Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева


 Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет7/39
Дата25.05.2018
өлшемі5,25 Kb.
#17607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39

 
15 
 
1.6 Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес 
 
Іскерлік әдеп (этика) аудармашылық істе өте маңызды орын алады. Өйткені 
бұл  мамандық  қызмет  көрсету  саласына  қарағанда,  ақпаратты  берумен  тығыз 
байланысты. Сондай-ақ тағы бір көңіл бөлетін жайт, аудармашы өзі жеткізетін 
мәліметтің  адекватты  болуына  толықтай  жауапкершілік  артады.  Мына  
техникасы  дамыған  ғасырда  жан-жақты  болу  көбіне  сәттіліктің  нышаны 
(немесе  сәтсіздік),  ал  оны  иемденуші  белгілі  бір  мақсаттарда,  өзіне  не 
басқаларға, пайдаға не шығынға қолдануына үлкен мүмкіндігі бар.  
№1  ереже.  (Аударманың  іскерлік  әдептілігінің  ең  басты  ережесі)  өзіңе 
белгілі болған мәліметті жарияламау.  
№2  ереже.  Өзің  қызметтес  болатын  адамдармен  сенімді  қарым-қатынас 
орнату. 
№3  ереже.  Қауіпті  жағдайларда  ұстамды  және  суыққанды  болу,  әрқашан 
мейірімді,  сыпайы,  ұқыпты  және  баратын  жерге  сай  киініп,  сымбатты  әрі 
нақты, уақытынан қалмайтын және ескертімді болу шарт.  
№4  ереже.  Мүмкіндігінше  өзіңізден  қоспауға  тырысу  (айтылғаннан  тыс 
шықпай) ескертулермен толықтырулар және өз ойыңызды қосудан аулақ болған 
абзал. Сондай-ақ мүмкіндігінше айтылған ақпаратты толығымен жеткізу керек. 
№5 ереже. Бір-бірін жан-жақты түсініп, тығыз қарым-қатынасқа қол жеткізу 
үшін,  керек  боған  жағдайда  аудармашыға  таныс  қызметтестерге  егде  ұлттың 
мінез  құлқын,  салт-дәстүрін  және  мәдениетін  толықтыра  түсініп  кетуіне 
болады.  
№6  ереже.  Сондай-ақ,  жұмыс  уақытынан  тыс,  қосымша  ақысыз  қызметтез 
адамға  шет  елден  немесе  белгілі  бір  жағдай  да  шешім  таба  алмай  қысылса, 
нақты көмек көрсету керек. 
№7 ереже. Әрқашан білімде шыңдап, іскерлік шеберлікті дамытып және әр 
түрлі  салада  білімді  тереңдету  шарт.  Мүмкіндігінше  бір  бағытта  маманданған 
абзал (қаржы, экология, құқықтық іс және т.б.) 
№8  ереже.  Жас  және  бастауыш  аудармашылармен  бар  біліміңізді  және 
тәжірибеңізді аямай бөліскеніңіз дұрыс. 
№9 ереже. Іскерлік әдептілік пен ұжымдық салмақтылықты ұстана отырып, 
мамандықтың  маңыздылығын  көтеріп,  өз  еңбегіңізді  төмен  бағалауға  жол 
бермеңіз. 
№10  ереже.  (Қалжыңдау):  Осы  берілген  ережелердің  біреуін  бұзып  алып, 
қолға түспеу! 
       Хаттамалық  ұжымдық жиындардың ортақ сұрақтары. 
       Хаттамалық жиынның дайындылығына кіретін қызметтер: 
А) қабылдау өтетін жермен әрлеуді таңдау; 
Б)  шақырылатын  адамдардың  мекен-жайы  мен  хабарлау  әдісінің  (почта, 
факс, телефон) тізімін құру; 
В) қабылдаудың өту жоспарын құру; 
Г) шақыру билеттерін (уақытымен) тарату; 
Д) таңғы және түскі аста дастархан басына жайғастырудың жоспарын 
құру; 


 
16 
Е) тамақ мәзірін құру; 
Ж) дастарханның жасалуын және қонақтардың күтілуін бақылау; 
З)  алдын-ала  айтылатын  тілектерді  аударып,  дайындау  (қабылдаудағы 
жайғастырулармен). 
Келісімшартқа қол қою салтанаты. 
Соңғы кезде келісімшартқа отыру көбейді, оның ішінде біріккен жоба ашу, 
іскерлік  қызмет  атқару,  инвестициялар  және  тағы  да басқа жөнінде  мәселелер 
қарастырылады. Кей-кезде екі жақтың шешімі бойынша іс-қағаздарға қол қою 
салтанатын  өткізіп  жатады.  Жоғарғы  мемлекетаралық  жиындардан  өзгеше, 
келісімшартқа  қол  қою  аса  үлкен  салтанат  емес,  бірақ  оның  өзіндік 
ерекшеліктері мен тәсілдері бар.  
Келісімшартқа қол қою салтанатын өткізуге берілетін қызметтер. 
Қол  қою  салтанатының  жоспарын  –  шақырылатын  қонақтан  тізімін, 
«қызметтестер,  мемлекеттің  өкілдері,  шетелдіктер,  жоғары  дәрежелі  қонақтар, 
пресса, тағы да басқаларын» жақсылап ойластырып алған жөн. 
Қонақтарға  алдын-ала  уақытын,  күнін  телефон  арқылы  хабарлап  қойған 
дұрыс  немесе  факс  арқылы  шақыруды  алдын-ала  жіберген  жақсы.  Ал  бір  күн 
қалғанда ең маңызды және қызық деген қонақтарыңызды ескертіп қойғаныңыз 
абзал. 
Салтанат  өтетін  ғимарат  дайындаңыз  (кеңсе,  қонақ  үй),  сонымен  қатар  екі 
орындығымен қол қоюға арналған үстел (қалам, іс қағаздар қапшығымен), сөз 
сөйлейтін сұлба, фирма аты жазылған кестеше, гүлдер. Қол қоятын өкіліттердің 
аты-жөні  жазылған  кестешені,  техникалық  радиофикацияны  әзірлеп  қойған 
орынды. Ғимараттың көлемі шақырылған қонақтардың санына сай келуі керек.  
 
Сұрақнама: 
1) Ұжымдылық жиындар туралы мәлімет беріңіздер. 
2) Келісімшарт  және  тағы  басқа  маңызды  қағаздарға  қол  қою  шаралары 
қалай өтеді? 
3) Келешек аудармашыларға қандай кеңес бере аласыздар? 
 
2 Әдеби аударма негіздері 
2.1 Әдеби аударма ғылымының теориясы  мен тарихы 
 
Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол 
адам  табиғатын,  қоғамның  болмысын  өзгертуге,  жақсартуға  ат  салысады. 
Көркем  аударманың  теориясы  мен  практикасы  күрделі  және  көп  қырлы 
мәселелерді  қамтиды.  Әдеби  шығарманың  құрылым  жүйесі,  образдылығы, 
мазмұны,  стилі,  тілі  секілді  поэтикалық  құбылыстармен  бірге  оның 
эстетикалық, лингвопоэтикалық, сондай-ақ психологиялық және семиотикалық 
табиғатын  түзетін  көркемдік  құбылыстарды  пайымдау  әдеби  аударманың 
табиғатын  таразылаудағы  басты  міндеттер  қатарына  жатады.  Оның  үстіне 
аударма  шығармада  оның  авторы  мен  аудармашының  шығармашылық 
шеберлігі  мен  даралығы  қатар  көрініс  табады.  Әрі  түпнұсқа  тілі  мен  аударма 
тілінің  заңдылықтары  қатар  қызмет  атқарады.  Осының  бәрі  аударма 


 
17 
мәселелерін  зерттеудің  саласы  да,  арнасы  да  өте  көп,  алуан  түрлі  екендігін 
көрсетеді.  
Кез келген ұлт тарихтың қай кезеңінде болсын дүниежүзілік қоғамдық даму 
процесінен  оқшау  өмір  сүре  алмайды.  Қай  ұлттың  тарихын  алсақ  та,  ол 
өзгелермен байланысу жолдарынан басқа ұлттар мен әлеуметтік-экономикалық 
қарым-қатынас  жолдарынан  тұрады.  Ал,  қарым-қатынастың  басты  құралы  тіл 
екені  баршаға  аян.  Ұлтаралық  қарым-  қатынасқа  келсек,  әр  тілде  сөйлейтін 
адамдардың  арасында  тілдік  дәнекер  керектігі  өзінен-өзі  белгілі.  Міне,  осы 
тұста  аударманың  қажеттілігі  туады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  аударманың 
бастау көздері тым әрі, тарихтың тым ескі терең қойнауына кетеді.  
Аудару іс-әрекетінің өмір сүруі ұлт тарихының көне қойнауымен астарлас. 
Ал,  іс-әрекет  шыққан  соң,  заңдылықтарын  білу  өмір  талабы.  Сондықтан 
аударма  заңдылықтары  туралы  алғашқы 
ойлар 
халық  көкейінде, 
аударушылардың немесе соған қатысы бар адамдардың ауызша пікірінде болса 
керек.  Дей  тұрғанмен,  тіл  зерттеу  тарихында  аудармаға  байланысты  жазба 
аудармалар  көне  Греция,  Рим  кезеңдерінен  басталады.  Ал,  аударма 
заңдылықтарын мақсатты зерттеу Қайта өрлеу заманында арнайы қолға алына 
бастады.  Жаңа  ел,  жаңа  жерлердің  ашылуы  осыны  талап  етті.  Ал,  алғашқы 
теориялық  еңбектер  ХVІІІ  ғасырдың  еншісіне  тиеді.  Аталған  дәуірлерден 
бүгінгі  күнге  дейін  аударма  және  оны  зерттеу  үздіксіз  даму  үстінде.  Жалпы 
аударма  және  оның  тарихы  жөнінде  орыс  тіліндегі  әдебиеттерде  кеңінен  
айтылады. 
Мысалы: 
Ә.Сатыбалдиев, 
В.Н.Комиссаров, 
А.В.Федоров, 
Ө.А.Айтбаев  және  т.б.  Қазақ  тіліне  аудару,  қазақ  тілінен  аудару  мәселелері 
орта  ғасырдағы  араб  тілі,  түркі  танушы  ғалымдардың  еңбектерінен  бастау 
алады. Бұл замандағы түркі тілдерін зерттеушілер кей сөздерді, сөз өрнектерін 
араб  тілінде  қалай  жеткізу  керек  деген  мәселеге  кезі  келгенде  назар  аударып 
отырыпты.  Алайда,  бұл  еңбектерді  аударма  заңдылықтарына  арналған 
теориялық  еңбектер  деп  айта  қою  қиын.  Орта  ғасырдағы  Араб  Халифаты 
тұсындағы ғалымдардың басты еңбегі – түркі тілдерін басқа тілдермен қарым- 
қатынасқа түсіруі, түркі тілдеріне, түркі тілдерін қалай аударуға болады деген 
мәселеге із салуы.  
Қазақ  тіліне,  қазақ  тілінен  аудару  заңдылықтары  туралы  жекелеген 
қарапайым  топшылаулар  ХІХ  ғасырдың  басынан  бастап  «Түркістан 
уалаятының  газеті»  мен  «Дала  уалаятының  газетінде»  елеусіз  болса  да  бой 
көрсете  бастады.  Ал,  аударма  мәселесі  жайында  алғашқы  арнайы  пікірлер, 
үлкен  теориялық  деңгейде  болмаса  да,  сыни  дәрежеде  1914  жылы  «Айқап» 
журналында  жарияланған  И.Дихановтың  қазақ  өмірінен  жазған  «Манап» 
драмасының  аудармасы  жөнінде  айтылды.  Аталған  аударманың  сипаты 
жөнінде пікір айтқандар С.Сейфуллин мен М.Дулатов болды.  
Сәкен  Сейфуллин  әріпқой  аударудың  кесірінен  бұл  аудармада  қазақ 
тілінің, қазақи сөз саптауларының ескерілмегендігін сынайды.  
Міржақып  Дулатов  бұл  аударманың  кемшіліктерін  көрсете  келіп, 
аударманың  мақсатына  жол  нұсқағандай  болады.  Мақаладан  байқалатындай, 
аудармашы, ең алдымен, қандай шығарманы аудару керек, ол келесі ұрпаққа 
қандай рухани пайда әкеледі?  Осыны айқындап алу керек. Яғни,  аудармада 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау