болады).

Өзіңізбен жеке куәліктің көшірмесін ала жүріңіз (азаматтығы жоқ және шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері); 3х4 пішімді 3 түрлі түсті сурет.

Аумақтық инспекция 10 күн ішінде сіздің арыз-сауалнамаңызды қарастырып, сізге аңшылық минимум емтиханына өткізу туралы (немесе негізделген өткізбеу туралы) және оның өткізілу уақыты мен орны туралы хабарлайды. Емтихан өткізу уақыты арыз-сауалнама берілген күннен кейін екі айдың ішінде өткізіледі.

Емтиханға дейін сіз арнаулы бағдарлама бойынша дайындық курсынан өтесіз.

Емтихан тест түрінде өткізіледі, онда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі заңнамалар бойынша, жабайы аңдардың биологиясы, аңшылық қару мен өзге құралдарды, аңшы иттерін, құстарын қолдану бойынша сұрақтар болады. Емтихан өткеннен кейін сіз аңшылық минимумын тапсыру туралы құжат аласыз, ол құжаттың көшірмесін жергілікті аумақтық инспекцияға апару керек.

Емтихан тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде сіз аңшы куәлігін ала аласыз, ол құжат тұрғылықты орын бойынша он жылға беріледі және оны әр жылдың 31 наурызына дейін аумақтық инспекцияда тіркеуден өткізіп тұру қажет.

Есте сақтаңыз! Егер сіз куәлік алған облыс аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға көшкіңіз келсе, жаңа жерге келгеннен кейін 30 күн ішінде аумақтық инспекцияға келіп, тұрғылықты орныңыз бойынша тіркеуге тұрыңыз. Ал егер сіз куәлік берген облыс аумағының ішінде тұрғылықты орныңызды ауыстырғыңыз келсе (сонымен қатар куәлікте және тіркеу картасында көрсетілетін өзге мәліметтер өзгерген жағдайда), бұл жөнінде тіркеу орнына хабар беріңіз.

Назар аударыңыз! Тіркеу белгісі жоқ аңшы куәлігі жарамсыз болып танылады.

Әрине, қарусыз қандай аңшы болсын?

ҚР-ның кез келген азаматы 18 жасқа толып, тұрғылықты жеріне байланысты ішкі істер органдарынан рұқсат алғаннан кейін аңшы қаруын алуға құқылы.

Аңшылық тегісстволды қару алуға рұқсат алу үшін сізге келесі құжаттар қажет:

1) маркасы және калибрі көрсетілген қаруды алу үшін тұрғылықты орын бойынша ІІБ басшысының атына өтініш;

2) азаматтың жеке куәлігінің көшірмесі (азаматтығы жоқ және шет елдік азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері);

3) аталған мекен-жай бойынша (тіркеу бойынша) тұратындығыңызды растайтын құжат;

4) СТН көшірмесі;

5) 3х4 пішімді, түрлі-түсті екі сурет;

6) аңшылық минимум курсын бітіргендігіңіз жөніндегі құжат;

7) қаруды сақтау жағдайлары жөніндегі аудандық инспектордың рапорты;

8) тұрғылықты орнынан ОНД, ПНД анықтамалары, окулист-дәрігердің медициналық шешімі, және медициналық айықтырғыштан анықтама;

9) жұмыс орнынан мінездеме;

10) сотталмағандығын тексеру талабы;

11) қаруды тіркеу үшін мемлекеттік салықтың төленгендігін растайтын түбіртек;

12) құжат тігетін папка.

Егер сіз тегісстволды қаруға 3 жылдан астам уақыт ие болсаңыз, сіздің аңшылық қима қару алуға құқығыңыз бар. Бұл үшін келесі құжаттар қажет:

1) аңшы билетінің көшірмесі;

2) жеке куәлік, тегісстволды қару ұстауға рұқсат қағаз;

3) сізде қару сақтауға арналған сейфтің бар екендігі туралы инспектордың рапорты;

4) медициналық комиссия;

5) қима қарудың техникалық минимумынан өту туралы анықтама, тұрғылықты мекен-жайдан анықтама.

Есте сақтаңыз! Алынған қаруды жергілікті ішкі істер органдарында апта ішінде тіркеу қажет.

Білген жөн (оқыған):

1) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Заңы;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1458 қаулысы;

3) «Жануарлардың аң аулау объектілері болып табылатын түрлерін алу нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы №1250 қаулысы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.oxotnik.kz/ - аңшылық тақырыбына арналған сайт;

2) www.guns.kz/index.php?menu=5/ - Алматы атыс клубының сайты;

3) www.fhc.kz – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «аңшы куәлігін алу», «аңшы қаруын алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

72. Мемлекеттік сатып алуларға қалай қатысуға болады?
Мемлекеттік сатып алулар – мемлекеттік қажеттіліктерді өтеу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алулар келесі тәсіл арқылы жүзеге асады:

1) конкурс;

2) баға ұсыныстарына тапсырыс беру;

3) бір көзден сатып алу;

4) ұйымдастырылған электронды саудаласу;

5) тауар биржалары арқылы.

Баға ұсыныстарына тапсырыс беру әдісі арқылы жүзеге асатын мемлекеттік сатып алулар электронды сатып алулар арқылы жүзеге асады. «Электронды мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкер кеңседен шықпай-ақ, конкурсқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. www.goszakup.gov.kz сайтынан сіз қандай мекемелердің мемлекеттік сатып алулар өткізетінін, олардың ережелерімен таныса аласыз.

Мемлекеттік сатып алуларға қатысатын кәсіпкерлер үшін бұл шешімнің мынадай тиімділігі бар: тиімді ұсыныстарды қалыптастыруға өз қызметіңізді жоспарлау; сатып алынатын өнімнің бағамын алдын-ала ұсыну, жүргізілетін сатып алуларға жазылу арқылы ақпарат алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға кететін шығындарды азайту, ҚР-ның басқа қалалары мен аймақтарында өткізілетін сатып алуларға қатысу.

Электронды сатып алуларға қатысу үшін мыналар талап етіледі:

1) Ұлттық куәландыру орталығынан электронды сертификат алу.

2) тұтынушы ретінде тіркелу, тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, жеткізуші рөлінде мемлекеттік сатып алулар веб-порталының қатысушысы ретінде өз мекемеңізді тіркеу.

3) сертификат бойынша жүйеге кіру және электронды мемлекеттік сатып алуларға қатысу.



Бір көзден сатып алу конкурсы арқылы мемлекеттік сатып алулар электронды немесе жазбаша негізде жүзеге асады.

Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысы мемлекеттік сатып алулар веб-порталында конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратыны туралы хабарландыру мәтінін, сонымен қатар, конкурс негізіндегі мемлекеттік сатып алулар қорытындысы туралы ақпаратты жазуға міндетті. Ал өнім берушілердің конкурс өтінімдерін беру және қарастыру процесі қағаз жүзінде жүзеге асады.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы;

2) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысы;

3) «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281 қаулысы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.goszakup.kz/ - «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулар» сайты;

2) www.minjust.kz/ru/node/9028/ - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мәтіні;

3) www.minjust.kz/en/node/10197 - Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің мәтіні.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мемлекеттік сатып алу», «мемлекеттік сатып алуларға қатысу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

73. Ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай?
Ауыл шаруашылығы бүгінгі күні елдің тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен, ал өндірістік кешенді шикізатпен қамтамасыз ете алатын басты күш болып отыр. Агроөндірістік кешен өнімдерінен барлық тауарлар мен тұтыну заттарының 70%-ға жуығы өндірілетін болғандықтан, халықтың өмір сүру деңгейі мен моральдық бет-бейнесі тікелей осы саланың тиімділігіне тәуелді болып отыр.

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай мен басқа да тауарлар мен материалдар бағасын (40 %-ға дейін) арзандату;

2) көпжылдық жеміс-жидек екпелері мен жүзімді отырғызуға және өсіруге кеткен шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеу;

3) шитті мақтаның сапасын және мақтаны қайта өңдейтін ұйымдар қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауға кеткен шығындарды мақта иелеріне толық өтеу;

4) тыңайтқыштардың бағасын (органикалықты қоспағанда) және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын (50 %-ға дейін) арзандату;

5) тұқым шаруашылығын субсидиялау.

Жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлар мен материалдарды сатып алуға байланысты субсидиялар төлеу:

1) дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) бойынша: eгic науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына – 100 %.

Осы дақылдар ғылыми негізделген аймақтық агротехнологияларды сақтай отырып, өсірілген жағдайда көбейтілген субсидия нормасымен төленеді;



2) қант қызылшасы, майлы дақылдар, күріш, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, мақта, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, жеміс-жидек дақылдары, жүзім және картоп бойынша: егіс науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына - 100%. Бұл ретте егу алаңы 50 гектардан кем мақта, 200 гектардан кем күріш алқабы бар мақта мен күріш өсірумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) базалық норманың 50 % мөлшерінде бюджеттік субсидия төленеді;

3) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша: әрбір дақылға субсидияның тиесілі сомасының 50 %-ы.

Субсидия алу үшін АШТӨ субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса отырып ұсынады:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін);

2) жер учаскесінің сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін;

3) тауар өндіруші ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын;

4) банктік шоттың бар екендігі туралы (нөмірі көрсетілген) банктік анықтама.



Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелеріне арналған субсидиялар АШТӨ-дің өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін (интенсивті (қарқынды) бақтар, жидектіктер және жүзімдіктер) отырғызуға және оларды ағымдағы жылы өсіруге жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады.

Субсидияларды алу үшін АШТӨ тізбесі облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен анықталатын құжаттардан тұратын өтінішті береді. Бұл ретте субсидияларды төлеу үшін:

сатып алу-сату және (немесе) қаржы лизингісі шартының, бастапқы есеп құжаттарының (кіріс және шығыс кассалық ордерлері) көшірмесі;

1) отырғызу материалы;

2) тамшылатып суару жүйесі;

3) типті жобаны сатып алу бойынша шот фактураның көшірмелері міндетті құжаттар болып табылады.



Мақта талшығының сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта талшығының сапасын сараптауға жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып табылады. Мақта иелері мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

Мақта талшығының сапасын сараптауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтерді көрсетуші жүзеге асырады.

Шитті мақтаның сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Аккредиттелген шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар (орталықтар) шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетушілер болып табылады. Шитті мақта иелері шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

Шиттi мақтаның сапасын сараптауды қызметтерді көрсетушілер Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi беру ережесiн, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2007 жылғы 26 қарашадағы № 710 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

Тыңайтқыштардың (органикалықты қоспағанда) бағасын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар:

1) ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;

2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

3) тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы 4 тоқсанда өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

4) ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

Субсидиялар алуға арналған құжаттарды жинау және рәсімдеу, АШТӨ-ге бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі, АШТӨ-дің бюджеттік субсидияларды алуға арналған есепті беру тәртібі мен формасы облыс (Астана қаласы) әкімінің шешімімен анықталады.



Тұқым шаруашылығын субсидиялау элиталық және суперэлиталық тұқымдардың құнын 40%-ға дейін арзандату, сұрып (сорт) оригинаторларының көбейту көшеттігін және будандардың аналық формаларының өндірісіне арналған шығындарының 40%-ына дейін өтеу, сол сияқты жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға арналған шығындарды толықтай (100 %) өтеу арқылы жүзеге асырылады.

1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарды (сорттарды) көбейту питомниктерінің тұқымдары мен аналық нысандар будандарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін оригинал тұқым өндірушілер (оригинаторлар) тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей, облыстың жергілікті атқарушы органына көрсетілген тұқым өңдіру фактісін растайтын құжаттар тізбесін (нақты өндірген тұқым көлемі жөніндегі тізілімді, кіріске алу актілерін, тұқымдар егістігін сынақтан өткізу актілері мен есепті, тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесі) ұсынады.

2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін оригинаторлар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындардың нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады.

3. Нарықтық құн бойынша сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің суперэлиталық тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін элиттұқымшарлар ай сайын 1-күнге қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат береді. Сонымен бірге элиттұқымшарлар суперэлиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына құжаттар тізбесін ұсынады (элиттұқымшар нақты сатып алған суперэлиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді, тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін, тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын, сатылып алынған суперэлиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың көшірмелерін, элиттұқымшар мен бірегей тұқым өндірушінің арасындағы сатылған және сатып алынған суперэлиталық тұқымның көлемі туралы сатып алу-сату шартын ұсынады.

4. Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық (жүгері, мақта және күнбағыс тұқымынан басқа) тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар және тұқым тұтынушылар ауданның жергілікті атқарушы органының шешімімен құралған ведомствоаралық комиссияға өтінімді және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін), жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін, Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының (сорттарының) тұқымдарын сатып алынған жағдайда - лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді, сондай-ақ элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растайтын құжаттар тізілімін ұсынады (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді, тұқым аттестатының көшірмесін, тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесі, сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін, элиттұқымшар мен сатып алушылар арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты).

5. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгері, мақта және күнбағыс элиталық тұқымдары мен элиталық бюджеттік субсидиялар алу үшін Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сұрыптарының (сорттарының) мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының (сорттарының) тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар ауданның жергілікті атқарушы органына лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді.



Мал шаруашылығын субсидиялау.

Республикалық бюджет есебінен мал шаруашылығын қолдауға мемлекеттік қолдау бюджеттік бағдарламалар аясында 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау (083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты – малдың жалпы санынан шаққанда асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру.

Субсидиялар:

Тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған асыл тұқымды төлдің, тауар өндірушілер дистрибьютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығының, тауарлық құс фабрикалары етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылығынан және құс шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) және асыл тұқымды жұмыртқа құнын ішінара (50%-ға дейін) арзандатуға, сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты РМАО «Асыл түлік», «Астана құс» АШ АҚ және «Қазақ тұлпары» ЖШС шығындарын өтеуге жұмсалады.



Субсидия алу тәртібі:

Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидияларды алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ сәйкес қаржылық жылдың 20-желтоқсанынан кешіктірмей, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алғандығын растайтын құжаттарды өткізеді.

Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, және төлем құжаттарының көшірмелерін қоса беріп, басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың сәйкес келмеу себептерін көрсетіп, тауар өндірушілерге қайтарады.

Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырады.



2. Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру (088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты – Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру.

Субсидиялар:

Сиыр, бройлерлік құс, жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын өндіру үшін пайдаланылатын құрама азықтың және құнарлы жемшөптің құнын ішінара арзандатуға (45%-ға дейін), сондай-ақ сүт, биязы қойлардың жүнін, қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады.



Субсидия алу тәртібі:

Бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай ай сайын, бірақ сәйкес қаржы жылының 20-желтоқсанныан кешіктірмей, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне өнімнің ішкі нарықта сатылғанын растайтын құжаттарды өткізеді.

Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күнінің ішінде, бірақ сәйкес қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей, ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша өнімді сату туралы жиынтық акт жасайды және жиналған құжаттарды Басқармаға қарауға және ақысын төлеуге ұсынады.

Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бөлім үш жұмыс күнінің ішінде оларды тауар өндірушілерге сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, пысықтауға қайтарады.

Тиісті тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет ұсынушылардың шығынын 50%-ға дейін қайтару;

2) сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың және ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылған арнайы техниканың құнын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған мал өнімдерін өндіру, пайдалану үшін сатып алған жабдықтары мен техникаларының құнының 50%-ына дейін қайтарып алу;

3) қатты және сулы азықтарды өндіру және дайындау шығындарын 50%-ға дейін қайтару;

4) мал өндіру және құс өндіру нысандарын салу және қайта салу шығындарын 50%-ға дейін қайтару.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жылына бір рет мына бағыттардың тек біреуі бойынша жүзеге асырылады:

1) бірінші, екінші және үшінші репродукциялық өнімінің тұқымын (жақын және алыс шет елдерден және республикамыздың басқа облыстарынан енгізілетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алатын АШТӨ шығындарын ішінара бірінші, екінші және үшінші репродукциялық өнімнің тұқымының сатып алынған толық құны жергілікті атқарушы орган белгілеген (әрі қарай облыстың жергілікті атқарушы органы) әр ауданға ағымдағы жылдың жиын терімі бойынша жиналатын әр тұқым көлемі мен қаржыландыруы шегінде қайтаратын субсидия төленеді,

2) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің шығарған бірінші, екінші және үшінші сортты тұқымдарының құнын жартылай арзандатуға субсидиялау тиісті жылдың өнімінен алынған тұқымның әрбір түріне әрбір аудан үшін тұқым беру және қаржыландыру көлемі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шеңберде бірінші, екінші және үшінші сортты тұқым көлемінің құнын арзандату бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге нақты іске асырылған тұқым өндіру шаруашылығына (бұдан әрі – тұқым шар-ғы)төленеді.

Субсидия алатын АШТӨ тізімін және оларға тиесілі субсидия көлемін анықтау үшін әкімдік Ведомство аралық комиссия құрады (бұдан әрі - ВАК). Комиссияның жұмысшы органы Ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады.

Субсидия алу үшін құжаттар жинау және рәсімдеу:

1. АШТӨ жұмысшы орган белгілеген мерзімде ВАК-тың жұмысшы органына Министрлік бекіткен формада субсидия алуға болатын АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) енгізу үшін өтініш ұсынады:

1) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

2) клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметінің органы берген құжаттың көшірмесі;

3) жер учаскесін сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

4) ағымдағы шоттың болуы туралы банк анықтамасы;

5) түпнұсқалар: шот-фактура, тауарлар мен қызметтер сатушысы берген тауар-көліктік тауар құжаттамасы;

2. ВАК жұмысшы органы құжаттарды қабылдау күні аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді жүзеге асырып, ВАК қарауына ұсынады. Құжаттарды қабылдап алған күні АШТӨ-ге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама береді.

3. ВАК бес жұмыс күні ішінде ВАК жұмысшы органы ұсынған құжаттарды қарастырады және берілетін субсидия сомасын көрсете отырып АШТӨ тізімін қалыптастырады.

АШТӨ өтініште көрсетілген көлемдегі тыңайтқыштарды, жабдықтарды, техниканы немесе өзге да заттарды сатып алудан немесе қайтарудан бас тартса, ВАК осы көлемді АШТӨ тізіміне енгізілген басқа АШТӨ арасына бөліп береді.

4. ВАК үш жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен формада АШТӨ-нің соңғы тізімін құрастырып, аудан (облыс, қала) әкіміне бекітуге жібереді.

АШТӨ тізіміне енгізуден бас тартқан жағдайда жұмысшы орган соңғы тізім құрастырылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей АШТӨ-ға бас тартудың себебін көрсетіп, жазбаша хабарлама таратады.

5. Аудан (облыс, қала) әкімі екі жұмыс күнінің ішінде АШТӨ тізімін бекітеді.

Пайдалы сілтемелер:

1) http://minagri.gov.kz/ – Ауыл шаруашылығы министрлігінің cайты;

2) www.kaf.kz/ - «Қазаргофинанс» АҚ-ның сайты;

3) www.fad.kz/ - «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның сайты



4) http://nhkazagro.kz/jo/index.php?lang=russian – «Қазагро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның сайты;

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ауыл шаруашылығы субсидиялары», «ауыл шаруашылығы субсидияларын алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


VI ТАРАУ. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

74. Сотқа жүгіну. Талап-арызды қалай дұрыс рәсімдеу керек?
Сот алдындағы қорқыныш көптеген адамдарды өз құқығы тапталып жатса да, күрессіз беріле салуға мәжбүрлейді. Шын мәнінде, қарапайым адамдардың өз құқықтарын қорғап, бір қарағанда қиын болып көрінетін сот істерінде билік органдарын, кейде ірі компанияларды сотта жеңіп алған жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан соттың қатысуын талап ететін жағдайларға тап болған кезде адамдарға өз күштерін сынау өте қажет.

Сотқа арыз беруді кейінге қалдыруға болмайды.

Талап арыз жазбаша түрде беріледі. Өтініште мынадай қажетті ақпараттар көрсетілуі тиіс:


  1. Сіз өтініш беріп жатқан соттың атауы;

  2. Сіздің толық аты-жөніңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз. Егер ұйым талапкер болса, онда тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы куәлік немесе оның орналасқан жері, СТН және банктік реквизиттері. Егер өтінішті өкілдік беріп отырса, онда оның атауы мен мекен-жайы;

  3. Жауапкердің (ықтимал заң бұзушының) аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, жұмыс орны және СТН (егер сот бұйрығын шығару туралы өтініште көрсетілсе). Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның атауы, іс жүзіндегі тұрған орны немесе егер сізге белгілі болса, бірыңғай мемлекеттік тіркеу мәліметі, СТН және банктік реквизиттері;

  4. Сіздің құқығыңыздың, бостандықтарыңыздың немесе заңды мүдделеріңіздің бұзылуы немесе бұзылу қаупінің мәні және сіздің талап арызыңыз;

  5. Талабыңыз бен дәлелдемелеріңізді растауда негізге алып отырған жағдайлар;

  6. Егер талап бағалануға жататын болса, талап ету құны.

Талап арызға қандай құжаттар қоса берілуі қажет?

1) жауапкер және үшінші тұлғалардың саны бойынша талап арыздың көшірмелері;

2) мемлекеттік салымды төлегеніңізді растайтын құжат;

3) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат немесе басқа құжат;

4) Талабыңызды растау жағдайында негізге алатын құжаттар, егер жауапкер және үшінші тұлғаларда болмаса, осы құжаттардың көшірмелері;

5) егер жоққа шығарған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;

6) Сіздің сот шығындарын төлеуді кейінге қалдыру, ұзарту, төлеуден босату немесе олардың көлемін азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету және тағы да басқа жағдайлар (егер олар талап арызда жазылмаған болса) туралы өтініміңіз.

Талап арыздардың үлгілерімен сіз ҚР Жоғарғы сотының www.supcourt.kz/ («Сот жүйесі» бөлімі, әрі қарай – «Сайтты ашушыларға арналған мәліметтер», әрі қарай – «Қабылданған сот актілеріне шағымдар беру тәртібі») ресми сайтында таныса аласыз.

Сотқа талап арыз түсіру кезінде мемлекеттік алым төлеуіңіз керек. Мүліктік сипаттағы талап арыздан мемлекеттік алым мынадай көлемде алынады:



  • жеке тұлғалар үшін – талап сомасынан 1 %;

  • заңды тұлғалар үшін – талап сомасынан 3 %;

  • мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жеке тұлғалардың құқықтарын шектеумен байланысты заңсыз әрекеттеріне түскен арыздан - 30 %;

  • мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының заңды тұлғалардың құқықтарын шектеумен байланысты заңсыз әрекеттеріне түскен арыздан - 50 %;

  • салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаларды даулау туралы талап арыздардан: жеке кәсіпорындар мен шаруашылық (фермерлік) қожалықтар үшін – хабарламада көрсетілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден (өсімді қоса алғанда) 0,1 %;

  • заңды тұлғалар үшін – хабарламада көрсетілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден (өсімді қоса алғанда) 0,1 %;

  • некені бұзу туралы талап арыздардан – 30 %;

  • тұрғын жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу, мұрагерлікті қабылдау мерзімін ұзарту, мүлікті қамаудан босату туралы талап арыздардан және басқа да мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын талап арыздан – 50 %;

  • ерекше өндіріс істері бойынша өтініштерден (арыздардан) – 50 %;

  • аралық соттардың шешімдерін, арбитражды шешімдердің күшін жою туралы өтінімнен: жеке тұлғалар үшін – талап арыз сомасынан 1 %; 

  • заңды тұлғалар үшін – талап арыз сомасынан 3 %;

  • сот шешімдеріне апелляциялық шағымнан – мүліктік емес сипаттағы талап арызды беру кезінде өндірілетін мемлекеттік алым көлемінен, ал мүлікті сипаттағы даулар бойынша – даулап жатқан өтініш иесінен аударылған мемлекеттік алым сомасы көлемінен 50 %;

  • сот бұйрығын шығару туралы өтініштен – мемлекеттік алым мөлшерінен 50 %;

  • заңды тұлғаны банкрот ден тану туралы өтініштен – 500 %.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.supcourt.kz/ - Жоғарғы Сот сайты;

2) www.astanasot.kz/ - Астана қалалық Сотының сайты;

3) www.asp-astana.kz/ - Астана қаласының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Ассоциацияның сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сотқа талап-арызды рәсімдеу», «талап-арызды қалай рәсімдеу қажет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

75. Адам саудасының құрбаны болудан қалай сақтануға болады?
Адам саудасы (адам траффигі) – бұл аңыз әңгіме емес. Жыныстық эксплуатация, мәжбүрлі еңбек, қарыздық құлдық, балалар еңбегін пайдалану, «үй жағдайындағы» құлдық, қайыршылық, қару-жарақ құрылымдарында адамдарды күштеп пайдалану, органдары мен тіндерін трансплантациялау үшін адам сату – осының барлығы бір қылмыстың жантүршігерлік формалары. Адам саудасының барлық түріне құрбандарды бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық пен қорқыту тән.

Адамдар құлдыққа әртүрлі жолмен түседі. Көп жағдайда жастарды «айлығы жақсы, тұруға барлық жағдай жасалған, некеге тұруға немесе жоғары білім алуға мүмкіндігің бар» деген ұсыныстармен еліктіреді. Әдетте, мұндай қауіпке 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, 18-25 жас аралығындағы жастар, 30 жасқа дейінгі жас әйелдер ұрынады.

Таныстарыңыз немесе шетелдік ұйымдар сізге шетелде жұмыс ұсынысын жасады ма? Олай болса, құл сатушылардың «желісіне» түсіп кетпес үшін мына кеңестерге құлақ түріңіз:

1. Шетелде қызмет етуді ұсынатын агенттіктің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі беретін лицензия барын, оның заңды жұмыс істеп жатқанын біліңіз

2. Шетелге шықпай тұрып, жұмысқа орналасу туралы келісімшартқа қол қойыңыз. Сізге қол қоюға берген келісім-шартты мұқият оқып шығыңыз, оның бір данасы өзіңізде қалуы керек. Сізге ұсынып жатқан қызметтің бір данасы өзіңізде қалуы керек. Сізді шетелге жіберіп жатқан фирмаға еш қатысы жоқ заңгермен кеңесіңіз. Келісім-шартта жұмыстың жағдайы, тұратын жер, жалақы және медициналық сақтандыру туралы айтылуы тиіс.

3. Жұмыс істеушінің визасын алыңыз, туристік виза сізге жұмыс істеуге ешқандай құқық бермейді. Барамын деп шешкен елдің Елшілігіне барып, дәл сол жұмыс түріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы біліңіз.

4. Медициналық сақтандыруды рәсімдеңіз.

5. Барлық құжаттарыңыздың, визаңыздың, төлқұжатыңыздың жоқ дегенде екі көшірмесін жасатып алыңыз, оның біреуін өзіңізбен алып жүріңіз, ал екіншісін туыстарыңызға қалдырыңыз. Бұл - құжаттарыңызды тартып алса немесе жоғалтып алсаңыз керек болады.

6. Өз туыстарыңызға қайда, кіммен бара жатқаныңызды тұратын жеріңіздің мекен-жайы мен телефонын қалдырыңыз. Өзіңіздің туыстарыңызбен «егер белгілі бір уақыт аралығында хабарласпасам, онда басыма қауіп төніп тұрғанын білдіреді» деп келісіп алыңыз.

7. Шетелге шықпас бұрын алдын-ала, сол елде сізге көмектесе алатын ұйымдардың мекен-жайлары мен телефон нөмірлерін жаттап алыңыз. Бұл Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілеттіліктері, үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар жұмысқа орналасқан елдегі көші-қон бойынша халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.

8. Баратын елдің тілін үйреніңіз, сіздің мамандығыңыз бен біліктілігіңіздің таңдап алған қызметіңізге сәйкестігін біліп алған жөн.

9. Егер де Сіз бәрібір «құл сатушылардың» құрбанына айналып, алайда олардан қашып үлгерсеңіз, өз консулдығыңыздан немесе басқа елді мекеннен қолдау күткеніңіз дұрыс.



Есіңізде болсын! Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің құжаттарыңызды, көші-қон қызметі немесе құқық қорғау органдары өкілдерінен басқа ешкімге бермеңіз. Өз құжатыңыз тек сізге ғана тиесілі! Сақ болыңыз, кез-келген ұсақ-түйекке көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.migration.ucoz.kz/publ/5-2-2 - «Миграция.kz» сайты;

2) www.rodnik.kz/ - «Әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының» сайты.

Хабарласу үшін телефондар: 116 16 – адам саудасына қарсы күрес бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны (республиканың барлық өңірлерінен қалалық және ұялы телефон арқылы байланысуға болады), сондай-ақ 119, 8 8000 80 80 50, 8 (7172) 509 509.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «адам саудасы», «адам саудасының құрбаны болмау үшін не істеу қажет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

76. Мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін мұраға алу құқығын қалай рәсімдеуге болады?
Мұрагерлік құқығының жалпы ережелерін білу бәрімізге керек, өйткені дүниеге келгеннен, қайтыс болғанға дейін кез-келген адам мұрагер болуы мүмкін. Алайда мұрагерлікке байланысты барлық мүмкін болатын жағдайларды алдын ала болжай алмайсың. Сондықтан да мұраға алу бойынша қандай да бір іс-әрекет жасамас бұрын заңгермен кеңескеніңіз жөн.

Мүлік, соның ішінде жылжымайтын мүлік екі жолмен заң бойынша және мұра берушінің соңғы аманаты бойынша өсиет хат негізінде мұрагерлікке қалады.

Заң бойынша мұрагерлік өсиет хат болмағанда немесе ол ҚР Азаматтық кодексінің ережесіне сай жарамсыз деп танылғанда қолданылады.

Мұрагерлер заңда көрсетілген процедураға сай мұраға алуға шақырылады. Айта кету қажет, мұраға иелік етуге құқық мұрагердің азаматтығына қарамайды. Қазақстан Республикасының азаматы да, шетел азаматы да, тіпті мемлекет те мұрагер бола алады. Міндетті үлес құқығына мұра берушінің кәмелет жасқа толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ еңбекке жарамсыз әйелі мен ата-аналары ие (олар өсиет хаттың бар-жоғына қарамастан мүліктің белгілі бір бөлігін иемденеді).

Мұраға алудың сегіз кезегі белгіленген. Кезектілік негізі туыстарды бір-бірінен бөлетін, туу санымен анықталатын туыстық деңгеймен анықталады. Заң бойынша әрбір келесі мұрагерлердің кезегі алдыңғы кезекте мұрагерлер болмаған жағдайда ғана мұраға алу құқығына ие болады.

Ең бастысы – нотариуста құжаттарды рәсімдеу!

Мұраға иелік ету үшін мұрагер оны қабылдауы қажет. Мұрагер мұрагерлік іс ашылған күннен бастап, оны қабылдауды, әлде басқа мұрагерлердің пайдасы үшін одан бас таруды шешіп алуы қажет. Мұраға иелік етуден бір рет бас тарту шешімі кейін қайтадан өзгертілмейді.

Мұраны қабылдау мұрагерлік іс ашылған жердегі нотариусқа мұраны қабылдау немесе мұрагерлі құқығы туралы куәлікті беруге өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік құқықты нотариалдық тәртіппен рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:

1) қайтыс болғандығы туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;

2) мұра берушімен туыстық қатынасын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (туу туралы, неке қию туралы куәлігі және т.б.);

3) пәтерге құқық белгілейтін құжаттар (сату-сатып алу құжаты, сыйға тарту және т.б.), үйдің мұрагерлік құқығын рәсімдеу үшін үйдің және жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар;

4) қайтыс болған адамның соңғы тұрғылықты жері туралы (мекенжай бюросынан, азаматтарды тіркеу (үй кітапшасы) кітабы немесе пәтерлік карта) анықтама;

5) жылжымайтын мүлікке және соның мәмілесіне тіркелген құқығы туралы анықтама. Пәтердің орналасқан жері бойынша халыққа қызмет ету орталығы арқылы әділет органдарынан беріледі.



Мерзімінде үлгерген маңызды! Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында мұраны қабылдау мерзімі – мұрагерлік іс ашылғаннан бастап алты ай деп белгіленген. Мұрагерлік іс ашу мерзімі мұра берушінің қайтыс болған күнінен басталады. Мұрагерліктен бас тартуға да алты ай мерзім беріледі.

Егер мұраға ие болу құқығы мұрагердің мұрадан бас тартуынан немесе басқа мұрагердің мұраны қабыл алмауынан кейін басқаларға берілген болса, бұл адамдар мұраны мұралық ету құқығы пайда болған күннен бастап алты ай мерзімінде қабылдай алады.

Егер сіздің мұраны қабыл алу мерзіміңіз өтіп кеткен болса, не істеу керек? Бұл жағдайда мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа өтініш беру қажет. Егер мұрагер мерзімді белгілі себептермен өткізіп алған болса, және де мерзімі өткеннен кейінгі алты ай ішінде сотқа жүгінген болса онда сот мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіреді және мұрагерді мұраны қабыл алды деп есептейді.

Мұрагерлік құқық туралы куәлік.

Бұл құжат мұрагерлік іс ашылғаннан кейін алты ай мерзім өткеннен кейін кез-келген уақытта беріледі. Куәлік сіздің пәтерге деген меншік құқығыңызды әділет органдарына тіркеу үшін қажет. Тіркеу үшін құжаттарды тапсыру жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша әділет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (57-тарау. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер)



Пайдалы сілтемелер:

1) www.defacto.kz/ - «Заңнама. Консультациялар. Құқықтық қызметтер» сайты;

2) www.kn.kz/articles.php?id=825 – «Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік ету» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мұрагер құқығы», «мұраға алу құқығын рәсімдеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


77. Конституциялық құқығынды талап ете отырып, соттың қорғауын қалай пайдалануға болады?
Егер Сіздің жеке құқығыңыз бен бостандығыңызға прокурордың, тергеу және жауап алу органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі кері әсерін тигізіп жатса, Сіз сотқа шағымдануға құқылысыз.

Қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартқанда, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту кезінде заң нормалары бұзылғанда, қылмыстық іс қозғағанда, тоқтатып қойғанда және мүлде тоқтатып тастағанда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымдарға күштеп жатқызу кезінде заң бұзылған жағдайда, тінту немесе қарау кезінде, мүлікті пайдалануға шектеу қою кезінде, кепіл қолдану кезінде, өзге де әрекеттерге немесе әрекетсіздікке бару кезінде, сондай-ақ шешім қабылдау кезінде заң бұзылған жағдайларда, егер осы әрекеттердің және шешімдердің заңдылығын тексеруді сотпен шешу кезеңіне дейін қалдыру адамның және азаматтың құқығына және бостандығына зиянын тигізіп жатса шағым рәсімделеді. Сотқа шағым тиісті шешіммен танысқан соң немесе прокурор шағымды қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда беріледі.

Шағым қылмыстық істі жүргізіп отырған орган орналасқан мекен-жай бойынша аудандық сотқа сіз келіспейтін шешіммен танысқаннан кейін, он бес тәуліктің ішінде немесе прокурордың атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартқаны туралы хабарлама алған күннен бастап немесе прокурорға шағым түсіргеннен кейін он бес тәулік ішінде оған жауап қайтармаса беріледі

Сотқа шағым-талап жазбаша түрде беріледі. Өтініште мыналар көрсетілуі керек:



  1. Сіз өтініш беріп жатқан соттың атауы;

  2. Сіздің толық аты-жөніңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз. Егер ұйым талапкер болса, онда тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы куәлік немесе оның орналасқан жері, СТН және банктік реквизиттері. Егер өтінішті өкілдік беріп отырса, онда оның атауы мен мекен-жайы;

  3. Жауапкердің (ықтимал заң бұзушының) аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, жұмыс орны және СТН (егер сот бұйрығын шығару туралы өтініште көрсетілсе). Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның атауы, іс жүзіндегі тұрған орны немесе егер сізге белгілі болса, бірыңғай мемлекеттік тіркеу мәліметі, СТН және банктік реквизиттері;

  4. Сіздің құқығыңыздың, бостандықтарыңыздың немесе заңды мүдделеріңіздің бұзылуы немесе бұзылу қаупінің мәні және сіздің талап арызыңыз;

  5. Талабыңыз бен дәлелдемелеріңізді растауда негізге алып отырған жағдайлар;

  6. Егер талап бағалануға жататын болса, талап ету құны.

7) өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

      Өтініште даудың шешілуіне әсерін тигізетін өзге де мәліметтер көрсетіліп, баяндалуына жол беріледі.

      Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді көздейтін прокурор ұсынған өтініште мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге негіз болатын дәлелдер келтіруі, қандай құқық бұзылғаны көрсетілуі, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актіге сілтеме жасалуы керек. Прокурор жеке азаматтың мүддесі үшін өтініш жасаған жағдайда талап-шағымда азаматтың өзі талап-шағым бере алмауының себебі негізделуі тиіс; өтінішке әрекет етуге қабілеті жоқ тұлғаның мүддесін қорғау үшін өтініш берілген жағдайлардан басқа, сотқа талап-шағым беруге азаматтың келісімін растайтын құжат қоса берілуі тиіс.

      Өтінішке талап етуші немесе талап-шағымға қол қоюға және шағымдануға құқығы бар оның өкілі қол қояды.

Талап-шағымға мынадар қоса беріледі:

1) жауапкер және үшінші тұлғалардың саны бойынша талап арыздың көшірмелері;

2) мемлекеттік салым төлегеніңізді растайтын құжат (мемлекеттік салым талап-шағымның сипатына байланысты есептеледі);

3) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат немесе басқа құжат;

4) Талабыңызды растау жағдайында негізге алатын құжаттар, егер жауапкер және үшінші тұлғаларда болмаса, осы құжаттардың көшірмелері;

5) егер жоққа шығарған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;

6) егер талап арызда көрсетілмеген болса, сот ісін кейінге шегеру, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін төмендету, талапты қамтамасыз ету, дәлелдер және басқаларды талап ету туралы өтініш хаты.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;

2) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу туралы Кодексі;

3) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс-жүргізу Кодексі.



Пайдалы сілтемелер:

1)www.supcourt.kz/news/index.php?ELEMENT_ID=17170 - «Главная цель судебной реформы - обеспечить каждому заинтересованному лицу реализовать свое право на судебную защиту» мақаласы;

2) www.supcourt.kz/news/?ELEMENT_ID=18372 - «Право на судебную защиту» мақаласы;

3)www.supcourt.kz/system/info/index.php?SECTION_ID=878&ELEMENT_ID=2172 – Сотқа талап арыздардың және басқа да шағымдардың үлгілері



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «соттың қорғауын пайдалану», «Қазақстандағы сотта қорғалу құқығы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
78. Қылмыс жасауда күдікті және айыпты деп танылған азаматтардың қандай құқықтары бар?
Қылмыс жасауда күдікті және айыпты деп танылған азаматтардың құқықтары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексімен реттеледі.

Қылмыстық іздестіру органы күдіктіні:

1) жетпіс екі сағаттан артық қамауда ұстауға;

2) бұлтартпау шараларын қолдану жөнінде қаулы жарияланған сәттен он тәуліктен артық бұлтартпау шарасын қолдануға (қамау, үйқамақ, тұрғылықты орнынан шықпау туралы қол хат алуға) құқы жоқ..



Күдіктінің құқықтары:

1) ұстап алуды (задержание) жүзеге асырған тұлғадан дереу арада оның құқықтарын түсіндіруді талап ету;

2) қандай іске байланысты күдікті екендігін білу;

3) өзі немесе туыстары арқылы немесе сенімді тұлғалар арқылы қорғаушы шақыру, егер күдікті, оның туыстары немесе сенімді тұлғасы қорғаушы шақырмаған жағдайда, тергеуші оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) сұрақ-жауап басталғанға дейін таңдалған не тағайындалған қорғаушымен бетпе бет және құпия кездесу;

5) күдікті одан бас тартқан жағдайлардан басқа, түсініктемені қорғаушының қатысуымен ғана беру;

6) өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы қаулы көшірмесін алуға және ұстау хаттамасын, шара қолдану туралы қаулы көшірмесін алу;

7) түсініктеме және айғақ беруден бас тарту;

8) дәлелдер ұсыну;

9) қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы және қарсылықтар туралы шағымдану;

10) ана тілінде немесе білетін тілде түсініктеме беру;

11) аудармашының тегін қызметін пайдалану;

12) күдіктінің не қорғаушының, болмаса оның заңды өкілінің өтінішімен тергеушінің немесе жауап алушының рұқсатымен тергеу әрекетіне қатысу;

13) оның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекетінің хаттамасымен танысу және хаттамаға ескертулер жасау;

14) тергеуші, жауап алушы, прокурор және соттың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне шағым айту;

15) заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Күдіктінің қорғаушысы немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негіз бола алмайды.



Айыпталушының құқығы:

1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өз құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, қорғануға дайын болуы үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуы;

2) өзіне тағылған айыпты білу және қылмыстық іс қозғалғаны, айыпталушы ретінде іске тартылуы туралы қаулылардың көшірмесін алу;

3) қылмыстық іздестіру органынан дереу арада оның құқықтарын түсіндіруді талап ету;

4) қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдаған өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерінен хабардар болу;

5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алу;

6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беру;

      7) айғақ беруден бас тарту;

      8) дәлелдер ұсыну;

      9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеу;

10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде түсіктеме және айғақ беру;

      11) аудармашының тегін көмегін пайдалану;

      12) қорғаушы алу;

13) осы Кодексте көзделген жағдайдарда және тәртіппен, өзінен алғашқы жауап алуға дейінгі сәттен бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығу;

14) айыпталушының не қорғаушының, болмаса оның заңды өкілінің өтінішімен, тергеушінің немесе жауап алушының рұқсатымен тергеу әрекетіне қатысу;

15) өз өтініші немесе қорғаушысының, заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер жасау;

16) сараптама тағайындалып, жүргізілсе, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде, осы Кодекстің 244, 254, 354 және 355-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;

17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;

19) тергеушінің, жауап алушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беру;

20) қалпына келмейтін негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру;



21) ашық түрдегі сот шешімін талап ету.

Іске айыпталушының қорғаушысы немесе заңды өкілінің қатысуы айыпталушының қандай да бір құқығын алып тастауға немесе шектеуге негіз бола алмайды.



Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.supcourt.kz/zakon/ - заң актілеріне сілтемелер;

2) www.kazpravda.kz/r/1279529672/2010-10-14 - «Без вины ареста не бывает. Эффективность судебной защиты прав граждан зависит от усилий государства и общества» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «айыпты деп танылған азаматтардың құқықтары», «күдікті деп ұсталған азаматтардың құқықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

79. Менің үйім - менің қорғаным. Тұрғын үйді қалай ұрылардан қорғауға болады?
Адамның бай-кедейлігіне қарамастан, оның үйінен ұрыларға қажет әйтеуір бір зат табылады. Темір есік орнатсаңыз болды, мүлкіңіз толық қауіпсіз болады деп пайымдауға болмайды.

Мүлікті қорғау ісінде ұсақ-түйек деген жоқ. Үй иесінің ең басты мақсаты – қымбат «қазынаға» деген ұрының жету жолын қиын ету. Ол үшін пәтерге кіру үшін де ұры біраз уақыт жұмсайтындай болуы керек. Мамандар тұтас металдан жасалған есіктердің ең жақсы екенін айтады. Сонымен қатар, есік ішке қарай ашылмауы керек (оны бұзу қиынырақ) және де есік пен есіктің қаңқасының арасында саңылау болмауы керек.

Құлыпты таңдаған кезде де мұқият болу керек. Тойтармалы бұранда құлып алыңыз. Кілттің айналмасы көп болған сайын, құлып та сенімді болады. Ең дұрысы 3-4 айналма болуы керек. Іштен жабылатын ілгек немесе бұрынғы темір бауды іліп қойған пайдалы. Егер сіз кедергілер санын көбейтіп іштен тағы бір есік қойып алсаңыз, тіпті жақсы болар еді.

Қазіргі таңда ұрылар көп жағдайда есіктен емес, терезеден кіреді. Оған қоса, пластик терезелерді ашу да қиын емес болып қалған. Қазір әйнектерді броньдау (сауыт қаптау) деген қызмет түрі бар. Пәтердің ішінен әйнекке бірнеше күннен кейін әйнекпен бірігіп кететін арнайы үлдір жабыстырылады. Ондай терезелерді таспен немесе балғамен сындыра алмайсың, тіпті жарылыс болса да, ол әйнектер сынбайды, тек формасы ғана өзгереді. Бұл арзан қызмет емес, бірақ сіз онымен қоса күннен және қызығушы көздерден қорғайтын сауыт қаптаманы таңдай аласыз. Сондай-ақ жылуды да жақсы сақтайды.



Әсіресе жазда сақ болыңыз! Желдеткішті ашық тастамаңыз!

Әйнектерге бронь (сауыт қаптама) кигізуден басқа темір тор орнататын тағы бір ескі әдіс бар. Қауіпсіздік жағынан алып қарасақ, ең жақсысы – шыбықталып жасалған стационарлық тор. Оны аралап тастау, немесе жұлып тастау мүмкін емес, сондықтан да сіздің үйге шақырылмаған қонақтың келуіне жол жабылады. Алайда, өрт немесе басқа да тосын оқиға болып жатса, стационарлық тор кедергі болуы мүмкін. Егер пәтерден шығудың жалғыз жолы терезе болып қалса, онда сіз шарасыз жағдайда қаласыз.

Терезені қорғаудың тағы бір түрі – бұл терезе қақпасы. Сіз оны кешке қарай бутиктердің жабық терезелері мен есіктерінен көрген шығарсыз. Мұндай «жалюздер» саяжай мен жеке үйлер үшін ең дұрыс таңдау. Олар сырттан бұзып кіруден қорғаумен жабдықталған, алайда іштен тетік арқылы ашылып жабыла береді

Егер сіздің шамаңыз келсе, кәсіби дабылқаққышты орнатып алуыңызға болады. Үйіңізге біреу кірген жағдайда құлақ тұндыратын гуіл іске қосылады, сіз болмаған жағдайда, сіздің сақ көршілеріңіз, полиция шақыртады. Бұл әдістің артықшылығы – ұрылар үйіңізге түнде кіргенде сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Құлақ тұндырарлық айғайдан сіз оянып кетесіз, ал ұрылар қорқып қашып кетеді (көп жағдайда солай болады). Тағы бір жол – автономды GSM-сигнализациясы. Сіздің үйіңізге заңсыз бас сұққан кезде құрылғы үй иесінің телефонына (дыбыстық модуль жағдайында) сәлемдеме жібереді немесе қоңырау соғады, ал үй иесі полицияға хабарлайды.

Бейнебақылау орнату да сенімдірек болады. Алайда бұл өте қымбат, сондай-ақ күнделікті бейнебақылауда өмір сүруге көп адамдар шыдай бермейді. Алайда бейнетаспадағы жазба бойынша полиция ұрының кім екенін анықтай алады, бұл сіздің мүлкіңізді қайтаруға мүмкіндік береді.

Есіңізде болсын! Ұрылар бірнеше санатқа бөлінеді. Жоғарыдағы әдістер қарапайым ұрылардан (жасөспірімдер, нашақорлар және т.б.) қорғануға жақсы көмектеседі.

Кәсіби ұрыларды ұстау айтарлықтай қиын. Олар ұзақ уақыт мақсатты таңдайды, аңдиды, үй иесінің күн тәртібін жақсы біледі. Бұндай ұрыларды байқау оңай. Белгісіз адамдар аулада қайта-қайта пайда болады, сағаттап дәліздерде тұрады. Мысалы, түскі үзіліс уақытында үй иесінің үйде болғанын білу үшін, олар есіктің алдындағы кілемшенің астына крекер қояды. Егер крекер бүтін болса – пәтер бос деген сөз. Сонымен қатар, олар есікке қандай да бір белгі тастап кетеді, сынған сіріңке сынықтарын тастайды және т.с.с. Егер сіз осындай жағдайларды байқасаңыз – шара қолданыңыз. Ең алдымен көршілерге айтыңыз. Сақтансаң, сақтайды. Пәтеріңізді ұзақ уақытқа тастап кетпеңіз.

Өзіңіздің сатып алуларыңыз, табысыңыз және демалысқа деген жоспарыңыз туралы жария етпеңіз. Мұны құлағы шалып қалған адам (кезек күтіп тұрғанда немесе кеңседе) сіздің тұрғын үйіңізге қарай ұрыларға жол сілтеуі мүмкін.

Ұрыны үркітуге немесе алдап кетуге болады. Ол үшін не істеу керек? Қиял. Ең сенімдісі – күзетші жалдау. Көп жағдайда бұл көршілерін жақсы танитын және бөтен адамдарды мүлдем кіргізбейтін сол үйдің тұрғыны болады. Егер әр пәтерден ортаға ақша шығарса, сіз керемет «сигнализацияға» ие боласыз.

Домофон ұрылардың көмекшісі болып шықты. Ұрылар пәтердің нөмерін тереді де, жауап күтеді. Жауап болмаса, үй иесі де жоқ. Ал егер тұтқаны біреу көтерсе, пошташы немесе су тексеруші кызметкер болып өзін таныстырады. Кей жағдайда қайыр сұрайды.

Егер сіз демалысқа кетсеңіз, өзіңіздің бар екеніңіздің білдіретін көрініс қалдыруды ұмытпаңыз. Жарықты сөндірмей қалдырыңыз, балконға кір жайып қойыңыз, кіреберіске радионы қосып қалдырыңыз. Сенімді көршіңіз немесе туысқаныңызға поштаңызды алып тұруын сұраңыз.

Айтпақшы, есіктегі «нысана күзет бақылауында» жапсырмасы ұрыны жасқандыруы керек. Ол жапсырманы интернеттен оңай табуға болады. Жапсырманы басып шығарып, оны жоғарыға қарай іліп қою керек, осылай тұрса, оның жалған екенін ешкім айыра алмайды.

Пайдалы сілтемелер:

www.kp.ru/daily/24496/650610/ - «Как красноярцам сделать свой дом недоступной крепостью для воров» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үйді ұрылардан қорғау», «тұрғын үй қауіпсіздігі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

80. Егер Сіз сот шешімімен, үкімімен, анықтамасымен, қаулысымен келіспесеңіз, не істеу керек?
Егер Сіз соттың шешімімен, үкімімен, қаулысымен, анықтамасымен келіспеген жағдайда, әлі заңды күшіне енбей тұрып, апелляциялық, кассациялық тәртіпте шағымдануыңызға болады.

Егер Сіз сот шешімін дәлелсіз және заңсыз деп санасаңыз, бұрынғы шығарылған шешімнің заңдылығын тексеретін апелляциялық сотқа арыздануыңызға болады. Яғни барлық құжаттар қайта қаралып, іс қайта талқыланатын болады. Апелляциялық шағымда соттың бірінші сатысында қаралмаған жаңа талаптар білдіруге болмайтынын білу маңызды. Бұрынғы сотта белгілі бір дәлелді себептермен көрсетілмеген құжаттар болмаса, жаңа қағаздар мен құжаттарды беруге болмайды. Тексеру барысында сот шешімінің негізділігін, істің шынайы жағдайларына сәйкес келетіндігін талдап, шешім шығарады.

Шығарылған шешімнің заңдылығына ғана күдік болған жағдайда, кассациялық шағым беруге болады. Шешімнің заңдылығы дегеніміз – іс жүргізу құқығын немесе материалдық нормаларды пайдаланудың дұрыстығы. Сондықтан, «негізсіз шешім» деп көрсетілген кез келген шағым кассацияға қабылдана бермейді.

Үкімнің, қаулыға апелляциялық және кассациялық шағымдануға сотталған немесе ақталған, сондай-ақ олардың қорғаушысы, тараптардың өкілдері және заңды тараптардың өкілдері, жәбірленуші және оның тарабындағы өкілдері, заңды тараптардың өкілдерінің құқығы бар. Сонымен қатар соттың шешіміне шағым жасауға осы істе тараптарға жатпайтын, бірақ егер шешім олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қатысты тұлғалардың да құқығы бар.



Апелляциялық арыз үкім шығарушы сот арқылы жеткізіледі.

Істі қайта қарау кезінде шығарылған үкімге де сіз осындай тәртіпен арыздана аласыз.

Арыз үкім (қаулы) жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде берілу керек. Уақыты өтіп кеткеннен кейін берілген апелляциялық шағым қаралмайды.

Апелляциялық арыз мыналардан тұрады:

1) арыз жолданатын соттың аты;

2) арыз беруші туралы мәліметтер, оның ісін жүргізу жағдайын, тұрғылықты немесе тұратын жерін көрсету;

3) арыз берілген үкім немесе қаулы, осы шешімді қабылдаған соттың аты;

4) үкімнің қай бөлігіне арыз берілгені туралы көрсету;

5) үкімнің қаулының қай тұсының дұрыс емес екендігі туралы арыз берушінің ой-пікірі және оның өтінішінің мәні;

6) арыз берушінің талаптарын негіздейтін, оның ішінде, бірінші инстанцияда сот қарамаған дәлелдер;

7) арызға қоса берілген материалдар тізімі;

Сот отырысы басталғанға дейін арызыңызды өзгертуге немесе жаңа мәліметтермен толықтыруға құқығыңыз бар.

Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актісін істе қатысушы тұлғалардың және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының шағымы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бақылауы тәртібінде қайта қаралуы мүмкін.

Кассациялық арыздар үкім шығарған сот арқылы жеткізіледі. Тікелей кассациялық инстанцияға түскен кассациялық арыздар үкімді шығарған сотқа бағытталады.

Арыз үкім шығарылған күннен кейін он бес тәулік аралығында тапсырылуы керек.

Кассациялық арыз келесі ақпараттарды қамтуы керек:

1) арыз жолданатын соттың атауы;

2) арыз беруші туралы мәліметтер, оның ісін жүргізу жағдайын, тұрғылықты немесе тұратын жерін көрсету;

3) арыз берілген үкім немесе қаулы, осы шешімді қабылдаған соттың аты;

4) қылмыстық немесе қылмыстық-іс жүргізу заңын қолданудның бұрыстығы неде екендігі көрсетілген арыз берушінің дәлелдері және оның сот шешіміне қалай әсер еткендігі туралы ой пікірі, өтініштің негізгі мәні;

5) арызға қоса берілген материалдар тізімі;

6) арыз иесінің қолы.

Егер де сіздің тапсырған арызыңыз көрсетілген талаптарға сай болмаса, олар қабылданады, бірақ мерзімі көрсетіліп, қайта рәсімделу үшін қайтарылады. Егер де осы уақыт мерзімінде кассациялық арыз сотқа тапсырылмаса, ол қабылданбаған болып саналады.

Аппеляциялық тәртіпте қарастырылған істің сот үкіміне арыздану үшін кассациялық арызда бастапқы инстанциядағы соттың шешімі өзгертілген аппеляциялық инстанцияның шешімімен келісетіндігі не келіспейтіндігі жайлы дәлелдер көрсетілуі керек.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.supcourt.kz/ - Жоғары Сот сайты (мәзірдің «Заңнама» бөлімі, ары қарай «Өзіңіздің құқыңыз жайлы көбірек біліңіз»);

2) www.base.spinform.ru/show.fwx?Regnom=1251/ - Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу Кодексі;

3) www.minjust.kz/en/node/916/ - Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «соттың шешімімен келіспеу», «сот шешімін қайта қарау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


81. Егер сізді біреулер телефон арқылы қорқытып, бопсалағысы келсе не істеу керек?
Бопсалау - адамдардың тікелей немесе жанама түрде өздеріне керек нәрсені істемесең, басыңа төнетін қиындықтар арқылы қорқыту әсері. Ол әсіресе, «кез келген тәсілмен мақсатқа жету ақталады» деп ойлайтын адамдар үшін біреудің іс-әрекетін басқарудың тамаша тәсілі. Қорқыту – психикалық түрде ықпал ете отырып, адамды қорқыту. Қорқыту жапа шеккен адамға тікелей немесе оның жақындары, немесе үшінші тұлғалар арқылы жазбаша немесе ауызша, телефон, телеграф, факсті пайдалана отырып жүзеге асады.

Қазіргі заманда телефон жарылғыш заттардың жасырылғандығы, адамдар кепілге алынғандығы, күштеп қорқыту мен бопсалау туралы хабарламалық ақпараттар келіп түсетін негізгі құралға айналған.

Мысалы, сізге алаяқтар хабарласып, сіздің ұлыңыз есірткі партиясы бойынша ұсталды немесе жолды кесіп өткен жолаушыны қағып кетті немесе сіздің басқа да туыстарыңыз бен таныстарыңыз қиын жағдайға түсуіне байланысты хабар айтып, ақша көмегімен соны шешуге ұсыныс жасауы мүмкін.

Әдетте, аяқ астынан болған хабар әркімді де есеңгіретіп тастайды. Оның үстіне естіген хабарыңыздан, сіздің сол қоңырауға дұрыс баға беріп, қауіптің шынайылығына көз жеткізу үшін барынша көп мағлұмат алуды ойлауға шамаңыз да келмей қалуы мүмкін. Мұндай қоңыраулар тікелей сізге немесе сіздің отбасыңыздың бір мүшесіне келіп түседі. Егер сіздің телефоныңызға бұдан бұрын да мұндай қоңыраулар келген болса немесе сізге осындай қоңыраулардың болатынына негіз бар болса, онда телефонға автоматты нөмір анықтағыш (АНА) және дауыс жазу құралын орнату жолын қарастыру керек. АНА-ның көмегімен тез арада анықталған нөмірді оны жоғалтып алмас үшін қағазға жазып алу керек. Дауыс жазу құралы көмегімен сөйлесу жазылған таспаны шығарып, оның сақталуын қамтамасыз етіп, орнына басқа таспа салуды ұмытпау керек.



Есіңізде болсын! Қоңырау соққан адамның нөмірі мен әңгіменің фонограммасы болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары үшін тергеу жүргізу және оны сотта пайдалану мақсатындағы дәлелдеу базасын қалыптастыру үшін материалдар мүлде аз болып қалады.

Егер дыбыс жазу құралы және АНА болмаған жағдайда, қылмыстың алдын алу мен қылмыскерлерді іздеу үшін құқық қорғау органдарына сіздің келесі қадамдарыңыз көмек болады:

1) сөйлесуді сөзбе-сөз жаттап алу және оны қағазға жазып алуға тырысу;

2) әңгіме барысында қоңырау соққан адамның жынысы мен оның жас мөлшерін, сөзді қолдану ерекшеліктерін, дауысын (қатты немесе ақырын), сөзінің қарқынын (жай немесе тез), сөйлеу мәнерін (анық, бұрмалап, кекештеніп, тілін шайнап немесе белгілі бір акцентпен, диалектімен) және сөз мәнерін (әдепсіз, келекелеп, болмаса былапыт сөздермен сөйлейтінін) біліп алу;

3) міндетті түрде дыбыстық шуды ескеріңіз (автокөлік немесе теміржол көлігінің шуы, теле-, радиоқұралдар шуы, дауыстар және т.б.);

4) қоңырау сипатын анықтаңыз (қалалық, қалааралық);

5) сөйлесудің дәл басталған уақыты мен оның ұзақтығын белгілеп алыңыз.

Егер мүмкіндік болса, сөйлесу барысында мынадай сұрақтарға жауап алып қалуға тырысу керек:



  • бұл адам кімге, қайда және қандай нөмір бойынша телефон соғып тұр?

  • қандай нақты талаптарды қойып отыр?

  • ол өз атынан немесе делдал ретінде біреудің немесе қандай да бір топ атынан сөйлеп тұр ма?

  • қандай жағдайда олар өз ойларынан бас тартуы мүмкін?

  • олармен қалай және қашан байланысуға болады?

  • бұл қоңырау туралы сіз кімге айтуға тиіссіз немесе айтуыңызға болады?

Қылмыскерлердің қорқытуына ешуақытта мән бермеңіз, әңгіме аяқталысымен бұл жайында құқық қорғау орындарына тез арада хабарлаған жөн. Егер Сіздің телефон тұтқаңызды қылмыскерлер тыңдауы мүмкін деген күдік болса, басқа нөмірден қоңырау шалыңыз.

Мұндай фактілерді жасыру жағдайды біршама қиындатып, қылмыскерлердің жазадан құтылып кетуіне мүмкіндік береді. Телефон арқылы тікелей қорқытудан бөлек қылмыскерлер сізді құқық қорғау органдарына ақпаратты жеткізуші ретінде де пайдалануы мүмкін. Жоғарыда келтірілген кеңестер бойынша қадам жасаңыз да, білген ақпаратыңызды құқық қорғау органдарына жеткізіңіз.



Пайдалы сілтемелер:

www.asker-security.kz/index.php?go=Pages&in=view&id=24 –«Обеспечение личной безопасности при поступлении угроз по телефону» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бопсалау», «телефон арқылы бопсалау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

82. Cізді жұмыстан заңсыз шығарып жіберсе не істеу керек?
Біздің елімізде дағдарыс және дағдарыстан кейінгі кезеңде жұмыстан шығару көбейіп кетті және мұның барлығы заңды деп айта алмаспыз. Жұмыстан шығару кезінде жұмыс беруші көп жағдайда жұмысшының құқықтарын бұзады. Алайда, ешқайсымыз сақтандырылмаған осындай қиын жағдайды айналып өтуге еңбек заңнамасының қарапайым қағидаларын білу көмектесуі әбден мүмкін.

Жұмыстан шығару кезінде жұмыс беруші төмендегідей заң бұзушылыққа бару оқиғасы көптеп кездеседі:



  • ҚР Еңбек Кодексінде қарастырылмаған себептер бойынша жұмыстан шығару;

  • шын мәнінде болмаған себептер бойынша жұмыстан шығару;

  • нақты болған себептің орнына басқа себепті көрсету;

  • теріс қылық пен еңбек міндеттемелерін өрескел бұзу жағдайын (жұмыстан қалу, мас күйінде жұмысқа келу, қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда, ұрлау және т.б.) тиісті қағаз құжаттарға түсірмей жұмыстан шығару;

  • қызметкерлердің санын немесе штатты қысқарту деген желеумен нақты қысқарту жүргізбей жұмыстан шығару

  • ойдан шығарылған себептермен жұмыстан босатылған жұмысшыға жалақысы бойынша қарызын төлемеу;

  • жұмыс берушінің қызметін тоқтатуы мен таратуы, жұмысшылар саны мен штатын қысқарту туралы жұмысшыларды ескерту тәртібінің бұзылуы;

  • жұмыскерлерге тиісті аттестация өткізбестен атқаратын лауазымына сай келмеуі немесе біліктілігінің жетіспеушілігінен орындаған жұмысының сай келмегендігі себепті жұмыстан шығару;

  • тиісті медициналық куәландырусыз атқаратын қызметтің немесе орындаған жұмысының денсаулығымен сай келмеуі бойынша жұмыстан шығару.

Маңызды жағдайға назар аударыңыз! Көп жағдайда жұмыс беруші өзінің бастамасымен жұмыстан шығарады, алайда сізге өз еркіңізбен еңбек келісімшартын бұзуды ұсынуы мүмкін. Егер жұмыстан шығару шын мәнінде заңсыз түрде жүргізілсе, онда ешқашан мұндай жолды таңдамаңыз (Еңбек келісімшартын осындай негізде бұзу арқылы сіз шын мәнінде өз құқыңыздың сот арқылы қорғалу ықтималдығын төмендетесіз).

Заңсыз жұмыстан шығару бойынша қайда арыздануға болады? Сізге мемлекеттік еңбек инспекторына шағымыңызбен баруға болады. Мұндай лауазымды тұлғалар еңбек заңнамасының сақталуын тексеруге, заң бұзушылықтарды жою бойынша міндетті түрде орындалуға тиіс бұйрықтарды беруге, заң бұзушыларды жауапкершілікке тартуға құқығы бар. Бірақ жұмысқа қайта қабылдану үшін, оның үстіне моралдық залалдың өтемақысы мен жалақыны төлету үшін жұмыс беруші өзінің іс-қимылын заңға қайшы деп есептемесе, онда сізге сотқа жүгіну ұсынылады.

Сотқа жүгінуге дайындалу.

Сотқа жүгінбес бұрын, сізге мұқият дайындық керек. Жұмысқа қабылдаған кезде сізбен еңбек келісімшартын жасасу керек еді. Жалақы мөлшері нақты көрсетілген еңбек келісімшартының болуы өте қажет. Жұмыс берушіден еңбек келісімшартын жасауды және оның бір данасын сізге алдын ала беруді талап етіңіз (еңбек шарты мерзімді немесе мерзімсіз болуы мүмкін екендігін ескеріңіз). Жұмыстан шығып жатқанда мұны істеу өте қиын болады. Сіздің еңбек кітапшаңызда (егер ол сізде бар болса) жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару туралы жазбалар болуы тиіс.

Егер келісімшарттар сіздің қолыңызда жоқ болса, жұмыс берушіден жұмыс істеген кезеңдегі жалақыңыздың мөлшері туралы анықтама беруін талап етіңіз. Ол не үшін қажет? Бұл төленбеген жалақы мен жұмысқа қайта қабылданған кездегі жұмысқа келмеуге мәжбүр болған аралықтағы төлемнің өтеуін есептеу кезінде керек болады. Ал егер ол еш жерде көрсетілмесе, жұмыс берушінің есептерінде көрсетілген мәліметтер негізінде белгіленеді.

Егер жұмыс беруші сіздің қолыңызға ешқандай құжат бермесе, онда сотқа талап арызыңызда оларды міндетті түрде талап етуін өтінуіңізге болады.

Егер сіздің жұмысқа қабылданғаныңыз мүлдем рәсімделмеген болса, жұмыс беруші сіздің ешқашан онда жұмыс істемегеніңізді, тіпті сізді бірінші рет көріп тұрғанын айтуы да мүмкін. Бұл жұмысқа қабылданғаныңыз бен жалақы мөлшерін растайтын құжаттарыңызды алдын ала дайындап қою керектігін көрсетеді. Мұндай жағдайда жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша Әлеуметтік қорғау мен бақылау департаментіне жұмыс берушінің жіберген барлық заң бұзушылығын көрсетіп (еңбек келісім-шартының болмауы, заңсыз жұмыстан шығару, еңбекақыны төлемеу және т.б.) шағымданыңыз.

Шағымды жазу үшін ең алдымен жұмыс берушіге қояр талаптарыңызды анықтап алуыңыз қажет: жұмысқа қайта қабылдану, жұмысқа бармауға мәжбүр болған күндердің өтемі, еңбекақы бойынша қарызды төлеу, еңбек кітапшасындағы жазбаны өзгерту, моральдық залалды қайтару.



Дербес еңбек дауларын қарайтын органға жұмыскердің шағымдану шарттары мен мерзімі

ҚР Еңбек Кодексінің 172 бабына сәйкес, дербес еңбек дауларын қарайтын органға жұмыскердің шағымдануына келесідей мерзім беріледі:

1) жұмысқа тұруды қайта қалпына келтіру дауы бойынша: еңбек келісім шартын бұзу жөніндегі акт көшірмесін жұмыс беруші берген күннен бастап - үш ай.

2) басқа еңбек даулары бойынша: жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғанын білген немесе білуі тиіс болған күннен бастап - бір жыл.



Жұмысқа қайта қабылдауды талап ету.

Жалпы ережелер бойынша талап-арыз жауап берушінің, яғни жұмыс берушінің орналасқан жеріндегі аудандық (қалалық) сотқа беріледі. Алайда еңбек істері жөніндегі талап-арыз талап етушінің тұрғылықты жері бойынша да беріле береді.

Өтініштің дәлелі ретінде жеке еңбек келісім-шартын, еңбек кітапшасын, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару және жұмысшыға тәртіптік жаза қолдану бұйрықтарын (өкімдерін), еңбекақы туралы анықтаманы және басқа да сіздің жұмыс істегеніңізді, жұмыстан шыққаныңызды және еңбекақыңызды дәлелдейтін құжаттарды қоса тіркеу қажет.

Талап-арыздың үлгісімен аудандық немесе қалалық сотта таныса аласыз. Ең дұрысы, әрине, қорғаушы жалдау, алайда оны жалдауға кеткен шығындар тек сот шешімі сіздің пайдаңызға шешілгенде ғана өтелуі мүмкін.



Дау бойынша соттың шешім шығаруы. Соттың қорғауына жүгіне отырып, сіз бұзылған құқыңыздың қалпына келгеніне, сондай-ақ мәжбүрліктен жұмыстан қалған мерзімге орташа жалақының өтемін алатыныңызға сенуге болады.

Қызметкерді заңсыз жұмыстан шығарған жағдайда оның бұрынғы қызметіне қайта орналасуы немесе жұмыстан шығаруды заңсыз деп мойындаған кезде жұмыстан шығару тұжырымдамасын өзгертуі мүмкін.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.enbek.gov.kz/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты («Еңбекті қорғау» бөлімі);



2) www.defacto.kz/ - («Жұмыс» бөлімі);

3) www.e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталы («ақпараттық каталог», тақырыбы «Еңбек»).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жұмыстан заңсыз шығару», «жұмыстан заңсыз шығарса не істеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

83. Сізді тонап кетпеу үшін не істеу керек?
Әрқайсымызды, тіпті ұрлайтын түгім жоқ деп ойлайтын адамдардың өзін тонап, барлық заттарын ұрлап кетуі мүмкін. Ұрылар жүргіншілердің қолдарынан телефондарды, сөмкелерді, әмияндарды, пластик карталарын… қолдарынан дөрекі түрде тартып алады. Әрине, мұндай көше қылмысынан жүз пайыз сақтана алмайсыз, алайда төменгі кеңестерді қолданып, оны болдырмауға болады:

  • кешкі уақытта, мүмкіндігінше, өз туғандарыңызды күтіп, шығарып салыңыз;

  • көшеде ақша айырбастауға өтінген бейтаныс адамдарға сенбеңіз, олар осы әдісі арқылы сіздің әмияныңызда қанша ақша жатқанын тексергісі келген болуы мүмкін;

  • егер артыңызға біреудің түскенін сезсеңіз, жалт бұрылыңыз. Сөмкеңізді ұрлап, қашқысы келген ұры, қашқан уақытта «құрбаны» оның тек арқасын ғана көреді деп жоспарлайды;

  • егер алдыңызда күдік туғызған адамдар тобын көрсеңіз, онда көшенің келесі жағына өтіңіз немесе жүру бағытыңызды өзгертіп, адамдар көп жүретін жерге ауысып кетіңіз;

  • егер сізге осындай қауіп төніп тұрса, уақытыңызды босқа жібермей, полицияға хабарласыңыз. Кеш жасалған телефон хабарламасы тонаушыларды ұстау мен ұрланған заттардың қайтарылу мүмкіндігін төмендетеді.

Егер жүріп бара жатқан автокөліктің құрбаны болмайын десеңіз, үй жанындағы жүргінші жолы бойынан алыстау болыңыз, сонымен қатар, жүргінші жолында тұрған көліктерге тым жақын жүрмеңіз. Сөмкеңіз жүргінші жолдың қарсы бетінде, яғни жол сол жағында болса, онда сөмкеңіз оң жағында болуы керек. Кілт, құжат, ақша, телефондарды сөмкеде емес, өзіңізде ұстаңыз. Егер ішкі қалталарыңыз жоқ болса, онда белбеуге тағылатын жасырын сөмке қолдану керек немесе сөмкені иыққа сыртқы киімнің ішінен тағып алу қажет.

Егер автокөлігіңізді ұрлап кетсе, полицияны шақыртып, автокөлік туралы деректер мен белгілерді (әйнек, дөңгелек маркировкасын, қосымша жарықтарын және т.б.) айтыңыз. Полиция қызметкерлеріне тұрақ орнын, тонаушының болжамды бағытын көрсетіңіз. Тонау әрекеттерін көрген кезде, полиция жеткенше автокөліктегі заттарға тиіспеңіз, жоғалған заттар тізімін жасап, қылмыстық іс қозғау бойынша өтініш жазыңыз.

Егер төлқұжат немесе жеке куәлігіңіз ұрланса, полицияға барыңыз. Егер жылдамдатпасаңыз, онда тонаушы сіздің төлқұжатыңызды қолданып үлгеруі мүмкін. Мысалы, ол арқылы үлкен көлемде несие ала алады. Берілген өтініш негізінде, төлқұжатыңызға іздеу салынып, ол автоматты түрде жарамсыз болып есептеледі.

Егер пластик карта ұрланса. Картаға және онымен бірге сақталатын қағазға ешқашан Pin-кодты жазбаңыз. Осылай болса, картадағы ақшаны енді көрмейсіз. Банк және клиент арасындағы келісім шартта Pin-кодты қолдануға байланысты шаралар туралы пункт бойынша дауласу мүмкін емес.

Үйіңізді қарақшылар мен ұрылардан қалай қорғауға болады?

Есікке мықты құлып орнату. Есік шебердің 5 минуттық «қыспағына» шыдауы тиіс. Есік және құлып орнатуды кәсіби мамандарға тапсырған абзал, ірі және танымал компания болса, тіптен жақсы. Әйтпесе сапасына ешкім де жауап бермейді. Ең тиімдісі екі есік орнату қажет.

Пәтерге кіретін негізгі есікпен бірге қосымша «жол» терезені де сақтау керек. Әйнекторды тек 1, 2, 3 және соңғы қабаттар үшін ғана емес, сонымен қатар, әйнегі кіреберіс төбесіне, газ құбырлары және өрт сөндіру сатылары әйнекке жақын орналасқан пәтерлерге жасату керек.

Баспалдақ торы бойынша, көршілермен тіл табысуға тырысыңыз. Бірлесіп қорғануға ұсыныс жасаңыз. Егер бейтаныс қауіпті адамды көрсе, олар полицияны шақыртады. Немесе керісінше. Егер көршілер пәтерді жалға берсе, онда олармен танысуға әрекет жасаңыз.

Демалысқа кетпес бұрын, пәтеріңізді ойлаңыз. Егер ұзақ уақытқа кетпесеңіз, онда кіреберісте шам шағып қойыңыз. Ұрылар осыған қарап, үйде адамдардың бар-жоғын анықтайды. Пердені тартып қойған дұрыс. Егер газет жаздырып алсаңыз, онда сіз кетпей жатып оны әкеп тастауды сұраңыз. Ал көршілеріңізден сіздің пошта жәшігіңізден жарнама хабарландыруларын алып қоюын өтініңіз.

Өзін полиция немесе басқа да органның қызметкерімін деп таныстырып босағада тұрған бейтаныс адамға есік ашуға асықпаңыз. Аталған мекемеге хабарласып, осындай қызметкердің бар жоқтығын анықтап алыңыз. Егер сіздің жарығыңыз өшіп қалса, есіктен жүгіріп шығуға асықпаңыз. Көршіңізге хабарласып, мұның айла емес екеніне, оның да телефоны өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.

Егер сіз үйіңізге келген кезде, ұрылар сүйікті теледидарыңызды шығарып жатса, оларға қарсылық жасамаңыз. Өйткені ұрлық жасайтын адам өлтіруге де баруы мүмкін. Полицияны шақыртыңыз, өйткені бұл олардың жұмысы. Егер сіз бір орында отыра алмасаңыз, онда бәрін алыстан бақылаңыз. Осылайша сіз қарақшылардың бет-әлпеті мен белгілерін есіңізде сақтай аласыз әрі қауіпсіз жерде боласыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.protections.narod.ru/part/ograblkvart.html - «Ограбление квартиры» мақаласы;

2) www.ast.dvd.mvd.kz/ru/5.php?advice=1 - «Романтики» с большой дороги» мақаласы;

3) www.shkolazhizni.ru/archive/0/n-26583/ - «Как вести себя при уличном ограблении?» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тонаушылардан қорғану», «тонаушылар құрбаны болмау үшін не істеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

84. Сапасы төмен тауар сатып алғанда не істеу керек?
Тауар сатып алғанда абай болыңыз. Келесі жағдайларға назар аударыңыз:

  • тазалық жағдайы сақталмаған, осы мақсатқа арналмаған орында өндірілген және сатылған азық-түлік;

  • суыту жабдығы жоқ жерде (тоңазытқыш, мұздатқыш) сатылатын лезде бұзылатын азық-түлік;

  • сақтау және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, заттаңбасы жоқ азық-түлік;

  • орамасы зақымданған, көк татитын, жағымсыз иісі бар азық-түлік;

  • үй жағдайында дайындалған азық-түлік (оның ішінде консервіленген азық-түлік);

  • лас не зақымданған орамасы мен түбінде тұнбасы бар, бөтелкедегі су мен алкогольсіз сусындар;

  • Қазақстан Республикасында тіркелмеген және сертификаты жоқ дәрі-дәрмектер;

  • бояуы мардымсыз, өткір иісті, өткір не кескіш қыры бар, сәйкестік сертификаты және/немесе санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ балалар ойыншықтары;

  • өкшесі, ұлтарағы жоқ және өткір иісті балалар аяқ киімі.

Назар аударыңыз! Жаңа туған, бала-бақша не мектеп жасына дейінгі балалардың киімін синтетикалық талшықтардан жасауға ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН.

Төмендегі жағдайда дәрі-дәрмектерді сатып алғанда да, Сіз қауіп-қатерден сақтана алмайсыз:



  • арнайы орындардан тыс, қолдан (кездейсоқ сатушылардан) алғанда;

  • мемлекеттік лицензияның көшірмесі мен қосымша түріндегі ақпараты жоқ, анықтамалық фармацевтикалық қызметтің телефон нөмірлері мен фармацевтикалық бақылау басқармаларының (бөлімдері) телефондары мен мекен-жайы жоқ дәріханада;

  • сәйкестік сертификаты жоқ;

  • жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;

  • тауар сипаты мен өндірушісі көрсетілген заттаңбасы жоқ немесе заттаңбадағы ақпаратты оқу мүмкіндігі болмағанда;

  • зақымданған орамасы бар немесе тауардың өзі зақымданған немесе формасы өзгеше болған жағдайда;

  • әсіресе, дәрі-дәрмектердің қолдану және сақтау туралы нұсқаулығы жоқ болса;

  • емдеу-профилактика мекемелері дәрігерінен, стационарлы емдеудегі ауру адамдардан алғанда.

Сапасы төмен тауар сатып алсаңыз, не істеу керек?

Тауарды сатып алғанда:



  • есеп-шот чегін талап етіңіз және сақтаңыз;

  • тауар орамасын не тауардың бір бөлігін сақтап қойыңыз.

Осы шаралар сізге тауарды алмастыру не ақшаңызды қайтаруға құқық береді немесе сатушы не өндірушінің кінәсін дәлелдеу мен бұзылған құқықтарыңыздың болашақта қорғалуының кепілі болады.

Егер сіз тауарды сатып алғаннан кейін, оның қауіпті екендігін қолданудан кейін білсеңіз, онда өз таңдауыңызбен сатушы немесе өндірушіге шағымдану арқылы, тауардың сату бағасын төмендетуді, тауар кемшіліктерін тегін түрде жою немесе алмастыруды талап етуге құқылысыз.

Егер Сіздің заңды талаптарыңыз орындалмаса, онда сотқа жүгініңіз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар тұрып жатқан мекен-жай бойынша жасалады. Немесе жазбаша өтінішпен, есеп-шот чегі, тауар орамасын қоса тіркеп, аудандық/қалалық/облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына шағымдана аласыз немесе жергілікті Техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасынан шара қолдануды талап ете аласыз.

Сапасы төмен дәрі-дәрмек алған жағдайда, облыстық Фармацевтикалық бақылау басқармасына шағымдана аласыз.

Сондай-ақ, ішкі істер органдарына, қаржы полициясына шағымдана аласыз. Қолыңызда денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін сапасыз тауарды сатқан жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі өтінішіңіз болу керек.



Денсаулығыңыздың нашарлауы сатып алған тауармен байланысты болса не істеу керек?

Азық-түлік өнімі, не дәрі-дәрмекті қабылдаған кезде, денсаулығыңыз нашарлап кетсе, онда «103» телефоны арқылы жедел медициналық жәрдем көрсету қызметін шақырыңыз.

Туғандарыңызға тауар орамасын, тауарды, және чекті тапсырып, мәселені қарастырып, жауапты сатушы не өндірушіні жауапқа тарту үшін аталған органдарға өтінішпен шағымдануын сұраңыз.

Білген жөн (оқып шығыңыз):

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы 274-IV Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.potrebitel.kz – Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасының сайты;

2) www.erazamat.ucoz.kz/news/2008-12-24-289 - «Азбука потребителя. «Товар возврату и обмену не подлежит» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тауардың сапасы төмен болса», «сапасы төмен тауар сатып алсаңыз» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

85. Егер Сіз ұлтқа, жынысқа, дінге бөлушіліктің құрбаны болсаңыз не істеу керек?
Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет деп біледі, оның ең басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері. ҚР азаматының конституциялық және басқа да құқықтары мен еркіндіктеріне қарсы қылмыс жасау заң алдындағы жауапкершілікпен қарастырылған.

Егер кімде-кім тура немесе жанама түрде шыққан тегіңіз, әлеуметтік, лауазымдық немесе материалдық жағдайыңыз, жынысыңыз, тегіңіз, ұлтыңыз, тіліңіз, дінге қатысыңыз, сеніміңіз, тұрғылықты жеріңіз, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығыңыз жағынан немесе т.б жағдайға байланысты сіздің құқығыңыз бен еркіндігіңізді шектесе, ҚР қылмыстық Кодексі бойынша ондай тұлғаға екіжүзден бір мыңға дейінгі айлық есеп көрсеткіші бойынша айыппұл салынады (01.01.2011 жылдан 1 АЕК 1512 теңге) немесе сотталушы 2-5 айлық жалақысы немесе басқа да табысы көлемінде айыппұл төлейді немесе 3 айға қамауға алынады немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылады.

Егер Сізге қысым көрсетуші тұлға өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаса, немесе мұны қоғамдық бірлестік басшысы істесе – ол үшін бес жүзден екі жүз мыңға дейінгі айлық есеп көрсеткіші немесе 5-8 айлық жалақысы не басқа да табысы бойынша айыппұл төлейді немесе 6 айға дейін қамауға алынады немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылады, бұл жағдайда 3 жылға дейін ондай лауазымды атқаруға немесе ондай іспен айналысуға тыйым салынады немесе ол жаза қолданылмауы да мүмкін.

Қысым көрсетушіліктен қорғанудың негізгі тәсілі – сотқа жүгіну. Талап арызда сіздің құқығыңыздың бұзылуы немесе шектелуі туралы анық жазу керек. Сіз талап арызда өзіңіздің моралдық және физикалық зәбір көруіңізді көрсете отырып, моралдық зиян келтіру жөнінде өтемақы да талап ете аласыз.

Арызыңызда болған оқиғаның барлық деректері анық әрі ретімен жазылып көрсетілуі тиіс: уақыты, қылмыс болған орын, зәбір көрсетушінің әрекеті, оның сөздері мен пиғылы. Барлық дәлелдер мен дәйектемелерді түсінікті етіп жазуға тырысыңыз. Сіздің ісіңіз бойынша сізден немесе сіздің отбасыңыздың мүшелерінен не болып жатқанын естіген куәлар (жанама болса да) болса, тіпті дұрыс болады. Сіз полицияға – 101 телефоны арқылы, ал өз қалаңыздың ІІБ сенім телефонына (анықтама қызметінен біліп) хабарласа аласыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zonakz.net/blogs-respect.php - «Освещай, но не разжигай» мақаласы;

2)www.perspectiva-group.kz/docum/zakon/index.php?ELEMENT_ID=18 - «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңға сілтеме;

3)www.gfss.kz/ru/zakon/element.php?ELEMENT_ID=355 – Қазақстан Республикасының Конституциясына сілтеме.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «дискриминация», «дискриминация құрбаны болсаңыз» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

86. Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық - мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Қазақстанда да осындай мәселе орын алған. Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, тіпті өлтіру бойынша он мыңдаған оқиғалар тіркеледі.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз.

Қолданыстағы заңдар арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын-алуға болады.

Заң бұзушылықтардың негізгі жағдайларын жинақтап, сіздің және полиция әрекетін көрсетуге тырысайық:

Бірінші жағдай. Адам сізге байланысты әкімшілік заң бұзушылық пен қылмыс жасаған жоқ. Алайда өзінің әрекеттерін сіздің еркіңізге қарсы жүзеге асырады, сол арқылы өміріңізді қиындатады – сіздің рұқсатыңсыз жұмысыңызға келеді, жиі телефон арқылы хабарласып, мазаңызды алады, егер бөлек тұрсаңыз, қорқытып, соныңыздан жүріп, психологиялық әсер етеді және т.б.

Егер осылай болса, онда сіз полиция органдарының көмегіне жүгінуге құқылысыз. Оұқыңы органдарының көмегіне жүгіне аласыз. ы, іздің _________________________________________________________________________

Осындай жағдайда полицейлер құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізеді.

Егер бұл жеткіліксіз болса, онда ол адамды полицияға жеткізіп, оған қорғалу туралы нұсқама жазылады. Ол не? Қорғалу туралы нұсқаманың арқасында оған тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қарсы оны іздеуге, соңына түсуге, келуге, ауызша және телефон арқылы әңгімені жүргізуге, басқа да амалдарды қолданып байланыс жасауға тыйым салынады. Қорғалу нұсқамасының 10 күндік мерзімі бар. Мерзімі біткеннен кейін, сіздің шағымыңызға сәйкес, прокуратура оны 30 тәулікке дейін ұзарта алады. Осы шараларды полицейлер өздері жасайды. Сізден тек өтініш қана талап етіледі.

Қорғалу нұсқамасын бұзғаны үшін адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады (әкімшілік айыппұл, сот тарапынан заң бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою – оны іздеу, соңына түсу, жәбірленушіге келу, онымен ауызша және телефон арқылы әңгімелерді жүргізуге, басқа амалдарды қолданып, байланысқа түсуге, суық қаруды алу, оны сақтауға, өзімен бірге алып жүру мен қолдануға тыйым салынған). Мұндай тыйым бір жылдық мерзімге белгіленуі мүмкін.

Егер қорғалу нұсқамасы қайта бұзылатын болса, онда қатал әкімшілік жаза қолданылады (10 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл, немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу, сонымен қатар, заң бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою).

Ал егер осы нұсқаманы бұзуға әрекеттер тыйылмаса, онда адам қылмыстық жазаға тартылады (200 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл, 120-180 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылу немесе 4 айға қамауға алыну).

Екінші жағдай. Жәбірлеуші әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Ол күш көрсету, балағат сөздер айту, қорлау, кемсіту, үй шаруашылығындағы құралдарға зақым келтіру, басқа да азаматтарды, бірге отбасылық-тұрмыстық жағдайда өмір сүріп келе жатқан адамдарды сыйламау, қылмыстық жазалаушы әрекеттерін көрсетпей, белгілі бір пәтер не үй тұрғындарын мазалау арқылы көрініс табады.

Сіздің полицияға шағымыңыздан кейін, құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізіледі, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Егер сізге қауіп төніп тұрса, онда жәбірлеушіге қорғалу туралы нұсқама ұсынылады, оның жеткіліксіз негізін ескере отырып, жәбірленуші қауіпсіздігі үшін құқық бұзушы 48 сағатқа қамауға алынады (оны толықтай оқшаулау). Одан кейін оған әкімшілік жаза қолданылады (әкімшілік айыппұл, әкімшілік қамау, құқық бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою).



Үшінші жағдай. Жәбірлеуші қылмыс жасады. Яғни, дене жарақаттарын жасау, ұрып-соғу басқа да жәбірлеу әрекеттерін жасау арқылы физикалық және психологиялық қорлық жасау.

Бұл жағдайда, сіздің полицияға шағымыңыздан кейін, қылмыстық іс қозғалу керек. Заңға сәйкес күдіктіні 72 сағатқа қамауға алады. Жәбірленушінің қауіпсіздігі үшін күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылады (жол жүрмеу және тәртібі туралы қолхат, қамау, т.б.), ал егер қажет болса, қылмыс үдерісіне қатысқан тұлға қауіпсіздігі бойынша іс жүргізу шаралары қолданылады. Жазықты деп танылған тұлғаға сот шешімімен жаза қолданылады.

Егер жәбірленушіге қауіп төніп тұрса, ал қылмыстық жаза қолдану үшін біраз уақыт керек болса, онда ішкі істер органдары тарапынан қорғалу туралы нұсқама беріледі.

Төртінші жағдай. Азаматтық сот өндірісі шеңберінде жәбірленуші өз күшімен жәбірлеуші әрекеттерін тыюға тырысады. Ол нені білдіреді? Егер отбасы мүшесі сізге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсететін болса, онда сіз тікелей сотқа шағымдану арқылы оның сізге деген әрекеттерін тыя аласыз.

Есіңізге сала кетейік, әр тұлға (жәбірленуші, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұлға, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы басқа адамдар, сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алатын адамдар) жоғары мемлекеттік орган (қызметтік тұлға), прокуратура органдары мен сотқа бекітілген заңнамаға сәйкес жоғарыда аталған шаралар туралы шешім бойынша шағымдана алады.



Маңызды! Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, қиын өмірлік жағдайда өмір сүріп жатқан адам ретінде жергілікті атқарушы органға жазбаша шағымдана аласыз (әкімдік), арнайы әлеуметтік қызметтер (ақпараттық, құқықтық, психологиялық және т.б) ала аласыз. Бұл туралы толығырақ жергілікті еңбекпен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік органнан біле аласыз.

Білген жөн:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексі (144 бап);

2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (86-1және 355-1 баптары);

3) «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

4) «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

5) «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

6) 2009 жылдың 14 наурыз № 330 «Арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлем тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

7) «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 26-б бұйрығы (ҚР Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 25 ақпанда № 5566 тіркелген);

8) «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 5 мамырында жарық көрген нөміріндегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық - жеке бастың мәселесі емес» мақаласы - www.kazpravda.kz/c/1273028497/2010-05-05.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрмыстық зорлық-зомбылық», «тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

87. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жапа шеккендер не істеуі тиіс?
Құқық қорғау органдарының негізгі қызметі заң мен тәртіптің сақталуын қадағалау, қылмыспен күресу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Дегенмен, азаматтардың құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жапа шегетін жағдайлары да кездесіп жататыны белгілі жағдай.

Көптеген азаматтардың басында, әсіресе көп кездесетін жағдай қылмыс туралы арызды тіркеуден заңсыз бас тарту болып табылады. Әрі осы бас тартумен бірге жапа шеккен адам құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан да қысысм көреді. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғаудан заңсыз бас тарту және іс жүргізгенде кедергілер жасау жағдайлары да көп орын алады. Полиция қызметкерлерінің күдіктілерді немесе қылмыскерлерді ұстап алған кездерінде соққыға жығуы, жауап алу кезінде ғана емес, «жедел әңгімелесуде» де көрсетілетін психологиялық қысым және дене жарақаты сияқты жағайлар қалыпты оқиға болып кеткелі қашан. Осындай қысымды тек күдіктілер ғана емес, жапа шеккендер де, куәгерлерде көреді. Жалған дәлелдер келтіру және басқа да өрескел процессуалдық кемшіліктердің орын алуы да полицияның әдеттегі ісі болып кеткені жасырын емес.

Полициядан зардап шегетін азаматтардың санатын анықтап бөліп айту қиынға соғады. Өкінішке қарай, кез келген азамат – күдікті, куәгер, зардап шегуші, құқық қорғау органы қызметкерінің көзіне түсіп қалған кез келген өз жолымен кетіп бара жатқан адам өзіне қатысты осындай іс-әрекеттерге тап болуы мүмкін. Көбіне зардап шеккізу, соққыға жығу, қорлау фактілерін жапа шеккендердің өздері жазып жатады. Медициналық мекемелер дене жарақаты фактілерін жазып алады, дегенмен, зардап шегушіге кімнің дене жарақатын салғанын жасырып қалуға тырысады. Әрі азаматтардың көптеген бөлігі құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен көрген құқайын жасырып қалуға тырысады, өйткені құқық қорғау жүйесінің қайта маңынан жүргісі келмейді. Азаматтар өзін жан-жақты қорғалған тұлға ретінде сезіне алмайды және әділдікке жету мүмкіндігіне сенімін жоғалтады. Кінәлілерді жазалап, шеккен зиянының есесін қайтарып, әділдікке жететін адамдар ілуде біреу ғана кездеседі. Солай десек те, құқық қорғау органдарында істейтін кінәлілерді жауапқа тарту мүмкіндігі өте жоғары. Ол үшін жапа шеккен адамның әділдікке жетуге деген нық сенімі мен құқық қорғаушылар ұсынатын тиісті құқықтық көмек керек. Ынта мен құқықтық қолдау болса, кінәлілердің белсенді қарсы әрекетіне қарамастан құқық қорғау органдары қызметкерлерін жауапкершілікке тарту өте тиімді болуы әбден мүмкін.

Егер құқық қорғау органдарының қызметкерлері, соның ішінде прокуратура қызметкерлері сізге қатысты қандай да бір қылмыс жасаса немесе Сіздің арызыңыз бойынша шара қолданудан бас тартқан болса, өз құқығыңызды қорғау туралы өтінішіңізді ішкі істер органдарына, қаржы полициясына, ұлттық қауіпсіздік комитетіне, прокурорға немесе сотқа тапсыруыңыз керек.

Егер Сіз іс бойынша қабылданған процессуалдық шешіммен келіспейтін болсаңыз немесе егер сіздің жеке бас құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға прокурор, тергеу және жауап алу органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей зиянын тигізген болса, сотқа шағымдануға құқылысыз.

Арыз-талапты қылмыстық істі жүргізген орган орналасқан аудандық сотқа Сіз келіспейтін шешіммен танысқан сәттен бастап он бес тәулік ішінде немесе прокурордың өтінішті қанағаттандырудан бас тартуы туралы хабарламасын алған соң осындай мерзім ішінде немесе прокурорға берілген өтініш бойынша жауап келмегеніне он бес тәулік толған сәттен бастап бере аласыз.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.mvd.kz/ - ҚР Ішкі істер министрлігінің сайты;

2) www.supcourt.kz/ – ҚР Жоғарғы сотының сайты;

3) www.minjust.kz/ru/node/15899/ - «Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтеме.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «құқық қорғау органдарынан зәбір көрсеңіз», «құқығыңыз тапталып жатса» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

88. Мемлекеттік органдардағы жемқорлық әрекеттерінің куәсі болғанда не істеу керек?
Жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.

Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да, заң бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.



Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады?

  • Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу;

  • Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу;

  • Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу;

  • Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру;

  • Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету;

  • Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану;

  • Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету;

  • Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда);

  • Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу;

  • Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.

Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция жемқорлық заң бұзушылықтарды айқындау, тоқтату, ескеру және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартумен айналысады. Сіз аталған органдарға жемқорлық қылмысы мен әкімшілік заң бұзушылық жөнінде өтінішпен шағымдана аласыз. Белгіленген мерзім ішінде сіздің өтінішіңізге жазбаша жауап келеді, өтінішіңізді қарастырудың қорытындысы жария етіледі.

Есте сақтаңыз! Егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдем көрсететін болсаңыз, онда сізге қол сұғылмаушылыққа байланысты мынандай мемлекеттік кепілдіктер тағайындалады:

  • егер сіз жемқорлық заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлассаңыз немесе жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз – онда мемлекет қорғауында боласыз;

  • егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, онда сіз туралы жеке ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі, тек прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден қызметі, шекара полициясы мен соттың сұрау салуы бойынша ғана жария етіледі. Бұл ақпарат жария етілсе, заңда бекітілген жауапкершілікке тартылады;

  • егер Сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, қажет жағдайда, жемқорлықпен күресті жүргізіп жатқан органдар сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуі керек.

ҚР Экономикалық және сыбайластық жемқорлықпен күрес Агенттігінде жемқорлық фактілерін хабарлайтын тұлғаларды қорғау департаменті жұмыс жасайды. Қажет болса, тұлғаларды қорғау барысында құпия іс жүргізуге, олардың мекен-жайы, тегін, мен тіпті бет-әлпетін өзгертуге де мүмкіндік бар.

Жасалған жемқорлық заңбұзушылық жөнінде сіз Экономикалық қылмыстар мен жемқорлықпен күрес Департаментінің сенім телефоны - 144, сонымен қатар, әр мемлекеттік органдардағы сенім телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Жоғарыда аталған кепілдіктер жалған ақпарат берген тұлғаларға көрсетілмейді.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.zholpolice.kz/kk/corruption/responsibility/ - «Пара берушілердің жауапкершілігі» мақаласы;

2) www.finpol.kz – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сыбайлас жемқорлық», «жемқорлықпен күрес» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
89. Егер полиция сіздің құқық бұзушылық туралы өтінішіңізді қабылдаудан бас тартса не істеу керек?
Сіздің үйіңіздің кіреберісіне үнемі кіріп жүретін «нашақорға» болмаса өзінің музыкасымен Сіздің еркін демалуыңызға кедергі келтіретін көршіңізге арызданғыңыз келді. Сіз полицияға арызыңызбен келгенде, олар оны қарағысы келмеді. Бұл жағдайда не істеу керек?

Қылмыстық іздестіру органдары, оның ішінде полиция да кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс (заң бұзушылық) жайындағы хабарламаны немесе арызды қабылдап, тіркеп және қарастыруға міндетті. Яғни, егер сіз полиция қызметкеріне арыз немесе хабарлама тапсырсаңыз, ол оны қабылдап қарастыруға міндетті.

Арыз қабылдануы үшін оны дұрыс рәсімдеу қажет, дәлірек айтқанда: тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, мекен жайыңызды, байланыс құралыңызды көрсетіп, арызданып жатқан жағдайдың мән-жайын баяндауыңыз қажет.

Арызды өткізгеннен кейін, қолыңызда арыздың тіркелгендігінің дәлелі қалуы қажет. Бұл туралы өтініштерді есепке алу кітабындағы тіркеу нөмірі бар талон немесе сіздің қолыңызда қалған өтініштің көшірмесіне қабылдаған адамның қойған қолы куәландырады.

Полицияның өтінішіңізді қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Егер өтінішіңізді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ішкі істер органдарының қызметкерінің әрекетіне арыздануыңызға сөзсіз негіз бола алады. Қалалық, аудандық ішкі істер органдарының (полицияның) бөлімшелерінде «прокурор кабинетінде» деген атаумен прокуратура қызметкелерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Олардың міндеті қылмысы жасырудың алдын алу. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне байланысты арызбен сонда барыңыз.

Сіз одан да жоғары прокуротураға немесе сотқа бара аласыз. Қандай жағдайда да заң сіздің жағыңызда, сондықтан өз мүддеңізді қорғауға қорықпаңыз!



Пайдалы сілтемелер:

1) www.mvd.kz/_ - Ішкі істер министрлігінің сайты;

2) www.forum.zakon.kz/lofiversion/index.php/t1779.html - Қазақстандық құқықтық форум;

3) www.info-tses.kz/red/article.php?article=12323 – «Инфо-Цес» газетіндегі «Как достать полицейских своим заявлением?» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «полиция арызыңызды қабылдамаса», «полицияға арыз беру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

90. Жол-көлік оқиғасына ұшырап қалған жағдайда не істеу керек?
Әрине, мұндай апатты ешкімнің басына бермесін деп тілейміз. Әйтсе де, көлік оқиғалары айналамызда бұрынғыдан да жиі орын алып жатқанын бәріміз де байқап жүрміз. Тіпті кейде мұндай оқиғалар жол ережесін бұзбауға тырысатын, сақ адамдардың басына да түсіп жатады.

Егер Сіздің басыңызға дәл осындай жағдай тап келсе, яғни ЖКО-ға ұшырасаңыз:



  1. Тез арада көлікті тоқтатыңыз (тұрған орныңыздан қозғалмаңыз).

  2. Апаттық жарық дабылқаққышты қосып, апаттық тоқтау белгісін қойыңыз (жанып-өшіп тұратын қызыл фонарь).

  3. Жәбірленушілерге дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек көрсету шараларының мүмкіндігін қарастырыңыз.

  4. Жедел-жәрдем шақырыңыз (шұғыл жағдайда жәбірленушіні жолдағы көлікке салып жіберіңіз, егер мүмкіндік болса, өз көлігіңізбен жақын маңдағы емдеу мекемесіне апарыңыз, өз тегіңізді, көлік нөмірін жаздырып, жеке куәлігіңізді көрсетіп, оқиға орнына қайта оралыңыз)

  5. Ішкі істер органына хабарлаңыз (немесе ұялы телефоныңыздан 112 нөміріне хабар беріңіз)

  6. Оқиғаға куә болғандардың аты-жөндері мен мекен-жайларын жазып алып, ішкі істер органының қызметкерлерінің келуін күтіңіз.

  7. Егер басқа көліктердің қозғалуына мүмкіндік болмса, жүретін жолды босатыңыз.

  8. Жүретін жолды босату және жәбірленген адамды өз көлігіңізбен ауруханаға жеткізу қажет болған жағдайда, алдын ала куәлардың қатысуымен машинаның жағдайын, орналасуын, жол көлік оқиғасына қатысты заттарды белгілеп алыңыз. Олардың сақталуы үшін барлық мүмкіндікті қолдануыңызға тура келеді, сондықтан да оқиға орын алған жерді айналып өтуді қамтамасыз етуіңіз керек.

  9. Егер ЖКО барысында жәбір көрген адамдар болмаса, жүргізушілер өзара келісім нәтижесінде түсіністік тапса, алдын ала оқиға сызбасын құрастырып, жақын маңдағы жол полиция бекетіне не болмаса ішкі істер бөлімшесіне барып, оқиғаны рәсімдеп, қол қояды.

Сонымен, ЖКО-ға ұшырап қалған жағдайда салқынқандылықты сақтау аса маңызды екенін естен шығармаңыз. Ең бірінші кезекте полицияны, сақтандырушыларды, егер қажет болса, жедел жәрдемді шақыру керек.

Бұдан кейін, куәлардың координаттарын, апат орнын суретке (ең болмағанда ұялы телефонға) түсіру керек және жол полициясы қызметкерлерін күтіңіз. Олармен ақырын, асықпай сөйлесу керек. Бос қағаздарға, толтырылмаған хаттамаларға ешуақытта қол қоюға болмайды.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.emer.kz/survival/methods/index.php/ - төтенше жағдайлар кезінде аман қалу әрекеттері бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтар;

2) www.beregiavto.kz/forum/topic_28 - «Что делать при ДТП?» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жол-көлік оқиғасы», «жол-көлік оқиғасы орын алса» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

91. Кәмелеттік жасқа толмаған бала жоғалып кетсе не істеу керек?
Жазғы демалыс басталысымен ауылға ата-әжесіне жол тарпаған балалар қалада қалып, таңнан қара кешке дейін далада жүреді. Балаңызға жақсы көретіндігіңіз бен ол кешіксе уайымдайтыныңызды алдын ала түсіндіріп, айтып қойыңыз. Бала кешігіп жатса әрі одан хабар болмаса, сіз тынымсыз терезеден қайта-қайта қарап, балаңызды іздейсіз. Алайда уақыт өтіп жатыр, дала қараңғыланғана бастағанда ғана, сіз балам қайда екен деген сұраққа жауап іздеу әрекетін бастайсыз. Алдымен сіз оған «қазір, осыдан келсінші» деп ыза боласыз. Сосын «ең бастысы үйге аман-есен оралса екен» деп тілеп, оны кешіруге дайын боласыз.

Алайда баланы іздеуді бірден бастау керек. Бір сағатқа кешіксе болды, іздеуді кешіктірмеу керек. Үйіне баруы мүмкін таныстарыңыз бен туыстарыңызға хабарласуыңыз керек. Алайда өз үй телефоныңыз арқылы емес, көршінің телефонынан хабарласыңыз, өйткені үй телефонына баланың өзі хабарласуы не қайғылы оқиға хабарлануы мүмкін. Үй телефонының қасында біреуді қалдырып кетіңіз.

Алдымен сізге таныс орындарда балаңыздың бар-жоғын анықтаңыз. Мәйітхана, аурухана, тағы басқа осындай орындарға хабарласуға асықпаңыз: сізді адамдар түсінбей қалуы да мүмкін.

Мысалы, Астанада қайғылы оқиғаларды тіркеу Бюросына хабарласа аласыз (телефон нөмірін анықтама қызметі немесе ІІД сайтындағы телефонға хабарласып біле аласыз – http://www.ast.dvd.mvd.kz/). Бұл бөлімше қала бойынша жедел түрде ақпарат жинап, жоғалып кеткен туыстарын іздеп жүрген азаматтарға жауап беру үшін арнайы құрылған. Бюрода ақпарат үнемі жаңарып отырады, сондықтан күніне 2-3 рет хабарласу керек.

Ал балаңыз әлі де үйге оралмаса және барлық телефон шалуларыңыз нәтижесіз болса, үй телефонына бір кісіні кезекшелікке қойып, өзіңіз баланың жоғалуы жөніндегі өтінішіңізбен полицияға барыңыз. Өтінішке оның жоғалғанға дейінгі ең жақын уақытта түсірілген фотосын жабыстырып, бойы, салмағы, негізгі белгілері туралы ақпарат беріңіз.

Есте сақтаңыз! Осы шаралар бала жоғалып кеткен алғашқы сағаттарда жасалу керек.

Егер әлі де болса бала оралмаса, онда ресми іздестіруге қоса өзіңіздің іздестіруіңізді жасаңыз. Ол үшін балаңыздың бет-әлпеті толық көрінетін фотосы, жоғалып кеткен киімінің сипаттамасы бар хабарландыруларды жоғалған балаңыз жүруі мүмкін жерлерге жабыстырып шығыңыз. Хабарландыруларды неғұрлым көп жасасаңыз, онда соғұрлым оны адамдардың көру мүмкіндігі артады, Сонымен қатар, хабарландыруды интернетке де орналастырыңыз.

Одан кейін сіз балаңыздың фас, профиль, 3/4 бұрылып тұрған, толық бойымен түскен (оның мінезіне тән кейіпте), сонымен қатар жоғалған бала киген киімнің фотолары немесе суретінің (түрлі-түсті болғаны жақсы), жинағын жасаңыз. Егер фотолар ескі болса, онда фотограф көмегіне жүгініңіз. Осы фотоларға қоса баланы көрген азаматтарға немесе ұрыларға арналған мәтінді (орталық не кабельдік) телеарнаға апарыңыз. Фотосуреттер мен киім бейнесі не үшін керек? Егер арада үш тәулік өткенін ескерсек, сіздің балаңызды көрген адам түрлі фотоларға қарап, өзі мән берген киімдеріне көре отырып, есіне тез түсіре алады (зерттеушілердің айтуынша, бесінші тәуліктен соң адам ақпараттың 25% ғана есте сақтайды екен).

Уақыт өтіп жатыр, ал полициядан «іздеп жатырмыз» деген сөзден басқа нәтиже жоқ болса, және олардың іздестіру ісімен толық айналыспай жатқандығына сенімді болсаңыз, онда жоғары тұрған мекемеге шағым-өтініш жазып, істі бақылауға алуды талап ете аласыз. Және міндетті түрде, не істелмегенін, ненің жеткілікті дәрежеде жасалмағанын ашып көрсетіңіз.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.detki.kz/kids/karapuz/poterya/ - «Ребенок потерялся» мақаласы;

2) www.dulat.kz/book_shkola_vyjivaniya.shtml - «Школа выживания, или 56 способов защитить ребенка от преступления» мақаласы;

3)www.ug.zanmedia.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1886:2010-08-25-05-15-32&catid=61:1&Itemid=5 – «Алгоритм поиска» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «балаңыз жоғалып кетсе», «бала жоғалса не істеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


92. Көршілеріңіз шулап, түнде тыныштық бермесе не істеу керек?
Сіз пәтер сатып аласыз, уақыт өте келе ол үйде тұруға мүмкін еместігіне көз жеткізе бастайсыз. Терезе астында футбол ойналып, көршілеріңіз қатты музыка тыңдайды, астыңғы қабатта иттің ұлығаны естіледі.

Шу ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Біріншісіне музыкалық құралдар, тұрмыстық музыкалық аппаратура, адам мен жануарлардың дауысы жатады. Ал сыртқы шуға автокөліктің гуілі мен дыбыстық белгілер, мекемеден тыс жұмыс жасап жатқан агрегаттар дауысы мен тағы басқалар жатады.

Шулы көршілерді сабасына түсіру оңай емес, алайда олармен сөйлесіп көруге болады.

Тыныштық орнату бойынша жұмыс мына кезеңдерден тұрады.

1. Егер көршіңіз түнде шулап, ұйқы бермесе, шулауды тоқтатуын (телефон арқылы) өтіну, куәгерлердің (көршілер) көзінше жағдайды түсіндіру.

2. Егер нәтиже болмаса, онда жергілікті полиция бөлімшесіне (телефоны сізде міндетті түрде керек) хабарлама жіберу.

3. Полиция жасағы айналадағы адамдарды сыйлау керектігі жөнінде түсіндіру шараларын өткізеді. Тұрғын үй орын-жайларды пайдалану ережелерін сақтамау бойынша хаттама жасалады, одан соң хаттама әкімшілік комиссияға жолданады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлік жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (333-бап. Тыныштықты бұзу).

4. Алайда, полиция жасағы кеткеннен кейін де, өз дегендерін жасайтын көршілер музыкаға қайта басады. Полиция келетін күні тынышталып, ал олар кеткенде, жағдай қайтадан қайталанып отыратын оқиғалар көп. Осындай жағдайда көршілердің әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылады. Ондай жағдайда қоғамдық тәртіпті бұзу мен азаматтардың тыныштығы туралы акт жасалады. Аталған құжатқа көршілес пәтер тұрғындары қол қояды. 2 пәтер тұрғынының қолы жеткілікті.

5. Акт құрастырумен қатар, қоғамнық тәртіп бұзушылықтың уақыты мен орны жазылған арыз дайындау керек.

6. Арыз бен актіні шақыртумен келген полиция жасағына тапсыру.

7. Полиция қызметкерлері өз кезегінде, қоғамдық тәртіп бұзушылық туралы хаттаманы толтыруы керек.

8. Егер көршіңіздің «өш» алу ниетінен қорықсаңыз, полицияға өтінішіңізді жеткізе аласыз. Ондай жағдайда көршіңізге қорғау ұйғарымы шығарылады. Ол не? Ол арқылы көршіңізге сіздің өз еркіңізден тыс қарсы кездесу, қудалау, іздеу, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынады. Қорғау ұйғарымы он күнге жасалады. Осы уақыттан кейін сіздің өтінішіңіз бойынша прокурор рұқсатымен оны тағы 30 тәулікке ұзартуға болады. Оның бәрін полицейлер өздері жасайды. Сізден тек өтініш қана қажет.

9. Балама шаралар ретінде дыбыстық оқшаулау шарасын ұйымдастыру керек.



Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 қаңтар N 155 Кодексі (330 бап «Ұсақ бұзақылық», 333 бап «Тыныштықты бұзу»).



Пайдалы сілтемелер:

www.base.spinform.ru/show.fwx?Regnom=1156 - әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «көршіңіз түнде маза бермесе», «түнде шулап, маза бермеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


93. Ұялы телефоныңыз ұрланса не істеу керек?
Біреуге хабарласу мақсатында, қалтаңызға қолыңызды салып, ұялы телефоныңызды іздей бастасаңыз, ол орнында болмай шықты. Ұялы телефоныңызды қай жерге қойғаныңызды еске түсіріп, басқа жерлерді қарап шығасыз. Алайда ол іс-түссіз жоқ болып кетті. Жоғалған телефонды табудың мүмкіндігі бар.

Көпшілігіміз осындай бір сәтті өмірімізде бастан өткерген шығармыз. Алайда осындай жағдайда ұялы телефонды қайтару үшін не істеу керек екендігін бәрі бірдей білмейді. Дабыра етпесеңіз (паника), оны қайтару мүмкін екен.



Біріншісі. Ұялы телефоныңыз ұрланса, алдымен жылдам өзіңіздің ұялы байланыс операторымен хабарласу керек. Ол сіздің ұрланған телефоныңыздағы SIM-картаны істен шығару үшін, яғни қаскүнемге сіздің есепшотыңыздағы ақшаңызды жұмсауға жол бермеу үшін керек.

Егер сіз сыртқы қоңырауларға шектеу жасасаңыз, онда өзіңіздің есепшотыңыздың сол күйінде қалатынына сенімді боласыз. Сосын өз нөміріңізге хабарласуыңыз керек.

Алайда әр үш минут сайын хабарласу ыңғайсыздық тудырады, сондықтан, осындай шаралар қолдану керек.

1) ұялы телефоны бар танысыңызды тауып алыңыз;

2) оның телефонында SMS-хабарландыруларды жеткізу жөнінде есеп беру қызметінің бар-жоғын анықтаңыз;

3) танысыңыздан нөміріңізге хабарландыру жіберуін және хабарландыру жеткізу туралы есеп беру қызметін қолдануды сұраңыз.

4) Сіздің телефоныңыз қосылған кезде танысыңыздың телефонында хабарламаның жеткізілуі туралы мәлімет шығады. Одан кейін ол сізге хабарласып, телефоныңыздың жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды;

5) одан кейін хабарласып телефоннан жауап беруін күтіңіз.



Екіншісі. Оқиға болған жерде жазбаша өтінішпен ішкі істер органына (ІІБ) шағымдануыңызға болады. Неғұрлым жылдамдатсаңыз, соғұрлым полицейлердің жұмысы жемісті болады. ІІБ-ге шағымданған кезде, болған оқиғаның мән-жайын (орнын, уақытын, себеп-салдарын) ашып айтыңыз, қылмыскердің белгілерін айтып беріңіз.

Үшіншісі. Өтінішке сай телефон құжаттарының көшірмесі болу керек (ұялы телефонның IMEI-коды, сериялық нөмірі, телефон құжаты көрсетілген кепілдік талоны беріледі).

Анықтама: телефонның IMEI-коды – ол сериялық нөмір, 15 саннан тұрады және телефон, кепілдік талоны, телефон қорабында көрсетіледі.

Төртіншісі. Егер, ішкі істер органына өтініш беріліп, бір ай көлемінде телефоныңыз табылмаса, онда сізден ұрланған телефонның IMEI-коды туралы мәліметтің www.mvd.kz сайтында бар-жоқтығын қарап, телефоныңыз іздестіріліп жатқанын тексеріңіз.

Адамдар телефонды жоғалтып алу менің басыма келмейді деп ойлауы мүмкін, ал ондай жағдай бола қалса, адырап қалатынымыз шындық. Сондықтан сіздің назарыңызға келесі ұсыныстарды ұсынамыз.



Пайдалы кеңестер:

  • Күдік тудыратын жерлерден және құжатсыз (криминалды болуы мүмкін) телефондарды алмаңыз. Осылайша сіз қылмыстық жолмен табылған заттың өтуіне жәрдемдесесіз. Ондай зат сізден бәрібір тәркіленеді, сонымен қатар, сізге оны алу фактісі бойынша түсініктеме беруге тура келеді. Ақшалай өтемақының да болмайтыны түсінікті.

  • Ұялы телефон алғанда, қорабы мен құжаттарын сақтап қойыңыз. Ал қорапта бірегей IMEI-кодтың болуын ескеріңіз.

  • Құжаттағы IMEI-кодты шын мәніндегісімен салыстырыңыз. Ол үшін телефоныңызда *#06# теріңіз, дисплейіңізде IMEI-код шығып тұрады. Бұл код кепілдік талоны мен телефон қорабындағы кодпен сәйкестігін тексеріңіз.

  • Егер телефоныңызда сәлемдемені редакторлау мүмкіндігі (телефонның қосқанда шығатын бетті өзгертудің мүмкіндігі) болса, онда «Егер сіз осы телефонды тауып алсаңыз, онда мына телефонға хабарласыңыз (Сіздің байланыс телефоныңыз), сыйақы беріледі» немесе – «Менің телефоным - XXX-XX-XX"деген жазуды жазып қойыңыз. Ондай жазуды телефон ішіндегі батарея астына орналастыруға болады.

  • Далада тауып алған телефонды қайтару-қайтармау сіздің моральдік-этикалық қасиеттеріңізге байланысты. Алайда ұрланған телефонды сатып алғандағыдай, мұнда да мәселелер туындау мүмкін.

  • Егер сіздің телефоныңызда керекті ақпарат сақталса, онда компьютер не ноутбукта оның резервтік көшірмесін жасаңыз. Телефонда құпия ақпаратты сақтамаңыз немесе барынша қауіпсіздік сақтау шараларын қолданыңыз.

  • Ең бастысы - ұрлау қаупі бар жерлерде, әсіресе адам көп жүретін көлікте, кезекте абай болыңыз.

Пайдалы сілтемелер

http://www.mvd.kz/index.php?p=phone – Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі (мәзірдегі «Криминалды телефон» бөлігі, ұрланған және криминалды телефондар базасы.)

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ұялы телефоныңыз ұрланса», «ұрланған ұялы телефонды іздеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

VIII ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
94. Сел мен су тасқыны кезінде не істеу керек?
Су тасқыны, негізінен жиі немесе ұзақ жауған жаңбырдан, қар мен мұздардың тез еруінен; теңіз суының тез еріп, жағалаулар мен өзен салаларына қалыптағыдан тым көп мөлшерде ағуынан; су қоймалары мен бөгендерді судың бұзып кету жағдайларынан, табиғи және жеке адамдардың кінәсінен де туындап жатады.

Мұз құрсаулары мен тау өзендерінің сағасынан шығуы кезінде ғана су тасқыны бір мезетте өтуі мүмкін. Ал басқа жағдайларда су басу қаупінің алдын алуға немесе дер кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік бар.

Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты болады. Жергілікті жер жағдайын, күн райының ерекшеліктерін және тарихын білген жағдайда су басу қаупін, оның қандай жерлерге дейін жететінін дәл тауып болжау қиын емес. Сонымен қатар гидрологиялық болжамдарға даүнемі назар аударып отыру қажет.

Егер сіз өзіңізді жекелеген қаупсіздік шараларымен қамтамасыз еткіңіз келсе:



  • Су толқынының бірінші соққысында-ақ құлап қалмайтын, мықты баспаналар мен жайлар тұрғызуыңыз;

  • Барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйретуіңіз;

  • Жеке қайығыңыздың болуы (дұрысы екеу: біреуі-кәдімгі, ал екіншісі-үрлемелі);

  • Жақын маңдағы ең биік нүктемен таныс болуыңыз;

  • Жақындап келе жатқан апат жөнінде хабар беру жолдары мен тәсілдерін білуіңіз керек.

Егер сіз су басу аймағында қалған болсаңыз:

  • Үйдегі газ, электр көздерін және суды өшіру; жанып тұрған пешті сөндіру;

  • Үйдегі қымбат әрі бағалы заттар мен бұйымдарды жоғарғы қабатқа немесе шатырға шығару;

  • Терезелер сынбау үшін және үйге қалқып жүрген қоқыстар кірмеу үшін бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтаймен немесе фанермен мықтап шегелеп жабу;

  • Үй жануарлары тұрған қоралардың есігіндегі ілгектерді ашып қою керек.

Су тасқыны аяқ астынан болған жағдайда, ең алдымен жылы әрі су өткізбейтін киім, көрпе, тамақ алыңыз және тұрғылықты жердің тарихында ешқашан су алмаған биік жерге шығыңыз. Егер ондай жер жоқ болса, онда қайықты және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрселерді дайындаңыз.

Су тасқыны басылған соң үзілген немесе салбырап тұрған электр сымдарынан, бүлінген газ құбырларынан сақтану керек. Үйге кірмес бұрын оның су екпінінен кейін қандай жағдайда екенін білу қажет, құлауға шақ тұрған үйге кіру-қауіпті. Тасқын судан тауып алынған тамақтарды және сол судың өзін де пайдалануға болмайды.



Сел – бұл қысқа мерзімді, лай мен тас араласқан, таулы жерлерде болатын су тасқыны. Олар еріген қар мен мұздың, жауын-шашынның салдарынан тау өзендерінің тасуы негізінде болады. Қазақстанның таулы аймақтарындағы сел тасқындары жылдың жылы мезгілдерінде (мамыр-қыркүйек) болады.

Сел тасқынының биіктігі 10-20 метрге дейін барады. (жекелеген жағдайларда 40-50 метрге дейін жетеді), жылдамдығы тау өзендерінің жылдамдығына жақын (3-5 м/с артық). Сел тасқынынан аман қалу мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алу шараларына үлкен мән беріледі.



Сел қаупінің белгілері:

  • Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы;

  • Ауа температурасының тез әрі ұзақ уақыт жылы болуының салдарынан таудағы көлдердін суға толып, сел қаупі бар өзендердің тасуы;

  • Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бетінде өзен дамбысын бұзатын қуыстың (воронка) пайда болуы.

  • Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі.

Жақын қалған және міндетті түрде болатын сел басу қаупінің белгілері:

  • Теңіз-мұздақты кешендерде су жиналуын дәлелдейтін, сел қаупі бар арналарда судың тоқтап қалуы немесе бірден азаюы;

  • Сел қаупі бар арналардың жоғарғы жағында селге тән дауыс- гуілдің пайда болуы;

  • Селмен бірге төмен құлдилаған тастардың әсерінен жердің дірілдеуі;

  • Селдің алғашқы толқынынан пайда болған лас шаңнан тұратын бұлт пайда болуы;

  • Сел алдында жауатын таза емес, лай жауын.

Сел қаупі бар ауданда өзіңді қалай ұстау керек:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарламаларын үнемі тыңдап отыру;

  • сел қаупі бар аймақтың жоғарғы бассейнінде үздіксіз нөсер жаңбыр жауса, қауіпті аймақтан кету;

  • жылжып келе жатқан сел ағынына 50-70 м-ден жақын бармау;

  • жартастар мен тік жарлардың жанына жақын тұрмау, сел жүру кезіндегі жердің дірілінен тас немесе жартас құлауы мүмкін;

  • сел қаупі бар арналарда жүргенде адамдардың арасы 20-30 м. аралықтың болуы;

  • сел қаупі бар арналарға жақын жерлерге, өзен дамбыларына немесе олардың астына дем алуға, шатырлық лагерлер орнатуға болмайды;

  • сел басу белгілерін байқаған жағдайда тез арада қауіпті жерден аулаққа, биік тау қатпарларына кету;

  • сел жүріп кеткен соң оның арнасына түспеу, артынан тағы бір сел толқыны болуы мүмкін;

  • сел жүріп өткен арнаға түскенде және онымен жүріп келе жатқанда аса сақ болу, әсіресе сел жырып кеткен жерлер өте қауіпті;

  • теңіз-мұздақты кешендерге сел қаупі жоқ кезде ғана, дұрысы жылдың ең суық кезінде барып, оның үстінде жүрген дұрыс;

  • көлдегі дамбылармен, мұз кесектерімен немесе қар көшкінінің бетімен, келесі бетке өтуге талпынбау.

Пайдалы сілтемелер:

www.emer.kz/survival/povedenye_pry_chs/index.php/ - «Төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау» жөніндегі тұрғындарға арналған жаднамалар.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сел», «су тасқыны» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

95. Аптап ыстықта өзіңізді қалай ұстау керек?
Аптап ыстықта адамның дене температурасы 37,1ºС-ден жоғары немесе 38,8ºС болады. Бұл денсаулыққа қауіпті. Адамның жылулық шекті күйі ұзақ уақыт бойғы және қатты ысу кезінде пайда болады, нәтижесінде күн өтіп, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Адамның ысып кетуі мынадай белгілерден байқалады: терінің қызаруы, кілегей қабықшаларының құрғауы, шөл. Адам есінен танып, тынысы тарылып, жүрегі тоқтауы мүмкін.

Құрғақшылыққа (аптап ыстыққа) қалай дайындалуға болады? Қосымша су құюға арналған ыдыстар алып, оларды суға толтырып қойыңыз. Аптап ыстыққа арналған киім, тұрмыстық электр құралдарын (желдеткіштер, кондиционерлер) дайындап қойыңыз. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – онда бастырма, сәкі, құдық жасаңыз, терезеге қалың перделер іліңіз. Мүмкіндігінше, электртұрмыстық құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін автономды электрэнергия көзін сатып алыңыз. Суды ысырапсыз пайдаланыңыз. Аптап ыстық кезінде өзіңіз шара қолдана біліңіз және отбасы мүшелеріне үйретіп қойыңыз.

Құрғақшылық кезінде не істеу керек? (аптап ыстықта). Жоғары температураның әсер етуінен сақтаныңыз. Ашық түсті ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған), басыңызға міндетті түрде баскиім киіп жүру керек. Есіңізде болсын, күнге күйген теріден тер бөлінбейді және ол салқындатылмайды. Асықпай жүріңіз, негізінен көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра не басқа алкогольді сусын түрлерін ішпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайын нашарлатады. Аптап ыстық кезінде сізге қосымша тұз қолдану бойынша дәрігермен кеңесіңіз. Жылу әсер етсе, көлеңкеге немесе желге шығыңыз, душқа түсіп, асықпай көп мөлшерде су ішіңіз. Күн өтуден сақтану үшін денеңізді суытуға тырысыңыз. Егер қасыңыздағы адамдардың бірі есінен танып қалса, онда көмек көрсетіңіз (жүрегін уқалап, қолдан тыныс алу жасаңыз).

Егер сіз күн ыстықта жұмыс жасасаңыз. Кондиционер астында отыруға болмайды. Кеңсеге терлеп кірген бойда кондиционер астына барып отырсаңыз, кем дегенде мұрныңыз пысылдауы мүмкін, әйтпесе, радикулит пен пневмонияға шалдығасыз. Тіпті ең ыстық деген күннің өзінде кондиционерді 18 градустан төмен түсіруге болмайды. Ең тиімдісі – дала мен ғимарат ішіндегі температура айырмашылығының 10 градустай болғаны.

Көп жұмыс істеуге болмайды. Көп адамның демалысты жазда алатыны бекер емес. Өйткені ыстықта жұмыс жасау ыңғайсыз. Ауа температурасының 26 градустан әрі қарай әр градусқа жоғарылауы адамның жұмыс жасау қабілетін шамамен 10 пайызға төмендететіні дәлелденген.



Қоғамдық көліктерге мүмкіндігінше мінбеуге тырысу керек. Жабық кеңістікте оттегінің жетіспеушілігі байқалады. Нәтижесінде адам есінен танып, басы айналады, гипертониялық күйзеліс жағдайлары болуы мүмкін. Сондай-ақ ыстықта, қысқы суыққа қарағанда түрлі жұқпалы аурулар тез тарайды.

Егер Сіз автокөлік жүргізушісі болсаңыз. Жолға өзіңізбен бірге салқындатылған сусындар алып жүру керек. Дене ысып, өзіңізді нашар сезінсеңіз, онда көлеңкеге тоқтап, демалып алыңыз.

Автокөліктен шығып, далада жүре тұрыңыз, сол уақытта көлігіңіздің барлық терезелерін ашып қойыңыз. Өзіңізді жақсы сезінгеннен кейін ғана көлік айдауды жалғастырыңыз. Балаларды ешқашан жабық көлікте қалдырмаңыз.

Жолда қолайсыз жағдайларға тап болмайын десеңіз, мынадай кеңестерді есте сақтаңыз: көлікте салқындатқыш немесе климат-бақылау болса, оны ағзаңызға суық тигізбейтіндей ысырапсыз пайдаланыңыз, саяжайға немесе қала сыртына демалуға шығыңыз, аптап ыстықта мойынға дымқыл орамал тағып алуға да болады, ысып кетсеңіз онда су алдына тоқтап, қолыңызды шынтағыңызға дейін салқын сумен жуыңыз, жеңілденесіз, көлікті көлеңкеге қойыңыз, қозғалтқыштың салқындауын қадағалаңыз, ең бастысы – таза радиатор; антифриздің температурасы термометр сызығының қызыл сызығынан аспауын үнемі қадағалаңыз.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.emer.kz/survival/behaviour/zasuha.php/ - «Засуха и сильная жара» мақаласы;

2) www.lookinfo.net/2007/06/10/kak_pravilno_vesti_sebja_v_zharu.html - «Как правильно вести себя в жару» мақаласы;

3) www.live4speed.ru/intresting/post/36 - «Как правильно вести себя в жару в автомобиле» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «аптап ыстық», «аптап ыстық кезінде не істеу керек» және т.б. кілт сөзді теру керек.

96. Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?
Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Көбінесе адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде тіпті туысы, танысы немесе досына көмек көрсете алмай жатады.

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.

Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.

Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз. Саусақтарыңызды кеңірдек пен мойын бұлшық етінің ортасына қойып, тамыр соғысын байқау үшін аздап батырыңқыраңыз.

Қолдан немесе аяқтан қан ағатын (капилярлық немесе тамырлық) болса, зақымданған жерді таза дәкемен қаттырақ байлаңыз (бастырып байлау) немесе лейкопластырьдың көмегімен мақта-дәкеден бірнеше қабат етіп жасалған тампон қойыңыз. Алайда жарақатты өте қатты байлап тастауға да болмайды (қан жүрмей, мүше көгеріп қалуы да мүмкін). Бастырып байлау кішірек артериялардың қанауын тоқтатады.

Артериялық қанау кезінде артерияны қолмен басып тұрады, қан тоқтатушы жгут көмегімен немесе қолды не аяқты бүгу арқылы тоқтатады. Артерияны қолмен немесе жұдырықпен басқан кезде қан бірден шамамен 10-15 минутқа тоқтап қалады, содан соң қол шаршап, қысым әлсірей бастайды. Сондықтан артериядағы қан тоқтай салысымен қан тоқтатушы жгутты пайдаланыңыз. Жгутты жалаңаш денеге байлауға болмайды. Адам терісі қатпарланбай, тегіс болуы керек, жгут байланатын жерді орамалмен немесе дәкемен ораңыз. Жгутты аяқ немесе қолдың астынан алып, үстіне қарай байлаңыз, алғашқы екі байламды қатты етіп, үшіншісін тартпай сәл ғана байлаңыз. Егер қан тоқтамаса, жгутты алып, қайтадан одан да жоғарырақ жерден байлаңыз. Байлауыңыздың қаттылығы қанды тоқтатуға болатындай, бірақ мүлдем қан жүргізбей тастамайтындай болуы керек. Жгутты байлап болған соң жгут салынған уақыт, құтқарушының аты-жөні, лауазымы жазылған қағаз қыстырып қоюды ұмытпаңыз. Жгут әдетте 1,5 - 2 сағатқа ғана, ал суық күндері 0,5 - 1 сағатқа қойылады. Ал әрбір 30 - 60 минут сайын жгутты босатып отыру керек, яғни бірнеше минутқа босатып, сол кезде жгуттың жоғарғы жағынан саусақпен басып отыру керек, жгут тұрған жердегі ізге ақырын ғана массаж жасау керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды.

Фабрикалық жгут болмаған жағдайда оны қолда бар нәрсемен (резина түтік, галстук, белдік, белбеу, орамал, бинт және т.б.) алмастыруға болады, тек сым темірді қолданбаңыз.



«Ауыздан ауызға» тәсілімен өкпеге жасанды түрде ауа жіберу:

1) Оң қолыңызбен аурудың иегінен, саусақтарыңыз оның жағын ашатындай астыңғы ернін төмен тартып ұстаңыз;

2) Сол қолыңызбен мұрнын қысып, аурудың басын артқа қарай шалқайта ұстаңыз және осы қалыпта дем жібергенше ұстаңыз;

3) Еріндеріңізді аурудың ерніне қатты басып, оның ішіне қарай қатты дем шығарып, үрлеңіз. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет.

Екінші рет үрлегеніңіз нәтижесіз болса, бірден жүректің тұсына массаж жасауға кірісу керек.

Жүрек тұсына массаж жасау. Жасанды демалдырудың алдында басты артқа шалқайту арқылы жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.


  1. Иықтың астына орама қою (киімдерден оралған);

  2. Саусақты матамен орап алып, аурудың аузын ұйыған қан, сілекей және басқа да заттардан (сынған тіс, тіс протездері) тазартыңыз. Алақаныңызды бас бармағыңыз аурудың иегіне немесе ішіне қарап тұратындай етіп орналастырыңыз;

  3. Салмағыңыз кеудеге түсетіндей етіп орналасыңыз да қолыңызды тік ұстап, жүрек тұсына массаж жасауды бастаңыз; аурудың кеудесін 3-4 см-ге дейін салмағыңызбен басып, көтеріңіз, минутына 80–100 рет жиілікте жасай беріңіз;

  4. Әрбір келесі басуды тек кеуде қуысы орнына келген соң ғана жүзеге асыру қажет.

Жан сақтауға қатысушы адамдар қанша болса да, кеуде қуысын басу мен үрлеудің ең тиімді қатынасы 30х2 болуы тиіс.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.emer.kz/survival/methods/index.php/ - төтенше жағдайлар кезінде аман қалу әрекеттері бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтар;

2) www.1st-aid.ru - «Правила оказания первой медицинской помощи» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «алғашқы медициналық көмек», «алғашқы медициналық көмек көрсету» және т.б. кілт сөзді сөздерді теру керек.

97. Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары
Қыс мезгілінде жолға шығар алдында ауа-райы болжаушылардың хабарын тыңдап, ауа-райы өзгерістерін ескеріңіз. Жолға шығар алдында ауа-райын біліп алыңыз. Боран адамдардың өміріне өте қауіпті.

Қарлы бұрқасынға автокөлікпен тап болған кезде көлікті тоқтатыңыз, тоқтаған жеріңізді ашық түсті матамен белгілеңіз. Автокөліктің жалюзиін толығымен жауып қойыңыз, қозғалтқышты радиатор жағынан жабыңыз. Көлікті желге қаратып орналастырыңыз. Жанармайды үнемдеңіз, пешті үздіксіз қоспаңыз. Автокөліктің қар астында қалу қаупі туындағанда сіздің салон ішінде қамалып қоймауыңыз үшін есіктердің бірін белгілі бір уақыт сайын ашып, жиналған қарды итеріп тұрыңыз. Қар астында қалған автокөлікте қатты жаурасаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде бөлініп шығатын газдар автокөліктің салонына жиналады, ол сіздің өміріңізге ең сұрапыл аяздан да қауіпті.

Кез келген жүргізушіге қыста қажет болатын заттар мыналар: терезе жууға арналған қатпайтын сұйықтық – бұл сұйықтықты қысқы дөңгелекке ауысқаннан бастап өзіңізбен бірге алып жүру керек; шынжырлар сізге қалың қардан шығуыңызға көмектеседі. Қалың қардан шыққаннан кейін оларды алып тастаған дұрыс, өйтпеген жағдайда дөңгелекке зақым келтіруі мүмкін; шығыр немесе сапер күрекшесі – екеуі де сіздің қардан шығуыңызға көмектеседі; жылы көрпе, аяқ киім және басқа да киімдер жылынуыңызға септігін тигізеді.

Егер жылынғыңыз келсе сыртқа шығып, түтін шығатын түтікшенің алдын газ көліктің астына емес ауаға тарап кететіндей етіп қардан тазартыңыз. Шығар алдында беліңізді жіппен байлап алыңыз. Өйткені, адам өзінің үйінен немесе көлігінен шыққанда қарлы боранның салдарынан бағытынан адасып, сенделіп мерт болған оқиғалар көптеп кездеседі.

Егер Сіздің көлігіңіз жолда өшіп қалса, саспаңыз, бағытыңызды, тұрған орныңызды, елдімекенге дейінгі қашықтықты және сол сияқты жайларды байқаңыз. Егер сіз көмек күтпек болып шешсеңіз ұйықтамауға тырысыңыз. Одан әрі жүруге шешім қабылдасаңыз жолдың жиегімен жүріп отырыңыз, өйткені онда қар аз болады және бағытты ұстауға көмектеседі.

Тәжірибе көрсеткендей бірінші адамның беті, қолы, аяғы үсиді. Санаулы минуттар ішінде қатты үсік шалуы мүмкін. Көбіне үсу байқалмай қалады. Сондықтан құлақтың, мұрынның, иек, бет ұштарының аяқ астынан ағара бастағанын байқасаңыз жаныңыздағы адамдарға бұл туралы айтыңыз.

Егер сіз қатты боранда жаяу қалсаңыз, қар басқан айдалада қардан қорғаныш жасауға еш мүмкіндік болмаған жағдайда, биік, мықты тұрған заттың ығына тығылып, қарды тоқтаусыз жан-жаққа лақтырып, аяқ астындағы қарды таптап тұру керек. Осылай біртіндеп бораннан жіңішке ор- қорғаныш пайда болады.

Қиын жағдайда құрғақ қардың астына түгелдей кіруге болады, ол үшін жылы киімдерді киіп, арқаңызды желге қаратып, полиэтилен пленканы немесе ұйықтайтын қапшықты жамылып, қолыңызға ұзын таяқ алып өзіңізді қардың жабуына мүмкіндік беру керек. Бұл жағдайда, кез-келген уақытта қардың құрсауынан шығып кету үшін қармен толтырылған ауа кіретін тесікті таяқпен үлкейтіп отыру керек.

Боранды тұрған күйде күтуге болмайды. Ерте ме кеш пе бағыттан айырылып, шаршайсыз, ал демалуға отырғанда үсіп қалуыңыз мүмкін.

Қар-қорғанышқа отырар алдында бағытты біліп, анықтап алу керек. Егер сіз ашық жерде болсаңыз, аяқ астына елді мекенді бағыттайтындай етіп тірек тастаңыз, бұл кейін қарды қазып бағытты анықтау үшін қажет. Мұндай белгіні қар қорғаныштың ішіне де тастауға болады.



Есте сақтаңыз: қарлы боран кезінде биік қарлы үйінділердің себебінен жергілікті жер сыртқы көрінісін өзгертуі мүмкін, егер сіз бағытты алдын ала біліп алмасаңыз, кейін білу қиынға соғады.

Пайдалы кеңестер:

www.emer.kz/survival/povedenye_pry_chs/index.php/ - «Төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау» жөніндегі тұрғындарға жаднамалар;

Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қар көшкіні», «қар көшкіні кезіндегі іс-қимыл» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

98. Улы газбен уланғанда не істеу керек?
Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.

Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес.



Улы газ дем арқылы ішке кеткенде:

  • қанның оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді;

  • миға орны толмас зақым келтіруі мүмкін;

  • жүрек ауруы бар адамдардың кеуде тұсы ауыруы немесе жүрек қысылуы мүмкін.

Улану белгілері:

  1. бұлшық еттердің әлсіреуі;

  2. бас айналу;

  3. құлақ шуылы;

  4. жүрек айну;

  5. құсу;

  6. ұйқы келу; кейде, керісінше, аз уақытқа белсенділіктің артуы; соңынан, жүру тепе-теңдігінің жоғалуы, теңселу;

  7. сандырақтау;

  8. елес қуу (галлюцинация);

  9. есінен тану;

  10. талу;

  11. кома және тыныс алу орталығының семуінен болған өлім. Тыныс алу тоқтағаннан кейін де жүрек біраз уақыт соғып тұруы мүмкін. Кейде адамдардың осындай уланудан кейін 2-3 аптадан соң ғана қайтыс болғаны туралы жағдайлар да болған.

Улы газбен уланғанда улы газдың келуін тоқтатыңыз; жапа шегушіні таза ауаға шығарыңыз; жатқызыңыз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз (газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондиционер қосыңыз);

Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз және жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жасанды демалдырыңыз.



Есіңізде болсын, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығару кезінде, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді, өзіңіз уланып қалмауды ойлаңыз. Ол үшін тез қимылдау керек және қол орамал немесе дәкемен мұрынды байлап алу керек.

Ең көп тараған көздері — бұл газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбыр. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның жеткіліксіздігінен де үй ішіне улы газ жиналып қалуы мүмкін. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улы газбен улану қаупі күшейе түседі.

Улы газбен улануды болдырмау үшін:

  • ешқашан, тіпті, есіктері ашық болса да, қозғалтқышы қосулы машинаны гаражда қалдырмаңыз;

  • генераторды ешқашан үйде, гаражда, жертөледе (подвал) қоспаңыз. Ашық құрған терезе, есік немесе желдеткіш үйдегі улы газды ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ.

  • генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;

  • ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;

  • ешқашан білмей, дағдыланбай және құралсыз от жаққыш құралдарды орнатпаңыз және қолданбаңыз;

  • ешқашан газ плитасын, пісіру шкафын немесе кептіру құралын бөлмені жылыту мақсатында қолданбаңыз;

  • ешқашан пісіру шкафының түбіне фольганы қоймаңыз, себебі ол газдың қалыпты жануына кедергі келтіреді;

  • ешқашан желдетілмейтін газ құрылғысын жабық бөлмеде немесе жатын бөлмеде пайдаланбаңыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.emer.kz/survival/methods/index.php - төтенше жағдайлар кезінде аман қалу әрекеттері бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтар;



2) www.polismed.ru/f-a-gaz-intoxic-post001.html/ - «Первая помощь при отравлении угарным или бытовым газом» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «газбен улану», «газбен уланбау үшін не істеу керек» және т.б. кілтті сөздерді теру керек.

99. Пәтеріңізде өрт басталса не істеу керек?

Пәтеріңізде өрт ұшқын алғанда сіздің жасайтын қадамдарыңыз:


  • Табадағы май жанған кезде оның бетін қақпақпен тығыздап жауып, пешті өшіріңіз. Табадағы қызып тұрған майға суық су құюға болмайды, өйткені май жан-жаққа шашырап, өрт шығып, я болмаса бет–аузыңызды, қолыңызды күйдіріп алуыңыз мүмкін.

  • Егер пәтерде изоляцияның жағымсыз күйген исі шықса, ортақ электр сөндіргіш автоматты өшіріп, пәтерді тоқтан ажырату керек.

  • Электр желісіне қосылған құралды сумен сөндіруге болмайды!

Теледидар, мұздатқыш үтіктен өрт шыққанда – пәтерді тоқтан ажыратып, сымды тоқсұққыштан (розетка) суыру керек.

  • Егер жану жаңа басталса, тоқтан ажыратылған үтікті (теледидарды) жүн жамылғымен, тығыз матамен жауып, шет-шетінен ауа өтпейтіндей қымтау керек.

  • Тоқтан ажыратылған теледидардағы шағын отқа су құюға болады, бірақ кинескоптың атылу мүмкіндігін ескере отырып, оның арт жағына не жанына қарай шығыңыз.

  • Жанып жатқан электр құралы кернеуде тұрған болса, отты өшіруге су пайдалануға болмайды, ал кішкене жанып жатқан бөлігін ас немесе кальцийлі соданы, құмды, үй өсімдіктерінің астындағы топырақты себу арқылы өшіруге ұмтылу керек. 1000 В-қа дейінгі кернеуде тұрған электр құралына ұнтақ немесе көмірқышқыл газы бар өртсөндіргішті қолдануға болады.

Пәтерде өрт болса:


  • Өртті байқаған сәттен-ақ, өртке қарсы қызметті шақырыңыз. Мұны қауіпсіз жерде тұрып, көрші пәтерден немесе көше таксафонынан, ұялы телефоннан іске асырған абзал. «101» нөмірін теріп:

  • өрт орын алған мекен-жайды;

  • нақты ненің (теледидар, жиһаз, автокөлік) жанып жатқанын:

  • өз тегіңіз бен телефондарыңызды;

  • егер диспетчер сұраса: үй, подъезд, пәтер нөмірін, қай қабатта жанып жатқанын, ғимаратта қанша қабат бар екенін, қай жақтан келген ыңғайлы болатынын, кіреберіс есіктің кодын, адамдарға төнген қауіптің бар-жоқтығын нақтылап айтыңыз.

Телефонмен нақты және байыпты сөйлеңіз, асықпаңыз. Сіз өрт жайлы айтып жатқан кезден бастап, өртке қарсы команда дабыл бойынша жиналып, шығып келе жататыны есіңізде болсын (құтқарушыларға барлық қажетті мәліметтерді рация арқылы хабарлайды).

Егер өрт түтіні мен жалыны пәтерден сыртқа шығуға мүмкіндік берсе:

  • Оттан тезірек қашыңыз; ештеңені іздеп не жинап әуре болмаңыз. Ғимараттан шығып бара жатып, шамаңыз келгенше барлығына хабар беруге тырысыңыз.

  • Егер мүмкіндік болса, газды жауып, баспалдақ торында орналасатын электр қалқанындағы кернеуді өшіру арқылы пәтерді тоқтан ажыратып кетіңіз.

  • ешқашан лифтіні пайдаланбаңыз.

  • шығар есікке төрттағандап немесе еңбектеп жетіңіз, өйткені еденге жақын жерде ауа температурасы төмен және онда оттегі көбірек болады. Соның өзінде басыңызды еденнен 30 см биікте ұстау керек екенін ұмытпаңыз, себебі одан төменде ауыр улағыш газдар, жанғыш заттардың жиынтығы, улы газ қабаттары жайғасады.

  • жолай артыңыздағы есікті нығыздап жабуды ұмытпаңыз, бұл оттың жолын бөгеуге көмектеседі.

  • егер түтін көп болса, тамақты жыбырлатып, көзді жасауратса – тыныс жолдарыңызды қалың матамен жауып, сол арқылы дем алып, сыртқа шығыңыз.

Егер көрші орын-жайлардағы түтін және өрт жалыны сыртқа шығуға мүмкіндік бермейтін болса:


  • үрейленіп, дүрбелеңге (паникаға) салынбаңыз.

  • «101» нөміріне хабарласыңыз. Диспетчерге өзіңіздің қайда екеніңізді және шығуға мүмкіндігіңіз жоқ екенін түсіндіріңіз.

  • егер сіз көпқабатты үйде тұратын болсаңыз, шатырға шығу мүмкіндігін немесе өрт баспалдақтары арқылы төмен түсуді ойластырыңыз, тіпті көршілердің балкон, лоджиялары арқылы өтуді де қарастырған жөн.

  • егер шығуға мүмкіндік болмаса, түтін мен жалыннан қорғану үшін өз пәтеріңізді герметизациялауды ойластырыңыз. Ол үшін кіретін есікті мықтап жауып, орамал, көрпе, кез келген матаны сулап, сыртқы есіктің ішкі жағынан саңылауларды бітеңіз. Сырттан түтін кірмеу, ауа тартпау үшін терезелерді жауып, ас үйдегі, ванна, дәретхана бөлмелеріндегі ауа саңылауларын бітеу керек.

  • ванна мен легендерді сумен толтырып, есік, еден, сүрткіштерді сулаңыз.

  • терезе жаққа жақындап, сол маңда болуға тырысыңыз, себебі адамдардың назарын өзіңізге аударуыңыз керек.

  • адамдардың назарын аудару үшін, айқайлау міндетті емес, терезеге үлкен ашық түсті мата ілу, түнде фонарь арқылы белгі беруге де болады.

  • егер ашпауға болмайтын жағдай орын алмаса (қысылу, тұншығу, естен айрылу) терезені сындыру, ашу қажет емес, себебі сіздің өрт өткізбеу үшін жасаған қамалыңыз бұзылады да, орын-жай тез арада түтінге толып, тіпті ашық тұрған терезенің өзінде дем алу мүмкін бомай қалады. Тартылыс әсерінен түтінмен бірге бөлмеге жалын да тез кіреді.

  • егер пәтерде балкон немесе лоджия бар болса, артыңыздан есікті қатты жауып, тезірек солай баруға ұмтылыңыз. Адамдар назарын өзіңізге аударуға тырысып бағыңыз.

Абзалы, өрт сөндірушілерді күткен дұрыс, олар көп жағдайда бірнеше минуттардан соң-ақ келеді.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.emer.kz/survival/methods/index.phpHYPERLINK "http://www.emer.kz/survival/methods/index.php/"/ - төтенше жағдайлар кезінде аман қалу әрекеттері бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтар;

2) www.faqlife.ru/advice/206/ - «Что делать при пожаре? Советы» мақаласы;

3) www.shkolazhizni.ru/archive/0/n-3692/ «Как вести себя при пожаре?» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пәтердегі өрт», «өрт басталса не істеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

IX ТАРАУ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ
100. Отбасы бюджетін қалай сақтауға және арттыруға болады?
Әрқайсымыз және өзгелер жиі айтатын шағымның бірі – ақшаның жетіспеушілігі. Шағымның айтылуы кірістің көлеміне байланысты емес. Қаржыны пайдалана білу – отбасы өмірінде ең маңызды іс.

Егер сіз отбасыңыздағы қаржы мәселелерін ретке келтіремін десеңіз, онда отбасыңыздағы барлық табысты, яғни барлық жалақы төлемін анықтаңыз. Отбасылық шығындар төрт бапқа бөлінеді.



Міндетті шығындар: бұл коммуналдық қызмет үшін төлем, оқу, балабақша ақысы, міндетті есеп шот төлемдері және т.б. Бұл негізгі және үздіксіз қайталанып тұратын бап.

Негізгі шығындар: бұл азық-түлік, дәрі-дәрмек, курстарға бару, үйірмелер, киім-кешек, көлік, телефон, интернет, үй шаруашылығын жүргізу тәрізді күнделікті шығындар және т.б. Азық-түлікті бір аптаға алып қоюға болады. Осындай жағдайда ақша азырақ жұмсалады әрі ып, шығындарды бақылау оңайлайды.

Жинақ ақша: мұнда шұғыл жағдайларға бағытталған ақша жинақталады: мысалы, жөндеу, демалыс не ірі сатып алулар.

Еркін шығындар: бұл демалуға, сыйлыққа, қонақтарды күтуге арналған ақша.

Отбасы шығындарының барлығын аталған төрт бөлімге кіргізуге болады.

Сіздің отбасыңызда ақша қалай жұмсалатынын түсіну үшін, бюджет құрып, ай сайынғы шығындарды анықтап көріңіз. Табыстар мен шығындарды 4-6 ай бұрын жоспарлауыңыз керек. Нәтижесінде жарты жылдан кейін ақшаңыздың қайда кеткенін нақты білетін боласыз.

Ескерту. Шығынға арналған ақша көлемінен асып кетпеуге тырысыңыз.

Оған қоса, жедел нұсқаны қолдана аласыз. Жалақының үлкен бөлігін (70%) шеткері алыстау орынға салып қойыңыз. Ал әмияндағы ақша мың теңгеден аспауы керек. Әмиянда белгілі мөлшердегі ақша жатқан кезде, дүкеннен (онсыз да өмір сүруге болатын) «аса қажетті зат» алуға мүмкіндік болмайды. Әрине, салып қойған ақшаңызды жұмсауға тура келетін жағдайлар бар. Алайда қанша алсаңыз да, сонша қайтару керек екенін естен шығармаңыз. Ақша салынған қағазға санды азайтып көрсетудің қажеті жоқ. Алайда келесі жалақы есебінен жетіспей тұрған ақшаны қайта қосып қою керек.

Тағы бір әдіс: әр табыстан 10%-ды бөліп алып жинаңыз, оны ешкім, ешқайда жұмсамауы керек. Осы арқылы бір жылда үлкен көлемде ақша жинауға болады.

Әдетте, жанұялар қаржы мәселесінде жиі қайталанатын қателер жасайды.

Олардың бірі – табыс бойынша нақты көрініс, шығындар туралы келісімнің жоқтығы, ерлі-зайыптылардың бұл мәселеге назар аудармауы, ақшаны ыңғайсыз тақырып деп есептеу жағдайы.

Отбасындағы екінші мәселе – шығындар, сатып алулар мен төлемдер кезегін реттей алмау. Отбасы мүшелері бәрін бір мезетте алғысы келеді, алайда ақыры ең маңыздысына да қол жеткізе алмайды.

Сонымен қатар, алдын-ала жоспарлауға мән бермесеңіз, уақытында ақшаны салып қойып, керек нәрсені жеңілдікпен немесе көтерме бағамен сатып ала алмай қаласыз.

Естен шығарып алмаңыз! Жоспарлау барысында отбасының әр мүшесінде ақша болу керек. Оларды ол өз еркімен жұмсай алады, өз шығындары бойынша басқаларға есеп бермейді. Бұл үлкен көлемдегі ақша болмай-ақ қойсын, алайда бұл балаларды кішкентай кезінен ақша ұстауға үйренеді. Ал ересектер әрқашан бір-бірлеріне құрмет көрсетіп, сыйлық жасай алады, ақшасыз қалу қаупі туындамайды.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.4konverta.com – «4 конверт» жеке қаржы жүйесі туралы сайт;

2) www.fingramota.kz/budget/family-budget/ - «Семейный бюджет и домашние финансы» мақаласы;

3)www.prodengi.kz/publikacii/sostavlenie_semejnogo_byudzheta_7_prostyh_i_dejstvennyh_shem/ - «Составление семейного бюджета - 7 простых и действенных схем» мақаласы.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «отбасы бюджеті», «отбасы бюджетін жүргізу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.




жүктеу 4,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау