Бөлік
Сипаттама
Кірістірілген сандық пернетақта
Оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға
болады.
ЕСКЕРІМ:
Компьютерде
num lock
пернесі жоқ.
32
Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ:
Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш
құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB
порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Меңзегіш құрылғыларының түймешік конфигурациясы, басу
жылдамдығы жəне меңзер опциялары сияқты параметрлерін реттеу
үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Устройства и
принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) тармағын таңдаңыз. Одан
кейін, компьютеріңіз болып келетін құрылғыны тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері)
пəрменін таңдаңыз.
TouchPad құрылғысын пайдалану
Көрсеткіні жылжыту үшін бір бармақты TouchPad бетінде көрсеткіні
жылжытқыңыз келген бағытқа жылжытыңыз. TouchPad панелінің сол
жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері
сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақта шамын екі
рет жылдам түртіңіз.
ЕСКЕРІМ:
Сенсорлы тақта қосулы болғанда, сенсорлы тақта шамы
сөніп тұрады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
33
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта
беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады.
34
Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
TouchPad іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта
іс-қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір
уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың
барлығында қолдау көрсетіле бермейді.
Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1.
Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан
хабарландыру аймағындағы Synaptics белгішесін
тінтуірдің
оң жақ түймешігімен басып, TouchPad Properties (Сенсорлы
тақта сипаттары) түймешігін басыңыз.
2.
Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Іс-қимылдарды қосу жəне ажырату үшін:
1.
Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан
хабарландыру аймағындағы Synaptics белгішесін
тінтуірдің
оң жақ түймешігімен басып, TouchPad Properties (Сенсорлы
тақта сипаттары) түймешігін басыңыз.
2.
Қосқыңыз жəне ажыратқыңыз келетін іс-қимылдарды таңдаңыз.
3.
Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін
басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
35
Жылжу
Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай
немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі
саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы
тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы
басқарылады.
Шымшу/масштабтау
Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік
береді.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып,
олардың арасын ашыңыз.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ
қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
36
Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
5
Күтім
Батареяны шығарып алу немесе салу
ЕСКЕРІМ:
Батарея зауытта батарея ұясына орнатылады.
ЕСКЕРІМ:
Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты
Справочное руководство НР ноутбука (HP ноутбугы үшін
анықтамалық нұсқаулықтан) қараңыз.
Батареяны шығарып алу
ЕСКЕРТУ:
Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуын
болдырмау үшін, жұмысыңызды сақтап, күту күйін қосыңыз немесе
батареяны шығарып алмас бұрын, компьютерді Windows арқылы
өшіріңіз.
1.
Батареяны шығарып алу үшін, батареяны бекіту сырғытпасын
(1) сырғытыңыз.
2.
Батареяны жоғары қарай бұрып (2), компьютерден шығарып
алыңыз (3).
Батареяны шығарып алу немесе салу
37
Батареяны салу
▲
Батареядағы (1) ілгектерді батарея ұясының сыртқы бетіндегі
кетіктерге туралаңыз да, батареяны (2) бұру арқылы оны
батарея ұясына салып орналастырыңыз.
Батареяны босату ысырмасы (3) батареяны оның орнына
автоматты түрде орналастырады.
38
Бап 5 Күтім
Достарыңызбен бөлісу: |