Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет10/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

43
Сколиоз ауруын емдеу өте қиын, сол себепті балалар осы 
ауру туралы және оның алдын алу жайлы білуі керек.
– Сколиоз ауруының қалай алдын алу қажет?   
Сколиоз ауруын емдеу өте қиын, сол себепті балалар осы 
ауру туралы және оның алдын алу жайлы білуі керек. Олар 
жүрістерін, дене  
бітімін, омыртқасының жай-күйін қадағалап, дене 
шынықтыру жаттығуларын жасауы қажет.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
 – Адамның дене бітімін не өзгертуі мүмкін? 
Балалар педагогпен бірге Әліппе-дәптердегі үстел басында 
қалай отыру керек, кітап, дәптерлерді қалай ұстау керек 
және кім ауыр сөмке көтеретіні жайлы суреттерді қарап, 
талқылайды. 
педагог  ақпараты:  Сымбат 
–  адамның  отырғанда  да, 
жүргенде  де,  тұрғанда  да  қабылдай  алатын  әдепкі  қалпы. 
Сымбат – адамның  дұрыс дене бітімі: басы, мойны, иығы, 
арқасы.  Сол  себепті,  ата-аналар  мен  педагогтер  баланың 
дене бітіміне ерекше көңіл бөлуі керек: 
• Баланың жүрісіне (мүмкін ол бүкірейіп жүретін шығар);
•  Баланың  жүргендегі,  үстел  басында  отырғандағы  және 
ойын барысындағы дене қалпына; 
•  Оқу  құралдарын  немен  және  қалай  ұстайтынына  (ауыр 
сөмкені  бір  қолымен  немесе  ауыр  аспалы  сөмкені  иығына 
асып жүре ме?)
Әліппе-дәптер


44
• Спорттың қай түрімен айналысады және т.б.
Қорытындылау:  Тамақтанғанда,  теледидар  қарағанда, 
ҰОҚ-де      отырғанда  дене  бітіміне  әрдайым  мән  беріп, 
қадағалап жүру қажет.  Балаларға арқақоржын ұстаған жөн. 
Ол омыртқаға түсетін күшті біркелкі етіп теңейді. 
– Дұрыс дене бітімі қандай болады?
Дене  бітімі  дұрыс  қалыптасу  үшін  арқа,  иық  және  мойын 
бұлшық  етіне  күш  түсіру  керек.  Жүргенде  өзімізді  еркін 
ұстап, отырғанда арқамызды тік ұстауымыз керек.
– Дене бітімімізді қалай тексере аламыз? 
Достарымен және үлкендермен бірге қай дене бітімі өзі үшін 
дұрыс екендігін анықтайды:
•  Қабырғаға  арқаны  тіреп  тік  тұру  қажет.  Иық  –  тік,  іш  – 
тартылған. 
•  Қалпын  өзгертпей  қабырғадан  алыстап,  қайта  жақындау 
қажет. Және басты тік ұстаған дұрыс. 
(ұ,  Ж)  дене  бітімін  қалыптастыруға  арналған 
жаттығулар:
• Басына қапшық қойып жүру. 
• Ауыр кітапты басына қойып, құлатып алмай жүру.
• Гимнастика орындығымен жүру.
• Қабырғаға тұру, керілу т.с.с.


45
Ауыр  кітапты  басына  қойып  жүруге,  отырып  тұруға  және 
билеп  жаттығуды күрделендіруге болады.  
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар дұрыс қалыптасқан дене бітімінің суретін қарайды.
есіңде  ұста!  Адам  туылғаннан  дене  бітімі  біртіндеп 
қалыптасады  және  оның  қалыптасуын  ерте  жастан  бастап 
қадағалау  қажет.  Сол  себепті  балалық  шақтан  дұрыс  дене 
бітімін сақтаудың негізгі ережелерін ұстану аса маңызды. 
•  Дұрыс  отырып  үйрену  керек:  ерік-жігерін  салып  арқаны 
тік,  түзу  қалпында  ұстау,  басты  және  дененің  жоғарғы 
бөлігін төмен имеу немесе салмақ барлық денеге бірқалыпты 
таралатындай болуы керек. 
• Ұзақ уақыт отырған кезде жаттығу жасау пайдалы. 
• Жүйелі түрде шынықтыру жаттығуларын жасау; жаяу жүру, 
велосипед тебу. 
• Бимен, гимнастикамен, жүзумен айналысу. 
 
көптілділік: сымбат – осанка –  posture
педагог ақпараты: Омыртқаның көмекшісі – табан. Табан 
жүруде маңызды рөл атқарады. Табан пішінінің өзгеруі 
жалпақтабандылыққа әкеледі. Оның алдын алу үшін 
табанға арналған арнайы жаттығулар жасау қажет:
• Аяқ саусақтарымен қарындаштарды жина.
• Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал.
• Таяқшаларды табанмен тербет.
Әліппе-дәптер


46
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
–  Адамның сүйегі қаншалықты мықты? Олардың 
зақымдалуына қауіп бар ма?
Педагог балаларға сүйектерін ұстап көруді ұсынады, 
олардың тізесінің, шынтақтың сүйектері қандай мықты 
екенін айтады. Бірақ байқаусызда қатты құласа, мықты 
сүйектер де зақымдалатынын ескертеді. Сүйектерді сақтау 
үшін, келесі ережені орындау қажет:
• Баспалдақта ойнауға болмайды! 
Құлап, жарақат алуың мүмкін.
• Биіктен секіруге болмайды! Сүйектер мен буындар 
зақымдануы мүмкін. 
• Сүйекті қатайтатын сүт және басқа да азық-түліктерді 
тұтыну қажет.
педагог  ақпараты:  Адам  қозғалу  үшін  тек  сүйек  қана 
жеткіліксіз. Барлық сүйек бір-бірімен буын және бұлшық ет 
арқылы байланысады. Адам денесінде бұлшық ет өте көп, 
бұлшық етсіз адам жүре де, жүгіре де, тұра да, отыра да, тіпті 
саусағын  қозғалта  алмайды.  Өйткені  барлық  қозғалысты 
адам  буын  және  бұлшық  еттің  көмегімен  орындайды.  Кез 
келген  жұмысты  орындауға  қабілетті  адамдар  бар.  Бұл 
адамдардың бұлшық еттері жақсы жетілген. Оларды төзімді 
дейді.  Спорттың  барлық  түрінде  күш  пен  шыдамдылық 
жоғары бағаланады. Спортшылардың бұлшық еттері бөлініп 
(айқындалып) тұрады.
Әліппе-дәптер


47
Педагог балаларға қолдарын бүгіп, бұлшық еттерін ұстауды 
ұсынады.
есте сақта:
–  Мықты,  шыдамды,  епті  болғың  келсе,  бұлшық  етіңді 
төзімділікке  шынықтыр,  ол  үшін    бұлшық  етке  салмақты 
біртіндеп түсір.
–  Ата-анаңа  үйде,  бақта  көмектесуің  –  бұлшық  етті 
шынықтырар ең тамаша жаттығу.
– Адамның денесі толықтай немен қапталған? 
Адамның қаңқасы бұлшық еттермен қапталып, оларды тері 
сыртқы ортадан қорғайды. Тері қорғағыш қызметін атқарады, 
микробтардан, түрлі жарақаттан, күйіктен, соққыдан, үсуден 
сақтайды.  
көптілділік: тері – кожа – skin
тәжірибе: Балалар лупаның көмегімен қол терісіндегі ұсақ 
саңылауларды қарайды. 
педагог ақпараты: Адамның денесі терідегі ұсақ тесіктер 
арқылы  тыныстайды.  Егер  тері  кір  болса,  ұсақ  тесіктер 
бітеліп,  дененің  тыныс  алуы  қиындайды.  Кір  теріде  түрлі 
тері ауруын, ішек ауруларын тудыратын микробтар болады. 
Сондықтан тері тазалығын сақтау керек. 
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар дәптердегі теріні күйіктен, жаралап алудан қорғау 
тәсілдері бейнеленген суретті қарайды.
Әліппе-дәптер


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау