Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы
өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;
шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;
шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;
әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері
нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
қоғамда теңсіздікті туғызады;
тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;
нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.
маржиналық (шекті) талдау
балама таңдау шығындарына
экономикалық рационалдыққа
Маржиналық талдау принципі негізінде нарық субъектілерінің іс қимылы жүріп отырады. Олардың әрекетіне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар. Осының нәтижесінде нақты тауарлармен толық қамтылу, нарықтық бағаның өзгеруі, т.б. Яғни бұл принцип нарықтық ортаның үздіксіз қызмет етуін, сұраныс пен ұсыныстың көлемінің тұрақты сақталуын, өндіруші мен тұтынушы арасындағы тепе - теңдіктің орнауына жол ашады.
Баламалы таңдау шығынының принциптері - бұл тікелей және ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіптік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және шығындардың жиынтығы жатады.
Ерекшелігі барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің ішінен ең тиімдісін және күмәнсіз орындай алатын вариантын таңдап алу. Экономикалық рационалды принципі - табыс пен шығындарды салыстыру негізінде қалыптасады. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан тұрады, яғни ең аз көлемде пайда әкелетін варианттың жүзеге асуы. Аталған принциптер нарық болмысының тепе-теңдігіне қол жеткізуге жол ашады. Нарықтың құрамы өте күрделі, ол экономиканың барлық сфераларына әсер етеді.
Нарықтың экономикалық құрылысы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
меншік формалары бойынша: (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
шаруашылық субъектілернің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағына байланысты тауар өндірушілердің құрылымы (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары);
тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекелендіру дәрежесімен;
осы мемлекеттің қолданатын сауданың түрлерімен.
Сабақты бекіту:
Нарықтың мәні мен атқаратын қызметтері. Нарықтың түрлері мен олардың жіктелуі.
Нарықтың құрылымы. Нарықтың инфрақұрылымы.
Үй тапсырмасы:
Нарық қатынастар жүйесі ретінде. Нарықтық қатынастардың субъектілері.
Нарықтық экономиканың үлгілері. Бұрынғы кеңестік елдер кеңістігіндегі нарықтық қайта құрулар.
Достарыңызбен бөлісу: |