125
«Қазақстанның астанасы» атты кесте-сызбаны толтырыңдар.
Қазақстанның
астанасы
Екінші топ оқушыларының тапсырмасы:
«Астана қаласын астана ретінде таңдап алудың себептерін атаңдар».
астана
астана
Үшінші топ оқушыларының тапсырмасы:
«Астана қаласы құрылысының жоспарын жасауға қандай шетелдік
мемлекеттер атсалысты?» Кестені толтырыңдар.
астана – әлем
қаласы
126
Кестенің әрбір сызықшасын әр топтан оқушылар толтырады (сызықша
қанша болса, әр топтан сонша бала толтырады. Мысалы, 4 сызықша болса, 4
оқушы жазады). Басқа балалар қатесі болса түзейді, не сызықшаны қосымша
жауаппен толтыруы мүмкін.
Мұғалім оқушылар жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §62. «Байтақ қала – Астана» әңгімесімен танысу және
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындап келу.
§63. Бүгінгі Қазақстан
сабақтың мақсаты: оқушыларға қазіргі Қазақстанның дамуы, оның
дүниежүзіндегі алатын орны, халықаралық қатынастар туралы күрделі
мәселелерді түсінікті тілмен жеткізу. Сабақ материалы оқушылардың
бойында отаншылдық, елжандылық сезімдерін тәрбиелеуге септігін
тигізеді. Тарихи құбылыстар мен оқиғаларды салыстыра білу біліктерін
дамыту жұмыстарын жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
нен үзінді, иллюстрациялық материалдар.
Сабақ жаңа материалды оқып-үйренуден басталады.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазіргі Қазақстан Республикасы.
2. Қазақстандағы ұлттар арасындағы келісім мен өзара түсіністік.
Жаңа материалды оқып-үйрену «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильмінен
үзінді көрсетуден басталады. Бейнефильм көрсетілмес бұрын, оқушылар
назары тақтада не плакатта жазылған проблемалы тапсырмаға аударылады.
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталатын
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген баяндама жасалды. Осы сөйлемді
қалай түсінесіңдер? Осындай маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін не
істеу қажет деп ойлайсыңдар? Сендер не істер едіңдер? «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» деген Жолдаудың атын қалай түсінесіңдер?
Бейнефильм мен аудиофильмнен үзінді көрсетілген соң, оқушылар
мынадай сұраққа жауап дайындайды:
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның дамуы туралы не айтасыңдар?
2. Қазақстанның болашағы қандай болмақ?
3. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында қандай мәселелер
қарастырылған? Олар қалай орындалып жатыр деп ойлайсың?
127
4. Қазақстанның өркендеп дамуы үшін жас ұрпақ не істеуі қажет деп
ойлайсыңдар? Ойларыңды мысалдармен дәлелдеңдер.
5. Қазақстан қандай мемлекеттермен байланыс жасап жатқанын атап,
картадан көрсетіңдер.
Мұғалім оқушыларды Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың 2008 және 2010 жылдардағы Қазақстан халқына
Жолдауларының мазмұнымен таныстырып, олардың жасына сай, көңілге
қонымды түрде әңгімелеп түсіндіреді.
Оқушылар кезектесіп оқулық мәтінін оқиды, ондағы негізгі ойды
тауып, қорытындылайды.
Мұғалім тапсырмасы бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Бірінші топ оқушылары оқулық мәтіні, қосымша ізденістері негізінде
«Республикамыздағы халықтың өмірі жақсара бастағаны туралы нақты
мысалдар келтіріп, кестені толтырыңдар» деген тапсырманы орындайды.
Кесте: «республикамыздағы халықтың өмірі жақсаруда»
р/с
орташа
жалақы
зейнет-
ақы
мөлшері
медицина-
лық көмек
студенттер
стипен-
диясы
мұғалімдер
жалақысы
мәдениет
саласындағы
қызметкерлер
жалақысы
Екінші топ оқушыларының тапсырмасы:
Қазақстан Республикасы қандай қазба байлықтарға бай екенін
диаграмма не кесте түрінде жазыңдар.
Үшінші топ оқушыларының тапсырмасы:
«Қазақстан халқының бірлігі – біздің басты байлығымыз» тақырыбының
күрделі жоспарын жасаңдар.
Топтар орындаған жұмыс бойынша оқушылар білімі бағаланады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §63. «Бүгінгі Қазақстан» әңгімесі және төртінші,
бесінші бөлімдердегі негізгі мәселелерді қайталап келу тапсырылады.
128
§64. Қазақстан және дүниежүзі
сабақтың мақсаты: оқушыларға қазіргі Қазақстанның дүниежүзіндегі
орны, халықаралық қатынастар туралы күрделі мәселелерді түсінікті тілмен
жеткізу. Сабақ материалы оқушылардың бойында отаншылдық сезімін,
басқа халықтармен ынтымақтастық байланыстың қажеттілігін тәрбиелеуге
септігін тигізеді. Тарихи құбылыстар мен оқиғаларды салыстыра білу
біліктерін дамытуда жұмысты жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильмнен
үзінді, иллюстрациялық материалдар.
Сабақ жаңа материалды оқып-үйренуден басталады.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстан және дүниежүзі.
2. Халықаралық қатынастар.
Жаңа материалды оқып-үйрену «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильмінен
үзінді көрсетуден басталады. Бейнефильм көрсетілмес бұрын оқушылар
назары тақтада не плакатта жазылған проблемалық тапсырмаға аударылады.
«Қазақстан қандай мемлекеттермен көрші тұрады? Осы мемлекеттер
туралы не білесіңдер? Қазақстан басқа елдермен ынтымақтастықты неліктен
жақтайды? Еліміз ғарышта және спортта басқа елдермен қандай байланыс
жасайды?
Бейнефильм мен аудиофильмнен үзінді келтірілген соң, оқушылар
оқулықтың мәтінімен өздігінше танысып, мынадай кестені толтырады:
«Тәуелсіз Қазақстан шет мемлекеттермен қандай байланыс орнатқанын
жазыңдар».
тәуелсіз Қазақстан шет
мемлекеттермен қандай
байланыс орнатты?
Достарыңызбен бөлісу: |