Есептің қорытынды бөлімінде студент негізгі қорытындыларды қысқартылған формада жинақтау, кәсіпорын жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстары беруі қажет.
Студенттің практикадан өткендігін растайтын барлық құжаттар ұқыпты рәсімделіп және бөлек папкіге жинақталуы тиіс.
Есеп жақсы рәсімделген және кестелермен, диаграммалармен, сызбалармен, фотолармен және өзге де материалдармен көрнекіленген болуы тиіс.
Студент есепке келесілерді тіркеуі қажет:
практика жетекшісінің қолы қойылған және кәсіпорын мөрімен шандырылған күнтізбелік жоспар;
практика жетекшісінің қолы және кәсіпорын мөрімен шандырылған практикадан өту күнделігі;
практика жетекшісінің қолы қойылған және кәсіпорын мөрімен шандырылған студент – практиканттың өндірістік және қоғамдық жұмысы жөніндегі мінездемесі;
фотохронометражды байқау, әлеуметтік сұраулардың сауалнамалары және кафедраның (факультеттің, университеттің) жеке тапсырмасына сәйкес өзге де материалдар.
Мінездеме және өзге де құжаттар тігілген диплом алды практика жөніндегі есепті студент университетке қайтып оралғаннан кейін бір аптаның ішінде «Экономика және болжамдау» кафедрасына ұсынады. Диплом алды практика аяқталғаннан кейін 2 аптаның ішінде студент сәйкес баға алуы үшін есепті қорғайды.
Диплом алды практика жөніндегі есептерді қорғау үшін кафедрада құрамы 2-3 адамнан тұратын комиссия құрылады немесе диплом алды практикадан өту қорытындысы бойынша конференция оздырылады. Комиссия құрамына өзге кафедралардың өкілдері кірістірілуі мүмкін.
Студенттің диплом алды практика кезіндегі жұмысын бағалау кезінде комиссия келесілерді назарға алады:
кәсіпорыннан (ұйымнан, мекемеден) тағайындалған практика жетекшісінің мінездемесі;
практика кезеңіндегі студенттің қызметі (бағдарламаның толық орындалуының деңгейі, өндірісті, жоспарлауды, болжамдауды ұйымдастыру, шаруашылық қызметті талдау бойынша негізгі кәсіби дағдыларды меңгеру);
есептің рәсімделуінің мазмұны мен сапасы, күнделіктегі жазбалардың толықтығы;
баяндаманың сапасы және есепті қорғау кезіндегі студенттің сұрақтарға жауап беруі.
Қорғау процесінде практикадан өтудің сапалық деңгейі, кәсіпорынды шұғыл қаржылық басқару және қаржылық жоспарлау сұрақтарын кәсіби меңгеру, кәсіпорынның қаржылық жұмыстарын ұйымдастыруда тәжірибеден өтушінің кемшіліктерді байқауы және оны жақсарту бойынша айтылған ұсыныстар анықталады. Сонымен қатар дайындалған есептің рәсімделу сапасы, Бағдарламада және рәсімдеуде көрсетілген сұрақтарды ашып көрсету маңыздылығы ескеріледі.
Диплом алды практиканың бағдарламасын орындамаған, жұмыс жөнінде теріз пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер оқудан бос уақытында қайтадан тәжірибеден өтуге жіберіледі немесе жоғары оқу орнынан шығарылады.
Практика жетекшісі студент қорғағаннан кейін тәжірибе материалдарын қорғау хаттамасымен бірге кафедраға тапсырады.
1-қосымша
Рәсімдеу үлгісі
____________________ факультетінің _____ курс студенті
________________________________
(аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |