64
Оның азығы – тікендер.
Айтыңдаршы, бұл қай жануар?
Балалардың алдағы әрекеті туралы болжамдарын тыңдап көреді.
Түйе
III. ұОқ-нің
тақырыбы
бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.
Тәрбиеленушілер суретке қарап, ата-бабаларымыз түйені не үшін қолданғаны
туралы өз болжамдарын айтады.
Проблемалық сұрақ: не себепті түйелерді шөл кемесі деп атайды? Түйелерді
«шөл кемесі» деп айтудың себебі, олар механикалық техника сияқты ұзақ уақыт
су ішпей және азықтанбай жүре алады, бірақ аз шаршайды.
Педагогтің хабарламасы: Түйе – ірі денелі жануар, ол шөл далада өмір сүруге
бейімделген. Түйелер – өте шыдамды және төзімді жануар, 40 жылға дейін өмір
сүре алады. Екі аптаға дейін сусыз және бір айға дейін азықсыз тіршілік етуі
мүмкін.
Ал түйенің жүні – көптеген ауруларға шипа.
Түйенің екі түрі болады: бір өркешті және екі өркешті.
Түйенің өркеші – оны күннің шыжыған сәулесінен қорғайды. Балалар, бүгін біз
түйелерді қиып алып, олардан керуен құраймыз.
Солға – қадам, оңға – қадам:
Айнала толған құм!
Бойлап емес, көлденең емес
Шөлде жүру оңай емес,
Жаздыгүні, қыстыгүні
Шөл ішінде тек бостық,
Онда-мұнда құмтөбе
Ештеңе де өнбейді.
Шөлде жүру оңай емес.
Қадам артынан қадам басып
Өркештерін сілкіп,
Кейде түйе жүріп өтеді.
Байқап жүрсең де…
Шөлде үш сағат жүріп өтсең де
Аяқты сулау мүмкін емес.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.
Менің қолымда бес саусақ,
Бес жармасқыш, бес ұстағыш.
Жону үшін, қажау үшін,
Алу үшін, беру үшін.
Оны санау қиын емес:
Бір, екі, үш, төрт, бес!
Осылайша ырғақты түрде жұдырықты ашу және жұму керек. Есеп бойынша, екі
қолдағы саусақтарды кезек-кезегімен жұмамыз.
Әліппе-альбом.
«Түйелер» тұсаукесері.
Музыкалық
сүйемелдеу.
(К, ұ) Аппликацияның орындалу технологиясы.
Педагог балаларға жапсыру алгоритмін түсіндіріп, жапсырма түстері
гаммасының дұрыс таңдалуына назар аудартады.
Бірнеше рет бүгілген қағаздан қию әдісі – көп бірдей суреттер алу, мысалы,
түйелер керуенін жасау үшін қолданылатынын еске салады. Егер сурет
симметриялы болса, онда бүгу сызығынан бастап суреттің жартысын ғана салу
керек. Біздің түйелер сияқты симметриялық емес суреттерді парақтың ортасына
салады.
– Керуен жасау үшін, алдымен қағазды қатпарлап бүкте, одан кейін, түйенің
сұлбасын сызып, қиып ал. Қиылған пішіндерді қағаз бетіне орналастыр. Енді
жапсыруға да болады! Педагог сұлбаны қиып көрсеткенде балалардың назарын
шеткі сызыққа, кеңістікте орналасуына және шамалардың қатынасы мен
қайшының қию тәсіліне аударады.
Қуаныш балаларға құмды бейнелеу үшін қағазды жырту әдісін ұсынды.
Фондағы эскиздің шағын бөлігіне желім жағып дайындалған қағаз бөлшектерін
желім жағылған бөлікке жапсырамыз. Құм дайын болды.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі.
Мына жайттарды есте сақтау керек:
• қайшылар өткір болғандықтан, қауіпті құрал болып табылады;
• қайшымен ойнамайды, қайшымен жұмыс жасалады;
• қайшыны бетке жақындатуға, рұқсатсыз алуға, оны сілтеуге, лақтыруға, оны
ұстап жүруге, әсіресе оны қолға ұстап жүгіруге болмайды, өйткені өзіңе зиян
келтіруің мүмкін;
Түрлі түсті
қағаз, қарапайым
қарындаштар, қайшы,
ПВА желімі (немесе
желім-қарындаш),
желімге арналған
жаққыш, сулық
клеенка.
Жадынама (слайд).
65
• қайшыны бір-біріңе жабық күйде беру керек;
• қайшымен үстел басында отырып қана жұмыс жасайды;
• жұмыс жасап болған соң, қайшыны өз орнына қояды.
IV. ұОқ
қорытындылау
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, өздерінің
арасындағы ең үздік жұмысты таңдайды.
«Бес саусақ әдісі».
Балалар шеңберге тұрып, сол қолымен оң қолындағы таңдалған саусақты
көрсетеді. Одан кейін, таңдалған саусаққа байланысты сұраққа жауап береді.
Ш (шынашақ) – ойлау үрдісі. ҰОҚ-да қызықты және жаңа не болды?
А (аты жоқ саусақ) – мақсаттың жақындығы. Неге қол жеткіздің?
О (ортаңғы саусақ) – рухани жағдай. Сенің көңіл күйің қалай?
С (сұқ саусақ) – қызмет, көмек. Бүгін сен кімге жәрдемдестің, немен қуанттың?
Б (бас бармақ) – сергектік, физикалық жағдай. Бүгін менің физикалық жағдайым
қандай болды? Бүгін мен өз денсаулығым үшін не істедім?
Көрме ұйымдастырады.
24-ұОқ. АнАмды
құттықтАЙмын
(сәндік аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің
оқыту
мақсаттары
0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы,
ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің
кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде
өрнектерден жапсырулар құрастыру.
0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық
пішіндерді қиып алу.
0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан
қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б.
қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-өсімдік элементтері негізінде жапсырма дайындай алады;
-екіге қатпарлап бүгілген қағаздан әртүрлі симметриялы пішіндер қия алады;
-қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін пайдалана алады;
-жұмыс барысында жұмыс орнын ретке келтіре алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-бейнелілік құрал ретінде жапсырмада әртүрлі түстерді қолдана алады;
-қағаздың бетіне суретті үлкендерінен бастап жапсырып, оларды кішкентай, ерекше бөліктермен
толықтыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өз бетімен таныс техникаларды үйлесімдей алады;
-өз ой-қиялын көрсете алады.
тілдік
мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-жапсырма жасау жөнінде өз ойын ұсыну;
-өзінің және өзгелердің жұмысын талқылау және түсіндіру;
-пікір алмасу;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: ашықхат – открытка – letter.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
ашықхат, мейрам, ашықхатқа арналған негіздер, гүл, жапырақтар, желім қолдану, қосымша заттар.
талқылауға арналған сұрақтар:
Ашықхат дегеніміз не?
Қағазды қалай екіге бүктеуге болады?
Қағазды қалай қатпарлауға болады?
Алдыңғы
білім
Мейрамдар туралы білім. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу дағдысы, бірнеше геометриялық сәндік
элементтерді қию дағдылары. Гүлдің құрылымы туралы түсінік.