б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере
отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын
қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
8.
Жад модулі бөлімінің қақпағын орнына салыңыз.
а.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы ілгектерді (1)
компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
ə.
Қақпақты (2) жабыңыз.
50
Бап 5 Күтім
б. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы 2 бұранданы
(3) бұрап
қатайтыңыз.
9.
Қатты диск қақпағын орнына салыңыз.
а.
Қатты диск қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі
кетіктерге туралаңыз.
ə.
Қақпақты (2) жабыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
51
б. Қатты диск қақпағындағы 2 бұранданы
(3) бұрап
қатайтыңыз.
10.
Батареяны орнына салыңыз.
11.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды
жалғаңыз.
12.
Компьютерді қосыңыз.
52
Бап 5 Күтім
Компьютерді тазалау
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге
суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы,
талшықтарды қалдырмайтын матамен жүйелі түрде тазалаңыз.
Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала суланған
антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған
антистатикалық тазалағышты пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтаның кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына
əкеліп соғуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін сенсорлы тақтаны
дымқыл шүберекпен сүртіңіз жəне компьютерді пайдаланғанда
қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай
немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты
қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне
тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне
шаң мен пернелердің астында қалатын басқа да заттарды əрқашан
тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен астында орналасқан
шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Компьютерді тазалау
53
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде
соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды
жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу
үшін тіркелу қажет.
54
Бап 5 Күтім
6
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
●
Қалпына келтіру
●
Қалпына келтіру дискілерін жасау
●
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
●
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
Компьютерде ақпаратты қорғауға жəне керек болған кезде қалпына
келтіруге көмектесуге арналған амалдық жүйе жəне HP компаниясы
ұсынатын құралдар бар.
Бұл тарауда келесі тақырыптар туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау (Recovery
Manager бағдарламалық
құралының мүмкіндігі)
●
Жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен, қалпына
келтіру дискілерінен немесе қалпына келтіру флэш-жадынан)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
55
Қалпына келтіру
Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы
зауыттық күйіндегі қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын қалпына
келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады
керек болады. НР компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан
кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау үшін осы бағдарламалық құралды бірден
пайдалануды ұсынады.
Егер басқа себептермен жүйені бастапқы қалпына келтіру керек
болса, бұны қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру
флэш-жадын пайдаланбастан, HP қалпына келтіру бөлімі (тек
таңдаулы үлгілерде) арқылы жасауға болады. Қалпына келтіру
дискілерінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін
Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер
қалпына келтіру бөлімі бар болса, қалпына келтіру дискісі терезедегі
тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ:
HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш-жад)
бағдарламалық құралы зауытта алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді. Компьютермен
берілмеген бағдарламалық құралды қолмен қалпына келтіру керек.
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі
компьютерде болмаса, жеткізіледі.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда
немесе компьютерді қалпына келтіру бөлімінің құралдарын
пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда,
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре атаныңызға сенімді
болу үшін қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-
жадын жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді немесе флэш-жадты
компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз.
ЕСКЕРІМ:
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына
келтіру дискілерінің тек бір жинағын немесе бір қалпына келтіру
флэш-жадын жасауға мүмкіндік береді. Бұл дискілерді немесе флэш-
жадты қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
56
Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру