Бағдарламасы бакалавриат



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата25.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#17675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

15 

 

Радиологиялық  объектілер  маңындағы  радиациялық  жағдайларды  бағалау 



критерийлері. 

Радиометрияда  қолданылатын  аспаптар  (РУП-1;  РАМОН;  РВ-4, 

гаммаспектрометр;  РІСБ-01;  ПРТ-1).  Радиометрлер  фонын,  қондырғыларды 

есептеу  тиімділігін  (Кэфф)  анықтау.  Эталондарды  дайындау.  Препараттың 

"Жұқа"  және  "Қалың"  қабаттағы  белсендігін  анықтау  тәсілдері.  Гамма-

спектрометрия, радиохимиялык талдау жүргізу принциптері. 

Заттар  беттерінің  радионуклидтермен  ластану  деңгейлерін  анықтау: 

радиометрлер және жағындылар әдісі көмегімен. 

Ағзадағы  радионуклидтерді  анықтау:  тікелей,  жанама.  Медициналық 

бақылау  радиологиялық  объектілердегі  емдік  алдын  алу  шараларының  кешені 

ретінде. Алдын ала және жүйелі медициналық тексерулерді жүргізу. 

 

№1 кредит дәрістерінің, практикалық сабақтарының, ОСӨЖ, СӨЖ 



тақырыптық жоспарының үлгілері 

 

Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі 

 

№ 



Тақырыптары 

1. 


 

 

Радиациялық  гигиена  пәні  және  мазмұны.  Ғылымның  негізгі  даму 



кезеңдері.  Радиациялық  гигиенада  қолданылатын  әдістер.  Заңдылық 

құжаттар. 

2. 

 

Радиациялық  гигиенада  пайдаланылатын  негізгі  түсініктер  және 



олардың сипаттамасы. Радиоактивті ыдырау заңы. 

3  Иондаушы  сәулелер  көздері,  олардың  гигиеналық  сипаттамасы. 

Адамның қазіргі кездегі сәуле қабылдау денгейі. 

4  Радиациялық  эффектілер  халықтың  әртүрлі  топтарындағы  сәуле 

қабылдау денгейін реттеу мен оның салдарын бағалау негізгі ретінде. 

5  Адамға радиациялық әсерлерді гигиеналык нормалау және болжамдау 

6  Ашык  жане  жабық  иондаушы  сәулелер  көздерімен  жұмыс  кезіндегі 

радиациялық қорғаныс негіздері. 

7  Ашық  ион  сәулесі  көздерімен  жұмыс  істеу  барысындағы  қорғаныс 

принциптері.  

8  Радиациялық  қауіпсіздікті  бақылау  адам  денсаулығы  мен  қоршаған 

ортаны қорғаудың маңызды элементі ретінде. 

 

Жалпы сағаты: 5  

 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі 

 

№ 

Тақырыптары 

1.  Радиациялық гигиенадағы ядролық физика элементтері.  

2.  Дозаларды  анықтаудьң  және  қызметкерлерді  сыртқы  сәулеленуге 

ұшыраудан қорғаудың есептеу әдісі. 




16 

 

3. 



 

Радиациялық  гигиенада  қолданылатын  радиометрлік  зерттеу  әдістері. 

Эталондарды  дайындау,  бекіту  есебінің  тиімділігін  анықтау, 

препараттың  белсенділігін  анықтау  әдісі.  Ағзада  радиоактивті 

заттардың болуын анықтау әдістер. 

4. 


 

Иондаушы  сәулелер  көздерімен  жұмыстың  санитарлық  ережелері. 

Жұмыс жабдықтарының және қызметкерлер қолдарының радиоактивті 

заттармен ластануын зерттеу әдістері. 

5.  Қоршаған  орта  объектілерін  санитарлық  сараптау.  Қоршаған  орта 

объектілерін дезактивациялау әдістері. 

6  Мемелекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау  облыстық 

департаментінің радиациялық гигиена бөлімі (СЭБОД мен санитарлық-

эпидемиологиялық 

сараптаудың 

облыстық 

орталығының 

радиологиялық  зертханасы    (СЭСОО)  жұмысын  ұйымдастыру 

Радиациялық гигиена саласында алдын ала және ағымдық мемлекеттік 

санитарлық бақылау. 

 

Жалпы сағаты: 10  



 

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік 

жұмысы (ОСӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

№ 

Тақырыптары 

1.  Иондаушы сәулелерді тіркеу әдістері. 

2.  Қызметкердің жеке қорғаныс және жеке бас гигиенасы шаралары. Жеке 

бас қорғаныс құралдырының жіктелуі мен олардың сипаттамасы 

3.  Ағзадағы радиоактивті заттардың мөлшерін анықтау әдістері 

4.  Медицинада иондаушы сәулелердің көздерін пайдалану кезіндегі еңбек 

гигиенасы 

5.  Өнеркәсіпте  иондаушы  сәулелер  көздерін  қолдану  кезіндегі  еңбек 

гигиенасы. 

6.  Аралық  бақылау. 

 

Жалпы сағаты: 15  

 

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

 

№                                    Тақырыптары 

1.  Әртұрлі  иондаушы  сәулелер  кәздері  тұрлерінің  заттармен  әзаря 

әсерлесуі. 

2.  Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері. 

3.  Биологиялық  дозиметрия  (электрондық  парамагниттік  резонанс  және 

тағы басқалар) және олардың тәжірибеде қолданылуы. 

4.  Радиоактивті  индикаторлардың  халық  шаруашылығының  әртүрлі 

салалалында қолданылуы. 




17 

 

5.  Қоршаған  орта  мен  тұрғындар  денсаулығы  үшін  Қазақстан 



аймақтарындағы көп жылдық ядролық сынақтар салдары. 

 

Жалпы сағаты: 15 

 

№2 кредит 

 

Тұрғындардың радиациялык қауіпсіздігі негіздері 

 

Қоршаған  ортаның  радионуклидтермен  ластануының  нақты  көздері, 

жасанды радионуклидтердің жылжымалдылығы 

Қоршаған  ортаның  радионуклидтермен  ластануының  нақты  қауіпті 

көздері:  ядролык  қару  сынақтары;  атомдык  өнеркәсіп  мекемелері  (ыдырайтын 

өнімдер мен жасанды радионуклидті табу, өндеу және алу бойынша); өндірістік 

үрдіс  технологиясында  радиоактивті  заттарды  қолданатын  мекемелер, 

кәсіпорындар  және  зертханалар.  Ядролық  қаруға  сынақ  жүргізетін 

мемлекеттер.  Қазақстан  территориясындағы  ядролық  қаруға  сынақ  жүргізу. 

Қоршаған  орта  үшін  сынақ  салдары.  Ядролық  жанармайдан  бөлінген 

қалдықтар. 

235


I)  бөлінуінен  кейін  түзілген,  негізгі  гигиеналық  маңызды  бета  - 

сәулелендіргіштер: екі күннен, он күннен, бір жылдан, үш жылдан, он жылдан, 

жұз жылдан кейін атомдық өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары урандық 

кенді қазу кезіндегі қалдықтар (шахталық, кең орындары, кең қазылған жердегі 

ауа), 

гидрометаллургиялық 



өндірістердің 

қалдықтары 

(радон, 

уран 


аэрозольдері, радий және т.б.) қатты, сұйық, газ тәріздес қалдықтар. 

"Ыстық" 


зертханалар, 

радиоизотопты 

зертханалар, 

медициналық 

мекемелердің 

радиологиялық 

бөлімшелері 

қоршаған 



ортаның 

радионуклидтермен ластануының нағыз көздері. 

Қоршаған  ортадағы  техногенді  радионуклидтердің  маңызы.  Қоршаған 

ортада  радиоактивті  заттардың  миграциялану  ерекшеліктері.  Атмосфералық 

ауаға  радиоактивті  газдар  мен  аэрозольдердің  маңызы.  Жер  асты  сулары  мен 

беткей су қоймаларында радиоактивті изотоптардың миграциялануы. 

Топырақтағы  радиоактивті  заттардың  маңызы,  олардың  өсімдік  пен 

жануар  әлеміне  миграциялануы.  Дискриминация  коэффициенті.  Сыртқы 

ортаның радиоактивті заттармен ластану деңгейлері. 

Биологиялық 

тізбектер 

жөніндегі 

түсінік. 

Адам 


ағзасына 

радионуклидтердің түсу жолдары мен жиналу үрдістері. 

Ауаның 

радиоактивтілігін 



зерттеу 

әдістері: 

седиментациялык, 

аспирациялық, кейбір радиоактивті газдарды, аэрозольдерді зерттеу әдістерінің 

принциптері.  Судың  радиоактивтілігін  гигиеналық  зерттеу  әдістері. 

Санитарлық бақылау кезеңдері. Судың радиоактивтілігін санитарлық бағалау. 

Азық-түліктердің  радиоактивтілігін  зерттеу  әдістері.  Радиометрлік  және 

радиохимиялық  зерттеулер  үшін  әр  түрлі  азық-түліктерден  сынамалар  алу, 

зерттеуге  дайындық.  Азық-түліктердің  меншікті  белсенділігін  санитарлық 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау