Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің корпоративті даму Департаменті ДАЙЫНДАҒАН және ҰСЫНҒАН
2 ҚР БжҒМ Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті басшысының 2017 жылғы «25» 05 № 15 Басқарма шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ.
3 Ұйым стандарты мына стандарттарға сәйкес келеді: ҚР СТ 1.5 – 2013 ҚР МТРЖ. «Стандарттарды құруға, жазылуына, рәсімдеуге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар»; ҚР СТ 1.2 – 2013 ҚР МТРЖ. Мемлекеттік стандарттар мен ұйым стандарттарын жасау тәртібі, МС ИСО 9000
4 2015жылғы 18 қыркүйектегі №1 редакция орнына ЕНГІЗІЛДІ
5 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ – 2022 жыл
ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ – 5 жыл
Бұл стандартты Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде немесе жартылай басып шығаруға, таратуға, көбейтуге болмайды.
Мазмұны
1
|
Қолдану аумағы
|
5
|
2
|
Нормативтік сілтемелер
|
5
|
3
|
Жалпы ережелер
|
6
|
4
|
Оқу жұмысының құрамы
|
6
|
4.1
|
Оқу жұмысының элементтері
|
6
|
4.2
|
Титулды бет
|
8
|
4.3
|
Тапсырма
|
9
|
4.4
|
Аңдатпа
|
9
|
4.5
|
Реферат
|
9
|
4.6
|
Мазмұны
|
10
|
4.7
|
Кіріспе
|
10
|
4.8
|
Негізгі бөлім
|
10
|
4.9
|
Қорытынды. Шешімдер
|
10
|
4.10
|
Терминдер тізімі. Қысқартулар тізімі
|
11
|
4.11
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
11
|
4.12
|
Қосымшалар
|
11
|
5
|
Оқу жұмыстарының мәтінін рәсімдеуге қойылатын талаптар
|
12
|
5.1
|
Оқу жұмыстарын орындау тәсілдері
|
12
|
5.2
|
Оқу жұмысының мәтінін бөлу
|
13
|
5.3
|
Оқу жұмысы мәтінінің жазылуына қойылатын талаптар
|
15
|
5.4
|
Формулалар
|
16
|
5.5
|
Кестелер
|
17
|
5.6
|
Иллюстрациялар
|
19
|
5.7
|
Сілтемелер
|
20
|
5.8
|
Ескертулер
|
21
|
5.9
|
Түсіндірмелер
|
21
|
6
|
Сызба материалдарын қойылатын жалпы талаптар
|
22
|
6.1
|
Формат
|
22
|
6.2
|
Сызбаларда техникалық талаптар мен кестелерді, жазуларды салу ережелері
|
23
|
6.3
|
Масштабтар
|
24
|
6.4
|
Сызықтар
|
24
|
6.5
|
Қаріптер
|
24
|
6.6
|
Техникалық шарттар құжаты
|
25
|
6.7
|
Схемаларды және басқа да сызба материалдарын рәсімдеу
|
25
|
6.8
|
Демонстрациялық материалдарды рәсімдеу
|
26
|
6.9
|
Мөлдір үлдірдегі материалдарға қойылатын талаптар
|
27
|
А қосымшасы
|
Дипломдық жұмыстың / магистрлік диссертация мұқабасын рәсімдеу үлгісі
|
28
|
Б қосымшасы
|
Дипломдық жұмыстың титулды бетін рәсімдеу үлгісі
|
29
|
В қосымшасы
|
Дипломдық жұмыс тапсырмасын рәсімдеу үлгісі
|
30
|
Г қосымшасы
|
Дипломдық жобаның мұқабасын рәсімдеу үлгісі
|
32
|
Д қосымшасы
|
Дипломдық жобаның титулды бетін рәсімдеу үлгісі
|
33
|
Е қосымшасы
|
Дипломдық жоба тапсырмасын рәсімдеу үлгісі
|
34
|
Ж қосымшасы
|
Магистрлік диссертацияның титулды бетін рәсімдеу үлгісі
|
35
|
И қосымшасы
|
Магистрлік диссертация тапсырмасын рәсімдеу үлгісі
|
39
|
К қосымшасы
|
Курстық жобаның (жұмыстың) түсініктемелік жазбасын рәсімдеу үлгісі
|
41
|
Л қосымшасы
|
Зертханалық (семестрлік) жұмыстың титулды бетін рәсімдеу үлгісі
|
43
|
М қосымшасы
|
Білім алушының өздік жұмысының (типтік сызба есеп, реферат, бақылау жұмысы, үй тапсырмасы және практикалық жұмыс) титулды бетін рәсімдеу үлгісі
|
46
|
Н қосымшасы
|
Практика жайлы есептеменің титулды бетін рәсімдеу үлгісі
|
47
|
П қосымшасы
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі
|
50
|
|
Библиография
|
51
|
|
Өзгерістерді тіркеу парағы
|
52
|
Ұ Й Ы М С Т А Н Д А Р Т Ы
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ
мәтіндік және сызба материалдың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
Енгізу күні –20__ - ___.
Қолдану аумағы
Осы ұйым стандарты білім алушының университеттегі оқу үдерісі кезінде орындайтын оқу жұмыстарының барлық түріне тарайды және мәтіндік және сызба материалдарын ресімделуі мен мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандарттың талаптарын орындау міндетті болып табылады.
Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төменде көрсетілген стандарттарға сілтемелер қолданылған:
СТ РК 1.2 – 2013 ҚР МТРЖ. Мемлекеттік стандарттар мен ұйым стандарттарын жасау тәртібі.
СТ РК 1.5 – 2013 ҚР МТРЖ. «Стандарттардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар»;
МЕСТ 2.004 – 88 КҚБЖ. ЭЕМ–нің басып шығарушы және сызба құрылғыларында конструкторлық және технологиялық құжаттардың орындалуына қойылатын жалпы талаптар.
МЕСТ 2.104 – 2006 КҚБЖ. Негізгі жазулар.
МЕСТ 2.105 – 95 КҚБЖ. Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар
МЕСТ 2.106 – 96 КҚБЖ. Мәтіндік құжаттар.
МЕСТ 2.301 – 68 КҚБЖ. Форматтар.
МЕСТ 2.302 – 68 КҚБЖ. Масштабтар.
МЕСТ 2.304 – 81 КҚБЖ. Сызба қаріптері.
МЕСТ 2.316 – 2008 КҚБЖ. Сызбаларда техникалық талаптар мен кестелерді, жазуларды салу ережелері.
МЕСТ 2.321 – 84 КҚБЖ.Әріптік белгіленулер.
МЕСТ 7.1 – 2003 СИБИД. Құжаттардың биографиялық жазылымы.
МЕСТ 7.9 – 95 СИБИД. Реферат және аңдатпа.
МЕСТ 7.12 – 93 СИБИД. Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі қысқартылған сөздер. Жалпы талаптар мен ережелер.
МЕСТ 7.32 – 2001 СИБИД. Ғылыми – зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылысы мен ережелері.
МЕСТ 8.417 – 2002 ГСИ. Физикалық шамалардың бірліктері.
Жалпы ережелер
Оқу жұмыстарын бірыңғайлау мен стандарттау білім алушы жоғары оқу орны мен кафедра аумағында оқу және ғылыми–зерттеу жұмыстарын (БАҒЗЖ) жасағанда олардың нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес бірыңғай ресімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқу жұмыстарына құжаттардың мынадай түрлері кіреді:
– магистрлік диссертация;
– дипломдық жоба (жұмыс);
– курстық жоба (жұмыс);
– практика туралы есеп;
– БАҒЗЖ туралы есеп;
– ғылыми мақала;
– бақылау жұмысы;
– зертханалық жұмыс;
– тәжірибелік жұмыс;
– білім алушының өздік жұмысы.
3.3 Оқу жұмыстары, әдетте, мәтіндік және сызба материалдарынан тұрады. Тұтас мәтіндерден тұратын мәтіндік құжаттарға мыналар жатады: магистрлік диссертация, есептемелер, курстық және дипломдық жобаларға (жұмыстарға) арналған есептік–түсініктемелік жазба, бақылау мен зертханалық жұмыстар және т.б. Бағандарға бөлінген мәтіндері бар құжаттар: сызбалар, техникалық шарттар құжаты, технологиялық карталар, кестелер және т.б.
Графикалық құжаттар сызбаларға, графиктерге және диаграммаларға бөлінеді.
Оқу жұмысының құрамы
4.1 Оқу жұмысының элементтері
4.1.1 Жалпы жағдайда оқу жұмысына көрсетілген ретпен мынадай элементтер кіруі тиіс:
а) мұқаба;
б) титулды бет;
в) тапсырма;
г) аңдатпа (ғылыми мақала үшін - реферат);
д) мазмұны;
е) кіріспе;
ж) негізгі бөлім;
и) қорытынды;
к) қабылданған терминдер тізімі, қысқартулар тізімі;
л) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
м) қосымшалар;
н) техникалық шарттар құжаты.
Нақты тапсырмаға немесе оқытушы талаптарына қарай мәтіндік бөлім толықтырылуы мүмкін. Оқу жұмысының құрамы оның түріне, нақты тапсырмасына тәуелді болады. Оқу жұмысының түріне қарай онда болуы керек элементтер тізімі 1-кестеде көрсетілген. Кестеде «плюс» таңбасымен болуы міндетті, «минус» таңбасымен болуы қажет емес, ал «жұлдызша» таңбасымен факультативтік (яғни, тек қажет жағдайда ғана қолданылатын) элементтер белгіленген.
1-кесте - Оқу жұмысындағы элементтер тізімі
Оқу жұмысының элементтері | Оқу жұмысының түрі |
Дп/Др
|
Кп/Кр
|
Мд
|
Ппр, Упр
|
НИРО
|
Ғыл. мақала
|
РГР
|
К/р
|
Л/р
| Мұқаба, Титулды бет |
+
+
|
-
+
|
-
+
|
-
+
|
-
+
|
-
-
|
-
+
|
-
+
|
-
+
| Тапсырма |
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
-
| Андатпа (ғылыми мақалалар үшін – реферат) |
+
|
-
|
+
|
-
|
+
|
+
|
-
|
-
|
-
| Мазмұны |
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
| Кіріспе |
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
| Негізгі бөлім |
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
| Қорытынды |
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
-
|
+
|
Қабылданған қысқартулар терминдері тізімі
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
_
|
_
|
_
|
_
| Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
| Қосымша |
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
-
|
+
|
-
|
-
| Ерекшелігі |
+
|
+
|
-
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Дж – дипломдық жоба (жұмыс)
Кж – курстық жоба (жұмыс)
Мд – магистрлік диссертация
*Өпр, Опр – өндірістік практика, оқу практикасы
БАҒЗЖ – білім алушының ғылыми зерттеу жұмысы
ЕСЖ – есептік-сызба жұмысы
БЖ – бақылау жұмысы
ЗЖ – зертханалық жұмыс
|
4.1.2 Дипломдық жоба (жұмыс) көлемі, талаптарға сәйкес 30 беттен, магистрлік диссертация көлемі 60 беттен аспауы тиіс. Қосымшалар көрсетілген көлемге кірмейді.
4.2 Титулды бет
4.2.1 Титулды бет А4 форматтағы параққа жазылады (1- сурет).
1 - орын – министрлік атауы (бас әріптермен).
2 - орын – жоғары оқу орнының атауы (жазба әріптер, тек біріншісі бас әріп).
3 - орын – институт атауы(жазба әріптер, тек біріншісі бас әріп).
4 - орын – кафедра атауы (жазба әріптер, тек біріншісі бас әріп).
1-4 - орындар парақтың ортасына орналастырылады.
5 - орын – шектеу грифі (қажет жағдайда ғана қолданылады).
6 - орын – кафедра меңгерушісінің қорғауға жіберілгендік туралы грифі.
5-6 - орындар парақтың оң жағына орналастырылады. Ал сол жағы бірдей қатардан басталады.
7 - орын – оқу жұмысының түрі (бас әріптермен).
8 – оқу жұмысының тақырыбы (жазба әріптер, тек біріншісі бас әріп).
9 – мамандықтың шифрі мен атауы.
7-9 - орындар парақтың ортасына орналастырылады.
1-сурет - Титулды бет
10 - орын – «Орындаған», сөзі парақтың сол жағына жазылады, ал оған қарсы жағына білім алушының тегі мен аты-жөні қысқартылып жазылады.
11 - орын – дипломдық жобаға (жұмысқа) сын-пікір берушінің қолы (аты, әкесінің аты қысқаша, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы, басқа да лауазымдары, қол қойған күні).
12 - орын – оқу жұмысының ғылыми жетекшісі (аты, әкесінің аты қысқаша, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы, басқа да лауазымдары, қол қойған күні).
13 - орын – қала атауы және жазылған жылы («жыл» немесе «ж» деген сөздер болмауы тиіс).
Оқу жұмыстарының мұқабасы мен титулды беттерінің орындалу үлгілері А,Б,Г,Д,Ж,Л,М,Н. қосымшаларында келтірілген.
4.3 Тапсырма
Оқу жұмыстарының тапсырмасын ғылыми жетекші береді. Тапсырмаларды рәсімдеу үлгілері В, Е, И қосымшаларында көрсетілген.
4.4 Аңдатпа
Аңдатпа оқу жұмысының мақсаттары мен міндеттері көрсетілген қысқаша сипаттама болып табылады. Ол мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде жазылады. Аңдатпа оқу жұмысының түрі, баяндалатын нысан және оның негізгі сипаттамалары (жұмыс мақсаты, оны қамту тематикасы мен аспектісі), жұмыстың ерекшеліктері (мәселе қою, жеке мәселелерді шешу, ұсыныстар) көрсетіледі. Аңдатпада жұмыс мазмұнын баяндап жазуға болмайды.
Аңдатпа көлемі 0,5 – 1 парақ шектерінде болады. «АҢДАТПА» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.
Реферат
Реферат – бұл негізгі мағлұматтары мен шешімдері бар біріншілік құжат мазмұнының қысқаша баяндамасы. Ол МЕСТ 7.9 – 95 бойынша орындалады.
Рефератта мыналар болуы тиіс:
көлем, иллюстрациялар саны, кестелер, қолданылған әдебиеттер саны жайлы мағлұматтар;
– негізгі терминдік сөздер тізімі (5 – 15 сөз);
Реферат мәтіні мына жоспар бойынша құрылады:
– реферат көлемі ( 500 баспалық белгіден аспауы керек);
– жұмыс (нысан) тақырыбы;
жұмыс сипаты мен мақсаты.
Мазмұны
Оқу жұмысының мазмұнында бөлімдер, бөлімшелер, сондай–ақ кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша сияқты элементтер, олардың нөмірлері мен басталатын беттер нөмері көрсетіледі.
Мазмұн жұмыстың жалпы парақтар санына қосылады. «МАЗМҰНЫ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді. Мазмұнға енгізілген элемент атаулары кіші әріптермен жазылады. Тек бірінші әріп қана бас әріп болып қалады.
Бет нөміріне дейінгі аралықты нүктелермен толтыруға болмайды.
4.7 Кіріспе
Кіріспе оқу жұмысының бірінші құрылымдық элементі болып табылады. «КІРІСПЕ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді. Кіріспеде оқу жұмысына арналған ғылыми –техникалық мәселенің қазіргі жағдайы мен қысқаша сипаттамасы, жұмыс мақсаты мен мәселелері, ғылыми жаңашылдығы, өзектілігі, теориялық және әдіснамалық негіздері, жұмысты орындаудың практикалық базасы мен қажеттілігін негіздеу көрсетіледі.
4.8 Негізгі бөлім
Оқу жұмысының негізгі бөліміне маман-дайындаушы кафедралар жасаған нормативтік құжаттардың талаптарына сай жазылған бөлімдер кіреді. Негізгі бөлімде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістерін және негізгі нәтижелерді көрсететін деректер келтіріледі.
4.9 Қорытынды. Шешімдер
4.9.1 Қорытындыда тапсырмаға сәйкестік тұрғысынан алып қарағандағы жұмыс нәтижелері жазылады. Қорытындының мәтіндік бөлігінде орындалған жұмыстың техникалық –экономикалық бағасы беріліп, жұмыс нәтижелерінің ғылыми, әлеуметтік немесе танымдық құндылығы көрсетіледі.
Қорытындыда жұмыс қандай нәтижелермен аяқталғандығын көрсету керек (зерттеудің жаңа әдістері мен қағидаларын алумен, нысандардың сапалық немесе сандық сипаттамаларын алумен, ұсыныстар мен әдістердің жобаларын, жаңа технологиялық үдерістер мен режимдердің жобаларын жасаумен, өндіріске енгізумен және т.б.). «ҚОРЫТЫНДЫ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.
4.9.2 Зертханалық жұмыстар бойынша есептемелерде шешімдер болуы керек. Онда өткізілген оқу тәжірибелерінің, алынған нәтижелердің анализі беріліп, алынған мәліметтер мен деректер теориялық есептеулермен салыстырылады, алынған нәтижелердің оқу материалдарын игеруге беретін танымдық құндылығы анықталады. «ШЕШІМДЕР» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.
4.10 Терминдер тізімі. Қысқартулар тізімі
4.10.1 Егер құжатта арнаулы терминология қабылданған болса, онда оның соңында (әдебиеттер тізімі алдында) қабылданған терминдердің түсініктемелері бар тізімі болуы тиіс. Бұл тізім құжат мазмұнында да көрсетілуі тиіс.
4.10.2 Оқу жұмысында пайдаланылатын қысқартулар МЕСТ 2.316 және МЕСТ 7.12 стандартына сәйкес болуы керек. Егер сөздер мен атауларды қысқартудың ерекше жүйесі қабылданған болса, онда оқу жұмысының соңында (терминдер тізімінің алдында) қабылданған қысқартулар тізімі келтірілуі тиіс.
4.11 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне кіретін әдебиеттер дипломдық жобада (жұмыста) пайдаланылған ретпен орналастырылады. Мәтінде оларға сілтеме жасалғанда оның реттік нөмірі тік жақша ішіне жазылады. «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.
«ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» құрылымдық элементінде әдебиеттер араб сандарымен нөмірленіп, абзацтан бастап жазылады. Дереккөздердің библиографиялық сипаттамасының үлгілері П қосымшасында көрсетілген
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне журналдардың мақалалары, ғылыми конференция материалдары, электронды мәлімет көздері және мемлекеттік, халықаралық стандарттар мен басқа да нормативтік техникалық құжаттар енгізілуі мүмкін.
4.12 Қосымшалар
4.12.1 Оқу жұмыстарын толықтыра түсетін материалдарды қосымшаға орналастыруға рұқсат етіледі. Мұндай қосымшаларға, мәселен, графиктік материалдар, үлкен форматтағы кестелер, есептеулер, аппаратуралар мен аспаптардың жазбалары, ЭЕМ–де есептелген есептердің бағдарламалары мен алгоритмдері кіреді.
Әрбір қосымша жаңа парақтан басталады. Егер ол біреуден көп болса, онда олар орыс алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді. Ё, З, Й, О, Ч, Ы, Ъ, Ь әріптері қолданылмайды. «Қосымша» сөзінің алдында оның әріптік белгілеуі қойылады. «Қосымша» сөзі кіші әріптермен парақ ортасынан жазылады, тек бірінші әріп қана бас әріп болып қою қара қаріппен жазылады.
Қосымшаларда қорғауға шығарылатын сызба материалдарын 1:1 немесе 1:2 масштабындағы копияларын (ксерокопиялары) миллиметровкаларды, калкаларды қолдануға рұқсат етіледі. Қосымшадағы сызба материалдарының көшірмесін бүктеу кезінде оның мөртабаны бүктелген парақ бетінде тұруы керек. Бүктелген парақ көлемі А4 форматынан аспауы керек және түптеуге орын қалдырылуы тиіс.
4.12.2 Әрбір қосымша мәтіні, қажет болса, бөлімдерге, бөлімшелерге, тармақтарға және тармақшаларға бөлінеді. Қосымшаларда бөлімдер, бөлімшелер, тармақтар, кіші тармақтар, сызба материалдары, кестелер мен формулалар әрбір қосымша шектерінде нөмірленеді. Нөмір алдына сол қосымша әрпі қосылып жазылады.
Суреттер мен кестелер де әрбір қосымша шектерінде нөмірленеді:
Мысалы – А.1-сурет, А.1-кесте.
Егер қосымша көлемі бір парақтан көп болса, онда әрбір параққа «А қосымшасының жалғасы» деп жазып отыру керек. Қосымшалар жазылған парақтардың нөмірлері оқу жұмысының басқа бөліктерінің парақ нөмірлерінің жалғасы ретінде жазылады.
5 Оқу жұмыстарының мәтінін рәсімдеуге қойылатын талаптар
5.1 Оқу жұмыстарының орындау тәсілдері
5.1.1 Оқу жұмысының мәтіні жазу машинкасына немесе компьютерлік баспа қолданып жазылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына сәйкес оқу жұмыстарының мәтіні мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады.
Конкурстық және зерттеу жұмыстары компьютерлік баспа қолданылып жазылуы тиіс.
5.1.2 Оқу жұмыстарына мәтіні А4 форматындағы (210х297мм) ақ қағаздың бір бетіне МЕСТ 2.301-68 бойынша жазылады. Қажеттілік туындаған жағдайда үлкен кестелер мен суреттерді А3 (297х420мм) және А2 (420х594мм) форматтарында орындауға рұқсат етіледі.
5.1.3 Мәтіндік бөлік парақтарына рамка сызылмайды. Тек техникалық шарттар құжаты ғана МЕСТ 2.106-96 бойынша ресімделіп, рамкаға алынады.
Компьютерлік баспа қолданған кезде оқу жұмыстарының мәтіні жазылатын парақта мынадай ақ шеттер қалуы тиіс: жоғарыдан - 20мм; төменнен – 25мм; сол жақтан – 30 мм; оң жақтан - 10 мм; магистрлік диссертация үшін жоғарыдан – 15 мм.
5.1.4 Компьютерлік баспа қолданған кезде мәтінді Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman, Times Kaz, Times/ Kazakh) №14 қарпімен бір интервал арқылы жазу қажет. Кесте басында №12 қарпімен бір интервал арқылы жазуға рұқсат етіледі. Мәтін тығыздығы бірдей болуы тиіс. Абзацтық шегініс мәтін шектерінде бірдей және бес таңбаға тең.
5.1.5 Оқу жұмыстарының компьютерде жазылған мәтініне жеке сөздерді, формулаларды, шартты белгілерді, латын және грек алфавиті әріптерін және суреттерді қолмен салғанда, тек қара түсті сия, паста немесе тушь қолданылуы тиіс. Қолмен жазылған мәтін тығыздығы компьютермен жазылған мәтін тығыздығына жақын болуы шарт.
5.1.6 Оқу жұмыстары орындалғаннан кейін анықталған әріптік, сөздік, сызба қателіктерді жөндеу компьютерде, машинкада немесе қара түсті сия, паста немесе тушь арқылы қолмен жүзеге асырылады. Бұл кезде парақтың бүлінуі, жыртылуы немесе өшірілген мәтін іздері болмауы тиіс. Бір беттегі қателіктерді жөндеу саны бестен аспауы керек.
5.1.7 Техникалық шарттар құжатының мәтіні сызба қарпімен сызба қаламсап немесе тушь көмегімен жазылады.
5.1.8 Оқу жұмыстарының барлық парақтары титулды беттен бастап, соңына дейін үздіксіз нөмірленеді. Қосымшалар мен техникалық шарттар құжаты да нөмірленуі тиіс. Беттерді нөмірлеу «КІРІСПЕ» жазылған беттен бастап, араб сандарымен парақтың төменгі бөлігінің ортасынан қойылады. Нөмірден кейін нүкте қойылмайды.
5.2 Оқу жұмысының мәтінін бөлу
5.2.1 Оқу жұмысының мәтінін бөлімдерге бөлу қажет. Бөлімдер тармақтарға немесе бөлімшелер мен тармақтарға бөлінуі мүмкін. Тармақтар қажет болған жағдайда тармақшаларға бөлінуі мүмкін.
Оқу жұмысының мәтінін тармақтарға немесе тармақшаларға бөлген кезде әрбір тармақ пен тармақшада аяқталған ақпарат (мәлімет) болуы тиіс.
5.2.2 Бөлімдер, бөлімшелер, тармақтар мен тармақшаларды араб сандарымен нөмірлеп, абзацтық шегіністен бастап жазу қажет.
Дипломдық жобаның (жұмыстың) әрбір бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталып жазылады.
Бөлімдер бүкіл мәтін бойынша реттік нөмірленуі тиіс.
Мысалы – 1, 2, 3 және т. б. Тек қосымшалар ғана өзгеше нөмірленеді.
Бөлімше немесе тармақ нөмірі бөлімнің нөмірі мен бөлімшенің немесе тармақтың реттік нөмірінен тұрады. Нөмірлер арасына нүкте қойылады.
Мысалы – 1.1, 1.2, 1.3 және т. б.
Тармақша бөлім, бөлімше тармақ нөмірлері мен тармақшаның реттік нөмірінен тұрады.
Нөмірлер арасына нүктелер қойылады.
Мысалы – 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3 және т.б.
Бөлім, бөлімше, тармақ және тармақша нөмірлері мен олардың атаулары арасына нүкте қойылмайды.
Егер оқу жұмысының мәтіні тек тармақтарға бөлінсе, онда олар (қосымшалардан басқа) бүкіл мәтін шектерінде реттік нөмірленеді.
Егер бөлім немесе бөлімшеде тек бір ғана тармақ немесе тармақша болса, онда ол нөмірленбейді.
5.2.3 Оқу жұмысының бөлімдері мен бөлімшелерінің атауы болуы керек. Әдетте, тармақтар мен тармақшалардың атауы болмайды.
Бөлім мен бөлімше атаулары олардың мазмұнын қысқа және анық көрсетуі тиіс.
Бөлім мен бөлімше атаулары абзацтық шегіністен бастап, жазба әріптерімен, соңына нүкте қойылмай, асты сызылмай жазылады.
Егер бөлім және бөлімше атауы екі сөйлемнен құралса, олардың арасына нүкте қойылады.
Мысалы:
1 Аналитикалық шолу (бөлім атауы)
Аппараттар, материалдар, реактивтер (бөлімше атауы)
Компьютерлік жазба кезінде бөлім атауы мен бөлімше атауы арасындағы қашықтық – 1 қатар. Бір бөлім ішіндегі бөлімшелер ара-қашықтығы аяқталған мәтіннен соң екі қатар.
Тармақтар мен тармақшалар ішінде санаулар келтірілуі мүмкін. Бұл санаулардың әрбір позициясы алдына сызықша (дефис) қойылады. Егер осы санаулардың біріне оқу жұмысының мәтінінде сілтеме жасау қажет болса, сызықша орнына орыс алфавитінің жазба әріптері жазылып, жақша қойылады. Санауларды одан әрі жіктеу үшін араб сандарын қолдану қажет. Олардан кейін жақша (одан соң нүкте қойылмайды) қойылып, екі абзацтық шегіністен бастап мәтін жазылады.
Санаулар соңында үтірлі нүкте немесе нүкте қойылады. Әрбір жаңа позиция абзацтық шегіністен жазба немесе бас әріптерден бастап жазылады.
1 - мысал:
Аспаптардың дірілі мына кездерде пайда болуы мүмкін:
айналмалы элементтер тепе – теңдігі бұзылғанда;
рама деформацияланғанда;
аэродинамикалық жүктемелер болғанда.
2 - мысал:
а) ________________________________________;
б) ________________________________________:
1) _________________________;
2)_________________________;
в) ________________________________________.
5.3 Оқу жұмысы мәтінінің жазылуына қойылатын талаптар
5.3.1 Оқу жұмыстарының мәтіні қысқа, дәл және әртүрлі түсінік бермейтін болуы керек.
Оқу жұмыстарының мәтінінде қолданыстағы стандарттар мен заңнамалық актілер белгілеген терминдер, анықтамалар, белгіленулер мен қысқартулар қолдану қажет.
5.3.2 Рим сандарын тек бұйым сортын (категориясын, класын) химиялық элементтер валенттілігін, жыл тоқсандары мен жартыжылдықтарды ғана белгілеуге қолдану қажет. Басқа жағдайларда тек араб сандары қолданылуы тиіс.
5.3.3 Оқу жұмысының мәтіні шектерінде бірдей көрсеткішке арналған физикалық шама бірлігі (өлшем бірліктері) тұрақты болуы қажет. Оқу жұмысының мәтінінде физикалық шамалардың стандартталған бірліктерін қолдану қажет. Олардың аттары мен белгіленулері МЕСТ 8.417-2 сәйкес болуы талап етіледі.
5.3.4 Оқу жұмысының мәтінінде мыналарға рұқсат етілмейді:
бір ұғымға әртүрлі ғылыми – техникалық терминдерді қолдану (синонимдерді қолдану), қазақ және орыс тілдерінде дәл аударма сөзі болса да, шетелдік сөздер мен терминдерді қолдану;
қазақ және орыс орфографиясының ережелерін және сәйкес стандарттар белгілемеген қысқартылған сөздер қолдану;
өздігінше сөз құрап жазу;
сандарсыз физикалық шама бірліктерін қысқартып жазу; бұлайша жазуға тек кесте бастарын жазғанда және формулалар мен суреттер құрамына кіретін әріптік белгіленулерді таратып жазғанда ғана рұқсат етіледі.
5.3.5 Формула, кесте, суреттерден басқа жағдайларда оқу жұмысының мәтінінде мыналарды қолдануға рұқсат етілмейді:
теріс мәнді шамалардың алдына «-» математикалық таңбасын қолдануға («минус» сөзін қолдану керек);
диаметрді белгілеуге «» таңбасын қолдануға («диаметр» сөзін қолдану керек); «» таңбасы тек суреттердегі диаметр мөлшерін немесе диаметрдің шектік ауытқуларын көрсеткен кезде сандық мөлшер алдына қойылады;
сандық мәндерсіз математикалық таңбаларды қолдануға; мәселен, (үлкен), (кіші), (тең), (үлкен немесе тең), (кіші немесе тең), (тең емес); № (нөмір) және (пайыз).
Оқу жұмыстарының мәтінінде «үлкен», «кіші», «тең», «үлкен немесе тең», «нөмір», «пайыз» және т.б. сөздерді жазу қажет.
стандарттарға сілтеме жасаған кезде олардың белгіленуін көрсетпей тек индексін жазуға (МЕСТ, ҚР СТ, Ф. СТ, РМК СТ және т.б.); Осы талап индексі мен белгіленуі бар барлық құжаттарға қойылады. Индекс пен белгіленуді әртүрлі қатарға немесе әртүрлі бетке орналастыруға да болмайды.
5.4 Формулалар
5.4.1 Қосымшада көрсетілген формулалардан басқа формулалар оқу жұмысының басынан, соңына дейінгі ретпен араб сандарымен нөмірленеді. Формула нөмірі формула жазылған қатар соңына, жақша ішіне қойылады. Формула немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жағынан кем дегенде бір бос қатар қалдырылады.
Мысалы – (1), (2), (3) және т.б.
Бір формула ғана болса, оны (1) деп белгілейді. Мәтінде формулаға сілтеме жасалған кезде, оны жақша ішінде көрсетеді.
Мысалы - ...(1) формулада көрсетілген.
Қосымшаларға жазылатын формулалар әрбір қосымша көлемінде араб сандарымен белгіленеді. Сан алдына қосымшаның әріптік белгіленуі жазылады. Сан мен әріптік белгі арасына нүкте қойылады.
Мысалы - ... (В.1) формуласында.
5.4.2 Формулаларды бөлім шектерінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмірі бөлім нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен тұрады. Екі нөмір арасына нүкте қойылады.
Мысалы – (3.1), (3.2), (3.3).
5.4.3 Формула құрамына кіретін символдар мен сандық коэффициенттердің түсініктемелері осы формулаға дейін көрсетілмеген болса, формуладан соң жазылады.
Әрбір символ түсініктемесі жаңа қатардан басталып, формулада тұрған ретпен келтіріледі.
Түсініктеменің бірінші қатары «мұндағы» сөзімен басталады. Бұл сөз абзацтан басталып жазылып, одан соң қос нүкте қойылмайды.
Мысалы – әрбір үлгі тығыздығы , кг/м3 мына формуламен есептеледі
, (1)
мұндағы – үлгі массасы, кг;
– үлгі көлемі, м3.
Бірнеше формуланы қатар жазған жағдайда, олар үтірмен бөлінеді.
Мысалы
, (1)
. (2)
5.4.4 Формула жалғасын екінші қатарға көшіру орындалатын операциялардың, таңбаларын жазғаннан кейін жүзеге асырылады. Екінші қатардың басына осы таңба қайта жазылады. Көбейту операциясы кезінде қатар ауысқанда «х» таңбасы қолданылады.
5.4.5 Оқу жұмыстарының мәтінінде математикалық теңдеулерді жазу тәртібі формулаларды жазу тәртібімен бірдей.
Дипломдық жоба (жоба) мәтініндегі формулалардың барлығы компьютердегі формулалар редакторын қолданып жазылуы тиіс.
5.5 Кестелер
5.5.1 Кестелер көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлы болу үшін және нәтижелерді тез көру үшін қолданылады. Сандық материалдар әдетте кесте ретінде көрсетіледі.
1 Кесте − Илемдеу орнағын өндіруде қолданатын технологиялық жабдықтардың деректері
Достарыңызбен бөлісу: |