3.3.9. Магнит өрісіндегі тоғы бар тұйық контур
Егер тоғы бар тұйық контурды біртекті магнит өрісіне орналастырса, онда оның элементіне әсер ететін Ампер күші
арқылы анықталады (3.3.9.1 – сурет).
3.3.9.1 – сурет. Магнит өрісіндегі тоғы бар тұйық контур
Күштің бағыты сол қол ережесі арқылы анықталады. (3.3.9.1) – суреттегі векторы сурет жазықтығына перпендикуляр және суреттен сізге қарай бағытталған, ал контурдағы тоқ сағат тіліне бағыттас. Сонда контурдың элементіне әсер етуші күші контурдың центріне қарай бағытталады. Егер өріс біртекті болса, контурға сығушы күш әсер етеді. Ал тоқтың бағытын немесе индукция векторының бағытын өзгертсе, онда контурға керуші күш әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |