Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру
Файлдардың сақтық көшірмесін жасау жəне барлық жаңа
бағдарламалық құралдарды қауіпсіз жерде сақтау өте маңызды
болып табылады. Жаңа бағдарламалық құралдар жəне деректер
файлдары қосылған сайын, сақтық көшірмелерді жүйелі түрде
жасауды жалғастырыңыз.
Жүйенің қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау мүмкіндігі
сақтық көшірме соңғы рет қашан жасалғанына байланысты болады.
ЕСКЕРІМ:
Ең соңғы сақтық көшірмеден қалпына келтіруді
компьютерге вирустік шабуыл жасалған немесе жүйе құрамдас
бөліктерінің елеулі ақаулығы орын алған жағдайда жасау қажет.
Компьютер мəселелерін шешу үшін, жүйені қалпына келтіруді
жасамас бұрын, қалпына келтіру əрекетін жасаған жөн.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік
диск немесе дискілерде жасауға болады. Мына жағдайларда
жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
●
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
КЕҢЕС:
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау
үшін еске салғышты орнатыңыз.
●
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
●
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе
өзгертпес бұрын
Нұсқаулар:
●
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін
қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне
оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге жүйелі
түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
пайдалану туралы қосымша ақпаратты
Windows жүйені
бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 63-бетте
бөлімінен қараңыз.
●
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл
қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
●
Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында
немесе мəзір жолында параметрлеріңіздің экран суретін жасау
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
61
жолымен сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет
болған кезде экран суреті уақытыңызды үнемдеуі мүмкін.
Экран суретін жасау үшін мынаны орындаңыз:
1.
Сақталатын экранды көрсетіңіз.
2.
Экран суретін көшіру:
Тек белсенді терезенің суретін көшіріп алу үшін,
alt+fn+prt sc
пернелер тіркесімін басыңыз.
Экранның толық суретін көшіру үшін,
fn+prt sc
пернелер
тіркесімін басыңыз.
3.
Мəтіндерді өңдеу құжатын ашып, Правка (Өңдеу) > Вставить
(Қою) пəрменін таңдаңыз. Экран суреті құжатқа сақталады.
4.
Құжатты сақтап, басып шығарыңыз.
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдалану
Нұсқаулар:
●
Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің
айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
●
Сақтық көшірме жасау үрдісін аяқтауға қажет уақыт беріңіз.
Файлдар өлшемдеріне байланысты оған бір сағаттай уақыт
алуы мүмкін.
Сақтық көшірме жасау үшін
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Резервное
копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Windows® жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту
үшін пайдаланушы жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды.
Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау
үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша
мəлімет алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау)
тармағын қараңыз.
62
Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Windows жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
пайдалану
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін
белгілі бір сəтте сақтауға жəне атын беруге мүмкіндік береді. Егер
енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз, осы нүктеге
дейін қалпына келтіре аласыз.
ЕСКЕРІМ:
Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы
қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері сақталған
деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта
хабарламаларына əсер етпейді.
Сонымен қатар, файлдар мен параметрлерді жоғары деңгейде
қорғау үшін бастапқы қалпына келтірудің қосымша нүктелерін жасай
аласыз.
Бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау уақыты
●
Бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе
өзгертпес бұрын
●
Мерзімді түрде, компьютер тиімді түрде жұмыс істеп отырған
кезде
ЕСКЕРІМ:
Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан
кейін шешіміңізді өзгертсеңіз, қалпына келтірудің күшін жоюға
болады.
Жүйені қалпына келтіру нүктесін жасау
1.
Пуск (Бастау)
> Панель управления (Басқару тақтасы)
>
Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік)
> Система
(Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сол жақ аумақта Защита системы (Жүйені қорғау) параметрін
таңдаңыз.
3.
Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
63