Font қасиеті (TFont типті) компоненттегі мәтін қарпін анықтайды. TFont класы қаріп параметрін басқаруды жүзеге асыратын келесі қасиеттерден тұрады.
Name (TFontName типті) – қаріп атын анықтайды.
Мысалы: Label1.Font.Name:=’Arial’; Edit1.Font.Name:=’KZ Decor’;
Size (Integer типті) – қаріп өлшемін пунктпен береді.
Height (Integer типті) – қаріп өлшемін пикселмен береді.
Мысалы: Label1.Font.Size:=18;
Color (TСolor типті) – мәтін түсін береді.
Мысалы: Label1.Font.Color:=clRed;
Style (TFontStyle типті) – қаріп стилін орнатады және төмендегі мәндерді қабылдайды.
fsItalic-көлбеу қаріп (курсив)
fsBold- жартылай қою қаріп (жирный)
fsUnderline- асты сызылған (подчеркнутый)
fsStrikeOut- үсті сызылған (перечеркнутый)
Мысалы: Label1.Font.Style:=[fsBold]; Edit1.Font.Style:=[fsBold, fsItalic];
Достарыңызбен бөлісу: |