ҚазҰтзу ст 09 2017 2017 жылғы «25» 05 №2 басылым
Бүйірі (тақырыптарға Бағаналар(бағандар) арналған бағандар) 5.5.2 Кесте атауы оның мазмұнын көрсетіп, дәл әрі қысқа жазылуы тиіс. Кесте атауы кестеден жоғары абзацтық шегіністен бастап, «1 Кесте» сөзінен кейін сызықша қойылғаннан кейін жазылады. Кестенің бір бөлігін сол бетке немесе басқа бетке көшіргенде кесте атауы тек бірінші бөлік үстіне ғана жазылады. 5.5.3 Қосымша кестелерінен басқа кестелер араб сандарымен оқу жұмысының басынан бастап нөмірленеді. Қосымша кестелері араб сандарымен жекеше нөмірленеді. Сан алдына қосымшаның әріптік белгіленуі қосылып жазылады. Сан мен әріптік белгі арасына нүкте қойылады. Егер мәтінде бір ғана кесте болса, онда ол «1 Кесте», А қосымшасының кестесі «А.1 Кесте» деп белгіленеді. Кестелерді бөлім шектерінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кесте нөмірі бөлім нөмірі мен кесте нөмірлерінен тұрады. Олардың арасына нүкте қойылады. Мысалы: «2.1 Кесте» - Екінші бөлімнің бірінші кестесі. 5.5.4 Кестедегі бағаналар тақырыптары мен тақырыпшалары бір сөйлемді құраса, онда бағаналар тақырыптары мен жолдары бас әріптен, ал бағаналар тақырыпшалары кіші әріптен басталып жазылады. Олай болмаған жағдайда бағаналар тақырыпшалары да бас әріптен басталады. Кестенің бағаналар тақырыптары мен тақырыпшалары жазылғаннан кейін нүкте қойылмайды. Олар жеке түрде жазылады. Кестенің бағаналар тақырыптары мен тақырыпшаларын кішірейтілген қаріппен жазуға рұқсат етіледі. 5.5.5 Бүйір тақырыптары мен тақырыпшалары және бағаналар арасын диагональ сызықпен бөлуге болмайды. Бағаналар тақырыптары кесте қатарларына параллель жазылады. Қажет болған жағдайда оларды перпендикуляр орналастыруға да болады. Бағаналар тақырыптарының параллель және перпендикуляр орналасуын кезектестіріп қолдануға болмайды. 5.5.6 Кестені, көлеміне қарай отырып, оған алғашқы сілтеме болған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастырады. Қажет болған жағдайда кестелерді қосымшаларға орналастыруға болады. Кестені оқу жұмысы парағының ұзындығы бойынша орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кесте жолдары парақ форматынан үлкен болса, оны екі бөлікке бөледі. Екінші бөлікті біріншінің астына немесе қатарына орналастырады. Бұл кезде әрбір бөлікте оның басы мен бүйірлері қайта жазылады. «Кесте» сөзі бірінші бөліктің сол жақ шетіне жазылады. Басқа бөліктер үстіне курсивпен «кестенің жалғасы» деп жазылып, кесте нөмірі (белгіленуі) көрсетіледі. Егер парақ соңында кесте үзіліп, оның жалғасы келесі бетте берілсе, онда бірінші бөліктегі төменгі көлденең сызық сызылмайды. Бағаналары аз кестелерді бөліктерге бөліп, оларды бір-бірінің жанына орналастыруға болады. Бұл кезде кесте басы қайталанады. 5.5.7 Кестеге «Рет бойынша нөмір» бағанын қоюға болмайды. Кесте бағаналарын араб сандарымен нөмірлеуге оқу жұмысының мәтінінде оларға сілтеме болғанда, кестелерді бөлу кезінде және кесте бөлігін келесі бетке көшіру кезінде рұқсат етіледі. Көрсеткіштерді, параметрлерді және басқа да деректерді нөмірлеу қажет болған жағдайда реттік нөмірлерді бірінші бағанда (кесте бүйірінде) олардың атауларының алдында көрсету қажет. Кестедегі бағаналар тақырыптары мен тақырыпшаларының мәтінін қысқарту үшін кейбір ұғымдарды МЕСТ 2.321 белгілеген әріптік белгіленулермен немесе мәтінде түсініктеме берілсе басқа да белгіленулермен ауыстыруға рұқсат етіледі. Мысалы, D-диаметр; Н-биіктік; L-ұзындық. Кесте мен оқу жұмысының мәтіні арасында бір бос қатар қалдырылады.
Сызба материалы ол туралы алғаш рет айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке, ал қажет болған жағдайда қосымшаға орналастырылады. 5.6.2 Мәтінге қойылатын суреттер, схемалар, диаграммалар және т.б. конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес болуы қажет. Иллюстрациялар компьютерлік орындауда және түрлі-түсті болуы мүмкін. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы тиіс. 5.6.3 Сызба материалын тақырыптық атауы болуы мүмкін. Оны сызба астына парақ ортасына жазу қажет, мысалы:
Сызба материалға сілтеме жасаған кезде, егер нөмірлеу оқу жұмысының басынан соңына дейін болса «2-суретке сәйкес» деп, ал бөлім бойынша нөмірлеу қолданылса «1.2-суретке сәйкес» деп жазылады. 5.6.4 Қосымшалардың сызба материалдарынан басқа сызба материалдардың барлығын араб сандарымен оқу жұмысының басынан бастап нөмірлеу қажет. Егер бір ғана сурет болса, онда оны «1 Сурет» деп жазу керек. Сызба материалын бөлім шектерінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда сурет нөмірі бөлім нөмірі мен сурет нөмірінен тұрады. Екі нөмір арасы нүктемен бөлінеді. 1.1 Сурет – Сурет атауы (Схема…, диаграмма…, график…) Әрбір қосымшаның сызба материалы араб сандарымен жеке нөмірленеді. Сан алдына қосымшаның әріптік белгіленуі қосылып жазылады. Әріптік белгі мен сан арасына нүкте қойылады. Мысалы: А.3 Сурет − Сурет атауы (Схема…, диаграмма…, график…) 5.6.5 Суретті (диаграмманы, схеманы және т.б.), әдетте бір параққа орналастырады. Егер сурет бір параққа сыймаса, кейінгі беттерге ауыстыруға рұқсат етіледі. Бұл кезде суреттің тақырыптық атауы бірінші бетке, түсіндірмелік деректер әрбір бетке жазылып, олардың астына егер сурет бірнеше болса «... сурет, ... парақ» деп, ал егер сурет біреу болса «1 Сурет, ... парақ» деп жазылады. 5.6.6 Диаграммаға өлшем бірліктерін жазғанда мына тәсілдердің бірін қолдану қажет: - шкала соңында, соңғы және оның алдындағы сандар арасына (егер жазатын орын болмаса соңғыдан алдыңғы санды жазбауға болады); - айнымалы шаманың атын жазған соң үтірден кейін; - шкала соңында, соңғы санды жазғаннан кейін бөлшек сызығын сызып, оның алымына - айнымалы шама белгіленуін, бөліміне – өлшем бірлігін жазу арқылы. Бұрыштың өлшем бірліктері (градустар, минуттар, секундтар) бір рет – шкаланың соңғы санының қасына – жазылады. 2-суретте диаграмманы орындаудың бір мысалы келтірілген. 2 Сурет − Жылдамдықтың трасса учаскелеріне қатынасы 5.7 Сілтемелер Оқу жұмыстарында мыналарға сілтемелер жасауға рұқсат етіледі: белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттарға; заңнамалық және басқа да нормативтік актілерге; арнаулы әдебиеттерге және т.б. Сілтемелер квадрат жақша ішіне МЕСТ 7.1 – 2003 талаптарына сай ресімделген әдебиеттер тізіміндегі нөмірді жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы – [1], [2] және т.б. 5.8 Ескертулер 5.8.1 Мәтін, кестелер немесе сызба материалдары мазмұнына анықтамалық деректер немесе түсіндірмелер қажет болғанда, оқу жұмыстарында ескертулер келтіріледі. Ескертулерде талаптар қоюға болмайды. 5.8.2 Ескертулерді ескерту жасалған мәтіннен, сызба материалдан кейін немесе кестенің соңғы қатарында келтіреді. Олар абзацтық шегіністен басталып, жазба әріптермен асты сызылмай жазылады. Егер бір ғана ескерту болса, «Ескерту» сөзінен соң – сызықша, бірнеше ескерту болса – қос нүкте қойылады. Кесте ескертулері кесте соңында оның соңғы көлденең сызығының үстіне жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Мысалы: Ескерту - __________________________________ Бірнеше ескертулер араб сандарымен нөмірленеді. Мысалы: Ескерту: 1 __________________; 2 __________________.
Түсіндірмелер түсіндірме таңбалары қойылған беттің төменгі жағына, абзацтық шегіністен бастап жазылады. Түсіндірменің үстіңгі жағын негізгі мәтіннен қысқа жіңішке сызық бөліп тұрады. Бұл сызық сол жақ шетке орналастырылады. Ал кестедегі мәліметтерге берілетін түсіндірмелер оның соңындағы көлденең сызық үстіне жазылады. 5.9.2 Түсіндірме таңбасы түсінік берілетін сөз, сан, символ, сөйлемнен соң және түсіндірме мәтінінің басына қойылады. 5.9.3 Түсіндірме таңбасы жақшалы немесе жақшасыз араб сандары түрінде жазылып, жазу қарпінің жоғарғы оң жақ шетіне орналастырылады. Мысалы: «... интернетте хабарландыру2) ...». Түсіндірмені нөмірлеу әрбір бетте жаңадан басталады. Сандар орнына жұлдызшалар *** қолдануға рұқсат етіледі. Төрт жұлдызшадан артық қолдануға болмайды. Түсіндірмені келесі бетке ауыстыруға болмайды, тек кестелердегі түсіндірмелер ғана оның соңында көрсетіледі.
Қажет болғанда көлемі 148х210 мм болатын А5 форматын қолдануға рұқсат етіледі. Негізгі форматтардың қысқа жағын олардың көлемдерінің еселігіне тең шамаға көбейту нәтижесінде алынатын қосымша форматтарды да қолдануға болады. Еркін формат көлемдерін, әдетте, 3-кесте бойынша таңдайды. Мысалы АОх2; А4х8 және т.б. 2-кесте - Форматтардың белгіленуі
3-кесте - Форматтардың көлемдері
6.2 Сызбаларда техникалық талаптар мен кестелерді, жазбаларды салу ережелері – МЕСТ 2.316 6.2.1 Сызбада көлемдері мен шектік ауытқулары көрсетілген зат кескінінен басқа мыналар болуы мүмкін: а) техникалық талаптар мен техникалық сипаттамалардан тұратын мәтіндік бөлік; б) бұйымның элементтеріне қатысты жазбалар; в) көлемдер мен басқа да параметрлер, техникалық талаптар, бақылау кешендері, шартты белгіленулері және т.б. көрсетілген кестелер. Ескерту – Ауданы бойынша сызба 90% - ға, ал тығыздығы бойынша 75% - ға толтырылған болуы шарт. 6.2.2 Сызбаның негізгі жазбасын орындау МЕСТ 2.104 талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. 6.2.3 Сызбада көрсетілген деректерді сызба немесе шартты белгілер арқылы көрсету мүмкін болмаған жағдайда сызбаға мәтіндік бөлік, жазба және кесте қосылып беріледі. 6.2.4 Мәтін мен жазбалардың мазмұны дәл және қысқа, МЕСТ 2.104 талаптарына сай болуы шарт. 6.2.5 Параметрлер кестесі стандартпен белгіленген сызбаларда (мысалы, тісті дөңгелектер т.б.) кесте МЕСТ 2.316 талаптарына сәйкес орналастырылуы шарт. Басқа кестелердің барлығы парақтың бос жеріне суреттің оң жағына немесе одан төмен МЕСТ 2.105 - 95 бойынша орналастырылады. Егер техникалық талаптарда сілтемелер бар болса, онда сызбадағы кестелер сол сызба шектерінде нөмірленеді. Бұл кезде кестенің жоғарғы сол жағына нөмір (№ таңбасы қойылмайды) мен «Кесте» сөзі жазылады. Егер сызбада тек бір ғана кесте болса, онда ол нөмірленбейді және «Кесте» сөзі жазылмайды. 6.2.6 Сызбадағы техникалық талаптар сипатының біртектестігі және жақындығы бойынша топтастырылып жазылады. Егер көрсетілген бұйымның техникалық сипаттамасын көрсету қажет болса, онда оны техникалық талаптардан бөлек, сызба парағының бос орнына «Техникалық сипаттама» деп атын жазып орналастырады. Бұл кезде техникалық талаптардың үстіңгі жағына «Техникалық талаптар» деп жазып қою қажет. Екі атаудың да асты сызылмайды. Техникалық талаптар МЕСТ 2.316-де көрсетілген рет бойынша жазылады.
Ірі нысандардың бас жоспарларын жобалау кезінде мынадай масштабтарды қолдануға рұқсат етіледі: 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:20000; 1:25000; 1:50000. 6.3.2 Қажет болған жағдайларда (100 n):1 үлкейту масштабын қолдануға болады. Мұндағы n – бүтін сан. 6.3.3 Геологиялық – маркшейдерлік сызбалар орындаған кезде жоғарыда көрсетілгендермен бірге мынадай масштабтар қолдануға болады: 1:100000; 1:200000; 1:300000; 1:500000. 6.3.4 Сызбаның негізгі жазбасындағы арнаулы бағанда масштабы 1:1; 1:2 және т.б. түрінде, ал басқа жағдайлардың барлығында М1:1; М1:2; М2:1 және т.б. түрінде белгіленеді.
Сызықтардың арнаулы мақсаттарда қолданылуы (кесінді, әртүрлі беткейлі аймақтар шекарасы, т.б.) КҚБЖ – ның арнаулы стандарттарында көрсетілген. 6.5 Қаріптер – МЕСТ 2.304 6.5.1 Сызбалардағы барлық жазбалар стандартты қаріптермен жазылады. 6.5.2 Қатардың негізімен салыстырғанда әріптер мен сандар еңістігі 75 градусқа жуық болуы керек. Парақ аттары, негізгі жазбадағы белгіленулер және сызба орындарындағы жазбаларды еңістіксіз жазуға болады. Тек грек алфавитінің әріптері ғана міндетті түрде еңістікпен жазылуы тиіс. 6.5.3 Қаріп көлемі бас әріптердің миллиметрмен көрсетілген биіктігімен анықталады. Қаріптердің мынадай көлемдері белгіленген: 2,5; 3,5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. 6.5.4 Әріптер мен сандардың биіктігі және басқа көлемдері арасындағы қатынас барлық қаріптер үшін МЕСТ 2.304 – де көрсетілген. 6.5.5 Сызбалардағы әріптер мен сандардың биіктіктері: қарындашпен жазылса – 3,5 мм – ден, тушьпен жазылса – 2,5 мм – ден кем емес. 6.5.6 Геологиялық карталар мен көлемдер үшін жазбалар топографиялық қаріптермен, топографиялық материалдарға қойылатын талаптарға сай орындалады (МЕСТ 2.850 – МЕСТ 2.857).
6.6.2 Техникалық шарттар құжаты жеке парақтарда әрбір жинақтау бірлігіне арналып МЕСТ 2.106 – 96 – ның 1 және 1а формалары бойынша құрылады. Жалпы жағдайда техникалық шарттар құжаты мынадай бөлімдерден тұрады: - құжаттама; - кешендер; - жинақтаушы бірліктер; - детальдар; -стандартты бұйымдар; - басқа да бұйымдар; - материалдар; - жинақтар. Осы бөлімдердің болуы немесе болмауы спецификацияланатын бұйым құрамымен анықталады. Бөлімдер мазмұны МЕСТ 2.106 – 96 талаптарына сәйкес болуы шарт.
6.8.2 Әрбір плакатта мыналар болуы керек: а) плакат атаулары; б) суреттік бөлім; в) түсініктемелік мәтін (қажет болса). Плакат атауы оның жоғарғы жағына парақ ортасына жазылады. Плакат атауы қысқа және плакат мазмұнына сәйкес болуы керек. 6.8.3 Плакаттың суреттік бөлімінде тақырып мазмұнын түсіндіретін мәліметтер болуы қажет: а) бұйымдар үшін – құрылғы құрылысы мен оның құрамдас бөліктерінің өзара қатынастарын көрсететін сыртқы бейнелері мен кескіндері, әртүрлі схемалар, кестелер, формулалар, кестелер, диаграммалар. б) технологиялық үдерістер үшін – технология ретімен салынған жабдықтардың шартты немесе схемалық көріністері және олардың жұмыс істеу тәсілдері; в) плакатқа шығарылған кестелер, сызбалар, диаграммалар осы стандарт талаптарына сай ресімделеді. 6.8.4 Түсініктемелік мәтін плакаттың бос орнына жазылады және плакатта көрсетілген бұйымның құрамдас бөліктерінің немесе бөлім элементтерінің аттары, түсініктемелер, схемалардағы белгіленулер және т.б. көрсетіледі. 6.8.5 Плакаттардағы атаулар, элементтердің белгіленулері, мәтіндік бөлігі түсініктемелік жазбадағы атаулармен, шартты белгіленулермен, мәтіндік бөліктермен толық сәйкес болуы шарт. 6.8.6 Плакаттардағы рамка парақ шетінен 20 мм қашықтықта парақ периметрі бойымен сызылады. Масштабты сақтамай плакат орындағанда оған негізгі жазба жазылмайды және қосымша бағандар сызылмайды. 6.8.7 Сызбаларды масштаб сақтап КҚБЖ талаптары бойынша сызған кезде негізгі жазба міндетті түрде сызылады. (МЕСТ 2.104) 6.8.8 Плакаттарды орындау кезінде түрлі-түсті баспаны, фломастерлерді, тушьтарды қолдануға рұқсат етіледі. Плакаттардағы жазба сызба қарпімен МЕСТ 2.304 бойынша орындалады. Плакаттарды компьютерлік бағдарламалар арқылы орындағанда, ондағы стандартты қаріптер қолданылады. 6.8.9 Тіркеу мен сақтауды ұйымдастыру мақсатымен плакаттың төменгі оң жағына оқу жұмысының түрі мен тақырыбын, авторын, топ индексі мен кафедра атауын жазып көрсету қажет.
6.9.2 Мөлдір үлдірде жасалған дайын материалдардың форматы А4 (210х294 мм) болуы қажет. Сызбаларды дайындау кезінде оларды А3 (297х420 мм) форматында жасауға болады, бірақ дайын болған соң оларды кішірейту қажет. 6.9.3 Демонстрациялық плакаттар осы ұйым стандартының 6.8 бөлімшесі талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. 6.9.4 Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктерді, мультимедиялық көрсетілім (презентация) түріндегі электронды ресурстарды қолдану арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Институт __________________________________ (институт атауы) Кафедра _____________________________________ (кафедра атауы) ______________________________ (білім алушының аты жөні) _______________________________________________________ (дипломдық жұмыстың / магистрлік диссертация тақырыбы) ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ)Мамандығы _________________ - ____________________________________ жүктеу 0,76 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |