Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет28/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40

56

III. ұОқ-нің 

тақырыбы бойынша 

жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.

Тәрбиеленушілер суретке қарап, онда не бейнеленгенін сұрайды. 

Кемені сипаттайды.

Қуаныш пен Айсұлу балаларды «оригами» түсінігімен 

таныстырады: оригами – бұл қайшы мен желімсіз, қағаздан

жануарлардың, өсімдіктердің, құстардың, адамдардың пішіндерін 

бүктеп құрастыру.

Педагог балаларға жұмысты оригами техникасында рет-

ретімен орындап, өзінің кемесін теңіз айдынына жіберуді, яғни 

кемені қағазға жапсыруды ұсынады. Бұл ретте жұмысты керек 

бөлшектермен толықтыруға болады.

(ұ) саусақтарға арналған

«Капитан» жаттығуы

Саусақтардың ұшын алға қарай бағыттап, алақандарды 

бір­біріне тақап, араларын сәл ашыңқыраймыз.  Қайықтың 

толқындарда теңселгенін, одан кейін қолдардың тербелген 

қимылдарымен толқындарды көрсетеміз. Одан кейін аспанда 

ұшып жүрген шағаланы көрсетеміз. Ол үшін алақандарымыздың 

сыртқы жағын бір­біріне тақап, саусақтарды бұлғаймыз. 

Алақандарымызды бір­біріне тақап, балықтың суда жүзіп 

жүргенін көрсетеміз.

Көк толқынды теңізде

Мен ержүрек капитан,

Аппақ бұлтты көк аспан

Ақ шағала самғаған,

Құстың даусы саңқылдап

Көк теңізді паналап

Балықтарды үркітіп

Айналып келіп теңізді

Саяхатшы-қаһарман

Үйге келді дін аман! 

(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.

Педагог тікелей үйрету әдісін қолданады. Жұмыстың реті 

барлық орындау кезеңдері көрсетілген сызбалар түрінде тақтада 

көрсетіледі. 

Педагог балаларға қағазды ұқыпты бүктеп, бүгілген жерін 

алақанмен тегістеу керектігін еске салады. 

Кеме жасау үшін бір парақ қағаз керек 

(А4 немесе кәдімгі альбом қағазы).

Парақты алып, оны ұзына бойы екіге бүктейді. Сосын тағы бір 

рет бүктеп, қайтадан жазады – бұл бүгу сызығын белгілеу үшін 

жасалады. Жоғарғы бұрыштарын бірінші кезеңде белгілеген 

сызыққа қарай бүгеді. Сосын төменгі шетін жоғары қарай 

жартылай бүгеді (оң не теріс жағынан).

Осыдан кейін төменгі бұрыштарын жоғарыға қарай 90 градусқа 

бүгеді. Сосын төменгі шетін екі жақтан соңына дейін бүгеді.

Ортасынан алып, бұйымды екі жағынан тартады.

Шаршының төменгі шетін жоғарыға қарай бүгеді.

Енді қайтадан ортасынан алып, бұйымды екі жағынан тартады.

Төменгі жағын бүгеді.

Енді бұрыштардың ұштарынан ұстап, бұйымды тартады. Кеме 

шықты.

Толқындарды қосыңыз. Әліппе-альбомда қию сызбасы берілген.



Көгілдір түсті әзірлемелерден симметриялы емес пішінде бұлттар 

қиып алуға болады.

Альбомда композиция құрастырып, әзірлемелерді жапсырыңыз.

(ұ) қауіпсіз жұмыс ережелері.

Сабақ шеңберінде қайшымен және желіммен жұмыс істеу кезінде 

қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салып отыру.

Әліппе-альбом.

Музыкалық сүйемелдеу.

Ақ қағаз парақтары

(А4 пішімді).

Түрлі-түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, 

ПВА желімі (не желімді 

қарындаш), желім жаққыштар, 

сүрткіштер, клеенка.



IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау. 

Педагог сабақты қорытындылайды. Жұмысты сәтті орындағандар 

қол шапалақтасын. Сосын жұмыста қиналғандар қол 

шапалақтасын.

Балалар бір-біріне қолдау 

көрсетеді. 




57

20-ұОқ. мЕніҢ төРт АЯқты 

дОстАРым

мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың 

саны:

ұОқ-нің оқыту 

мақсаттары

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік 

қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала 

отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.

0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды 

тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын 

қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).

0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы контур бойынша 

сұлбаларды қию.

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан 

әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы пішін бойынша 

сұлбаларды қиюға бейімделген;

-сюжеттік жапсырма құрастыра алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше бөліктерімен 

толықтыра алады;

-тиянақты ойын сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін жеткізе алады.



Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады;

-өз қиялын жеткізе алады.

тілдік мақсаттар дағдыларды дамыту:

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыс тәсілдері мен реті жөнінде айтып беру;

-түпкі ойын түсіндіру;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-түстің, пропорционалды қатынастардың өзіндік мәнін сөзбен айқындау;

-тақырыпқа қызығушылық тудыратын көркем сөзді зейін сала тыңдау;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау бойынша бастапқы біліктерді 

меңгереді.

Көптілділік: күшік – щенок – puppy.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сюжетті композиция, заттарды орналастыру, қию тәсілдері, геометриялық пішіндер, сұлбалар.



талқылауға арналған сұрақтар:

Заттарды параққа қалай орналастыру керек?

Қандай геометриялық пішіндерді білесің?

Шаршыны, дөңгелекті, үшбұрышты қалай қиып алуға болады?

Неліктен ит пен мысықты «үй жануарларына» жатқызады?

Алдыңғы білім

Адаммен бірге өмір сүретін жануарлар туралы білімдер. Объектілерді мөлшеріне қарай қатынасын 

бере білудің, түрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылысын, пропорцияларын көре білудің 

қарапайым дағдылары. Техникалық дағдылар.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй 

орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

– Хал-жағдайың қалай?                     – Мынадай!

– Қалай жүзесің?                        – Былай!

– Жауап күтемісің?                      – Осылай!

– Қол бұлғаймысың?                     – Былай!

– Қалай жүгіресің?                      – Осылай!

– Таңда ұйықтап жатасың ба?            – Осылай!

– Алысқа қарайсың ба?                   – Осылай!

– Қалай тентек боласың?                – Осылай!

– Ал қалай отырасың?                   – Былай!

Музыкалық сүйемелдеу.



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау