3.3. Практикадан өтуді ұйымдастыру
Тәжірибеге ғылыми - әдістемелік жетекшілік «Экономика және болжамдау» кафедрасымен жүзеге асырылады. Кафедра оқытушылары диплом алды практика бағдарламасының орындалуын қадағалап отырады, кәсіпорыннан нәтижелі тәжірибеден өту үшін көмек көрсетіп, жеке тапсырмаларды орындау бойынша кеңестер береді. Студенттердің тәжірибе бойынша есептерін тексереді және әрқайсысының жұмыстары жөнінде қорытынды береді.
Студент тәжірибеден өтуші ретінде тіркелгеннен бастап оларға ұйымда қолданыстағы еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау ережесі және ішкі тәртіп ережесі беріледі және олар онымен белгіленген тәртіпте танысулары тиіс.
Диплом алды практикадан өту барысында әр студент күнделік (2-қосымша) жүргізіп, онда күн сайынғы орындалған жұмыстар жазылып отырады.
Диплом алды практикадан өту барысында студенттер:
ұйымда практикадан өту үшін уақытында белгіленген мерзімде келуге;
жоғары ұйымдастырушылық көрсетуге, ұйымда бекітілген ішкі тәртіп ережесін қатаң орындауға, сондай-ақ еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауға; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерімен танысуға және орындауға;
практика бағдарламасын ерікті түрде, толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға; нақты тапсырмаларды және университеттен және ұйымнан тағайындалған тәжірибе жетекшілерінің тапсырмаларын дәл және өз уақытында орындауға;
есеп дайындау үшін оның құрылымына сәйкес келетін қажетті материалдар жинау;
практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға;
кәсіпорында, мекемелерде, ұйымдарда қолданыстағы ішкі тәртіп ережелеріне қатаң бағынуға;
кәсіпорынның, ұйымның, мекеме ұжымының қоғамдық өміріне белсенді қатысуға;
орындалған жұмыс және оның нәтижесі үшін жауапкершілік алуға;
күн сайын күнделікке орындалған жұмыстың сипаттамасын, мазмұнын және тәртібін көрсете отырып жазба енгізуге;
кестеге сәйкес тәжірибе жөніндегі есепті өз уақытында тапсыруға міндетті.
Студенттер жұмыс орны бойынша диплом алды практикадан өтуге немесе практикадан өту орнын өз беттерімен табуға (деканатпен келісе отырып) құқылы; нақты себептер болған жағдайда (денсаулығы, жанұялық жағдай, т.б.) деканаттан практикадан өту мерзімін ауыстыруды сұрайды. Диплом алды практика кезінде ақы төленетін лауазымдарда жұмыс істейтін студенттерге сәйкес жазба жүргізілетін еңбек кітапшасы ашылады немесе студенттің өзінде бар еңбек кітапшасына жазба жүргізіледі.
Студент ақы төленетін жұмыс орнына және лауазымына кіріскен сәттен бастап оларға Қазақстан Республикасының жалпы еңбек заңдылықтары, еңбекті қорғау және ішкі тәртіп ережелері таратылып беріледі.
Жұмыс орнына алынбаған студенттерге де сол кәсіпорында (ұйымда) қолданыстағы еңбекті қорғау талаптары мен жұмыс күнінің режимі таратылып беріледі.
Диплом алды практика кезеңінде кафедрадан тағайындалған практика жетекшісі оны ұйымдастыру және өткізу сұрақтары, жеке тапсырма және дипломдық жұмыс жазу үшін материалдар жинау бойынша кеңестер беріп отырады.
Тәжірибеден өту орнында болу кезінде студенттің орындаған жұмысының диплом алды практика бағдарламасына және күнтізбелік жоспарға сәйкестігін тексеру мақсатында тәжірибеден өту күнделігі (2-қосымша) тексеріледі.
Тәжірибеден өту орнына бармас бұрын студент бағдарламамен танысуы керек, ұсынылатын анықтамалық және арнайы әдебиеттермен танысуы, тәжірибе жетекшісінен кеңес алуы; тәжірибеден өтуге жолдама және қажет болған жағдайда тәжірибеден өту бағдарламасын алуы тиіс.
Диплом алды практикадан өтуге кәсіпорынға келген студенттерде бағдарлама мен практикадан өтуге жолдамадан өзге студенттік билет, жеке куәлігі және ұйымда ішке өту үшін рұқсат қағаз рәсімдеуге (қажет болған жағдайда) фотосы (3*4) болуы қажет.
Диплом алды практикадан өту орындарына қызметтің әр түрлі сферасындағы және меншік формасындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ғылыми – зерттеу институттары мен қажетті материалдық-техникалық базасы, құрал-жабдықтары мен ақпараттық технологиясы бар өзге де шаруашылық және коммерциялық құрылымдар жатады.
Диплом алды практикаға жіберіліп отырған студент практикадан сапалы өтуді қамтамасыз ету үшін:
уақытында тәжірибеден өтуге өтініш жазуға;
практика басталғанға дейін сәйкес кафедрадан жеке тапсырма, күнделік жүргізу тәртібі, жеке тапсырманы орындау әдістемесі көрсетілген Диплом алды практика бағдарламасын; кәсіпорынға жолдама, кәсіпорыннан тағайындалған практика жетекешісі үшін сауалнама алу, техника қауіпсізідігі бойынша нұсқаулықтан өтіп және жорналға қол қоюға;
практика бағдарламасын, жеке тапсырманы оқу және қажетті кеңестер алуға;
Диплом алды практикадан өту үшін практика орнына уақытында баруға;
кәсіпорыннан тағайындалған практика жетекшісіне жолығып, оны бағдарламамен және жеке тапсырмамен таныстыру, тәжірибеден өту бойынша нұсқау алуға міндетті.
Диплом алды практикаға жақсы дайындалу мақсатында студент алда тұрған жұмыс бағдарламасымен және мазмұнымен танысуы, ұсынылған анықтамалық және нормативтік – құқықтық әдебиеттерді оқуы және жинауы, кафедрадан бекітілген тәжірибе жетекшісінен жұмысты ұйымдастыру және әдістері бойынша қажетті кеңестер алуы қажет. Диплом алды практикадан өту кезеңінде студент кәсіпорында бекітілген ішкі тәртіп ережесін сақтауы, өндірістік кеңестерге, ұжым жиналысына және өзге де шараларға белсенді қатысуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |