ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
149
сында айтарлықтай айырмашылық бар. Біз өзіміздің әлеуметтік то-
раптарымызды байланыс сипатына қарай
қ у а т т ы б а й л а н ы с т а р
және
элсіз б а й л а н ы с т а р
деген екі санатқа бөле аламыз.
Қуатты байланыстар
Қуатты байланыстар - тығыз қарым-қатынаспен, эмоциялардың
қарқындылығымен және оларды өзара бөлісумен сипатталатын қа-
рым-қатынас. Мұндай байланыстар қоғам өмірі үшін өте маңызды.
Мәселен, науқастанып қалсаңыз немесе емтихан гапсыруға бара
жатқанда машинаңыз бұзылып қалса өзіңізбен тығыз байланыстағы
жандарды, яғни қуатты байланыстарыңызды көмекке шақыраты-
ныңыз сөзсіз. Бұл адамдар сізге ең көп қамқорлық жасайтын адамдар
және сіз де оларға барынша көңіл бөлуге тырысасыз. Қуатты байла
ныстар бізге эмоциялық қолдау, қаржылай көмек және тағы басқа
әргүрлі көмек көрсетеді.
Сауалнама нәтижесі соңғы отыз жылда америкалықтардың қуат-
ты байланыстары күрт төмендегенін көрсетті (McPherson, Smith-Lovin
& Brashears, 2006). Қазір америкалықтардың көпшілігі маңызды мәсе-
лелерді талқылай алатын бірде-бір адамды атай алмайды, олардың
көпшілігі тек жұбайын ғана атайды. Бұл адамның білімі неғүрлым
жоғары болған сайын соғұрлым тұрақты байланыста болатынын көр-
сетеді. Оның үстіне, білім деңгейі жоғары адамдар супервайзерлер
мен механиктерден гөрі ықпалды адамдармен - адвокаттармен, дәрі-
герлермен тығыз байланыс орната алады.
« Д ер ек т е р ге ден қ о й са қ : Қ у а т т ы б а й л а н ы с т а р »
бөлімі осы пробле-
маларды әрі қарай нақтылайды.
Әлсіз байланыстар
Әлсіз байланыстар эмоцияларды білдіруде арақашықтық сақталуы-
мен, қарым-қатынастардың төмен қарқындылығымен сипатталатын
байланыстар болып табылады (Granovetter, 1973). Әріптестер, көршілер,
клуб мүшелері, қашықтағы жиен-бауырлар мен тума-туыстар осы
санатқа жатады. Егер сіз дәрісханада жаныңызда отыратын адаммен
Қуатты байланыстар - тығыз
қарым-қатынаспен, эмоционалдық
қарқындылықпен және
оларды ортақ пайдаланумен
сипатталатын қатынастар.
Әлсіз байланыстар -
қарқындылығы төмендігімен,
тығыз қарым-қатынас болмауымен
сипатталатын қатынастар.
I
Адамныңотбасы мүшелерімен,
I достарымен тығыз байланыста
болуы оның әлеуметтік өмірі үшін
аса маңызды. Адамдардың барлығы
жағдайы жақсы кезде де, қиын-қыстау
кезде де өздері тығыз байланыста
болған адамдарға тәуелді болады.
150
5-ТА РАУ
Д ер ектер ге ден қо й с ақ
Қуатты байланыстар
1985 жэне 2004 жылдары жүргізілген Жалпы әлеуметтік сауална-
ма барысында америкалықтардан соңғы алты жылда маңызды
проблемаларды талқылаған адамдардың саны туралы сұралды.
Аталған сұраққа «жоқ» деп жауап бергендер саны уақыт өте келе
айтарлықтай артқан және кейбір топтар арасында басқалардан гөрі
жиі кездескен.
ДЕРЕККӨЗ: жалпы әлеуметтік зерттеу. http://sda.berkeley.edu. 2009 жылдың мамыр
айында алынды.
М аңы зды п р о б л ем ал ар ы н е ш к ім м е н т а л қ ы л а м а ғ а н а д ам д ар п ай ы зы
Н әсілдері:
Ақ нәсілділер
19,9 %
А фроамерикалықтар
37,6%
Б іл ім ал ға н ж ы л д ар ы :
0-8
30,6%
9-12
26,0%
13+
20,1 %
Ж ы ны сы :
Ерлер
24,2%
Әйелдер
21,4%
С ауалнам а а л ы н г а н ж ы л д ар ы :
1984
8,3%
2004
22,6%
Д е р е к т е р д і т ү с і н д і р у :
афроамерикалықтар ақ нәсілділерге қа-
рағанда маңызды проблемаларын ешкіммен талқыламауыньщ
қандай да бір әлеуметтік себебін айта аласыз ба? Білімі жоғары-
лардың сенім артатын адамдары неғұрлым көп болатынын немен
түсіндірер едіңіз? Неліктен ер адамдардың әйел адамдарға қараған-
да сенім артатын адамдары аз? 1985 және 2004 жылдар аралығын-
да отбасылық өмір, жұмыс және қоғамдық өмір қалай өзгерді? Бұл
өзгерістер сенім артатын адамдар саны азайып кетуіне қалай эсер
етеді?
Д е р е к т е р д і с ы н и т ү р ғ ы д а н т а л д а у :
маңызды проблемаларды
басқалармен талқылау қуатты байланыстарды бағалауға арналған
жақсы тәсіл болып санала ма? Афроамерикалықтар, ерлер немесе
білімі томен адамдар арасындағы қуатты байланыстардың сипа-
тын жақсарта алатын кез келген басқа шараны атай аласыз ба? Егер
сізден маңызды проблемаларды талқылайтын адамдарыңыздың
тізімін беруді сұраған жағдайда, осы сүрақ төңірегінде өміріңізде-
гі барлық маңызды қатынастарды анықтай аласыз ба? Толығырақ
тізім жасау үшін сүрақ басқа формада қойылуы керек пе?
ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
151
демалыс күндеріңізді қалай өткізгендеріңіз жайында әңгімелесіп, бі-
рақ оқудан тыс жерде онымен ешқашан қарым-қатынасқа түспесеңіз,
сіздердің араларыңызда байланыс әлсіз болғаны. Қуатты байланыс-
тар бізді жақын адамдарымызбен байланыстырады, ал әлсіз байла-
ныстар болымсыз қарым-қатынасқа түскен тұлғалармен арамыздағы
алшақтықты арттырады. Жаңа жұмыс орнын немесе түратын жер
табу сияқты ауқымды байланысты талап ететін ақпараттарды алу
қажет болған жағдайда әлсіз байланыстар өте маңызды рөл атқарады
(Granovetter, 1974; Newman, 1999b). Сол сияқты Microsoft Word сияқты
танымал бағдарлама туралы сұрағыңыз болса жауабын сенімді байла-
ныстарыңыз арқылы таба аласыз. Бірақ Linux сияқты жалпыға ортақ
бағдарлама жайында ақпарат алғыңыз келсе, сізге әлсіз байланыстар-
дың үлкен желісіне шығуға тура келеді. Осы сияқты басқа жағдайлар-
да да сіз білетін адамдардың саны қаншалықты көбірек болса бұл сіз
үшін соғұрлым тиімді.
Әлсіз байланыстардың оңтайлы көздерінің бірі - интернет: егер
сіз сирек кездесетін аурумен ауырсаңыз немесе қатты қызығатын
ерекше ермегіңіз болса, не жасырын топтарды жақсы көрсеңіз қажет-
тіліктеріңіз бен мүдделеріңіз ортақ не ұқсас басқа адамдармен оңай
байланыс жасай аласыз. Өкінішке қарай, әлсіз байланыс адамдарға
жаңа жүмыс орындарын табу, хоббимен айналысуға мүмкіндік беру
секілді пайда келтірумен қатар зиянын тигізетін жағдайлар да кезде-
седі: мысалы, соңғы кездегі зерттеулердің көрсегуінше, ересектердің
өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанына достарының сол тәріздес әрекеті
ғана емес, сонымен қатар досының досы өзіне-өзі қол жұмсамақ болта
ны да себеп болған (Bailer & Richardson, 2009). Дәл осылай, 12 мыңнан
астам америкалыққа 32 жыл бойы жүргізілген үлкен зерттеу нәтиже-
лері бойынша адамның семіздікке ұшырау мүмкіндігі досы семіздік-
ке ушыраған болса - 45 пайызға, досының досы семіздікке ұшыраған
болса - 20 пайызға, егер досының досының тағы бір досы ұшыраған
болса 10 пайызға өскенін көрсеткен (Christakis & Fowler, 2007).
Қуатты байланыстар әлсіз байланыстардан әлдеқайда маңызды.
Алайда әлсіз байланыстардың да пайдалы жақтары бар (5.2-сурет). Ав-
торлар, шын мәнінде, семіздікгің «жұқпалы» екенін айтады. Ал олар-
ды сынга алушылар, өз кезегінде, адамдар уақыт өте келе салмағы
өздерінің салмағына сәйкес келетін адамдармен дос болып қалуға ты-
рысады дейді (Kolata, 2011). Бұл әлеуметтік тораптардың қалай жүмыс
істейтіні туралы қызықты жағдайларды көрсетеді.
Ж а и а н д ы қ п е р с п е к т и в а г а н а з а р а у д а р а т ы н б о л с а қ ,
Мозамбиктегі
СПИД туралы әңгімелесу әлеуметтік тораптардағы күшті және әлсіз
байланыстардың бірден-бір үлгісі болып табылады, себебі онда көпте-
ген азаматтар үшін ресурстар мен маңызды ақпаратқа қолжетімділік
шектеулі.
Байланыстар мен топтар
Қуатты және әлсіз байланыстардың арасындағы айырмашылық не-
гізгі және қосымша топтардың арасындағы айырмашылыққа ұқсас
болып келеді. Бұл екі тұжырымдаманың арасындағы айырмашылық
сол: қуатты және әлсіз байланыстар жеке адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынасына қатысты болады, ал негізгі және қосымша топ де
ген атау тұтас топқа байланысты қолданылады.
Негізгі және қосымша топта қуатты және әлсіз байланыстар қатар
болуы мүмкін (5.3-сурет). Мысалы, отбасы - негізгі топ; бұл адалдық
пен үлкен сүйіспеншілік сезімдеріне негізделеді, салыстырмалы түр-
де тұрақты топ болып саналады. Алайда отбасы мүшелерінің арасын-
дағы қарым-қатынас бірдей бола бермейді. Мысалы, біреу анасына өте
Достарыңызбен бөлісу: |