ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
175
6.1-КАРТА. 100 мыңадамға шаққандағы кісі өлтіру көрсеткіштері
Кісі өлтіру деңгейі Оңтүстік Африка (100 000 адамға 68 адам өлтіру) және Сальвадор (100 мың адамға 64) сияқты қантөгісті бастан
кешкен кедей елдерде өте жоғары. 100 000 адамға 6 кісі өлтіруден келетін АҚШ-тың кісі өлтіру коэффициенті Оңтүстік Африка мен
Сальвадордан 10 есе төмен, дегенмен Австрия, Франция немесе Данияға қарағанда 10 есе жоғары.
100 мыңадамға
шаққандағы кісі
өлтіру көрсеткіші
і а Өте жоғары
НЖоғары
НОрташа
ОТөмен
Алайда ғалымдардың бір тобы «есірткі сатып алатындар, жезөк-
ше немесе порномодель болып жұмыс істейтіндер - физикалық және
эмоциялық жағынан зиянды әрекеттермен айналысатын жәбірлену-
шілер, себебі олардың бұдан басқа амалы жоқ» деп санайды (мысалы,
Weizer, 2007). Олардың айтуынша, бұл әрекеттерге қарсы заң қабыл-
дау арқылы жұртты мұндай істерден тыйып, қоғамды игілік жолына
бастауға болады.
Осындай шағым жасалмайтын қылмыс жасайтындар бұл әрекетке өз
ықтиярымен барғандықтан, ондай қылмыстарды бақылау қиындықту-
дырады. Есірткі тұтынушы есірткі сатушысын
полицияға ұстап бермей-
ді, ал заңсыз ставка қойған адам букмекерлік кеңсені сотқа беруге ниетті
емес. Шағымданған жәбірленуші болмағандықтан, полиция қылмыс-
керді ғана емес, қылмысты да өзі табуы керек. Бұл тым қымбатқа түседі
және басқа қылмыстар назардан тыс қалады. Сондықтан шағым жасал
майтын қылмыстар туралы заңдар жүйелі әрі қатаң түрде орындалмай-
ды. Олар көбінесе уақытша қысым көрсетіп, анда-санда қудалаумен шек-
теледі. Шағым жасалмайтын қылмыс тақырыбы “Деректерді түсіндіру:
марихуананы заңдастыру” атты тарауда кеңінен қарастырылады.
Ақ жағалылар арасындағы қылмыс
Жоғары әлеуметтік мәртебесі бар адамдардың өз қызметін пайдала-
нып жасаған қылмыстары
ақжағалылылар арасындағы қылмыс деп
Ақ жағалылылар арасындағы
қылмыс - жоғары әлеуметтік
мәртебесі бар адамдардың өз
қызметін пайдаланып жасаған
қылмыстары.
176
6 -ТА РА У
Д ер ектер ге ден қо й с ақ
Марихуананы заңдастыру
Gallup агенттігі кездейсоқтық әдісімен жүргізген ұлттық сауална-
маға сәйкес, америкалықтардың тең жартысы марихуананы заң-
дастыруды қолдайды. Заңдастыруды қолдайтындар саны 199S
жылдан бері екі есе өскен. Оның үстіне, 70 пайызы «дәрігерлердің
ауру мен азапты азайту үшін ем ретінде марихуана тағайындауы-
на мүмкіндік беру керек» деп санайды. 2011 жылы марихуана ұстау
федералдық қылмыс болып есептелген, содан бері 12 штат «оны
адамның өзі қолданса - бұл қылмыс емес» деп үйғарды, ал 17 штат
оны дәрігерлердің емдік дәрі ретінде тағайындауына рүқсат берген.
Д е р е к т е р д і т у с і н д і р у :
әйелдермен салыстырғанда ерлердің мә-
дениеті, әлеуметтенуі, әлеуметтік жағдайы немесе әлеуметтік
тәжірибесі марихуананы заңдастыруға көбірек эсер ете ме?
Жастардың марихуананы көбірек қалауының себебін қалай гүсін-
діруге болады? Неліктен демократтар марихуананы заңдастыруға
көбірек қолдау көрсетеді? Оны заңдастыруды қолдайтындардың
демократқа айналу ықтималдығы жоғары ма?
Д е р е к т е р д і с ы н а у :
сауалнамадағы сұрақты заңды жұмсартуды
қолдайгындардың үлесін көбейтетіндей етіп қалай жазуға бола
ды? (Мысалы, «медициналық себептерге байланысты қажеттілік
болганда марихуананы заңдастыруға бола ма?» деп сұраса...).
Сауалнамадағы сұрақты заңды жұмсартуды қолдайтындардың
үлесін азайтатындай етіп қалай жазуға болады?
«Марихуананы
қолдану зацдастырылуы керек
деп ойлайсыз ба?»
18-19
30-64
50-64
65-тен асқан
Әйелдер
Еркектер
Республикашылдар
Демократтар
J_____ L
10
20
30
40
50
60
70
'Иә" деп жауап бергендердің пайыздық көрсеткіші