123
литр су төгіп тасталса, әр екі ыдыстағы судың көлемі тең болады). “Бір
ыдыста 3 литр су бар. Ал екнішісінде 2 литр көп. Қайтсек, екінші ыдыста
бірінші ыдыстағыға қарағанда 1 литр су көп болады?”.
Бірінші мәселе сияқты бұл да балаларда пікірлеу, нағыз жауапты табу
барысында ой қозғалысын жүзеге шығарады. Мысалы, балалар бірінші
ыдысқа 1 литр су қосымша құюды, немесе біріншісіне 2 литр, екіншісіне
тағы 1 литр су құюды айтыу мүмкін. Бұл ұсыныстардың барлығы практикада
орындалуы тиіс, яғни көлемді өлшеу бойынша жаттығуларға айналуы тиіс.
Жоғарыда берілген тапсырмалар балаларда қарапайым жағдай — ыдыстағы
суды стаканмен өлшеуге қарағанда көбірек қызығу оятуы мүмкін.
5. Уақыт
Бағдарлама бойынша уақыттың мөлшері және оның өлшем бірліктерімен
танысу 2-сыныпта жүзеге асырылады. Уақыт туралы түсінікті қалыптастыру
процесіндегі күрделілікті көздей отырып, бұл саладағы жұмыстарды бірінші
сыныпта орындау тиіс.
Оқушылардың күндер мен айларды жазып баруы, ай және аптаның
ішінде күнде санының қанша екенін анықтау, сабақ және үзілістердің
жалғасы тәрізді практикалық жұмыстар бірінші сыныпта уақыт туралы
түсінік беріліп барылады.
Уақытқа тиісті түсініктерді құрастыру, уақыт өлшемдерін үйрену және
тиісті біліктілік пен дағдыларды құрастыру методикасы.
2-сыныпта “Уақыт өлшемдері” тақырыбын үйретуде балалар уақыт
өлшемінің негізгі бірліктері жөнінде тиянақты түсінікке ие болуы керек.
Бұлар жыл, апта, тәулік, сағат, минут.
Оқытушының қызметі оқушыларды уақытты анықтауда сағатты
пайдалануға, сондай-ақ, оқиғаның қанша жалғасқанын, басталуын және
санның анықтаумен байланысты әртүрлі мәселелерді шешуде табель
күнтізбелерінен пайдалануға үйретуден тұрады.
Уақыт өлшемдері, өлшемдердің математик жүйесінен ерекше өлшеу
мүмкіндігін бермейді. Бұл жағдай түрлі көрсету қолданбаларын пайдалану
қажеттігін көрсетеді.
1. Табел-күнтізбе. Осы жыл үшін мұндай табел-күнтізбелерді
оқушылардың өздері оқытушының басшылығында еңбек сабағында
дайындайды.
2. Сағаттардың көрсету моделдері.
3. Мектеп оқушыларының күнделікті режимді кестелері.
124
Бірінші сабақта балаларда жыл, ай, апта туралы түсініктерді
қалыптастыруға тиісті жұмыстар атқарылады.
Жылда ойындарының келу тәртібін нығайту мақсатында рим
цифрларымен (I-XII) жартысы енгізіледі.
Тәулік ұғымы тәуліктің балаларға таныс болған таңертең, күндізі,
кешқұрын, түн түсініктері арқылы енгізіледі. Одан тыс уақытшалық
төмендегі бір ізділікке негізделеді: өткен күні, кеше, бүгін, ертең, бірсүгіні.
Оқушыларға күнтізбедегі саналар, тәуліктер өрнектеуді, тәуліктер кешкі
сағат 12-де басталуын түсіндіру қажет.
Содан соң сағат пен минут қаралады. Еліміз өмірінен алынған мысалдар,
зауыт және фабрикалар, 1-минутта, 1- жұмыс күнінде қанша өнім өндіруі
туралы сандық мәліметтер үлкен тәрбиелік маңызға ие.
Сағат пен минутты таныстыруға арналған бірінші сабақта уақыт
өлшемдерінің арасындағы қатынастар айтылады: бір тәулік 24 сағаттан, 1
сағат 60 минуттан тұрады.
ТАҢЕРТЕҢ, КҮНДІЗІ, КЕШҚҰРЫН, КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ...
Оқушылардың күн тәртібі (режімі) туралы.
Бастауыш сыныптың оқушаларында күн тәртібінің уақытын сағат
бойынша бөлінуі түсіндіреледі.
Оқушыларда таңертең, күндізі, кешқұрын түсініктерін нығайтуда
таңертеңгілік, түстік уақыты және кешкі тамақ, түнгі ұйқы тәртіптері
ескеріледі. Мысалы тұжырымдық жұмыс тәртібін төмендегідей өрнектеу
мүмкін.
7
00
-ден 8
00
-ге дейін дене тәрбиесі және таңертеңгілік шай.
8
00
-ден 12
00
-ге дейін сабақ жаттығулары.
12
00
-ден 13
00
-ге дейін түстік.
13
00
-ден 16
00
-ге дейін дем алу
16
00
-ден 18
00
-ге дейін сабақ дайындау.
18
00
-ден 20
30
-ға дейін мәдени дем алу
20
30
түнгі ұйқы.
125
АПТА. АЙ. МЕЗГІЛ. ЖЫЛ
1 жыл = 12 ай. Олар январ, фебрал, март, апрель, май, июнь, июл,
август, сентябр, октябр, ноябр, декабр.
1 жылда 4 мезгіл бар: көктем, жаз, күз, қыс.
Әрбір мезгіл 3 ай жалғасады.
1 апта = 7 күн. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, пейсенбі, жұма,
сенбі, жексенбі.
1. Әр мезгіл неше ай
жалғасады, айлырдың атын білесіз
бе?
2. Республикамыздың
тәуелсіздік күнін айтыңыз. Биыл
тәуелсіздігіміздің нешінші жылы?
3. Бір аптада неше күн болады?
Апталардың күндерін айтып
беріңіз.
КҮНДІЗ-ТҮН. САҒАТ. МИНУТ
Сағаттың кіші стрелкасы уақыттың неше болғанын көрсетеді. Ол
бір үлкен сызықтан екінші үлкен сызыққа 1 сағатта өтеді.
Сағаттың үлкен стрелкасы минутты көрсетеді. Ол бір кіші
сызықтан 1 минутта өтеді.
Бір тәулік бір күндіз-түнге тең болады..
1 күндіз-түн=24 сағат
1 сағат =60 минут
Сағаттың кіші стрелкасы бір күндіз-түнде 2 рет айналып шығады.
Тәулік сағат 12-де басталады және 24 сағаттан кейін сол
уақытта аяқталады.
Ал 2-сыныпта жыл, ай, тәулік (күндіз-түн),сағат және минут сияқты
бірліктер үйреніледі. Ал 3-сыныпта секуінт пен ғасыр ұғымдарының
өтілуімен балаларда уақыт туралы түсінікті тағы да анықтауға қол
жеткізіледі.Уақыт бірліктері туралы түсініктерді қалыптастыру үшін түрлі
жаттығулар өткізу жақсы нәтиже беруі мүмкін, мысалы, оқытушы өзі
шапалақ салған соң, бір минут өткен соң, балаларға да шапалақ сазайтуды
Достарыңызбен бөлісу: |