8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
толтырылған бағалау парақтарын;
толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
бағалау нәтижелерін бекітеді;
бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе
бірдей баға болған жағдайда бағалау нәтижелерін мәжбүрлі түрде саралау кезінде. Бұл ретте Комиссия қызметшілердің қол жеткізген нәтижелерінің мәні, маңыздылығы және өлшемдестігін есепке ала отырып, бағалау қорытындыларын түзетуге құқылы.
Құрылымдық бөлімшенің басшысын және өзге қызметшілерін бағалаудың нәтижелері мынадай қатынаста үлестіріледі:
«қанағаттанарлықсыз» – құрылымдық бөлімшенің бағаланған қызметшілерінің (бұдан әрі – бағаланған қызметшілердің) 5% дейін;
«қанағаттанарлық» – бағаланған қызметшілердің 40%-тан 50% дейін от оцененных служащих;
«тиімді» – бағаланған қызметшілердің 35%-тен 45% дейін;
«өте жақсы» – бағаланған қызметшілердің 10% дейін.
Бағаларды үлестірудің нәтижелері осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша саралау парағында көрсетіледі.
Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Қызметші бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар қызметшілерге төленеді.
Қызметшіні оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
Қызметші Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
«Қанағаттанарлықсыз» баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.
Қызметшінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметші заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
Қызметшілерді бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың үлгілік әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
жеке жұмыс жоспары
жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
Қызметшінің лауазымы: __________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________________________________________
№
р/с
|
Шаралардың аталуы*
|
Іс-шараның нәтижесі
|
1
|
Іс-шара
|
|
2
|
Іс-шара
|
|
3
|
Іс-шара
|
|
4
|
…
|
|
Ескертпе:
- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс
Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні _______________________
қолы ____________________
|
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
күні ____________________________
қолы ________________________
|
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың үлгілік әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ р/с
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
|
Тікелей басшының бағалауы
|
Ескерту
|
Көтермеле-нетін көрсеткіш
тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Көтермеле
нетін көрсеткіш
тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
…
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
|
Бағалау нәтижесі:
|
|
Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні _______________________
қолы ____________________
|
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
күні ____________________________
қолы ________________________
|
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың үлгілік әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
__________________________________________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с
|
Аталуы
|
Маңызы
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
|
Басшының бағалау нәтижелері
|
Ескерту
|
1
|
Іс-шара
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
2
|
Іс-шара
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
3
|
Іс-шара
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
4
|
…
|
|
|
|
|
Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдай__________
күні _______________________
қолы ____________________
|
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________
күні ____________________________
қолы ________________________
|
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың үлгілік әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
Айналмалы бағалау нәтижелері
__________________________________________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_______________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________
№
р/с
|
Құзіреттін аталуы
|
Маңызы
|
Баға
(балл)
|
Тікелей басшы
|
1.
|
Бастамашылығы
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
2.
|
Әрекеттестікке икемділігі
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
3.
|
Қызметтік этиканы сақтау
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
Бағынышты адам
|
1.
|
Жұмысты жоспарлай білу
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
2.
|
Жұмысқа негіздей білу
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
3.
|
Қызметтік этиканы сақтау
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
Әріптесі
|
1.
|
Топта жұмыс істей білу
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
2.
|
Қызметтік этиканы сақтау
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың үлгілік әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)
I. Бағалау нәтижелері
№
р/с
|
Қызметшілердің
Т.А.Ә.
(болған жағдайда)
|
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
|
Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі
(болған жағдайда)
|
1.
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
...
|
|
|
|
II. Саралау парағы (жылдық бағалау кезінде)
Таратудың сипаттамасы
|
Берілген тарату
|
Қызметшілердің Т.А.Ә.
(болған жағдайда)
|
Комиссияның ұсынымдары
|
Өте жақсы
|
10% дейін
|
|
|
Тиімді
|
35%-тен 45% дейін
|
|
|
Қанағаттанарлық
|
40%-тан 50% дейін
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
|
5% дейін
|
|
|
Комиссия қорытындысы:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |