1
Г.К. Бияхметова, Б.К. Кенжембетова
СУРЕТ САЛУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
екінші кіші топ (3-4 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2018
2
Бияхметова Г.К., Кенжембетова Б. К.
Сурет салу. Әдістемелік нұсқау.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
бойынша екінші кіші топ (3-4 жас) педагогтеріне арналған / Г.К. Бияхметова, Б.Кенжембетова
– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 64 бет.
© Бияхметова Г.К., Кенжембетова Б.К., 2018
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018
3
ТҮСІНІКТЕМЕ
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешенді дайындауда төмендегі нормативтік
құжаттар басшылыққа алынды:
1.
«Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
15 мамыр 2016 жылғы
№ 292 қаулысымен бекітілген.
2.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016
жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша).
3.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ
2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) сәйкес ұйымдастырылады.
ОӘК
дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге «Сурет салу»
ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерін жан-жақты
қолдану жөнінде бағыт-бағдар береді.
ОӘК-не:
- әдістемелік нұсқау;
- үлестірмелі материалдар
кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективтік жоспар және 36 ҰОҚ-не
арналған жоспарлар берілген.
Оқу қызметі төмендегі кезеңдерден тұрады:
•
Бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі
(жағымды эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырып, оқу қызметіне ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған
тақырыпты қуана қабылдауы үшін қажет)
;
•
Екінші кезең – негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мәселе
түсіндіріліп, балалардың бәрі ҰОҚ-не белсенді араласады;
•
Үшінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, реттеледі.
Балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді
жолы көркемөнер болып табылады. Эстетикалық тәрбиеде көркемөнерге ерекше орын
беріледі. Ол әртүрлі сезімге бөлей отырып, балаларға өмір құбылыстары мәнін ашады,
оларды қоршаған ортаға мұқият қарауға үйретеді. Әсемдікті түсініп, жақсыдан үйреніп,
жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Баланың көркем ойлау жүйесі тұрақты дамуы үшін
тәрбиеші-педагог оның жасына сәйкес іс-әрекет түрлерін дұрыс таңдай білуі қажет.
Көркем өнерге тәрбиелеу әдістемесінің негізінде бала мен педагогтің көркем
құндылықты қабылдаудағы шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік, табиғи, заттық ортаға
деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады. Бұл
жұмыстың табысты болуы көп жағдайда тәрбиеленушінің өзіндік ерекшеліктері,
қажеттіліктері мен мүддесі, жалпы даму деңгейінің қаншалықты ескерілетіндігімен
анықталады.
Көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін бейнелеу
тәсілдерінің баланың жас ерекшелігіне сай үйрету әдістемесі мен жалпы міндеттерге
сәйкес мазмұнын белгілеп, нақты қойылатын талаптарды анықтап алу қажет. Бұл
көркемдік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдауда кездейсоқтық, жүйесіздік,
біржақтылыққа ұшырамаудың басты шарты. Бұл сондай-ақ педагогтерге бейнелеу өнері
бойынша жұмыстарды жоспарлауға, материалды бірізге салуға, тәрбие жұмысының
негізгі мақсатына жетіп, нәтижесін көруге көмектеседі.
Балабақшадағы көркемдік тәрбие жұмыстары тәрбие және білім беру ісінің барлық
қырларымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де
іс-әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл нұсқауда көркем өнерге тәрбиелеудің
төмендегідей міндеттерін шешу көзделді:
– тұрмыста, еңбекте, ойын барысында қоғамдық және табиғи құбылыстармен,
заттармен таныстыру арқылы балалардың бойында қоршаған ортаға деген эстетикалық
көзқарасты
4
қалыптастыру;
–
өнер құралдары арқылы көркемдік тәрбие беру (көркемдік талғамды
қалыптастыру);
– шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– көркемөнер туындылары жайында қарапайым түсінік беру және әсер алу, сезінуге
баулу, бейнелеу әрекеті негізінде іскерлік дағдыларды меңгерту, музыка, әдебиет т.б. өнер
түрлері арқылы өмірдегі әдемілікті, сұлулықты қабылдау мен түсінуге, сезінуге
дағдыландыру, қарапайым эстетикалық әсерлер, көру мен есту түйсіктерін жинақтауға
жаттықтыру;
эмоциялық және танымдық үдерістерді белгілі бір шамада дамыту.