Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет19/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   147

ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ
45
мұндай  кәсіппен  айналыса  жүріп  өздеріне  деген 
сенімін қалай жоғалтып алмагандығын зерттейді. 
Әлеуметтанушы  Вэнди  Чапкис  (1997)  жезөкшелер- 
мен,  «ересектерге  арналған»  фильмдерге  түскен 
әртістермен,  жалпы  «жыныстық  ләззат  саудасын- 
дағы»  50  шақты  адаммен  сұхбат  жүргізді.  Сұхбат- 
тасқан  көп  әйел  өз  кәсіптерін  мақтан  тұтатынын 
айтқан.  Олар  бұл  кәсіптің  кісі  күтуші,  психотера­
певт  сияқты  қызмет  көрсетіп,  клиенттеріне  қам- 
қорлық  жасайтын  басқа  кәсіптерден  еш  айырма- 
шылығы  жоқ  деп  санайды.  Чапкистің  айтуынша, 
жезөкшелер  сезім  мен  жұмыстың  арасындағы 
арақашықгықты  сақтауға  қаншалықты  қабілетті 
болса,  олардың  өзін-өзі  бағалап,  психикалық  ден- 
саулығына  көңіл  бөлуге  де  соншалықты  мүмкін- 
дігі  болады.  Сұхбатқа  қатысқан  әйелдердің  бірі: 
«Бүл -  оңай  жұмыс  емес,  мұнда  көп  қиындық  көр- 
дім. Дегенмен  бұл  кәсіпті  толық  меңгергенімді  тү- 
сінемін.  Эмоциялық  қашықтықты  қалай  ұстау  ке- 
ректігін жақсы білемін. Мәселен, өрт сөндіруші, ми 
хирургі немесе психиатр өте қиын жұмыспен айна- 
лысады әрі олар  белгілі бір деңгейде  сезімдерін те- 
жей алады. Жұмысыңды атқару үшін солай жасауға 
тура келеді», -  деп сырын айтқан (Чапкис, 79).
Бұл  мысалдар  көрсеткендей,  көп  проблема  үш 
теория  тұрғысынан  да  нәтижелі  зерттелуі  мүмкін. 
Әрбір  әлеуметтанушы  зерттеу  жұмысына  қандай 
теориялық көзқарас сәйкес келетінін өзі шешуі керек.
І
Қурылымдықфункцияшылдар- 
жезөкшеліктіңер адамдарға төсек 
рақатын сыйлау арқылы қоғамды қалай 
тұрақтандыра алатынын зерттейді. 
Конфликт теориясын қолданушылар -  
кедей, маргинал адамдардың 
жезөкшелік жолға түсуге мәжбүр 
болатынын, ал интеракционистер 
жезөкшелердің өз-өзін құрметтеуін 
қалай сақтай алатынын қарастырады.
Бейресми дерек -  бұл кездейсоқ 
алынған және аз адамға немесе 
мардымсыз оқиғаларға негізделген 
дәлел.
Қоғамды зерттеу
Мәселен,  әлеуметтанушылар  зертгейтін  нашақор- 
лық, отбасы бақыты, жоқшылық сияқты проблемалар сізді де бұрын- 
нан алаңдатып жүруі мүмкін. Неге біреулер отбасы бақытына кенелсе, 
екіншілері бақытсыз болып жатады? Неге кейбіреулер заң бұзады, ал 
басқалары заңға бағынады? Бұл сұрақтарға қатысты өзіндік пікіріңіз 
де  қалыптасқан  шығар.  Әлеуметтану  -   адамның  әлеуметтік  мінез- 
құлқы туралы түсініктемелерді сыни тұрғыдан зерттейтін академия- 
лық ғылым.  Ол нақты  болған жайттарды бақылап,  межелеу арқылы 
қоғамдық орта туралы түсінігімізді жақсартуға бағытталған. Әлбетте, 
әлеуметтанулық  зерттеулер  -   білім  алудың  бірден-бір  құралы  емес. 
Кейбір адамдар керекті нәрселерін Библиядан, Құраннан немесе «Мор­
мон кітабынан» алады. Басқалары жауаптарын ата-аналарынан, теле- 
дидардан немесе интернеттен табады. Мұндай адамдардан: «Осының 
шындық екенін қалай білесіз?» -  деп сұрасаңыз,  «Анам  айтты»,  «Дей­
ли Шоу» бағдарламасынан көрдім» немесе «Уикипедиядан оқыдым», -  
деп оңай жауап қайырады.
Білім алудың бұл тәсілдерінен әлеуметтанудың ерекшелігі сонда, 
ол -  эмпирикалық дәлелдерді қажег етеді әрі  оны басқа  бақылаушы- 
лар  қарапайым  сезім  мүшелерінің  көмегімен  растауға  міндетті.  Біз 
оны көріп,  естіп, иісін  сезіне  алуымыз  керек  әрі ол осы  кітаптың ке- 
лесі тарауында  айтылатын  объективті дәлелдің  ғылыми  критерий- 
леріне  сай келуі тиіс. Ал күнделікті өмірде біз  бейресми деректерге 
сүйенеміз,  яғни  жүйесіз,  кездейсоқ  дәлелдерге  немесе  өзіміз  көрген 
немесе естіген оқиғаларға негізделген мәліметтерге сенеміз. Мысалы, 
әкеңіз -   Пуэрто-Рико  азаматы,  ал  анаңыз  ағылшын  делік,  олар  жиі 
үрсысып  қала  беретін  болса,  сіз  «үлтаралық некелер  сәтсіз  болады»


46
1-ТАРАУ
деген  қорытынды  жасайсыз.  Ал  әлеуметтанушылар  мұндай  тұжы- 
рымға келмес бұрын лайықты ғылыми әдістерді пайдалана отырып, 
халықтың  көп  бөлігіне  зерттеу жүргізеді,  сөйтіп,  жан-жақты  дәлел 
іздейді.  Бейресми деректер жаңа идеяларды сынау үшін және тұжы- 
рымдамаларды  түсіндіру үшін  өте  пайдалы,  бірақ әлеуметтік қоры- 
тынды шығару үшін жеткіліксіз.
Барлық зерттеудің екі негізгі мақсаты  бар:  біріншісі -  нақты  си- 
паттама,  екіншісі  -   нақты  түсіндірме.  Әлеуметтануда  біз,  алдымен 
адамдардың  өзара  әрекетке  түсуінің  нақты  сипаттамаларын  анық- 
таймыз. Мәселен,  «Қанша  адам некеге тұрады және олар  кімге үйле- 
неді?»,  «Қандай  адамдар  балаларына  қол  көтеруге  бейім?»,  «Кімдер 
мектептен шығып қалады?» деген сауалдарға жауап іздейміз.  Бұдан 
соң сол заңдылықтарды түсіндіруге тырысамыз. Яғни «Адамдар неге 
үйленеді?»,  «Неге  кейбіреулер  балаларын ұрып-соғады?»,  «Неге  бала- 
лар оқи алмай, мектептен шығып қалады?» деген сүрақтар қоямыз.
Зерттеушілер  әдетте  тапқан  нәтижелерін  басқалар  ғылыми 
жаңалық  ретінде  қабылдауы үшін  қалыпты  амалдарды қолданады. 
Әлеуметтік  зерттеулерде  қолданылатын  амалдар  зерттеу  әдістері, 
статистика  және  теорияны  түзу  туралы  сабақтарда  кеңінен  қамты- 
лады. Егер ғылыми зерттеудің нәтижелерін сауатты түрде пайдалан- 
ғыңыз келсе, онда  әзірге сіз түсінуге тиіссіз деген бірер идеяны ғана 
таныстырамыз.
Біз  жалпы  зерттеу барысындағы  бес  қадамды  және соларға  сәйкес 
зерттеудің негізгі үш тұжырымдамасын -  айнымалы шамаларды, опера- 
циялық анықтамаларды және сынама алуды талдаймыз. Бұл қадамдар 
«Ұғымдар қорытындысы: зерттеу процесі» бөлімінде қарастырылады.
Ү ғы м д а р д ы ң  қоры ты нды сы
З е р т т е у  п р о ц е с і
Қ адам д ар
Ж ағдай
А йналаңыздағы 
әлемге және қолда бар 
зерттеулерге қарап, 
зерттейтін сұрағыңызды 
аны қтаңы з.
А йным алы ш амаларды 
таңдап, аны қтам а беріңіз 
(«операцияландыру»), 
сонан соң тиісті үлгіні 
таңдаңыз.
Газеттер ж ы н ы сты қ ләззат тақыры бы ндағы  
ұятсиз хабарлам алар жіберу (секстинг) 
гөңірегіндегі дау-дамайлар туралы  ж иі ж азып 
кетті, бірақ осы тақы ры пқа байланы сты  гылыми 
зерттеулер аз. Адамдар неге секстингнен 
айналы сады ? Бұл біздің ж еке өміріміздің 
құпиясы на қаты сты  көзқарасымызды қалай 
өзгертеді?
Алдымен «секстингтің» не екепін ан ы қтап  алу 
керек. Зертгеуді қай  ж астағы  топқа қатысты 
ж үргізген дурыс екенін және м ұн ьщ  себебін 
аны қтаңы з. Жеке өмірдің құпиясы на қатысты  
көзқарастарды тажірибе ж узінде қалай  анықтауга 
болаты ны н шешіңіз.
Тиісті әлеуметтанулы қ 
әдістермен дерек ж инаңы з.
Секстин ггі қолдан аты н  және қолданбайты н 
адамдармен сұхбат ж үргізіңіз.
Тапқан деректерден 
ерекш елік іздеңіз.
Дерекгерді п айд аланы п, қанд ай  топтардың 
(ерлер әлде әйелдер; студенттер әлде с гудент 
еместер) секстингпен көбірек айналы саты ны н, 
олардың жеке өмірдің құпи ялы ғы н а қатысты 
көзқарастары секстингтен кейін қалай  өзгергенін 
(неге алы п  келгенін) ан ы қтаңы з.
Байқаған сипаттамаларды  
(теорияларды) тереңірек 
түсіндіріңіз.
Бәлкім, ж аңа технологиялар ж астардьщ  жеке 
өмірдің қүпи ялы ғы н а қагы сты  көзқарасын 
өзгерткен болар, ал секстингтің көбеюі осының 
салдары болуы ы қтим ал.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау