ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ӘлЕуметтік жұмысты құқықтық
қамсыздандыру
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
3 кредит (135 сағат)
Қарағанды 2016
АЛҒЫ СӨЗ
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігімен әзірленді.
Типтік оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпы міндетті жоғарғы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 тамыз 2012ж. №1080 қаулысымен қарастырған және толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, бекітілгенен 13 мамыр 2016ж. №292.
Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 маусым 2016ж. № 2 хаттамасымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.
ТҮСІНІК ХАТ
«Әлеуметтік жұмыстарды құқықтық қамсыздандыру» пәнін оқытудың тапсырмалары және негізгі мақсаттары тәлімгерлерді әлеуметтік жұмыстар облысындағы құқықтық білімдермен таныстырылу болып табылады. Негізгі бағдар адам және азаматтардың әлеуметтік құқықтары және бостандықтары, әлеуметтік кепілдіктер жүйесі, әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды бұзғандығы үшін азаматтардың жауапкершіліктері, отбасы мен зейнетақылық заңдылықтардың негізіне және т.б. сұрақтарға арналған.
Осыған байланысты әлеуметтік факультет түлектері өздерінің бірінші еңбекке араласу жолында әлеуметтік қамсыздандыру облысындағы құқықтық қатынастармен ұшырасады, сондықтан да «Әлеуметтік жұмыстарды құқықтық қамсыздандыру» пәні әлеуметтік құрылымда бағыт-бағдар беруге көмегін тигізеді және тәлімгерлер үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық құжаттарға қатысты азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары, көп балалы аналарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, қария адамдарға әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтарды оқып үйренуде көңіл бөлулері қажет.
Басты назарды жасөспірімдердің құқықтары және мүдделерін қорғаумен зейнетақымен қамсыздандыру облысындағы әлеуметтік жұмыстарға аудару қажет.
Сондықтан да «Әлеуметтік жұмыстарды құқықтық қамсыздандыру» курсы бойынша барлық материалдарды толық меңгеру үшін осы пәнмен тығыз байланысқан өзге де пәндерді оқып үйрену қажет.
Оларға мыналарды атауға болады: Мемлекет және құқық негіздері; Конституциялық құқық негіздері; Азаматтық құқық негіздері; Отбасы құқығының негіздері; Еңбек құқығының негіздері және Қазақстан Республикасының әлеуметтік заңдылықтары.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№
|
Тақырып атаулары
|
|
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының түсінігі.
|
|
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
|
|
Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қарым - қатынастардың түсінігі және түрлері.
|
|
Қазақстан Республикасының конституциясы және халықаралық құжаттардағы адам мен азаматтардың әлеуметтік құқықтары және бостан-дықтары туралы.
|
|
Азаматтардың денсаулығын қорғау құқығы.
|
|
Азаматтардың білім алу құқығы.
|
|
Әлеуметтік кепілдіктер жүйесі.
|
|
Тұрғындардың мүддесін әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік кепілдіктері.
|
|
Қазақстан Республикасындағы экологиялық келеңсіз жағдайлар салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету.
|
|
Әлеуметтік жәрдемақы.
|
|
Ай сайын азаматтарға мемлекеттік бюджеттен берілетін әлеуметтік көмек
|
|
Азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы үшін жауапкершілік
|
|
Отбасы заңдылығының негіздері.
|
|
Балалардың негізгі құқықтары және міндеттері.
|
|
Ата- аналық құқықты шектеу және жою.
|
|
Қорғаншы және қамқоршылық.
|
|
Жүктілікке, балалы болу мен бала күтіміне байланысты берілетін демалыс
|
|
Тұлғалардың әлеуметтік қызмет көрсе-ту мен әлеуметтік қамсыздандырылу құқығын қорғауды және мемлекеттік қорғауларын реттейтін нормативті- құқықтық құжаттар
|
|
Әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативті- құқықтық құжаттар түсінігі және түрлері.
|
|
Жасөспірімдер, зейнеткерлер мен мүгедектердің құқықтарың қорғау.
|
|
Жасөспіпімдердің құқығын қорғау
|
|
Зейнеткерлер құқығын қорғау. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы.
|
|
Мүгедектердің құқықтарың қорғау.
|
|
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды еңбекке орналастырудың құқықтық сұрақтары.
|
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Аталған пәнді оқып үйренудің әдістері және объектілері туралы мағұлымат, өзге пәндер арасындағы орнымен ғылым ретіндегі рөлін мазмұндайды.
Үкіметтің бүгінгі күндегі негізгі мақсаты және көмегі – нашар қамтылған тұрғындар қабатынан әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады. Осы бағытта Үкімет органдары бюджеттен қаржыландырылатын мекеме жұмыскерлері мен қызметкерлеріне уақытылы жалақы, зейнетақы және жәрдемақыларды төлеуді қамтамасыз ету, жұмыспен қамтамасыз етуді барынша мол қамту, барлық жүзеге асырылуға тиісті жеңілдіктерді ақшалай өтемақылармен алмастыру кедейліктің ең төменгі көлемінде өмір сүретіндерге мемлекеттік мекен-жайлық көмек көрсету, әлеуметтік көмек көрсетудің бірыңғай орталықтарын құру, жеңілдіктер мен әлеуметтік жәрдемақылардың әлемдік дәрежедегі санын қысқартып, оларды жергілікті шаралар мен мүмкүндіктерге тиісті аймақтық дәрежеде жүзеге асыруды қолға алу, сондай-ақ, жұмыскерлер мен қызметкерлердің өндірістегі бақытсыздық оқиғаларынан міндеті сақтандыруларын енгізіп қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады.
Дәрістер мен тәжірибе сабақтарын өткізуде оқытушылар ғылыми негіздерге объективтілікке жүгінуге тырысуы қажет.
«Әлеуметтік жұмыстарды құқықтық қамсыздандыру» пәні, оқу пәні ретінде әлеуметтік педагогика (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша жоғарғы білімді мамандарды дайындауда басты рөл атқарады
Бұл пән Қазақстан Республикасында да өзге ғылымдар арасында ерекше орын алады. Біздің мемлекетіміз аталған пәнімізді ғылым ретіндегі орнын анықтауда әлеуметтік салада заңның қолдану аясын қамтамасыз ету өзектілігін айқын анықтай отырып заңның денсаулық сақтау, білім беру саласында, зейнетақымен қамсыздандыру және жасөспірімдердің еңбек ету саласында құқықтарын қорғауда қолдануларына ерекше көңіл аударған.
Бұл типтік оқу бағдарлама жалпы міндеті мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні және негізгі функциялары. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, негізгі белгілері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы әдісінің ерекшеліктері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі және оның түсінігі.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қарым - қатынастардың түсінігі және түрлері.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қарым - қатынастардың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарының субъектілері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарының объектілері. Құқықтық қатынас мазмұны. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары. Әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асырудың жалпылығы, әмбебаптылығы және жиынтығы. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық - ұйымдық нысандары. Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғаудың ара қатынасы.
Қазақстан Республикасының конституциясы және халықаралық құжаттардағы адам мен азаматтардың әлеуметтік құқықтары және бостандықтары туралы.
Азаматтардың денсаулығын қорғау құқығы.
Адам құқықтарының жалпы декларациясы. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет -қатысушыларының зейнетақымен қамсыздандыру облысындағы азаматтардың кепілдік құқықтары туралы» келісімі, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет –қатысушыларының ішкі істер органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі және мемлекеттік сақтандыру туралы» келісім. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздан-дырумен әлеуметтік қорғану конституциялық құқығы: еңбек ақысымен зейнетақы ең төменгі мөлшері, асыраушасынан айрылу және өзгеде заңдық негіздерге байланысты құқықтар. Азаматтардың денсаулық сақтау құқығы. Азаматтардың денсаулықты қорғаудағы мемлекет саясатының қағидалары. Азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы мемлекеттік органдар құзыреті. Азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың құзыреті. Денсаулық сақтауды қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің жағдай жасау жауапкершілігі. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Медици-налық көмек түрлері. Азаматтарға дәрі-дәрмектік көмек.
Протездік-ортопедиялық көмек. Азаматтардың меди-циналық көмек алу құқығы. Азаматтардың экологиялық, санитарлық-эпидемиялық тазалық құқығы. Азаматтар денсаулығының жағдайы туралы ақпарат алу құқығы. Ананың денсаулық сақтау құқығы. Балалардың денсаулық сақтау құқығы. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау құқығы және міндеттері.
Азаматтардың білім алу құқығы.
Білім алу түсінігі. Білім беру заңдылығының негізгі қайнар көзі. Білім алудың нысандары. Білім алудағы мемлекеттік кепілдіктер. Білім беру мекемелердің негізгі типтері. Білім беру мекемелердің міндеттері. Заңмен қаралған жағдайда білім алудың тегін және жалпыға бірдейлігі мемлекеттік кепілдіктер. I және II топтағы мүгедектер, жетім балалардың конкурсыз оқуға тіркелуі. Білім беру мекемесінің Жарғысымен бекітілген оқышулардың құқықтары мен міндеттері. Жасөспі-рімдердің қосымша білім алу саласындағы құқығы. Мүгедек балалардың үйде білім алуға құқығы.
Әлеуметтік кепілдіктер жүйесі.
Тұрғындардың мүддесін әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік кепілдіктері.
Әлеуметтік кепілдіктердің құрылымы, түрлері және субъектілері. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау кепіл-діктерін жүзеге асыру механизмі. Қаржы полициясы органының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғау кепілдіктері. Елшілік қызмет персоналын әлеуметтік қорғау кепілдіктері. Дене шынықтыру және спорт облысындағы әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер. Мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау өлшемдері. Авариялық-құтқару қызметін ұйым-дастыру және құтқарушылардың құқықтық, әлеуметтік кепілдіктері. Прокуратура қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету. Ішкі істер органдары қызметкерлері және зейнеткерлерін әлеуметтік қорғау кепілдіктері. Кеден органдарының лауазымды адамдарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Жедел – іздестіру қызметі субъектілерін әлеуметтік және құқықтық қорғау. әскери қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдіктері.
Қазақстан Республикасындағы эколо-гиялық келеңсіз жағдайлар салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтарға ұшыраған территориялардың классифи-кациясы. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар категориясы. Жеңілдіктер және өтемақылар. Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету. әйелдерге, балаларға және жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына берілетін қосымша жеңілдіктер мен өтемдер. Экологиялық апат және дағдарыс салдарынан зардап шеккен азамат-тардың статусы. Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету. Экологиялық апат және дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар. Экологиялық апат аймақтарынан көшкен азаматтарға берілетін жеңілдіктер мен өтем ақылар.
Әлеуметтік жәрдем ақы.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы түсінігі. Жәрдемақыны тағайындау шарты. Жәрдемақы алу құқығы. Еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау шарты. Екі бірдей ата-анасын (тұл жетімдер) ата-анасынан айрылған оқитын балаларға жәрдемақы беру. Жәрдемақы тағайындалған кезең. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы мөлшері.
Бір жолғы жәрдемақы түсінігі және олардың түрлері. Бала тууға байланысты бір жолғы жәрдеамықы. Жәрдемақының мөлшері. Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы алу құқығы. Жәрдемақы төлеудің кезеңі. Жүктілігі және босануына байланысты жәрдемақы төлеуге кедергі жасайтын мән-жайлар.
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақының түсінігі. Жәрдемақы тағайындаудың негізгі шарттары. Жәрдемақы төлеудің мерзімдері. Отбасы мүшесінің науқастану және оны күтуге қажеттілік туған кез үшін демалыс алуға байланысты жәрдемақы төлеу. Анаға баланың науқастануына байланысты жәрдемақы. Жәрдемақы төлеуге кедергі жасайтын мән-жайлар.
Ай сайын азаматтарға мемлекеттік бюджеттен берілетін әлеуметтік көмек.
Мекен-жайлық әлеуметтік көмек түсінігі. Мекен-жайлық әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу. Әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастар. Мекен – жайлық әлеуметтік көмек алу құқығы. Мекен-жайлық әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуге кедергі болатын мән-жайлар.
Мекен –жайлық әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасау қажетті құжаттар. Құжаттарды қарайтын мерзім және өкілді орган. Отбасы құрамы түсінігі. Тұлғаның жиынтық табысы (отбасында). Мекен –жайлық әлеуметтік көмек мөлшері.
Тұрғын үйлік жәрдемақы түсінігі. Жәрдемақы алу құқығы. Тұрғын үйлік жәрдемақы төлеуге кедергі жасайтын мән- жайлар. Некені бұзу және тұрғын үйлік жәрдем ақы.
Азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
Кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету көлемін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік. Зейнетақымен қамсыздандыру заңдылығын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік. Денсаулық сақтау сферасындағы қылмыстық жауап-кершілік.
ОТБАСЫ ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.
Балалардың негізгі құқықтары және міндеттері.
Балалар мүддесін қорғаудағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары. Бала құқығы декларациясы. Бала құқығы туралы конвенция. Қазақстан Респубдликасының «Неке (жұбайлық) және отбасы туралы» кодексі. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Баланың ата - аналары мен туысқан-дарымен қатысу құқығы. Баланың пікір білдіру құқығы. Баланың есім алу, тегі және әкесінің тегін алу құқығы. Баланың мүліктік құқығы. Баланың ата- анасының қатыгездігінен қорғану құқығы. Баланың білім алуға құқығы. Баланың денсаулық сақтау құқығы. Ата- ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқығы. Мүгедек бала құқығы. Баланың құқығын және заңды мүдделерін қорғау. Балалар үйінде жетім балаларды және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жіберу тәртібі. Балалардың міндеттері. Балаларды тәрбиелеуге байла-нысты дауларды шешудегі соттардың заңдарды қолдануы.
Ата- аналық құқықты шектеу және жою.
Ата- аналық құқықты жою негіздері. Ата- аналық құқықты жоюдың тәртібі. Ата- аналық құқықты жоюдың сандарлары. Ата- аналық құқықты қалпына келтіру. Ата аналық құқықты шектеу. Ата- аналық құқықты шектеудің салдарлары. Ата-аналық құқықты шектеуді алып тастау. Баланы бала өмірімен денсаулығына қауіп төндіруден құтқаруға талап қою.
Қорғаншы және қамқоршылық.
Ата- ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және оларды орналастыру. Қорғаншы және қамқоршылыққа бекітілген тұлғалар. Қорғаншылық. Қамқоршылық. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары. Қорғаншылық және қамқоршылық бекіту. Қорғаншылар және қамқоршылр.Қорғаншылықтағы тұлға-лардың құқықтары. Баланың қорғаншысының (қамқор-шысының) құқықтары және міндеттері. Қорғаншылар мен қамқоршыларды міндеттерің орындаудан босату және шығару. Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату. Патрионат. Баланы тәрбиелеуге беру туралы келісім шарт. Патрионат бекітілген балалар. Ата- аналар мен балалардың алименттік міндеткерлігі.
Жүктілікке, балалы болу мен бала күтіміне байланысты берілетін демалыс.
Баланың туылуына байланысты берілетін демалыс түрлері. Бала асырап алуына (қыз бала, ұл бала) немесе жаңа туған нәрестені (балалар)асырап алғандар үшін қызметкерлерге берілетін демалыс. Жуктілік пен баланың туылуына және бала асырап алуына (қыз бала, ұл бала) немесе жаңа туған нәрестені (балалар)асырап алғандар үшін қызметкерлерге берілетін демалысқа төлеу. Үш жасқа жеткеншеге дейінгі бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.
Тұлғалардың әлеуметтік қызмет көрсе-ту мен әлеуметтік қамсыздандырылу құқығын қорғауды және мемлекеттік қорғауларын реттейтін нормативті- құқықтық құжаттар.
Әлеуметтік қамсыздандыруды рет-тейтін нормативті- құқықтық құжаттар түсінігі және түрлері.
Әлеуметтің қамсыздандыру облысындағы азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қағидаларын реттейтін халықаралық және мемлекеттік нормативті құқықтық құжаттардың негізгі мазмұны(бала құқығының Декларациясы, бала құқығы туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қаржы полициясы органдардың қызметкерлерімен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғау туралы қызметін реттейтін заң фактілері, дипломатиялық қызметкерлерді қорғау, мемлекеттік қызметкерлермен өзгеде азаматтарды қорғау, мемлекеттік мекен-жайлық әлеуметтік көмек күн көріс мөлшері мемелкеттік арнайы жәрдем ақы, Қазақстан Республикасындағы заейнетақы қамсыздандыру туралы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, жасына байланысты төленетін жәрдемақы, Қазақстан Республикасындағы экологиялық апат аймақтарындағы зардап шекендерді қорғау, Ұлы Отан соғысы мүгедектер мен оған тенестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер беру).
Жасөспірімдер, зейнеткерлер мен мүгедектердің құқықтарын қорғау.
Жасөспірімдердің құқығын қорғау.
Отбасы және жасөспірімдердің құқығын қорғау. Жасөспірімдердің жеке және мүліктік құқықтары. Жасөспірімдердің әрекет қабілеттілігі. Жасөспірім балары бар ата- аналардың міндеттері. Алименттік міндеткерлік. Асырап алушы отбасындағы жасөспірімдердің құқықтары. Жасөспірімдердің білім алу құқығы. Оқу үрдісіндегі жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері. Мүгедек балалардың білім алу және тәрбиеленуді үйде алу құқығы және қорғаншы және қамқоршылық мекемелері. Жасөспірімдердің құқығына қауіп төндіру құқық-бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілік жасөспі-рімдерге қарсы қылмыстар бойынша туындайтын қылмыстық жауапкершілік.
Еңбек құқықтық қатынастарындағы жасөспірімдердің құқығы жасөспірімдерді медициналық қараудан өткізу. Жасөспірімдерді еңбекке орналастыру ерекшеліктері.
Жұмысқа қабылдануға рұқсат беретін жас. Жасөспірімдерді кейбір жұмыстарға қабылдауға тыйым салу. 18 жасқа толмағандарды жұмытан шығару негіздері. Жасөспірімдердің еңбекті қорғау облысындағы заңды өкілдері мен қорғаншы және қорғаушылық органдарының құқықтары.
Зейнеткерлер құқығын қорғау. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы.
Зейнетақымен қамсыздандырудағы мемлекеттік кепілдіктер. Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі. Олардың уақыттылы түсуіне бақылау жасау. Азаматтардың зейнетақы төлемдерін төлеудің мемлекеттік орталығынан зейнетақы алу құқығы. Зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасау тәртібі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы. Зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажы. Зейнетақы стажының құпиялылығы. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыз-дандыру туралы заңды бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік.
Мүгедектердің құқықтарың қорғау.
«Мүгедек» терминінің түсінігі және анықтамасы. Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы. Мүгедектердің әлеуметтік инфраструктурасы кедергісіз қатысу үшін жағдай жасау. Мүгедектерді, медициналық, кәсіптік және әлеуметтік мүгедектіктен ақтау профилактикасы. Мүге-дектердің білім алуы және кәсіби дайындықтан өтуі. Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетудегі тұрмыстық қызмет түрлері.Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне мерілетін жеңілдіктер және көтермелеуліктер.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды еңбекке орналастырудың құқықтық сұрақтары.
Мүгедектердің еңбек ету құқығын жүзеге асыру. Мүгедектерді еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету. I және II топ мүгедектері үшін қосымша демалыс уақыты және жұмыс уақытының қысқартылуы. Мүгедектер еңбегін қабылдаушы және олардың жұмыспен қамтылуына көмегін тигізуші кәсіпорындар үшін жеңілдіктер беру.
ПӘНДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ҮШІН ҰСЫНЫЛҒАН ТӘЖІРИБЕ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
Құқықтық мемлекет түсінігі. Негізгі белгілері. Құқықтық мемлекеттегі тұлға және өзге де қоғамдық қатынас субъектілерінің мәртебесі. Биліктің бөліну қағидасы. Құқықтық мемлекеттегі құқықтық реттеу мен құқықтық қорғау механизмі. Мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясы- мемлекеттің негізгі заңы.
Конституциалық құқықтың пәні, әдісі және қайнар көзі. Конституция түсінігі және негізгі түрлері. Конституцияның мәні және заңдық құрылымы. Конституция құрылымы және оның ерекшеліктері. Тұрғындардың әлеуметтік құқықтары және кепілдіктері. Кепілдіктердің субъектілері, түрлері, құрылымы.
Азаматтық құқық негіздері.
Азаматтық құқық түсінігі.Азаматтық заң. Азаматтық құқықтық қатынас. Заңды тұлға. Азаматтар азаматтық құқықтық субъектісі ретінде.
Құқықтық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік түсінігі. Жасөспірімдердің әрекет қабілеттілігі.Меншік құқығының түсінігі. Меншік құқығының субъектілері. Меншік құқығын қорғау.
Қылымыстық құқық негіздері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы. Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі. Жасөспірімдерге тағайындалатын жаза түрлері. Жазадан босату негіздері. Тәрбиелеу әрекеттерінің күштеу шаралары. Тәрбиелеу әрекеттерінің күштеу шараларының мазмұны. Жаза өтеуден жасөспірімдерді уақытынан бұрын босату.
Еңбек құқығының негіздері.
Еңбек құқығының пәні және міндеттері. Еңбек құқықтық қатынастар.
Еңбек келісм шартының (контракт) түсінігі. Еңбек келісім шартының нысандары және мерзімі. Жұмыс уақытының түсінігі және түрлері.(наормаланған, қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты). Демалыс уақытының түсінігі және түрлері.
Тәртіптік жауапкершілік түсінігі және түрлері. Жұмыскердің материалдық жауапкершілігінің түсінігі және түрлері.
Еңбекті қорғау түсінігі. Жұмыскерлердің еңбекті қорғау құқығың жүзеге асыру кепілдіктері. Еңбек жағдайын жеңілдету және жеңілдіктер беру.
Еңбек заңдылығы және әйелдер еңбегі. Еңбек заңдылығы және мүгедектер еңбегі. Еңбек құқықтық қатынастардағы жасөспірімдердің құқығы. Жасөспі-рімдердің құқығың қорғау және еңбекке орналастыру ерекшеліктері.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының құқығы, сондай- ақ еңбекті қорғау облысындағы жасөспірімдердің заңды өкілдерінің құқығы.
Әлеуметтік заңдылық түсінігі.
Заң және ішінара заңдар. Олардың түрлері. Әлеуметтік заңның даму тарихы. Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігі және түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау. Әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландырудың қайнар көзі.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынас түсінігі, классификациясы және түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынас субъектілері. Қазақстан Республикасының Конституциясы- әлуметтік қамсыз-дандыру құқығының қайнар көзі ретінде.
Жәрдемақы мен, әлеуметтік өтема-қылар мен жеңілдіктермен қамсыздандыру құқықтық қатынастары.
Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігі және классификациясы. Құқықтық қатынас субъектілері және объектілері. Жәрдемақы түсінігі және түрлері. Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету және еңбекпен қамтамасыз ету бөлімімен көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы заңдылығы.
Мемлекетті әлеуметтік жәрдемақы түсінігі. Жәрдемақы тағайындау шарты. Жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар. Жәрдемақы төлеу және қаржыландыру.
Жәрдемақының дұрыс тағайындалуына бақылау жасау. Дұрыс тағайындалмаған және артық төленген жәрдемақы үшін кінәлі органдардың жауапкершілігі.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы түсінігі. Мүгедектігі бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектер категориясы. Жәрдемақы тағайындау мерзімдері. Мүге-дектігі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі.
Жасына байланысты және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы.
Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы түсінігі. Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы тағайындау шарты.
Жасына байланысты жәрдемақы түсінігі. Жәрдемақы алу құқығы. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік.
Бірмезгілдік және уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтуға байланысты жәрдемақы
Бірмезгілдік жәрдемақы түсінігі, түрлері. Уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтуға байланысты жәрдемақы. Жәрдемақы мөлшері. Жәрдемақы төлеу мерзімдері. Жерлеуге берілетін әлеуметтік жәрдемақы.
Әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты құқықтық қатынастар.
«Халықтың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының заңының негізгі міндеттері. Медициналық әлеуметтік көмек түрлері. Азаматтардың денсаулық сақтау сферасындағы құқығы. Азаматтардың дірі- дәрмектік көмекпен қамсыздандыру құқығы. Денсаулығына зиян келтіргендігі үшін зиянның орнын толтыруға азаматтардың құқықтыры. Азаматтардың балаларға қамқорлық және денсаулығын сақтау міндеттері.
Ай сайынғы мемлекет бюджетінен берілетін әлеуметтік көмек.
Атаулы әлеуметтік көмек түсінігі. Ең төмен күнкөріс деңгейінің түсінігі. Өтініш берушінің толық және жан- жақты мән- жайларды беру жауапкершілігі. Ең төменгі күн көріс деңгейінің белгіленуі. Аймақтық коммисиялардың құжаттарды қарау мерзімі және компетенциясы. Жерлеуге берілетін жәрдемақы.
Мүгедек- балаларды үйде тәрбиелеу үшін арнайы жәрдемақы.
Балалардың, ата-аналардың және оларды алмастырушы тұлғалардың құқықтық жағдайы.
Білім беру уйымдарымен ата- аналар және оларды алмастырушы тұлғалардың қарым- қатынасы. Консуль-тативті көмек алу құқығы. Жетім балалар және ата - ана қарауынсыз қалған балалардың құқықтық жағдайы. Ата- ананың міндетті орындаудан бас тартқандардың құқықтық жағдайы. Ата - аналық құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті мән - жайлардың жиынтығы. Балалар үйіне орналастыру үшін қажетті құжаттар.
Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыз-дандыру. Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру түсінігі. Зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік кепілдіктері. Зейнетақылық жинақтық сақталуын қамсыздандыру шаралады.
Зейнеақымен қамсыздандыру негіздері.
Зейнетақы толемдерін төлеудің жалпы ережелері. Зейнетақы тағайындау мерзімі. Зейнетақыны төлеуді тоқтата тұру. Зейнетақыдан ұстап қалу. Зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу. Еңбек стажын есептеудегі жеңілдіктер. Зейнетақы төлемдерін тағайындаудың мерзімі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы мен қамсыздандыруды ұйымдастыру.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшелітері. Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын еңгізу. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары. Жинақтаушы қорлардың құқықтары және міндеттері. Зейнетақы алушылардың зейнетақы жинақтарының құпиялылығы.
ӨЗДІГІННЕН ОҚЫП ҮЙРЕНУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН СҰРАҚТАР ТІЗІМІ.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының ұлттық құқық жүйесіндегі орны
Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы
Тұлғаның құқықтық мәртебесі
Жеке басқа қатсты құқықтар және бостандықтар
Азаматтықтың түсінігі
Балалардың азаматтық алуы
Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік қорғау түсінігі
Азаматтардың медициналық ескертулерді сақтау міндеттері
Азаматтардың деңсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы
Азаматтардың өз денсаулық жағдайы туралы ақпарат алу құқығы
Саяси құқықтар және бостандықтар
Азаматтардың келісімінсіз емдеу, тексерістен өткізу.
Азаматтардың санаториялық курорттық емделу құқығы
Некеге тұрушы азаматтардың медициналық гендік тексерістен өтуі.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатты жетілдіру.
Азаматтардың денсаулық сақтау сферасындағы құқықтары мен міндеттері.
Педагогикалық қызметтпен айналысу құқығы.
Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы.
Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау туралы заңнама.
Зейнетақы мен қамсыздану туралы зейнетақылық типтік келісім шарт.
Интернат үйлерінде және қарттар үйлерінде тұратын тұлғаларға зейнетақы төлеу.
Шетелге қоныс аударған азаматтарға зейнетақы төлеу.
Зейнеткердің қайтыс болу жағдайына байланысты алынбай қалған зейнетақысын төлеу.
Қазақстан Республикасындағы зейнақтаушы зейнетақы қорларында жеке капитал қалыптастыру ережелері.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналарды төлеу мерзімдері мен тәртібі.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек стажын есептеу және растау.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды бұзған үшін жауапкершілік.
Зейнетақымен қамсзыдандыру туралы заңды бұзған үшін жауапкершілік.
Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыз-дандырудың ерекшеліктері.
ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақысы.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорын тарату.
ЖЗҚ-ның зейнетақы активтері.
Өткен уақытқа зейнетақы төлемдерін алу.
Зенейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын және тағайындайтын органдар.
Еңбек келісім шартының түсінігі, жақтары және мазмұны.
Әкелігін тануды тіркеу тәртібі.
Бала асырап алу негіздері және теіркеу орыны.
Неке және отбасы туралы заң нормаларын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолдану.
«Әлеуметтік қамсыздандыру» және «Әлеуметтік қорғау» түсініктерінің ара қатынасы.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы түсінігі.
Азаматтардың жәрдеақы алу құқықғы.
Арнайы жәрдемақы төлемдерін тағайындау және төлеуден бас тарту.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
Зейнетақы заңына жалпы мінездемесі.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.
Ата-аналарға бірреттік берілетін жәрдемақы (қайтыс болған, апатқа ұшыраған, т.б.)
Көп балала отбасыларына көмек көрсету.
Еңбектің ауыр және ерекше зиян туғызатын жағдайларында жұмыс істетіндерге мемлекеттік жәрдемақы төлеу.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілгендер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995.30.08. (өзгерістер мен толықтырулармен бірге 02.02.2011)
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
Қазақстан Республикасының неке (жұбайлық) және отбасы туралы кодексі. 26.12.2011.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. 23.11.2015.
Нургалиева Е.Н. Проблемы трудового права в современных условиях. Карағанды. 1994ж.
Шайбеков К.А. Трудовое право Республики Казахстан. Оқулық. Алматы, 1996ж.
Сулейманова Г.В. Право социального обеспечения. 2011г.
Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. Алматы, 1996ж.
И. Межибовская. Право социального обеспечения Республики Казахстан (дистанционное обучение). Учебное пособие. 2011
"Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау туралы" заңы 22.01.2003ж. №1914-X11
Батыгин Г.С. Право социального обеспечения. Оқулық. М., 1995ж.
Мачульская Е.Е. Право социального обеспечения и перспективы развития. М., 2000 ж.
Зиманов С.З. Законодательство и социальные гарантии пенсионеров. А., 1993ж.
"Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау туралы". Қазақстан Республикасының министірлер кабинетінің қаулысы. 1992.07.12ж. № 1027
Буянова М.О., Кондратьева З.А., Кобзева С.И. право социального обеспечения. Оқулық. М., 1997ж.
Қазақстан Республикасының заңы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991.21.06. №692-XII (соңғы 2002.21.03. өзгерістер мен толлықтырулар №308-II, 2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
Байсалбаева Ж.А. Основы государства и права Республики Казахстан, А.,1996ж.
Мачульская Е.Е., Горачева Ж.Л. Право социального обеспечения. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. М., 2000ж
Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы арнай мемлекеттік жәрдемақы туралы" 21.03.2002ж. №308-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы "Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы" 14.04.1993ж. №2143-XII (1.01.2004ж. өзгерістер мен қосымшалармен бірге).
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік мекен-жайлық әлеуметтік көмек туралы» 2001ж.17.06. №246-11ҚРЗ
Инструкция «Жинақталған пайданы есептеу тәртібі туралы» XVII облыстық маслихат сессиясының шешімімен бекітілген №12 2002ж.04.04.
Жағдайы төмен азаматтар үшін тұрғын-үйді ұстау және коммуналды қызметті пайдалану шығындарын төлеуде тұрғын-үй жәрдемақысын беру ережелері, IX облыстық маслихат сессиясының шешімімен бекітілген.№4 2001ж.05.04.
Қазақстан Республикасының Заңы «Күнкөріс мөлшері туралы» 1999ж.16.11. №474-1
Қосымша:
1.Қазақстан Республикасының "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" заңы 23.01.2001ж. №149-11
2.Қазақстан Республикасының "Ұжымдық шар туралы" заңы 04.07.1992ж. №1541-X11
3.Қазақстан Республикасының "Ұжымдық даулар мен көтерілістер туралы" заңы 08.07.1996ж. №20-1
4.«Кәсiптiк одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ
5.Қазақстан Республикасының "Әлеуметтік серіктік туралы" заңы 18.12.2000ж. №129-11
6.Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заңы 31.05.1996ж. №3-1
7.Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңы 23.07.1999ж. №453-1
8.Андреев В.С. Право социального обеспечения в СССР. Оқулық. М., 1987ж.
9.Голенко Е.Н., Ковалев В.И. Право социального обеспечения. М.: Юриспруденция, 1999ж.
10.Мачульская Е.Е., Горачева Ж.Л. Право социального обеспечения. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. М., 2000ж.
11.Сулейменова Г.В. Социальное обеспечение и социальное страхование. М.: Экспертное бюро, 1998ж.
12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 24.04.2000ж. №1298 "Дәрігерлік-әлеуметтік комиссиялар туралы жағдайдын бекіту жөнінде".
13.Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысы "Қазақстан Республикасының мемлекттік наградаларымен марапатталған азаматтарына берілетін жеңілдіктер туралы" 03.09.1993ж.
14.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Кедейлік шектерін анықтау тәртібі ткралы» 2000ж.08.04. №537
15.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Көмекке қажеттілігі туған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде отбасы мүшелерінің жинақталған пайдасын қоса есептеуде, пайда түрлерінің тізімін бекіту туралы» 1996ж.15.05. № 604
16.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелерін бекіту туралы» 1999ж. 22. 07. № 1030.
17.Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы. ҚР заңы 1992 жылғы 30 маусым (өзгертулер және толықтырулармен 2005 жылдың 1 сәуіріне берілген
18.Дене шынықтыру және спорт туралы. ҚР 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-1 Заңы (ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі № 471-ІІ, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 13-ІІІ заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) (үзінді)
19.Әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктерді реттеу жөніндегі шаралар туралы. ҚР Президентінін заң күші бар жарлығы 1996 жылғы 23 кантар № 2788 (ҚР 20.12.96 ж. №51-1, 2.04.97 ж. № 88-1, 19.06.97 ж. № 134-1, 7.04.99 ж. №374-1 Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
20.Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ 21 "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 125-IV Заңы
22.Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы. ҚР 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414-1 Заңы (ҚР 2002 жылғы 31 мамырдағы № 326-ІІ,2010 жылғы 20 желтоксандағы № 13-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
23.«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
24.ҚР ішкі істер министрлгінің ішкі әскерлері туралы. ҚР 1992 жылғы 23 маусымдағы № 1407-ХІІ Заңы (өзгертулер және толықтырулармен 2005 жылдың 1 сәуіріне берілген)
25.ҚР каржы полициясы органдары туралы ҚР 2002 жылғы 4 шілдедегі № 336-ІІ заңы (20.12.2004 ж. № 13-ІІІ заңымен енгізілген өзгерістерімен)
26.ҚР кеден кодексі, ҚР 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ кодексі (ҚР 10.07.03 ж. № 483-ІІ; 9.07.04ж. №592-ІІ заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
27ҚР дипломатиялық қызметі туралы. ҚР 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299- ІІ Заңы (20.12.2004 ж. № 13- ІІІ ҚР заңымен енгізілген өзгерістерімен)
28.ҚР мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы. ҚР 1997жылғы 16 маусымдағы № 126-1 Заңы (ҚР 05.04.99 ж. № 366-1; 16.11.99 ж. № 482-1; 21.03.02 ж. № 308-ІІ; 09.01.03 ж. № 382-ІІ; 20.12.2004ж. № 13-ІІІ; 31.12. 2004 ж. № 28-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
29.Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңы.
Авторлары: магистр С.С. Серикбаева, доцент И.А. Полева.
Достарыңызбен бөлісу: |