7
деңгейдегі адамдарды әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ерекше бақылауға алуға
мүмкіндік жасамайды. Басқа ешбір мамандық сенің бөтен мемлекеттерді
аралап, басқа салт-дәстүрлермен танысуынды қамтамасыз етпейді. Бірақ
аудармашы мамандығы адамның тәніне де өте салмақты ауырлық түсіретін
мамандық. Сен тек өмірлік интеллектуалдық жағдаяттарды ғана шешіп
қоймайсың, сен үнемі жүйкеңді тоздырып, қажып, шаршап жүресің.
Салыстырайықшы, аударма ісінің қиындығы соншалық төрт сағаттық аударма
ісімен айналысу, тура сол көлемдегі төрт сағат бойы он адаммен жалғыз өзін
бетпе-бет пікірталас, сөз жарысқа түскеннен де қиынырақ екен.
Аударма өте қиын іс-әрекет екендігі сөзсіз. Алайда, бұл істі жеңілдетудің
өзіндік жолдары да бар. Ол үшін аударма ісі үшін керекті әдіс-тәсілдерді
меңгерсек болғаны. Сол әдіс-тәсілдерді қолдану аударма ісінің алдына қоятын
мақсаттарын орындап, көздеген нәтижеге жетуге нақты мүмкіндіктер туғызады.
Әлемнің ең озық та тәжірибелі деген аудармашылары сол керекті әдіс-
тәсілдерге сүйенеді де аударма ісі барысында соларды қолданады.
Сұрақнама:
1) Адамдар арасындағы қарым-қатынас негіздері қандай?
2) Қарым-қатынастың жеке факторларына (контактілік, қарым-қатынастағы
бірігушілік, бейімделушілік, өзін-өзі ұстай білу, өзін жеке тұлға ретінде сезіну,
қарым-қатынас стилі) тоқталыңыз.
3) Қарым-қатынастың жағдайлық факторларын (қарым-қатынас контексті,
тұйықтық, тәртіптің, араласудың нормалары, қағидаттары, дәстүрлері) атаңыз.
4) Аудармашы – әлеуметтің бір бөлігі ретінде қандай болуы керек?
1.2 Аударма түрлері
Негізінде аударма екі топқа бөлінеді: бірінші топ түпнұсқаның жанр және
стилистика ерекшеліктерімен, ал екінші топ – жазбаша және ауызекі тіл
дамытудың психолингвистикалық ерекшеліктерімен байланысты.
Бірінші топтық аударманың екі түрі бар: көркем-суретті аударма және
ақпараттық (арнайы) аударма.
Әдеби шығарманың аудармасы көркем аудармаға жатады. Көркем
шығармалардың мақсаты – адамға шығарма не поэма арқылы әсер ету. Ал
аударатын шығарма не шығарманың үзіндісі негізгі нұсқадан алынғаннан кейін,
оның өзара өзіндік қасиеттері мол.
Көркем аудармаға түпнұсқа шығарманы оқырманға әсер ететін деңгейде
басқа тілге аудару жатады.
Көркем аударманың жанрмен байланысты бірнеше түрі: поэзия, пьеса,
сатирика шығармаларының аудармасы, проза (қарасөз), өлеңдер аудармасы.
Ақпараты бар мәтіндер аудармасы ақпараттық аудармаға жатады. Бұл
аударманың негізгі мақсаты оқырманға эстетикалық әсер ету емес, тек
информация, ақпаратты жеткізу. Аталмыш аудармаға ғылыми мәтіндер,
іскерлік, саяси-қоғамдық, тұрмыс саласымен байланысты мәтіндер аудармасы
жатады. Бірақ бір мәтінде осы екі аударманың түрі жиі кездеседі.
8
Психолингвистикалық аударма тобы екіге бөлінеді: жазбаша және ауызша.
Ауызша аудармаға дәл сөйлесіп жатқан сәтте аударылып жатқан аударма
жатады. Аудармашы қайтадан тіл арқылы айтылған ақпаратқа келе алмайды.
Ол мәтінді, ақпаратты не үзіндіні бір рет қана тыңдап аударады. Қате тауып,
оны түзетуге уақыты болмайды.
Ауызша аударма – бұл түпнұсқа мен оның аудармасы аударма барысында
жазбаша емес нысанда болатын аударма түрі, ол аудармашының түпнұсқаның
үзінділерін біркелкі қабылдауын және кейіннен сәйкестіндіруге немесе оны
орындағаннан кейін түзетуге мүмкіндік жоқтығын білдіреді. Ауызша
аударманың
классикалық
мысалы
ретінде
аудармашы
түпнұсқаны
аккустикалық нысанда («естілуі бойынша») қабылдауын және өзінің
аудармасын ауызша нысанда орындауын айтамыз. Ауызша аудармада аударма
мәтінін құрау түпнұсқаны қабылдаумен параллелльді түрде, не түпнұсқаны
қабылдау біткеннен кейін жүзеге асырылады. Соған сәйкес ауызша аударманың
екі түрі болады: синхрондық және ілеспелі аударма.
Синхрондық аударма – бұл аудармашы оратордың сөзін тыңдай отырып,
тура сол сәтте (2-3 секундқа ғана қалып отырады) аудармасын айтып отыратын
ауызша аударманың тәсілі. Синхрондық аударма оратор микрофон арқылы
сөйлеп, оның сөзі аудармашыға құлаққа киетін аппарат арқылы естілетін,
арнайы кабинада техникалық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады,
сол жерден аударма рецепторларға жеткізіліп отырылады. Осындай құралдың
арқасында аудармашының дауысы оның түпнұсқаны тыңдауына кедергі
келтірмейді. Синхрондық аударманың бір түрі болып аудармашы кабинада
емес, рецептордың қасында орналасып, құлаққа киетін аппарат пен микрофон
арқылы немесе оларсыз аударманы оған сыбырлап айтып отыруы түріндегі
«сыбырлау» табылады. Синхрондық аударма – ауызша аударманың қиын түрі,
өйткені ол аудармашыдан бір уақытта бірнеше қимылдарды қатар аудара білуді
талап етеді: бір тілде тыңдау, оны басқа тілге аудару және оратордың сөйлеу
темпінен қалмай сол тілде сөйлеу. Осы үш әрекеттің барлығын
синхронизациялау жадының үлкен жұмысымен, жоғары қадағалаулықпен,
сөйлеу компрессиясын жүзеге асырудың қажеттілігімен, түпнұсқаның келесі
бөлімдерін бағдарлаумен, тез арада шешімдер қабылдаумен және т.б.
байланысты.
Ілеспелі аударма – бұл ауызшы аударманың аудармашы оратор өз сөзін
бітіргеннен соң немесе оның бір бөлігін айтып болғаннан соң оны аудара
бастау тәсілі. Аударылып жатқан сөздің бөлігінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін:
оратор 20-30 немесе одан көп минутта айтқан жеке сөздерден үлкен көлемдегі
мәтінге дейін. Аударманың бұл түрі аудармашының жадында түпнұсқаның
маңызды сегменттерінің мазмұнын аударма басталғанға дейін ұзақ уақыт
бойында сақтауын талап ететін түрі. Егер түпнұсқаның көлемі үлкендеу болса,
аудармашы түпнұсқаны қабылдау барысында оның мазмұнының маңызды
жерлерін жазып отырады, ол оның жадында тыңдалған мәліметті есіне
түсіруіне көмек көрсетеді.
Синхронды аудармада аудармашы сөйлеп тұрған адамның сөзін бірер
секундтан кейін аудара бастайды. Аудармашы бөлек керекті техникамен
Достарыңызбен бөлісу: |