Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет18/39
Дата25.05.2018
өлшемі5,25 Kb.
#17607
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

 
38 
 
Жаталық бір орында құшақтасып,  
 
Болсақ та сен киімшең мен жалаңаш.  
 
Жіберді сол қабірді тәңірім жарып,  
 
Ләйліні құшақтады Мәжнүн барып.  
 
Қайтадан қалыбына түсті сандық,  
 
Қосылды осылайша екі ғарып.  
 
Сыртынан жаназа оқып халқы кетті,  
 
Бұл өлім талай жанды еңіретті.  
 
Аямай ажал шіркін кімді алмайды,  
 
Ол түгіл пайғамбарға қаза жетті.  
«Ләйлі – Мәжнүн» дастанын сөз ету барысында оның бір ғана тәуір жағын 
алып, қайшылығын бүркеп өтуге болмайды. Ондай қайшылықтар ақында бірді-
екілі болса да кездеседі. Мысалы, орта ғасырдағы суфизм идеясының әсері, өзі 
өмір сүрген заманына сәйкес қайшылықтар. Дегенмен, Шәкәрім Құдайбердиев 
төл әдебиетімізге «Ләйлі – Мәжнүндей» келелі дүниені қосты, қазақ даласында 
туған  шығыс  үлгісіндегі  алғашқы  махаббат  дастаны  болды және  осы  поэмасы 
арқылы өз халқын шығыс шайырларының ұлы туындыларымен таныстырды.  
 
Сұрақнама: 
1) Шәкәрімнің аудармашылық шеберлігін зерделеңіздер. 
2) Шәкәрімнің шығыс әдебиетімен байланысы қалай зерттелді? 
3)  Аударманың  басқа  түрлерімен  салыстырғанда,  нәзира  аудармасының 
қандай ерекшеліктері бар? 
 
  
2.10 Шетел әдебиеті қазақ аудармаларында 
 
Шәкәрім  өзінің  қай    аудармаларында  да  халқының  бойына  ізгіліктің, 
адамгершіліктің  нәрін  сіңіруге  ұмтылып,  ғашықтық  дастанында  өзінің    қолы 
жетпеген бес асыл қасиетті кейінгі ұрпақ бойына сіңіру үшін  жазғанын айтады. 
Жалпы,  кейінгі  ұрпаққа  қалдырған  өзінің  төл  мұрасын    айтпағанның  өзінде, 
аударма саласындағы алуан еңбегінің өзі де белгілі бір заңдылыққа сай келетін 
сияқты. Ақынның кімнен аударма жасауы, қандай шығарманы аударуы т.б. Бұл 
жерде имандылыққа негізделген Шәкәрім дүниетанымы бірден көзге түседі. 
Шығыс  әдебиетінен  Шәкәрімнің  өз  қандастарына  таныстырған  тағы  бір 
туындысы,  Физули  Бағдадидан  қазақ  тіліне  өлеңмен    еркін  аударған  «Ләйлі  –
Мәжнүн»  поэмасы.  Поэма  1907  жылы  жазылған  деген  деректер  болғанымен, 
тек  1922  –  1923  жылдары  М.Әуезовтің  комегімен  «Шолпан»  журналында 
жарық көрді. Ал,1935 жылы С.Сейфуллин жеке кітап етіп бастырып шығарды. 
Көркем  аудармадағы  ұлттық  болмыстың  сақталған  тұстарына  анық  көз 
жеткізу  үшін  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Ләйлі  мен  Мәжнүн»  поэмасына 
көңіл аударайық.  
Поэма  ауыз  әдебиеті  үлгілеріндегідей,  төрт  құбыласы  тең  байдың    бір 
перзентке  зарығу  эпизодынан  басталады.  Шәкәрім  поэманың  сюжетін    негізгі 
кейіпкерлердің  өмірге  келген  күнінен  бастап,  олардың  бір-біріне  ғашық 


 
39 
болуын,  екеуінің  махаббат  хикаясының  қырық  күндік  шағында,    қолды  аяққа 
тұрмай шырылдап жылап жүріп қосылған сәттерінен  бастайды.  
Қыз  бен  жігіт  бойындағы  махаббаттың  басталуын,  олардың  бір-біріне  
деген  ынтық  көңілдерін,  ішкі  сезімдерін  қазақ  ақыны  қарапайым  сөйлете 
отырып,  шығарма  бойындағы  халықтық  этика  нышандарын  айқындап,  әсерлі 
эпизодтармен бастайды.  
Аудармаға мейлінше ұлттық бояу, рең кіргізе отырып, Шәкәрім Ләйлі  мен 
Мәжнүнді тәрбиелеген кемпірдің жылаған Қайысты қолына алғанда әлдеқашан 
суалып  қалған  омырауынан  сүт  шығуы  қазақ  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен 
бәрімізге таныс құбылыс.  
 
Қайысты  кемпір алып сүйіп еді,  
 
Тал бойы жас балаға иіп еді.  
 
Жіберді сүт сорғалап емшегінен,  
 
Баланың қолы барып тиіп еді.  
Аудармашы  Қайысты  емізерде  шыққан  сүттің  Ләйліні  емізерде  қайтып  
кетуін  заңды  халықтық  моральға  сыйғызады.  Оның  себебі,  бір  емшектен    нәр 
алған  жандардың  бір-біріне  «емшектес»  болары  анық,  ал  ғашық    болуы,  ар 
жағында ерлі-зайыпты болуы заңға қайшы құбылыс. Шәкәрім  бұл детальдарды 
өз  поэмасына  батыл  енгізген.  «Шығыстық  нұсқаларда»  жоқ  бұндай  эпизодтар 
мен қазақы көріністер поэманың көркемдік бояуын  қанықтыра түсумен қатар 
Шәкәрімнің дәстүрлі нәзирашылдық жолдағы өзіндік қолтаңбасының болғанын 
танытары  сөзсіз».  Шығыс  шайырларының  дастандарында  Ләйлі  мен 
Мәжнүннің  қатар  жүруіне  тыйым  салынған  болса,  Шәкәрім  өз  кейіпкерлерін 
«қазақыландырып» өзінше жырлайды.  
Шәкәрімнің  тағы  бір  қол  жеткізген  табысы  ауыз  әдебиетіндегі  эпикалық, 
лирикалық  жырлардың  формаларын  қолдану  арқылы  Ләйлі  бейнесін 
отандастарының таным-түйсігіне лайықтап береді.   
Осындай  ақын  жеткен  табыстарды  ғылыми  зерттеушілік  тұрғыдан  тізе 
беруге  болады.  Қалай  десек  те,  әр  ақынның,  әр  жазушының  өзіндік  стилі,  әр 
заманның  оларға  қоятын  талабы,  оларға  ақын-жазушылардың  қайтарған 
жауабы сияқты Шәкәрім бұл поэмасын жазар алдында заманының талаптарына 
сай  жырлай  отырып,  әрбір  тартыс-шиеленістерін  өз  табиғатымен,  қазақ 
өмірімен өзінше ұштастырады.  
Шәкәрім  бұл  поэмасы  арқылы  шығыс  өмірі  мен  өз  халқының  өміріндегі 
ортақ  дүниелерді  шебер  байланыстыра  отырып,  өз  топырағына  лайықтап 
жырлайды.  
Автор өз туындысының кіріспесінде: 
Мәжнүннің Ләйліменен аз жұмысы, 
Әне сол шын ғашықтың қылған ісі. 
Булардың әпсәнәсін жазған адам- 
Фзули Бағдади деген кісі. 
Ондай ғып еш бәйітші жаза алмаған, 
Нақысын шын келтіріп қаза алмаған. 
Кітабын Физулидің іздеп тауып, 
Кез болды былтырғы жыл азар маған.  


 
40 
Мен оның келтіре алман мыңнан бірін, 
Айтуға тіл жетпейді тәтті жырын. 
Мәжнуннің атын білер,жайын білмес, 
Қазаққа ұқтырайын біраз сырын. 
Ақынның  «Ондай  ғып  еш  бәйітші  жаза  алмаған»  деуіне  қарағанда 
Шәкәрімді  Ләйлі  мен  Мәжнүн  басындағы  ғашықтық  хикаясы,  махаббат 
трагедиясы  ғана  емес,  сол  оқиғаны  турлі  дәуірлерде  бірін-бірі  қайталай 
жырлаған  әр  алуан  ақындардың  ішіндегі  Физулидің  көркем  нұсқасы  да 
қызықтырғанға ұқсайды. 
Өйткені  Физулиге  дейін,  бүкіл  шығыс  еліне  мәшһур  «Ләйлі  –  Мәжнүн» 
сюжетін  салалы  дастан  түрінде  әлемге  тұңғыш  рет  таратқан  ақын-Низами  еді. 
Адам  азаттығын  жырлаған  бұл  дастан  Низамидің  реализм  жолындағы  ірі 
табысы болатын. «Ләйлі – Мәжнүн» атақты Хамса деп аталатын бес танының 
бірі.  Низами  шығармаларының  жанры  жер  жүзі  әдебиетінің  өшпес  мұрасына 
айналып,    ХІХ  ғасырға  дейінгі  бүкіл  шығыс  әдебиетіне  зор  әсер  етіп  келгені 
белгілі.  Қазақ  халқы  осы  Низамиден  тараған  «Ләйлі  –  Мәжнүн»  сюжетін 
көбірек  жырлайды.  Ол  қазақтың  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  жыры  сияқты 
тамаша эпос үлгісімен тұрғылас жатады. Ең алғаш Низами бұл сюжетті шығыс 
ертегісінен  алып  жырласа,  арада  жүз  жыл  өткен  соң  әмір  Хусрау,  1483  жылы 
Науаи,  1484  жылы  Жәми  жырлайды.  Ал  бұлардан  кейін  қазақ  даласында  бұл 
дастанға қалам тартқан ақын  Шәкәрім болды. 
«Ләйлі – Мәжнүн» поэмасы жарыққа шыққаннан бастап-ақ, ол Шәкәрімнің 
Физулиден  аударған  туындысы  емес,  көрнекті  қазақ  ақынының  шығыс 
шайырларымен  өнер  жарыстыра  отырып,  жазған  тол  шығармасы  ретінде 
бағаланды.  Бұдан  кейін  де  шығыс  әдебиетінде  және  төл  әдебиетімізде  осы 
сарындас  бірнеше  шығармалардың  омірге  келуіне  Физулидің  осы  шығармасы 
ықпал еткен. Оның нақты айғағы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік – Кебек», 
«Қалқаман  –  Мамыр»,  «Нартайлақ  –  Айсұлу»  поэмаларындағы  махаббат 
адалдығы, тазалық мәселесі «Ләйлі – Мәжнүн» жырынан кем деп айта аламыз 
ба?  Әрине,  жоқ!  Мәңгі  өшпес  махаббат  тақырыбын  қазақ  ақыны  одан  әрмен 
үдете түскендей. 
Шәкәрімге  дейін  де  қазақ  топырағында  неше  алуан  майталман  жүйрік 
ақындар болды, бірақ олардың барлығы бірдей күрделі жанр жасауға емін-еркін 
бара  берген  жоқ.  Оның  бірден  бір  себебі,  күрделі  жанрды  жасауға  қоғамдық, 
әлеуметтік мұқтаждық пен эстетикалық негіздердің, дайындықтардың әлі пісіп, 
жетіспеушілігі  еді.  Жазба  әдебиеттің  кеш  туып,  жаңа  жолға  қойыла  бастауы, 
эстетикалық  принциптердің  енд-енді  (Ыбырай,  Абайдан  бастап)  қанаттана 
түсуі, оқушы қауымның әлі де балаңдығы, көркемдік талап-талғамын анықтауға 
енді ғана бет алуы кесек жанрдың тууына көп қиындықтар туғызған болатын. 
В.Г.Белинскийдің  айтуынша,  «ақын  өмір  идеяларын  терең  танумен  қатар, 
оларға сай форма да таба білуге тиіс, реализмнің көркемдік формалары, әсіресе, 
композициялық-жанрлық  формалар  түптеп  келгенде  өмірдегі  шыншылдық 
көріністердің  белгілі  тарихи  мазмұн  арқылы  жазушы  түсінігінде  өзіне  сәйкес 
сәулесін  табуы  болып  саналады».  В.Г.Белинскийдің  осы  пікірін  негізге  алсақ, 
екі ғасыр аралығында жасалған алғашқы кесек туындылар өмірдің өзі ұсынып 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау