Байланыс ғимараты үшін сенімділік және қарапайымдылық себептерімен ең кең тараған түрі ол контурлық жерлендіру.
Біз контурлы жерлендіруді таңдаймыз, яғни жерлендіргіштер жерлендіруші құрылғының айналасындың контурында бір-бірінен аз ара-қашықықта орнатылады. Ара-қашықтық ең үлкен потенциал таратылу облысын қорғаушы құрылғының контурының барлығын қамтитындай болу керек. Қорғалушы обьектте потенциалдардың түзетілуі үшін жерлендіргіштерді бір-бірінен 3 м ара-қашықтықта орналастырамыз, ол бір жерлендіргіштің қамтитын өрісінен көп аз.
Жобаланатын желіде жерлендіргіштерді құрастыру үшін, жасанды жерлендіргіштерді қоланыламыз. Жасанды жерлендіргіш ретінде диаметрі 12 мм және ұзындығы 3 м стальдан жасалған стержендерді қолданамыз. Табиғи жерлендіргіштер (жер астында қойылған құбырлар және конструкциялар, ғимарат арматурасы, кабелдердің алюминилік қабығы) қолданылмайды.
ПУЭ-ге сәйкес 1 кВ дейін кернеуі бар изоляцияланған нейтралы бар электроқұлғылардың жерлендіргішінің кедергісі 4 Ом-нан аспау керек.
Жерлендіргіш сымдар электр құрылғыларына және аппаратураға жерлендіргіш құрылғысының магистралынан сварка немесе сенімді болттық қосулар арқылы бөлек қосылады (егер ремонт кезінді немесе тәжірибе кезінде жерлендіргіштен ажырату қажет болса).
Жерлендіргіш құрылғысының 380/220 В кернеуіне арналған кедергісін өлшейік.
Станция орналасқан ғимараттың периметрі Рк=108 м (ғимарат ұзындығы – 25 м, антенна асытндағы алаң – 8 м; ғимарат ені – 13 м, антенна астындағы алаң – 8 м), грунттың жалпы кедергісі =120 Ом*м.
Бұл жағдай үшін (ГОСТ 464-79) жерлендіргіш құрылғының қажетті кедергісі 4 Ом-нан аспау керек. Яғни жасанды жерлендіргіш бекітіледі, оның құрамына ұзындығы l=3 м d= 12 мм, жоғарғы бөліктері 20х4 мм2 кескін жолағымен қосылатын, ұзындығында жер астында орнатылатын сталдан жасалған вертикалды стерженнен тұрады.
Контурды жерлендіргіш ғимараттың периметрі бойынша орнатылады, онда станцияның құрылғыларын орнату жобалануда.
Жерлендіргіш араларындағы а=3 м арақашықтықта қажетті вертикалды электродтар саны келесідей:
(7.3)
Достарыңызбен бөлісу: |