Б. К. Кенжембетова сурет салу әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Екінші  кіші тобында бейнелеу өнеріне баулу әдістемесі



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет5/133
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#36647
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Suret salu Metodika 3 Kaz

Екінші  кіші тобында бейнелеу өнеріне баулу әдістемесі 

 

Екінші  кіші  тобында  алдыңғы  топтағы  алған  бейнелеу  өнерінің  іскерлік  дағдылары  – 



сурет салу, жапсыру және мүсіндеу кезіндегі тәрбие міндеттері біртіндеп күрделене 

түседі.  Бұл  жаста  балалардың  қабылдауы,  ойлауы,  есте  сақтауы  біршама  жетіліп,  дами 

түседі. Бейнелеу өнерінің әсерлілік (мәнерлеу) құралдары (түс, пішін, салыстырмалы 

көлем, құрылым т.б.) бірте-бірте қалыптаса бастайды. Бұл бейнелеудің жаңа міндеттерін 

ұсынуға мүмкіндік береді. 

Балаларға алғашқы сабақтарда құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің дағдыларын меңгерту 

және заттардың пішінін бере білуі үшін пішін жасайтын қимылға үйрету керек. Олар бояу 

түстерін  таңдап,  ажырата  білуге,  сызықтарды  түрлі  бағытта  түсіруге  жаттығады.  Солдан 

оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай сызық түсіру, бір нүктеден бастап айналдырып сол 

нүктеге  әкелетін  үзіліссіз  қозғалыс  жасауға  машықтанады.  Қолдың  белгілі  бір  бейнені 

жасаудағы  қимылдары  сурет  салу  мен  мүсіндеуде  әртүрлі  болып  келеді.  Бейнелейтін 

заттардың  кеңістіктегі  арақатынасының  өзіне  тән  қасиеті  сурет  салуда  шеткі  сызығы 

арқылы  беріледі.  Сурет  салу  кезіндегі  қолды  баса  қимылдатуға  жұмсалатын  күш 

ұзақтылығына байланысты сипатталады. Ал мүсіндеуде масса мен үлкендік шама арқылы 

беріледі.  Жапсыруда  дайын  пішін  алынатындықтан,  түстерді  ажыратуда  кеңістікті 

бағдарлай білуге көбірек көңіл бөлінеді. Ол баланы жан- жақты жетілдіруде өте маңызды. 

Осы  кезеңде  баланың  эстетикалық  сезімі,  талғамы,  сурет  салуға,  мүсіндеуге  деген 

қызығушылығы  арта  түседі.  Бағдарламада  бейнелеу  өнерімен  таныстыру  екі  бөлімнен 

тұрады: 

а) айналаны бақылау және қабылдау

ә) іскерлік дағдыларын қалыптастыру. 

Балалармен  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  алдымен  айнала  қоршаған  ортадан, 

өмірден, болмыстан және өнер туындыларынан көргендерін, байқағандарын бейнелеу іс-

әрекеті  арқылы  бере  білуге  дағдыландыру  қолға  алынады.  Іс-әрекетпен  айналысу 

барысында  бейнелеудің  мәнерлеу  құралдарын  меңгеріп,  қажетті  құрал-жабдықтарымен 

жұмыс  істеуге  үйренеді.  Бұл  жастағы  балаларды  үйретудің  ерекшелігі  де  сабақтарды 

ойынмен байланыстыру болып табылады. 

Мұндағы  басты  әрі  маңызды  әдіс-тәсіл  –  үлкендермен  бірлескен  іс-әрекет  барысы.  Олар 

түрлі  түсті  суреттерді,  көркемөнер  шығармаларын  тамашалайды,  ойыншықтардың  түр-

түсін  байқай  білуге  (құрылысын,  пішінін)  үйренеді.  Бейнелеу  өнеріне  бейімдеуде  халық 

ауыз әдебиеті үлгілері, 

өлең-тақпақтар,  жұмбақтар  мен  жаңылтпаштарды  тәрбие  мазмұнына  сәйкес  ұтымды 

қолдану  қажет.  Тәрбие  жұмысы  күнделікті  іс-әрекет  барысында  бір-бірімен  тығыз 

байланыста  жүргізілуі  тиіс.  Таңертеңгі  қабылдау  кезеңінен  бастап  кешкілік  ата-аналар 

алып  қайтатын  аралықта  жұмыстар  бір-бірімен  сабақтастырыла  ұйымдастырылады. 

Мақсатты  серуендер,  саяхаттар  ұйымдастыру  арқылы  тақырыпқа  бағыттайтын 

мүмкіндіктерді  ойластырып,  табиғат  ерекшеліктері,  өзгерістері,  жан-жануарлар,  көлік 

түрлері,  түрлі  ғимараттарды  қарау,  шағын  ойыншықтармен  ойнау  т.б.  сияқты  жұмыстар 

балалардың ой-қиялын ұштап,қабілеттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. 

Бірінші тоқсанда қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. 

Айналадан көргендерін, құбылыстардан бақылағандарын ырғақты үзік сызықтармен, 

жағу тәсілдерімен солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай түрлі бағытта сызық сызуға, 

дөңгелек пішінді доптарды салуға дағдыланады. Мұнда қарындашты дұрыс пайдаланып, 

түсіне қарай таңдай білу, қолдың қимыл-қозғалысын жаттықтыру жұмыстарын жүргізуде 

ойын тәсілдері басты орын алады. Бейнелеуге бейімдей отырып, баланың байланыстырып 

сөйлеуі,  ой-қиялының  дамуы,  іс-әрекет  түріне  деген  қызығушылық  сезімі,  эстетикалық 

әсер  алуына  бағыт  беріп  тәрбиенің  кешенді,  жүйелі,  бірізділігінің  сақталуына  көбірек 

көңіл бөлу қажет. 




11 

 

Екінші тоқсанда балалар алған білім дағдыларын жетілдіре, жалғастыра отырып бояумен 



жұмыс  істеудің  әдіс-тәсілдеріне  машықтана  бастайды.  Бояуды  алмастырып  қолдану, 

қылқаламмен  дұрыс,  ұқыпты  жұмыс  істеуге  үйренеді.  Қарапайым  заттарды, 

құбылыстарды  бейнелі  түрде  салуға  үйренеді.  Жағу  тәсілдерін  бекітіп,  қылқаламмен 

жұмыс  істеуде  батыл,  еркін  қозғалыс  жасауға  бейімделеді.  Тік  төртбұрышты  заттарды 

салу, сызықтарды тік және көлбеу бағытта үйлестіре орналастыру, дөңгелек сызықтарды 

біріктіре үлкен-кіші көлемде салуға жаттығады. Суретті 

қағаз бетін толық пайдалана отырып салуға үйренеді. 

Үшінші  тоқсанда  меңгерген  дағдыларын  пайдаланып  дөңгелек  пен  төртбұрышты 

байланыстырып құрылым жасау, әртүрлі бағыттағы сызықтардың үйлесім табуына көңіл 

бөледі. Үшбұрышты заттарды салу кезіндегі қолдың қозғалысына жаттығады. Бірінші оқу 

іс-әрекетінде  бояуды  пайдаланғанда  бір  түспен  салады,  бірнеше  ҰОҚ-нен  кейін  ғана  екі 

түс беріледі. 

Қылқаламды  пайдалануда  бояуды  қалай  қағазға  жағу,  бояуды  сімірте  батырып  алып 

ыдыстың  шетіне  сүйкеп  түсіру,  үзіліссіз  қозғалыс  жасауды  көрсетіп,  пайдаланып  болған 

соң қылқаламды сумен жуып, кептіру қажеттілігі түсіндіріледі. 

Кез келген заттың пішінін беру екі кезеңнен тұрады: 

а) затты эстетикалық қабылдауы

 ә) затты талдау (негізгі бөліктері, пішіні, орындалуы, көлемі, бөлшектері, түсі). 

Дөңгелек  пішіндерді  қарындашпен  боямай  салады  (сақиналар,  көпіршік,  шаңырақ  т.б.). 

Бояумен  дөңгелек  ішін  бояуды  үйрету  үшін  доп,  алма,  шар  салғызуға  болады.  Дөңгелек 

пішіндерден  соң  төртбұрышты  салуда  үйренгенде  тірек  сызықтары  арқылы  бейнелеу 

тиімді.  Мысалы:  жіпке  ілінген  жалауша  салған  соң  кітап,  шашылған  текшелер,  содан 

кейін арба, вагон т.б. 

Қарындашпен  сурет  салғанда  альбом  бетінің  жартысы  беріледі,  бояумен  салғызғанда 

тұтас  беріледі.  Осы  топпен  жұмыс  істеуде  педагог  алдындағы  күрделі  міндет:  мәнерлеу 

(әсерлеу)  құралдарын,  ырғақты,  түсті,  сызықты  дұрыс  беру.  Мысалы,  балалар  күнді  әлі 

салып көрген жоқ. Дөңгелек пен қысқа сызықтарды үйлестіріп салуды педагог бірден өзі 

салып  көрсеткеннен  гөрі  балалардың  өзі  ойланып,  әрекет  етуіне  бағыттау  керек.  Сол 

сияқты  бақ-бақ  салу  үшін  де  қылқаламның  ұшын  тік  бағыттау  арқылы  үлпілдек  басын 

салуды  үйретеді.  Балаларға  ойланыңдар,  өздерің  көргенде  қандай  еді»  деген  сөздермен 

нұсқау  береді.  Талдау  кезеңінде    көркем  сөз  қолдану  өте  тиімді.  Қар  жамылған 

ағаштардың  суретін  салған  кезде  бояумен  жұмыс  істеудің  тиімді  жолдары 

қарастырылады.  Алдын  ала  серуенде  ағаштардың  құрылысына,  діңі,  бұтақтары  қалай 

орналасқанын қарап, қолды жоғары көтеріп, бұтақтарды салуды көрсетеді. Жерде, қардың 

бетінде  таяқпен  салып  жаттығады  немесе  бормен  тақтаға  салып  көрсетеді.  Одан  кейін 

ретін түсіндіреді. 

Алдымен  жерді  көлденең  сызып  алады,  одан  кейін  діңі,  содан  соң  көлбеу  бұтағы 

салынады. Ақ  бояуды  пайдаланып, сүйкей жағу тәсілімен қар салады.  «Теледидардан не 

көрдік?»  деген  тақырыпта  ойыншық  теледидар  экраны  жасалады.Балаларға  теледидар 

көретіндіктері  хабарланады  да,  бәрі  жиналып  назар  аударған  кезде  экран  бетіндегі 

көгілдір  қағаз  ақырын  сырғытып  алынып  тасталады,  оның  астында  ертегі  мазмұны 

бойынша сурет, балалардан не көріп отырғандары сұралады. Мысалы, «Бауырсақ» ертегісі 

бойынша  салынған  сурет  болса,  балалар  бірден  қай  ертегі  екенін  айтып,  қысқаша  шолу 

жасалады  да,  педагог  «Онда  бауырсақтың  суретін  салайық»,  –  деп,  дөңгелек  форманы 

салуға  кіріседі,  егер  төртбұрышты  форма  салу  керек  болса  кітапты  немесе  терезе  т.б. 

көрсетуге болады. Көбінесе балалар экраннан нені  көрсе, соны салуды ұсынады. «Келесі 

УОҚ-де  не  көргілерің  келеді?»  –  деп  сұрап,  педагог  балалардың  өтінішін  бос 

уақыттарында  орындайды.  Жұмыс  барысында  балалардың  сурет  салуға  икемділіктері, 

қабілеттіліктері бақыланып, жеке жұмыстар жүргізуді тұрақты ұйымдастыру қажет. 

Жоспарда  көрсетілген  тақырыптардан  басқа  педагогтің  қалауы  бойынша  таңдауға, 

ығармашылық  шеберлікті  жетілдіруге  ұсынылатын  тақырыптар  беруге  болады.  Мұнда 



12 

 

педагог  жергілікті  жер  жағдайын  (ауылдық,  қалалық),  өлкелік,  аймақтық  ерекшеліктерді 



ескеруі керек. 

Педагог көрнекіліктерді баланың қабылдауына, ұғымына қарай тиімді пайдалануы қажет. 

Баланың  сөздік  қорына  бейнелеу  өнері  арқылы  қосылатын  кейбір  сөздерді  талдап 

түсіндіру  талап  етіледі.  Ол  ортаңғы  топта  қайталанып  тиянақталады.  Мысалы:  наркөз, 

шаңырақ, шығыршық т.б. 

Балалардың  білім  деңгейі,  іскерлік  дағдылары  «Қандай  түс?»,  «Кім  тез  жинайды?», 

«Моншақтар  тіземіз»,  «Біздің  ыдыстарымыз»,  «Бейнені  құрастыр»,  «Әдемі  гүлдер»  т.б. 

дидактикалық  ойындар  арқылы  тиянақталады.  Дербес  көркемөнер  бұрышында  баланың 

бейнелеу іс-әрекетімен айналысуына толық мүмкіндік жасау қажет. Педагогке әдістемелік 

бағыт-бағдар алу үшін бірқатар күнтізбелік және ҰОҚ-нің жоспарларын ұсынамыз. 

 «Сурет салу» бойынша осы әдістемелік нұсқау балалардың жан-жақты дамуына және оқу 

қызметін  ұйымдастыру  кезінде  педагогтерде  туындаған    көптеген  сұрақтардың    шешуін 

табуға  көмектеседі деп сенеміз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.  

 


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау