Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет9/39
Дата18.12.2017
өлшемі5,25 Kb.
#4625
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39

 
20 
қарады (Ө.Айтбаев, А.Ермағамбетова және т.б.). Ал, үшінші топ бұны әдебиет 
пен тілге тел құбылыс ретінде зерттеді.  
Шындығына  келгенде,  аудармаға  әдеби  деңгейден  қарайтын  зерттеушілер 
тілге  соқпай,  тілдік  тұрғыдан  зерттейтіндер  әдебиет  категорияларына  соқпай 
өте  алмайды.  Өйткені  әдебиет  дегеніміздің  өзі  –  сөз  өнері,  тілдің  эстетикалық 
қызметі,  «Тіл  әдебиеттің  бірінші  элементі».  Оның  үстіне,  қазіргі  дүниежүзілік 
лингвистика  деңгейі  жеке  сөз,  сөйлем  шегінен  шығып,  тұтас  мәтінді  талдау 
дәрежесіне  көтерілді.  Ал,  әр  тілдегі  көркем  ойды  беру  ерекшелігі 
салыстырмалы стилистикада қарастырылатыны белгілі. Алайда өкініштісі сол – 
қазақ тіл білімі мәтін лингвистикасын, салыстырмалы стилистиканы ойдағыдай 
қолға  алмай  келеді.  Аударманың  келесі  бір  қыры  –  оны    коммуникативтік 
тұрғыдан  зерттеу.  Бұл  –  әлі  қазақ  филологиясының  аяқ  баса  қоймаған  аңғары.   
Осы кезге дейін бірталай жекелеген зерттеулер болғанымен қазақ тілін обьекті 
етіп  алған  аударманың  мәселелерін  жүйелі  түрде  қорытындылай  көрсететін 
іргелі  еңбектер,  оқулықтар,  аударма  тарихы,  теориясы  бойынша  ғылыми 
дүниелер  жеткілікті  дәрежеде  әлі  жарық  көрмей  келеді.  Қазіргі  таңда  аударма 
мамандарын  дайындау  күн  тәртібіне  қойылып  отырған  заманда  бұл  мәселе 
дереу  шешуді  қажет  етеді.  Осындай  көкейкесті  мәселелері  бола  тұра 
зерттеулердің  нәтижелеріне  қарап,  біз  аударма  теориясы  Қазақстанда  ғылыми 
пән  ретінде  қалыптаса  бастады  деп  айта  аламыз.  Ал,  кейінгі  жылдары  бұл 
салаға  өзіндік  үлес  қосқан  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  корреспондент 
мүшесі,  филология  ғылымдарының  докторы  Шәмшиябану  Сәтбаева.  Ғалым  өз 
еңбектерінде  әдебиеттер  байланысын  зерттеп,  әдебиеттер  қарым-қатынасы 
туралы бірсыпыра тың деректер негізінде жүйелі сөз еткен. 
 
Сұрақнама:  
1) Аударма өнерінің пайда болуы және дамуына тоқталыңыздар. 
2) Аударма өнерінің басқа ғылымдармен байланысы қандай? 
3) Аударма өнерінің пайда болуы жөніндегі теорияларды атаңыздар. 
4) Аударманың мәтіндері мен түрлерін көрсетіңіздер. 
5) Аудармадағы ұлттық болмыс және дәстүр сабақтастығын айқындаңыздар. 
 
2.2 Әдеби аударма ғылымы және оның тарихы 
 
Абай  заманындағы  қазақ  арасында  аударма  өнері  жеткілікті  мөлшерде 
дамымаған болатын-ды. Егер онымен бірен-саран шұғылданушы табыла қалса, 
аударма ісіне негізгі мамандығының мұқтажына қажетті қосалқы құрал ретінде 
қарайтын  еді.  Мысалы,  көрнекті  ағартушы  және  тұңғыш  педагог  Ыбырай 
Алтынсаринның  осы  саладағы  еңбегіне  назар  аударсақ,  ол  кісі  жас 
жеткіншектерді  оқытуға  себі  тиетін  бірнеше  әңгімелерді  орысшадан  қазақ 
тіліне  аударғаны  болмаса,  бұл  игілікті  іспен  кең  көлемде  және  арнайы 
айналысқан  жоқ.  Демек,  қайталап  айтсақ,  аударма  ол  уақытта  шын  мәніндегі 
өнер,  ілім  дәрежесіне  толықтай  көтеріле  алмады,  көбінесе  әуесқойлық 
деңгейден аспады.  


 
21 
Ал, Абайдың өз басы аудармамен шұғылданған шағында бұл салада арнайы 
қызмет етуді, сөйтіп аударма ісін кәсіби сатыға көтеруді нысана етіп қоймаған 
тәрізді.  Әйтсе  де,  Абай  өзінің  ақындық  өнері  тәжірибесінде  әрдайым  орыстың 
озық  мәдениетіне  сүйенгендіктен,  өзі  сүйсіне  оқып,  үлгі-өнеге  тұтқан  классик 
ақындарды  қазақша  сөйлетпей  отыра  алмаған.  Ол  ол  ма,    Абай  ақындығының 
кемелденіп, толыса түсуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға ие болуына да 
сол аударманың игілікті әсер еткені сөзсіз.  
Ақын  шығармашылығында  осы  аударманың  да  алар  орны  мен  төл 
шығармаларымен қатар тұрар салмағы бар. Абай орыс және батыс әдебиетінен 
үлкенді-кішілі  елуге  жуық  шығарманы  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударған.  Ол 
А.С.Пушкиннің 
«Евгений 
Онегин» 
атты 
романынан 
жеті 
үзінді, 
М.Ю.Лермонтовтан  отызға  таяу  шығарма,  И.А.Крыловтан  он  екі  мысал  т.б. 
авторлардан жеті өлең аударған. Енді осы «Евгений Онегинді» Абай аударғанда 
алдына  қандай  мақсат  қойды,  осындай  ұлы  шығарманың  нендей  қасиеттері 
қызықтырып,  қазақ  классигінің  ерекше  назарын  аударды  т.б.  мәселелеріне 
назар аударайық. «Евгений Онегинді» түгелдей аудармағанына қарағанда, орыс 
қауымының сол кездегі өмірін жан-жақты және өте терең көрсететін романдағы 
көптеген  жайлар  Абайды  оншалық  қызықтырмағанға  ұқсайды.  Сондай-ақ,  бұл 
жерде  Абайдың  аудармаға  алғаш  баруын  және  ұлы  ақын  өз  отандастарының 
жай-жапсарын да есте тұтқаны абзал.  
Бұл  жайында  ғалым  Н.Ғабдуллин:  «Абай  –  қазақ  поэзиясында  аударма 
өнерінің,  мұны  таратып  айтсақ,  дәл  аударманың,  еркін  аударманың,  нәзира 
әдісімен  жарысудың  классикалық  шебер  үлгілерін  жасаған  ақын.  Орыстың 
Пушкин,  Лермонтов  пен  Крыловтай  ақындарынан  тәржіме  жасағанда  олардың 
кез  –  келген  өлеңін  аудармаған,  шертер  сыры  өз  көңілінің  күйіне  өте  жақын 
үйлесетін  және  сонымен  қатар,  өзінің  туған  жұртының  ұғуына  мазмұны 
соншалықты түсінікті шығармаларды ғана таңдап алған».   
Сонымен,  біріншіден,  Абайдың  «Евгений  Онегин»  сарынымен  шығарған 
өлеңдері пара-пар, немесе еркін аударғаны бар, жанынан қосқаны бар түгелдей 
алғанда бір желіге түсірілген біртұтас топтама шығарма деуге лайық туынды.  
Екіншіден  Пушкинді  дәл  аударушылар  бола  берер,  бірақ  жаңағы 
айтылғандай,  оның  романының  ішіндегі  үлкен  ой,  сирек  сезімдерді  Абайша 
жеткізіп, көріктеп беру табыла бермес.  
Үшіншіден қазақ халқының ірі ойшылы, ұлы ақыны, қоғам қайраткері Абай 
ақындығының қалыптасуына Пушкин шығармашылығы айрықша зор әсер етті.  
Төртіншіден,  Абай  орыс  әдебитетінің  классиктерінің  шығармаларымен 
танысып, болмаса оларды аударып қана қойған жоқ, сондай-ақ, ол қазақ жазба 
әдебиетіне жаңа түр енгізді.  
Бесіншіден,  Абай  өз  шәкірттерін,  өмір  сүріп  отырған,  қоршаған  ортасын 
басқа  ел  әдебиеті  үлгілерімен  таныстырды  және  оларға  өзге  елдің  жақсысын 
үйренуге шақырды. 
Алтыншыдан, өзінің сүйікті әндерінің қатарына жаңа түрдегі, жаңа ырғақты 
ән қосты. Және ең бастысы – Абай қазақ еліне Пушкинді танытып, насихаттау 
арқылы Пушкинтану ілімін енгізді.  


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау