66
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс- әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.
Кім таңертең маған келеді?
Анашым.
Кім орныңнан тұр деп айтады?
Анашым.
Кім ботқаны дайындайды?
Анашым.
Кім кесеге шай құяды?
Анашым.
Кім менің шашымды өреді?
Анашым.
Жалғыз өзі үй тазалайды?
Анашым.
Кім бақшадан гүл тереді?
Анашым.
Кім менің бетімнен сүйеді?
Анашым.
Кім балалардың күлгенін жақсы көреді?
Анашым.
Кім әлемде бәрінен де жақсы?
Анашым.
(У. Раджаб)
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру. мақсат
қою
2–5 минут
(ұ) Педагог тақпақтың кім туралы айтылғанын сұрайды? Алда
қандай мейрам келе жатыр? Сол мейрамда аналарға не сыйлауға
болатынын балалардан сұрайды.
Балаларды сабақтың тақырыбына жақындатып, сабақ мақсатын
түсіндіреді.
Сыныптағы балалардың
аналарының суреттері.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.
Балалар суреттегі бейнеге қарап, диалогқа араласады, оны
талқылайды. Тағы басқа қандай мейрамдар бар?
Педагог балаларды «ашықхат» ұғымымен таныстырады.
Ашықхат – тік төртбұрыш пішініндегі тығыз қағаздың бөлігі, оған
құттықтау сөздерін жазуға болады.
Тәрбиеленушілерге аналары мен әжелеріне ашықхат жасау
ұсынылады.
(ұ) саусақтарға арналған
«Кішкентай ара» жаттығуы.
Шыршада кішкентай үй бар,
(Бір қолды үстелге қойып, саусақтарды жазып қоямыз.
Бұл – шырша.)
Бұл – араның ұясы, кішкентай аралар қайда?
(Екінші қолдың саусақтарымен сақина жасау). Араның ұясы
шыршаға жабысып тұр.
(Балалар араның ұясына қарайды.)
Үйдің есігін қағып көрейік,
(Жұдырықты жұмып, жұдырықпен қолды бірбіріне ұрады.)
Бір, екі, үш, төрт, бес.
Мен шыршаны қағамын,
Кішкентей аралар қайда?
Кенеттен олар ұшып шығады:
(Қолды ажыратып, саусақтарды ашамыз және оларды
қимылдатамыз, кішкентай аралар ұшып жатыр).
Бір, екі, үш, төрт, бес!
(ұ) Аппликацияны орындау технологиясы.
Педагог әр тәрбиеленушіге өзінің құттықтау ашықхатына нені
қиятынын және нені жапсыратынын өздері шешуін ұсынады.
Картинаның өлшемі және орналасуы дұрыс болуын ескертеді.
Жұмысты белгілі үйлесімді түсте ( жылы, суық, бір түсті әртүрлі
өңде беру) жасауға ерекше көңіл бөлулерін сұрайды. Қиюдың
Әліппе-альбом.
Ашықхат үлгілері.
Музыкалық сүйемелдеу
Түрлі түсті қағаз,
қарапайым қарындаштар,
қайшы, ПВА желімі,
желімді жағуға арналған
жаққыш, клеенкалар.
Жадынама.
67
әртүрлі тәсілін пайдалануға, құрастырған композицияны сезінуге,
ойындағысын көрсете білуге тәрбиелейді. Педагог тәрбиеленушілер
бейнені өз бетінше жоспарлай білуді, жұмысты алдымен негізгі
үлкен элементтерді қиюдан және жапсырудан бастауды, ақырындап
кіші элементтермен толықтыруды және айшықты бейне шығу үшін
қосымша бөліктермен безендіруді ұсынады.
Тәрбиеленушілерге өз бетінше қатені тауып, себебін түсіндірулеріне,
қию сызығының әдемілігіне, жұмыстың жалпы сапасына аударады.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі.
Педагог ҰОҚ барысында желіммен жұмыс жасаудың қауіпсіздік
техникасы мен еңбекті қорғау туралы ескертеді.
Жапсырмаға арналған заттарды тиімді қолданудың не екендігі
туралы түсіндіреді.
Тәрбиеленушілерді жұмыс барысында өз жұмыс орны мен
құралдарды ретке келтіру қажеттілігіне жұмылдырады.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:
Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.
«Бағдаршам»
Балалар танымдық белгілермен белгі береді:
• жасыл – осындай тапсырмалардың көп болуын қалаймын, барлығын
орындадым;
• сары – ұнады, бірақ барлығын ойдағыдай орындай алмадым;
• қызыл – бұл іс ұнамады, зеріктім.
Танымдық белгілер:
жасыл, сары, қызыл.
25-ұОқ. БұЙРА қОШАқАн
(мақтаны пайдалана отырып, заттық
аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді,
заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс
пайдалану.
0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша
сұлбаларды қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-медициналық мақтаны бейне жасауда қолдана алады;
-бөлшектерді жапсыру реттілігін дұрыс пайдалана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-түпкі ойын сақтап, өз жұмысын жоспарлай алады және жұмысты соңына дейін жеткізе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өз бетімен таныс техникаларды үйлесімдей алады;
-өз ой-қиялын көрсете алады.
тілдік мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-сабақтың оқу міндетін түсіну және оны орындауға тырысу;
-шығармашылық барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;
-ұлттық дәстүрлермен және қолөнермен, жасалған халық шығармашылығы бұйымдарымен танысу
кезінде сөздік қорды байыту;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-түпкі ойды түсіндіру;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру және сабақтағы өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: қой – овца – sheep.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
заттық жапсыру, мақтаны пайдалану, қойдың жүні.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қойдың жүні несімен пайдалы?
Мақтаның көмегімен қошақанның жүнін қалай бейнелеуге болады?
Қойдың сұлбасын қандай тәсілмен қиюға болады?