38
1-ТАРА У
| Макс Вебер (1864-1920)
Макс Вебер (1864-1920)
Неміс экономисі, тарихшысы жэне философы Макс Вебер әлеуметтік зерт-
теулердің, оның ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты үғымдардың
теориялық негізін қалыпгастырды. Вебердің ғылымға қосқан негізгі үш
үлесі бар: ол әлеуметтік іс-әрекеттердің субъективті мағыналарын ашты,
экономикалық себептерден гөрі әлеуметгік себептерге, ал әлеуметтік проб-
лемаларды зерттеуде объективтілікке сүйену қажеттігін алға тартты.
Вебер мінез-құлықтың үлгілерін білу оның мағынасын түсінуден
маңызды емес деп санайды. Мысалы, Вебер өткен ғасырдан бері ажы-
расудың мағынасы қаншалықты өзгергенін түсіну де ажырасу саны-
ның қаншалықты өзгергенін түсіну сияқты маңызды деп есептейді.
Вебердің адам әрекеттерінің субъективті мәнін зерттеген еңбектері
діннен бастап иммиграцияға дейінгі алуан түрлі тақырыптағы көп-
теген ғылыми жүмыстарға негіз болды.
Вебер «экономист» мамандығын меңгерген, оның еңбектерінің
көп бөлігі экономикалық және әлеуметтік проблемалардың өзара
әрекеттесуіне қатысты болды. Ол Маркстың «барлық әлеуметтік қа-
гынастарды экономикалық факторлар айқындайды» деген идеясын
қабылдамады. «ГІротестанттық этика және капитализм рухы» ([1904-
5] 1958) деп аталатын еңбегінде Вебер әлеуметтік және діни құнды-
лықтардың экономикалық жүйелерге әсерін көрсетуге тырысты. Бұл
дәлел 12-тарауда толығырак; түсіндіріледі, оның негізгі тұжырымы -
алғашқы протестантизмнің діни құндылықтары (өзін-өзі тәртіпке
келтіру, үнемдеу және жеке ерекшеліктер) қазіргі экономикалық жү-
йеге негіз болды.
Вебердіц ықпалды идеяларының бірі - әлеуметтану белгілі бір
құндылыққа тәуелді болмауы керек. Вебер әлеуметтану «қандай
болуы керек екенін анықтауға емес, қазіргі мәнін анықтаута мүдделі
болуы тиіс» деген пікір білдірді. Вебердің сөзі заманауи әлеуметтану-
шылар ұсынған стандартты ғылыми көзқарастың негізін қалыптас-
гырды. Кедейлік пен нәсілдік теңсіздікті зерттеуге моральдық қор-
лауға ұшырау да түрткі болуы мүмкін, бірақ объективті фактілерді
жан-жақты зерттеу үшін бұл сезімдерді шетке жиыстырып қойған
дұрыс.
і Уильям Эдуард Дюбуа (1868-1963)
Америка Құрама Штаттарындағы
әлеуметтану
Еуропадағы әлеуметтанумен ғылыми негізі бір болғанымен, амери-
калық әлеуметтанудың кейбір ерекшеліктері бар. Ең бастысы, еуро-
палық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жүмыс істейтіні туралы
ауқымды, философиялық теорияларды қалыптастыруға баса назар ау-
дарса, америкалық әлеуметтанушылар жүйелі, эмпирикалық дерек-
герді жинауға көп көңіл бөледі.
Соның нәтижесінде америкалық әлеуметтанушылар әлеуметтік
проблемаларды анықтап, түсінуге және шешуге жиі мән береді.
Уильям Эдуард Дюбуа (1868-1963)
Америкалық әлеуметтанудың еуропалық әлеуметтанудан өзгеше
дамуының себебі - әлеуметтік проблемалар әртүрлі болды. 1860-1920
жылдар аралығында қүлдық пен азаматтық соғыстың және қарқын-
ды иммиграцияның әсерінен Еуропамен салыстырғанда АҚШ-та нә-
сілшілдік пен этностық кемсітушілік маңызды проблемаға айналды.
Бұл проблемаларды зерттеген алғашқы әлеуметтанушылардың бірі -
ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
39
У.Э.
Дюбуа болды. Ғалым 1895 жылы Гарвард университетінде доктор-
лык; дәрежесінқорғады.Ол афроамерикалықгартуралыэмпирикалық
деректерді саралап, оны нәсілшілдікпен күресте қолдану мақсатына
бүкіл саналы ғұмырын арнады.
Джейн Аддамс (1860-1935)
Тағы бір әлеуметтанушы, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының
1931 жылғы иегері Джейн Аддамс өз еңбегінде АҚШ әлеуметтануының
ерте кезіндегі әлеуметтік проблемалар мен әлеуметтік реформаларға
баса назар аударды. Аддамс Чикагоның кедей аудандарында әлеуметтік
қызмет көрсету және қоғамдық белсенділік орталығы, Халл-хаустың
негізін қалады. Әріптестерімен бірге ол әлеуметтік ғылыми деректерді
еңбек қауіпсіздігін арттыруға, жасөспірімдерді заңмен қорғауды жетіл-
діруге, қоғамдық санитария мен кедейлерге қызмет көрсетуді жақсарту-
ға арналған заңдарды қабылдау үшін пайдаланды (Linn
&
Scott, 2000).
Бүгінде көптеген америкалық әлеуметтанушылар нәсілдің, тап
пен жыныстың (жекелей әрі бәрін бірге алып) қоғам өміріне тигізетін
әсерінің бәрін зерттеп жатыр. Кең мағынада қарасақ, АҚШ әлеумет-
танушыларының еңбектерінің негізгі бағыты - әлеуметтік проблема-
ларды шешуге күш салу. Олар әлеуметтік өмірді жүйелі түрде зерттеп,
зерттеу нәтижелерін басқа адамдардың да қолы жететіндей етудің
арқасында әлемді жақсартудан үміттенеді. Сонымен қатар кейбір әлеу-
меттанушылар қоғамдағы проблемаларды шешу үшін әлеуметтік
қозғалыстар мен ұйымдарда тікелей жұмыс істейді. Америкалық зерт-
теушілердің азғантай тобы (олардың саны өсіп келеді) The Daily Show
және The Today Show бағдарламаларына қатысып, «Нью-Йорк Таймс»
газетінде және Slate.com сайтында материал жариялап, тіпті сотта
және Конгресте әлеуметтік проблемалардың сипаты жэне оларды
шешу жолдары туралы баяндамалар жасап, өз зерттеулерін қоғамға
және саясаткерлерге тікелей жеткізіп жүр.
1
4
\
і
U
ч
Джейн Аддамс (1860-1935)
Әлеуметтанудағы негізгі
көзқарастар
Әлеуметтану тарихына жасалған қысқаша шолудан адамдардың өзара
әлеуметтік әрекетке түсуін зерттеудің көптеген жолдары бар екенін
байқадыңыздар. Маркс, Вебер, Дюркгейм және басқалардың идеялары
адам мінез-қүлқына қатысты бірқатар теорияларды өмірге әкелді. Бұл
тарауда әлеуметтанудағы үш негізгі теориялық көзқарасты - құрылым-
дық-функциялық теория, конфликт теориясы және символдық инте-
ракционизмді қарастырамыз. «Ұғымдардың қорытындысы: негізгі тео-
риялық көзқарастар» осы үш теорияны сипаттайды.
Құрылымдық-функциялық теория
Қүрылымдық-функциялық теория (немесе құрылымдық функ
ционализм), әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны ту-
ралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыс-
тану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан
бастау ала ды. Биолог ға лымжасушалардың бөліктерін (құрылымдарын)
және олардың қалай жұмыс істейтінін (функциясын) анықтаса, қүры-
лымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қо-
ғамның құрылымдарын және олардың қызметін анықтауға тырысады.
Қүрылымдық-функциялық
теория - әлеуметтік ұйымдар
(құрылым) мен оның қызметін
(функциясын) зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |