58
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
2-БАҒЫТ: МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ
Түпкі нәтиже
Агенттіктердің үлесі (әліпбилік тәртіппен)
Түпкі нәтиже 2.1:
Құқық
иелері республикалық
және жергілікті деңгейлер-
де шешімдерді қабылдау
және орындау үдерістері-
не қатысып, нәтижесінде
адам құқықтарының жү-
зеге асырылуына жәрдем-
деседі
БҰҰ АҚТБ:
Дамуды және апаттар қатеріне сезімтал әрекеттерді жоспарлаудың көпсала-
лық және ведомствоаралық тәсілдемесін нығайту мақсаттарында консультациялар беру
және ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. 2015-2030 жж.-ға Сендайлық апаттар
қатерін төмендету бойынша негіздемелік стратегияны (http://www.wcdrr.org/uploads/
Sendai_Framework_for_Disaster_Risk_Reduction_2015-2030.pdf) тиімді жүзеге асыру
мақсаттарында Қазақстанға апаттардың қатерін азайту бойынша әрекет ететін Ұлттық
платформаны нығайтуда қолдау көрсету.
ДДҰ:
Денсаулық сақтаудың үйлестірілген және кешендік көп салалы тәсілдемесіне негіз-
делетін, денсаулықты қорғау бойынша кешендік бағдарламаны әзірлеу бойынша жәрдем
көрсету, денсаулық сақтауға қатысы жоқ әртүрлі секторлардың, сондай-ақ, денсаулық
сақтау секторының адамдардың денсаулығы жағдайын нақты жақсартуы үшін жауап-
тылығын және есеп берушілігін қамтамасыз ету. Сырқаттар эпидемиологиясы бойынша
беталыстарға, денсаулыққа төнген қауіп-қатерлерге, халықтың үміттері мен қалауларына
негізделе отырып, денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаны тиісті мониторингілеу
және бейімдеу бойынша техникалық көмек көрсету.
БҰҰ ҚАД:
ЮНЕСКО-мен бірлесе әрекет етіп, тиісті қоғамдық ақпараттық науқан (семи-
нарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) арқылы, сондай-ақ, жергілікті, республикалық және
аймақтық БАҚ-пен ынтымақтастық арқылы ақпаратқа жалпыға ортақ қол жетуді қамта-
масыз етуді қолдау үшін көмек көрсету.
БҰҰЕ:
Азаматтардың қатысуын ынталандыру және еріктілік арқылы қоғамның, әсіресе,
жастар арасында әл-ауқатын көтеру мақсатында Үкіметке және азаматтық қоғамға ерік-
тілік саласында саясат пен заңнаманы жасау бойынша қолдау көрсету.
МХҰ:
Алдын алу, қорғау және жауапқа тарту арқылы заңсыз миграция мәселелерін
шешу және адамдармен сауда-саттық жасаумен күрес бойынша Үкімет пен үкіметтік емес
әріптестер арасындағы ұлттық диалогты қолдау. Ұлттық үйлестірілген механизм құруға
жәрдем көрсету және адамдармен сауда-саттық жасау құрбандарына көмек көрсету
мақсаттарында оны ұлттық мүдделі тараптардың жүзеге асыруы. Миграция мәселелерін
Үкіметтің күн тәртібіне енгізуге жәрдемдесу және бағдарламаларды қаржыландыру.
БҰҰ БЖКБ:
Азаматтық қоғаммен бірлесе, босқындардың, баспана іздеуші тұлғалардың және
азаматтығы жоқ тұлғалардың медициналық қызмет көрсетуге, білім жүйесіне және жұмыспен
қамту қызметтеріне қол жетуін қамтамасыз ететін реформаларды жүргізу мақсаттарында са-
ясат саласындағы консультациялар және ақпараттық-түсіндіру жұмысы. Қазақстанның 1954
және 1961 жж. Азаматсыздықты қысқарту туралы конвенцияларды қабылдауын ілгерілету.
БҰҰ АҚЖКБ:
БҰҰ-ның адам құқықтары және адам құқықтарын бұзудан қорғау саласын-
дағы стандарттарына сәйкестікті күшейту мақсаттарында Үкіметтің, ұлттық құқық қорғау
және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайту бойынша қолдау. БҰҰ АҚЖКБ ал-
дыңғы қатарлы тәжірибе туралы ақпарат беру және кейбір басым салаларда техникалық
көмек көрсету арқылы адам құқықтары саласындағы ратификацияланған шарттар және
БҰҰ-ның басқа құқық қорғау механизмдері туралы хабардарлықты көтеру жолымен адам
құқықтары есебін қамтамасыз ететін болады.
БҰҰ ЕҚБ:
Қылмыстықтың алдын алу және әрекет ету шаралары ретінде зардап шеккен ай-
мақтардағы халықтың тұрақтылығын көтеру мақсаттарында қоғамдастықтар мен құқық
қорғау органдары арасындағы байланыстарды нығайту бойынша қолдау көрсету. Аза-
маттық қоғамды есірткілер мен АҚТҚ мәселелері бойынша ұлттық бағдарламаларды әзір-
леуге, жүзеге асыруға және бағалауға тартуды ілгерілету.
ЮНЕСКО:
Ақпаратқа және білімге жаппай қол жеткізуге жәрдемдесу.
ЮНИСЕФ:
Балаларды қорғау үшін қоршаған ортаны жақсарту, қоғамның зорлық-зом-
былыққа және балаларға қарсы қылмыстарға төзімділігін төмендету және байланысты мо-
ниторинг жүйелерін жақсарту және балалар мен отбасылардың қорғау механизмдеріне,
59
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
соның ішінде, әділ сотқа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсаттарында құқық қолдану. Қа-
зақстанға елдегі балаларды ілгерілету мақсаттарында қоғамның барлық жіктері арасындағы
алмасудың және ұлттық диалогтың ұлттық платформаларын құруда қолдау көрсету.
ЮНФПА:
консультациялар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, сондай-ақ,
саясатты жоспарлау және жасау мақсаттарында, соның ішінде, халықты тіркеудің ұлттық
жүйесін құру және елдегі соңғы демографиялық беталыстар мен заңдылықтардың себеп-
терін түсінуді жақсарту арқылы Үкіметке демографиялық деректерді пайдалану бойынша
қолдау көрсету.
Түпкі нәтиже 2.2:
Соттық
және құқықтық жүйелер
мен мемлекеттік институт-
тар әділетті, жауапты, есеп
беретін және барлығы
үшін қолжетімді болып та-
былады
МХҰ:
Ұлттық заңнаманы қайта қарауда және халықаралық стандарттармен үйлестіруде
жәрдем көрсету жолымен мигранттар және адамдармен сауда-саттық жасау құрбандары
үшін ақпаратқа, қызметтерге және сот төрелігіне тең қол жетімділікті қамтамасыз етуге
жәрдемдесу.
БҰҰ Әйелдер:
Сот органдарының әйелдерге қатысты жасалған зорлық-зомбылыққа
нәтижелі әрекет ету және әйелдер құқықтарын қорғау бойынша әлеуетін күшейтуге қол-
дау көрсету. Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша саяси шараларды әзірлеу кезінде
алынған деректерді кейін қолдану үшін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың деңгейі
бойынша жалпы ұлттық бағалау жүргізуде жәрдем ету. Әйелдерге қатысты зорлық-зом-
былықтың алдын алуға және әрекет ету шараларына ерекше назар аудара отырып,
мұқтаж әйелдерге тиімді мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жергілікті мемлекеттік
органдарға жәрдем көрсетуді жалғастыру.
БҰҰДБ:
Өзекті ақпаратқа дұрыс, уақтылы және тең қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз
ету мақсаттарында ұлттық билік органдары мен жергілікті қоғамдастықтар арасындағы
тиімді өзара әрекет етуге жәрдемдесу. Әділ сотқа, құқықтық көмек пен адвокаттар қа-
уымдастығына қол жеткізу мүмкіндігін нығайту, сондай-ақ, ӘМШ ұлттық әрекеттер
жоспарын жүзеге асыру. Сонымен қатар, БҰҰДБ стратегиялық ведомстволармен, соның
ішінде, Қаржы министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық экономика министрлі-
гімен және Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хабпен жұмыс істей-
тін болады, ол елдегі мемлекеттік басқару және мемлекеттік секторды дамыту саласын-
да алынған тәжірибе мен табысты тәжірибе ауқымдарын барынша тиімді және тұрақты
кеңейтуге мүмкіндік береді. Жергілікті басқару жүйелері мен әлеуетін жақсарту мақсатта-
рында жергілікті басқару органдарына қолдау көрсету, орталықтандырылмаған шешім-
дер қабылдау және фискалды механизмдер бойынша нормативтік базаны нығайту және
барынша кешендік негізде аумақтық түрліліктер мәселелерін шешу.
БҰҰ БЖКБ:
Босқындардың, баспана іздеуші тұлғалардың және азаматтығы жоқ тұлғалар-
дың мүдделерін қозғайтын әкімшіліктік шешімдерді бақылауда сот органдарының белсен-
дірек рөл алуына, атап айтқанда, сот іс қарауларын ынталандыру жолымен қолдау көрсету.
БҰҰ АҚЖКБ:
Ұлттық әрекеттер жоспарларын жүзеге асыруға қатысу арқылы, бұл орайда
үйлестірілген есептілік пен бақылаудың жүзеге асырылуына және/немесе механизмдері-
не бірыңғай тәсілдемеге жәрдемдесе отырып, БҰҰ-ның құқық қорғау механизмдерінің
ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша қолдау көрсету.
ЮНИСЕФ:
Мамандандырылған кәсіпқойлардың саясатында және тәжірибесінде бала
құқықтарын ескеру үшін құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформаларды қолдау. Қыл-
мыс құрбандары немесе куәгерлері болған балалардың қорғалуын кеңейту, кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу, қылмыстық жауаптылықты түзе-
тушілік ықпалдың баламалы түрімен тиімді ауыстыру. Құқық қорғау институттары, үкімет-
тік емес сектор және БАҚ тарапынан балаға қолайлы оперативтік инструменттер мен
құқық бұзушылық кезінде тиімдірек әрекет ету шараларын қолдану арқылы бала құқықта-
рын мониторингілеу механизмін күшейту. Балалардың шағымдану және байланысу про-
цедураларына қол жету мүмкіндігін жақсартуға жәрдем ету.
ЮНФПА:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты, сондай-ақ, жыныс белгісі
бойынша зорлық-зомбылық кезінде көпсалалық әрекет етуге қатысты ұлттық тексерулер
бойынша деректер жинау мен талдау бойынша білім және тәжірибе беру.
Достарыңызбен бөлісу: |