БАҒЫТ: Инфрақұрылым Байланыс және коммуникациялар
2014 жылы Ақтөбе облысында 806,1 млн. теңге сомасында пошталық және курьерлік қызмет көрсетілген, бұл 2013 жылға көлеммен салыстырғанда 6,7% (пошталық өзге де қызметер бойынша өсу – 54%, «Директ-мейл» пошталық қызметі бойынша – 47%) жоғары. 2013 жылы 688,3 млн. теңге сомасына почта және курьерлік қызметтер көрсетілген, ол салыстырмалы бағаларда 1,7%-ға жоғары, 2013 жылы почта және курьерлік қызметтердің өсу қарқыны 2012 жылмен салыстырғанда 14%-ды құрады.
Байланыс қызметтерінің көлемі 2012 жылғы 8 791 млн.теңгеден 2013 жылы 9 930,7 млн.теңгеге артты. Байланыс қызметтері көлемінің артуы Интернет желісі қызметтері көлемінің өсуімен байланысты (27,4%-ға). 2014 жылы байланыс қызметінің көлемі 10 672 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда Интернет желісі қызметінің (20%), өзге де телекоммуникациялық қызметінің (33,7%), ұялы байланыс қызметінің (21,5%), шоғырсым инфрақұрылымы бойынша бағдарламаларды тарату бойынша, сымсыз желі бойынша және спутник арқылы (21,4%) қызметінің көлемінің ұлғайю арқылы 11,5% жоғарлады.
Пошталық және курьерлік қызметтің жалпы көлемінен тұрғындарға 319,1 млн.теңгеге (барлық көлемнің 6%) қызмет көрсетілді, оның ішінде басым көлемді пошталық өзге қызметтер (39,2%) және жөнелтпелер мен бандеролдармен байланысты қызметтер (21%) алып жатыр. Почта және курьерлік қызметтердің жалпы көлемінде халыққа көрсетілетін почта және курьерлік қызмет үлесі 2013 жылмен (41,6%) және 2012 жылмен (42,3%) салыстырғанда төмендеп жатыр.
Халықтың байланыс қызметінің көлемі 6 167,6 млн. теңгені құрады (барлық байланыс қызметі көлемінің 57,8%-ы), оның ішінде басым көлемі жергілікті телефон байланысының (36,2%) және Интернет желісі қызметінде (37,1%, жылдық өсім 5,8 п.п.).
2013 жылы тіркелген Интернет абонеттерінің саны 69,2 мың бірлікті құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 16,2%-ға артты. 2014 жылғы тіркелген Интернет абоненттерінің саны 76,1 мың бірлікті құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 10%-ға ұлғайды.
2013 жылдың соңында облыста тіркелген телефон желілерінің саны 225,4 мың бірлікті құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық, оның ішінде, халықта 183,5 мың бірлік (0,4%-ға арту). Ауылдық жерлерде тіркелген телефон желілерінің саны 1,7%-ға артты.
Тіркелген телефон желілерінің саны 2014 жылы 225,2 мың бірлікті құрады (2013 жылмен салыстырғанда 0,1% аз, олардың ішінде халықта – 182,0 мың бірлік (жылдық төмендеу 0,8%). Ауылдық жердегі тіркелген телефон желілерінің саны - 58,8 мың бірлік (төмендеу 2,4%).
Байланыс пен коммуникация саласы бойынша негізгі көрсеткіштер 51 кестеде көрсетілген.
51-кесте – Байланыс пен коммуникация бойынша негізгі көрсеткіштер
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Өлш. бірл.
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
Байланыс қызметінің нақты көлем индексі
|
%
|
106,2
|
108,7
|
110,8*
|
2
|
100 тұрғынға бекітілген телефон желілерінің тығыздығы
|
%
|
-
|
28,4
|
27,6
|
3
|
100 тұрғынға бекітілген кең жолақты интернет абоненттерінің тығыздығы
|
%
|
-
|
8,5
|
9,3
|
Мәлімет көзі: Статистикалық жинақ. Ақтөбе облысы.2014 жылға алдын ала деректер. Ақтөбе облысы Әкңмдігінің деректері
Сәулет және қала құрылысы
Облыстың елді мекендері жерінің дамуы мен оларға құрылыс салу бекітілген бас жоспар мен толықтай жоспарлау жобалары негізінде жүзеге асырылады.
Ақтөбе облысы статистика департаменті мәліметтері бойынша облыста 380 елді мекен бар, оның ішінде 8 қала, 372 село, және ішіндегі 22 село Ақтөбе қаласы әкімшілігіне қатынасты. 341 ауылдық елді мекеннің тұрғындар саны 5 мың адамнан кем. Оның ішіндегі 33 ауылдық елді мекен бойынша 2014 жылы, ал 3 ауылдық елді мекен бойынша 2015 жылы бас жоспарларды дайындау басталған.
Жаңартылған бас жоспарлармен Ақтөбе облысының 8 қаласы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Ембі, Хромтау, Жем, Темір, Шалқар) қамтылған. 9 АЕМ жаңартылған бас жоспарлармен қамтылған, оның ішіндегі 5 ауылдық елді мекен бойынша бас жоспарлар 2015 жылы бекітілген. Жаңартылған бас жоспарлармен Алға ауданының 3 АЕМ-і, Байғанин ауданының 2 АЕМ-і, Қобды ауданының 1 АЕМ-і, Мұғалжар ауданының 3 АЕМ-і қамтамасыз етілді.
Ақтөбелік шоғырландырудың бас жоспарының маңыздылығын арттыруда жағдай келесідей болып табылады.
Ақтөбелік шоғырландыруға енген 70 елді мекеннің 14-і: Хромтау қ., Алға қ., Тамды с., Алға ауданының Маржанбұлақ с. және Есет батыр Қоқиұлы с., Қандыағаш қ., Ақкемер с., Жарық с., Мұғалжар ауданының Елек с., Мартөк с., Мартөк ауданының Сарыжар с. (Хлебодаровка с.), Қобда с., Бестау а., Қобда ауданының Талдысай с. бекітілген жаңартылған бас жоспарлармен қамтамасыз етілген. Хромтау ауданының Ақжар с. бас жоспары бекіту барысында.
9 елді мекеннің бас жоспарлары келісу барысында: Алға ауданының Бестамақ с. және Бесқоспа с., Қарғала ауданының Ш. Қалдаяқов с., Петропавлов с., Қос-Естек а., Мәртөк ауданының Қаратоғай с., Родников с., Хазірет с., Жайсан с.
Алға ауданының Қарақұдық с., Қарақобда с. және Үшқұдық с. 3 елді мекеннің бас жоспарлары 2014 жылдан бастап байындалуда, аяқталу мерзімі 2015 жыл. "Ақтөбе қаласы бас жоспарын түзету" жобасы бойынша қала құрылысы құжаттары кешенді қала құрылысы сараптамасын өту барысында.
2015 жылы Ақтөбе қ. 3 толықтай жоспарлау жобасы дайындалуда, 7 толықтай жоспарлау жобасын дайындауға мемлекеттік сатып алуға байқау жарияланды.
Шалқар ауданының Қауылжыр с. және Темір ауданының Қопа с. бас жоспарларын дайындау қажет, онда 2016 жылы жалдамалы-коммуналды тұрғын үйлер құру жоспарлануда. Жеке тұрғын үй құрылысына және кіші және орта бизнесті дамытуда сауда мақсаттарына жер учаскелеріне деген жоғары сұраныс себебінен Шалқар ауданының Біршоғыр с., Темір ауданының Кеңқияқ с. бас жоспарларын, Темір ауданының Шұбаршы с, Сарыкөл с. дамуы мен құрылыс салуының сызбасын (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы) дайындау қажет.
Бүгінгі таңда 296 ауылдық елді мекенді жаңартылған бас жоспарлармен қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ Заңына қала құрылысы жобаларын дайындау жұмысында демпингті бағаларды қолдануды анықтау жөнінде толықтырулар енгізу.
ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №536 бұйрығымен "Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларының құрамы, дайындау кезегі, келісу және бекіту ережесі" ҚРҚН (ҚР ҚН 3.01-00-2011 - ары қарай ҚН) енгізілген. ҚН 4.1.3.1.3 бабына сәйкес қала құрылысы жобаларын дайындауға қаржылай мүмкіндігі бар заңды және жеке тұлғалар жеке жағдайларда аудандағы жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып қала құрылысы жобаларына тапсырыс беруші болуы мүмкін.
Берілген нормативке сай қала құрылысы құжаттамасын дайындауда елді мекендерді толықтай игеру, бизнесті дамыту мақсатында осы мәселені шешуде жеке инвестицияларды тарту ұсынылды.
Құрылыс
Облыстың ЖӨӨ құрылымында құрылыс 9,1% (2014 ж.) алады. Жалпы республика бойынша құрылыс саласында Ақтөбе облысының үлесі 7,2% құрайды.
Ақтөбе облысындағы құрылыстық жұмыстар нақты көлемінің индексі 2014 жылы 106,5% құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 6,5% жоғарлады (52-ші кесте).
52-кесте – 2012-2014 жж. құрылыс саласының негізгі көрсеткіштер
Көрсеткіш атауы
|
Өлш. бірл.
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі
|
%
|
124
|
142,7
|
106,5
|
Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы
|
мың ш.м
|
436
|
461
|
476
|
Соның ішінде
|
|
|
|
|
Бюджеттік тұрғын үй
|
мың ш.м
|
63,6
|
139,4
|
113,4
|
Мәлімет көзі: Статистикалық жинақ. Ақтөбе облысы.2014 жылға алдын ала деректер. Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері
Облыста тұрғын үй құрылысының тұрақты өсуі байқалады. 2014 жылы енгізілген тұрғын үй ғимараттарының есебінен 3981 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2013 ж. – 4371 отбасы тұрмысқа жайлы тұрғын үймен қамтылды (53-ші кесте).
53-кесте – Ақтөбе облысының аудандарының қимасында 2012-2014 жж. тұрғын үйді енгізу
мың ш.м.
№ р/т
|
Қала/аудан
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
Аққтөбе облысы
|
435,8
|
461,2
|
476,1
|
2
|
Ақтөбе қ.
|
327,1
|
357,9
|
357,9
|
3
|
Әйтеке би ауданы
|
5,6
|
6,3
|
6,4
|
4
|
Алға ауданы
|
12,2
|
12,9
|
13,0
|
5
|
Байғанин ауданы
|
4,8
|
4,6
|
5,0
|
6
|
Ырғыз ауданы
|
6,3
|
7,2
|
7,2
|
7
|
Қарғалы ауданы
|
2,9
|
2,6
|
3,6
|
8
|
Қобда ауданы
|
3,3
|
3,6
|
4,2
|
9
|
Мартөк ауданы
|
13,2
|
12,2
|
12,2
|
10
|
Мұғалжар ауданы
|
16,2
|
12,6
|
20,3
|
11
|
Темір ауданы
|
15,8
|
15,4
|
15,9
|
12
|
Ойыл ауданы
|
4,7
|
4,1
|
4,5
|
13
|
Хромтау ауданы
|
10,4
|
10,1
|
12,8
|
14
|
Шалқар ауданы
|
13,2
|
11,7
|
13,1
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері
2012-2014 жж. жалға берілетін тұрғын үй құрылысы көлемінің үлғайғандығы байқалды: жергілікті бюджет қаражаты коммуналды тұрғын үйлер (8,1 мың. м2бастап 10,2 мың м2дейін), республикалық бюджеттен есебінен бөлінген жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй (15,3 мыңм2 бастап 19,0 мың.м2дейін), республикалық бюджет қаражаты есебінен есепте тұрғандарға арналған жалдамалы тұрғын үй (15,4 мыңм2бастап 19,3 мыңм2 дейін). Мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындардың қаражаты есебінен коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы (137,8 мың.м2-ден 177,3 мыңм2 дейін ұлғайту), сондай-ақ тұрғындардың қаражаты есебінен жеке тұрғын үйлердің құрылысы (184 мың м2-ден 185,5 мың м2 дейін) белсенді жүргізілуде.
Сонымен бірге тұрғын үй жинақ банкі жүйесі арқылы несиелік тұрғын үйдің құрылысы 165,5 мың м2 құрады.
Соңғы 3 жылда ТҮҚЖБ салымшыларының саны 4,2 есе өсті (40,2 мың салымшы), депозиттік қоржын сомасы 40%-ға өсті (23,2 млрд. теңге). Облыс тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы алынған пәтерлер саны бойынша өңірлер арасында көшбасшы болып табылады (2292 пәтер).
Сонымен бірге құрылыс жұмыстарының негізгі үлесі Ақтөбе қаласында жүргізілді. 2014 жылы аудандық облыстарда республикалық бюджет қаражаты есебінен есепте тұрғандарға арналған жалдамалы тұрғын үйдің (Әйтеке би, Ырғыз, Қобда, Темір, Ойыл, Хромтау аудандары), сондай-ақ Хромтау және Шалқар аудандарында жергілікті бюджет есебінен коммунальдық тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Аудандар қимасында ең көп құрылыс көлемі Ақтөбе қаласында (75,2%), Мұғалжар (4,3%), Темір (3,3%), Шалқар (2,8%), Алғы (2,7%), Хромтау (2,7%), Мартөк (2,6%) аудандарында байқалады. 2013 жылмен салыстырғанда көлемнің ұлғаюы Мұғалжар, Хромтау, Шалқар аудандарында байқалды.
Облыстағы баспаның 1 шаршы м үшін құрылыстың орташа нақты құны 65,9 мың теңгені құрайды, қайтадан сатылатын тұрмысқа жайлы тұрғын үйдің орташа құны 2014 жылы Ақтөбе қаласында 169,5 мың теңгені құрады.
Сонымен бірге, 2015 жылғы саланың даму жағдайларын мемлекеттің тұрғын үй құрылысының барлық бағыттарын белсенді инвестициялауды болжаумен байланысты қалыпты деп сипаттауға болады және тұрғын үй құрылыс жинақтары арқылы кредиттік тұрғын үй, әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін үй және жас отбасылар үшін кейін сатып алу шартымен жалға берілетін үй сияқты тұрғын үй құрылысының түрлеріне республикалық бюджеттен трансферттер, сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша кредиттік тұрғын үйдің енгізілуінің құлдырауын болдырмау мақсатында «ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй сияқты жаңа бағыттарды дамытуға ұлттық қор қаражаты бөлінген.
2015 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді тапсыру 297,5 мың ш.м. немесе 2014 жылыдң тиісті кезеңіне қатысты 101,1%-ды құрады, оның ішінде:
-Кезекте тұрғандар үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен жалға берілетін тұрғын үй. 2015 жылдың есептік кезеңінде тұрғын үйдің жалпы 2,368 мың ш.м. пайдалануға берілген (Мартөк, Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандарындағы 1, 2 және 10 пәтерлі тұрғын үйлер), бұл 37 отбасыны абаттандырылған тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
-Жас отбасылар үшін кейін сатып алу шартымен жалға берілетін тұрғын үй.
2015 жылы 2014 жылы Ақтөбе қ. «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алқабында құрылысы басталған, жалпы ауданы 15,6 мың ш.м. № 28 А,Б,В,Г жалға берілетін 234-пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру ескерілген. Тұрғын үйді пайдалануға беру ағымдағы жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр.
-Коммерциялық тұрғын үй.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 163,8 мың ш. метр немесе 1551 пәтер пайдалануға берілген.
-Жеке тұрғын үй.
Ағымдағы кезеңде жалпы ауданы 129,5 мығ ш.м. тұрғын үйлер немесе 946 пәтер пайдалануға берілді.
2015 жылы 100% деңгейден төмен емес рейтинг көрсеткіштерін орындау үшін облыс бойынша кем дегенде 476,5 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға енгізу қажет. Қалған үш айда 178,6 мың ш.м., оның ішінде 74,4 мың ш.м. бюджеттік тұрғын үйді, 77,7 мың ш.м. коммерциялық тұрғын үйді және 26,5 мың ш.м. жеке тұрғын пайдалануға беру қажет.
01.08.2015 ж. жай-күйі бойынша облыста 23 055 адам тұрғын үй жағдайын жақсартуға кезекте тұр. Кезектегілер саны Ақтөбе қ., Мұғалжар және Алға аудандарында көбірек байқалады (54-ші кесте).
54-кесте – Ақтөбе облысында тұрғын үй жағдайын жақсартуға кезектілікке тіркелген адамдар/отбасылар саны
№
|
Атауы
|
01.08.2015 жылға
|
1
|
Ақтөбе қ.
|
17 076
|
2
|
Әйтеке би
|
156
|
3
|
Алға
|
1 363
|
4
|
Байғанин
|
132
|
5
|
Ырғыз
|
|
6
|
Қарғалы
|
260
|
7
|
Қобда
|
256
|
8
|
Мартөк
|
505
|
9
|
Мұғалжар
|
1 759
|
10
|
Темір
|
387
|
11
|
Ойыл
|
173
|
12
|
Хромтау
|
542
|
13
|
Шалқар
|
446
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері
Достарыңызбен бөлісу: |