Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет6/39
Дата25.05.2018
өлшемі5,25 Kb.
#17607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

 
13 
түсінушілігімен,  өздеріне  үйреншікті  дәлелдеуі  мен  ойларын  тұжырымды  етіп 
дәлелдеуі  керек.  Кейде  оратормен  бұрыс  қатынаста  одан  керекті  жерді  сұрап 
алуға  болады,  айтқан  сөзді  сұрап  ала  алады,  таныс  емес  атаудың  мағынасын 
анықтай ала алады. Ал тыңдаушымен бұрыс қатынаста, олардың немесе кейде 
оратордың  қабылдау  реакцияларын  қадағалау  мүмкіндіктері  туындайды, 
аударманың  айқын  түсінушілігін,  аудармашы  сөзінің  шапшаңдығын  тәртіпке 
салады және т.б. Қатынасушылар мен оратордың тығыз байланысты ол бас изеу 
қимылдарынан, көрнекті демонстрациялардан, қосымша анықтамалардан көмек 
ала  алады.  Бұл  жағдайларда  аударманы  бейімдендіру  трансляциялаумен 
толықтыруы  сирек  кезеспейді,  кейде  аудармашы  бір  немесе  бірнеше 
қатынасушының  сұрақтарына  жауап  беріп,  олардың  өтініштерін  орындап, 
қосымша рөлге ие болады. Егер ақпарат алу көздерінен рецепторға дейін болса, 
кез  келген  сөйлеу  қатынас  жолы  (тіларалық)  ақпаратты  тасу  барысында  бір 
бағытта  жүзеге  асады.  Сондықтан,  аудару  үрдісінде  рецепторға  арналған 
түпнұсқаның  мәтіні  және  аударылған  мәтінге  дейін  ақпарат  алу  көзі  пайда 
болады.  Аудармашы  түпнұсқаның  тілінен  аударылған  тіліне  аударады.  Жазба 
аудармада  тіларалық  қатынас  барысында  тіл  тұрақты  болады,  сондықтан 
аудармашы жиі ұсынылған тілден келесі тілге аударылуға мамандандырылады. 
 
 
Сұрақнама:  
1) Ауызша және жазбаша аудармалардың айырмашылығын суреттеңіздер. 
2) Қағаз  бетінен  қолма-қол  аударуды  қандай  факторлар  қиындатады  және 
қайсысы жеңілдетеді? 
3) Оқытушының  ұсынған  қолма-қол  аудармасын  аудара  отырып,  оған 
қорытынды жасаңыздар. 
 
1. 5 Аудармашының кәсіби этикасы 
 
Аудармашы мамандығы әртістің мамандығы секілді. Бірақ оған қарамастан, 
әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. Әртістің міндеті  кейіпкердің образына 
кіріп, кейіпкердің іс-қимылын салып, көрермендерге әсер ету.  
Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы 
болмау керек.  
Аудармашының  басты  мақсаты,  мәтіннің  аудармасын  дұрыс  жеткізу,  ол 
қандай да бір қол қимылы, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция 
туғызуға құқұғы жоқ. Ал бұндай жағдай болса, оған мәтіннің мағынасы себеп 
болу керек.  
Аудармашының  дауысы  қатты,  әрі  анық  шығу  керек,  бірақ  ешбір 
эмоциясыз. Әсіресе сіздердің назарларыңызды баяндама қорғаушылардың әзіл-
қалжындарына  аударған  дұрыс  болады,  себебі  олардын  қалжыңдарына,  сіз 
аудармаға дейін де, аударғаннан кейін де өздеріңізді ұстап, жай ғана жымиған 
дұрыс болады. 
Әрқашан  аудармашылардын  есінде  сақтайтын  бір  қағида  бар,  
аудармашылар  –  екі  жағаны  қосып  тұрған  көпір,  ал  басқа  болып  жатқан 
нәрселерге оның қатысы болмау керек.  


 
14 
Дәл  осы  қағидаға  сүйене  отырып  айта  кетерлік,  аударып  жатқан  адам  өз 
ренжісін немесе ашуын көрсетсе, аудармашы оның ойын бөліспеуге толығымен 
құқұғы бар.  
Тілді  оқығанда,  сол  ұлттың  арасында  оқыған  көп  пайдасын  тигізеді, 
шетелдіктерге еліктеп, олардың мәнерлерін келтіруге тырысу керек.  
Ал  аудармашының  сөздік  қорына    келетін    болсақ,  күнделікті  қолданатын 
сөздердің баламаларын жаттау керек, мысалы:  «мен сізбен  кейін хабарласам», 
«менімен  хабарласып  отыр»,  «кім  ақырғы?»  ...  Бұндай  сөз  тіркестер  шетел 
тілінде тіптен басқаша айтылады.  
Әрине, аудармашы шетел тілін жетік білген жақсы, бірақ бәрінен бұрын ол 
өз  тілін  жақсы  білу  керек.  Ілгермелі  аудармашыларға  өз  тіліне  аударғанша, 
шетел тіліне аударған оңайырақ түседі.  
Тағы  бір  маңызды  мәселе  –  жалпы  және  арнайы  білім,  жан-жақтылық. 
Осының арқасында аудармашының аудармашы машинадан айырмашылығы.  
Оқыған,  қарапайым  киінген,  сыпайы  және  ішімдік  қолданбайтын,  тамақ 
ішкенде  өз  мөлшерін  білетін,  дауысы  анық  және  құлаққа  жағымды,  батыс 
жақтың  білімі  туралы  хабары  бар,  өз  мамандығын  бағалайтын  адам  –  ол 
аудармашы.  
Енді бірнеше тәжірибеде қолданылатын кеңестер:  
Сіз аударып тұрған адамның көңілін бөлмеңіз. Әрине, Сіздің тәжірибеңізде 
өз-өзін  тыңдағанды  ұнататын  адам  кездесуі  мүмкін,  мұндай  жағдайда  оны 
тоқтатуға  мәжбүр  боласыз,  бірақ  тыңдаушылардың  Сізге  деген  көзқарасы 
дұрыс болмайды. Ондай жағдайға түспеу үшін, сөйлеп тұрған адамға көзіңізбен 
немесе  қол  қимылы  арқылы  тоқтау  керек  екенін  ескеріңіз,  ол  жанында  сіз 
тұрғаныңызды ұмытпау керек.  
 Егер  Сізде  сұрақ  болса,  Сіз  оны  сұрауға  міндеттісіз  –  осындай  жағдайда 
синхронды аударма қолайлы, бірақ тек маңызды деген жерлерді ғана сұраңыз, 
қайта-қайта адамды мазалаған әдепсіздік.  
Егер  Сіз  аудармаға  ертерек  дайындалып,  көрермендер  алдында  тез,  әрі 
дұрыс аударсаңыз, ол аудиторияға жақсы әсер етеді.  
Аударуды  бастар  алдында,  тыңдаушылармен  байланыс  орнатқан  дұрыс 
болады,  мысалы:  өзіңізді  таныстырыңыз  немесе  Сіздің  дауысыңызды  анық 
естіледі  ме  деп  сұраңыз.  Сонда  аудитория  Сіздің  дауысыңызға  өз  құлақтарын 
үйрете бастайды.  
Ауызша  аудармашының  мамандығында,  ен  маңыздысы  –  дауыс.  Сіздің 
дауысыңыз қатты, анық, бәріне естілетіндей болу керек. Егер Сіздің дауысыңыз 
тым  қатты немесе  тым  ақырын  болса,  дауысыңызды  алдын-ала  үйреткен  жөн. 
Егер, дауысыңызды үйретпесеңіз, ол отырып қалады. 
 
Сұрақнама: 
1) Аудармашы мен тапсырыс беруші адамның арасындағы этикалық қарым-
қатынас қандай болу керек? 
2) Аудармашының кәсіби этикасы туралы білімге қандай анықтама бересіз? 
3) Аудармашының кәсіби этика біліміне қандай үлес қоса аласыз? 
 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау