Бағдарламасы ақтау, 015 жыл мазмұны өңірдің әлеуметтік саласын талдау 46


Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау



жүктеу 3,34 Mb.
бет7/17
Дата15.05.2018
өлшемі3,34 Mb.
#13677
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

патриоттық өзіндік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті көтеруге бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді моделі (Әкімдік – облыстық жастар саясаты орталығы – ҮЕҰ) құрылды;

белсенді әлеуметтік және азаматтық ұстанымды және салауатты өмір салтын қалыптастыру, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамыту, жас таланттарды қолдау;

жастар саясаты жөніндегі іс-шараларға жастардың қатысу пайызы және ақпараттық жастар саясаты қызметінің саны артты;

қалаға кетіп жатқан ауыл жастарының деңгейі төмендеді (республика бойынша төменгі деңгей);

облыстағы жастардың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемінің өсуі тіркелді;

мемлекеттік органдардың жастардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының маңызды институттары: барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары құрылды.

Әлсіз тұстары:

бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төмен деңгейі;

аудандарда жастар инфрақұрылымы жеткілікті дамымаған;

жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы.



Қатерлер:

жастар арасында нашақорлықтың, діни экстремизмнің таралу мүмкіндігі;

жастардың іс-шаралары мен жобаларын жеткізе қаржыландырмау.

Мүмкіндіктер:

өңірде жастар саясатын іске асыруды жақсарту үшін «Жастардың жол картасы – 2015» бағдарламасын әзірлеу;

Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп.

Соңғы үш жылда облыс аумағында 14149 қылмыс тіркелді (2011 жылы – 3401, 2012 жылы – 4368, 2013 жылы – 6380, 2014 жылы – 6334).

2015 жылдың 8 айында 5371 қылмыс тіркеліп, 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (4250) қылмыстардың 26,4%-ға (немесе 1121 фактіге) төмендеуі байқалады.

Өңірдегі криминогенді жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында екенін атап өткен жөн.

2014 жылы облыс ІІД-нің бөлімшелері облыс аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант», «Нелегал», «Қаңғыбас», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Жасөспірім», «Назар аударыңыздар, балалар», «Қауіпсіз жол», «Такси», «Контрафакт», «Іздеу», «Пәтер», «»Айдап әкету», «Арна», «Мак» сияқты 60-тан астам жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді.

2014 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, облыс ІІД-нің жедел-қызметтік жұмысының бірқатар негізгі көрсеткіштерінің жақсаруға беталғаны көрінеді. 2014 жылдың қорытындысында 2998 (2012 жылы – 1945, 2013 жылы – 2583), оның ішінде 387 ауыр (2012 жылы – 305, 2013 жылы – 390) және 50 аса ауыр қылмыс (2012 жылы – 60, 2013 жылы – 60) ашылды.

Адам өлтіру саны – 38,9%-ға (2013 жылғы 36-дан 2014 жылы 22-ге дейін, 2012 жылы – 37), ауыр дене жарақатының саны – 15,0%-ға (40-тан 34-ке дейін, 2012 жылы – 48), қарақшылық саны – 32,3%-ға (353-тен 239-ға дейін, 2012 жылы – 366) және өзгенің мүлкін ұрлау саны – 0,4%-ға (3349-дан 3334-ке дейін, 2012 жылы – 2456) қысқарды.

Көшеде жасалған қылмыстардың саны – 23,8%-ға (993-тен 757-ге дейін, 2012 жылы – 1010), кәмелектке толмағандар жасаған қылмыстардың саны – 17,2%-ға (116-дан 96-ға дейін, 2012 жылы – 106), топпен жасалған қылмыстардың саны – 10,4%-ға (452-ден 405,-ке дейін, 2012 жылы – 402) және тұрмыс саласында жасалған қылмыстардың саны – 57,1%-ға (7-ден 3-ке дейін, 2012 жылы - 6) азайды.

Елді мекендердің қоғамдық орындары мен көшелеріндегі жедел жедел жағдайды тұрақтандыру ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені іске асырылуда. 2013 жылғы қарашада Маңғыстау облысында жол және патрульдік полиция бөлімшелерінің екі ірі саптық бөлімшесінің бірігуі болып өтті. Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің саны артты, патрульдік тексерудің бұрыннан бар бағыттары толықтай қайта қаралды, автопатрулдердің саны көбейді.

ІІД облысының аумағында 251, оның ішінде 159 жаяу патрульдеу бағытын, оның ішінде 6 стационарлық полиция пункті мен 72 автопатруль, 11 атпен патрульдеу бағытын, 3 «Шеп» тосқауыл жүйесiндегi арнайы бақылау бекеттерiн ұйымдастырды.

Бүгінгі күнге облыстың әкімшілік полициясының желісі бойынша 14 «Сақшы» отряды (58 адам), 18 студенттер отряды (145 адам), учаскелік полиция пункттері жанындағы 60 «Қоғамдастық кеңесі» (479 адам), полицияның 75 қоғамдық ерікті көмекшісі мен 49 консьерж қызмет етеді.

Қоғамдық құрамалардың қатысуымен 2014 жылда 360 (2012 жылы – 576, 2013 жылы – 443) әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың көмегімен 35 (2012 жылы – 30, 2013 жылы – 41) қылмыс ашылды.

Қоғамдық тәртіпті қорғауға, сондай-ақ қылмыстың жолын кесу мен ашуға қатысып үздік шыққан азаматтар ақшалай қаражатпен көтермеленеді. Қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысқан және ішкі істер органдарына жәрдем көрсеткен 109 азамат 1 млн. 994 мың теңге жалпы сомасында көтермеленді.

Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударуда.

Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 100 және 60 пәтерлік тағы 2 тұрғын үй Жаңаөзен қаласында ағымдағы жылғы желтоқсанда аяқталмақ.

Облыстың Жедел басқару орталықтарының техникалық жарақталуын жақсарту үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 314,5 млн. теңге бөлінді. Мәселен, Ақтау қаласы ІІБ-ның ЖБО үшін 40 бейнебақылау камерасы сатып алынып, орнатылды. Бүгінгі күнге Ақтау қаласы бойынша 114 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, оның 21 камерасы облыстық ҚАЖД-нің түзету мекемелері орналасқан аудандарда орнатылған.

Ақтау қаласы ІІБ ЖБО-ның операциялық залында соңғы үлгідегі «Planar» бейнеқабырғасы орнатылды.

Бүгінге Жаңаөзен қаласы бойынша 20 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Жаңаөзен қаласында 33 млн. 220 мың теңге сомасына 18 қосымша бейнебақылау камерасын орнату және қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 23016 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді (2013 жылы – 11039), 158 қылмыс ашылды (2013 жылы – 68).

Облыстың автожолдарында 2014 жылда 358 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (2012 жылы – 359, 2013 жылы – 436), оларда 103 адам (2012 жылы – 79, 2013 жылы – 106) қаза тапты және 451 адам (2012 жылы – 456, 2013 жылы – 572) жарақат алды. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО-ның саны 17,9%-ға, қаза тапқандар саны 2,8%-ға және жараланғандар саны 21,2%-ға төмендеді.

Облыс ІІД-нің Жол полициясы басқармасы авариялардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Мәселен, «Нұр Отан» ХДП облыстық филилалы өкілдерінің қатыуымен және БАҚ-ын тартумен облыс аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел-алдын алу және рейдтік іс-шаралары өткізілді.

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 2014 жылда Жол қозғалысы қағидаларын 109933 бұзушылықты (2013 жылы – 76379), оның ішінде көлік құралын мас күйінде айдаудың – 1888 (2013 жылы – 2143), қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 608 (2013 жылы – 727), белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың – 10256 (2013 жылы – 8764) және тағы басқа оқиғаларын анықтап, жолын кесті. Өрескел бұзушылықтардың үлесі 49,1% құрады (2013 жылы – 44,6%).

Облыс бойынша 2014 жылда барлығы 145925 құқық бұзушылық анықталып (2013 жылы – 112493), 1 млрд. 094 млн. 590 мың 042 теңге сомасына айыппұлдар салынды (2013 жылы - 787 млн. 346 мың 821 теңге), мемлекет кірісіне 755 млн. 637 мың 987 теңге өндіріліп алынды (2013 жылы – 595 млн. 370 мың 381 теңге).

Қазіргі кезде облыс орталығы Ақтау қаласының көше-жол желiсiнің ұзындығы 150,6 километрді құрайды, ол 10-15 мың автокөлік құралына есептелген. Автомобиль паркінің жыл сайынғы өсімі 5-6 мың бірлікті құрайды немесе 2010 жылдын бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде 35 мың автомашинаға артты.

Ақтау қаласының халқы 188 мың адам болғанда, әр үшінші тұрғынға бір автомашинадан, ал жолдардың әр километріне 500-ден астам автомобильден келеді (өзге қаланың тұғындары мен автомашиналарын есепке алмағанда). Ал, қауіпсіз және үздіксіз қозғалыс үшін белгіленген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, автобустар мен жүк көлігі құралдарын есепке алмағнда, жолдың бір километріне 130-дан аспайтын жеңіл автокөліктен келуге тиіс.

Бүгінгі күнге мейлінше авариялық қауіпті учаске «Жетібай-Жаңаөзен» республикалық маңызы бар автожолының 115-тен бастап 145 км-ді қоса алғандағы учаскесі болып табылады. Ондағы өту бөлігінің ені 6 метрді құрайды, бұл салдары ауыр ЖКО-ның болуына алып келеді. Көрсетілген автожол учаскесінде жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі 6 билборд орнатылды, сондай-ақ патрульдік полицияның құрамында 4 экипажы бар жасағының тәулік бойы патрульдеуі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қала шегінен тыс жолдардың барлық авариялық қауіпті учаскелерінде қозғалыс жылдамдығының режимі 60 км/сағатқа дейін шектелді.

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру.

Маңғыстау облысының аумағы түрлі техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлары туындайтын жерде орналасқан (жойқын жер сілкіністері, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, газ-ауа қоспаларының жарылысы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауында Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарының маңындағы аймақтарды су басу, қатты дауылды желдер, эпидемиялар және эпизоотиялық ошақтар және т.б).

Маңғыстау облысындағы Шетпе аулының (Маңғыстау ауданының әкімшілік орталығы) ауданындағы мүмкін төтенше жағдайлар жөнінде ескерту үшін жалпы ұзындығы 8 км 4 топырақ үйіндісі салынды, аталған ауданның әкімінің шешімі негізінде қызмет көрсетуге «Абат» ЖШС жауапты. Сондай-ақ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ АҚ) балансындағы Бозашы кен орнында Каспийдің қума толқындарынан қорғайтын екі қорғаныс бөгеті бар (ұзындығы – 46,6 км). Осы бөгеттерді жөндеу және күшейту жөніндегі барлық жоспарлы жұмыстар ММГ АҚ қаражатының есебінен «Ойл транспорт корпорейшэн» (ОТК) ЖШС-мен жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде Маңғыстау облысының аумағында газдың және мұнайдың жаңа кен орындарын іздеуді және игеруді қарқындатылуда. Бұл – Маңғыстау облысында таяу жылдарда мұнай өндірудің қарқынды өсуіне әкелетін, алдағы Каспий қайраңында көмірсутегі ресурстарын, жаңа теңіз кен орындарын кең ауқымда игерумен, Құрық (Қарақия ауданы), Сарытас (Түпқараған ауданы) жаңа порттарын, Ералиев-Құрық (шамамен 20 км), Маңғыстау – Форт Шевченко (140 км-ге жуық) теміржол учаскелерін салумен байланысты ерекшеленеді. Тиісінше Каспий теңізінің акваториясындағы табиғи көмірсутегілерді қарқынды игеру ғаламдық сипаттағы ТЖ-дың туындау мүмкіндіктерін арттырады.

017 «Өздігінен төгілетін гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау» бағдарламасының шеңберінде 90-нан астам мұнай ұңғымасы жойылды. Осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Қырық трассалық медициналық-құтқару пунктін құру бойынша жұмыс шеңберінде, Маңғыстау облысында екі пункттің құрылысы аяқталды: «Доссор-Ақтау» трассасындағы, Бейнеу ауылына жақын жердегі пункт – 2014 жылғы 16 қарашада пайдалануға берілді: «Ақтау-Жаңаөзен» және «Мұнайшы-Шетпе» жолдарының айрығындағы, Мұнайшы ауылына жақын жердегі пункт – 2014 жылғы 16 желтоқсанда пайдалануға берілді.

2014 жылғы 1 тоқсанда Жаңаөзен қаласындағы 6 шығар жолы бар өрт депосы пайдалануға берілді.

Су басу кезеңінде ТЖ-дан сақтандыру және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Қаламқас» кен орнындағы бөгетті нығайту мақсатында, 2014 жылы 115 545 мың теңге, оның ішінде күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге – 22 752 мың теңге; күрделі жөндеуге – 92 793 мың теңге ақшалай қаражат бөлініп, игерілді.

Жаңаөзен қаласының әкімдігі жұмылдыру резервін кезең-кезеңімен жаңартуды бастап, бұрын жоспарланған 300 дана жеке қорғану құралдарының 252 данасын 5 млн. 800 мың. теңге сомасына сатып алды.

Ақтау қаласының жағажай аймағында суда құтқару станциясын салуға жер учаскесі бөлініп, қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сондай-ақ:

- Мұнайлы ауданының Атамекен және Басқұдық ауылдарында;

- Ақтау қаласының 18 шағын ауданында 4 шығар жолы бар өрт деполарын салу үшін жер учаскелері бөлінді. Қазіргі кезде бас жоспар бекітілуде.

- 6 шығар жолы бар типтік өрт депосын салуға Ақтау қаласының №8 өнеркәсіптік аймағында №37 учаске бөлінді. Қазіргі сәтте типтік жобаның ЖСҚ-ын көрсетілген учаскеге байластыру жүргізілуде.

Ақтау қаласында жедел-құтқару жасағын құру мәселелері пысықталуда.



Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

ішкі істер органдарының, оның ішінде жол полициясының материалдық-техникалық жарақтандырылуының жыл сайын жақсаруы;

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ЖБО-ның ашылуы, көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы;

азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту;

Маңғыстау облысының аумағында стихиялық апаттардан сақтандыру және жоюдың ұйымдастырылуы.

Әлсіз тұстары:

әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың бір бөлігінің, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылмауы, тонау, ұрлық және өзге де пайдакүнемдік-зорлық қылмыстар санының өсуінің бір себебі болып табылады;

тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша тиімсіз шаралар (адам өлтіру мен денсаулыққа ауыр зардап келтірудің үштен бір бөлігі тұрмыстық жағдайда, мас кезде жасалады);

автомобиль паркі мен қазіргі замандағы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынынан асып түседі;

республикалық маңызы бар жолдардың айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта құрылымдауды, жүру бөлігінің енін кеңейтуді, олардың барьерлік қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдар да жақсартуды қажет етеді;

аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы әртүрлі ТЖ туындауына бейімдігі;

аумақта БН-350 атом реакторының болуы (егер жер сілкінісі болса, өңір тұрғындары үшін үлкен қауіп тудырады).

Қатерлер:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың толыққанды жүйесінің болмауы;

жол қозғалысына қатысушылардың, бәрінен бұрын жүргізушілерді даярлау жүйесін айтарлықтай жақсартуды қажет ететін көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібінің төмендігі;

Қазақстанмен шектесіп жатқан мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай миграциялық ағынға және оған ілеспе қылмыстарға, негізінен заңсыз есірткі, қару-жарақ айналымына, ұрлыққа ықпал етеді;

Маңғыстаудың жер қойнауында геодинамикалық белсенділік артты, бұл жер сілкінісіне әкеп соғуы мүмкін;

Каспий теңізінің қайраңындағы табиғи көмірсутегілерді игеруді қарқындату ғаламдық сипаттағы ТЖ туындау мүмкіндігін күрт өсіреді.



Мүмкіндіктер:

«мектептегі» полиция инспекторларының институтын одан әрі дамыту;

халыққа және азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып, құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жалпы мемлекеттік жүйесін құру;

көліктік инфрақұрылымды дамыту, облыстың автомобиль жолдарын реконструкциялау, салу және жөндеу;

жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарынан және террорлық актілер салдарынан тұрғындарды қорғау, техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін жетілдіру, өңірдің экономикалық әлеуетін сақтау.
2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау
2.2.3.1. Жолдар мен көлік

Облыс бойынша жүк тасымалдау көлемі 2011-2014 жылдарда 16,6%-ға өсіп, 2014 жылы 217,6 млн. тоннаны құрады (2011 жылы – 186,6 млн. тонна, 2012 жылы – 207,7 млн. тонна, 2013 жылы – 215,0 млн. тонна). Тасымалдау көлемі автомобиль (213,9 млн. тонна) және теңіз (3,63 млн. тонна) көлігімен қамтамасыз етілді. Тасымалданған жүктердің негізгі көлемі облыс орталығы – Ақтау қаласына келеді (82%).

2014 жылда облыстың жүк көлігімен 217 615,4 мың тонна жүк тасымалданды, бұл – 2013 жылдың тиісті деңгейінен 1,2%-ға жоғары.

Өңір бойынша жүк айналымы оң беталысқа ие, мәселен облыс бойынша өсу қарқыны 2014 жылы 103,5% құрады. Жүк айналымы 2011 жылғы 7596,4 млн тонна/км-ден 2014 жылы 8891,8 млн. тонна/км-ге дейін өсті. Жүк айналымының негізгі көлемі де Ақтау қаласына келеді (99%).

Жолаушылар айналымы негізінен автомобиль көлігімен қамтамасыз етілуде және ол 2011-2014 жылдарда 10%-ға артты (3666,9 жолаушы/км-ден 4036,2 млн. жолаушы/км-ге дейін). Облыстағы жолаушыларды тасымалдау бойынша негізгі көлем Ақтау қаласына келеді (73%).

2014 жылда 85 523,1 мың жолаушыны құрады, бұл – 2013 жылға қарағанда 0,05%-ға артық. Жолаушылар айналымы 4 036,2 млн. жолаушы/км-ді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу 0,1% құрады.

2015 жылдың 8 айында 56016,1 мың жолаушы тасымалданып, жолаушылар айналымы –2674,2 млн. жолаушы/км-ді, жүк айналымы – 5403,0 млн. ткм-ді құрады.

Автомобиль жолдары.

Маңғыстау облысындағы автомобиль жолдарының желісі республикалық және облыстық маңызы бар жолдардан тұрады. Жолдардың жалпы қашықтығы 2 586,2 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 033 км-ді, облыстық маңызы бар жолдар – 932 км-ді, аудандық маңызы бар жолдары – 621 км-ді құрайды. Маңғыстау облысындағы жолдардың қарқындылығы 1000 км-ге 13,3 км-ді құрайды, бұл көрші Ақтөбе (17,2), Атырау (18,6) және Батыс Қазақстан (30,3) облыстарына қарағанда төмен.

Қазақстанда асфальтталмаған немесе қиыршық тас төселген жолдардың орташа үлесі 41,3% болса, облыстағы республикалық төселмеген жолдардың жалпы қашықтығы 37,6% құрайды.

Өңір экономикасының дамуы, облыс аумағы арқылы жүк айналымын арттыру үшін, «Атырау-Ақтау» автомобиль жолының «Бейнеу-Шетпе», «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскелерін реконстукциялау бойынша жобаны іске асыру стратегиялық маңызға ие.

Жоғарыда көрсетілген Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконстукциялауды қаржыландыру мақсатында, 2011 жылы Азия Даму Банкімен (бұдан әрі – АДБ) жобаны 2015 жылға дейін іске асыру мерзімімен 1,2 млрд. теңге жалпы сомасында (800 млн. доллар – АДБ қарызы, 400 млн. доллар – РБ) шартты келісімге қол қойылып, бекітілді. Қазіргі кезде «Бейнеу-Шетпе», «Жетібай-Ақтау» учаскелерінде жобалар іске асырылуда.

Облыстық, аудандық маңызы бар және облыстың елді мекендерінің автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға, сондай-ақ олардың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 2015 жылы 7,8 млрд. теңге бөлінді.



Теміржол желісі.

Маңғыстау облысындағы теміржол желісі ҚТЖ-нің «Бейнеу - Өзбекстан шекарасы» (125 км), «Бейнеу – Ақжігіт» (90 км), «Бейнеу – Маңғыстау» (404 км), «Маңғыстау – Жаңаөзен» (178 км) учаскелерінен және Ақтау теңіз порты мен Маңғышлақ станциясы арасындағы «Каскор Транссервис» АҚ басқаратын учаскеден (18 км) тұрады. Маңғыстау облысының барлық теміржол учаскелері бір табанды және электрленбеген. Облыс шегіндегі барлық учаскелерде автоматты сигнал беру және телекоммуникация жүйесі орнатылған.

Жалпылай қолданылатын темір жолдарының жалпы республикалық пайдалану ұзындығындағы Маңғыстау облысының үлесі – 5,2%. Маңғыстау облысының темір жолдарының жиілігі – 1000 шаршы км аумаққа 4,73 км (республика бойынша – 5,41). Республикадағы темір жолдардың жиілігі және ұзындығы бойынша облыс 10 орында тұр.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту, Иранға және Парсы шығанағы елдеріне шығуды қамтамасыз ету мақсатында, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2009-2012 жылдары жалпы ұзындығы 471 км болатын «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін салу жөніндегі жобасы іске асырылды.

Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері 2013 жылғы мамыр айында Болашақ станциясы (Қазақстан) – Серхетяка станциясы (Түрікменстан) өткелінде елдер арасындағы тікелей темір жол қатынасын ашты. Осы дәліз жүк ағынының Қазақстаннан Түрікменстанға, одан әрі Парсы шығанағының елдеріне шығуын қамтамасыз етеді.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолын салатантты ашу рәсімі 2014 жылғы 3 желтоқсанда Түрікменстан Президентінің, Иран Президентінің және Қазақстан Президентінің қатысуымен болып өтті.

Қазіргі кезде «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы – Тассай станциясы учаскесінде салу жобасы іске асырылуда. Жоба мақсаты Қазақстанның Орталық өңірі мен Достық станциясын арақашықтықты 1200 километрге дейін қысқарту арқылы Қазақстанның Батыс өңірі мен одан әрі Еуропаға жүктердің тікелей шығуын қамтамасыз ету болып табылады.

2014 жылдың 22 тамызда «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жол желісінің жұмыс бабындағы қозғалысы ашылды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында, облыс үшін маңызды «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталды. 2014 жылғы қазандағы Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысының қатысуымен осы объект бойынша пойыздардың жұмыс бабындағы қозғалысы ашылды. Пайдалану кезеңінде 60 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Осы желі бойынша кейінгі жылдары жылына 8,0 млн. тонна жүк тасымалданады деп күтілуде

Теңіз жолдары.

Облыста Ақтау және Баутин екі порты жұмыс істейді, сондай-ақ мұнай экспорттау үшін Құрық портының құрылысы басталды. Қазіргі кезде теңіз көлігі саласының динамикалық дамуы байқалады.

Орташа алғанда, жыл сайын теңіз порттары арқылы шамамен 12,3 млн. тонна жүк ауыстырылып, тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл, бидай, контейнерлер, тасты тау жыныстары және жүктер құрайды. Бұл ретте, Ақтау порты экспорттық қатынаста жұмыс істесе, Баутин порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.

Қазіргі кезде порттар жоба қуаттылығының шегінде жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта Ақтау портының бұрыннан бар инфрақұрылымын қайта жаңғырту, Баутин портын одан әрі дамыту және Құрық портын салу жоспарлануда.

Ақтау теңіз сауда порты Ақтау қаласы орталығының оңтүстік жағында орналасқан және Қазақстандағы жалғыз халықаралық порт болып табылады. Негізгі ауыстырылып-тиелетін жүктер - шикі мұнай мен жүктер. Кеңес үкіметі кезінде 1963 жылы салынған порт ең алдымен мұнай экспорттады (1980 жылдардың басында жыл сайын шамамен 7 млн. тонна) және жүкті ауыстырып тиеу көлемі ешқашан 300 мың тоннадан аспады. Қазақстандық металлдарды, сондай-ақ Теңізшевройл (ТШО) компаниясының мұнайын экспорттауға байланысты тасымал көлемі 1995 жылдан өсе бастады. Жүктерге қызмет көрсету бойынша тиеу-жүктеу кешенінің мүмкіндіктері жылына 1,5 млн. тоннаға, ал мұнай 8 млн. тоннаға дейінгі деңгейге жеткізілді.

Ақтау порты ТРАСЕКА, Солтүстік – Оңтүстік атты үш халықаралық көлік дәлізінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 2014 жылы шамамен 10 268 мың тоннаны, оның ішінде 5 954 мың тонна мұнайды, 1 229 мың тонна болатты және 433 мың тонна басқа жүктерді құрады. Астық пен паромдық жүктерді ауыстырып тиеу көлемі тиісінше 686 және 1966 мың тоннаны құрады.

Жүктерді жалпы ауыстырып тиеудің жалпы көлемінің 2013 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өскені байқалады.

Ақтау порты арқылы ауыстырылып тиелетін мұнайдың 50%-нан астамы сауда флоты 6 меншікті және шамамен 20-сы жалға алынатын танкерден тұратын отандық «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы арқылы жеткізіледі. Бұл ретте, жүктерді тасымалдау толықтай шетелдік кеме компаниларымен қамтамасыз етіледі.

Кеңес Одағының уақытынан бастап Құрық порты Махачкаладан Ресейге тасымалданатын жүктерді Ақтау теңіз портына жібергенге дейін уақытша сақтау базасы ретінде болмашы рөл атқарды. Қазіргі кезде пайдаланылмауына қарамастан Ақтау портынан оңтүстікке қарай 75 км-де орналасқан зәкірге арналған объект әлі де сақталуда.

Құрық портының ауданындағы теңіздің тереңдігі 8 метрді құрайды. Құрық порты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен қосылу үшін Әзірбайжанға мұнай тасымалдау үшін жүк ауыстырып тиеу пункті ретінде белгіленген.

Теңіз портын және Құрық жұмысшы кентін дамытудың бас жоспары іске асырылуда. Бұл ретте, Құрық жұмысшы кентінің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы теңіз кен орындарын игеру бойынша толыққанды жұмыстар бастауға іс жүзінде дайын.

Паромдық тасымалдар үшін ауыстырып тиеу пунктін құру мақсатында, «Қазақтеңізкөлікфлоты» АҚ Құрық портында темір жол-паром кешенін салуға ТЭН әзірледі.

Теңіз портының 19 объектісінің ішінен қуаттылығы 40 мың тонна метал конструкциялары болатын «Ерсай» Каспий верфінің құрылысы аяқталып, жағалаулық инфрақұрылым объектілерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қосалқы станция мен электрлендіру желілері салынып, пайдалануға берілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай құю терминалының құрылысына ТЭН әзірлеуде. Резервуар паркі және мұнай құю терминалы бар «Ескене - Құрық» мұнай құбырын салу бойынша ТЭН әзірленген.

«Эни» компаниясымен бірге «Кеме жасау – кеме жөндеу зауыты» жобасы әзірленуде. Металл конструкцияларды өндіру бойынша зауыт пен теңіз табанын тереңдету флотының базасын салу үшін серіктестер мен инвесторлар іздестіру жүргізілуде.

Құрық портында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның паром кешенінің құрылысы басталды. Паром кешенінің жоспарланған қуаттылығы жылына 4,1 млн. тоннаны құрайды.

Қазіргі кезде Баутинде ұсталған теңіз кемелеріне арналған айлақтың (айып тұрағы) құрылысын жоспарлау басталды. Айып тұрағын салу жобасының құны (ТЭН) шарт бойынша 54,2 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі күнге ЖСҚ әзірлеу аяқталып, Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландыру мәселесін шешу үшін, жоба ҚР ККМ-не жолданды. Алайда, қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты қаржыландыру мәселесі министрлік тарапынан шешілмеуде.

Баутин порты – теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде пайданылып, мұнай өндіруші компаниялар үшін жүк (жабдықтар, құрылыс материалдары, жанар-жағармай материалдары және т.б.) ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутин портында негізінен Каспий теңізінің айдынын игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасқан.

Портта 2003 жылы «Теңіз Сервис» серіктестігінің тау жынысын түсіру бойынша айлақ кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, порт аумғында «Аджип ККО» серіктестігінің өндірістік базалары мен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-ның «Баутин жүк ауданы» бөлімшесі орналасқан. Қуаттылығы жылына 60 кеме болатын кеме жөндеу зауыты пайдалануға берілген.

Бұдан басқа, Сартас шығанағының жағалаулық инфрақұрылымын дамыту, теңіз операцияларын қолдау базаларын кеңейту және Түпқараған және Маңғыстау аудандарының (Таушық, Шетпе ауылдары) шикізат аумақтарынан құрылыс материалдарын жеткізудің жылдамдығы мен арақашықтығын қысқарту арқылы айлақтар салу мен жер бетіндегі коммуникацияларды дамыту арқылы перспективалары бар.



Көліктік инфрақұрылым бойынша SWOT-талдау:

Маңғыстау облысы стратегиялық маңызды халықаралық транзиттік теңіз торабы болып табылады. Осыған байланысты, облыстағы көлік инфрақұрылымының дамуына баса назар аудару керек. Өңір бойынша инфрақұрылымды жақсарту бойынша оң беталыс байқалады.



Мықты тұстары:

облыс аумағы арқылы «Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің өтуі үшін, оңтайлы географиялық орналасуына қарай маңызды транзиттік әлеуетінің бар болуы.



Әлсіз тұстары:

облыстағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде бірқатар аумақтардың (Түпқараған ауданы, Қарақия ауданының шекара бойындағы аумақтары) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, темір жол қатынасының болмауы;

транзиттік автомобиль жолдарының көптеген учаскелеріндегі жолдар мен инфрақұрылым жағдайының халықаралық және ішкі стандарттарға сай келмеуі.

Қатерлер:

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы.

облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.

Мүмкіндіктер:

транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде облыстыі дамуы.


2.2.3.2. Ақпарат және коммуникациялар

2009 жылдан бастап жергілікті желілер құрылды, облыс әкімдігінің жергілікті желілерінде жұмыс істейтіндердің саны 1250 адамды, бұл пайыздық қатынаста облыс бойынша жалпы штат санының 100%-ын құрайды. Жергілікті атқарушы органдардың барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін Бірыңғай көлік ортасы жұмыс істейді. Бірыңғай көлік ортасын «Kazsatnet» АҚ ұсынуда.

Маңғыстау облысының ақпараттық телекоммуникациялық инфрақұрылымын құру және оны қамтамасыз ету бойынша кешенді шешімді іске асыру мақсатында, бүкіл облысты бірыңғай желіге қосуды қамтамасыз ететін серверлік телекоммуникациялық жабдық сатып алынды. Облыс әкімдігінің ғимаратындағы орталық сервердің және қалалық әкімдіктің ғимаратындағы резервті МӨО құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Әкімдікке ведомстволық мемлекеттік мекемелердің ішінде, соның ішінде аудандық, ауылдық округтерде 2011 жылдан бастап байланыс операторлары бөлген IP-VPN желілерін жалға алу арқылы әкімдіктің орталық серверіне қосылатын жергілікті желілер орнатылуда.

Бүгінгі күнге «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін енгізілді, оның аясында жергілікті атқарушы органдардың барлық лицензиялары мен мейлінше талап етілетін рұқсат беру құжаттарын электрондық пішінге көшірілді.

Әкімдік қызметкерлерінің компьютерлеріне және серверге вирусқа қарсы бағдарламалар сатып алынып, орнатылды.

Облыс әкімінің өңір деңгейінде облыстардың және облыстың қалаларының, аудандарының әкімдіктерімен бейне селекторлы кеңестерді өткізу мүмкіндіктерін қамтитын бейнеконференциялық байланыс жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.

Облыс барлық мемлекеттік мекемелерінде электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі енгізілген.

«Е-Region» ресурстарды басқарудың бағдарламалық кешені арқылы облыстағы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін паспорттау жүргізілді.

Облыс әкімдігінің ресми сайты жұмыс істейді (www.mangystay.gov.kz). Құрылған сайтпен 78 ақпараттық қызмет және 2 интерактивті қызмет көрсетіледі.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың ресми сайттары әзірленіп, жұмыс істейді.



Телекоммуникация және байланыс.

2014 жылы байланыс қызметтерінен түсетін кіріс бойынша оң беталыс байқалады. Байланыс қызметтерінің НКИ 2014 жылы 123,5% құрады (2013 жылы – 94,9%, 2012 жылы – 107,6%, 2011 жылы – 122,2%).



1

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2010 жыл

2011

жыл


2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2

Байланыс қызметтерінің көлемі

млн. теңге

6574,0

7883,3

8089,0

7843

9691,2

Жергілікті телефон байланысының деңгейін цифрландыру 100%-ға жетті.

Облыс бойынша телефон байланысының тіркелген желілерінің тығыздығы 2014 жылы 17,1%-ға, интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік тұтынушыларының тығыздығы 2014 жылы 100 тұрғынға шаққанда 8,9% құрады.

Халық саны 1000 адам және одан артық болатын облыстың барлық елді мекендері 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

2012 жылы халықты «OTAU TV» ұлттық спутниктік телехабар тарату желісіне қосу басталды. Облыстың барлық елді мекендерінде «OTAU TV» қондырғылар бар. Тексеру актілерінің деректері бойынша, ЖЦТТ қызметтерімен елді мекендерді қамту мынаны құрайды: үй шаруашылығының барлығы: 118 503, 112994 үй шаруашылығы ЖЦТТ қызметтерімен қамтылды, яғни 95,4%.

Жергілікті бюджеттен 2012 жылы аз қамтылған 275 отбасына қосуға 9,1 млн. теңге бөлінді. Облыс бойынша аз қамтылған отбасылардың саны 1038-ді құрайды. Қалған 763 аз қамтылған отбасына «OTAU TV» ұлттық теледарлама желііне қосуға 2013 жылы 24,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде абоненттерді қосу аяқталуда

Маңғыстау облысы бойынша пошта байланысының 40 бөлімшесі мен 20 пункті жұмыс істеп, қызметтер көрсетеді.



Ақпараттық инфрақұрылым, телекоммуникация және байланыс бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы ақпараттық-телекоммуникациялық желілердің дамуы;

жұмыс сапасының және мемлекеттік органдар қызметі ашықтығының көтерілуі.

Әлсіз тұстары:

қалалық және аудандық деңгейде ЭҚАБЖ мен бірыңғай көлік ортасының жеткілікті дамымауы;

жоспарлар мен өзге әлеуметтік маңызды жобалардың орындалуын қолда бар қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бақылау жүйесі дамуының сәйкессіздігі.

Мүмкіндіктер:

ақпараттық жүйелердің одан әрі дамуы, жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігінің көтерілуі;

мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлері арасындағы өзара байланысты жүзеге асыруға уақыттың қысқаруы.

Қатерлер:

ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі іс-шараларды жеткізе қаржыландырмау;

веб-сайттарды уақытылы жаңартпау, қолда бар жүйелерді тиімсіз пайдалану.
2.2.3.3. Құрылыс

Маңғыстау облысында 2014 жылы 593 құрылыс ұйымы өз қызметін жүзеге асырды (2011 жылы – 402, 2012 жылы – 765). Орындалған мердігерлік құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылы 172,1 млрд. теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың деңгейінен 1,1 есе асып түседі.

Облыс ЖӨӨ-нің құрылымында құрылысы 6,6% алады (2013 жыл). Құрылыс саласының жалпы республикалық көлемінде облыс 5,9% алады. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар бойынша облыс ҚР-да 4-орын алады – 33,1 млрд. теңге (2013 жыл).

Өңірдегі инвестициялардың жалпы көлеміндегі саланың үлесі 2013 жылы – 7,5% (33,122 млн. теңге), 2014 жылы – 5,2% (27,600 млн. теңге), 2015 жылдың 8 айында – 8,4% (13,260 млн. теңге) құрады.

Облыстың барлық аудандарында құрылыс жұмыстары белсенді дамуда.

Маңғыстау облысында 2012-2014 жылдарда 1371,14 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл – жалпы республикалық көлемнің 7,8%-ын құрайды.

Тұрғын үймен қамтамасыз етілудің қазіргі әлеуметтік нормасы бойынша 1 тұрғынға 18 шаршы метрден келеді. Қамтамасыз етілу Жаңаөзен және Ақтау қалаларында 18 шаршы метр, облыстың ауылдық жерінде 17 шаршы метрді құрайды.

Қазіргі кезде облыстың барлық елді мекендері жаңартылған қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілген (Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары).

Облыста тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 90 мың теңгені, оның ішінде Ақтау қаласында – 115 мың теңгені, Жаңаөзен қаласында – 90 мың теңгені құрайды.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында Маңғыстау облысында 2012-2014 жылдарда 142 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде өңірде 2 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2015 жылдың 10 айында 7,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (128 отбасы).

Осыған қарамастан, тұрғын үйге мұқтаж халық саны 2012 жылғы 12 013 адамнан 2014 жылы 12 748 адамға дейін өсті. Халықтың жылдам өсуіне және өңірге көші-қон ағынының жоғары болуына байланысты, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны артты.

Саланың дамуын шектейтін негізгі проблема, жеткізілген инженерлік инфрақұрылымы бар учаскелердің жоқтығы болып табылады. Инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, облыстағы коммуникациялар салуды қаржыландырудың қазіргі көлемінің қажеттілікті қамтамасыз етпейтінімен байланысты. Басқа бір маңызды әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандардың тұрақты өсуі болып табылады.



Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

соңғы жылдары мердігерлік жұмыстардың, жеке тұрғын үй салудың көлемі өсті;

азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділік деңгейі өсуде (тұрғын үй салудың дамуының негізгі көрсеткіші жылына бір адамға шаққандағы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші болып табылады). Облыста 2013 жылы бір адамға 0,91 шаршы метр пайдалануға берілді (мейлінше дамыған елдерде бұл көрсеткіш жылына бір адамғ шаққанда шамамен 1 шаршы метр болып келеді);

мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында әлеуметтік объектілердің құрылысы іске асырылуда.



Әлсіз тұстары:

жеке тұрғын үй салушылар үшін жеңілдетілген кредиттер көздестірілмеген.



Мүмкіндіктер:

жалдамалы (коммуналдық) тұрғын үй салуды қамтамасыз ету;

кредиттік тұрғын үй салу және сатып алынған тұрғын үй есебінен халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

тұрғын үй салу аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.



Қатерлер:

құрылыс жұмыстарының тоқтауы, жұмыс жүргізу кестесінен қалып қою, бюджет қаражатының игерілмеуі;

отандық құрылыс материалдарының шетелдіктермен (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) салыстырғанда қымбат болуы, құрылыс саласының құлдырауы.


2.2.3.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Электрмен жабдықтау.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС облыстағы электр энергиясын өндіретін жалғыз кәсіпорын және облыс тұтынушыларының 90%-дан астамын энергиямен жабдықтайтын ұйым болып табылады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Маңғыстау облысын электр энергиясымен, ал Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан аудандарды ауыз сумен және жылу электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын өндіру бойынша энергия кешенінің орнатылған қуаттылығы 1342 МВт, болжалды қуаттылығы - 980 МВт, жылу энергиясы - 1101 Гкал; тұщыту сүзу құрылғылардың болжалды қуаттылығы (СТҚ) 2825 сағат/тонна құрайды, ауыз суды дайындау бойынша - 70 мың текше метр/тәулік құрайды. 2009 жылы кәсіпорынмен 2008 жылға қарағанда 4018,6 млн. сағат кВт. өндірілді немесе 97,7%. 2011 жылы электр энергиясын өндіру 4 506,3 млн. сағат кВт көлемінде өндірілді. Облыстың елді мекендерін электрлендіру 100%-ға жеткізілді.

Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығына байланысты экономиканың қарқынды өсуі энергия ресурстарын тұтынудың күрт өсуіне алып келді. Өңірдің тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етуінің сенімді кепілі – электр желісі объектілерін және электр өндіру көздерін озық дамыту болып табылады. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің базасында қуаттылығы 250 МВт бу-газ энергия блогын салу мәселесі қаралуда.

Электр энергиясын облыстың қалалары мен аудандарына тасымалдау «Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның (МЭТК), Ақтау қаласы бойынша «АЭЖБ» МКК-ның электр желілері бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 8941,63 км-ді құрайды. Желілердің тозуы облыс бойынша 61,0% немесе 5454,39 км-ді құрады. Желілер тозуының мейлінше жоғары дәрежесі Маңғыстау ауданында (егер ондағы тозу 2012 жылы – 53%, 2013 жылы – 57% құраса, 2014 жылы – 61% құрады), Ақтау қаласында (2012 жылы – 22,8%, 2013 жылы – 48,3%, 2014 жылы – 47,8%); Түпқараған ауданында (2012 жылы – 28%, 2013 жылы – 32%, 2014 жылы – 36%); Жаңаөзен қаласында (тиісінше - 39%, 30%, 30%) байқалды.

АДБ қолданылған 2011-2015 жылдардағы кезеңде облыста электрмен жабдықтаудың бұрыннан бар желілеріне және трансформаторлық пункттерге (ТП) ағымдағы және күрделі жөндеу, сондай-ақ реконструкциялау жүргізілді.

Мәселен, кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен облыс бойынша 693,55 км байланыс желілері мен 592 трансформаторлық пункт жөнделді. Республикалық бюджет есебінен 211,562 млн. теңге сомасына Ақтау қаласындағы бір трансформаторлық 20 қосалқы станцияны екі трансформаторлық қосалқы станцияға ауыстыру арқылы реконструкциялау жүргізілуде. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында 300 млн. теңге сомасына бұрыннан бар трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату пункттерін реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде. Электр энергиясын есептеу құралдарымен 100% жарақталуға қол жеткізілді.

Ірі мұнай тұтынушыларының электрлік жүктемелерінің өсуін және сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, «МЭТК» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарлама әзірледі. Ол өңірді сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау үшін электр желілерінің жеткілікті өткізу қабілетін қамтамасыз етуге және резервтік авариялық схемаларды құруға мүмкіндік береді.

Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында, Маңғыстау облысының әкімдігі облыстың ірі энергетикалық кәсіпорындарымен энергия үнемдеу саласында жұмыс жүргізуде. Бұл кәсіпорындар «МЭТК» АҚ, «АЭЖБ» МКК объектілеріндегі жабдықты жөндеу, жаңғырту, энергия тасушыларды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға беру, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдейтін лампалар пайдалану бойынша іс-шаралар көздестірілген энергияны үнемдеу жөніндегі кешенді жоспарлар әзірледі.

Ақтау қаласы бойынша электр энергиясын берумен және тартумен айналысатын «АЭЖБ» МКК ЭТБЕАЖ енгізу жұмыстарын бастады. Дәлдік классы 0,25-0,5 электр есептеуіштер орнатылатын болады, бұл – тұтынылған электр энергиясын өлшеу дәлдігін көтеруге мүмкіндік береді. Іске асыру кезеңі – 2014-2015 жылдар. Тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы ақы төленбеген жағдайда энергия тұтынуды қашықтан шектеуге және тұтынушыны токтан ажыратуға мүмкіндік беретін есепке алу аспабы енгізілмек.

Ақтау қаласындағы 108 қосалқы станцияда СЖ АБЖ (сыртқы жарықтандырудың автоматтандырылған басқару жүйесі) орнатылды.

Телеметриялық жабдық пен көптеген тарифтік есепке алу аспаптарын орнату, көшедегі жарықтандырудың жану уақытын қысқартуға және сараларнған тарифтер мен нақты тұтыну бойынша ақы төлеуге мүмкіндік берді.

Тұрғындар арасында электр энергиясын үнемдеуді насихаттау мақсатында «Лада», «Тумба», «Огни Мангистау» сияқты жергілікті газеттерде энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұтымды және тиімді пайдалану, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша мақалалар жариялануда.



Жаңартылатын энергетика. Бүгінге энергияның жаңартылатын көздерін пайдалана отырып энергетиканы дамытуға үлкен назар аударылады. Тұтастай алғанда, Маңғыстау облысының жақсы жел әлеуеті бар. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының мамандарымен біздің облыстың жел әлеуетін бағалау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіп, жел электр станциясын салу үшін Түпқараған ауданында алаң таңдалды. Форт Шевченко жоғары жел жүктемелерінің аймағында орналасқан, бұл электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалануға мүмкіндік береді. Облыс әкімдігі жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Toshiba компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірге, электр энергиясын өндіру 20-дан 42 МВт-қа дейін кеңейтілетін ЖЭС салу үшін Түпқараған ауданында, Форт-Шевченко қаласына жақын жерден жер учаскесін бөлу мәселесін шешуде. Қазіргі сәтте жер учаскесін бөлу мәселесі шешілуде.

Сондай-ақ, осы ауданда «SWP» ЖШС іске асыратын, қуаттылығы 42 МВт ЖЭС салу жоспарлануда.

«Energy Worldwide Holding» компаниясы облыстың Қарақия және Маңғыстау аудандарында жалпы қуаттылығы 100 МВт ЖЭС салуды жоспарлауда.

Форт-Шевченко қаласы әкімінің 10.01.2014 жылғы №03 шешімімен «Evrasian invest group» ЖШС-не 5 жыл мерзімге 100 га жер учаскесі бөлінді.

«БОГАРТ» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) «Маңғыстау облысының «Форт-Шевченко қаласында қуаттылығы 50 МВт ЖЭС-ын салу» жобасын әзірлеуге кірісті. Серіктестік ЖЭС-ның құрылысын 2017 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлауда, бұл ЖЭС-ын EXPO – 2017 объектісі ретінде экспонаттауға мүмкіндік береді.

Жылумен жабдықтау. Облыс бойынша 100 Гкал-дан асатын барлығы 3 бірлік, оның ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қазандықтары, «Өзенжылу» МКК-ның қазандығы бар. 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтар саны – 126 бірлік.

Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғыстау ауылында орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 51% құрайды.

Ақтау қаласында жылумен жабдықтау «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның қазандықтарымен қамтамасыз етіледі.

Жаңаөзен қаласында жылумен жабдықтау «Өзенжылу» МКК-ның орталық қазандығымен жүргізіледі.

Аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жылу көзі ретінде автономды қазандықтар мен газ қазандары қолданылады. Оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру экономикалық тиімсіз.

Коммуналдық меншіктегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 779 км. Желілердің тозуы 54% құрайды.

Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін және жылу энергиясының жоғалуын азайту үшін, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2012-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарлама аясында 4 құбырлы жүйеге ауыстыру және қаланың 365 қоғамдық және тұрғын ғимараттарында жеке жылу пункттерін орнату арқылы бұрыннан бар жылу желілерін реконструкциялау және кеңейту жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік саланың және көп қабатты тұрғын үйлердің барлық обьектілері жылу энергиясын есептеу құралдарымен 100% қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау жүргізілуде, ол 4 кезеңге бөлінген. Жұмыстардың 1, 2, 3-кезеңдері 100%-ға орындалды, 4-кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы объекті 2010 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асырылуда.

Бүгінгі күнге Ақтау қаласының жеке тұлғаларына 53 жылу энергиясын есептеу құралы орнатылды. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС сатып алу бойынша өнім берушіні таңдау жұмысын жалғастырып жатыр, оны анықтау 2014 жылдың соңына жоспарлануда. Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментінде үшжақты жария шарт келісу сатысында.

Заңды тұлғаларға 283 жылу энергиясын есепке алу құралы орнатылды. Бүгінгі күнге заңды тұлғалардың есепке алу құралдарымен жарақтандырылу үлесі 85%, жеке тұлғалар бойынша 2,7% құрайды.

ЕЖДБ қарыз қаражаты есебінен «КЖСА» МКК Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесіне жаңғырту жүргізуді жоспарлауда. Кредиттік шарт қол қою сатысында. Осы жобаның аясында шамамен 66 км жылу желісін реконструкциялау, әр ғимаратта жылу есептеуіш құралдары бар автоматты жеке жылу алмастырғыштар орнату, яғни, 334 ғимаратты «ашық» жүйеден «жабық» жүйеге ауыстыру жоспарланған. Осы жобаны іске асыру энергия үнемдегіш оқшаулауалды құбырларын пайдалана отырып, Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік бермек.

2010 жылы – 33,7 км, 2011 жылы – 31,2 км, 2012 жылы – 21,9 км, 2013 жылы – 13 км, 2014 жылы – 12 км, 2015 жылы – 34, км жылу желісі ауыстырылды.

Жылумен жабдықтау желілерінде орын алған авариялар мен өшірулер саны 2010 жылы – 698 бірлікті, 2011 жылы – 616 бірлікті, 2012 жылы – 484 бірлікті, 2013 жылы – 460 бірлікті құрады. Олардың саны 2014 жылы 425 бірлікке төмендетілді, 2015 жылы 360 бірлікке төмендетілетін болады.

Газбен жабдықтау.

Қазіргі таңда облыстың елді мекендері газбен 100% қамтылған.

Облыстың тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, республиканың басқа өңірлеріндегі газбен қамтушы ұйымдардың жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ базасында көрсетілетін қызмет тарифін реттейтін, желілерді реконструкциялау және жөндеу бойынша бірыңғай техникалық саясат жүргізетін газбен жабдықтау және тарату бойынша бірыңғай оператор құрылды.

Қазіргі кезде Газбен жабдықтау желілерін дамыту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленді, онда газбен жабдықтау желілерін реконструкциялау, жаңғырту және жаңа желілерді салу көздестірілген.

Маңғыстау облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 2615,1км-ді құрайды, олардың барлығы облыстың бірыңғай газ операторы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның республикалық меншігінде тұр. Желілердің тозуы 70% құрайды.

Қалалық жердегі сумен жабдықтау.

Өңір шөлейтті аймақта орналасқан, су ресурстары өте аз. Облыстың табиғи байлықтарын игеру, экономиканың қарқынды дамуы үшін жеткілікті жағдай құру сапалы судың көп көлемін қажет етеді. Бүгінге облыстың тұщы суға деген қажеттілігі негізінен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің су тұщыту қондырғыларымен, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышы бойынша тасымалданатын еділ суымен қамтамасыз етіледі.

Облыс бойынша барлығы 3 қала бар – Ақтау, Жаңаөзен және Форт-Шевченко.

Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 98,5%-ды, дәлірек айтқанда Ақтау қаласы бойынша – 100% («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Құйылыс кен орны), Жаңаөзен қаласы бойынша 95% (Астарахань-Маңғышлақ, Түйесу, Сауысқан кен орындары) құрайды. Форт-Шевченко қаласы бойынша сумен жабдықтау көзі орталықтандырылған емес (Кетік кен орны, Баута зауыты).

Облыстың қалаларындағы коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 1460,5 км-ді құрайды. Су құбырлары желілерінің 679,4 км-і немесе 55,2%-ы тозған. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Ақтау қаласы желілерінің тозуы құрайды - 78% немесе 315,37 км. ҚЕМ бойынша судың нақты шығысы 4395,7 текше метрді құрайды.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК ЕЖДБ-нің қарыз қаражаты есебінен Ақтау қаласының № 1, 2, 3, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандарының су құбырлары желілеріне реконструкциялау жүргізуге шарт жасасты. Жобалардың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. Жобаның сметалық құны – 1,215 млрд. Республикалық бюджеттен 2013 жылы – 500 млн.теңге, 2014 жылы – 307,4 млн. теңге бөлінді және жергілікті бюджеттен – 165,5 млн. теңге, республикалық бюджеттен 2015 жылы – 212 млн. теңге бөлінді. Обьектіні 2015 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Приморский тұрғын жай алабын сумен жабдықтауды, Форт-Шевченко қаласының ауыз су құбырын салуды 2014 жылы, Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарының сумен жабдықтау жүйесін салуды 2015 жылы аяқтағаннан кейін облыстағы қала халқын 100% сумен жабдықтауға қол жеткізілмек.

2012 жылы 185 км су құбырлары желілері салынып, 1,175 км канализация желілері реконструкцияланды. 2013 жылы 28,44 км су құбырлары желілері салынып, 25,3 км су құбырлары желілері және 7,2 км канализация желілері реконструкцияланды. 2014 жылы 78,36 км су құбырлары желілері салынып, 24,8 км су құбырлары желілері және 7,2 км канализация желілері реконструкцияланды. 2015 жылы 419,27 км су құбырлары желісінің құрылысы және 3,7 км су құбырлары желісін және 9,4 км канализация желісін реконструкциялау жүргізілуде.



Ауылдық жердегі сумен жабдықтау.

Облыс бойынша барлығы 28 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Түйесу, Сауысқан, Құйылыс, Торорпа, Онды, Шайыр кен орындары), 24 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады (Сам, Қарағайлы, Аққұдық, Ақмыш, Сауысқан, Ұланақ, Тұщыбек, Бекі, Боздақ кен орындары), 5 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады (Басқұдық кен орны).

Облыс бойынша тұтастай алғанда, ауылдық елді мекендердің 46,7%-ның орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар.

Ауылдық елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 495,14 км-ді құрайды. 104,32 км немесе 21% су құбырларының желісі тозған. АЕМ бойынша судың нақты шығыстары 193,3 мың текше метрді құрады.

2012 жылы – 185 км, 2013 жылы – 28,44 км, 2014 жылы – 78,36 км су құбырлары желілері салынып, 2015 жылы 419,3 км желілердің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен бірге, өңірді сумен жабдықтау саласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер ететін бірқатар проблемалар бар.

Негізгі проблема – халық пен экономиканы тұрақты өсуіне қарай облыстағы бұрыннан бар су тапшылығы. Бұл проблеманы, инфрақұрылымының, дәлірек айтқанда облыс үшін негізгі су көзі болып табылатын «Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышының тозуы да қиындата түседі.

Бұдан басқа, ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтымау да проблема болып табылады. Ол халықтың сапалы ауыз суға қолжетімділігін қиындатады. Өңір экономикасы үшін шектеулер Кендірлі курортты демалыс аймағындағы және Қаламқас және Қаражанбас сияқты ірі мұнай-газ кен орындары орналасқан Бозашы жарты аралындағы су тапшылығының жоғарылығы болып табылады.



Су бұру.

Су бұру және ақаба суларды тазарту жүйелерімен Ақтау мен Жаңаөзен қалалары ғана жабдықталған. Облыс бойынша 31 канализациялық құрылыс жұмыс істейді. Коммуналдық меншіктегі канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 403,8 км-ді құрайды, оның 302,26 км-і ауыстыруды қажет етеді. Канализация желілері 30 жылдан астам пайдаланылуда, және олардың 79%-ы, канализациялық сорғы станциялары 80%, канализациялық тазарту құрылыстары 90% ескірген.

Бүгінгі күнге су шаруашылығы және канализациялық жүйелер қызметтерін көрсететін кәсіпорындардың көпшілігі қаржылық орнықтылықтың төменгі дәрежесіне ие және шығынды болып табылады. Осы жағдайда кәсіпорындардың су шаруашлығы және (немесе) канализациялық жүйелер қызметтеріне арналған тарифтері мен халықтың табысының арасындағы айырмашылық проблема болып қалуда (осы кәсіпорындардағы менеджмент деңгейі есепке алынбайды).

Ақтау (КТҚ-1, КТҚ-2) және Жаңаөзен (КТҚ) қалаларында орталықтандырылған су бұру пайдаланылады.

Халықтың орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі 93,1% құрайды. АЕМ-дерде көбінесе септиктер орналастырылатын ЖТС салынған (бір және екі қабатты жеке үйлер/коттедждер).

«Каспий жылу, су арнасы» МКК ЕЖДБ-нің қарыз қаражаты есебінен 3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандарындағы ұзындығы 24,1 км болатын өзі ағатын канализациялық желілерді, №12 көше бойындағы өзі ағатын коллекторды және КСС – 1а, 2, 5, 10 арынды коллекторларын қайта құрылымдауға арналған шарт жасасты. Жоба 2014 жылдан бастап іске асырылуда, республикалық бюджеттен 2014 жылы – 254,180 млн. теңге, 2015 жылы – 212,176 млн. теңге бөлінді. Обьект 2015 жылға өтеді.

2010 жылы – 3,7 км, 2011 жылы – 7,1 км, 2012 жылы – 2,4 км, 2013 жылы – 30,445 км, 2014 жылы – 4,2 км су бұру желісі ауыстырылып, 2015 жылы 4,5 км су бұру желісін ауыстыру жүргізілуде.

Нәтижесінде, су бұру желілеріндегі авариялардың төмендеуі жыл сайын байқалуда: 2012 жылы – 2891 бірлік, 2013 жылы – 2024 бірлік, 2014 жылы – 2005 бірлік. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Жаңаөзен қаласының желілері құрайды.



Тұрғын үй қоры.

Облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 4 087 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке меншік 98,5% құрайды.

Тұрғын үй қорының көп бөлігі – 1960-1970 жылдары салынған панелді, блокты және кірпіш үйлер.

Кондоминиум объектілерінің (көп пәтерлі үйлердің) жалпы саны 1394 объектіні (4087 мың шаршы метр) құрайды, оның ішінде 353 кондоминимум обьектісі тіркелген. Облыстың тұрғын үй қоры мейлінше жоғары тозу дәрежесімен сипатталады. Қазіргі кезде 1 158 мың шаршы метрден астамы немесе 19,4%-ы күрделі жөндеудің кейбір түрлерін жүргізуді қажет етеді және 104 үй (23,24 мың шаршы метр) немесе 2,2 пайызы тұру үшін жарамсыз үй ретінде бұзуға жататын апатты үйлер болып табылады.

Шатырларға байланысты аса ауыр жағдай Ақтау және Жаңаөзен қалаларында орын алуда. Соңғы жылдары жауын-шашынның мөлшері артты. Үйлердің шатырларының конструкциялары қорап тәрізді және нөсер жаңбыр жауған жағдайда бассейнге айналады. 80-100 мм диаметрде жасалған суағарлар судың жақсы ағуына мүмкіндік бермейді, соның нәтижесінде көптеген үйлердегі шатырлар іс жүзінде апатты жағдайда. Үйлердің қасбеттері мен кіреберістері де ағымдағы жөндеу жүргізуді қажет етеді.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесінің төмендеуі «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізілуде.

Мәселен, 2011 жылы Мұнайлы ауданында 1 үй жөнделді. Маңғыстау облысы бойынша 2012 жылы 21 үй жөнделді. 2013 жылы жөнделген үйлер болған жоқ. Ақтау қаласында 2014 жылы 11 үй жөнделіп, 2015 жылы Ақтау қаласында 20 үйді жөндеу жүргізілуде.

Облыстың тұрғын үй қорының негізгі проблемасы тозуың көптігі, сондай-ақ авариялық тұрғын үйлердің бар екендігі (2,2%) болып табылады.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың елді мекендерін электрлендіру мен газдандыру облыста 100%-ға жетті;

«Ақбұлақ» бағдарламасының аясында сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау;

энергия үнемдеу бағдарламасы іске асырылуда.



Әлсіз тұстары:

жылумен, сумен жабдықтау объектілерінің негізгі қорларын жаңартудың жеткіліксіз деңгейі;

электр желілерін, газ құбырларын және жылу желілерін реконструкциялауды, жаңғыртуды және дамытуды қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Қатерлер:

табиғи газды беру құны бағасының ұдайы өсуі энергия ресурстарына арналған тарифтердегі отын құрамдас бөлігінің артуына әкеледі.

тозған су тұщыту жабдығының жағдайында электр энергиясы мен судың барлық түрлерін тұтыну көлемінің өсуі, терең тазартылған дистилляттың тапшылығына әкеледі;

МАЭК қуаттылығы қорының 2015 жылға қарай 200 МВт дейін түгесілуі.



Мүмкіндіктер:

көлденең-құбырлық пленкалы буландырғыштардың негізінде су тұщыту қондырғысын салу, энергиялық-технологиялық бу генераторларының қосымша суын және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін ауыз су сапасындағы суды дайындау үшін жарамды жоғары сапалы дистиллят өндірудің қажетті көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жөндеу;

жел генераторлары мен күн батареялары сияқты аз қуаттылықтарда электр энергиясының жаңартылатын көздерін дамыту;

энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі іс-шараларды өткізу.


жүктеу 3,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау