«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі Жалпы ережелер



жүктеу 352,19 Kb.
бет1/2
Дата08.01.2018
өлшемі352,19 Kb.
#7143
  1   2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің


2015 жылғы « 29 » желтоқсандағы

№ __ бұйрығымен

бекітілген

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың үлгілік әдістемесі

1. Жалпы ережелер


  1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

  2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

  3. Бағалау қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей (бағалануы 10 желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

Әлеуметтік демалыстағы қызметшілер бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің 4 тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.



  1. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атқарушы органдарының басшыларын бағалауды облыс, астана, республикалық маңызы бар қаланың әкімі не қалып бойынша оның орынбасарларының бірі жүргізеді


  1. Жылдық бағалау:

  1. қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

  2. қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;

  3. айналмалы бағалаудан құралады.

  1. Қызметшінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері және ведомство басшыларының қызметін бағалау жөніндегі комиссия мемлекеттік органның бірінші басшысымен құрылады, кем дегенде үш мүшеден және төрағадан (мемлекеттік органның басшысынан) тұрады, және мемлекеттік орган басшысының орынбасарларынан, жауапты хатшыдан (аппарат басшысынан) құралады.

Өзге қызметшілерді бағалау жөніндегі комиссия «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау және лауазымнан босату құқығына ие тұлғамен (бұдан әрі – лауазымды тұлға) құрылады, кемінде бес мүшеден құралады, олардың үштен бірі, соның ішінде төраға, бағалау жүргізіліп жатқан мемлекеттік органның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен болуы тиіс.

Өзге қызметшілерді бағалау жөніндегі комиссияның басшысы болып мемлекеттік органның жауапты хатшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда - аппарат басшысы табылады.


  1. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

Бағалау жөніндегі комиссияның Төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

  1. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

  2. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің қызметшісі табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Қызметші жұмысының жеке жоспарын құрастыру


  1. Қызметші жұмысының жеке жоспары қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

Қызметшінің тікелей басшысы болып ол өзінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

  1. Қызметші лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде құрастырылады.

  2. Қызметші жұмысының жеке жоспары:

  1. қызметші туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

  2. мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес қызметшінің жұмыс іс-шараларының атауын.

Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, қызметші жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.



  1. қызметшінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

  1. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана қызметшінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.



3. Бағалауды жүргізуге дайындық


  1. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалу туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау


  1. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

  2. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

  3. Көтермелеу баллдары мемлекеттік органда белгіленген ағымдағы жұмыс көлемі нормативтерінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

  4. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстын көлемі мен күрделігінің қсу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасыда. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін қызметші бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.

  1. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

  2. Орындау тәртібін бұзуға:

  1. жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімдерін бұзу;

  2. тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды сапасыз орындау жатады.

  1. Еңбек тәртібін бұзуға:

  1. дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

  2. дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

  3. қызметшілердін қызметтік әдеп нормаларын бұзуы жатады.

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі, қызметшінің тікелей басшысы, әдеп бойынша уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

  1. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

  2. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, қызметші тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.

  3. Тікелей басшы қызметшінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі және әдіп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

  4. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы қызметшімен расталады.

Қызметшінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау


  1. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

  2. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

  3. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.

Қызметшінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау


  1. Айналмалы бағалау

1) тікелей басшыны;

2) қызметшіге бағыныштыларды;

3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.


  1. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

  2. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

  3. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

  4. Персоналды басқару қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.

  5. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға




  1. Қызметшінің тікелей басшысы қызметшінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:


,
– тоқсандық баға;

a – көтермелеу баллдары;

в – айыппұл баллдары.


  1. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

80 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»

80-нен 105 баллға дейін – «қанағаттанарлық»

106-дан 130 баллға дейін – «тиімді»

130 баллдан астам – «өте жақсы»



  1. Персоналды басқару қызметі қызметшінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:


,
– жылдық баға;

– тоқсандық бағалардың жиынтық мәні. Бұл ретте тоқсандық қорытынды баға осы Әдістеменің 37 тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

«тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға дейін) – 4 балл,



«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

ИП – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).

  1. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

3 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;

3 баллдан бастап 4 баллға дейін – «қанағаттанарлық;

4 баллдан бастап 5 балға дейін – «тиімді»;

5 балл – «өте жақсы».



жүктеу 352,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау