Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет141/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   147

ОТБАСЫ
323
«ақ»  емес  болып  келеді.  Сондықтан  да  осындай  жалдамалы  ішкі 
жұмыстар қоғамдағы таптық және нәсілдік айырмашылықты арт- 
тырады (Hondagneu-Sotelo 2001;  Parrenas, 2000).
Отбасылық қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық
Тарихтан белгілі, әйелін сабау және зорлық көрсету күйеуінің заңды 
құқығы болып саналған. Бұл АҚШ заңнамасының негізіне енген бола- 
тын. Тек 1960 жылдары ғана қарсылық білдіріле бастады. Өкінішке қа- 
рай, зорлық-зомбылық әлі де белең алып отыр. 2010 жылы өткізілген 
көлемді, ұлттық, рандомизацияланған сауалнаманың ерлі-зайыпты- 
лар (үйленген және бірге тұратын жұптар арасында) қатынасындағы 
зорлық жайлы  беретін  мәліметтері тым жұтаң (11.1-кесте).  Шамамен 
әрбір оныншы әйел серіктесі тарапынан зорланған, әрбір үшінші әйел- 
ге шабуыл жасалған, әрбір төртінші әйел медициналық көмек қажет 
болатындай деңгейде соққыға жығылған (Black et al., 2011). Ерлерге де 
зорлық көрсетіліп, соққыға ұшырайды, бірақ сирек және әйелдермен 
салыстырғанда, көретін зорлығы мен соққысында қатыгездік аз.
Бұл мәліметтер зорлықтың деңгейін нақты көрсетпейді. Өйткені 
сауалнама жүргізген кезде зорлық әсерінен қайтыс болғандар, сауал- 
намаға  қатыспағандар  немесе  зорлық  салдарынан  емханаға  жатқы- 
зылмағандар ескерілмеген.
Зерттеулер  көрсеткендей,  зорлық-зомбылық  гомосексуал  және 
гетересексуал жұптар  арасында  жиі  кездеседі,  бірақ лесбияндар  ара­
сында жоқтың қасы (Tjaden & Thoennes, 2000). Яғни, негізінен, ерлер өз 
жүптарын еркек болса да, әйел болса да соққыға жиі жығады.
Қарым-қатынастағы  зорлық-зомбылықтың  таптық  немесе  нә- 
сілдік  ерекшелікке  қатысы  жоқ  (Johnson  &  Ferraro,  2000).  Мұндай 
жағдай  заңгерлердің  де,  автобус  жүргізушілерінің  де  отбасында 
кездеседі.  Адамдар  жұбайын  бақылай  алмайтынын  сезген  кезде 
жұдырық жұмсайды.  Ер  адам  әйел  мен  ердің рөлі жайлы дәстүрлі 
көзқарасты ұстанатын болғандықтан және әйелінің табысы жоғары 
болса оларды қадағалап, бақылау керек деп сенгендіктен (Johnson & 
Ferraro, 2000) жұбайын соққыға жығады.
Щ
 
-------—  - 
1
к
'ЯЬ. 
Ща
4
І
Некелі жұбайлар арасында 
зорлық-зомбылық азайғанымен,
жағдай әлі де қиын болып тұр. Ерлер 
әйелдерге қарағанда жұбайларын 
жиі соққыға жығады, өйткені олар 
жұптарын бақылауға құқылымыз 
деп ойлайды.
Ата-ана рөлі
Ата-ана болу -  өте маңызды қадам.  Баланы  бағу қаржылық жағынан 
да,  эмоционалдық жағынан да  қымбатқа  түседі және  бұл  шығындар 
өмір  бойына  созылуы  мүмкін.  Қазіргі  таңда  баланы  17  жасқа  дейін 
жеткізуге  191  000  $  жұмсалады  және  ол  34  жасқа  келгенше  тағы  42 
000 $ қажет болады (Settersten, Furstenberg & Rumbaut, 2006). Оның үс- 
тіне, ата-аналар бірауыздан бала үйге қуаныш сыйлайды деп куткені- 
мен көбінесе, керісінше, болып щығады. Әсіресе нәресге және жасөспі- 
рім кезінде  ата-анасы көп ңиындық көреді.  Сондықтан эр  бала туған 
сайын ата-ана су ына түседі (Twenge, Campbell, & Foster, 2003).
Дегенмен  30  жасқа  дейінгі  баласы  жоқ  америкалықтардың  76 
пайызы нәрестелі болудан үмітті (Pew Social Trends Staff, 2010). Әйел- 
дер бала  көтере  алмаған жағдайда  өздері де, жұбайлары да  (егер бар 
болса)  бар  қаражаты  мен уақытын  сәбилі  болу жолында  сарп  етеді. 
Дәл  осындай  жағдай гейлер  мен  гетеросексуал  ерлердің  басында  да 
көбейіп  келеді.  Мына  құбылмалы  әрі тұрақсыз  әлемде  балалы  болу 
дегеніміз -  ұзақ жылдар бойғы махаббат пен құштарлыққа кепіл бо- 
ларлық  таптырмас  тәсіл  және  қартайғанда  қараусыз  қалмайтыны- 
ңызға сенім.


324
11-ТАРАУ
11.1-КЕСТЕ. Жубайы тарапынан зорлық-зомбылықкөретіндердіңпайыздық 
көрсеткіші
Е рлер
Ә й е л д ер
Ж ү б а й ы  з о р л а ғ а н д а р
<1% 
(е се п т еу  
үш ін 
ө т е 
аз)
9%
Ф и з и к а л ы қ  зо р л ы қ - 
з о м б ы л ы қ  к ө р г е н д е р
28
33
Ауыр зорлық-зомбылық 
көргендер
14
24
ДЕРЕККӨЗ: Black et iL (2011).
Ана және әке атану
І
Соңғы жылдары балаларын 
өзі тәрбиелейтін және тәрбие 
жумысына белсене араласатын 
ерлердіңсаны артты.
Кейбір  маңызды  өзгерістерге  қарамастан,  әйелдер  мен  ерлердің ата- 
ана  ретіндегі рөлі бір-бірінен  өзгеше (Cancian &  Oliker, 2000).  Аналар 
әкелердей емес, балаға қарау үшін жұмыстан ертерек қайтады неме- 
се мулдем босайды (Cancian & Oliker 2000). Сонымен қатар аналар ба- 
ланы  күтіп-бағу үшін  аптасына  13  сағат,  ал  әкелер  небары  6,5  сағат 
уақыт бөледі (Livingston & Parker, 2011). Әкелердің баламен өткізетін 
уақыты  көбейгенімен,  аналардың  мойнына  жағымсыз  міндеттер 
(жөргекті ауыстыру,  үй  гапсырмасын  орындату)  жүктеледі.  Аналар, 
негізінен,  бәрін  қадагалауға  мәжбүр  болса,  әкелер  мен  балалар  уа- 
қытты ойнаумен өткізеді. Сонымен қатар көптеген әкелер балалары- 
на  жете  көңіл  бөлмейді  немесе  мүлдем  қарым-қатынас жасамайды. 
Әкелердің  төрттен  бірі  қазіргі  таңда  балаларымен  бірге  тұрмайды 
және  27  пайызы  балаларын  жылына  бір  рет  қана  көреді  (Livingston 
& Parker, 2011).
Дегенмен  үйленген  әкелердің  көбі  бала  тәрбиесінде  маңызды 
рөлге  ие  болып  келеді  (Smith,  2009).  Өйткені  әлеуметтік  деңгейі  ер- 
лерінен  басым  әйелдердің  саны  артып, дәстүрлі гендерлік  рөлдерді 
сақтау  азайды.  Кейбір  жұбайлар  экономикалық  түрғыдан  әйелдін 
жұмыс істегені, ал еркектің үйде «әке» болғаны пайдалы деген түжы- 
рымға келді. Мүндай тенденция ерлердің қысқарту әсерінен жұмыс- 
сыз  қалуына,  үйде  интернет  арқылы  жүмыс  істеуіне  байланысты 
орын алып отыр.
Сонымен  қатар  балаларын  жалғыз  тәрбиелейтін  әкелер  саны 
артты.  Олар  шамамен  1  миллион  немесе  барлық жалғыз  басты  ага- 
аналардың  7  пайызы.  Жалпы  жалғыз  басты  әкелердің  70  пайызы 
ажырасқан, оқшауланған немесе әйелі қайтыс болған, бірақ 30 пайы­
зы  ешқашан  үйленбеген  және  көбісі  бала  асырап  алу  арқылы  әке 
болуды  таңдаған.  Зерттеулер  көрсеткендей,  әкелер  балаларын  жал- 
ғыз  тәрбиелеген  кезде  ананың  да  міндетін  атқаруды  тез  үйренеді 
(Risman, 1998). Алайда жалғыз басты әкелер дәл осындай жағдайдағы 
аналарға  қарағанда  балаларымен  аз  уақыт  өткізеді.  Өйткені  олар 
күні бойы жұмыста болады және олардың міндетін бұрынғы жүбай- 
лары бөліседі (Hook & Satvika, 2008).
Өгей ата-аналар
Зерттеушілердің есебі бойынша,  балалардың үштен бір бөлігі өгей 
ата-аналарымен  (көбіне  өгей  әкемен)  18  жасқа  дейін  өмір  сүреді 
(Coleman,  Ganong,  &  Fine  2000).  Туған  балаңызды  тәрбиелеу қандай 
қиын болса, өгей баланы тәрбиелеу одан да қиын (Coleman, Ganong, 
& Fine, 2000). Өгей ата-аналар балалардың өмірінде қандай рөлі болу 
керектігін  түсінбей  жатады  және  олардың  жұбайлары  мен  өгей


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау