Бағдарламалық құрал терминдері



жүктеу 426,71 Kb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата20.05.2018
өлшемі426,71 Kb.
#14583
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ЕСКЕРІМ:

Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі

болмаса, қалпына келтіру дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы

оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз немесе

компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан

сатып алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі

пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты сыртқы құрылғыдағы

USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.

Нұсқаулар:

Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL



дискілерін сатып алыңыз. 

ЕСКЕРІМ:

CD-RW, DVD±RW жəне қос қабатты DVD±RW жəне

BD-RE (қайта жазылатын Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу

дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен

үйлеспейді.

Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне



жалғанған болуы қажет.

Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын



немесе бір қалпына келтіру флэш-жадын жасауға болады.

ЕСКЕРІМ:

Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір

дискіні оптикалық жинақтағыш дискісіне салмай тұрып

нөмірлеңіз.

Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына



келтіру флэш-жадының жасалуы аяқтағанша бағдарламадан

шығуға болады. Recovery Manager бағдарламалық құралын

келесіде ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру

ұсынылады.

Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру

флэш-жадын жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз:



1.

Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >

Recovery Manager > Создание диска восстановления

(Қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын таңдаңыз.



2.

Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Қалпына келтіру дискілерін жасау

57



Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру

Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның

бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді. Recovery

Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру дискілерінен,

қалпына келтіру флэш-жадынан немесе қатты дискідегі арнайы

қалпына келтіру бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) жұмыс істейді. 



ЕСКЕРІМ:

Жүйені қалпына келтіруді компьютердің қатты дискінде

ақаулық орын алған жағдайда немесе компьютердің қызмет ету

мəселелерін шешу əрекеттері нəтиже бермегенде орындау қажет.

Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы

əрекеті ретінде пайдаланған жөн.

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде келесі мəліметтерді

ескеріңіз:

Бұрын сақтық көшірмесі жасалған жүйені ғана қалпына келтіруге



болады. НР компаниясы компьютеріңізді орнатқаннан кейін

қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру

флэш-жадын жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламалық

құралын пайдалануды ұсынады.

Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу



мүмкіндіктері бар. Егер бұл мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз,

Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын оларды сынап

көріңіз.

Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта алдын



ала орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді.

Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық

құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші

қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.



Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек

таңдаулы үлгілерде)

Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің,

музыканың жəне басқа да аудио файлдардың, бейнелердің,

фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының, құжаттардың,

электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта

хабарларының, Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне

параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға болады.

58

Бап 6   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру




Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды

орындаңыз:



1.

Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске

қосыңыз:



Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >



Recovery Manager > Recovery Manager тармақтарын

таңдаңыз.

– немесе –

Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз



жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for

Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін

басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, 

esc


 пернесін

басыңыз. «F11 (System Recovery)» (F11 (Жүйені қалпына

келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде 

f11


 пернесін

басыңыз.


2.

Recovery Manager терезесінде Восстановление системы

(Жүйені қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз.



3.

Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру

59



Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру

1.

Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін

жасаңыз.

2.

Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск

жетегіне немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне

енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз.

– немесе –

Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына

салып, компьютерді қайта іске қосыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Компьютер Recovery Manager бағдарламалық

құралын автоматты түрде қайта қоспаса, компьютердің жүктелу

тəртібін өзгерту қажет.



3.

Жүйе жүктеліп жатқанда 

f9

 пернесін басыңыз.



4.

Оптикалық жинақтағыш дискіні немесе флэш-жадын

пайдаланыңыз.

5.

Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.



Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту

Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі

əрекеттерді орындаңыз:

1.

Компьютерді қайта іске қосыңыз.



2.

Компьютер қайта іске қосылып жатқанда 

esc

 пернесін басып,



жүктелу параметрлерін ашу үшін 

f9

 пернесін басыңыз.



3.

Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive

(Ішкі Ықшам/DVD диск жетегі) тармағын таңдаңыз.

Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін

төмендегі əрекеттерді орындаңыз:

1.

Флэш-жадын USB портқа жалғаңыз.



2.

Компьютерді қайта іске қосыңыз.



3.

Компьютер қайта іске қосылып жатқанда 

esc

 пернесін басып,



жүктелу параметрлерін ашу үшін 

f9

 пернесін басыңыз.



4.

Жүктелу параметрлері терезесінен флэш-жадын таңдаңыз.

60

Бап 6   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру




жүктеу 426,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау