Дәрістің мақсаты: Өткен білімдеріне сүйене отырып,тіл дыбысының жасалуына дыбыстау мүшелері туралы түсінік беру, саналы меңгерту.
Тірек сөздер: тіл дыбыстары, фонема, дыбыстау мүшелері: тыныс мүшелері, тамақ қуысындағы мүшелер, ауыз қуысындағы мүшелер, сөйлеу аппараттары, артикуляция-жасалым.
Дәрістің мазмұны: Фонема, «тіл дыбысы» сөйлеу арқылы жарыққа шығады. Сондықтан да сөздің өмір сүру формасы дыбыс. Тіл дыбыстары- адамнаң дыбыстау мүшелері қызметінің жемісі. Дыбыс –тілдің бір жақты единицасы; дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Демек, дыбыстар-тілдің мағыналы единицалары сөз, морфемаларды құрастыратын материалдар қызметін атқарады. Дыбыс табиғаты үш аспектіде қарастырылады.
Анатомия- физиологиялық. Акустикалық. Лингвистикалық.
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелерінің жәрдемімен жасалады. Олар:Тыныс мүшелері. Тамақ. Қуыс мүшелері. Дыбыс шығарушы мүшелер. Ми және адамның жоғары нерв жүйесі
Сұрақтар:
Неге біз тіл дыбыстарын «айтамыз» дейміз? Қалай айтамыз?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
Жүнісбеков Ә. Төл жазусыз түгелдік болмас. Ана тілі. 9, 16 қаңтар, 1992.
Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982, 2000 ж.
Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. Астана, 2001.
Сыздықова Р. Тағы да бүгінгі емлеміз жайында // Егеменді Қазақстан, 27 наурыз, 1993. 4-бет.
Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
Тіл білімі сөздігі. А., 1997.
Қалиев Ғ., Оралбаева Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А., 1997.
3- дәріс
Тақырып: Буын, бунақ, екпін.
Дәріс мазмұны:
Буын, бунақ, екпін.
Қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі.
Буынның түрлері.
Буынның дыбыстық құрамы.
Буын түрлері. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар.
Дәрістің мақсаты: Фонетикалық бөлшек буын, оның түрлері туралы мәлімет беріп, дыбыстар үндесуінің бірі буын үндестігі заңдылықтарымен таныстыру.
Тірек сөздер: Буын, жуан, жіңішке, аралас буындар, ашық, тұйық, бітеу буындар; сингармонизм.
Буын және оның түрлері. Дыбыстар үндесуі туралы түсінік. Оның түрлері.
Сингарморнизм. Буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар.
Дәріс мазмұны: Дыбысталу жағынан алғанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единица, фонетикалық қатар ретінде қаралады. Солардың бірі – буын. Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единица буынға ажырайды.
Фонециялық ауаның, кілт үзілуінен не кедергіге ұшырамауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс немесе дыбыстар тобы.
Қазақ тілінде буынның маңызы зор. Себебі, фонетикалық негізгі заңдар осы буын айналасында өрбиді. Буын:
Ашық буын 1.А
2.ВА
Тұйық буын 1. АВ. АВВ.
Бітеу буын 1.ВАВ, ВАВВ.
Сөз ішінде, сөз аралығында даусты, дауыссыз фонемолардың, сөзаралығындағы бір сөз бен екінші сөздің бір-бірімен үйлесіп, үндесіп, тіл табысып айтылуын дыбыстарүндесуі дейміз.
Дыбыстар үндесуі
сингарманизм
аккомодация
ассимиляция
Сингарманизм құбылысы:
ән + ші+лер+ іміз + де + гі
Дыбыстық үндесуі не үшін қажет?
Сингарманизм заңына бағынбайтын жағдай қалай пайда болады?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
Тіл білімі сөздігі. А., 1997.
4- дәріс
Тақырып: Үндестік заңы.
Дәріс мазмұны:
Үндестік заңы.
Дыбыстардың алмасуы. Ықпалдың түрлері.
Сингармонизм. Тіл үндестігі. Ерін үндестігі. Аккомодация.
Ассимиляция. Прогрессивті, регрессивті ассимиляция. Диссимиляция.
Дыбыстар үндесуі. Дыбыс үндестігі кездесетін орындар.
Дәріс мақсаты: Қазақ тіліндегі дыбыстар үндестігінің маңызы туралы әңгімелей отырып, аккомодация, ассимиляция құбылыста ры туралы мәлімет беру.
Тірек сөздер: дыбыс үндестігі, аккомодация, регрессивті, прогрессивті аккомодация, ассимиляция, ықпал заңы, әсер ету.
Дыбыстардың үндесуіндегі аккомодация, ол кездесетін орындар.
Ассимиляция, оның түрлері, ол кездесетін орындар.
Дәріс мазмұны: Аккомодация (лат.accotodatio- бейімделу) морфемалар жігінде қатар келген дауыстылар мен дауыссыз дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мыс: 1. таба алмады (тап + а алмады) қауып (қап + ып), ала келді (ала гелді) 2. гүл, Гүлсім, күл, кел, кет, ғарыш, ғалым, ғылым, ғаламзат
Морфемалар жігінде дауытылар мен дауыссыздар және керісінше дауыссыздар мен дауыстылар қатар келген кезде әрқашан күштілік жасайды да аккомодациядағы ықпалдың түрі дауыстының орын тәртібімен байланысты болады. Сондықтан, аккомодация:
1. прогрессивті аккомодацмя
2. регрессивті аккомодация
Сұрақтар: 1. Аккомодация қандай дыбыстар арасында болатын үндестік?
2. Ол қай жерде кездеседі? Мысалмен дәлелдеңіз.
3. Жазуда ескерілетін, ескерілмейтін жағдайларға мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
Ассимиляция (лат.assimilativ –ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика- артикуляциялық жақтан біріне- бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Бұлар да бірін-бірі дауыстың қатысы және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады.
Мыс: Тасты , тасқа
Балды, балға
Он бес – [ом бес ]
Бозша –[Бошша]
Қанға- [қаңға]
Дауыссыздардың бір – біріне әсері 3- ке бөлініп қарастырылады:
1. прогрессивті ассимиляция
2. регрессивті ассимиляция
3.тоғыспалы ассимиляция
Прогрессивті ассимиляция:
1.мал+ ға, мал+ мен, мал қора- [малғора], таң қалды- [таңғалды].
Бұл заңға көнбейтіндер: 1.ерме с-ш; 2.кірме қосымша басындағы қ-к.
2.қыз+ бен, қыз+ дың, қыз+ ға.
Қыз көрдім-[қыз гөрдім].
Регрессивті ассимиляция:
1.күнге-[ күңге]
түнгі- [түңгү]
2.Жанбота- [Жамбота]
3.жүз шақты- [жүшшақты]
Тоғыспалы ассимиляция:
1.қан қызыл- [қаңғызыл]
тас жол – [ташшол]
Қосжан – [Қошшан].
Дыбыстар үндесуін қалай ажыратуға болады?
Мысалмен дыбыстар үндестігін дәлелдеп түсіндіріңіз.
Дыбыстар үндесуін сөйлеу тілімізде дұрыс қолданудың маңызы не?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982, 2000 ж.
Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
5- дәріс
Тақырып: Қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы.
Дәріс мазмұны: 1. Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы.
2. Графика. Қазақ алфавитінің даму, қалыптасу кезеңдері.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
Жүнісбеков Ә. Төл жазусыз түгелдік болмас. Ана тілі. 9, 16 қаңтар, 1992.
Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982, 2000 ж.
Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. Астана, 2001.
Сыздықова Р. Тағы да бүгінгі емлеміз жайында //Егеменді Қазақстан, 27наурыз, 1993. 4бет.
Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
Тіл білімі сөздігі. А., 1997.
6- дәріс
Тақырып: Лексикология. Семасиология.
Дәріс мазмұны: 1. Семасиология туралы түсінік.
2. Сөз мағыналарының түрлері. Синоним. Омоним. Антоним.
Лексикология және оның зерттеу объектісі. Лексика туралы түсінік, сөзге тән белгілер.
Достарыңызбен бөлісу: |