Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет61/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   147

ТОПТАР,  ЖЕЛІЛЕР  ЖӘНЕ  ҰЙЫМДАР
141
Керісінше,  өзімізді  өзімізден төмен  адамдармен  салыстырсақ,  бақыт- 
тырақ сезіне бастаймыз.
Дженнифер  Хикес  Лундквист  (2008)  әскери  өмірге  қанағаттану 
сезімін  зерттей  отырып  салыстырмалы  депривацияның  ықпалы- 
на көз жеткізді.  Бір  қызығы,  шынайы  өмірде  бәрі керісінше  болса да 
Лундквисттің зерттеуі бойынша,  афроамерикалық әйелдер  ең бақыт- 
ты,  ал  ақ  нәсілді  ерлер  ең  бақытсыз  адамдар  болып  шыққан.  Мұны 
қалай түсінеміз? Мұның себебі, афроамерикалық әйелдер армияға қа- 
рағанда азаматтық өмірде көбірек кемсітілетіндіктен өздерінің әскер- 
де  қызмет  еткеніне  қуанады.  Ал  ақ  нәсілді  ерлер  азаматтық  өмірде 
жүрген өздері сияқты адамдар көбірек жетістікке жетті деп санап, өз- 
дерін бақытсыз сезінеді.
Негізгі топтар
Негізгі  топтар  өте  жақын,  бетпе-бет  әрекеттесетіндігімен  ерекшеле- 
неді, сондықтан олар әдетте бейресми, кішігірім топ болады әрі жеке 
түлғалар арасында қалыптасады (Cooley, [1909] 1967). Достар тобы, қыз- 
меттестер, бандылар сияқты отбасы да негізгі топқа жатады. Бұл топ- 
тардағы қарым-қатынас ұзаққа созылады әрі бір-біріне деген адалдық, 
жақындық сезімін туғызады.  Ол -  адам болмысының ең маңызды бо­
л т , сол арқылы біз қоғаммен әлеуметтік интеграцияға түсеміз.
Негізгі  топтардың  басты  міндеті  -  адамның 
э к с п р е с с и в т і  қ а ж ет - 
т іл ік т ер ін
  өтеу, яғни адамға  эмоциялық қолдау көрсегіп,  оның әлеу- 
меттік топқа  қатысы  бар  екенін сезіндіру.  Біреумен араздасып,  соған 
қайғырып отырсаңыз я туған күніңізді тойлағыңыз келсе достарыңыз- 
ға не отбасы мүшелеріне айтасыз. Сонымен бірге негізгі топтар біздің 
и н с т р у м е н т а л д ы қ   қ а ж е т т ік т е р ім із д і
  де  өтейді.  Көлігіңіз  бүзылып, 
көмек қажет болғанда негізгі топ мүшелерінің біреуіне хабарласасыз. 
Науқастанып қалғанда  сіздің орныңызга жұмыс істеп  беретін де, жа- 
рым түнде көлігіңіз бұзылып, далада қалғанда көмекке келетін де осы 
топтың мүшелері.
Адам негізгі топқа қатты мүқтаж. Сондықтан ол өзінің құндылық- 
тарын  қабылдауымызға  үлкен  ықпал  етеді.  Негізгі  топтар  қоғамдық 
бақылаудың  ең  маңызды  агенті  рөлін  де  атқарып  жатады.  Мәселен, 
көп жігіттер жолдастарына ілесіп әскерге барады.  Көп адам «ата-анам, 
достарым  я  қызметтестерім  біліп  қойса  ұят  болады»  деп  дүкенге  үр- 
лыққа түсуден бойтартып, заңға бағынады. Біз негізгі топтарымыздың 
қолайына жағатындай етіп киім киеміз,  әрекет етеміз, дауыс береміз, 
дінге сенеміз, т.с.с. Яғни біз топтың дегеніне көнеміз. Егер  бізді негізгі 
тобымыздың  ықыласына  бөлену  мақсатында  оның  тәртібіне  бағыну 
қажеттілігі тоқтата алмаса, онда бізді бағындыруға заңның күші жете 
бермейді.  Бірақ,  егер  біздің  негізгі тобымыз  дүкенде  ұрлық  жасау,  са- 
лық төлеуден жалтару дұрыс деп санайтын болса, онда олар бізді заңға 
бағынудың орнына, керісінше, құқық бүзуға итермелейді.
CASE STUDY: КӨГЕРШІН ҮШЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТОПТАР
Негізгі топтардың  көбі  отбасылық  немесе  этностық  байланыстар  не- 
гізінде бірігеді, мүның өзі топтық бірегейлік пен бауырластықты арт- 
тырады.  Ал  мұндай  бауырластық  топ  мүшелері  мен  бөтен  адамдар 
арасындағы  жағдайды  шиеленістіріп  жібереді  (мәселен,  бандылық 
топтардың бір аудан үшін төбелесуі).
Алайда  кейбір  негізгі топтар  бір-біріне ұқсамайтын  адамдардың 
да басын қосуы мүмкін. Әлеуметтанушы Колин Джеролмактың (2009) 
Нью-Йорктегі үйдің шатырынан көгершін ұшыратын топты зерттеген 
жұмысы осының айқын дәлелі бола алады.
Салыстырмалы депривация -
өзін жақсырақ өмір сүретін 
басқалармен салыстыру.
Негізгі топтар - жақын, бетпе-бет 
әрекеттесетін топтар.


142
5-ТА РА У
Қосалқы топ - ресми, үлкен және 
әділ болып табылады.
Көпшілігі  Нью-Йорктің  италиялық  орамында  тұратын  жұмыс- 
шы  табынан  шыққан  италиялық  америкалықтар  ондаған  жылдар 
бойы үйдің шатырында көгершін асырау, оларды жарыстыру, ұшыру 
сияқты  әрекетгерді  бірге  істеп  келген.  Алайда  кейіннен  денсаулық 
сақтау мекемесінің жаңа  ережесі  «көгершін ұшырушылардың» шар- 
уасын қиындатып жіберді.  Оның үстіне, бұл ауданға испантекті аме- 
рикалықтар  мен  афроамерикалықтар  көптеп  көшіп  келген  соң,  әрі 
италиялық  америкалықтардың  көпшілігі  қала  сыртына  көшіп  кет- 
кендіктен,  олардың қатары  сиреп  қалды.  Қазіргі  италиялық  «көгер- 
шін ұшырушылардың»  жастары  70-тен  асып кеткен.  Есесіне, 40-тар- 
дағы  испантектілер  мен  афроамерикалықтардан  қүралған  «кептер 
ұшырушылардың» жаңа тобы қалыптасып келеді.
Бір  қызығы,  Нью-Йорктегі  италиялықтардың,  испантектілердің 
және  афроамерикалықтардың  (Jerolmack,  2009)  арасындағы  тарихи 
өшпенділікке қарамастан, кептер үшырушылар этнос және жас айыр- 
машылықтарын  назарға  алмайтын  жаңа  негізгі топ  қалыптастырды. 
Кептер үшыру -  уақытты көп алатын өте қиын жұмыс. Уақыт өте келе 
қартайған  италиялықтар  өздеріне  қолғабыс  ететін  италиялықтарды 
таба  алмай,  испантектілер  мен  афроамерикалық  жастарды  көмекке 
шақырды. Олардың кейбірі кептер үшыруға қажетті дағды мен тәжіри- 
бені үйреніп, бұл істі ермегіне айналдырды, енді бірі италиялық ұстаз- 
дарыньщ  кептерлерін  өздеріне  алып  қала  бастады.  Бүгінде  үш  этнос- 
тык; топтың  өкілдерінен  құралған  «кептер  ұшырушылар»  зоодүкенге 
арнайы  жиналып,  қауқылдасып,  білгендерін  бөлісіп,  проблемаларын 
талқылайды  әсіресе  ұшатын  кептерлерді  «жарқанат»  деп  санайтын 
көршілерінің қылықтарын көп сөз  етеді. Сондай-ақ кептер ұшырушы- 
ларды  бәрі  бірге  тұратын  ауданның мәселелері және  қара  жұмыс пен 
бәсекені қош көретін жұмысшы табыньщ өмір салты ортақтастырады. 
Осылардың барлығы «кептер ұшырушыларды» этностық және жастық 
кедергілерден аттап өтіп, бір негізгі топқа жұмылдырып тұр.
Қосалқы топтар
Қосалқы  топтың  негізгі  топтан  айырмашылығы  -   олар  ресми  әрі 
ауқымды  болып келеді және  олар жеке адамға  негізделмеген.  Негізгі 
топтың  басты  мақсаты  -   адамның  экспрессивті  қажеттіліктерін  қа- 
нағаттандыру болса, қосалқы топ инструменталдық қажеттіліктерді 
өтейді,  яғни  белгілі  бір  шаруаны  орындауға  қызмет  етеді.  Қосалқы 
топтардың  табиғаты  рационалды  әрі  келісімшартқа  негізделген  бо­
лып  келеді,  оның  мүшелері  белгілі  бір  мақсатқа  жетуді  ғана  көздей- 
ді  (мәселен, жүмыс  істеп,  қосымша  ақша  табу,  аяқкиім  алу, жалақы 
алу, т.с.с.). Олардың бір-біріне деген қызығушылығы осы келісімшарт- 
тардың  шеңберінен  аса  алмайды.  Бұл  екі  топтың  арасындағы  айыр- 
машылық  «Тұжырымдама  қорытындысы:  негізгі  және  қосалқы  топ­
тар» деген бөлімде кеңінен талқыланады.
Қосалқы топтың негізгі мақсаты -  нақты міндетті орындау. Егер 
ұшақ жасағыңыз келсе, әлеуметтік жобаға ақша жинауды қаласаңыз 
не 2  мың адамға  әлеуметтануды  оқытқыңыз  келсе, онда  сіз қосалқы 
топтың көмегіне  жүгінесіз.  Үйімізді тұрғызуға,  азық-түлігімізді жет- 
кізуге, балаларымызды оқытып, ауруымызды емдеуге солар жауапты. 
Яғни оларсыз біз ештеңе істей алмаймыз.
Қоғамның ауқымы кеңейген сайын қосалқы топтардың маңызы 
артып  келеді.  Индустриялануға  дейінгі  қоғамдарда  адамдар  өз  отба- 
сы  мүшелерінен  немесе  маңайындагы  шағын  топтан  басқалармен 
өте  сирек  әрекетке  түсетін.  Бүгінде  біз  түрлі  топтарға  мүше  болып, 
қиюласқан  қоғамда  өмір  сүреміз,  оның  үстіне  біздің  негізгі  топпен 
байланысымыз  да  нашарлап  барады.  Адамдар  жұмысын,  тұратын


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау