Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет63/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   147

ТОПТАР,  ЖЕЛІЛЕР  ЖӨНЕ  ҰЙЫМДАР
145
өзгерту үшін қысым жасай алады, біреуді ұрып-соғуға немесе тіпті кісі 
өлтіруге итермелеуі мүмкін. Некелік қатынастағы, шіркеулік және дос- 
тық қарым-қатынастағы топтардың тұтастығының өзіндік ерекшелігі 
бар.  Бір  некенің немесе  бір  шіркеудің келесі  бір  некеге  немесе  шіркеу- 
ге  қарағанда  ауызбіршілігі  жогары  болуының  себебі  неде?  Оған  эсер 
ететін  факторлар  ретінде  топ  көлемінің  шағындығын,  мүшелерінің 
бір-біріне ұқсастығын, өзара әрекеттесудің жиілігі мен ұзақтығын, топ 
мүшелері мен бөгде адамдар арасындағы нақты айырмашылықтарды, 
сырт адамдармен сирек қарым-қатынаста болуын және т.б. атап көрсе- 
туге  болады  (McPherson  &  Smith-Lovin, 2002).  АҚШ-тағы  барлық заңды 
отбасы мүшелерінің саны бірдей (екі мүшеден тұратын) болса да әдетте 
мінезі бір-біріне сай келмейтін жүбайлар немесе бірнеше күн яки апта- 
лап бір-бірінен жырақта жүретін отбасыларына қарағанда мінезі ұқсас 
жэне көп уақытын бірге  өткізетін ерлі-зайыптылардан құралған отба- 
сының тұтастығы жоғарырақ болып келеді.
Топтық конформизм
Ер адам әйел адамға есік ашқанда сіз бұдан дәстүрлі сыпайылықты не­
месе  әйел  затына  деген  сыйластықты  көресіз  бе?  Сіз  Лил  Уэйн,  Келли 
Кларксон  немесе  Coldplay  тобын  тыңдаған  кезде  оны  жанға  жайлы  му­
зыка ретінде қабылдайсыз ба, әлде жағымсыз қатты шу деп танисыз ба? 
Музыкадағы талғам сияқты біз көріп жүрген және сенетін көптеген нәр- 
селер  абсолютті  мағынада  дұрыс  немесе  бұрыс  бола  алмайды;  олар  біз- 
дің топтарымыздың дүрыс деп қабылдаған нәрселері ғана. Топта шешім 
қабылдауды қарастырған зерттеушілердің айтуынша, топ мүшелерінің 
өзара  әрекеті олардың бойсұнуын арттырады  (Wilier,  Kuwabara  & Масу, 
2009). Бұл факт Стенли Милгрэмнің (Stanley Milgram,  1974) классикалық 
экспериментінде анықталды және сол уақыттан бергі көптеген зерттеу- 
лер нәтижесінде дәлелденді.
Милгрэм эксперимента
Милгрэм  (1974)  өз  экспериментінің  нәтижесінде  адам  бойсүнуына 
топтардың  тигізер  ықпалы  туралы  жантүршігерлік  тұжырымдар 
жасады.  Бүл  эксперимента  қатысушылар  оқытушы  және  оқушы
I
  Милгрэм эксперименттеріндегі 
адамдарға серіктесіне өмірге қауіпті 
деп есептелетін электр тоғының 
соққыларын беру тапсырылды. Мына 
суреттегі субъектінің жұдырығы түйіліп 
тұрғанына назар аударыңыз. Бұл 
эксперимента қатысушы тәжірибені 
ауыр деп тапса да, көнбістік танытып 
отырғанын көрсетеді.
10-251


146
5-ТА РА У
ретінде алынады. Эксперимент талабы бойынша оқытушы екі сөзден 
тұратын сөз тіркесін оқып береді, оқушы соны есінде сақтауы тиіс. Со- 
дан кейін оқытушы оқушыға элгі сөздерді екінші рет оқып береді, тек 
бұл  кезде  әрбір  сөз  тіркесінің  алғашқы  сөзі  мен  төрт  жауабы  берілуі 
керек. Егер оқушы дұрыс жауап бермесе оқытушы дұрыс жауапты өзі 
айтып,  оқушыны  электр  тоғымен  (басқа  бөлмеде  орналасқан)  соқты- 
рады. Оқушы қателескен сайын электр тоғының кернеуі жоғарылаты- 
лады.  Эксперимент жүргізуші оқытушыға оқушы барлық сұрақтарға 
дұрыс жауап  бергенше  сөз  тіркестерін  көрсетілгендей әдіспен оқыту- 
ды жалғастыра беруді тапсырады.
Шындыгында,  экперимент  барысында  оқытушы  да,  оқушы  да 
Милгрэмнің  өзімен  жұмыс  істеген  және  жалған  «электрлік  соққы» 
қолданылған.  Мәселе  оқытушының  не  істейтіндігінде  болатын.  Экс­
перимент  нәтижелері  жантүршігерлік  болып  шықты:  оқытушылар- 
дың үштен екісі тіпті электр соққысы құрылғысындағы «қауіпті: ауыр 
соққы» деп көрсетілген (үш қызыл түсті X әріптері) нүктеге жеткеннен 
кейін де тоқ жіберуді тоқтатпаған. Эксперимент барысында оқушылар 
алғашқыда  өздерін сабақтан босатуды сұрайды, кейін қатты ауырсы- 
нып тіпті шыңғырып, соңында үнсіз қалған жағдайлар да болтан.
Өкінішке  қарай,  кейінірек  АҚШ  пен  басқа  елдердегі  осындай 
эксперименттер  барысында  адамдардың  61-66  пайызы  басқаларға 
ауыртпалық  әкелетінін  біле тұра  экспериментатордың нұсқауларын 
орындауға дайын екендіктерін көрсеткен (Blass, 1999; Burger, 2009). Бұл 
нәтижелер  бойсұну  мен  топтық  ынтымақтастыққа  үйретілген  аме- 
рикалық жауынгерлердің не себепті Абу-Грейбте, Гуантанамода және 
басқа  жерлерде  бұйрық  берілген  жағдайда  тұтқындарды  қорлауға 
дайын болғандығын түсіндіріп береді.
Конформизмге жүргізілген соңғы зерттеулер
Кейбір зерттеушілер адамдардың белгілі бір топқа мүше болуы, олар- 
дың  сол  топтың  өлшемдеріне  сәйкес  келуіне  ықпал  етеді  деп  көрсе- 
теді. Мысалы, жақында жүргізілген бір  зерттеуде  (Wilier, Kuwabara & 
Масу,  2009)  ерікті алты студенттен үш алкогольсіз шараптың сапасы- 
на  бага беру сұралған. Шын мәнінде, алынған шараптардың үшеуі де 
бірдей болатын, тек біреуіне ғана сірке суы араластырылған. Экспери­
мент жүргізуші бес студентпен алдын ала келісіп алған. Эксперимент 
шынайы  қатысушыларға  дейін  шарапты  аталған  бес  студент  татып 
көріп  бағалайтындай  етіп  үйымдастырылды.  Эксперимент  барысын­
да  студенттердің  бесеуі де  екінші шараптың  сапасы  басқа  шараптар- 
дан  айтарлықтай төмен деп  бағалайды.  Эксперименттің екінші бөлі- 
гінде  студенттердің  бірі  шараптарға  дұрыс  баға  береді.  Нәтижесінде, 
қатысушылардың  53  пайызы  студенттердің  жалған  бағалауын  бас- 
шылыққа алған, ал 6 пайызы сірке суы бар шарапқа қарағанда екінші 
шараптың сапасы төмен деген шешімге келген! Бүл эксперимент бөгде 
топ мүшелерінің адамдары бейтаныс болса да, адамдар топтың ықпа- 
лына түсуге бейім болып келетінін көрсетті.
Шағын топтардағы конформизмді түсіндіру
Адамдар  топтың  мәжбүрлеуінсіз-ақ  сол  топтың  пікірімен  неліктен 
жиі  келіседі?  Біріншіден,  адамдардың  бәріне  айналасында  болып 
жатқан нәрсені түсінемін деп ойлау үнайды. Бірақ бұл әрдайым оңай- 
ға түсе бермейді. Қарапайым термометрдің температураны 90 градус- 
тан  жоғары  не  томен  деп  көрсеткеніне  сену  оңай.  Ал,  мысалы,  келе- 
сі  жылы  Ливияның  әскери  күші  үкіметті  құлататыны  туралы  біле 
алмаймыз.  Адамдар  әсіресе  өздерінің  біліміне  сенбейтін  кезде  топ-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау