7.2.3 Өндірістік жарықтандыру
Жұмыс орнының жарықтандырылуы – қаліпті түрде жұмыс істеу шарттарының ең маңызды факторларының бірі. Дұрыс жобаланып орындалған жарықтандыру жүйесі көп жұмыс істеу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді, жұмыс істеушіге оң психологиялық әсер тигізеді, жұмыс өнімін арттырады. Өндірістік жарықтандыру мәселесінің маңыздылығын «адам-машина» жүйесіндегі оператор жұмысының 90 % көру арқылы орындалатынынан байқаймыз.
Жарық адам ағзасының жалпы жағдайына әсер етеді. Сондықтан жұмыс орнындағы жарықтандырудың дұрыс таңдалуы өте қажетті.
СниП 11-4-79 бойынша станциядағы жарықтандыру келесідегідей ұйымдастырылады:
айырмашылығын танитындай ең кіші обьект 0.3-0.5мм;
контраст – орташа;
фон – орташа;
жарықтандыру, Лк – 300.
Құрылғы залында жасанды және табиғи жарықтандыру жүйесі қолданылады, ал операторлық залда тек қана жасанды жарықтандыру жүйесі қолданылады.
Табиғи жарықтандыру өзінің спектралды құрамы бойынша ең тиімді және жағымды болып келеді. Аппараттық залда екі жақты бүйір жарықтандыру қолданылады: 4 м2 ауданы дар үш терезе.
Жасанды жарықтандыру жағдайында адамның көзінің жұмыс істеу қабілетіне, физикалық және моралды жағдайына көбірек әсер етеді, яғни өнім өндіруге де өнім сапасына да және өндірістік травматизмге де әсері көбірек болады.
Жұмыс істеудің қолайлы жағдайын жасау үшін жасанды жарықтандыру үш талапқа сай болуы керек:
а) жұмыс орнындағы жарықтандыру гигиеналық нормаларға сәйкес болуы керек;
б) жарықтандыру біркелкі болу керек;
в) жұмыс орнында көлеңкенің аз болуы;
Жұмыс істеу қабілетіне жарықтандырудың басқа да факторлары әсер етеді:
а) обьект және фон арасындағы контраст;
б) жарықтың спектрлік құрамы;
в) жұмыс істеу аумағының және қоршаған ауланың жарықтығының қатынасы;
г) көр болу көрсеткіші
д) жарықтандырудың пульсациялық коэфициенті.
Станцияда жалпы жарықтандыру жүйесі қолданылыда. Жарық көзі ретінде 18 және 20 Вт ЛД типтік люминесцентті лампалар қолданылады. Аппараттық залда 18 дана қолданылады, ал операторлық залда 24 дана қолданылады. Люминесцентты лампалардың тиімділігі, олардың жарық беру көрсеткішінің жоғарылығында, қызмет көрсету мерзімінің ұзақтылығында, табиғи спектралды құрамға жақындылығы.
7.3 Автоматты бақылау жүйесіндегі оператор үшін оптималды жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ету
Байланыс жүйесінің компьютеризациясы және автоматизациясы жұмыс істеу сипаттамасының және жұмыс істеу құралдарының түбегейлі өзгеруіне әкеліп соғады, яғни жұмыс істеу шарттары да өзгереді. Еңбек оңайлатылады, оның шарттары денсаулық үшін жеңілдеу блоады, өйткені ол операторлық жұмыс істеу сферасына кіретін обьект моделі арқылы (процессор) обьектты бақылайды.
Жұмыс аумағындағы оператор орындаға және техникалық құралдардың орналасу тәртібі негізгі функционалдық түйіндерге және техникалық диагностика профилактика және жөндеу жұмысын жүргізу үшін құрылғылар блогына ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету керек. Жұмыс істеу жағдайы жұмыс орнына тез келу және кету мүмкіншілігін, ақпаратты кездейсоқ еңгізу немесе керісінші кездейсоқ өшіру мүмкіншілігін жоққа шығару, ыңғайлы жұмыс істеу позасын және демалу позасын ескеру керек. Жұмыс істеу орнының эскизы 5.3.1-суретте келтірілген.
1 – оператордың жұмыс істеу орны; 2 – клавиатура; 3 – монитор; 4 – жүйелік блок; 5 –принтер; 6 – розетка питания; 7 - блоктарды қоректендірудің желілік кабелдері.
7.3.1-сурет. Жұмыс орнының рекомендацияланатын орналасу тәртібі
А стандартындағы серіктік байланыс жүйесінің станцисяы бөлек бірэтажды ғимаратта орналасқан, онда құрылғылар және қабылдаушылардың барлығы орналасқан.
Құрылғы залының бөлмесінде жылдың кез-келген уақытында қалыпты жұмыс істеу үшін (< 22º) температураны және ылғалдықты (30-40% шамасында) қалыпты жағдайда, таза ауа жіберуді, шаңнан тазартылған ауаны жіберуді қамтамасыз ететін осы замаңға сай «АРАС» фирмасының кондиционерлері орналасқан. Кейбір бөлмелерге ауаны бөлу үрдісін бақылауды жекелендіруге болады.
Барлық желдету жүйелерді өлшеу негізінде бір-біріне жақын әдістер қолданылады, олар желдету жұмысына әсер ететін коэфициенттер көмегімен әртүрлі факторларды есептейді. Есептеу формулаларындағы коэфициенттер көп болған сайын, есептелетін факторлар саны да көбейіп алынған нәтиже де дәлірек болады. Аппараттық залда жылу көп қалуы мүмкін, оларды жою кондиционерлеу жүйесінің жұмысы.
Жылу шамасының артық болу жағдайындағы, артық жылуды жою келесі формуламен анықталады:
(7.7)
мұндағы Qизб – артық жылу, ккал/сағ;
Сb – құрғақ ауаның жылу сиымдылығы, (0.24 ккал/кг ˚С);
Δt =tвых-tвх – бөлмеге кіретін және бөлмеден шығатын ауаның айырмашылығы, С˚;
γb = 1.206 кг/м3 – удельная масса приточного воздуха.
Есептеу кезінде Δt өлшемі ауаның жылу тығыздығына байланысты алынады.
Qн = Qизб/Vп .
Егер жылу ауаның тығыздығы Qн < 20 ккал/м3 болса, онда Δt =6 ˚С мәнін аламыз, ал егер Qн > 20 болса, онда Δt = 8 ˚ С мәнін аламыз.
Қажеттен тыс жылу мөлшері
(7.8)
мұндағы Qоб – өндірістік құрылғы бөлетін жылуы, ккал/сағ;
Достарыңызбен бөлісу: |