18
қоғамдық қызмет, қоғамдық мақсат болу керек. Екінші, «орысшасын
өзгертпей тәржіма қылу» аударманы «тірі жанға түсініксіз» етеді. Үшінші,
еркін кетіп «мағынасы алыс хата тәржіма етуге» болмайды. Төртінші және ең
бастысы, «аударма» орыс, қазақтан бірдей соққы жемеу керек, яғни, екі тілдің
де тазалығын, мән-мағына, бояуын сақтай білу керек.
ХХ ғасырдың 20 жылдары жазылған аударма мәселесі жайлы еңбектер
ретінде Ж.Аймауытовтың, Е.Алдаңғаровтың, Б.Кенжебаевтың мақалаларын
атаймыз. Бұл мақалалардың біріншісінде (Ж.Аймауытов) аударманың
толыққандылығы туралы сөз болса, екіншісінде (Е.Алдаңғаров) Пушкин
поэмаларының қазақ тіліндегі аудармалары туралы, үшіншісінде (Б.Кенжебаев)
Абайдың аудармашылық шеберлігі туралы сөз қозғалады.
Аударма зерттеушісі Ө.Айтбаевтың пікірі бойынша «отызыншы
жылдардың орта шеніне дейін көркем аударма туралы айтылған пікірлер
белгілі бір шеңбер шегінен шыға алмады, көбі, жай тілек тұрғысынан аспады».
1930 жылдардағы аударматанудағы ең сүбелі үлес М.Әуезовке тиесілі. Ол
өзінің «Пушкинді қазақша аудару тәжірибелері туралы», «Ревизордың
аудармасы туралы», «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?», «Евгений
Онегиннің қазақшасы туралы», «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» деген
сияқты
мақалаларында
түпнұсқадағы
сөз,
ой
байлығын,
стильдік
ерекшеліктерді неғұрлым толық жеткізу мәселелерін салмақты әдеби,
теориялық тұрғыдан сөз етті. М.Әуезов ұсынған дәлелді принциптер аударма
заңдылықтарын бұдан былай үңіле тексеруге қозғау салды. М.Әуезов бұдан
кейін де әр жылдары аударма мәселелеріне үн қосып отырды. Осы жылдары
әдебиетші М.Қаратаев А.С.Пушкин шығармаларының қазақ тіліне аударылуы
турасында пікірлер айтты.
1930 жылдары белгілі тілші-ғалымдар Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың да
аудармаға назар аударғаны мәлім болып отыр. Қ.Жұбановтың кезінде
жарияланбаған аударма туралы этюдтері, басқа жол-жөнекей пікірлері,
С.Аманжоловтың марксизм-ленинизм классиктері шығармаларының аудармасы
туралы мақаласы, аударманың лингвистикалық қырын, сипатын көздеген
бастама еңбектердің санатына жатады.
Зерттеуші Ө.Айтбаевтың көрсетуінше, 1940 жылдардың еншісіне бір ғана
мақала тиесілі (ауд), алайда С.Жиенбаевтың аударманың тіліне арналған
мақаласы лингвистикаға бет бұрған алғашқы еңбектердің бірі екенін айтпай
кетуге болмайды.
Байқап отырғанымыздай, 1930 – 1940 жылдары аударманың зерттелуі
айтарлықтай дамымаған екен. Біздіңше, бұған себеп 1930 жылдардағы зұлмат
пен екінші дүниежүзілік соғыс. 1929 жылдан бастап халқымыздың оқыған
зерделі адамдарын қудалау, ашаршылық, соғыс жалғыз аударматануды ғана
емес, жалпы қазақ ғылымын кісендеп тастады. 1930 жылдары шыққан
еңбектердің жалпы бағытының өзі «ұлтшылдық» атты жала оғының бетін ары
бұрудың бір амалы іспеттес болып көрінгендей. Алайда, бұл сол кездердегі
еңбектердің теориялық құнын түсіре алмайды.
Аудармаға ғылыми мән беріліп, теориялық құнды пікірлер айтудың белең
алған тұсы – 1950 жылдар. Соғыстан халықтың мойынының босауы,
19
зұлматтан кейінгі «жылымық», зұлмат жоқ қылған зиялы оқымыстылардың
орнына ғылымға өртеңге шыққан гүлдей жаңа ұрпақтың келуі, аса
«сақтықтан» арылу аударма ғылымының дамуындағы айырықша қоғамдық
факторлар болды.
Бұл кезеңдегі жарияланған М.Әуезовтің, М.Қаратаевтың, С.Талжановтың,
Ә.Сатыбалдиевтің,
С.Нұрышевтің,
К.Шәріповтің,
М.Жанғалиннің,
З.Ахметовтің,
Е.Ландауды,
К.Кереева-Канафиеваның
т.б.
ғылыми
жарияланымдары Қазақстанда аударманың ғылым ретінде қалыптасуына
айырықша әсер етті, аударма мәселелерін жолға қойды. Бұған қоса елуінші
жылдардың ішінде өткен аударма мәселелеріне арналған Бүкілодақтық,
республикааралық, республикалық жиындар аудармаға қажетті ұсыныстар,
байсалды принциптер ұсынды.
Бұл кезеңге дейін негізінен көркем аудармаға ден қойылса, 1950 жылдары
аударманың стильдік, жанрлық, әдеби, тілдік мәселелеріне де назар
аударылды. Бұрын орыс тілінен қазақ тіліне аудару туралы сөз болып келсе,
1950 жылдары қазақ тілінен орыс тіліне аудару мәселесіне арналған алғашқы
диссертация қорғалды.
1950 жылдары жекелеген мақалалардан басқа арнайы ірі еңбектер жиі
жарық көре бастады, диссертациялық еңбектер көбейді. Мысалы, С.Талжанов
«О
некоторых
основных
проблемах
художественного
перевода»,
А.С.Сатыбалдиев «Развитие культуры художественного перевода в казахской
литературе», С.Құспанов «Переводы поэзии Абая на русский язык»,
Х.Садыков «Об основных принципах перевода казахской прозы на русский
язык».
Бұл кезеңдегі аударма теориясына айырықша үлес қосқандар – С.Талжанов
пен Ә.Сатыбалдиев. Алғашқы ғалым аудармаға әдеби тұрғыдан келіп, жеке
жазушы (Н.В.Гоголь) стилін бағамдаса, Ә.Сатыбалдиев Л.Н.Толстой
шығармаларының қазақша аудармасын арқау ете отырып, әдеби тұрғыдан келсе
де, тілдік талдаулар жасауға айырықша ұмтылыс жасайды. Аударманың
дәлдігіне шарттар қоя отырып, реалистік аударма ұғымын ұсынады.
1950 – 1960 жылдарда бой алған аударматану ілімі айырықша дами түсті.
Ол жылдардан бері А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтындағы
аударма бөлімі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты аударманы
зерттеуді жоспарлы түрде жүргізіп келе жатыр. Библиографиялық
материалдарға қарап отырсақ, содан бері осы мәселеге арналып, бірнеше
диссертациялық еңбектер, ғылыми жинақтар, монографиялар жарық көріпті.
1960 жылдардан бергі аудармаға байланысты жарық көрген еңбектерге тән
ерекшеліктердің кейбірі мынадай: аударманың жеке нақты проблемаларын
зерттеу (Ө.Айтбаев, А.С. Ермағамбетова т.б.). Зерттеудің обьектісі етіп, орыс
тілі мен қазақ тілі ғана емес, басқа шетел тілдерін де алу (Б.Репин, Ю.Сушков,
М.Ж.Құрманов, К.И.Дүйсетаева т.б.); аударма мәселелеріне арналған ғылыми
жинақтар шығару; аударманы зерттеудің аспектілері ажыратылады. Кей
ғалымдар (М.Әуезов, С.Талжанов, Ә.Тұрарбеков және т.б.) аударманы
әдебиеттанудың обьектісі етіп алса, екінші бірі бұны лингвистикалық тұрғыдан
Достарыңызбен бөлісу: |