Қазіргі кезде геометриялық модельдеудің көптеген графикалық редакторлары мен бағдарламалары бар



жүктеу 144 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі144 Kb.
#22163


КІРІСПЕ

Қазіргі кезде геометриялық модельдеудің көптеген графикалық редакторлары мен бағдарламалары бар. Autodesk компаниясы – конструкторлар, дизайнерлер, архитекторлар үшін автоматты жобалау және бағдарламалық қамту жүйелерін өндірушілердің жетекшілерінің бірі болып табылады. Осы компания жасаған AutoCAD жүйесі әлемдегі автоматты жобалау жүйелерін бағдарламамен қамту платформасы болып табылады.

AutoCAD бір жағынан, қуаты және икемділігімен сипатталады, ал екінші жағынан - ең жоғарғы өнімділікте асқан дәлдікпен жұмыс атқара алатындығымен сипатталады. Бұл толығымен кеңейтуге болатын, кез келген жағдайға бейімделе алатын жүйені барлық салаларда қолдануға болады. Оның көмегімен сәулет және құрылыс саласында, машинажасауда, геодезия және тағы басқа салаларда әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі екіөлшемді және үшөлшемді жобалар жасалады. AutoCAD-та де-факто мәліметтерді сақтау форматы жобалық құжаттарды сақтаудың және тасымалдаудың халықаралық стандарты болып танылған.

AutoCAD 2007 бағдарламасы жобалық құжаттарды құрауды, шығаруды қарапайым және тиімді етеді. Тіліктер мен жазық түрлерді жасаудың жаңа функцияларын қолдана отырып, сапалы құжаттар жиынын тез арада алуға болады.

Сіздер жасайсыздар, зерттейсіздер, басқарасыздар немесе өзара қарым-қатынасты жолға қоясыздар, ал AutoCAD сіздің уақытыңызды, бюджетіңізді үнемдейді, қателіктер жіберуді болдырмайды.

Дәрістер циклы AutoCAD графикалық пакетінің Autodesk фирмасының 2007 нөмірлі жаңа нұсқасын үйренуге арналған оқу құралы ретінде жазылған. AutoCAD жүйесі еліміздегі электронды түрде жасалатын графикалық құжаттардың ауқымды бөлігін шығаруда қолданылады.

Бұл оқу құралы автоматты геометриялық модельдеу тәсілдері және компьютерлік технологиялармен таныс емес, бірақ AutoCAD бағдарламасымен танысуды мақсат еткен пайдаланушыға арналған. Бағдарламаны кеңірек оқып-үйрену үшін керемет тренинг-жүйемен жабдықталған компакт-дискілері бар кітаптарды қолдану ұсынылады.

1 AutoCAD графикалық жүйесі


Инженерлік және компьютерлік графика инженерлік қызмет аясында сызба, кеңістіктік модельдер, көрнекі кескіндер, схемалар және тағы да басқа графикалық модельдерді қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану арқылы салуды қарастырады


  • Жалпы мәліметтер

  • АЖЖ-нің артықшылықтары

  • AutoCAD жайлы негізгі мәліметтер

  • AutoCAD примитивтері


1.1 Жалпы мәліметтер
Қазіргі заманғы техника деңгейі дербес компьютерде автоматты жобалау жүйелерінің (АЖЖ) негізін білуді қажет етеді.

АЖЖ дегеніміз не? АЖЖ – дегеніміз есептеу техникасының базасында заман ағымына сай жобалық-конструкторлық құжаттарды жасау үрдісін автоматтандыра алатын жүйе.

АЖЖ – мынадай қамту түрлері бар күрделі құрылым:


  • әдістемелік;

  • математикалық;

  • бағдарламалық;

  • техникалық;

  • лингвистикалық;

  • ақпараттық;

  • ұйымдастырушылық.

Жобалаудың дәстүрлі әдістерінде уақыттың 70% сызба-графикалық жұмыстарды орындауға, ал қалған 30% ғана творчестволық үрдіс қалады. АЖЖ қазіргі заманғы құралдары конструкторға негізгі уақытын құрау жұмыстарына арнауға мүмкіндік береді, ал сызбаны көркемдеу, қатты көшірмелерін жасау, архивтар ұйымдастыру және жүргізу секілді операцияларды ЭЕМ-ға жүктейді.
1.2 АЖЖ-нің артықшылықтары
АЖЖ-ның артықшылықтары техникалық ұсыныстан қатты көшірме (сызбалар) алғанға дейін кешенді жобалау мүмкіншілігінде, сол секілді сызба-файлдарын өндірісті технологиялық дайындауда қолдануында. Сонымен қатар, графикалық ақпаратқа тез жету, экранда барлық сызбаны, оның жекелеген бөліктерін, немесе екеуін бірге көрсете алу, конструкторлық сызбаларды жасауға, оларды асқан дәлдікпен редакциялауға және жоғары сапамен орындауға жол ашады.


1.3 AutoCAD жайлы негізгі мәліметтер
Әлемде АЖЖ – нің міндеттерін үздік орындай алатын жүйелер мен техникалық құралдар көптеп кездеседі. Олардың ішінен қажеттісін таңдау алға қойылған міндеттердің мақсаты мен күрделілігіне байланысты.

Бұл жерде конструкторлық құжаттар жасауға арналған AutoCAD автоматты жобалау жүйесі сипатталады. Өзінің табиғаты бойынша бұл графикалық редактор пайдаланушыға сұхбаттық режимде қандай да бір конструкторлық міндеттерді, бірден экран мониторынан оның іс-әрекетінің нәтижесін көрсете отырып шешу мүмкіндігін береді. AutoCAD командалары адам қабылдауына оңай, әрі түсінікті, ал онымен сұхбаттасу әртүрлі менюлер (бас, экрандық, құлайтын, контекстік, графикалық), сұхбаттық терезелер, мәтіндік терезелер, инструменттер панельдері көмегімен іске асырылады.

AutoCAD жүйесінде сызба даярлау үшін қажет базалық геометриялық объектілердің – кесінділердің, нүктелердің, шеңберлердің, доғалардың, көпбұрыштардың және тағы басқалардың кең ауқымы келтірілген.

AutoCAD командалары және инструменттік құралдары кез келген жобалық жұмыстарды орындауда қолданылатын сызба мен модельдердің дәл, әрі толық кескіндерін алуға мүмкіндік береді.

AutoCAD бекітілген стандарт бойынша өлшемдерді қоюдың тез, әрі оңай процедураларын қамтамасыз етеді.

Тетікбөлшектің материалын көрсету үшін, жекелеген тетікбөлшектердің немесе функционалды элементтерінің шектерін көрсету үшін AutoCAD штрихтау және түске бояуды басқару сұхбаттық құралдары қарастырылған. Олар алдын-ала берілген штрихтау тәсілдерімен қатар, пайдаланушы ұсынған әдістерді де қолдануға мүмкіндік береді. Штрихтау шекарасы автоматты түрде орнатылады, сол арқылы таңдалған стильді көріп шығуға, сол секілді штрихтау сызықтарының қалыңдығын, көлбеулік бұрышын, штрихтар арасындағы қашықтықты анықтауға болады.

AutoCAD қаріптердің кең таңдауын ұсына отырып, мәтіндік ақпаратты енгізудің және оны редакциялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады.

AutoCAD командаларының көмегімен үшөлшемді қатты денелі модельдер жасауға болады, сонымен қатар модельделінетін объектінің көлемін, инерция моментін, салмақ центрінің орнын және тағы да басқа физикалық шамаларын есептеуге болады.

Сол секілді, дербес компьютерде жұмыс істеп үйренбейінше, информатика және сызу курстарын білмейінше, тіпті AutoCAD жүйесі секілді әмбебап инструментті де үздік меңгеру мүмкін емес.
1.4 AutoCAD примитивтері
АЖЖ міндеттеріне орай, AutoCAD объектілер кескіндерімен емес, объектілердің техникалық кескінін құрайтын геометриялық сипаттамаларымен жұмыс істейді. Мысалы, кесінді екі нүктемен сипатталады, шеңбер центрі және радиусы арқылы сипатталады, доға –центрі, радиусы және центрлік бұрышы арқылы сипатталады. Объектілерді бұлайша бейнелеу векторлық деп аталады. Ол кез келген күрделіліктегі техникалық кескінді жасау үшін жеткілікті.

AutoCAD – тың графикалық объектілері графикалық примитивтер деп аталатын, типі бойынша алуан түрлі болып келетін элементтерден құралады. AutoCAD примитивтеріне бірқатар қасиет тән: қабатқа тиістілігі, сызық типі, сызық түсі, салмағы және т.б.

AutoCAD графикалық редакторы пайдаланушыға примитвтердің белгілі бір жиынын ұсынады.

Нүкте – әртүрлі графикалық белгілердің көмегімен кескінделетін қарапайым примитив.

Кесінді – екі шеткі нүктесі арқылы берілетін түзу сызықтың бөлігі.

Түзу – Түзуге тиісті екі нүкте арқылы берілетін, шексіз ұзын түзу сызық.

Сәуле – берілген нүктеде басталып, шексіздікке кететін түзу сызық.

Мультисызық (Мсызық) – параллель сызықтар жиынтығы (1-ден 16-ға дейін), олардың әрбіреуінің өз түсіжәне типі болуы мүмкін.

Шеңбер – центрінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық нүктелер. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.

Доға – центрі, радиусы және шеңбер бойындағы екі нүктемен анықталатын шеңбер бөлігі. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.

Эллипс – үлкен және кіші осьтерін көрсету арқылы салынатын екінші ретті қисық сызық.

Сплайн – берілген нүктелер жиыны арқылы өтетін тегіс қисық сызық.

Полисызық – түзусызықты және доғалық сегменттер жиынынан тұратын біртұтас объект түріндегі сызық. Қалаңдығын полисызыққа түгел немесе оның жекелеген сегменттеріне жеке-жеке беруге болады.

Тіктөртбұрыш – екі қарсы жатқан төбелерін көрсету арқылы беріледі. Сызық қалыңдығы ағымдағы полисызықтың қалыңдығына сәйкес келеді.

Сақина – ішкі диаметрі, сыртқы диаметрі және центрі арқылы беріледі.

Көпбұрыш – шеңберге іштей немесе сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш болып салынады. Жақтарының саны – 3 тен 1024 –ке дейін.

Блок – басқа примитивтерден құралатын, біртұтас объект болып табылатын құрама примитив.

Өлшемдер – AutoCAD–та сызықтық, радиустық, бұрыштық өлшемдер аттары жоқ арнайы блоктар болып табылады.

Мәтін – пайдаланушы ұсынатын белгілі бір мәтіндік стилімен сипатталатын жазулар.

Бұлардан басқа, бірнеше кеңістіктік примитивтер бар, мысалы, үшөлшемді полисызық, үшөлшемді қыр және т.б.




жүктеу 144 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау