5
1 Аудармашының кәсіптік қызметінің негіздері
1.1 Аударма ісі мамандығы
Аудармашы мамандығының қалыптасуы мен өркендеу тарихы. Қазіргі
қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп,
үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр. Көптеген мемлекеттерде арнайы
оқу орындары ашылып, кәсіби аудармашы мамандарды даярлай бастады. Бұған
дейін аударма жұмысымен басқа да мамандық иелері айналыса бастаған.
Аудармашылық жұмыс қоғамдық ортаның көпшілігін қызықтырды. Осының
нәтижесінде көптеген зерттеулер жүргізілді де, жаңа ғылыми пән пайда
болды.Ол – қазіргі заман талабына сай аудармашылық мамандық.
Аударма – бұл өте күрделі және көп салалы адами іс-әрекеттің бір түрі.
Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы «бір тілден екінші тілге аудару
делінеді», бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші
тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени
ағымдармен, әр түрлі дәрежедегі ой толғау, әр түрлі әдебиеттер, әр түрлі дәуір
тынысы, әр түрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр
боласың. Аудармашылықпен мәдениеттанушылар, этнографтар, психологтар,
тарихшылар, әдебиеттанушылар айналысады. Аудармашылық қызметтің әр
жақтылығы басқа да ғылыми жұмыстырдың қайнар көзі болуы әбден мүмкін.
Сондықтан да аударма ісі туралы ғылымында – аудармашылықта әртүрлі
мәдени когнитифті, психологиялық, әдеби және де басқа аспектілер бөлініп
шығуы мүмкін.
Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан,
аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің ситуациялық
жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір
мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан
аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын
күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл
тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға
болады деген сұрақтар тұрды.
Аудармадағы қиындықтар түпнұсқада аталған кейбір құбылыстарға
байланысты немесе қабылданып, аударылып отырған мәдениеттің аударма
рецепторларына белгісіз жақтарына байланысты туындауы мүмкін. Әр тіл –
өзінше жеке мәдениет.
Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі
делдалдық бағыттары: коммуникативтік, мәдениаралық, аудармашылық,
ұйымдастырушылық.
Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың
өзіне тән қағидасы. «Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу» жақсы
аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен
тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған
мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында –
Хемингуэй, Демарка, Грэм Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды
оқимыз және де жатқа айтамыз. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың