Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет14/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147

34
1-ТАРАУ
де  көре  білу қабілеті.  Осы  қиялды дамытқаннан кейін жеке  мінез-құ- 
лық адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсінеміз. 
Оның орнына біз әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқына қа- 
лай эсер ететінін қарастырамыз. Сол сияқты, әлеуметтік проблемалар- 
ды шешу үшін жеке тұлгаларды ғана емес, әлеуметтік құрылымдарды 
да  өзгерту  керек  екенін  түсінеміз.  Кедейлік,  ажырасу  және  нәсілшіл- 
дік  жеке  адамдардың  басындағы  ауыртпалық  болғанымен,  бұл  проб- 
лемаларды  жеке  адамдарға  көмектесу  арқылы  жоюға  немесе  шешуге 
болмайды. Әлеуметтік қиял -  адам өмірінде кездесетін қиындықтарға 
басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады.
Әлеуметтік қиял  «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ», 
немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді. 
Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтай- 
ды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да -  таңдау. Дегенмен әлеу- 
меттік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен 
бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.

Әлеуметтік қиял -  жұмыссыздық 
I  деңгейініңжоғары болуы, 
адамның жеке бас ерекшеліктерімен 
салыстырғанда әлеуметтік 
жағдайларға көбірек байланысты 
екенін көрсете алады.
Эмпирикалық зерттеулер - 
дәлелдемелерді жүйелі түрде 
сараптауға негізделген ғылым 
саласы.
Әлеуметтану -  ңоғам туралы гылым
Әлеуметтану  адамдар  мен  топтардың  өзара  әрекетке  гүсуін,  сон- 
дай-ақ  өзара  әрекетке  түсуді  түзетін  мінез-құлық  ережелерін  зерт- 
тейді.  Бүл орайда, өзара  әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аудары- 
лады -  бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға  болады 
және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады.
Әлеуметтану  қоғамдық  ғылымдардың  бірі  ретінде  саясаттану, 
экономика,  психология  және  антропология  сияқты  ғылымдармен 
тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез- 
қүлқын  және  белгілі  бір  дәрежеде  қоғамды  зерттейді.  Бұдан  басқа, 
бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде 
ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелер- 
ді жүйелі түрде сараптауға негізделген эм пирикалы қ зерттеулерге 
сүйенеді,  яғни  қандай  да  бір  тұжырым  жасамай  түрып  зерттеуші- 
лердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық 
ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа сала- 
лардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас.
Әлеуметтанудың  басқа  қоғамдық  ғылымдардан  өз  ерекше- 
лігі  бар.  Антропологтер,  ең  алдымен,  адам  (немесе  адамдық  емес) 
мәдениетіне  ден  қояды.  Мәселен,  антропологтар  кей  мәдениетте 
зорлық-зомбылықтың  басқаларға  қарағанда  неге  көп  таралғанын 
және мектеп бітіру кештері, Марди Гра мерекесі және Киньсеаньера 
(
Q u in c e a fie r a s )
  сияқты  мейрамдардың  қандай  мақсаттарда  жасала- 
тынын  зерттейді.  Психологтар  адамның жеке  мінез-қүлқына және 
ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы,  «Неге кей адамдар 
күйгелек  болып  келеді?»  немесе  «Неге  кей  адамдар  басқаларға  қа- 
рағанда,  әлденеге  көбірек  құмар  болады?»  деген  сұрақтарға  жауап 
іздейді.  Саясаттанушылар  саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы, 
диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты  проблемаларды зерт- 
тесе,  экономистер  тауарлардың  қалай  өндіріліп,  қалай  таратыла- 
тынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда  болып, қалай 
қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жүрттың көбі неге камерасы 
бар  ұялы  телефон  алады?»  деген  сияқты  сұрақтардың  жауабын қа- 
растырады. Әлеуметтанушылар  мәдениетті, жеке мінез-құлық, сая- 
сат  пен  экономиканы  зерттесе  де  осы  және  басқа  проблемалардың 
әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай эсер ете- 
тінін басты назарда ұстайды.


ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ
35
Әлеуметтанудың пайда болуы
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және 
интеллектуалдық төңкерістер  кезінде  зерттеу  саласы  ретінде  пайда 
болды.  Дәстүр  мен  наным-сенімдерді  рационализм  мен  ғылым  ал- 
мастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестіц айқын 
көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды кө- 
теріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.
Қантөгіс  болмаса  да  индустриалдық  революция  одан  да  қатты 
эсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала 
қоғамына  айналды.  Өзгерістердің  жылдамдығы  мен  ауқымдылы- 
ғы  әлеуметтік күйзеліс тудырды,  себебі  бұрынғы  өмір сүру жолдары 
мен  әлеуметтік  сенімдер  біржола  жойылып  бара  жатты.  Осы  түста 
бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе 
жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүние- 
ге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары  мен 
Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сон- 
дай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. 
Ғылыми  зерттеулер  жаңа  кәсіп  түріне  айналды,  ал  жұрт  бұдан  көп 
үміт күтті.  Электр, телеграф  және  рентген  ойлап табылғаннан  кейін 
ғалымдар  қылмысты,  кедейлікті  немесе  соғысты  қалай  жоюға  бола- 
тынын  білмейді  деп  кім  айта  алады?  Жұртшылық  жылдам  өзгеріп 
жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зер гтеулердің 
құралдары көмектеседі деп үміттенді.
Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, 
Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер
XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым 
ретінде  дамуына  себеп  болды.  Әлеуметтанудың  негізін  салушы  деп 
саналатын  бес ғалымның -  Огюст Конт,  Герберт Спенсер,  Карл Маркс, 
Эмиль Дюркгейм жэне Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.
Огюст Конт (1798-1857)
Әлеуметтану  тарихындағы  алғашқы  ірі  тұлға  француз  философы 
Огюст  Конт  болды  (Ритзер,  2003).  Ол  осы  саланың  негізін  салушы 
болып  саналады.  1839  жылы  «әлеуметтану»  терминін  алғаш  енгіз- 
ген де осы ғалым.
Конт  -   әлеуметтік  жағдайларға  ғылыми  әдістерді  қолдануды 
ұсынған  алғашқы  зерттеушілердің  бірі.  Ол  қалыптастырған  пози­
тивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей 
ғылыми дәлдікпен және  сенімділікпен зерттеуге болатынын негіз- 
деді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың 
заңдарын  анықтағаннан  кейін  оны  болжай  алады  және  басқара 
алады.  Алайда  молекулярлық  мінез-құлықты  болжай  алатыны- 
мыздай,  адам  мінез-құлқын дәл  болжай алатынымызға  сенетін  ға- 
лымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негіз- 
гі ұғымы болып қала береді.
Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі -  қоғамды түсіну үшін 
әлеуметтік тәртіптің және  әлеуметтік  өзгерістің көздерін  іздеу  қа- 
жет  екенін дәлелдеуі.  Әлеуметтік  қүрылым  (тәртіп)  және  әлеумет- 
тік  процесс  (өзгерістер)  ұғымдарының  аясында  бұл  проблемалар 
әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.
Огюст Конт (1798-1857)


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау