Форманы сипаттау файлы форманы және оның компоненттерін сипаттаудан тұрады. Формаға компонент қойып, оның қасиеттерін өзгерткен кезде форманы сипаттау файлында автоматты түрде сәйкес өзгерістер енгізіледі.Бұл файлдың мазмұнын экранға шығару үшін форманың контекстік мәзірінен View as Text пунктін шерту қажет. Керісінше, формаға өту үшін контекстік мәзірден View as Form командасы таңдалады.
Мысалы: Бір батырма (Button) мен мәтіндік өрістен (Edit) тұратын форманы сипаттау файлының мазмұны төмендегіше болады:
object Form1: TForm1
Left = 192
Top = 114
Width = 696
Height = 480
Caption = 'Form1'
Color = clBtnFace
Font.Charset = DEFAULT_CHARSET
Font.Color = clWindowText
Font.Height = -11
Font.Name = 'MS Sans Serif'
Font.Style = []
OldCreateOrder = False
PixelsPerInch = 96
TextHeight = 13
object Button1: TButton
Left = 40
Top = 80
Width = 89
Height = 33
Caption = 'Button1'
TabOrder = 0
end
object Edit1: TEdit
Left = 40
Top = 24
Width = 81
Height = 21
TabOrder = 1
Text = 'Edit1'
end
end
Форма модулінің файлы форма класын сипаттаудан тұрады. Жобадағы бос форма үшін модуль файлының коды төмендегіше болады:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, StdCtrls;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
end.
Бұл файл мазмұнын экранға шығару үшін келесі командалар тізбегі орындалады: ViewUnits Unit1 (немесе CTRL+F12).
Модуль файлына түрлі оқиғаларға сәйкес әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі.
Оқиға - программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Оқиғалар Объект бақылаушысының Events астарлы бетінде орналасады. Оқиға атауына On префиксі тіркестіріліп жазылады. Ол атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
Delphi-де жиі қолданылатын оқиғалар:
OnClick- объектіде тышқан батырмасын бір рет шерту
OnDblClick- объектіде тышқан батырмасын екі рет шерту
OnCreat- формада тышқан батырмасын екі рет шерту
OnKeyPress –пернені шерту т.б.
Процедураның жалпы түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |