|
Б экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану
|
бет | 7/14 | Дата | 02.03.2023 | өлшемі | 49,44 Kb. | | #41540 |
| Б экономиканы базалы білімін ж не к сіпкерлік негіздерін олдаСабақты бекіту:
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
Меншік обьектілері мен субьектілері.
Үй тапсырмасы:
Жекешелендірудің экономикалық мағынадағы түсінігі мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру.
ҚР-да меншіктік қатынастарының құрылуы.
Сабақ тақырыбы: Қоғамдық өндіріс нысандары.
Жаңа сабақ:
“Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі- натуралды шаруашылық. Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, рынокқа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол универсалды қол еңбегіне негізделу анағұрлым таза түрінде қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым дағдымен сипатталады. Өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Үш басты сұрақ: нені? қалай? және кім үшін өндіреміз? дейтін мәселелерді өз шаруалылықтарының сұранымымен ескере отырып, шаруашылық иелері (өздері әрі жұмыскерлер) шешті. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен роль атқарды.
Басым форма ретінде натуралды шаруашылық оған тарихтың өлшеп берген жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда, «өндірдік-тұтындық» принципі бойынша байланыс айырбассыз және қоғамдық микро-макро деңгейлерінен де көрінеді. Микродеңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсететін бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола алады. Ал, макродеңгейде бір ғана елдің шегінде , өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі, шаруашылықты тәуелсіздікке жеткізбейтіндіктен реакциялық болып табылады.” [1]
“Натуралды шаруашылық — қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы, оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни, натуралды дегеніміз — адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілері мыналар:
өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым,
өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі – натуралды шаруашылық.
Натуралды деп адамдардың өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Натуралды шатуашылық қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық қоғамда орын алды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталады; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).
Үш басты сұрақ – нені? қалай? және кім үшін өндіреміз? дейтін мәселелерді өз шаруашылықтарының (патриалхалды отбасы) сұранысын ескере отырып, шаруашылық иелері шешті. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен рөл атқарды.
Басым нысан ретінде натуралды шаруашалық оған тарихтың өлшеп берген жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда «өндірдік-тұтындық» принципі бойынша байланыс аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементтерін қазіргі заманғы қоғамның микро, макро деңгейлерінен де көреміз. Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсететін бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола алады. Ал макро деңгейде бір ғана елдің шегінде, өзін өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Мұндай саясат елдің әлемдік нарықтан оқшаулануына, экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі.
Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі.
Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылықты айтамыз.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты – нақты бір өнім шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихи 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да,нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жекеменшік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен оқшауланды.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
Нарықтың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы өндірістің ерекше моделі сәйкес келеді:
Дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі.
Еркін нарықтың тауарлы өндірісі.
Реттелген нарықтың тауарлы өндірісі.
Деформацияланған нарықтың тауарлы өндірісі.
Дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі (жай тауар өндірісі) – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншік болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негіделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан, жалпыға ортақ емес.
Еркін нарықтың тауарлы өндірісі (нарықтық экономика). Түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;
б) Қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды.
Реттелген нарықтың тауарлы өндірісі – экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болмауымен сипатталады.
Реттелген нарықтың тауарлы шаруашылықтың бірнеше модельдері бар:
а) Әлеметтік нарықтық шаруашылық
б) Аралас эконмика
в) Корпоративтік экономика.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|